Мақаланың ғылыми мақсаты – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың саяси-құқықтық және әскери - мәмілегерлік іс-әрекеттерін ғылыми сомдау, ханның мемлекеттік қайраткерлік қызметінің бейнесін талдау.
Әбілқайыр өмір сүрген заманның саясиэкономикалық хал ахуалының қиын жағдайда болғаны бізге мәлім. Қазақ даласына қай кезде де дұшпан көздің сұғы көп қадалған. XVIII ғасырдың басынан бері қарай Қазақстанның сыртқы саяси жағдайы күрт шиеленісіп кетті. Батыс жақтан Орал казактары қолтығына су бүріккен Еділ қалмақтары шабуылдай бастады. Жайық бойындағы ел шалғынға башқұрттар таласуын қоймады.
Осы тұста Қытайдың Орталық Азияға сұғына кіруі де өрістей түсті. Сол кездегі Қазақстанның екі империяның арасында қалған қиын халін Мағжан Жұмабаев:
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,
Арты – ор, алдында – көр, жан-жағы жау,
Дағдарды Алаш енді қайда бармақ?! – деп күйзеле суреттеген болатын» [1, 9-12 бб.].
Осындай ауыр жағдайдан шығудың дұрыс жолы Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың дипломатиялық көзқарасы бойынша Ресей мемлекетiнiң бодандығын қабылдау болды.
Тарих арнасының ақиқат шындығына кеңiрек тоқталсақ. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ қоғамының саяси жағдайы аса ауыр халде болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтiк-саяси жағдайының әлсiреуiне ықпал еткен мән-жайлар – көршiлес елдердiң қазақ халқының жерiне көз алартуы едi.
1726 жылы Ордабасында халық съездiне жиналған хандар, сұлтандар, билер мен батырлардың тегiс бiр пiкiрмен Әбiлқайыр ханды халық жасағының бас қолбасшысы етiп сайлауы жайдан-жай емес. Бұл да Әбiлқайырдың жоғары деңгейде жеке қасиеттерiн халықтың мойындауының көрiнiсi едi.
Әбiлқайыр хан қазақ әскерiнiң жоғарғы бас қолбасшысы ретiнде қазақ әскерiнiң қарулы күштерiн құруда және халықты жауға қарсы тойтарысты жұмылдыруда көптеген iс-әрекеттер жүргiздi. Қазақ әскерiнiң сарбаздары бiрiнен кейiн бiр ұлы жеңiстерге жеттi.
Соның iшiнде қазақ-жоңғар шайқасы қазақ қоғамының дамуына терiс әсер тигiздi. Ендi бейбiт дәуiрге де қол жеткiзермiз деген ой қоғамда белең ала бастаған едi. Күтпеген, ойламаған жерден үлкен хан Болат қайтыс болады. Босаған таққа үмiткерлер арасында талас-тартыс басталды. Ғасырдан ғасырға келе жатқан әдет-ғұрыпқа лайық үлкен ханы болып тек сұлтандар әулетiнiң үлкен бұтағының өкiлдерi сайлана алатын. Осы қағидаға сәйкес, Болат ханның ұлы Әбiлмәмбет хан болып сайланды. Ал Әбiлқайыр хан сұлтандар әулетiнiң кiшi бұтағынан тарағандықтан, оған көп көңiл бөлiнбедi. Осыған жәбiрленген ол, бас қолбасшылық қызметiнен бас тартады да, өзiнiң әскери жасағымен Кiшi жүзге оралады. Осылайша, үлкен еңбекпен және күшпен жиналған қазақ әскерiнiң бiрлескен халық сарбаздар жасағы ыдырайды.
Ендi әр жүз өз алдына жаудан қорғану мәселесiн шешуге мәжбүрлi болды. Ұлы жүз жоңғарларға бағынды, оларға аманат бердi, алым-салық төледi. Жоңғар шапқыншылығына бәрiнен аз шалынған Орта жүз азаттық үшін күресiн жалғастыруға дайын едi. Ал Кiшi жүз жағдайы әлде қайда басқаша суреттеледi. Кiшi жүз халқы жан-жағынан қаптаған жаулар қысымында болды. Жоңғарлардың, Хиуа хандығының, Түрiкмендердiң, Едiл қалмақтарының, Жайық казактарының, Башқұрттардың ұдайы шабуылынан Кiшi жүз халқы үрейлi кемтарлықты көрiп төздi.
Осы фактiлерге сол дәуiрдегi қазақ халқының Кiшi жүз басында әлеуметтiк-саяси билiктi жүзеге асырушы тұлға Әбiлқайыр хан куә болды. Ол қазақ қоғамының әлеуметтiксаяси жағдайының қиын сәттерiн шешуде саяси жолдарды қарастырды. Әбiлқайыр хан осы кездегi қуатты империяның бiрi –Ресейге өзiнiң назарын аударды.
Ресей бодандығына кiру оған, жоңғар империясының әскери және саяси үстемдiгiн жеңудiң бiрден-бiр жолы болып көрiндi әрi қазақ қоғамының бiрыңғай бiртұтас мемлекетiн құруға жол ашылады деп топшылайды. Осыларды жүзеге асыру мақсатында Әбiлқайыр хан тарихи ауыртпалықты және жауаптылықты өз мойнына алды.
Қазақ жұртының Әбiлқайырдың осы саясиқұқықтық шешімін дұрыс бағаламағаны жанға жайсыз құбылыс. Әбiлқайырдың ел дегенде емiренiп қызмет еткенi, оның қазақ халқының болашағы үшiн жан таласқаны көңiлге алынбады. Әбiлқайыр – қазақ халқының басына түскен апаттан қалай құтқару керек, көршi елдермен қандай дипломатиялық қағидалар негiзiнде қатынас жасау керектiгi, елдi басқару, қазақтың басын бiрiктiрiп бiртұтас мемлекеттiлiктi құруды ойлаған тұлға. Бiр сөзбен айтқанда, ел тағдыры таразы басына түскен тұста, елдің басында болған. Оның Кiшi жүздiң басында болған әлеуметтiк қызметке араласқан кезi – қазақ елiнiң тәуелсiздiгiне қауiп-қатер төнген, өзiнiң дербес елдiгi мен еркiндiгiн сақтап қалу үшiн қазақ халқы жасақ құрып жауға қарсы қарулы күрес жүргiзген аса ауыр жылдар едi.
Сөйтiп, 1730 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр Ресей мемлекетiне қазақ елiн қамқорлыққа алу терминi ретiнде «бодандыққа» алу туралы өтiнiш бiлдiрдi [2, 47-48 бб.]. Қамқорлық – iрi мемлекеттiң кiшi халыққа көрсеткен ағалық мейiрiмдiгi сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е. Бекмаханов «қазақ елiнiң Ресейге бағыныштылығын ағаның iнiге қамқорлығы iспеттес дей келе, Ресей патшасы Анна Иоанновнаның iргетасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылған. XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде бұл сөздiң мағынасы қазiргiден бөлек. Ол кезде «подданство» деген сөздi қамқорлық деп түсiнген, яғни бұл сөздi өзiне қаратып алу немесе отарлау деп түсiнбеу керек», – деп жазған [3, 107 б., 122129 бб.]. Осыдан Әбiлқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра бiлгендiгiнен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарында өзiн «құл» деп атауына қарсы тұрды.
Бодандық сөзi сол кездегi қалыптасқан ұғым бойынша, кез келген екi елдiң арасындағы одақтастық шартта әлсiздеуi күштi мемлекетке кiруi. Бодандықты нақты бағыныштылық деп есептемеген. Бодандықтың мәнiн Әбiлқайыр шығыс дәстүрiнде түсiндi. Ресейдi бүгiн «сюзерен» ретiнде танығанымен, күш жинап, ес жиып алғаннан кейiн одан бас тартуға болады деп ойлады.
Ханның ой-пайымдары орыс патшаға жазған хаттарынан анық байқалады.
Бiз бiлетiн мәлiмет бойынша, Әбiлқайырды Хиуа хандығы, Ташкент, Түркiстан билеушiлерi өз көсемi ретiнде танитынын хабарлап, оларды орыс бодандығын қабылдайтынын хат жолдарына қоса жазған. Әрине, мұның бәрi – Кiшi жүз ханының дипломатиялық шеберлiгi [4, 45 б.].
Жалпыалғанда,КiшiжүзханыӘбiлқайырдың Ресейге бас иуiнде өзiнiң мансапқұмарлық мүддесiн көздегенiн де айта кету керек. Бас билiкке таласқан Жәдiк әулетiнен тараған шыңғысзадалардан қалмауды көздеген ол жеке мүддесiмен бiрге халықты апаттан сақтауды да ойлады.
Жан-жақтан қаумалаған жаулардың ортасында қалған Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр бiр орталыққа бағынатын қазақ хандығын қалпына келтiрудi, ол үшін әуелi орыс бодандары – башқұртхалқының, Едiлқалмақтарының, Жайық орыс-казактарының шапқыншылықтарын тоқтату мақсатында Ресейден әскери көмек алуды көздеді. Сонда барып қазақ халқының басы бiрiгiп, орда тiгер деп үмiттендi.
Тарих арнасынан байқағанымыздай, Қазақстан – Ресей халық арасындағы саяси дипломатиялық қарым-қатынастарының тамыры терең, олар қарқындылық сипатқа ие және оның мемлекетаралық қатынастарының шарттық-құқықтық базасы бар. Ол – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей империясымен жасасқан тарихи-құқықтық маңызды құжат. Бұл Қазақстан мен Ресей әріптестігінің қарқынды өрбуінің бұлақ көзіне айналды.
Қазіргі таңда көптеген ғылыми еңбектерде Ресей халқы Қазақстанды өзінің басты одақтасы әрі іскер әріптесі ретінде бағалайтынын байқаймыз. Әрине, бұл тұсты «Әбілқайыр ханның саяси дипломатиялық кемеңгерлігінің нәтижесі», – деп айтуға да болатын шығар?!
Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап-ақ ежелгі көршіміз Ресей елімен тығыз дипломатиялық қарым-қатынасты үзбей жалғастыру жолындамыз. Бір айта кетерлігі, сол тарих арнасында мәңгі ізін қалдырған құқықтық құжатқа қол қойылғалы бері саяси-экономикалық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан мен Ресей тонның ішкі бауындай бір-бірімен тығыз саяси-дипломатиялық байланыста жұмыс істеп келеді.
Егер де сол құжаттан үзінді алсақ, 1730 жылы 8 қыркүйекте Кiшi жүз ханы Әбiлқайырдың императрица Анна Иоанновнаға жiберген хатында: «…Мы, Абулхаир-хан, с подвластным … многочисленным казахским народом Среднего и Малого жузов … все вместе с простым народом желаем Вашего покровительства…» [5, 263 б.].
Бұл хат үзіндісі, Қазақстанның Ресей елiмен қосылуының құқықтық бастамасы болып, iргетасының қалануына түрткі болды. Қазақ халқының өзара iшкi алауыздықтан және бiрiншi кезекте жауларға қарсы тұруда ең дұрыс шешiмi осы. Оны бағаласақ, Әбiлқайыр өзiн көрiктi мемлекет қайраткерi ретiнде танытты.
Орыс бодандығына қол жеткiзу мақсатында Әбiлқайыр өзге де өзiндiк мақсаттарды көздеген. Ол Ресей империясына арқа сүйеп өзiнiң хандық билiгiн нығайтып алу, оны мұрагерлiк жолмен қалдыру және орыс патшасы беделдi рубасыларына әсер ету арқылы ханның қолына жығып бередi, сөйтiп хан билiгi үстемдiгiн артта түседi деп ойлады. Ол Ресей бодандығын қабылдаған жағдайда оның көзi тiрiсiнде онымен бiрге хандық билiк орнына ешкiм сайысқа түспейдi. Оның үмiтi, орыс патшасы оны бүкiл қазақ халқының бас ханы етедi. Кiшi жүз ханының осыған сәйкес талпыныстары оның Тевкелев мырзамен жүздескен жазбаларында бейнеленген.
Қазақстанның Ресейге қосылу процессi 1731 жылы Кiшi жүз, XVIII ғасырдың 40-шы жылдары Орта жүз, және Ұлы жүз XIX ғасырдың 40шы жылдарында жүргiзiлдi.
Ендi осы, Кiшi жүздi Ресейге қосу жөнiндегi 1731 жылғы Актiнiң құқықтық маңыздылығын ашу мақсатында бiр-екi сөзбен ойымызды түйiндесек. Жалпы, қазақ халқы ұзақ ғұмыр бойы көршi елдермен көз жұмбай қан майдан алаңында шайқасқаны мәлiм. Әсiресе жоңғар, башқұрт халықтарымен шайқаста қазақ халқы маужырап қалды. Қытайлықтардан талқандалған жоңғарлардың шабуылдары кейiннен барып тоқтатылды. Олай болса, 1731 жылғы Актiнiң құқықтық маңыздылығы мынада – жоңғарлармен қоса, Едiл бойы қалмақтарға, Жайықказактарға, башқұрттарғаорысөкiметiнiң тарапымен арнайы елшiлiктер арқылы қазақ халқына шапқыншылық жасауға тиым салынды. Елшiлiк қазақ халқы орыс бодандығында деп қорғады. Сөзімізді дәлелдеу үшін, мысал ретiнде Бөкенбай батырдың сөзiн қолдансақ, «Теперь киргиз-кайсацкая орда в такой защите – ни с какой стороны им опасности нет и живут во всяком покое, как в пазухе.» Бұндай мысалға тағы алдыңғы тақырыптардың бірінде жазылып кеткен Бопай ханымшаның және өзге де қазақ қоғам қайраткерлерiнiң сөздерiн алсақ болады.
Қазақстанның Ресей елiне қосылу жолының маңыздылығы көп жылдар бойы әр түрлi көзқараспен сараланып келуде. Яғни, бұл мәселе өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.
Заман өткен сайын да, бұл тарихи құндылығы теңсiз 1731 жылғы Актiнiң құқықтық маңыздылығы байқалады. Страны-соседи начали выстраивать свои юридические отношения более двух с половиной веков назад, когда русская императрица Анна Иоанновна 19 февраля 1731 года подписала грамоту хану Абулхаиру о принятии Младшего жуза в подданство России’’ [6, 22 б.].
Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр өз қатарындағы өзге хандар секiлдi билiкке араласып, ел iшiндегi дауларға төрелiк айтқан тұлғалардың бiрi. Әбiлқайыр қазақ қоғамы үшiн маңызы өте жоғары болған қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүрген. Ол өзiнiң барлық саналы ғұмырын қазақ халқының болашағы үшiн, сол елдiң жан-жағынан анталаған жауларға жем болмай дербес, айбарлы мемлекетке айналуына көп еңбек сiңiрген.
Әбiлқайыр ханның дауды шешкен сөзжолдары, нұсқаулары, бұйрықтарынатоқталатын болсақ, қазақ әдет-ғұрып заңдарының нормаларына сай «хандар төрелік еткен» – дейді, бiрақ-та бұл сөз төркiнi менiң ойымша, жалпылама түрде айтылған сияқты. Хандардың көпшiлiк бөлiгi төрелiк еткен болар, бiрақ, хандар қатарында төрелiктен көрi мемлекетаралық қатынастарды шешу жолында қызмет жасасқан жандар да бар ғой. Мысалы, Әбiлқайырдың төрелiк қызметiне қарағанда, жау шапқыншылығында әскери күш-қуаттылығын көрсеткенi, дипломатиялық қарым-қатынастарды реттегенi көбiрек тарих бетiнде қалған. Мiне, осы аталмыш екi салада ол белсеңдi қызмет еткен.
Әбiлқайыр бейнесiнiң төрелiк еткен сөз жолдарын, бұйрық-шешiмдерiн ғылыми орта назарына салатын болсақ, осы тұста, Әбiлқайырдың бұйрық-шешiмдерi оның мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттегенiнен көруге болады. Мысалы, Әбiлқайырдың көршi елдермен аянбай күресуiнiң бiрден-бiр себебi, ол жер-су мәселесi. Осы ретте, оның қалмақ хандығымен Жайыққа таласуын қоймаған ханның мынандай бұйрық сөз жолдары бар: «Жайық өзенi үшiн қазақ халқы күресуiн тоқтатпайды. Себебi, қазақ халқы мұндай жайлы жердi еш жерден таппайды» [4, 366 б.]. Шын мәнiнде, Жайық өзенiнiң жағалауындағы жайылымдар тұрмысқа өте қолайлы едi.
Әбiлқайырдың басты негiзгi шешiмдерiнiң бiрiне, жоғарыда атап кеткендей, оның орыс бодандығын қабылдау шешiмiн айтуға болады. Немесе бұған ұқсас тату-достастық келiсiмiне келу шешiмдерi. Яғни, байқап отырғанымыздай Әбiлқайыр ханның дауды шешкен сөз-жолдары, шешiмдерi, нұсқау-бұйрықтарымемлекетаралық қатынастарымен байланысады.
Жалпы, Әбiлқайыр ханның қазақ қоғамының тағдырына қалдырған iзi – бiрiншiден, қоршаған ортасы анталасқан жау арасында өзiнiң жеке әскери қолбасшылық шеберлiгi мен дипломатиялық келiссөздердi жүргiзуде өзiне тиiмдi пайдалана бiлген мемлекет қайраткерi ретiндегі қызметі. Екiншiден, Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдаудағы алғашқы қадам жасасқан тұлғаның бiрi ретiнде қызметi сипатталады.
Әбілқайыр хан тек әскер өнерiн жетiк меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғанына көзiмiз жеттi. Мәмiлегерлiк өнердi жақсы игерген ол, көршi елдермен қарым-қатынасты келiссөзбен шешуге тырысқан. Бұл, оның саясатшылдығын ерекше даралайды.
Әбіқайыр хан – өз елінің тарихында дипломатиялық келіссөздерді жүргізу мен тиімді пайдалану қасиеттерімен және осы салада ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген біртуар тұлғалар. Әскери дарындығы мен шеберлiгi арқасында, әрi шайқастарда ер жүректiлiгiн көрсете бiлген ол халық арасында үлкен атаққа ие болды.
Жау қоршауында қалған, тыныш өмiрiн бұзған шабуылдардан орыс империясының бодандығын қабылдау шешiмi арқылы мемлекеттiлiктi сақтай алатынын Әбілқайыр түсiндi. Бұл оның озық дипломат екендiгiн дәлелдейтiн бiр тұсы. Ресей бодандығын Әбiлқайыр қорғаушы пана деп көрдi. Кейiнгi тарихи оқиғаларғақарасақ, қазақ халқының тыныш өмiрi қалпына келе бастады. Бiрiншiден, қан майдан алаңында күш сынасу азая бастады. Оның орнына дипломатиялық келiссөздер жүргiзу көрiнiсi жиелеттi. Сауда-саттық керуендерi дамыды. Бұл айтылған жайлардың бәрiне сол заманда жазылып тарихта қалған хаттар куә.
Әдебиеттер
- Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 128 б.
- Шойынбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. – Алма-Ата: Қазақстан, 1982. – 279 с.
- Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: АН СССР, – 341 с.
- Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках: Сборник документов и материалов. – Алма-Ата: АНКазССР, – 739 с.
- Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в XVII – начале XX века. – Алма-Ата: Наука, – 633 с.
- Граница доверия и дружбы. – Подготовлено Посольством Республики Казахстан в Российской Федерации. – Москва: Альфа-дизайн, 2005. – 31 с.