Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем сөз мəдениетінің үлгісі О.Бөкейдің «Атау кере» повесі мысалында

«Образ болмай ойдың да қасиеті болмайды. Жұрт айтып жүрген ойды сіз де айтасыз. Жұрт айтпаған ойды айту — анда-санда бір ұшырасатын бақыт, ол — ырыс... Ойдың көпшілігі жұрт айтқан ой болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі — бақыт», — деген ғұлама М.Əуезов [1].

Заманымыздың классик жазушысы О.Бөкей — осындай ырыстың, осындай бақыттың иесі.

Жазушының көркем сөзін сөз мəдениеті, соның ішінде коммуникативтік сапасы, тұрғысынан қарап көрейік.

Мəтіннің коммуникативтік сапасына баға беру сөз мəдениетінің іргелі теориялық проблемаларының бірі болып саналады. Мұның ішінде, əрине, көркем сөз де бар. Көркем мəтін діттеген коммуникативтік нəтижеге жету үшін автор оқырманмен диалогке түсуі қажет, яғни, автор оқырманға арнап көркем шығармада үш түрлі код (мұнан былай «жұмба» деп қазақша қолданамыз.

  • Ж.Ж.) ұсынады. Олар — тілдік, когнитивтік, эстетикалық жұмбалар. Бұл жұмбаларды шешу үшін оқырманның тілдік білімі болуға тиіс. Тілдік білім деген сөзді, тіркесті оның мағыналарын, грамматикалық құрылымдар мен олардың мəністерін білуге келіп саяды. Ал ондай білім оқырманның бəрінде бірдей бола бермейді. Міне, осы жерде тілтану ғылымы көмекке келеді. Демек, тілтанудың көркем əдебиет насихаттаудағы қызметі ерекше.

Суреткер де, оқырман да бір тілдің субъектісі (мұнан былай «инсан» деп жазамыз. — Ж.Ж.), екеуіне тілдің дыбыстық, лексика-семантикалық, грамматикалық бірліктерінің мəн-мағыналары мен қызметі, нормасы ортақ. Бірақ автор мұндай бірліктерді діттеген мақсатына қарай іріктейді.

Бұл айтылғандар тілдік жұмбаға тиесілі болса, когнитивтік жұмбаға тіл инсанының санасындағы ақиқат болмыстың, дүниенің бейнесі, ұрпақтан ұрпаққа тіл арқылы беріліп келе жатқан дəстүрлі білімдер жүйесі жатады. Мəтіндегі тілдік таңбалар осы білімдер жүйесіне қозғау салады. Осыдан бастап автор мен оқырман арасында қатысым басталады. Бұл екі жұмба ашылғанда инсандар мəдениетінің үнқатысымы жүзеге асады. Демек, көркем шығарма авторы оқырманға мəдени-тілдік (лингвомəдени) ақпаратты жұмба күйінде береді. Осы жұмбаны оқырман неғұрлым терең, жан-жақты ашатын болса, адамдардың мəдениеттері арасындағы диалог соғұрлым белсенді əрі маңызды бола түседі. Осы тұста оқырманмен автордың терең байланысқа түскенінің бір оқиғасын келтіре кету артық емес. О.Бөкеевтің «Лениншіл жас» газетінде қызмет етіп жүрген кезінде Алтайдағы марал өсіруге байланысты «Ақ марал сұлу, еркем-ай» атты көркем очеркі шыққан болатын. Проблемалы десеңіз проблемалы, көркем десеңіз көркем очерк еді. Жазушы О.Бөкеймен кездесу кешінде бір жігіт, үш қызы бар екенін, аталмыш очерктің өзіне қатты əсер еткенін, содан олардың есімдерін Ақмарал, Сұлу, Еркемай деп қойғанын айтты. Əлгі адамнан:

  • Осы аттас əннің бар екенін білуші ме едіңіз? — деп сұрадым.
  • Əрине, — деді ол, — бірақ оның мұндай əсері болған жоқ. Маған ат қойғызған осы очерк болды.

Мəтінде жұмбаланған ақпараттың келесі түрі — эстетикалық ақпарат. Бұлар жұмбаланған көркем мəтінде оқырманның ойына, сезіміне əсер ету үшін ұсынылады. Оқырман санасындағы ақиқат дүние суреттеріне қозғау салады, сол əлемге енгізеді. Мұндай əсерді зерттеушілер «оқырман

  • мəтін — автор» бағытынан іздейді. Сондықтан автор оқырманмен байланысты күшейту үшін сөздің əр алуандығына ден қояды. Мəтін мазмұны мен құрамы бір сарынды болып кетсе, оқырманмен байланыс əлсірейді. «Суреткер сөзді бəрі айта беретіндей қолданса, яғни қалыптан, нормадан ауытқымаса, оқырманмен мəтін арқылы байланыс ойдағыдай болмас еді. Сондықтан суреткер қалыпты нормадан ауытқып отырады» [2]. Мəселен, О.Бөкейдің «Атау кере» повесінде нормаға сай келе қоймайтын бірқатар мысалдарды алға тартуға болады (нормадан ауытқуларды қоюлатып көрсеттік. — Автор): Бір шетін əлдекім кесіп алған секілді кетіңкі (39-б.); жаннаты жер; аспансығандар; Айнаға деген саздау тартқан салқындықтың себебі, тіпті де Бекзат емес, емес, осына елес сынды салт атты қыз еді (88-б.). Тағынның қуанғаны осы тым-тым ақылгөй сөзді жүйелі түрде есіне түсіргені емес, емес, сол сөзді сарабына салу қабілетін жоғалтпағаны еді (166-б.). Қатынның құлаққашты қылар шуы қаншалықты айғайласаң да анық естіртпей, тек шың- шыңдаған үзік-үзік үн ғана жетер еді (89-б.). Ол əсте де қара басының мұң-мұқтажын емес, қаймана халық, қайран елінің ертеңін ойлап амалсызданатын (104-б.). Бұл үйге қарай əлдекім қарға адым жақындаса, березеп болып, алдынан өздері шығып шаруасын бітіріп қайтарады... (141-б.); Ондай ойсоқтыларды біздің жақта лауқи дейді. Жыланның жусағанын білетін білімің... (195-б.); Суықсыраған денесі... салқын сазарады (199-б.);... жанның күдерсіздігі... (198-б.); Бұл дүниенің... мəңгіліксіздігін, бейопалығын мойындағаны еді (202-б.).

Мысалдардағы қоюлана көрсетілген бірліктерді Оралханның өзіндік сөз бедерлеуі десек артық болмайды. Мұнда соңғы мысалдағы ауытқулардың уəжсіздігі болмаса, қалған жайттар ерекше көзге түседі. Оқырман зейін қоя алады. Зейін қою деп біз бұл жерде оқырманның ерекше жұмбаны жай жұмбаға ауыстыруын айтып отырмыз. Яғни, оның мəніне ой жібіреді, əсерге бөленеді. Эстетикалық жұмбаны жай жұмбаға ауыстыру санаға белгілі біл шамада салмақ түсіреді, соның себебінен мəтін қабылдаудағы автоматизм бəсеңдейді. Автордың көздегені де осы. Болмыстағы қандай да бір зат пен құбылыстың жаңағы əрекет ықпалымен санада сəулеленіп, эстетикалық мəнділікке айналады.

Болмыстың үзігі туралы ақпарат жинақтала келіп, есте сақтала келіп, санада белгілі бір құрылым түзіледі. Тілдің ықпалымен санада пайда болған мұндай құрылымды концепт деп атайды. Əрине, оқырман санасында тəжірибемен алған білім де болады, ол сөздің сөздіктегі мағынасынан алыс кетпейді, ал көркем шығарма тілінен алатын білімнің жөні басқа. О.Бөкейдің шығармаларында сөз мағынасының концептілік деңгейге көтерілгенін байқай аламыз жəне бұл — жазушының өзіндік үлесі, халықтың санасына көшкен көркем де танымдық білім. Мəселен, «Кербұғы» шығарманың тақырып атауы ғана емес, еркіндік, табиғи азаттық аңсаудың рəмізіне, «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» қасқа құлын да аңсарға айналған бейне, «Сайтан көпірдегі» «айқай» жай дауыс емес, дүниенің тылсымы, феноменологиялық құбылыс. «Атау кере» сөзі өмірдегі соңғы ас ішу ретіндегі мағынасы сөздіктерде тіркелсе де, тым сирек қолданылатын сөз тіркесі. О.Бөкейдің осы аттас повесінен соң оның үлкен концептілік мəнге ие болғаны, оқырман көпшілікке философиялық ұғым сіңіргенін айтуымыз керек. «Будан» сөзі, негізінен, өсімдік, жануарлар дүниесіне байланысты белгілі. Оқырманның «Атау кереден» алған білімінен соң халық санасында бұл сөз басқа мəнге ие болатынына күмəн келтіре алмайсыз. Осы повесте «НЕГЕ БІЗ ОСЫ...» деп келетін тағатталған сөйлемдік құрылым (силепсис) бар («Тағатталған сөйлем» туралы Ж.М.Баймұрыновтың диссертациясынан білуге болады [3]). Үш есімдіктен тұрады. Есімдіктің грамматикадағы мəн- мағынасы орын басу, сілтеу сияқты болып келетіні белгілі. О.Бөкей повесінде бұлар ұлттық, тіпті адамзаттық, жаһандық проблемаға айналдырылған. Ауызекі сөйлеу стиліне тəн құбылысты біздің тірлігіміздің көкейтесті мəселелеріне түрткі, қозғау салудың, алға тартудың формуласы деңгейіне көтерген. Осыған байланысты еске түседі. Атауының өзі концептілік мəнге ие «Өз отыңды өшірме» романының «Бұл өңірде пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа ағылып жатады» деген бастапқы сөйлемі еске түседі. Бұл — «Адамзаттың Айтматовынан» бұрын ұсынылған концепт. Көркем мəтіндегі «эстетикалық жұмба» деген ұғым стилистикада стильдік эффект (əсер), нормадан ауытқу, таңдандыру сияқты атулармен белгілі. Ал мұның басты мақсаты эстетикалық ықпал етуге барып саяды. Осындай ықпал ету мүддесінен шыға алса, көркем шығарманың коммуникативтік сапасы, яғни мəдениеті, жоғары деп танылады. Прага лингвистикалық мектебінің зерттеулерінде осы ықпал айрықша қаралды. Бірақ стиль зерттеушілердің түбегейлемей жүрген мəселесі — стильдік контраст құбылысы. Қазақ тіл білімінде бұл мəселеге арналған арнаулы зерттеуді білмейміз. Стильдік контраст деп белгілі бір функционалдық стильге сүйенетін мəтіннің ішінде басқа функционалдық стиль сипаттарының келтірілуін ұғамыз. Тіл мəдениетіне, стилистикаға байланысты еңбектерде бұл құбылыс, негізінен, кейіпкер бейнесін берудің тəсілі екендігі, көркем диалогте қолданылатыны, юморлық тəсіл екендігі, сөз орындылығына қатысты екені жол-жөнекей сөз етіліп отырады. Оралханның емледен ауытқу арқылы ауызекі сөйлеу стилін жазба мəтінге енгізуін де осы стильдік контрастқа жатқызуға болады. Мысалдар келтірейік. Оқып көріңіз. Көз алдында көлбеңдеген арақ-сайқал ғана ежелден қалмай келе жатқан көңілдесіндей қылмыңдап, көзін қысып жылмыңдап жетелейді-ай, дедектетті-ай (25-б.). Сұлулық бізден қалғалы қа-ша-а-ан. Қай- да-а-аан білейін... (35-б.). Еріктің бір өзі ғана болса ба-я-ғы-да-а-ақ сау желіп, соза тартып ұзап кетер еді (46-б.). Алтайдың созалаңдап таусылып бітпейтін ұз-а-ақ қысы.... (109-б.). Халқымыздың жол-жоралғы, дəстүр-салтын ұмыттырғалы қа-а-а-ша-ан... (168-б.).... со-о-н-ау ұшар басы тазданған шоқының тас кепеші (173-б.). Байқап отырғанымыздай, мұнда жазушы бөгде стильдің элементін коммуникативтік-эстетикалық қызметке пайдаланған. Артық я жаңылыспен қолданған тəсіл емес. Стиль тезіне түскен тəсіл (стилизация). Кейіпкердің жай-күйін, жандағы қозғалысынан хабар берудің тəсілі. Мына бір шұбыртпа сөйлемді тіл білімінде «период» дейді, біздің термин — А.Байтұрсынұлынікі. Мұндай синтаксистік айшық туралы жазған едік. (Қараңыз: Периода туралы түсінік // Тілтаным. — 2012. — № 3. — Автор). Соңғы сөйлемінде жоғарыдағыдай ауытқу бар, бірақ мұның айрықшалығы сонда, эпифора айшығы арқылы соңғы қосарлай қайталау өзінен өзі сұранып тұрғанын, тіпті, өзіңіз де қосарлана жөнелердей əсер бар (сол əсерді көрсету үшін шумақтап беруді жөн көрдік):

... Енді қайтып мынау туған жердің тамылжыған табиғатын, асқар тау, асау өзенін көре алмасын; емін-еркін сайрандап аң-құсын қуып, орман-тоғайын аралай алмасын; көк шалғынына көлбей жатып, сонау тұп-тұнық аспанға қарап, тұнығы шайқалмаған көңілмен армандай алмасын; құлын жоны көрінбес тау шалғынын кертіп ойып, қол тартпамен алақанға түкіріп пішен ора алмасын; Алтайдың аппақ қарында ат шанамен ағыза алмасынмұртына қатқан сүңгі, кірпіктегі қырауды сүртіп, тоңып-жаурап келгенде, Нюра құйып берген құла шайды самайынан тер ағып, сораптап іше алмасын; көктем шыға — көктен іздегені жерден табылғандай масайрай, жағасын кеміріп долдана таситын Бұқтырманың аққұла толқынын қарап, тамырынан қопарылған сансыз салындыны санап, аяй алмасын; енді қайтып адамға жалғыз-ақ рет берілер тіршіліктің шəрбаты суалып, кермек татырын, кетеуі кетерін, сөйтіп, мынау жарық дүниенің торқалы тойын көріп, топырақты өлімінде ауыл ақсақалдарының ақылын тыңдай алмасын-алмасын-алмасын сезді, білді, түңілді, тайғақ тағдырының үкіміне жүгінді (124-б.).

Осындай стильдік контрастқа дидактикалық сыңайларды, философиялық-психологиялық толғаныстардың кіріктірілуін жатқызуға да болатын сияқты. О.Бөкей шығармаларында психолирикалық, философиялық-дидактикалық толғаныс ретінде танылатын мұндай үзінділер аз кездеспейді. Біз ойшыл жазушының өзіне тəн, басқа айтпай өзі ғана айтқан сонылығын көрсететін кейбір үзінділерді ғана келтіреміз. Ақша мен ақылдың артығы бар ма, коллега. (59-б.). Еркек адам есіктен еңселі кірер болар... (75-б.). Махаббат жас талғамайды, бақ бас талғамайды деген... (18-б.). Тəңірім-ау, айғай да адамның серігі, бұл жалғанның жарығын жариялар, өзіңнің қара жерді басып, тірі жүргеніңді есіңе салар жаршысы екен-ау... (99-б.). Адамның көз жасы — жанының нөсері, сірікіреп-сіркіреп алса, арты айығады, көңілі көгереді. Ел азарда, ер-азаматы — атақ қуғыш тақ құмар, қыз-келіншегі дүние қуғыш бақ құмар келеді (103-б.). «Біреуді құдай қаңғыртады, енді біреулер құдай бұйрығына көнбей өзі қаңғырады» (106-б.). Ел шыдағанға бел шыдамай қиралаңдап қалса, оған кім кінəлі!? (106-б.)..... қара тізімге ілінген адамның көрге кіргенше көгергені, көңілі ашылып сергігені бар ма... (108-б.). Түлкі түрінен, адам тілінен тартады (123-б.).... ол шақта адамдар шындық үшін емес, шындық адам айла-шарғысына қызмет етті, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында қолжаулық боп сорлап, жер бауырлап тұралап қалды (158-б.). Табиғатта АДАМНАН артық нəсте жоқ... (166-б.). Бəлкім, қорқыныш екі аяқты жұмыр басты пенденің асыл қасиеттерінің бірі шығар (167-б.). Шамы жоқ адам — намысы жоқ адам (169-б.). Үміт — ол да бір сағым немесе көлеңке іспеттес, күн шыққанда ғана пайда болады, ал басыңды қасіреттің бұлты шалса, іздеп таба алмайды екенсің, жоғалады (ҮМІТСІЗ — ШАЙТАН деген мақалды еске түсіріңіз). Жалғыздық — күштілік! бəлкім, өмір дегеніміздің өзі — көп пен ЖАЛҒЫЗДЫҚТЫҢ мəңгі бітіспес майданы шығар... (191-б.).

Мұндай стильдік контрастыны еш жазушы айналып өте алмайды. Мəселе эклектизмге ұрынбауда. Ал Оралхан шығармасында эклектизм түгілі, бөгде стиль көркем стильге ерекше өң беріп, əсерді əсемдеуге қызмет етеді.

Барлық деңгейдегі тілдік бірліктердің құрылымдық-жүйелік болмысында пайдаланыла алмайтын мүмкіндіктері, жеке тұрғанда я болмаса бейкөркем мəтіндерде байқала бермейтін əлеуеті суреткер қазанына түсіп шыққанда басқа мəнге ие болады. Осылайша жазушы «жаңа сөз» тудырмайды, жаңа сөз жасайды. Осыдан көркем əдебиеттегі потенциализм, окказионализм сияқты өзіндік қолтаңбасы келіп шығады. Суреткер бұрыннан бар нəрсені дамытады, басқа мəн үстейді. Бұған мына мысалдар дəлел бола алады: қара үзіп, қарада бой, қарда ізін қалдырмай ауып кеткен; азынаған иесіздіктің, бақсының моласындай өгейліктің жүдеу күйі; жүрегін қызғаныштың асыранды ала мысығы тырнап алды; ауыл жазған масатының үстіне төге салған асықтай моп- момақан үйіріліп жатыр; өздері сыйыспай жүрсе де өзгелерге сый көрсетуге, жер бөліп, жеңін кесіп беруге келгенде алдына жан салмайтын ел; жаныңның жасаң жайлауын жаңбырдың бұлты басқандай құсалану; сойына сойыл жұмсаған саудайы неме; Сыйларға тілің жоқ болса да, сипарға қолың жоқ па; байсын жер байсалдылығынан айрылып; күздің шабарман бұлттары; сана сарабына салып отырса, орта жасқа жақындаған жасында жанын садақалар мұрат-мақсатсыз лағып, ерегеспен есерсоқ ғұмыр кешіпті; Дүниенің бəрі лат (лат қыпшақ кезеңіндегі сөз, қазіргі ылғал сөзімен түбірлес, «сұйықтық» деген мағынада қолданылған) болып ластанып жатқанда; Мейманасы тасығандардың мысын басу, басына бақ қонғандарды басындырмау; Шабытым шабандаған шақта жолығып; жаның жай табатын інжілдігі; інжіл сыңар; Өзі құлағалы тұрған тауға қой жайғандай. Ондай ойсоқтыларды біздің жақта лауқи дейді;... бөрінің боғы, бөкеннің сирағындай тозу; ұшар басы тазданған шоқының тас кепеші.

Оралхан Бөкейдің сөзбен сурет салуынан (Р.Сыздық) бірер мысал келтірумен шектелеміз (бұл — бөлек сөз етуге лайық): Тамыздың алғашқы аптасы өтіп, жаңа туған ай екінші жұманың аяғында ортасынан қақ тілген қауындай жартыкештене семіріп келе жатқан; қазір сонау қарабарқын таудың үстінде дəл алдында, арыстанша аузын ашқан, қарабауыр бұлттың өңешіне жым-жырт жылжыған еді. ... Ендігі сəтте жартыкеш ай əлгі арыстан — бұлттың арандай аузына кірген (18-б.); Əне, ауыл жазған масатының үстіне төге салған асықтай моп-момақан үйіріліп жатыр (15-б.).

О.Бөкей оқырманды тылсымға ендіру үшін параллелизм құбылысын, кейіптеуді жиі пайдаланады. Жалпы Оралхан прозасында адам табиғатпен астастырыла қаралады, одан тысқары қаралған күннің өзінде оны адам мен табиғаттағы жатсыну құбылысы ретінде көрініс береді. Мына мысалда кейіпкердің көңіл-күйі туралы арнайы сөз жұмсалмаған, бірақ табиғат құбылысының суретінен-ақ оны өзіңіз терең түйсінесіз: Бұл шақта таудың ұшар басындағы ұшпа бұлт етекке қарай жөңкіле көшіп, аяқ астынан жел тұрды. Жапырақ жайған ағаш басы арпалыса суылдап, сабалақ жүнді бірді-екілі ешкі қора-қораның ығына қарай тырағайлап барады. Желіккен желмен бірге жарыса түскен жаңбырдың хабаршы тамшылары жетіп, əлгінде ғана будақтай көтерілген қара жолдың шаңын жерге шегелей бастаған. Қара бурадай құтырына жөңкілген бұлт бір-бірінен жерігендей үрке орналасқан бытыраңқы үйлердің жиналмай қалған кірін желпілдетіп албастыдай апай-топайын шығарды. Тамшының арты бұжыр-бұжыр бұршаққа айналып, тақтай шатыр, қаңылтыр пештерді таңқылдатып, төбеңді оярдай пəрменмен сабалаған. Барабандап бастаған бұршақ қара қошқыл бұлттың құсығындай, далада жүрген тіршілік иесін бұрыш-бұрышқа, ықтасын-қуысқа қуалап тықты. Жер беті аппақ маржанға бөгіп, Алтайдың алты айрығынан саулап бұлақ ақты. Бұлақтың іші толған — ақ моншақ — əрі суық, əрі сұлу көрініске есік-терезеден сығалай мəз балалардың кейбір шыдамсыздары жалаң аяқ, жалаң бас далаға шапқылап шығып, шекесін ісіріп қайта оралады. Ең ғажабы, дəл сол күні — бір жағы ақ, бір жағы қызыл бұршақ жауды (126–127-б.).

Оралхан Бөкей прозасындағы ырғақ, ұйқас туралы да арнайы сөз етуге болады.

Көркем суреткердің сөз мəдениетіне қатысты бір көрнекілік интертекстуал құбылыстармен қатысты. А.С.Əділова қазақ тіл білімінде осы құбылысқа алғашқы болып зерттеу жасады [9].

О.Бөкейдің «Атау кере» повесінен біз осындай мəтінаралық байланыстардың, басқаның сөзін жасампаздықпен пайдаланудың мынадай үлгілерін көрдік. Біріншісі — бұрын бар сөзді, тіркесті басқа контексте, мағынасын кеңейте, өзгерте пайдалану. Екіншісі — реминесценция, бұрынғы мəтіндердің жаңғырығы, немесе аллюзия, бұрынғы мəтінді еске түсіру. Мысалы (алдыңғы мəтінді я оның авторын жақша ішінде көрсетеміз): азынаған иесіздіктің, бақсының моласындай (Абайдан) өгейліктің жүдеу күйі; Мең-зең, дел-сал бейуақтың күнə, пəле-жала, айқай-шудан таза мұнтаздай мұңы (Абай); Өмір нұрын сепкен айналайын күннің «ата-анадай» елжіреуі (Абай); ертеңгі күніне саусақ жая талпына (Абай) дірілдеп; Махаббат жас талғамайды, бақ бас талғамайды (Халық мақалы); Үміт — ол да бір сағым немесе көлеңке іспеттес, күн шыққанда ғана пайда болады, ал басыңды қасіреттің бұлты шалса, іздеп таба алмайды екенсің, жоғалады («Үмітсіз — шайтан» деген мақал, Абайдың жаман дос туралы айтқан нақылы);... ауырмай есінен жаңылып, шатасып шаң жұтып жүрген өзі секілділер (С.Торайғырұлы). «Аюдың жанында шошқа жылмақтай» (Халық мəтелі). Ақылдан азап шегіп отырғанын шегелей ұғындырады (М.Əуезов).

А.Əділованың жоғарыда сілтеме жасалған зерттеуі вербалды мəтіндер арасындағы байланысқа арналған. Ж.К.Нұрманованың зерттеуі көркем əдебиет пен киноның арасындағы қатынастарды қарастырады [10], бірақ бұлардың арасындағы интертекстуалдық құбылыстар талдауға алынбайды, нысан ыңғайы басқа болғандықтан, жол-жөнекей ескертулермен шектеледі. Мұны бізге айтқызып отырған — таңсық жайт.

Норвегиялық экспрессионист-суретші Эдвард Мунк «Айқай» атты модернистік картинасын 1895 жылы салып бітірген. Картинада адам əлденеден шошып, аузын аша екі қолымен басын ұстаған қалыпта бейнеленген. Адам көпірде, қанды қызыл батыс фонында, ал артында белгісіз жаққа кетіп бара жатқан екі адамның сұлбасы көзге түседі. Сурет жиегінде автордың: «Менің достарым əрмен қарай кетті, мен алаңдаудан денем дірілдеп қалып қойдым. Табиғаттың Үнін сезіндім» деген қосымша сюжеттік толықтырулары бар. Сыншылардың айтуынша, бұл — заманның өзгеруінен, жаңалықты қабылдаудан туған қорқыныш. Сонымен қатар эстеттер мұнда «бояу дыбыс, үн бар», «суреттен айқай естисің» деп бағалайды.

Ал О.Бөкейдің «Сайтан көпірінде» де АЙҒАЙ бар, көпір де бар. Бұл байланыс тегін емес, рух деңгейлестігі дейміз бе, көркем түйсіктің түйісі дейміз бе, қалай десек те бұл — интертекстуалдық құбылыстарға жатады. Көркем мəтіннің креолдығынан хабар береді. «Сайтан көпірдегі» айқайға баға беретін болсақ, «Жазудан үн естіледі, оқырманның ішкі дүниесі айғайлайды» дер едік. (Мұндай тəжірибе қазақ əдебиетінде бар. Оның жаңа бір дəлелі — жазушы Д.Исабековтің «Гауһартас» повесін осы аттас əннің ықпалымен жазғанын «Жұлдыздар отбасы» журналында өткізілген пікірлесуде айтқаны). О.Бөкейдің «Сайтан көпірінен» модернизм іздесек, мұны ескеруге тиіспіз.

О.Бөкей шығармалары көркем сөз мəдениетінің биік үлгісіне жатады. Оның тілінің тылсымы əлі барлана береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Əуезов М. Жыл келгендей жаңалық сезінемін // Əуезов М.: 55 томдық шығармалар жинағы. — Алматы,
  2. Уəлиев Н. Сөз мəдениеті. — Алматы: Мектеп, 1984. — 190-б.
  3. Баймұрынов Ж.М. Қазақ тілі синтаксистік құрылысындағы үнемдеу құбылыстары (психолингвистикалық аспект): Филол. ғыл. канд. ... дис. автореф. — Астана, 2009. — 24 б.
  4. Балли Ш. Французская стилистика. — М., 1961. — 349 с.
  5. Белянин В.Г. Психолингвистические аспекты художественного текста. — М.: Наука, 1989. — 365 с.
  6. Сыздық Р., Шалабай Б., Əділова А. Көркем мəтінді лингвистикалық талдау. — Алматы: Ғылым, 2002. — 212 б.
  7. Нұрмұқанов Х.М. Сөз жəне шеберлік // Нұрмұқанов Х.М. — Шығармалар: 3-т. — 2-т. — Қарағанды: Арко, — 352 б.
  8. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. — М., 1979. — 473 с.
  9. Əділова А.С. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы: Филол. ғыл. д-ры... дис. автореф. — Алматы, 2002. — 52 б.
  10. Нурманова Ж.К. Казахская литература и кинематограф в аспекте компаративистики: Монография. — Алматы,— 324 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.