Статьи, год 2013

Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық секторы ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің төмендігіне, ескірген технологияларды пайдалануға, қосылған құны төмен өнім шығаруға, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің әлсіздігіне негізделген төмен еңбек өнімділігімен сипатталады. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асады, ал артылып қалғаны қалыптасқан дүниежүзілік орташа бағамен экспортталады. Еңбек өнімділігінің, өсімдік шаруашылығындағы шығымдылықтың, мал шаруашылығындағы өнімділіктің әлемдік көрсеткіштермен салыстырғандағы төмен деңгейі, ұлан-байтақ ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы АӨК қарқынды дамыту үшін әлеует құрады. Азық-түлікке әлемдік сұраныстың өсуі жағдайларында Қазақстанның АӨК іске асырылмаған әлеуеті ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласына инвестициялардың өсімі үшін аса маңызды ынталандырушы фактор болып табылады, ол Қазақстанға әлемдік жетекші азық-түлік өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік береді.
2013

Нақты мақалада Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық қауіпсіздік және азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың және азық-түлік айналымында гендік түрлендірілген өнімдерді пайдаланудың құқықтық мәселелері қарастырылды. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге ұсыныстар жасалды
2013

Ұсынылып отырған мақалада мәмілелерді нотариаттық куәландыру кезінде нотариустың атқаратын қызметін құқықтық реттеу және олардың алатын орны мен маңыздылығы анықталған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес сақтандыру қызметі түсінігі талданылған. Сақтандыру қызметі ұғымын анықтаудағы құқықтық-экономикалық көзқарастарға салыстырмалы талдау жасалған. Сондай-ақ осы саладағы ғалымдардың көзқарастары қарастырылған. Сақтандыру қызметі ұғымын анықтаудағы даулы мәселелер қарастырылған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кеден одағы аясында кедендік рәсімдерді құқықтық реттеудің мәселелерін анықтау жүргізілді. Зерттеу барысында Кеден одағының нормативтік құқықтық базасымен танысып, Кеден одағының Кеден кодексінің қабылдануымен орын алған өзгерістерге талдау жүргізілді. Талдау барысында Кеден одағының Кеден кодексіндегі өзгерістердің кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылды.
2013

Мақалада ҚР атқару жүйесінің негізгі мәселелері талқыланады. Атқарушылық іс жүргізу заңнамасының тетіктері қарастырылады. Атқару құжатының уақтылы орындалмау себептері айқындалады. Сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындайтың мәселелер мен кемшіліктері зерттеледі. Бұл кемшіліктерді шешу жолдары қарастырылады.
2013

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты. Бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып, қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағы заң аясында өзара үйлесімділікпен дамуда.
2013

Мақалада кедендік төлемдердің ұғымын анықтау және оларды топтастыру мәселесі қарастырылған. Көтеріліп отырған тақырыпты қарастыру барысында осы салада бірқатар еңбектерімен танымалы заңгер-ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері талданып, тиісінше тұжырымдар жасалған.
2013

Аталмыш мақалада мемлекет қайраткері – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өмір сүрген заманның саяси хал- ахуалы ғылыми сомдала келе, көрші мемлекеттермен әскери, мәмілегерлік, құқықтық қарым-қатынастары баяндалады.
2013

Мақалада көркемдегіш тəсілдердің біріне жататын қайталаулардың көркем шығармада атқаратын рөлін көрсеткен еңбектерге қысқаша шолу жасалды. Авторлар көркем туындыларда жиі қолданылатын қайталаулардың анафоралық жəне эпифоралық түрлеріне тоқталып, көркем мəтіннен жинастырылған нақты мысалдар арқылы олардың қызмет аясының маңызын дəйектеді. Зерттеу дереккөздері ретінде би-шешендердің сөздерінде кездесетін қайталаулар алынды.
2013

Мақалада құрамында түр-түс атаулары бар фразеологиялық бірліктер қарастырылды. Түстің қазіргі адам өмірінде үлкен маңызы бар. Авторлардың айтуынша, қарым-қатынаста айтушы мен тыңдаушының мəдениет жəне реалийлер туралы фондық білімі болуы шарт. Түстерді атауда əр түрлі тілдердегі қолданылатын əдіс-тəсілдерді салғастырмалы зерттеу — лингвистикада дəстүрлі тақырыптардың бірі. Сондықтан этностың тілдік санасын айқындайтын кейбір түр-түс атауларының мағынасын ашуға талпыныс жасалды.
2013

Жақсылық/жамандық тақырыбы өткен ғасырлардан-ақ ұлы ойшылдардың, жырау, ақын, жазушылардың шығармаларынан көрініс тапқан. Мақалада «жақсылық»/«жамандық» ұғымдарының лингвистикалық, философиялық мəні ашылды. Жыраулар поэзиясы негізінде жақсылық/жамандық концептілерінің репрезентациясы қарастырылды. «Жақсылық»/«жамандық» концептілеріне қарама- қарсы «адам» концептісі негізінде талдау жасалды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.