Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыс құрамын саралаудың ерекшеліктері

Жалпы қылмыс туралы сөз болғанда, оның ең бастапқы сатысынан орын алатын негізгі мəселе – қылмысты саралау екені баршамызға мəлім. Белгілі бір іс-əрекетті қылмыс деп табуда, жауапкершілікке тартуда, жаза тағайындауда, оны өтеуде, жауапкершілік пен жазадан босатуда, тағы басқа мəселелерді шешуде қылмысты саралаудың маңыздылығы ерекше. Яғни, қылмысты саралау қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді тез арада ашуға бағытталған үздіксіз де тұрақты зерттеуді қажет етеді. Қылмысты саралау үшін – қылмыс құрамының элементтерін құрайтын белгілерді терең, жан-жақты, толық ашып жүзеге асыруда қажеттілігі аса зор.

Қылмысты саралау қылмыстық құқық ғылымының маңызды жəне жиі қолданылатын ұғымның бірі болып табылады.

Саралау – яғни, кейбір құбылыстарды (латын тілінің «qualis» деген сөзінен «сапа» деген мағынаны білдіреді) оның сапалы белгілері, қасиеттері бойынша қандай да бір түрлерге, санаттарға, топтарға жатқызу. Құқық саласында қылмысты саралау деп – жасалған қылмыстың белгілерін құрайтын, қылмыстық- құқықтық нормаларға сəйкес көрсетіп, оған заңдылық баға беру дегенді білдіреді. Қылмыстың сараланған белгілері - қылмыстық құқықтың ең күрделі кешендік институты. Құқық теориясында кешендік институтты екінші құқықтық білім, еселенген құқықтық материал ретінде ұғу керектігі қабылданған.

Сот тəжiрибесiнде кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарына қатысты заңсыз жəне негiзсiз үкiмдер шығарылу фактiлерi жиi кездеседi. Себебi, кейбiр жағдайларда қылмыстық iс материалдары соттармен үстiрт зерттеледi, дəлелдемелердi бағалау барысында қателер жiберiледi немесе материалдық жəне процессуалдық заңнамаларды дұрыс емес қолдану жиi орын алып отыр.

Қылмыстық құқық ғылымында саралау мəселесi қиындық туындататын жағдай ретiнде кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару құрамының ҚРҚК-тің 209-бабында көзделген экономикалық контрабанда құрамымен ажыратып қарау мəселесiн қарастыруға болады. Мысалы, кеденнен сондай-ақ, контрабандалық жолмен тонналап мұнай өнімдері де өтіп жатады екен. Осындай жолмен шетелге қара алтын жөнелтіп отырған Ақтөбелік «КНПЗ-Трейд» жəне «Вернай Ойл Казахстан» кəсіпорынының директоры Бүтіншиев деген біреу бастаған қылмыстық топтың іс-əрекеті əшкереленіпті. Олар «композит», яғни басқа өнім деп рəсімдеу арқылы ел аумағынан құны 901 млн. теңгенің шикі мұнайын шет елге заңсыз шығарған. «Бір жоқ бір жоқты табады»- демекші, қылмыстық іс барысында олардың оған қоса 5 млрд. 516 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдерден жалтарғаны анықталған. Ол аздай, Бүтіншиев мырза өзін қылмыстық жауапкершіліктен құтқаруы үшін қаржы полициясы қызметкеріне 5 мың АҚШ долларын пара ретінде ұсыныпты. Үш мың доллар көлеміндегі параның бір бөлігін беру үстінде ұсталған Бүтіншиевтің үстінен бірден бірнеше бап бойынша іс қозғалып, сотқа тапсырылған.

Бүгiнгi таңда аталған қылмыс құрамы сыртқы экономикалық қызмет аясына тəн көптеген қылмыс құрамдарымен ұқсас қылмыстар болып табылады, себебi, олардың объективтiк жақтары ұқсас. Мысалы, экономикалық контрабанданы айтуға болады. Мысалы, 2004 жылы 16 маусымда Павлодар облыстық Кедендiк Бақылау Департаментi УБПП ҚР ҚК 214-бабының 1-бөлiгi бойынша № 045516060029 қылмыстық iс қозғаған. РФ Ханты-Мансийск қаласында орналасқан ААҚ «Ханты-Мансийсклес» (бұдан əрі – ААҚ Х/М) пен АҚШ-тың «ЕМСО ИС» компаниясы арасындағы 04.08.2002 жылғы №89-08/03 келісім шартқа сəйкес, Өзбекстан Республикасына алып өту мақсатында, транзит режимiмен ААҚ Х/М-нiң Павлодар қалалық өкiлдiгiне 5226,45 куб м орман материалдары əкелiнедi. Алайда 11-шi ГТД транзит режимiмен рəсiмделiп, тек 2830,1 куб метр орман материалы Өзбекстан Республикасына жiберiледi, ал 2396,35 куб метр орман материалы қалып қояды. Аталған тауар сатып алушымен «ДАФ Узбекско-Казахстанская границ» (Инкотермс - 2000) ережелерiмен сатып алынады. Қылмыстық iс қозғалмастан бұрын, бiрнеше рет хабарландыруларға қарамастан ААҚ Х/М транзит режимiндегi тауарды өзге кедендiк режимге рəсiмдеуге байланысты ешқандай шаралар қолданылмайды. Қоймадағы жүктi тексеру барысында сақтау жазбасымен көзделген транзит режимiндегi тауар жоқ екендiгi анықталады. №29 от 25.06.2004 жылғы маман қорытындысына сəйкес, қалған 2396,35 куб метр орман материалының кедендiк құны 12 838 926 теңгенi құраса, кеден төлемдерi мен салықтарының сомасы 1 952 380 теңгенi құраған.

Аталған əрекетке байланысты сот жоғарыдағыдай шешiм шығарса, қылмыстық құқық ғылымында бұған қатысты келесi пiкiрлер айтылады.

  1. Контрабанда мен кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару түрлi сипат алатын, бiрақ бiртұтас қылмыстық акт шегiнде бiр- бiрiнен ажыратылған, сондықтан қылмыстық- құқықтық табиғаты бойынша пайдакүнемдiк бағытталған экономикалық қылмыстардың идеалды жиынтығы болып табылады.
  2. Контрабанда барысында тұлға, кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден тек тауарлар мен өзге де заттарды кедендiк шекара арқылы өткiзу барысында ғана жалтарады, яғни контрабанданы кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтаруға қатысты арнайы норма ретiнде тану қажет. Ал кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару жалпы норма болып табылады. Егер бiр қылмыс құрамы жалпы жəне арнайы нормалармен қатар көзделсе, онда қылмыстық жауаптылықтың арнайы нормамен туындайтындығы белгiлi. Яғни, Қазақстан Республикасы кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы, не декларацияланбаумен немесе күмəндi декларациялаумен ұштасқан, тауарларды немесе өзге де заттарды iрi мөлшерде өткiзу құрамын тек контрабанда ретiнде кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарумен жиынтықта емес, дербес саралау қажет.
  3. Ресейлік Ю. Красиков контрабанда құрамын қолдану мүмкiндiгiн мəндi түрде шектейдi. Оның пiкiрiнше, кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарудың объективтiк жағының белгiлерi болып тауарлардың кедендiк құны туралы күмəндi мəлiметтер беру танылады. Ол кеден төлемдерi мен алымдары көлемiн азайту мақсатында кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты шот- фактураларды немесе өзге де шоттарды жалған жасау жолымен жасалуы мүмкiн. Егер декларацияланбау немесе күмəндi декларациялау кедендiк шекара арқылы тауарларды өткiзу туралы шешiммен себептiк байланыста болса немесе кедендiк шекара арқылы тауарларды кедергiсiз өткiзудi мүмкiн етсе, мұндай жағдайларда ғана контрабанданың объективтiк жағының белгiлерi орын алады. Қорытындылай келе, ол декларацияланбау немесе күмəндi декларациялау жəне тауарлардың кедендiк құны туралы күмəндi мəлiметтер беру, егер кедендiк шекара арқылы тауарларды өткiзу туралы шешiммен себептiк байланыста болмаса, контрабанда құрамын құрамайтындығын айтады.
  4. Ресейлік А. Жалинский жоғарыда бiз келтiрген əрекеттi контрабанда ретiнде саралауды жоққа шығара отырып, келесi пiкiрге келедi: «кедендiк шекарадан өткiзуге рұқсат етiлген тауарлар мен көлiк құралдары кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарудың объектiсi бола отырып, жалпы ережеге сай контрабанда объектiсi болып табылмайды. Мұндай жағдайда, яғни алып келу мен алып кетуге тиым салынбаған немесе шектелмеген тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу контрабанда болып табылмайды». Аталған пiкiрге қосыла отырып, кейбiр авторлар, күмəндi декларацияламаудың да, егер ол кеден төлемдерi мен алымдарының мөлшерiн төмендетуге негiз берсе, контрабанда болып табылмайтындығын алға тартады.
  5. И. Пастухов жəне П. Яни жоғарыда аталған пiкiрлердiң барлығымен де келiспейдi. Олардың пiкiрiнше, жоғарыда аталған көзқарастардың негiздерiнде контрабанда мен жалтару объектiлерiн дəлме- дəл анықтамау, объективтiк жағы мазмұнының дұрыс анықталмауы немесе заңдағы субъективтiк жағының негiзсiз түсiнiлуi жатыр. Сонымен қатар, аталған қылмыс құрамдарының объектiсiн анықтау барысында, оларды кеден заңнамасымен ажыратып қарауға болады, бұл қылмыс құрамдары үшiн  жауаптылықты  бекiтетiн нормалар түрлi объектiлердi қорғауға бағытталады, дəлiрек айтсақ, жалтару жағдайында бюджеттi қалыптастыруға байланысты қатынастар қорғау көзделедi, ал бұл қатынастар контрабанда объектiсi болып табылмайды. Контрабанда объектiсi болып кеден заңнамасымен реттелетiн, оның iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк шекара арқылы өткiзу шарттары мен тəртiбi танылады, аталған қатынастарды мемлекет бағалы деп тани отырып, оларды контрабанда туралы қылмыстық құқықтық норманы қолдану арқылы қорғап отыр. Л. Родинамен келiсе отырып, П.Яни, И.Пастухов аталған қылмыс құрамының түрлiк объектiлерiнiң əртүрлi сипатта екендiгiн алға тарта отырып, бұл құрамдардың бiр- бiрiне қатысты арнайы – жалпы норма болуы мүмкiн еместiгiн айтады. Сонымен қатар олардың пiкiрiнше, Горелик А.С., Шишко И.В., Хлупина Г.Н. анықтағандай, бюджеттi қалыптастыруға байланысты қатынастар контрабанда құрамының қосымша обектiсi болып табылмайды. Қорыта айтқанда, кедендiк шекара арқылы өткiзу шарттары мен тəртiбiн бұзу жəне кеден төлемдерiн төлеуден жалтару барысында тұлға дербес, екi объектiге қол сұғады, олар бiр - бiрiне қатысты қосымша объектi ретiнде табылмайды. Яғни дербес екi қылмыс жасалынады. Сондықтан олар жоғарыда келтiрiлген əрекеттi кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарумен бiрге контрабандамен жиынтықта саралау қажеттiгiн айтады.
  1. Т.А.Диканова жəне В.Е.Осипов сынды орыс ғалымдарының пайымдауынша, кедендік шекарадан тауарлар импорты жəне экспортының контрабандасымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың (оның ішінде халықаралық) көпшілігінің ең соңғы мақсаты – ол кеден төлемдері мен алымдарын, сондай-ақ өндіріп алынатын кеден органдарына жүктелген салықтармен қатар салық органдарымен өндіріп алынатын алымдарды төлеуден жалтару болып табылады.

Ресей қылмыстық кодексі негізгі бөлуді көрсетпейді. РФҚК-нің 188-бабында көрсетілген қылмыс құрамында əр түрлі объектілер мен заттар барлық контрабанда құрамдарына біріктірілген. Осыған қарай отырып, біз өзіміздің Қазақстан Республикасының заңнамасы жоғары тұрғанын айтамыз, «Экономикалық контрабанда» 209-бабы жəне «Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару» 214-бабы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар» 7-тарауға жатқызылған.

Қылмыстық істерді зерттеу көрсеткендей, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 214-бабын дұрыс сараламау келесідей түсіндіріледі:

  • құқық қолданушылардың кəсіптік дайындықтың болмауы – 20%;
  • қылмыстық құқықтық норманың жаза ауырлығы мен оның ауырлығын төмендету бағытында реттелмеуі – 30%;
  • Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 209-бабы «Экономикалық контрабанда» мен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 214-бабына «Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруға» жауаптылық үшін норманың жетілмеуі – 50%.

Сонымен қатар кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару құрамын саралау үшiн дəлме- дəл бекiтiлген белгiлерi мен мөлшерінің болмауы нəтижесiнде құқық қорғау органдары тəжiрибесiнде аталған баптың қолданылуы өте аз кездеседi деп айтуға болады.

Астана қаласы бойынша соңғы 5 жыл бойында ҚРҚК 214-бабы (кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару) бойынша тіркелген статистикалық мəліметтерге келетін болсақ 2005 жылы – 11 қылмыс, 2006 жылы – 0 қылмыс, 2007 жылы – 4 қылмыс, 2008 жылы – 4 қылмыс, 2009 жылы – 11 қылмыс тіркелген, осы есептік

мерзімдерде аяқталған аяқталған қылмыстар сəйкесінше 2005 жылы – 5 қылмыс, 2006 жылы – 0 қылмыс, 2007 жылы – 1 қылмыс, 2008 жылы – 4 қылмыс, 2009 жылы – 11 қылмыс, ал осы есептік мерзімдерде сотқа жіберілген қылмыстық істердің санына келетін болсақ 2005 жылы – 0 қылмыс, 2006 жылы – 0 қылмыс, 2007 жылы – 0 қылмыс, 2008 жылы – 3 қылмыс, 2009 жылы – 3 қылмыс болып отыр.

Осы себептен ҚРҚК 214-бабының диспозициясында бұл қылмыстың белгілері ашылмағандықтан саралау кезінде құқық қолдану практикасында қиындықтар туындайды. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың ең таралған тəсілі бұл кеден төлемдерінің мөлшерін төмендетуге негізделген кеден төлемдері мен алымдарының мөлшерін азайтатын жалған мəліметтер, заттарға құқық беретін жалған мəліметтері бар құжаттар ұсыну болып табылады.

Заң шығарушы ҚРҚК 214-бабының диспозициясын толық ашпайды, олай дейтініміз, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың бюджетке түсетін кеден төлемдерінің түсуіне кедергі жасайтын кез- келген əрекетті таниды.

Бүгінгі күні заң шығарушы ҚРҚК 214-бабы бойынша 3 негізгі саралау белгілерін анықтайды:

а) бiрнеше рет;

б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;

в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса.

ҚРҚК 214-бабында тап осы саралау белгілерін көрсетіп қойғаны, осы қылмыспен соттық тергеу практикасында күрестің тиімділігін арттыруда əлі де жеткіліксіз.

ҚРҚК 214-бабының диспозициясының тұжырымын анықтауда субъект белгілерін (кім төлеуден жалтара алады), қылмыс затын (тұлға дəл қандай кедендік төлемнен жалтарады), объективті жағын (əрекет немесе əрекетсіздік немен байланысты) көрсету маңызды. ҚРҚК 214-бабында кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтарудың мөлшері белгiленген, оның болуы аталған əрекеттiң жасалуы барысында қылмыстық жауаптылықты туындатады. Аталған мөлшер осы бап ескертуiнде көзделген, ол əрекеттiң iрi мөлшерде жасалуы нысанында көрiнiс алады. Кейбiр авторлардың пiкiрiнше, мысалы, А.А. Гравинаның пiкiрiнше, жалтару, тұлғаның кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару ретiнде қарастырады. Қылмыс құрамын көзделген барлық кеден төлемдерi мен алымдарынан немесе олардың бiрнеше түрлерiнiң жиынтығынан немесе олардың бiр түрiн төлеуден жалтару құрайды. Аталған пiкiрмен А.А.Смағұлов та келiседi. Ресейлiк ғалымдармен келiсе отырып, ол аталмыш баппен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшiн ең бастысы, кеден төлемдерiнiң төленбеген сомасының барлығының құны iрi мөлшердi құрауы қажеттiгiн айтады. Сонымен қатар, оның пiкiрiнше, егер кеден бажын бiрнеше рет төлемеудiң сомасы нəтижесiнде iрi мөлшерге тең болса, онда осы тұлғаның бiр ойымен қамтылғанын дəлелдеу керек. Яғни бiздiң пiкiрiмiзше, А.А.Смағұлов, өзi сүйенген ресейлiк ғалымдар секiлдi негiзсiз түрде кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден бiрнеше рет жалтару, егер ол бiр оймен қамтылса, ҚРҚК 214-бабы 1-бөлiгiнде көзделген қылмыс құрамын құрайтындығын алға тартады. Бiздiң аталған пiкiрдi негiзсiз деп табуымыздың себебi, ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлiгi аталған қылмыс құрамының сараланған белгiсi ретiнде жалтарудың бiрнеше рет жасалуын тани отырып, ол үшiн қылмыстық жауаптылық пен жазалау шараларын ауырлатады.

Қылмыстық жазалау белгісі бойынша кедендік төлемдерді төлеуден жалтарудың криминалдығы кедендік салық салудан жалтарудың басқа құқыққа қайшы (əкімшілік-жазалаушылық) əрекеттерден ерекшеленеді. РФҚК-нің 194-бабының ескертуіндегі кедендік төлемдерді төлеуден жалтарудың саралану белгілері ірі мөлшерде жəне аса ірі мөлшерде болмаған жағдайда көрсетілген əрекет қылмыс құрамын құрамайды жəне РФКК-нің 282, 283, 284-баптарындағы жағдайларға байланысты сараланады. Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан айырмашылық белгілері ретінде құқыққа қарсы жəне қылмыстық заң нормаларының түгелдігі болып табылады. ҚРҚК-нің 3-бабында көрсетілгендей қылмыстық жауаптылық негізі қылмыс құрамының барлық белгілерін қамтитын əрекетпен жасалуын танимыз. Осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар əрекет қылмыстық жауаптылық негізі болып табылады. Түсінік өлшемдерінің қажеттілігі қылмыстың басқа құқық бұзушылықтардан шектелуі сабақтас бөлек, кейде ұқсас заң бұзушылықтардың толық кезінде туындайды, бірақ бір объектіге қол сұғатын басқа құқық салаларына жатады. Мысалы, кеден төлемдерін төлеуден жалтару үшін жауапкершілік қылмыстық (РФҚК-нің 194-бабы), кедендік (РФҚК-нің 282, 283, 284-баптары) заңнамамен көрсетілген.

Біздің көзқарасымызша, ҚРҚК 214-бабының сараланған белгісіндегі «лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып» деген сөзі өзгертуді қажет етеді. Кеден органдарының қызметкерлері негізінен осы санаттағы лауазымды адам қатарына жатқанымен олар өздері тауарлардың орнын ауыстырмайды, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтара алмайды, себебі, олардың құзыретіне жатпайды. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару негізінен қылмысты жасау мақсатында өзінің қызмет бабын пайдаланып құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оның ішінде кеден қызметкерлері көмектесуші ретінде қылмыстың жасалуына ықпал етеді. ҚК Жалпы бөліміндегі қылмысқа қатысушыны жасаған қылмысы үшін жауаптылыққа тарту, дəлірек айтсақ, осы қылмысты жасауға қатыстылығы бар лауазымды тұлғаны көмектесуші ретінде қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді. Көмектесу түріндегі қылмысқа қатысу көмектесуші тұлғаның қылмысты пиғылдары туралы хабардар болуына жəне оған олардың орындалуына көмектесуіне негізделеді. Қылмысқа қатысу тек қасақана қылмыс жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыс жасауы адамдар тобы жасаған қылмыс ретiнде қарастырылмайды. «Адамдар тобының», «алдын ала сөз байласқан адамдар тобының» қылмыс жасау дəрежелеушi белгiлерi ҚК-нiң 31-бабының 1-бөлiгiне сəйкес, қылмысқа қатысушыларға - қылмысты жасауға екі жəне одан да көп орындаушы қатысқан жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

Егер де қылмысты жасау кезiнде бiр ғана орындаушы қатысып, ал басқа адамдар ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi ретiнде қатысса, онда орындаушының мұндай жағдайлардағы iс-əрекетi басқа дəрежелеушi белгiлердің болуына қарай, осы қылмыс үшiн тiкелей жауапкершiлiк көздейтiн баптың тиiстi тармақтары, бөлiктерi бойынша дəрежеленіп, ал басқа бiрге қатысушылардың iс-əрекеттерi ҚК-нің 28-бабына сiлтеме жасалына отырып дəрежеленуi тиiс. Қылмысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына кiретiн адамдар жасаған кезде де, сондай-ақ банда мүшелерi мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) мүшелерi жасаған кезде де қылмыс - ұйымдасқан топтың жасаған белгiсi бойынша дəрежеленуi мүмкiн. Орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық дəрежелеушi белгiлер, басқа қылмысқа қатысушыларға (ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушiге) тек олар орындаушыда аталған дəрежеленушi белгiлердiң бар екендiгiн бiлген жəне олар өздерiнiң iс-əрекеттерiмен осы орындаушылардың қылмысты жасауына мүмкiндiк туғызған жағдайларда ғана танылуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет.

Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыс жасауы деп нақты бiр қылмысты жасауға екi жəне одан да көп адамдардың қылмыстың объективтiк жағын құрайтын iс-əрекеттердi жасағанға дейiн келiсуiн түсiну қажет.

Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып қылмыс жасаған жəне қылмыстың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда бастапқылардың да жəне соңғылардың да iс-əрекеттерiн бiр топ адамның алдын ала сөз байласып қылмыс жасауы деп дəрежелеу қажет. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі бойынша жаңа редакцияда беруді ұсынамыз:

а) бiрнеше рет;

б) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса жазаланады.

 

Әдебиеттер

  1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступлений – 2-е изд., перераб. и дополн. – М., «Юристь», 2004. – С.4. 2.ВЭД в Казахстане. / №8 (230), август 2004.
  2. Родина Л. Обратная сила закона об ответственности за контрабанду // Законность. №6.
  3. Душкин С., Русов С. Ответственность за уклонение от уплаты таможенных платежей // Законность. 2000. №7. Красиков. Ю. Контрабанда и уклонение от уплаты таможенных платежей // Российская юстиция. 2000. №12. 6.Жалинский А. Уголовная ответственность за уклонение от уплаты таможенных платежей // Законность. 2001. №1.
  4. 7.П. Яни, И. Пастухов. Совокупность контрабанды и уклонения от уплаты таможенных платежей // Росс. юстиция. №11/2001. С. 64-66. 8.Таможенное право: Учебник / Отв. ред. д.ю.н., профессор. А.Ф. Ноздрачев. М.:1998. с.353.
  5. Смағұлов А.А. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтаруға байланысты кейбiр қылмыстық құқықтық проблемалар.
  6. Научные труды Академии финансовой полиции. Выпуск 3. Колл. авторов. Алматы 2001. с.159-164.
  7. Соттардың бандитизм жəне қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мəселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 2 / Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 05.2008

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.