Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеден одағы: құрылуының алғышарттары жəне болашағы

 Жаңа онжылдықтың басы ЕурАзЭҚ пен ТМД жəне басқа да интеграциялық бірлестіктер сияқты экономикалық жəне саяси кеңістіктердің жаңа үйлесімді құрылымдарының қалыптасуына бастау берген оқиғамен байланыстырылып отыр. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия,  Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нəтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тəріздес, əлемдік тəжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау жəне экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кəсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нəтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын [1].

Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы болмақ. Бұл қаржы мен жұмыс күші еркін орын алмасуын қамтамасыз ететін интеграцияның жоғары деңгейі” делінген Жолдауда. Жəне мұндай пікір əділ болып табылады. Себебі оның бірі екіншісімен тікелей байланысты. Көптеген кедендік кедергілерді жою экономиканы дамытуға, жаңа өндірістер мен салалардың пайда болуына, сəйкесінше тауар мен қызмет түрлерінің артуына септігін тигізіп, өз кезегінде бұл дегеніңіз жұмыс орындарының едəуір өсуіне əкелмек. Бұл – жұмыспен қамту, жалақы, көптеген əлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуы, шекарадағы артық төлемдер мен алымдардың жойылуы есебінен өндірістік жəне тамақ өнімдері бағаларының тұрақтануы, тіпті төмендеуі болып табылады. Сондай-ақ бұл ортақ  экономикалық жəне гуманитарлық кеңістікте адамдардың еркін қозғалысы болмақ. Кедендік одақ əлемдегі ең тартымды рынокқа айнала отырып, өңірлік рынокты кеңейтеді жəне үш елдің экспорты көлемін ұлғайтпақ. Мысалға, Қазақстан ірі минералдар мен энергия көздері қорының иесі бола отырып, дайын өнім шығару мен оны экспорттау арқылы экономиканың шикізаттық сипатынан арылуға тырысуда. Бұдан бөлек, Қазақстан теңізге шығар жолы жоқ ең ірі мемлекет. Кедендік одаққа мүше болу бізге қолайлы транзиттік тарифтерді белгілеу арқылы бұл мəселелерді шешуге жол ашады. Тауар ағыны еш бұрмалаусыз жандана түсетін болады. Шекарадағы кедергілер жойылады – бұл дегеніңіз іскерлік үдерістердің жылдамдауы, прогрессивті инновациялық өсу деген сөз.

Əрине, алдымен Кедендік одақ, содан кейін Бірыңғай экономикалық кеңістік құру – ауқымды əрі күрделі үдеріс. Ол үкіметтер арасындағы ықпалдастық пен үйлестіруді күшейтуді, əсіресе мүше мемлекеттердің кедендік, салық, көлік жəне басқа да құрылымдарының ықпалдастығын қажет етеді. Кедендік одақты жəне жалпы экономикалық кеңістікті қалыптастыру – бұл үкіметтердің, əсіресе кедендік, салықтық, көліктік жəне оған қатысушылардың басқа да мекемелерінің өзара əрекеттесуі мен үйлесімділігін нығайтуын талап ететін, қиын, көп жоспарлы үдеріс болып табылады. Сол себепті де Кедендік одақтың комиссиясы құрылды жəне оның шешімі барлық қатысушыларға міндетті болып табылады. Басқа  сөзбен айтқанда, жаңадан құрылған халықаралық ұйымға үш елдің əрқайсысының мемлекеттік органдарының жекелеген өкілеттіліктері бағытталды. Аталған қадамның еліміздің Негізгі заңына сəйкестілігін анықтау үшін, Премьер-Министр Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінен алдын ала түсінік беруді сұраған. 2009 жылдың қарашасында Конституциялық кеңес Конституцияның егемендік, унитарлық, басқару түрі мен мемлекеттің территориялық  тұтастығы жəне азамат пен адамдардың құқығы мен бостандықтары туралы ережелері бұрмаланбаған жағдайларда, Қазақстан үшін КОК шешімінің міндеттілік сипатқа ие екендігі туралы оң қорытындыларын берді. Жоғарыда атағандай, Беларусь, Қазақстан жəне Ресей арасында қабылданған халықаралық келісімшарттың қағидаларына сəйкес кедендік одақ үш кедендік территорияларды – біртұтас кедендік аумаққа біріктіруді қарастырады. Бұл үдеріс іс жүзінде 2010 жылдың бірінші шілдесінен бастап қолданысқа кірді. Осы аумақта өндірілген жəне біртұтас аумақта еркін айналымда болатын үшінші елдерде өндірілген тауарлардың сауда-саттық айналымына кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер алынып тасталады. Үш ел үшінші елдермен бірыңғай кедендік тарифті жəне тауарлармен сауда-саттықты реттеудің басқа да бірегей шараларын қолданатын болады.

Бірыңғай кедендік тариф – бұл шешуші құжат əрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай сауда номенклатурасына сəйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік  баж  салықтары  ставкаларының  жиынтығы.  Ол  үшінші  елдерден  кіргізілетін  тауарларға таратылады, бірақ ТМД елдерінен əкелінетін тауарларға қолданылмайды (ТМД елдері ішінде еркін сауда аймағы жұмыс істейді). Тауарлық позициялардың жалпы саны (ЕТТ) 11 214 өлшемді құрайды. Қазақстан инвестициялық жобаларға сəйкес өндіру жоспарланған тауарларға қатысты төмен ставкалар қолдану мүмкіндігін салынып жатқан зауыттар өндірістік қуаттарына шыққанға дейінгі кезеңге кейінге қалдырып отыр. Мысалы, олар алюминий, мұнай-химия саласындағы тауарларға, құрылыс материалдарына, минералды тыңайтқыштарға, маталарға жəне т.б. өнімдерге қолданылады. Осыған қоса, инвестициялық келісімдер шеңберінде кедендік баж салығын төлемей-ақ технологиялық жабдықтарды, жиынтықтаушы бұйымдар мен қосалқы бөлшектерді əкелу мүмкіндігі көзделген. Ендігі бастысы, ол Кеден кодексінің 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуінен бастап Кедендік одаққа қатысушылар арасында тауарларды кедендік ресімдеу болмайды, сондай-ақ Ресей мен Беларусь арасындағы үшінші елдерде өндірілетін тауарларға да кедендік ресімдеулер қолданылмайды. Осыған ұқсас үшінші елдерде өндірілетін тауарлар жөніндегі шарттар Қазақстан мен Ресей арасында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Əрине, кедендік ресімдеу алып тасталғаннан кейін де ішкі шекаралардағы бақылаулар бірден жойылмайды. 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, фито- санитарлық, ветеринарлық, көліктік жəне шекаралық бақылау түрлері сақталады. Бірақ олар да шекаралық бақылауды қоспағанда кейін Кедендік одақтың сыртқы шекараларына шығарылады. Интеграцияның ең өзекті мəселелерінің бірі ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің Бүкіл əлемдік сауда ұйымына кіруі болып отыр. Қол жеткізілген келісімдерге сəйкес, БСҰ-ға кіру Кедендік одақтың басқа мүшелерімен ортақ ұстанымдарды келісе отырып бірлесе жүзеге аспақ. Бұл мақсатта үш мемлекет өкілдерінен құралған бірыңғай келіссөз жүргізуші топ құрылды.

Жалпы, атап өтетін жəйт, Кедендік одақтың қалыптасу процесі мен Қазақстанның БСҰ-ға кіруі – бұл мемлекеттің сыртқы сауда режіміне ғана емес, сондай-ақ, жалпы экономикаға əсер ететін қосарлас процесс. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда Қоғамдастықта халықаралық қызмет саласында, бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыруда, ортақ энергетикалық рынокта жəне келісілген əлеуметтік саясат саласында стратегиялық бағыттар айқындалған. Бүгінде əлемде күрделі экономикалық жағдай қалыптасып отыр. Бір жағынан мемлекеттер тарапынан дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар жаһандық қаржы апатына жол бермей, өз экономикаларына тигізер зардаптарын мүмкіндігінше жеңілдетуге жол ашты. Дегенмен, дағдарыстың айтарлықтай кері əсерін ескере отырып, экономикада түбегейлі тұрақтылық əлі күнге орнамағанын мойындауымыз қажет. Алдымызда экономикалық, қаржы, өндірістік жəне басқару жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттердің қағидаттық жаңа деңгейге өтуіне жəне туындаған жаңа мəселелерді шешуге бағытталған үлкен əрі қиын жұмыстар тұр. Бұл, яғни еліміздің экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау Президент Жолдауының арқауы болып табылады. “...Қазірден бастап біздің кəсіпкерлерге пайда болған жаңа мүмкіндіктерді дұрыс бағалап, жаңа нарыққа шығудың тиімді стратегияларын əзірлеумен барынша айналысып, бəсекеге қабілеттілігін арттыру қажет” – екендігін Елбасы Жолдауында атап өтті. Қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “...еуразиялық интеграцияның ұзақ мерзімді келешегінде балама жоқ” деген сөздерін еске сала кету қажет. Бұл өте орынды сөз. Кедендік одақ Бірыңғай экономикалық кеңістік құрудың негізі болып табылады. Жəне ол əбден мүмкін. Оны келесі фактілер дəлелдейді. Біріншіден, үш мемлекет кең ресурстық базаларға ие, сонымен қатар, білікті жұмыс күші жеткілікті. Екіншіден, ауқымды рынок бар. Беларусь, Қазақстан жəне Ресей өзіне жеткілікті жоғары деңгейдегі экономикаларына ие. Ең бастысы – болашақта Кедендік одаққа мүше мемлекеттер ортақ ақша бірлігі негізінде валюта одағын құруы мүмкін. Бұл ұйымның құжаттарында оның жаңа мүшелер есебінен кеңеюі əуел бастан қарастырылғанын айта кеткен жөн. Бүгінгі күні Кедендік одақтың құрылу процесі кері шегінбейтіндей күйге жетті деп нақты айтуға болады.

Еуразиялық экономикалық одақ құрылған соңғы сегіз жыл ішінде, еркін сауда аймағы  аясында үш елдің тауар айналымы 29-дан 130 млрд долларға дейін артқан. Қазір болашақ Кеден одағына мүше елдерге 12 мың тауар түрі келеді, олардың басым көпшілігінің ортақ тарифі келісілді. Мамандардың айтуынша, бір ғана теміржол тарифтерін ретке келтіру тауар айналымын 30 пайызға бір-ақ өсіреді [2].

Кеден одағы жұмыс күшінің еркін айналымын, технология алмасуды, сауда жасауды жеңілдетеді.

Соңғысы шағын жəне орта бизнес үшін аса маңызды болмақ.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. 1 наурыз 2006 ж.
  2. Алибекова Р. Сократить путь от таможни до розницы// Казахстанская правда. - 20 қараша. - 2010 ж. - 7-бет.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.