Статьи, год 2013

Мақалада психикалық жай-күйлер лексикасының танымдық ерекшеліктері, олардың ұлттық сипаты сөз болады. Психикалық жай-күй мəселесінің адамтану ғылымында маңызы зор, себебі психикалық жай-күй адам іс-əрекетінің сипатын айқындайды, атап айтқанда, оның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, қай халық өкілі екендігін, ұлттық болмысын т.б. қасиетін анықтайды. Осындай психологиялық негізде көрініс беретін белгілер тілдік тұрғыдан талданды. Мақалада сөз болған мəселелер адамның психологиялық ерекшелігінен туындайтын психикалық жай-күйлердің тілдік көрінісі мен табиғатын айқындауға бағытталған жəне қазіргі таңда қоғам қажеттігін өтейтіні даусыз.
2013

Мақалада қазақ тіліндегі этнолексиканың қалыптасу, даму тарихы қарастырылып, ғалымдардың пікірлеріне шолу жасалған. Этносты, этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білудегі тілдің көрінісін нақты мысалдар негізінде айқындап берген. Этномəдени лексика тілдің лексика- семантикалық қорын байытатын тіліміздегі этнолингвистикалық арналардың негізі болып табылатындығы айтылған. Ж.Аймауытов, М.Əуезов, Ə.Нұрпейісов шығармаларынан алынған этноатаулар ұлттық бояу жасаудың құралы болатындығы нақты мысалдар арқылы көрсетілген
2013

Мақалада юрислингвистиканы (заңнамалық лингвистиканы) лингвистикалық зерттеу барысында мəтіндерді редакциялау, аудару, сараптама жасау жəне кеңестер беру деген аспектілер іске асырылды, яғни құқықтық кеңістікте лингвистикалық баға берілетіні анықталған. Соттық-лингвистикалық сараптаманың құқықтық базасы көрсетілген. Лингвистикалық сараптаманың анықтамасы, мақсат- міндеттері жəне құрылымы, сонымен қатар азаматқа жала жабу, балағаттау, ар-намысы, қадір-қасиеті, абыройын қорлау, əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік жəне діни өшпенділіктерді қоздыру, мемлекеттің конституциялық құрылысын жəне аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру сияқты мазмұндағы мəтіндерге қорытынды беретін сарапшы-лингвистің құзыреті айқындалған. Сарапшы өз қорытындысында жауап беруге міндетті типтік сұрақтардың үлгілері берілген. Авторлар сот процесінде сөйлеудің даулы мəтіндеріне тек лингвистикалық сараптама ғана объективті баға бере алады деген қорытынды жасады.
2013

Мақалада поэзиялық шығармаларда кездесетін редиф құбылысының өзіндік табиғаты қарастырылды. Редиф ұйқастан кейін келетін ерекшелік əрі толғау мəтіндерінде жиі кездесетін заңды құбылыс тұрғысынан талданды. Толғауларда күрделі етістіктің қосымша сыңары, есім сөздер жəне шылау түрінде келген редиф қатары əр түрлі сипатқа негізделетіні сараланды. Ең алдымен ұйқасты күшейтудегі ырғақ пен өлшемге қызмет ететіндігі екшеленді. Сонымен қатар жыраулар поэзиясы толғау өлеңдерінің мазмұны, идеясы да редифтің қатыстырылуына негіз жасайтыны анықталды. Атап айтсақ, олар — дидактикалық мазмұн, портрет, арнау өлеңдер.
2013

Мақалада көркем шығарма мысалында сөз мəдениетінің коммуникативтік сапасы қарастырылды. Көркем мəтін авторы мен оқырманның арасындағы қатысым көркем сөз мəдениетінің жоғары болуына ықпал етеді. Сөздің коммуникативтік сапасы көркем мəтінде берілетін ақпараттың тілдік, когнитивтік, эстетикалық көріністері, интермəтіндік құбылыстар арқылы дəлелденді. Жазушы О.Бөкей шығармаларының мысалында мəдени-тілдік ақпараттың коммуникативтік-эстетикалық қызметке қалай жұмсалатыны көрсетілді.
2013

Қазақ əдебиетінің қайсыбір кезеңі болмасын бəрі де белгілі тарихи-əлеуметтік жағдайларға байланысты дамитындығы айтылған. Ол өз кезеңі ұсынған басты мəселелерге үн қосып, өмірдің өзекті сұрақтарына жауап беруге атсалысқандығы көрсетілген. Екі томдықтың бірінші кітабында кезінде аты қазаққа мəлім болған Бұқар жыраудан бастап Ақан серіге дейінгі белгілі ақын-жыраулардың əдеби мұрасы келтірілгені көрсетілген. XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының белгілі он тұлғасының шығармашылық жолдары ақындық қарымы жəне туындыларының тарихы баян етілген. Екінші кітапта XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлы Абайдан бастап Мұқағали Мақатаевқа дейінгі қазақ ақындарының əдеби мұрасы зерттелген.
2013

Мақалада ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алып, кешегі кеңестік, бүгінгі ТМД елдерінде тоқсаныншы жылдары келіп, қазіргі философияда, мəдениетте, социологияда, лингвистикада, əдебиетте жəне т.б. көптеген ғылым салалары мен өнерде ең жиі қолданылып жүрген постмодернизм құбылысы сөз болды. Постмодернистік құбылыстардың əдебиеттегі көріністерінің тарихы мен белгілері қысқаша баяндалып, постмодернизмді зерттеуші-ғалымдардың пікірлері сараланады. Сонымен қатар əлем əдебиетіндегі өзіндік орны бар қаламгерлердің шығармалары мысалға алынды.
2013

Мақалада діни дастандардағы мифтің адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа берілуі жəне түрлену жолдары қарастырылды. Діни дастандарда мифологиялық сарындардың қолданылуын айқындау арқылы мифтердің қаншалықты түрленгендігі туралы айтылды. Сондай-ақ мифтердегі ерекше көріністер діни дастандарда белгілі бір деңгейде түрлендіріліп қолданылуы сипатталды. Сонымен бірге діни көркем туындыларға жүргізілген олардың тарихына, мазмұнына, поэтикасына қатысты зерттеулер ескеріледі.
2013

Мақалада қазіргі кезеңдегі əдебиет дамуы жəне қоғамда жүріп жатқан күрделі əлеуметтік- психологиялық мəселелер қарастырылды. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы ғылыми- техникалық процестің əдеби шығармашылыққа тигізген ықпалы талданды. Қоғамның адамгершілік негізін нығайтудағы гуманитарлық саланың, мəдениет пен өнердің рөлі, қажеттілігі жайында талдаулар жасалды. Қазақ əдебиетінің тарихындағы адам, оның гуманистік принциптері мысалға алына отырып, қазіргі кезеңдегі эстетикалық өлшемдерге назар аударылды. Ұрпақ тəрбиесіндегі əдебиеттің қазіргі жағдайы, бұл тараптағы күрделі мəселелердің шешілу жолдары көрсетілді.
2013

Мақалада XIX ғасырдың көрнекті ақыны, əншісі, композиторы — Ақан Қорамсаұлының өмірі мен қызметі баяндалған. Оның өз бойындағы тамаша дауысын, сондай-ақ ақындық жəне композиторлық дарынын ұштастыра білуі арқасында аты аңызға айналған «сері» атанғаны көрсетілген. Ақынның қайғыға, мұңға толы қиындықта өмір сүргені туралы қорытынды жасалған. Серінің кемел шағында оның əйгілі жүйрік аты Құлагердің жау қолынан өлтірілген кезде қайғырып ауыр халде күн кешкені айтылған. Ақан серінің жарқын өмірі мен қайғылы тағдыры халық есінде терең із қалдырғаны негізделіп суреттелген.
2013

Мақалада қазақ эпосындағы тұтастану құбылысы жан-жақты сараланып, оның ішінде эпикалық билеуші бейнесінің қалыптасу заңдылығы дəлелденген. Автор қазақ эпосындағы эпикалық билеуші бейнесін Абылайханға арналған тарихи шығармаларды талдау арқылы көрсетті. Тарихи эпостың қазақ хандық дəуірінен бастау алатынын айта келе, қазақ фольклорындағы эпикалық билеуші бейнесі Абылайдың ақ жолы атанған кезеңде жүзеге асқандығын, ауызша мұрамыздың белгілі бір тарихи реалды шындықты көрсете алғандығын нақтылай түседі
2013

Мақалада қазақ ұлттық əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы қарастырылды. Автор орта ғасырлардағы М.Хорезми, Əбу Насыр əл-Фараби, Əбу Райхан əл-Бируни, Əбуғали Ибн Сина, Ə.Фирдоуси, Рабғузи, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи, О.Хайям, Ж.Баласағұни, А.Жауһари сияқты ғұламалардың ғылыми-зерттеу еңбектерінің əдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихына тікелей қатысы болғандығын дəлелдейді. Əл-Фарабидің еңбектеріне тоқталып, олардың өнер, тіл жəне əдебиет мəселелері мен өлеңтану саласындағы əдеби-теориялық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің шырқау биігі екендігін, ғалымның əдебиет теориясы мəселелерін қарастырудағы орны мен рөлін көрсетеді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.