Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеден одағындағы кедендік бақылауды жетілдірудің кейбір мәселелері

Кеден одағындағы кедендік бақылау кеден одағының кеден заңнамасымен реттеледі.Кедендік бақылауды құқықтық жетілдіру кеден заңнамалар негізінде жүзеге асырылады.

Кеден одағының кеден заңнамасы:

  • Кеден одағының кеден кодексінен;
  • кеденодағынамүшемемлекеттердіңкеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарынан;
  • Кеден одағы комиссиясының Кеден одағының кеден кодексіне және кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес қабылданатын кеден одағындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін шешімдерінен тұрады.

Кеден одағының кеден заңнамасы кеден одағының кедендік аумағында қолданылады. Егер кеден одағының кеден заңнамасына сәйкес кеден одағындағы кедендік реттеу кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болса, мұндай заңнама кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында қолданылады [1].

Кеден одағының кеден кодексі кеден одағы мүшелерінің кеден заңнамаларына  және  кеден рәсімдерін жеңілдету мен үйлестіру бойынша  Киота           конвенциясының   стандартына сәйкес  құрастырылған.Жоғарыда   атап   өткендей, 2009 жылдың 27 қарашасы күні мемлекет басшыларының     Минск    қаласындағы кездесуінде Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа қол қойылды. Бұл кодекс 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Кеден Одағының жаңа кеден кодексінде кедендік бақылауды реттейтін арнайы бөлім бар. Бұл бөлімге сәйкес кедендік бақылаудың нысандары мен тәртібі, уақыты мен орыны; кедендік бақылауды жүргізу тәртібі; кедендік бақылаудың элементтері және кедендік бақылау аймақтары; кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі сараптама және кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі техникалық құралдарды пайдалану тәртібі реттеледі. Кедендік бақылаудың он екі  нысаны  кеден   органдарының   алдына  қойылған міндеттерін тиімді орындауларына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кедендік бақылау кедендік заңамалардың орныдалуының қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асуда.Кеден одағының кеден заңнамасының ерекшелігі, тәукелді басқару жүйесінде іріктеу қағидасы арқылы кедендік бақылауды құқықтық реттеудің жетілдіру бағыты айқындалады.Кедендік заңнамаларды бұзудың төмендеуі және халықаралық сауданың көлемінің артуы кедендік бақылаудың тиімділігінің көрсеткіші болып табылады [35].

Кедендік бақылауды жетілдіруде кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың және кедендік бақылау жүргізу кезіндегі сараптаманың да маңызы зор.

Кеден одағындағы кедендік  бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың  қазіргі уақыттағы  жағдайын ескеріп, мынадай жетілдіру жолдарын көрсетуге болады:

  • тұрақты және жылжымалы инспекционды қарау кешендерін өндіру, қондыру және пайдалану;
  • көзбен шолып қараудың қазiргi жаңа құрал-жабдықтарын пайдалану (әр түрлi оптикалық аспаптар, түнде көру құралы және тағы сол сияқтылар);
  • тек қана декларанттардың емес және кеден инспекторларының да өмiр қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалануды бақылау;
  • кедендік бақылау жүргізу техникалық құралдарын пайдалану ережелерін кеден органдарының құзыретті тұлғаларына оқыту;
  • кедендік бақылауға қажетті жаңа техникалық құралдармен жаңартылып тұруғу жағдай жасау [2].

Кеден одағында кедендік сараптама жүргізетін сараптамалық ұйымдардың көптігіне қарамастан кедендік бақылау жүргізу барысында кедендік сараптаманы толық реттейтін ортақ құқықтық құжат жоқ.Кедендік сараптама жетілдіру кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі заңнамаларына  сілтемелер  жасалмай ортақ заңнама қабылдау. Бұл салада кедендік қатынастарды құқықтық реттеу үшін Кеден одағы арнайы одақтық сараптамалық органның құрылуын қажет етуде [3].

Кедендік бақылауды жетілдіруде «20122015 жылдар аралығындағы кеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасының маңызы зор. Қазіргі уақытта«2012-2015 жылдараралығындағыкеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасын Еуразиялық экономикалық комиссиясы жетілдіруде. Кедендік әкімшілікті жетілдіру мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттердің шешімі бойынша осы бағдарлама қабылданды.«2012-2015 жылдар аралығындағы кеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасы жүзеге асу негізінде кедендік бақылаудың тиімділігімен және кедендік формальдылықтың жеңілдетуімен арасында теңдестік құрылу қажет.

Бұл кезеңдегі негізгі тәсілдеме – кеден тауарлардың парасатты компаниялармен алып өтілу үдерісін басқарудың қарапайым және ауыртпалық   түсірмейтін   механизмін    жасайды, оларды бизнесті ашық түрде жүргізуге бағдарлайды, ал іскерлер кедендік бақылаудың тиімділігіменкеденоргандарыныңаналитикалық жұмыстарының сапасын бір мезгілде арттыру уақытында сыртқы экономикалық қызметтің парасатты қатысушылары қатарына кіруге ұмтыла отырып, өздерінің кедендік және салықтық беделдерін түсірмеу үшін жұмыс істеуде.

2015  жылға дейінгі негізгі бағыттар:

  1. Кедендік технологияларды құрастыру және нормативті құқықтық актілерді дайындау барысында электронды құжаттар мен электронды түрдегі мәліметтердің біріншілік қағидасын енгізу («электрониканың» қағаз алдындағы басымдылығы). Кеден операцияларын iске асырудың технологиясы заң жүзiнде мәндi электронды құжаттарды пайдалануға бағытталуы керек;
  2. 1. Өткізу бекетінде көлiк құралдарының өңдеу уақытын қысқарту, мысалы, егер қосымша тексерiс талап етсе, жүк автокөлiгі өткізу пунктінің жұмыс технологиясы арқылы 10-15 минутта қайта қараудан өтедi:
  • Өткізу пунктеріне «бірыңғай терезе» және «бір аялдама» қағидаларын енгізу.
  • Кеден шекарасынан өтуге арналған құжаттар немесе мәліметтер тек кеден органдарына ұсынылады(шекаралық бақылаудан өзге жағдайларда).
  • Кеден органдарына тасымалданатын тауарларға қатысты шешімдер қабылдауға көмектесеу үшін кеден шекарасының өткізу бекетінде мемлекеттік бақылауды автоматизациялайтын қызметте интегралданған хабарламалыбағдарламаларды және техникалық құралдарды пайдалану.
  • «Шекарада екі қызмет» қағидасын енгізу:
  • Өткізу пункттерінде бақылауды тек кеден және шекара қызметкерлерімен жүзеге асыру.
  • Кейбір жағдайларда кеден органдарының функцияларының шекара қызметкерлеріне тапсырылуы.
  • Теміржол және жүк көліктерін өткізу бекеттерінде,сонымен қатар әуе және су көліктерімен тасымалдау кезінде жүк тиеу және түсіру барысында өңдеу үшін алдын ала ақпаратты ұлғаймалы пайдаланудың тетiктерiн жасау.
  • Кемінде 25% жағдайларда тауарлар туралы міндетті алдын ала хабарлаудың орнына, алдын ала тауарларды кедендік декларациялауды қолдануға қолайлы жағдай жасау.
  • Өткізу бекеттерінде бақылаулық тексеру операцияларын қысқартудың мақсатында өткізу пунктерін жаңа заманға сай техникалық бақылау құралдарымен,сонымен қатар интегралды хабарламалық-бағдарламалы құралдар және бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету тетігін жасау.
  1. Тауарларды декларациялауға шығару уақытын қысқарту, декларантқа декларация жасауға қажет уақытты 2-3 есеге азайту:
  • Кедендік декларациялауда кемінде 90-95% тауарлар партиясын электронды нысанда ыңғайлы және «сапалы» кедендік декларациялауға жағдай жасау. Кедендік декларациялардың жазбаша нысандарын тауарлар дәрежелеріне қарай сақтау.
  • Мемлекеттік органдарға,сонымен қатар мемлекеттік органдардың ұлт үсті және ұлттық порталдарына құжаттарды «бір реттік ұсыну» қағидасын енгізу.
  • Өзге органдардың бақылауындағы тауарлар туралы өзге мемлекеттік органдардың хабарламалық жүйелерінен кеден органдарына ақпараттарды алу жағдайын жасау.
  • Құжаттарды және олардың электронды көшірмелерін ұсынудан бас тарту.Мұндай құжаттар тек тәуекелді басқарудың ерекше жағдайларында ұсынылады.
  • 40-50%-ға дейін декларацияларды автоматты түрде шығару (шешім компьютер арқылы шығарылады, бұл шешім декларантқа жіберіледі және оның заңды күші бар).
  • Автоматтық шығарудың міндетті талабы хабарламалы жүйелерден автоматты түрде шешім шығарылағанда инспекторды тауарларды шығару кезіндегі жауапкершіліктен босату.
  • Автоматты шығару болмаған жағдайда хабарламалы жүйелермен декларацияларды және қабылданған құжаттардың қосымша нұсқасын тексеру 10-15 минуттан аспауы қажет.
  • Кеден органдарына сапа сәйкестігін растайтын сертификаттар және санитарлы-гигиеналық сертификаттарды ұсынудан бас тарту.
  • Кедендік мақсатта қолдану үшін кеден одағының қай елінің резиденттігіне қарамастан,барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қайталанбайтын идентификатор кодын енгізу. Топтаманың соңғы мәнді бөлігі бақылаудан шығарылғанға дейін топтаманың шекарадан кесіп өтілуін толассыз бақылаудың жүйесін жасайтын қайталанбайтын жеткізілім идентификаторын енгізу.
  • Құжататрдың жалпы санын қысқарту, бір жеткізілім кезінде декларациялау және кедендік бақылау барысында экспорттауда 4 құжаттан, импорттауда 5 құжаттан аспауы қажет. Сонымен бірге олардың қағаз немесе электронды түрде нақты ұсынуы тәуекелді басқару жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
  1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе өзге субъектілердің кедендік және салықтық абыройын талдай отырып, олардың хабарламалы ресурстарына құқыққорғау органдарының көмегімен қол жеткізу арқылы тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру:
  • Түсінікті және мөлдірлік қағидалар негізінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барлығын қамтитын дифференциацияны енгізу.
  • Жеткізілімдердің барлық тiркесінің кешендi бағасын енгiзу.
  • Зиян келу мүмкіндігін қосқанда жағдайдың кешенді бағасының және тәуекелді басқару жүйесінің негізінде алынған акценттердiң тасымалдаудан кейiн бақылауға өткізу және объектiлерде бақылау шараларын шоғырлану есебінен тауарларды декларациялауда жалпы бақылаудан кету.
  • Тәуекелді басқару жүйесіне шектеулер жасау – тәуекелдiң профильдерінің санынан тәуелсiз, «ауыр» бақылау нысанын жалпы қолдану саны кедендік бақылау мүддесімен және әкімшілік кедергілерді жою арасындағы қамтамасыз етілетін теңгерімінің мағынасынан аспауы қажет.
  1. Адал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (уәкілетті экономикалық операторлар,дифференциацияны өткен кедендік қатысушылар мен тасымалдаушылар) уәкілетті экономикалық операторлардың тауар айналымының 30 %-дан төмен емес әкімшілік бөгеттерді төмендету есебінде өңдеуге жағдай жасау.Сонымен қатар:
  • Уәкілетті операторларға кедендік бақылау жүргізу барысында қажетті және тиісті мәліметтермен кедергісіз қамтамасыз етілген жағдайда, Киота конвенциясында және өзге де осы қатынастарға жақын заңнамаларда көрсетілген көлемде оларға ұсынылатын жеңілдіктерді көбейту.
  • Тәуекелді басқару жүйесін жаңартуға байланысты (3-бөлімде аталған) адал сыртқы экономикалыққызметкеқатысушыларғакедендік декларациялау барысында 70%-ға,ал шекарада 90%-ға «ауыр» бақылау операцияларының санын қысқарту.
  • Кеден тасымалдаушыларымен және уәкілетті экономикалық операторлармен тасымалданатын жүктерді басты өңдеу.
  • Адал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға транзиттік    декларацияларды толтыруға қажет мәліметтер жиынтығын қысқарту.
  • Дифференциацияның жоғарғы деңгейіне жеткен Тауарларды Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларымен тасымалданатын тауарларды декларациялауда мәлімдеуші қағидаға көшу.
  • Мәлімдеуші қағиданы пайдалану тиісті жағдайда қамтамасыз етілгенде рұқсат етіледі (1 млн еуро көлемінде).
  • Мұндай тауарларды бақылау үшiн негiзгi белгi ретінде кездейсоқ сандар генераторында сақталады.
  1. Жеке тұлғаларға арналған жеңілдіктер:
  • Тіркелген құжаттарды немесе көп реттік кеден декларацияларын пайдалану есебінде уақытша тасымалданатын көлік құралдарын декларациялауды жеңілдету. Келешекте көлік құралдарын декларациялау және есепке алу тек техникалық құралдар арқылы жүргізуге көшу.
  • Жеке тұлғаларға кедендік декларацияларды портал арқылы ұсыну жағдайын жасау, оларды қажет болған жағдайда қолайлы жерлерде басып шығару мүмкіндігін жасау.
  • Кеден Одағының мүше мемлекеттерінің тез өтуіне арнайы автомобильді, әуе және су өткізу пунктерін жасау.
  1. Құқық шығармашылық:
  • Кеден Одағының жаңа кеден кодексін қабылдау.
  • Қазіргі уақытпен салыстырғанда 2/3ге ұлттық заңнамаларға сілтемелерді жіберуді қысқарту.
  • Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрылымы мен санкцияларын унификациялау туралы келісімге қол қою.
  • Халықаралық көлік жолдарының жұмысын жеңілдететін халықаралық келісімдерге қосылу.
  • Кеден Одағының және Бірыңғай экономикалық аймақтың келісімді-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардың кодификациясын жүргізу.
  • Әкімшілік және қылмыстық істер бойынша кеден одағы мүшелерінің кеден органдары арасындағы хабарламалармен алмасу қарымқатынасын жақсарту.
  1. Контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күресуді ұйымдастыру бойынша шаруашылық субъектілерімен қарым-қатынас жасау және кеден органдарының қызметшілерінің этикалық нормаларының және өздеріне берілген қызметтік құзырларын асыра пайдаланудан сақтау керек [4].

Кеден одағының кедендік бақылауын жетілдіруде «2012-2015 жылдар  аралығындағы кеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасының маңызы зор. Бұл бағдарлама негізінде, қазіргі уақыттағы Кеден одағындағы кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

 

  1. Кеден Одағының Кеден кодексі. – А.: Юрист,2011. – 186 б.
  2. Токсанова А.Н., Вице-президент АО «Институт экономических исследований», д.э.н., профессор Адилеткызы Г., старший эксперт АО «Институт экономических исследований».Таможенный союз: первые результаты и перспективы развития // http://www.economy.kz/
  3. Выступление Председателя КТК МФ РК Есенбаева М.Т.: «Актуальные вопросы таможенного администрирования в рамках Таможенного союза» Форум ЕВРОБАК (28 января 2013 года, г.Алматы) // http://www.eurobak.kz/
  4. Петрикина А.А. Совершенствование таможенной экспертизы при ввозе подакцизных товаров на территорию Таможенного союза // http: //www.rusnauka.com/
  5. Проект «Основные направления совершенствования таможенного администрирования в Таможенном союзе в 20122015 годах» // http: //www.tsouz.ru/

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.