Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық бірегейлік тəуелсіздіктің сыртқы көрінісі ретінде

Жаһандану бүгінгі таңда жалпы дүниежүзілік процесс болып табылады. Жаһандану кезеңінде Қазақстан өзінің ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін (идентичності) сақтап қалу мəселесі туындайды. Осы арқылы мемлекетіміз əлемдік ұйымдарда өз орнын сақтап, нығайта алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл дегеніміз жаһандану кезеңінің барлық жағдайларына көне бермеу керек, яғни Қазақстан тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Сонда ғана ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтап қала аламыз.

Тəуелсіздіктің қалыптасуы, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы қоғамдағы біріктіру факторы болып табылатын салауатты ұлттық бірегейлілікті қалыптастыруымен тығыз байланысты. Ол мемлекет территориясында тұратын барлық этностық топтар мүдделерінің теңқұқылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатқа едəуір ықпал ете алады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысында екі бағыт айқын анықталды. Бірақ оларды зерттемес бұрын, біз «ұлт», «этнос» жəне тағы басқа ұғымдардың мəнін жəне мазмұнын ашып, анықтап алуымыз керек.

Этнос жəне ұлт — əр түрлі əлеуметтік құбылыстар. Ю.М.Бородай олардың айырмашылығын жақсы көрсете білді. Этностық қауымның спецификасы адамның антропогенетикалық ерекшелігіне негізделеді. Сондықтан да этникалық «табиғи» қауымның дамуы ешқандай мемлекет басқаруын қажет етпейді. Керісінше, ұлт мемлекет пен азаматтық қоғамның жемісі болып табылады. Егер этноста адамдардың арақатынасы əдет-ғұрып арқылы реттелсе, ұлттық қауымда бұл қатынастарды құқық реттейді. «Ұлттың ең негізгі қасиеті оның алғашқы табиғаты полиэтникалық немесе жоғарғы этникалық болып келуінде. Егер де тайпаны «праэтнос» деп санасақ, онда ұлт этностан кейінгі болып саналады» [1].

Ұлтты зерттейтін тұжырымдамаларға тоқталсақ, М.Вебердің пікірінше, қай жерде адамдар өздерінің бар екендігіне сенсе немесе қауымдастыққа жататындықтарын сезінсе жəне автономиялық мемлекетте өзін танытуға ұмтылса, ол жерде ұлт бар [2]. Ұлттың өмір сүруін нақты бір адамдар тобы басқа топтардың алдында өздерінің тұтастық сезімін білдіргендігімен көрінеді. М.Вебердің ойынша, бұл тұтастық сезімі толығымен субъективті емес, оның тамыры объективті факторларда жатыр, яғни, бір нəсілде, тілде, дінде, əдеттер мен саяси тəжірибелерде, бұлардың əрқайсысы ұлттық сезімді келтіреді. Веберлік тұжырымдамада қай жерде əр түрлі адамдарды байланыстыратын жəне оларды басқалардан айырып беретін бірнеше объективті факторлар болса; қай жерде осы фактор ортақ құндылықтар көзі ретінде саналып, сонымен бірге оларға қатысты тұтастық сезімін тудырса; қай жерде осы тұтастық автономды саяси институттарда өзінің көрінісін тапса, сол жерде ұлт қалыптасады.   М.Вебердің   пікірінше,   адамдардың   қауымдастығын,   егер   ол   өзіндік автономды мемлекетінде біріксе немесе бірігуге тілек білдірсе, ұлт деп санауға болады.

Біздің  ойымызша,  ұлтқа  əмбебап  сипаттама  берген  П.Сорокин  болып  саналады.  Ол    өзінің «Основные черты русской нации в двадцатом столетии» деген мақаласында көптеген ұлттық бірегейлік зерттеулеріне тəн қателіктер туралы айтады [3]. Біріншіден, «ұлт, немесе ұлттық бірегейлік, нені білдіретіні туралы» анықталмаған немесе тым көмескі түрде анықтамалар берілген. Мысал ретінде шетелдік еңбектер ұлттық бірегейлік анықтамасына дəлел келтіреді: «Белгілі бір қоғамдағы адамдардың бүкіл өмір барысында жасаған байланыстары кезінде алғандары мен иеленгендері». Осы тəріздес сипаттамалар, Сорокин байқағандай, «кез келген əлеуметтік  топқа келеді, мысалы, қоғамдық топқа, территориялық топқа, діни ұйымға немесе басқа да əлеуметтік жүйелерге». «Ұлт» жəне «ұлттық ерекшеліктер» əлеуметтік топтармен байланысты, бірақ таптардан, діни ұйымдардан, саяси партиялардан, тайпалардан жəне т.б. ерекшеленеді. Сорокин сонымен бірге белгілі бір топтарға жататын жеке адамдарды психологиялық немесе психоаналитикалық жағынан суреттеуге жүгінетіндерді де сынайды.

Зерттеулердің екінші кемшілігі туралы ол былай дейді: «Олар қарапайым «автоматты түрде» жеке адамдардың жинағы мен күрделі түрде əлеуметтік жəне мəдени жүйелермен біріккен жинақтардың  арасында  терең  айырмашылықты  жоққа  шығарады»,  қарапайым  тілмен    айтқанда, «ұлттармен емес, жеке адамдармен» санасады. Ойшылдың ойынша, жеке адамдардың бірегейлік сезімі ұлттың бірегейлік сезімімен бірдей болмайды. Ол жағдайды былай түсіндіреді, мысалы, судың құрамы сутегі мен оттегінің құрамынан өзгеше немесе автомобильдің бөлшектерінің құрамы жинаған машинаның құрамынан өзгеше.

Зерттеулердің үшінші кемшілігі туралы айтқанда, Сорокин жоғарыда айтылған тезисті əрі қарай толықтырады. Тесттер мен сұрақ-жауаптар арқылы толық бір ұлттың мінез-құлығын, бірегейлігін анықтау мүмкін емес деп санайды. Егер Сорокин бұрын əлеуметтік бүтіндікті «бөліктері бір бағытта іс-əрекет етісіп жəне бір мақсатты көздейтін тұтастық» деп санаса, кейіннен ол былай деп тұжырым жасайды: «Индивидтер жинағы тəртіптерінің көріністері арқылы қандай да болмасын  күрделі топтың, соның ішінде ұлттың мінезін (бірегейлігін) нақ анықтау мүмкін емес».

П.Сорокиннің пікірінше, ұлттың өзіндік сипаты əлеуметтік, мəдени жүйе ретінде келесі факторлармен анықталады:

1) мағыналар, құндылықтар мен нормалар, оларды жүзеге асыру үшін жүйе жұмыс жасайды;

2) алдын ала жазылған жəне тыйым салынған реттегіштер, олар арқылы құндылықтар мен нормалар эмпирикалық əлемде объективті бола түседі;

3) жүйенің жұмыс жасауы үшін қажет материалды құралдар (мекемелер, қару-жарақтар, қорлар жəне т.б.). Кез келген жүйе, сонымен бірге ұлт та «оны құраушы элементтердің іс-əрекет фрагменттерін зерттеумен шектелмеу тиіс» [3].

П.Сорокин ұлтты ерекше əлеуметтік жүйе ретінде санап, оның маңызды белгілерін көрсетеді.

«Ұлт дегеніміз — көпфункционалды, тұтас, жартылай жабық əлеуметтік-мəдени топ, жəне ол өзінің өмір сүріп жатқанын, бірлігін сезінеді. Бұл топ келесі индивидтерден тұрады. Олар:

1) бір мемлекеттің азаматтары;

2) тілдері ортақ немесе ұқсас жəне осы индивидтер жəне олардың алдында өмір сүргендердің ортақ тарихынан туындаған ортақ мəдени жинақ;

3) өздері жəне ата-бабасы тұрған ортақ территория.

Сонымен бірге ұлт дегеніміз — мемлекеттен, этникалық (тілдік) жəне таза территориялық топтардан өзгеше əлеуметтік жүйе». Жалпы айтқанда, П. Сорокин «ұлт» ұғымын этноспен де, мемлекетпен де байланыстырмай жəне этностан да, мемлекеттен де өзгеше жүйе ретінде дəлелдейді.

Басқа жағынан алғанда, ұлттың пайда болуы мен өмір сүруінде маңызды рөлді əлеуметтік қарым-қатынастар жүйесі де атқарған. Сондықтан біз тағы да бір тұжырымдаманы, яғни Ренанды, қарастырсақ. Хосе Ортега-и-Гассет атаған «Ренан формуласы»: «өткендегі ортақ абырой, қазіргі таңдағы ортақ ерік; жасаған ұлы ерлік істер туралы еске алу жəне болашаққа дайындық — міне ұлттың қалыптасуы үшін қажет жағдайлар... Артта — атақ-даңқ пен өкініш-мұң мұрасы, алдыда — іс-əрекеттің ортақ бағдарламасы... Ұлт өмірі — күнделікті плебисцит» [4].

Ұлттық бірегейлік мəнін көбіне ұлтты керемет əлеуметтік-этникалық қауымдастық жəне тарихтың толық субъектісі ретінде түсіндіруге байланысты.

Э.Смит ұлттың екі түрін көрсетеді — территориялық жəне этникалық [5].

Территориялық ұлт (азаматтық) мемлекетпен мөлшерлес немесе белгілі бір территориядағы елмен мөлшерлес ортақ құқықтармен байланысқан азаматтардың бірлестігі. Мұндай ұлттық бірлестік түрінің қалыптасуында белсенді агент ретінде мемлекет араласады, ол кейде тіпті этникалық топтардың  барлығын  біртұтас  етіп  біріктіреді.  Бұл  үрдіс  ортақ  мəдениетсіз,  даму  туралы   ортақ аңыздар мен белгілерсіз мүмкін емес. Бұл жерде азаматтардың бірігуінің мəні болмайды, егер мемлекет өз институттары мен білім беру жүйесі арқылы азаматтық дінді енгізбесе. Екінші, этникалық үлгіге екпін ортақ тамыр, салт-дəстүр, тіл жəне ортақ тарихи тағдырға қойылады.

Ұлт жайлы түсінік əр түрлі мағынада түсіндіріледі. Өзімізге белгілі, ұлтты анықтауда екі кең таралған бағыт қалыптасқан. Біріншіден, англо-американдық дəстүр бойынша «мемлекет — ұлт» мағынасында түсіндіріледі. Екіншіден, экономикалық, саяси дамуы барысында ортақ тіл мен мəдениеттің негізінде қалыптасқан адамдардың қауымы («неміс мектебі», ұлттың марксистік түсінігі).

«Ұлт» ұғымына қатысты этникалық бағыт ХІХ ғасыр аяғында неміс мектебінде пайда болды. ТМД құрамына кіретін елдерде этникалық бағыт кеңестік топтастыру кезеңдеріне сүйенеді: «ру — тайпа — елдік — халық — ұлт». Осы топтастыру көпсатылы иерархияда социалистік  ұлттар (орыстар, украиндар, қазақтар жəне т.б., «квазимемлекеттілігі» кеңестік республика арқылы жүзеге асырылған), халықтар (татарлар, башқұрттар, якуттар жəне т.б., квазимемлекеттік автономды республикалар арқылы жүзеге асырылды) жəне елдіктер (хантылар, мансилер, ненецтер жəне т.б., жер автономиялары облыс, аймақ, аудан арқылы жүзеге асырылған). Үшіншіден, өзіндік бірегейлілік ұстанымы жиі қолданылады. Бірегей этникалық өзіндік санасы арқылы адамдар өздерін белгілі бір топқа жатқызады. Осы айтылған көзқарастар ұлттың ерекшеліктерін жəне дербестігін қоғамдық құбылыс ретінде бейнелейді. Бірақ, М.Н.Руткевичтің пікірі бойынша, ұлт ұғымын зерттеу барысында ұлттың пайда болуы, дамуы жəне қалыптасу үдерісін əлеуметтік шындық ретінде қарастырып, тарихи даму процесс арқылы ашып көрсету керек.

Этнократтар əрдайым бірінші бағытты ұстанып, ұлттың англо-американдық моделіне сүйене отырып, мемлекет пен ұлтты теңестіреді жəне ұқсастырады. Осы  ұстанымдар БҰҰ-ның құжаттарында жүзеге асырылып жатыр. Ұлттың бірінші түсінігі АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінің көбісінде қолданыс тапса, онда басқа елдерде, олардың ішінде Ресей мен Қазақстанда бұл түсінік жарамсыз болып келеді [6].

«Ұлт» ұғымына қатысты сын пікірлердің туындауына байланысты қазіргі саяси тəжірибеде сандық құрамына, мəдениеттің, тілдің даму сатысына, мемлекеттің жəне шекараның болуына қарамастан, «халық» деген ұғым кең қолданыс тапты. Бұл дегеніміз ұлттар, этникалық топтар,   елдер- барлығы бірдей саяси-құқық мəртебесіне ие болады.

Орыс тілді жұртшылықтың Ресейге жер аударуының салдарынан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Ата Заңында этнократиялық бағыт саяси-шекаралық бағытпен алмастырылды. Ұлттың этникалық моделінен азаматтық моделге көңіл аударылды. Осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының субъектісі «қазақстандық халық» болып есептелінеді. 1995 жылдың Ата Заңында жалпы азаматтық ұстанымдар, этникалық ұстанымдарға қарағанда, бірінші орында тұр. Заңнамада ұлттық немесе діни партиялардың құрылуына тыйым салынды. 1995 жылдың Конституциясы ұлт- мемлекет негізін салып, қазіргі демократияның түсінігін қалыптастырды. Жалпы азаматтық аспектіге көңіл бөлмей, сын пікір білдірушілер 1995 жылдың Конституциясы, 1993 жылдың Конституциясымен салыстырғанда, демократиялық ұстанымдары кең таралған жоқ деп тұжырымдады [7].

Қазақстандық қоғамның бірлігі идеясы Қазақстан Республикасының егемендігінің жəне тəуелсіздігінің саяси негізі болып табылады. Осыған орай келесі жайтқа көңіл  аудару  қажет. Көптеген философтардың, саясаттанушылардың жəне саясаткерлердің пікірі бойынша, көпэтникалық қоғамда бірегей ұлтты қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені адамдардың этникалық бірегейлілігі мемлекеттік бірігейліліктен жəне өзге этникалық топтардың өкілдерінен жоғары бағаланып тұр. Олардың ойы бойынша, Қазақстанда тек бір ғана ұлт бар. Оның құрамын қазақ ұлты құрайды. Ал қалған халықтар Қазақстанда диаспора болып саналады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы қазақтың ұлттық идеясы, немесе ұлттық қазақ идеясы, болып табылады.  Осы бағыттың нəтижесінде тамырлы этнос қоғамда жəне ғылымда титулдық ұлт деген атаққа ие болады. Ұлттық сұрақ бойынша əдебиетте бұндай бағытты «ұлттың этномəдени түсінігі» деп атайды.

Өзге ұстанымды қолдайтын адамдардың ойынша, ұлттық идея көп этникалық мемлекетте тек бір халықтың идеясы бола алмайды. Қазақстанда ұлттық идея жалпы ұлттық болуы тиіс. Бұл идея адамдардың этникалық топтасуына қарамастан, мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге арналған. Тұтас халықтың жалпы негізі қазақстандық азаматтылық болып табылады. Қазіргі этносаясаттануда аталмыш бағыт «азаматтық ұлт» деп аталады. Бүгінгі таңда ұлттық идеяны түсіндіруде осы екі бағыт басты болып саналады. Ескере кететін жайттардың бірі, этномəдени жəне азаматтық бағыттарда ұлттық идеяны түсіндіру барысында қарама-қайшылықтар бар. Осы   себептен қазіргі мемлекеттердің алдында келесі сұрақ туындап отыр: ұлттың жəне ұлттық идеяның азаматтық пен этномəдени бағыттарының арасында жатқан қарама-қайшылықтардың шешілу жолын табу.

Əр түрлі мемлекеттердің ұлттық құрылысының тəжірибесінің көрсетуі бойынша осы қайшылықтарды шешу барысында «немесе-немесе» бағытынан «жəне-жəне» принципі кең қолданыс тапты. Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының қалыптасу жолында ұлт түсінігінің аталмыш екі бағыты — азаматтық жəне этномəдени — қолданылуы тиіс [8].

«Қазақстанда осы екі концепциялардың арасындағы қайшылықтар қалай шешімін табады?» деген сұрақ туындайды. Бұл тəсіл доминантты қазақ этносында тұтас халықты азаматтық қоғамда қалыптастыру болып табылады. Осы ұлтты қалыптастыратын тəсілді белгілі этносаясаттанушы Энтони Смит «доминантты этнос» моделі деп атайды [9].

Қазақстанда    мультиэтникалық          қоғам    ретінде       ұлттың       этномəдени         жəне      азаматтық концепцияларының екеуі де объективтік қажеттілік ретінде жүзеге асырылуда. Егер де аталмыш концепциялардың біреуі объективті бағаланбаса, онда еліміздің ұлттық кеңістігіне зиянды əсер тиеді. Азаматтық ұлт идеясы, біріншіден, қоғамның тұрақтылығына жəне ішкі қауіпсіздігіне жол ашады.   Азаматтық   ұлттың   этникааралық   ұжым   ретінде   қалыптасуы   этникалық       топтардың қайшылықтарын жұмсартып, азайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, Қазақстанда азаматтық ұлтты қалыптастыру барлық қазақстандықтардың бірегейлілігіне жақсы жақтан əсер етеді. Олардың этникалық топтасуына қарамастан, барлығы Қазақстан Республикасын өзінің елі, Отаны деп санайды.

Үшіншіден, Қазақстандағы азаматтық ұлттың қалыптасуының нəтижесі  пісіп-жетілген азаматтық қоғам болуы тиіс. Азаматтық ұлт жəне азаматтық қоғам бір-бірімен тығыз байланысты жəне бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Ұлттың этномəдени концепциясының қажеттілігі келесі себептермен айқындалады: біріншіден, мемлекет құрушы қазақ этносында қазақстандық халықтың ұлттық құрылысының моделі туындаса, онда өз-өзімен азаматтық ұлттық құрамында олардың айрықша орны айқындалады.

Екіншіден, біздің еліміздегі қалыптасып келе жатқан конституциондық бекітілген халықтың сипатын есепке алу қажет. Мəселе мынада — қазақстандық халықты өзінің тарихи қалыптасқан əлеуметтік формасы бойынша эмигранттық ұлт қатарына жатқызуға болмайды (мысалы, Америкада, Австралияда жəне əлемнің кейбір елдерінде). Қазақстанда ұлттың этникалық жəне тарихи алғышарттары мен тамырлары анық жəне айқын көрініп тұр. Бұл қазақтарға тікелей қатысы бар. Осы этнотарихи аспект қазақстандық халықтың даму жолындағы жалпы ұлттық сипатқа ие болуы тиіс.

Үшіншіден, этномəдени аспект Қазақстанның жалпы ұлттық идеясының əдіснамалық концепциясын құруында орасан зор орын алады. Бұл концепция ұлттық идеяға конструктивтік, шығармашылық көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, ұлттың азаматтық концепциясында конструктивтік бағытты да тым асырудың қажеті жоқ.

Кеңес заманынан кейінгі қазақстандықтардың өзіндік бірегейлілік үдерісі бүгінгі күнге дейін аяқталды деп айтуға болмайды. Еліміз болашақта өзінің тарихи қалыптасып келе жатқан ұлттық келбетін сақтап қана қоймай, сонымен қатар тең құқылы дəрежеде өзге елдермен жаһандану үдерісіне кіруі қажет.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірегейліліктің бес деңгейін көрсетуге болады. Əр түрлі этностық топтардың ұлттық ұстанымдарын төмендегідей сипаттап, ұлт бірегейлілігін зерттеушілердің кейбіреулері бұл жіктеумен келіседі:

  1. Кейінгі уақытта саны азайып келе жатқан ұлттық, этностық əр түрлілікке мəн бермейтін жəне өзінің де қай ұлтқа, этносқа жататынына назар аударғысы келмейтін адамдар. Бұл адамдар үшін ұлттық бірегейліліктің маңыздылығы өте төменгі дəрежеде болып табылады.
  2. Керісінше, кейінгі кезде саны көбейіп келе жатқан өз ұлтына, этносына баса назар аударып, оның дəстүрі мен тілін дамыту қажеттілігін үнемі еске салатындар. Объективті себептерге байланысты оларды түсінсек те, кейде олардан келесі топқа жататындар шығуы да мүмкін.
  3. Ұлттық «байбалам салушылар». Бұл саны жағынан аз топ өкілдері өз ұлтына қауіп төніп тұр деп сезініп, саяси күштер арқылы қорғаныс жолдарын іздейді.
  4. Космополиттер, этникалық құндылықтардан жеке адами (жалпы азаматтық) құндылықтарды басым қоятын жəне мемлекеттік құндылықтардан ұлттық құндылықтарды басым қоятын азаматтық идеологияны жақтайтындар. Сондықтан бұл топ өкілдері алғашқы үш топтың кейбір элементтерін өзіне алған болып есептелінеді. Яғни ұлттық идеяға немқұрайлылық, азаматтық қоғамды ұлттарға сыйластықпен қарау жəне ұлтаралық қатынастарға мəн бере отырып, ұлтты сақтап қалуды көксейді.
  5. Бесінші топ — салауатты, нақты дамыған ұлттық бірегейлілік. Ол басқа этностардың, ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін жақсы түсінетін, сол мүдделердің қанағаттануын қажет деп санайтындар. Ол өз негізінде жалпыұлттық идеяны иеленген, өз ұлтының жағдайын ойлайтын, оның ерекшелігін, мəдениеті мен тілін дамытуды көздейтін, ата-баба тарихына ізетпен қарайтындар. Бұл деңгей Қазақстандағы барлық этностық топтар өкілдерінің ұлттық ділдерінің бірігуіне жағдай тудыра алады [10].

Сондықтан Қазақстанның əлеуметтік, саяси, мəдени дамуында ұлттық бірегейлілікті қалыптастыру мəселесі қазақ философиясында өзекті деп санаймыз, бұл мəселені терең зерттеу үшін қазіргі кезде осы тақырып айналасында кездесетін кейбір мəселелер мен қиындықтарға тоқталып кеткен жөн.

Ұлттық бірегейлілік мəселесінің қиындылығы мен күрделілігі — оның көп қырлылығында. Соңдықтан оны зерттеу барысында белгілі бір оқиғалардың, саяси бағдарламалардың, əдемі идеялардың, сезім мен көңілдің жетегінде кетуге болмайды.

Қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі — Абай ілімі бүгінгі ұрпақты «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» [11] дегендей ұлттың жан дүниесіне терең үңіліп, сын көзбен қайта қарауды талап етеді. Айта кету қажет, ұлттық бірегейлілік тұрақты сипатқа ие, алайда оған қоғамдық- тарихи тəжірибені ұрпақтан ұрпаққа бергенімен, оған жасампаздық та бөтен емес. Сондықтан ұлттық бірегейліліктің құрамдас бөліктерін, қазіргі ғылымда бірегейлілікпен қатар қолданыста, алайда одан мəні жағынан айырмашылықтары бар ұғымдар мен құбылыстарға анық, əрі толық түсінік беретін кез жетті. Солардың бірқатарына тоқталсақ.

Бүгінгі қазақстандық ұлттық сананың дамуында екі бағыт байқалады. Біріншісі — қазақ ұлтын асыра мадақтау. Бір халықты орынсыз дəріптеу, оның тарихын бірыңғай батырлық пен даналықтың үлгісі ретінде баяндау, болмаса оны тарихтың құрбаны етіп көрсету, ұлт басына түскен ауыртпалықтары бір ғана отаршылдардың, басқыншылардың арам пиғылымен түсіндіру сияқты біржақты пікір де ұлтты тоғышарлық рухта тəрбиелейді.

Ұлттық ерекшелікті көрсетудің объективтендірілген түрі ретінде, мысалы, ұлттық мінез- құлықты жатқызуға болады. Ол бірегейлік ерекшеліктер мен əлеуметтік іс-əрекетте байқалатын сыртқы көрініс, бір ұлттық топтың екінші топтан айырмашылығы түрінде байқалады.

Ұлттық өзіндік сана мен ұлттық бірегейліктің негізінде сəйкестенудің əлеуметтік механизмі жатыр. Ұлттық жəне этностық бірегейлілік тұлғаның əлеуметтік нақтылықты меңгерудегі маңызды механизмдерінің бірі, ол əр түрлі ұлттық топтар мен əлеуметтік байланыстардағы ұлттық мінез- құлықтың қалыптасуында күшті фактор ретінде тұлғалық пікірлер жүйесінің  қалыптасуына негіз бола алады. Ұлттық жəне этностық бірегейлену бұқаралық іс-əрекет пен саяси іс-қимылдарына өте мықты катализатор ретінде қызмет етеді (əсіресе дағдарысты қоғамдарда).

Ұлттық жəне этностық қалыпқа жатқызу туған кезден бастап, ана тілінде сөйлеумен жəне адамның қоршаған ортасындағы мəдениетпен бірге жасасады, ал қоршаған ортадағы мəдениет өз кезегінде жалпыға бірдей тəртіп стандарттарын жəне тұлғаның өзіндік дамуына əсер етеді.

Ұлттық жəне этностық бірегейленудің тұрақтылығы адамның өзі туралы өзіндік түсінік пен басқалардың түсініктері арасындағы, əлеуметтік жəне жеке «Мен» арасындағы үйлесімді қарым- қатынасқа жету қабілетін қамтамасыз етеді. Алайда мұндай бейімделу динамикалық үрдіспен қалыптасады, себебі адамдардың дамуы барысында олардың ұлттық бірегейлігі үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы ортаның сынақтарына ұшырайды. Осыдан келіп, əлемдегі өз орны туралы, өз мақсаттары мен басқалармен қарым-қатынастары туралы белсенді түрде ой түю нормативті жəне психикалық-əлеуметтік дағдарыс мүмкіндігі туады.

Бірегейлік тұлғаның қоршаған əлеуметтік ортамен қарым-қатынасынан, іс-əрекеті ерекшеліктерінен көрінетін өзіндік белгілерден құрылған тұлғалық «қойма». Бірегейлік өз негізінде нақты тұрақты тұлғалық тəртіптің бағыттылығына жағдай жасайтын, əр түрлі салалардағы нақтылыққа байланысты адамның қажеттіліктерінің, сезімдерінің, мүдделерінің, идеалдарының, мақсаттарының үстемдігін көрсетеді.

Ұлттық бірегейлік құрылымында ерекше орынды оның менталдық бірлестігі алады, ол саналы немесе санасыз өз ұлттың рухани тəжірибесімен сусындайды. Философиялық құрылымдар өз дүниесінде белгілі бір ұлттың тəжірибесімен тығыз байланысты. Ұлттың рухани мұрасы қаншалықты бай болса, ол ұлт даму барысында ұтқыр іс-əрекеті жемісті болып келеді.

Ұлттық бірегейлік пен ұлттық менталитетті тығыз байланыстыратын тағы бір компонент ол ұлттық имидж болып табылады. Ұлттық имидж дегеніміз — басқа халықтың өкілдеріне танылатын сипат жəне де сол арқылы нақты бір ұлт өзін басқаларға көрсетіп, дəлелдей алады. Ұлттық имидж де ұлттық менталитетті, бірегейлікті зерттеуде маңызды орын алады, ол туралы Б.Ф.Поршнев былай дейді, ұлттық имидждің ядросы ретінде «біз» ұғымының жеке немесе ұжымдық деңгейде түсінілуі жатады [12]. «Материал алғашқы қауымдық қоғам тарихынан ғана емес, алайда əр түрлі тарихи кезеңдерде көрінеді, кейде тіпті «олар» деген ұғым болса да, «біз» ұғымы жоғалып кетеді. «Олар»  — «біз» емес немесе, керісінше, «біз» — «олар» емес. Тек қана «олардың» барлығы, «оларға» қатысты өзіндік анықталып алу арманын тудырады, «олардан» «біз» деген сезім арқылы бөлініп шығу».

Ұлт табиғаты, ұлттық бірегейлік — күрделі де жан-жақты құбылыстардың бірі. Ұлт табиғатын тану, оның тарихи тағдыры мен болмысын анықтау — қоғамдық ғылымдар үшін қиын да күрделі мəселе. Бір қарағанда, ұлт деп тегі бір, тілі, мəдениеті, дəстүрлері ортақ адамдардың қауымдастығын айтуға болады. Миллиардтан асқан қытайлықтардан бастап, бірнеше жүз құрайтын  юкагирлерге дейін этносты құрайды. Ұлттардың тарихи тағдыры, өзара ықпалдасуы мен байланысуы қоғам өмірінде жан-жақты көрініс алып отыр.

Ең бастысы — əр ұлттың, оның рухани мəдениетінің бағалы, өзіндік қайталанбас  құбылыс екенін ескеру. Оны тек бір тілде сөйлейтін əлеуметтік топтардың бірлігі мен қарама-қарсылығы деумен шектелу оның терең дүниетанымдық тамырларын ескермеуге əкеледі.

Ұлттық бірегейлікті бағытталған мемлекеттік идеология жəне мемлекеттік саясат арқылы өзгертуге болады, оның жақсы қасиеттерін басып-жаншып, жаман қасиеттерін əшкерелеуге  де болады (бұған қатысты кеңестік тарихымыздан көптеген мысалдар келтіруге болады) немесе, керісінше, мемлекеттің стратегиялық мақсатына жетуі үшін, салауатты мемлекеттік ұлттық идеяны қалыптастыру үшін ұлттық бірегейліктің жақсы жақтарын дəріптей отырып, жастарды жаңа сапалы рухта тəрбиелеуге де болады.

Басқа саяси тұрақты мемлекеттермен салыстарғанда Қазақстанда  ұлттық бірегейліктің қалыптасу жəне даму үрдісіне жағдай жасау қоғамдағы руханилыққа импульс бола алады, ол азаматтардың өзін бағалай білуі мен ұлттық қадір-қасиетті сезінуге кепілдік береді. Рухани бастаулар болмысын анықтауда экономика да аз рөл атқармайды, керісінше, əсіресе дағдарысты жағдайларда қоғамның рухани көңіл-күйі қоғамдық ағзаның тереңнен жаңаруына алғашқы себеп бола алады.

Əрбір азамат өзін өз халқының тарихы мен мəдениетінің дəл төріне қоя білуі қажет, сол халықтың бір бөлігі ретінде, халықтың тағдыры мен өткені əрбір азаматтың өмірімен тығыз байланысты екенін сезіне білуі қажет. Əрбір халық, бір жағынан, əлемдік-тарихи үрдістің бөлігі ретінде саналса, екінші жағынан — өз ерекшелігімен қайталанбас құндылық. Н.Бердяев былай деп санаған: «... адам адамзат қауымына орыс, француз, неміс немесе ағылшын атауларына ие болған жай адам ретінде емес, ұлттық ерекшелігі арқылы енеді. Адам болмыстың толық бір баспалдағын аттап өтіп кете алмайды, олай болса, ол қайыршыланып, бос кеуде болып қалар еді. Ұлтжанды адам — жай адамға қарағанда — жоғары, онда адамның тектік сипаты бар, тіпті сонымен бірге жеке-ұлттық белгілері де бар» [12]. Жеке бір ұлт адамзат қауымы құрамына қажеттілік ретінде енеді, онсыз қауымдық толық емес немесе тіпті зиян да шегуі мүмкін. Əрбір ұлт, Бердяевтің ойынша, «күрделі иерархиялық баспалдақ, онда тарихи тағдырдың өткірлігі де ерекше көрініс тапқан. Мұнда табиғи нақтылық тарихи нақтылыққа айналады» [12].

Тарихи үрдістің субъектісі бола отырып, ұлт өз күшінің арқасында жəне өз құндылықтарына сай өз траекториясында дамиды, нəтижесінде «адамзаттықтың жағымды нақты тұтастығына адам болмысының барлық сатысы кіреді, одан ештеңе алынбайды да, жоғалтылмайды да». Адамзаттық тұтастық «ұлттардың күрделі иерархиясымен» түсіндіріледі, олардың əрқайсысы өзінің сапалы үлесін қосып отыруы қажет, соның нəтижесінде «космостық иерархиядағы бір тұлғалық құбылыс ретінде» [12] ол тұтастық өмір сүруге қабілетті жəне тұрақты, бай əрі мықты бола алады. Тек қана жалпы адами мұрадан алып қана қоймай, оны техникалық жағынан да, құндылықтар жағынан да толықтырып отыру үшін еңбектену қажет.

Қазіргі таңда Қазақстанда халықтың этномəдени негізі бойынша көлденең бірігуі көбіне идеякратиялық сипатқа ие. Себебі үкімет тарапынан жүргізілетін саясат пен оның ұйымдастырушы рөлі ұлтаралық интеграцияға көп көңіл бөлуде. Сондықтан саяси элита осы факторды ескеріп, қазақстандық ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда қазақ жерінде тарихи, табиғи жағдайда (еріксіз түрде емес) қалыптасқан ұлттық бірегейлік ерекшеліктерін ескеруі қажет. Біздің ойымызша, мемлекеттік билік мемлекеттің негізін құрайтын қазақ этносы ұлттық менталитетінің базалық құндылықтарына сүйене отырып, биліктің негізгі ресурсы ретінде өзінің маңыздылығын көрсетуі қажет.  Олай  дейтін  себебіміз,  қоғамдағы  ұлтаралық  келісім  мен  мəмлеліктің  кепілі  болып қазақ ултының өзіндік бірегейлігі саналады.

Ол туралы философ-ойшыл Т.Қ.Бурбаев былай деп жазады: «Мəмлелік тұрғысынан дүниемен қарым-қатынас орнату адамдардың көзқарасына ішкі болмыс дүниесіне, халықтың мəдени-рухани деңгейіне, ұстанымына, мақсат-мұраттарына да байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ менталитетіндегі мəмлелік ұғымының қалыптасу тарихы терең», — дей отырып, мəмлелік қасиетінің қазақ бірегейлігіне тəн екендігін дəлелдейді [11]. Одан əрі ойын былай сабақтайды: «... осындай тарихи-мəдени сұхбаттың, мəдени, менталдық алғышарттардың қалауы бүгінгі қоғамдағы азаматтық, ұлтаралық, дінаралық қатынастарды өркениеттік тұрғыдан шешуге жағдай жасауда».

«Мəмлелік ұғымының мағынасына тоқталсақ, «толерантность» («толеранттылық») сөзі латын тілінен  француз  тіліне,  кейін  еуропа  тілдеріне  енген.   Оны  «мəмлелік»  деп  аударып        жүрміз.

«Шындығында, оның мəні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін тану, келісім табу деп жалғастыра беруге болар», — деп жазады А.Айталы [13].

Жоғарыда келтірілген ұлттық бірегейлікке қатысы бар ұғымдар мен құбылыстарды қысқаша болсақ та атап өттік. Ендігі мақсатымыз — жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлік мəселелерін зерттеу.

Қорытындылай келгенде айтарымыз, ұлттық бірегейлік, əрине, көптеген сыртқы факторларға байланысты сырттай өзгергенімен, заманға сай бейімделгіштік қасиетін көрсете отырып, өз ядросын, немесе түпкі тамырын өзгеріссіз қалдыра алады. Сол арқылы өзіндік ықпал да етеді. Бұл жағдайда бірегейлік қорғағыштық қызмет атқарады. Заманның қойған талабына сай ұлттың бейімделуін жеңілдететін де осы бірегейліктің қасиеті.

Қазақ ұлттық бірегейлігін қазақ халқының өзіндік сананың, рухани дүниесінің сыртқы көрінісі ретінде қарастыра отырып, қазақтың ұлттық бірегейлігіне сипаттама бергенде біздің мақсатымыз басқа халықтарда жоқ қасиеттер, өз ұлтымызда бар деп айтудан аулақпыз. Ұлттық қасиеттер барлық халықтарда кездеседі, тек мəселе — ол қандай деңгейде көрсетілгендігі. Мысал ретінде өмір сүруге қабілеттілікті алсақ, ол барлық ұлттарға тəн қасиет, тек кейбір объективті себептерге — халықтың маңдайына түскен қиын тарихи сынақтарға байланысты — ол біздің ұлттық менталитетімізде, бірегейлілігімізде қарқынды даму деңгейде кездеседі. Ұлт бірегейлігін зерттеген ойшылдардың атап кеткен ұлттық қасиеттер, əлеуметтік нақты өмірде көрініс тауып отыр, бұл жерден біздің  көретініміз — саналылықтан санасыздықтың басым тұрғаны; адамгершілік жəне рухани элементтердің мəнінің жоғарылығы.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Бородай Ю.М. От фантазии к реальности (происхождение нравственности). — М.: ИФРАИ, 1994. — С. 422,
  2. Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма. — М., 1999. — С.
  3. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. — М., 1992. — С.
  4. Нысанбаев А.Н. Евразийский межконфессиональный диалог как фактор обеспечения континентальной безопасности и стабильности // Аль-Фараби. — 2003. — № 3. — С. 5–11.
  5. Иванов В.Н. Политическая ментальность: опыт и перспективы исследования // Соц.-полит. журн. — 1992. — № 2. — С. 43.
  6. Тощенко Ж.Т. Этнократия. История и современность. — М.: РОСПЕН, 2003. — 434 с.
  7. Сарсенбаева З.Н. Этнос и ценности. — Алматы, 2009. — 235 с.
  8. Бальшикеев С.Б. Социально-политические аспекты идеи казахстанского патриотизма // Саясат. — — № 8. — С. 37.
  9. Выступление Президента РК Н.Назарбаева на ХII сессии Ассамблеи народа Казахстана // Казахстанская правда. — 2006. — 25 окт.
  10. Романова Н.В. Этнополитические процессы в Республике Казахстан. — Алматы, 1998. — С.
  11. Бурбаев Т.Қ. Қазақ менталитетінің даму ерекшеліктері. — Астана, 2005. — 287 б.
  12. Бердяев Н. Я и мир объектов. Опыт философии одиночества и общения. — Париж, 1931. // Цитаты из кн.: Пути всех к мудрости. — М., 1987. — 267 с.
  13. Айталы А. Ұлттану. — Алматы, 1998. — 154 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.