Кедендік одақ

Қазіргі таңда жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыратын құбылыстар әлемдік масштабта елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтіп келеді. Жаһандық үрдістер мемлекеттердің өз экономикалық құрылымдарын қайта реформалауына, жаңа экономикалық саясат қалыптастыруына ықпал етеді. Берілген мақалада Қазақстанның жаһандық, аймақтық интеграциялық үдерістердегі белсенділігі айқындалған. Еуразиялық интеграцияның жаһандық маңыздылығы ашылған. Жаһандану үрдістері өз бастауын аймақтық интеграциялардан алатынын тарихи жағдайлар көрсетіп отырғандықтан, нарықтық экономикаға бағыт алған Қазақстанның экономикалық құрылымын зерделеу өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Осыған орай, авторлар Қазақстанның Еуразия кеңістігінде мүмкін болатын экономиканың жаңа құрылымының қажеттігін талдауға тырысқан. Оған мемлекеттік бағдарламаларды, халықаралық маңызы бар жобаларды және Елбасы Жолдауларын негізге алып, Бүкіләлемдік экономикалық форумның мәліметтеріне, деректеріне сүйенеді. Мақалада сыртқы экономикалық интеграциялық үрдістердің әсерінен қалыптасқан экономика құрылымы тал- данып, экономика секторларына арнайы ұсыныстар жасаған.
2014

Мақалада Дүниежүзілік кеден ұйымы шеңберінде тауарды кеден шекарасынан өткізу тәртібі бойынша мемлекеттер ынтымақтастығының кейбір мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар Дүниежүзілік кеден ұйымы салаларының белсенді қызметі; осы ұйымға мүше мемлекеттердегі кеден органдарының қызмет сапасын арттыру; кеден шекаралары арқылы тауар, адам және капитал айналымын реттеудегі үрдістерді жеңілдететін кедендік тетіктерді бірыңғайлаудың құқықтық қырлары және халықаралық кедендік стандарттарға байланысты мәселелер қарастырылған. Қорытындылай келе, авторлар Дүниежүзілік кеден ұйымы аясында кедендік істердегі халықаралық ынтымақтастық мүше мемлекеттер арасында халықаралық құқықтық және ішкі құқықтық жүйе арқылы кеден және сауда қатынасын жеңілдетуге қолайлы жағдай жасайды, халықаралық үкіметаралық ұйымдар қызметі мемлекеттердің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етеді, ал Дүниежүзілік кеден ұйымы осындай ынтымақтастықтың институциялық негізі болып табылады деген пікірге келеді.
2015

 1995 жылы 6 қаңтар күні Ресей мен Беларусь арасында жасалған Кеден одағы туралы Келісім [1] ерекше маңыздылыққа ие, өйткені кейін бұл екі жақты Келісім басқа мемлекеттердің қосылуы арқылы көп жақты шартқа айналып, түбінде Еуразиялық Экономикалық  Қауымдастықтың құрылуына алып келді. Бұл құжаттың негізінде 1995 жылдың 20 қаңтарында үш мемлекеттің яғни Беларусь, Ресей және Қазақстанның Кеден одағы туралы бөлек Келісімі жасалды [2].
2010

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискальды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
2010

Жалпы қылмыс туралы сөз болғанда, оның ең бастапқы сатысынан орын алатын негізгі мəселе – қылмысты саралау екені баршамызға мəлім. Белгілі бір іс-əрекетті қылмыс деп табуда, жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда, тағы басқа мəселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Яғни, қылмысты саралау қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді тез арада ашуға бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді. Қылмысты саралау үшін – қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілерді терең, жан-жақты, толық ашып жүзеге асыруда қажеттілігі аса зор.
2010

Кедендік шекара ұғымы кеден құқығының басты санаттарының бірі болып табылады жəне бұл санат кеден аумағы ұғымымен əрқашан қатар жүреді жəне белгілі бір тұтастықты құрайды. Кедендік шекара мəселесі кеңестік құқықтану ғылымында объективтік себептерге байланысты маңызды болмағанын айтып кеткен жөн. Мұның ең басты себебі Кеңес Одағының кедендік шекаралары мемлекеттік шекаралармен толық сəйкес келетін, ал темір перденің болуы жағдайында тек қатал шектелген субъектілер саны ғана (олар мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдар еді) кедендік шекарадан тауарларды өткізуді көздейтін экспорттық-импорттық операциялар жүргізу құқығына ие болатын. Алайда жағдай Кеңес Одағының ыдырауы алдында күрт өзгерді, өйткені сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырудың бұрыңғы шаруашылық механизмін бір қалыпта ұстап отыруға жəне тұтынушы нарығын толтыруға дəрменсіз саяси режим 1980-шы жылдардың аяғында кəсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілерге экспорттық-импорттық операциялар жүргізу құқығын беріп, КСРО-ның кедендік шекараларын ашуға мəжбүр болды. Қарайған жылдар бойы келе жатқан сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясын жойған бұл шешім КСРО Министрлер Кеңесінің 28 ақпан 1989 жылғы №191 Қаулысымен ресімделді [1].
2010

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден қылмыстық жалтару жағдайларын баяндаудың теориялық негіздері болып оның түсінігі мен мазмұнына криминалистердің көзқарастары табылады. Үлкен тəжірибелік мəні бар маңызды теориялық жағдайлар қатарына мыналарды жатқызуға болады. Қылмыс оқиғасы оның барлық фазаларында, тікелей оның алдында жүзеге асырылатын қылмысқа дайындық, қылмыс оқиғасынан кейін жүзеге асырылатын жасалған іс-əрекеттің іздері мен өзге де объектілерін жасыру нақты жағдайларда, уақытта, табиғи климаттық факторлардың көрініс табу жағдайында, тұрмыс пен өндірістік қызметте жəне т.б. жағдайларда өтеді.
2011

 Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия,  Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты.
2011

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кеден одағы аясында кедендік рәсімдерді құқықтық реттеудің мәселелерін анықтау жүргізілді. Зерттеу барысында Кеден одағының нормативтік құқықтық базасымен танысып, Кеден одағының Кеден кодексінің қабылдануымен орын алған өзгерістерге талдау жүргізілді. Талдау барысында Кеден одағының Кеден кодексіндегі өзгерістердің кемшіліктері мен артықшылықтары қарастырылды.
2013

Мақалада кедендік төлемдердің ұғымын анықтау және оларды топтастыру мәселесі қарастырылған. Көтеріліп отырған тақырыпты қарастыру барысында осы салада бірқатар еңбектерімен танымалы заңгер-ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері талданып, тиісінше тұжырымдар жасалған.
2013

Ғылыми жұмыстың мақсаты Кеден одағындағы кедендік бақылауды жетілдіру мәселесіне арналған. Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кедендік бақылау жүргізу кезіндегі негізгі мәселелер айқындалды.Зерттеу бары- сында кедендік бақылауды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктерді және кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың қазіргі уақыттағы жағдайын ескеріп, кедендік бақылау саласын жетілдіру жолдары қарастырылған. Сонымен қоса Кеден одағындағы кедендік сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелер қарастырылған. Кедендік бақылауды жетілдіруде «2012-2015 жылдар аралығындағы Кеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасы негіз ретінде алынды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.