Кеден одағындағы нормативтік құқықтық реттеу жүйесінің тарихи құрылуы 1995 жылдың басында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімге қол қоюдан басталды, сәл кейінірек ол келісімге Қазақстанқосылды. Солсәтте, кедендік мекеме мамандардың пікіріне қарамастан, бірыңғай кедендік-тарифтік реттеуді енгізу жолымен және кедендік заңнамаларды үйлестіру арқылы кеден одағын құруға болады деп басшылар шешім шығарды [1].
1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағын және Бірыңғай экономикалық аймақ құру туралы келісімшартқа қол қойған сәттен бастап, Кеден одағының нормативтік құқықтық реттеу жүйесінің қалыптасуы іс жүзінде басталып кетті. Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттер аумақтарының шегінен тыс орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар мен оларға қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің айрықша заңдық құзыры болатын өзге де объектілер құрайды. Кеден одағының кедендік аумағының шегі кеден одағының кедендік шекарасы болып табылады. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында орналасқан жекелеген аумақтардың шегі кедендік шекара болып табылуы мүмкін [1, 103].
Кедендік одақтың нормативтік құқықтық негізінің құрылуына байланысты қатысушы мемлекеттердің кедендік заңнамасын үйлестіріп қана қоймай, оларды кеден ісі саласындағы халықаралық құқықтық актілерге сай үндестіру қажет болды. Ең алдымен, әрекет етуші ұлттық заңнамаға қосымша ретінде реттеудің екі деңгейі пайда болды: кеден одағына қатысушы мемлекеттердің халықаралық келісімдері мен кеден одағының Комиссиясының шешімдері. Кейбір мамандардың айтуынша, ЕврАзЭС кедендік одағының қызмет атқаруымен, 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕврАзЭС біріңғай экономикалық аумағының құрылумен, сауда мен тарифтер бойынша Бас келісімге ҚР қосылумен әлемдік экономиканы жаһандандыру шарттарында, саудада ортақ тәртіп бекітумен ілесіп жүретін, бұрынғы кеңес елдері аумағындағы аумақтық интеграциялауда кедендік реттеу халықаралық саудаға елеулі ықпал етіп отыр [2]. Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі Кеден одағындағы кедендік реттеу тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы кедендік бақылаумен тасымалдауға, уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік рәсімдерге сәйкес шығаруға және пайдалануға, кедендік бақылауды жүргізуге, кедендік төлемдерді төлеуге байланысты қатынастарды,сондайақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, қолдану және оларға билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарды құқықтық реттеу. Кеден одағындағы кедендік реттеу Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес, ал мұндай заңнамада реттелмеген бөлігінде, Кеден одағының кеден заңнамасы деңгейінде тиісті құқықтық қатынастар орнатылғанға дейін Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады [3].
Нормативтік құқықтық база негізінде Кеден одағының Кеден кодексі жасалды. Осы Кодекстің 3-бабының 1-тармағына сәйкес Кеден одағының кеден заңнамасы төрт жүйеден:
- Кеден одағының Кеден кодексі;
- Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
- Кеден одағы комиссиясының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын Кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен
- Ұлттың заңнамадан тұрады.
Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында қолданылады. Егер Кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама осы Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады. Кедендік реттеу кезінде кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күніне әрекет ететін кедендіктарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық салу саласындағы заңнамалық актілері қолданылады.
Халықаралық келісімдермен Кеден одағының барлық аумағында бірдей қолданылуы тиіс кедендік реттеудің нормалары бекітіледі. Ол, ең алдымен, кедендік құнды бақылау мен анықтау, тауардың шығарылған елін анықтау тәртібі, преференциялар мен тарифтік жеңілдік берудің нормалары, жанама салық төлеу тәртібі және өзге де жалпы нормалар.
Кеден одағының комиссиясы кедендік реттеудің нормаларын тәжірибеде жүзеге асыруға байланысты шешімдер шығарады: кедендік декларацияның нысанын және декларациялаудың тәртібін бекітеді; кедендік ресімдеудің тәртібін бекітеді (тауарлардың тізімін, ресімдеудің қолданылу мерзімін); кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалардыңтізіліміненгізудіңтәртібін; кедендік мақсаттағы құжаттардың нысанын анықтайды. Дәл қазіргі сәтте Кеден одағы комиссиясының құзырында осындай сұрақтардың 150-ден астамы берілген. Халықаралық келісімдер негізінде шығарылған ұлттық заңнама нормалары қолданылады [4].
Қазіргі таңда тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауды құқықтық реттеуге, кедендік рәсімдерге ерекше көңіл бөлініп отыр. Кедендік рәсімдерді реттеу дегеніміз – кедендік заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында кедендік рәсімдерді ұстану шаралары мен шарттардың жиынтығы. Құқықтық реттеуге кедендік рәсімдерді пайдалануды қамтамасыз ететін және реттейтін нормативтік құқықтық актілердің барлығы, құқықтың бекітетін нормалары кіреді. Сондай-ақ айта кеткеніміз жөн, аталған реттеу басқа кедендік рәсімдерді реттеу шараларына қарағанда шешуші болып табылады, себебі басқа реттеу шаралары, яғни экономикалық және ұйымдастырушы реттеу шаралары тиісті билік органдары қабылдаған және бекіткен нормативтік-құқықтық көздерге негізделеді.
Кедендік реттеу кезінде КО КК көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік декларацияны немесе өзге де кедендік құжаттарды тіркеу күні әрекет ететін Кеден одағының кеден заңнамасы қолданылады. Кеден одағының кеден заңнамасында бекітілген талаптарды орындамай тауарларды кедендік шекарадан тасымалдаған кезде тауарлар кеден шекарасын кесіп өткен сәттегі күні әрекет ететін кеден одағының кеден заңнамасы қолданылады. Егер кесіп өткен күні белгісіз болса, Кеден одағының кеден заңнамасында бекітілген талаптар орындалмағанын анықтаған күні әрекет ететін Кеден одағының кеден заңнамасы қолданылады.Кеден одағының шегінде кедендік құқық қатынастарды реттейтін негізгі құжат КО КК болып табылады.
Кеден одағының Кеден кодексінде кедендік рәсімдерді қолдануға байланысты кедендік заңнамадағы талаптарды тұлғалардың ұстануын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ережелер бар. Осылайша, ҚР кедендік аумағына тауарларды алып келу немесе алып кету тұлғаларға кедендік рәсімдердің біреуіне тауарларды орналастыруға және осы рәсімді ұстануға міндеттейді. Тауарларды шығарғаннан кейін оларды пайдалану мен иелік ету мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес жүзеге асырылады. Кедендік рәсімді ұстану кепілі рәсімдердің айырылмас бөлігі болып табылады. Кедендік рәсімді ұстану кепілін талап ету кеден органының құқығы, бірақ міндеті емес. Бұндай құқықты кеден органы жүйесіз, орынсыз орындамауы қажет, тек мәлімделген кедендік рәсімді, тауарларды тасымалдаушы тұлғаның сенімділігін, оның іскерлік беделін, тасымалдау жиілігін, тауардың санатын, тауар топтамасының мөлшерін есепке ала отырып, тәуекелді талдау негізінде жүзеге асырады. Кедендік рәсімді ұстану кепілін ұсыну қажеттілігі туралы сұрақ кеден органымен тауарды шығару кезінде шешіледі. Ол дегеніміз кедендік рәсімді пайдалану сатысында бұндай қамтамасыз етуді талап етуді жоққа шығарады [3, 94].
Кедендік рәсімдерге байланысты біраз өзгерістер болды, мысал ретінде «кедендік режим» терминінің «кедендік рәсім» деп ауыстырылғанын атап өтуге болады. Осы өзгертулер аясында мамандардың арасында біршама даулар туындады. Бұл халықаралық стандарттарға сай емес, халықаралық келісімшарттарда «рәсім» термині мүлдем қолданылмайды, «режим» және «рәсім» сөздерінің мағынасы мүлдем басқа деген пікірталастар туындады. Сондай-ақ «кедендік ресімдеу» мен «кедендік рәсім» терминдерін ажырата алмай, түсініспеушіліктер туындап, халықты бірқатар әбігерге түсірді.
Сонымен қатар Кеден одағының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитіне қатысты, экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алуға байланысты, басқа да өзгерістердің орын алғанын байқаймыз. Бұл Кеден одағының Кеден кодексінде ҚР Кеден кодексінде көрсетілген ішкі кедендік транзит рәсімі жоқ. Кеден одағының кедендік аумағынан тасымалданатын тауарлар, соның ішінде, ішкі кеден органынан келесі ішкі органға тасымалдау кедендік транзит кеденді рәсіміне орналастырылуы қажет [5].
Кеден одағына мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда шегінде тасымалданатын тауарлар экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылмайды, ол дегеніміз КО аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғаларға қаржылық ауыртпалығын төмендетеді. КК-нің тағы бір жаңалығы, тауарларды екі кедендік рәсіммен (экспорт және кедендік транзит) бір уақытта тасымалдауға болады. Бірақ, айта кеткеніміз жөн, осы КО КК-де бірқатар олқылықтар орын алуда. Мысал ретінде арнайы кедендік рәсімді алатын болсақ, КО КК-де тауарларды арнайы кедендік рәсімге орналастыру тауарлардың санатына және шарттарына сәйкес Кеден одағы комиссиясының шешімімен анықталған Кеден одағының қатысушы мемлекетінің заңнамасымен бекітіледі деп көрсетілген.Ал ғылыми әдебиетте арнайы кедендік рәсімге тауарларды орналастыру Кеден одағы комиссиясы шешімімен анықталған тауарлар ғана орналастырыла алады деп берілген (мысалы, қаружарақ, дипломатиялық пошта, консулдық әмиян, сұрапыл апаттарды жою үшін арналған тауарлар). Осындай анықтамалар халықты тығырыққа тиреп, түсінбеушілік орын алады. Өкінішке орай, КО КК әлі де болса тікелей әсер ететін құжат бола алмай отыр, ұлттық заңнама нормаларына сілтемелер жиі жасалып отырады. Ал бұл өз кезегінде КО КК бекітілген кедендік рәсімдерді кедендік құқық қатынасына түсетін барлық тұлғаларға тауарлардың жеке нысандарына байланысты қолдануын қиындатады.
Жалпы кедендік рәсімдердегі өзгерістер оң деп көрсетуге болады. Заң шығарушы аппаратты түсінікті біркелкілікке алып келді, кеден органдарына құжаттарды әзірлеу мерзімін қысқартты, кеденде тауарларды ұсыну тәртібі жеңілденді. Осылайша, үш мемлекеттің заңнамаларын үйлестіруүрдісіжүргізілуде.Жаңаережелеркеден жағынан бақылауды жеңілдету мен оңайлатуға шақырады, бұнымен тасымалданушы жүктердің жолындағы әкімшілік тосқауылдардың санын азайтады. Тауарлар транзитінің арқасында Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің, ТМД және Еуроодақ мемлекеттерінің арасында өзара тиімді экономикалық қатынастар жылдамдатылады.
Кеден рәсімдерін жетілдіруде мына қағидалар қолданылуы керек:
- мемлекеттің кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуін қамтамасыз ету;
- ұлттық және бүкіл адамзаттың құндылығына зиян келетін тауарлардың өткізілуіне тыйым салыну;
- тауарларды әкелу және әкетуге шектеу жасау мүмкіндігі;
- тауарларды өткізуші жеке немесе заңды тұлғалардың жауаптылығының болуы.
Кедендік рәсімдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қылмыстық кодексте, басқа да заңдарда оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті бекіту мақсатында нормативтік құқықтық көздерді жасау мен қабылдау кедендік рәсімдерді тәжірибеде тиімді пайдалануға және осыған байланысты туындаған кедендік құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бар кедендік рәсімдер ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға байланысты туындаған қатынастың әржақтарын реттейді. Кедендік рәсімдердің көп болуы заңдылық, ол дегеніміз – осы саладағы жиналған тәжірибенің көрінісі. Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, оның сапасын арттыру, сондай-ақ туындаған құқық бұзушылықты жою мен алдын алу мақсатында кедендік рәсімдердің құқықтық регламенттелуі мен заңды толтырылуының деңгейі маңызды орынға ие болады. Кедендік рәсімдері жетілдіру сыртқы экономикалық қызметтің көлемін арттыруға, мемлекет экономикасының динамикалық дамуын қамтамасыз ете отырып, оның құрамының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді [1,105].
Кедендік рәсім көмегімен тауарларды кеден шекарасы арқылы оның мақсатына, тұрған жерінің шарттарына және кеден аумағында пайдалану шегіне байланысты тасымалдаудың нақты тәртібі анықталады. Кедендік рәсімдердің мәні мен рөлі өте жоғары. Кедендік рәсім тауардың мақсатына байланысты кеден шекарасы арқылы тасымалдаудың тәртібін, оның кеден аумағында орналасуының шарттарын, тауарды пайдаланудың шегі, тауарларды тасымалдаушы тұлғаның құқықтары мен міндеттері, нақты бір кедендік рәсіммен тасымалданатын тауарларға қойылатын талаптарды бекітеді.
Мемлекттің ішкі және сыртқы саясат жағдайы нарықтық жүйеге өту кезінде жанжақты сауда болуын қамтиды. Бұл нарыққа өту кезінде шекара арқылы өткізілетін тауарлардың сәйкесінше кеден рәсіміне сай тексерілуі қамтамасыз етіледі. Сөзсіз, елдер келіссөздер жүргізу арқылы сауда рәсімін қалыптастырумен ішкі экономиканы жүзеге асырады. Көптеген елдерде экономикалық өту кезінде құрылымдық реформалар күрделі мүмкін емес мәселені шешу үшін тарифті қорғалауды қажет тұтады. Бұл тарифтік емес шараларға, сондай-ақ қорғау шаралары мен субсидияға да қатысты. Біздің ел ашық түрде кеден рәсімінің міндетін орындау мәселелеріне тіркеледі, өйткені сыртқы сауда заңдары, статистикалық жүйе және мағұлматтар енді құрылу сатысында.
Әдебиеттер
- Жандарбеков Н.С. Кеден қызметі кемелдене түспек ∕∕ Егемен Қазақстан, 2012. – 10 б.
- Таможенный Союз. Первые итоги и перспективы. М.:Конгресс-центр, 2010. – 214 с.
- Марченко Р. А. Становление и развитие основных элементов административно-правового режима обеспечения таможенного дела: История государства и права. 2007. – 235 с.
- Айдабосынов Е.Н. Еуразиялық экономикалық қауымдастық. Кеден одағы комиссиясы ∕∕ Егемен Қазақстан, – 10 б.
- Шабалина О.Ю. Соотношение понятий «таможенный режим» и «таможенная процедура». – М.: Вестник Российской таможенной академии. – 2011. – 107 с.