Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасаудың жағдайлары мен тəсілдері

 Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден қылмыстық жалтару жағдайларын баяндаудың теориялық негіздері болып оның түсінігі мен мазмұнына криминалистердің көзқарастары табылады. Үлкен тəжірибелік мəні бар маңызды теориялық жағдайлар қатарына мыналарды жатқызуға болады.

Қылмыс оқиғасы оның барлық фазаларында, тікелей оның алдында жүзеге асырылатын қылмысқа дайындық, қылмыс оқиғасынан кейін жүзеге асырылатын жасалған іс-əрекеттің іздері мен өзге де объектілерін жасыру нақты жағдайларда, уақытта, табиғи климаттық факторлардың көрініс табу жағдайында, тұрмыс пен өндірістік қызметте жəне т.б. жағдайларда өтеді.

Бұл шарттар түрлі дəрежеде қылмыс жасау жағдайларына ықпал етеді. Олар  тəуелсіз не қылмысқа қатысушылардың еркі бойынша қалыптасады жəне негізінен белгілі бір сыртқы ортаны жəне объективтік шындықтың кейбір басқа факторларын сипаттайды.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың негізгі жағдайлары болып тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізудің шарттары мен тəртібі, кеден шекарасының, көлік жолдарының елді мекендердің орналасуының аумақтық кеңістіктік факторлары, кеден төлемдерін төлеу мен кедендік рəсімдеу тəртібі, кедендік бақылауды жүзеге асырудың нысаны мен дағдысы табылады.

Бұл факторлар географиялық ерекшеліктер, заң, кеден органдары жұмысының нақты аймақтағы жинақталған тəжірибесі негізінде қалыптасады.

Біздің ойымызша, кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасау жағдайларын криминалистік сипаттама элементі ретінде қоршаған ортаның заттық, технологиялық, кеңістіктік, уақыттық шарттарын сипаттайтын объектілер, құбылыстар, процестер туралы мəліметтер жүйесі ретінде, бұндай шарттарда адамдар арасындағы əлеуметтік-экономикалық, құқықтық жəне психологиялық қатынастар жəне өздерінің арасындағы өзара байланысты жəне қылмыс жасаудың оны дайындау, жасау жəне жасыру кезіндегі жағдайларын айқындайтын объективтік шындықтың басқа да факторлары ретінде анықтауға болады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасау кезіндегі жағдайлардың объективтік факторы болып сыртқы жəне ішкі нарық арасындағы тауар қозғалысы (жасанды этап) формалды болып табылады. Аталған ұғым түрлі мемлекеттегі субъектілер арасындағы тауар, құрал, заттарды өткізумен байланысты кез келген жағдайды суреттеп беруде қолданылуы мүмкін, сондықтан ол кедендік рəсімдеу кезеңі ұғымына  қарағанда кеңірек.

Əкелуге қатысты тауар қозғалысының кезеңдері мынадай:

  • ішкі нарықтағы тауар айналымы.

Онда ол өндіріледі, буып-түйіледі, тиеу жүргізіледі, тауарларға ілеспе құжаттар рəсімделеді жəне т.б. Шетелдерде сатып-сату шартының өзі жиі рəсімделеді. Бұл кезең тауарды өткізетін шынайы тұлға кім болып табылады, сол фактіні анықтау үшін маңыздырақ.

  • кедендік шекарадан өту.

Тəжірибе көрсеткендей, кеден шекарасы, өзіндік сипаты бойынша, – Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикальді бет.

Кеден кодексінің 7-бабына сəйкес, тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу – тауарлар мен көлiк құралдарын халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберудi, құбыр тасымалы мен электр беру желiлерiн пайдалануды қоса алғанда, кез келген тəсiлмен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына əкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан əкету жөнiнде iс-əрекеттер жасау болып табылады.

Тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына құрлық арқылы (теміржолмен, автомобиль транспортымен, құбыр тасымалы жəне электр беру желiлерiмен), сумен (кемемен), əуе кеңістігімен (ұшақпен) келеді.

  • тауар жеткізілімі.

Бұл кезеңде тауар ішкі кеденге жеткізілуі керек жəне оны кедендік рəсімдеу (декларациялау) үшін уақытша сақтау орындарына орналастырылуы керек. Тауар оны орналастырушы тұлғаның өзімен немесе шарт бойынша тасымалдаушымен (көлік ұйымдарымен) жеткізіледі. Соңында жеткізілген тауар тапсырылуы, ал оған қатысты құжаттар кеден органдарына табыс етілуі тиіс.

  • уақытша сақтау.

Жеткізілім тəртібі кедендік рəсімдеу аяқталғанға дейін арнайы жабдықталған ғимаратта кедендік бақылауда болу үшін тауарларды уақытша сақтау орындарында орналастырумен аяқталады.

  • кедендік рəсімдеу.

Тауарларды жөнелтуші немесе алушы орналасқан кеден органдарының қызмет аумағында жүргізіледі. Ол тауарды өткізуші тұлғаның немесе кеден брокерінің кедендік төлемдер төлеу, тауар немесе оның меншік иесі туралы қосымша құжаттарды табыс етуі жəне кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беру, кедендік қарау  өндірісі туралы декларация тапсыруынан тұрады.

Осы кезеңде жүргізілетін екі негізгі процесс мыналар: а) құжаттық бақылау; б) қарау.

Кедендік рəсімдеу тауарларды арнайы кедендік режимге орналастырумен  аяқталады.  Бұл жазбасы бар сəйкес кедендік мөртаңбалар арқылы, тауарға қатысты кедендік,  тауарлы-көліктік немесе басқа да құжаттарға жеке номерлік мөртаңбалану арқылы жүргізіледі.

  • тауарды көлік ұйымдарынан, уақытша сақтау қоймаларынан алу, егер бұл заңмен талап етілсе, тауарды мемлекеттік органдарда рəсімдеу (ІІД ЖПБ автомобильдері) жəне т.б.
  • ел ішіндегі тауар айналысы.

Бұл сату, қайта сату, тұтыну, жою жəне т.б.

Тауарды алу жəне бухгалтерлік есеп үшін бастапқы негіз болып алдыңғы кезеңдердегі алынған немесе куəландырылған құжаттар табылады.

Тауар кедендік төлемдер немесе арнайы кедендік режимдердің талаптары бойынша берілген жеңілдіктерді бұзу кезінде де айналымда жүреді.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруға байланысты барлық қылмыстық іс- əрекеттер тауарлардың аталған кезеңдерінен өтуі кезінде пайда болатын жағдайлармен байланысты. Кедендік төлемдерді төлеуден қылмыстық жалтаруды жасау жағдайы деп тауар  қозғалысының белгілі бір кезеңіндегі қылмыстық іс-əрекеттің тəсілдеріне ықпал жасайтын объективтік жəне субъективтік факторлар жиынтығын айтамыз.

Ол тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу мен оны кедендік рəсімдеудің бекітілген тəртібімен анықталады.

ҚК 214-бабы бойынша қылмыс тəсілі осы сияқты қылмыстарды жасырудағы іс-əрекетпен əрқашанда байланыстылығымен ерекшеленеді. Қылмысты жасыру элементі уақыты мен ниеті бойынша қылмыстың өзінің алдында  жиі жасалады.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарудың негізгі саласы Қазақстанға тауарды Ресей, Қырғызстан, Украина жəне Белоруссиядан əкелу болып табылады. Бұл тауарға əкету бажының көбісінің ауыстырылуымен, сонымен бірге Қазақстанның ТМД-ның Кеден одағына кіруімен түсіндіріледі.

Тауар қозғалысының кезеңдері пайда болған криминалдық жағдаяттармен əділ детерминделген, олардың əрқайсысынан құрылған жағдайды қалыптастырады.

ҚК 214-бабы бойынша қылмыстарды сəтті тергеу үшін делдалдығымен кеден  төлемдерін төлеуден жалтару немесе жасыру болған қай кезеңде əрекет (əрекетсіздік) жасалғанын дұрыс болжау төтенше маңызды болып табылады.

Ары қарай, мүмкін болатын байланыстарды пайдалана отырып бірінші, жақын мақсаты кеден шекарасынан өтудің орны мен уақытын дəл анықтау болуы тиіс типтік пікірлерді қалыптастыру жəне тергеу бағытын анықтау қажет. Бұл тауар өткізген тұлғаны анықтауға жəне төленбеген кеден төлемдерінің мөлшерін дəл есептеуге мүмкіндік беруі тиіс. Нақты кезеңдегі анықталған жағдай мен пайда болған жағдайларға байланысты өндірісі бұндай жағдайда қажетті болып табылатын тергеу əрекеттерінің нақты кешені ұсынылуы мүмкін.

Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтаруды жасаудың жағдайын зерттеуге кеден шекарасы арқылы тауар өткізілген уақыт, жер, өткізуші тұлғаны анықтау қызмет етеді.

Шынайы жалтару республикалық бюджетке қаржының түспеуінен жəне бұл фактіні жасырудан немесе əрекет сияқты əрекетсіздік арқылы да көрінетін төлеу міндеттілігінен тұрады. Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тəсілдері, мақсаты есептелінген соманы төлемеу фактісін жасыру болып табылатын түрлі тəсілдер мен дағдыларды үйлестіру жолымен ел нарығына тауарлар қозғалысының мемлекет бекіткен этаптарымен (кезеңдерімен) тауар алып өтудің дұрыс, нормалы заңды тəртібінен жалтарудан тұрады.

Тауар қозғалысының белгілі бір кезеңіндегі кеден төлемдері мен алымдарын  төлеуден жалтарудың қабылданған тəсіл белгілері бойынша эмпириялық мəліметтерін зерттеу негізінде жалтарудың мынандай тəсілдері пайда болды:

  • кедендік рəсімдеу кезінде берілген жеңілдік шарттарын бұзумен байланысты тəсілдер:

Сенімхат арқылы басқа тұлғаларға жеңілдік шарттарын бұзуға:

а) жеке тұлғаның кедендік ескертпесіз басқа тұлғаға сенімхат арқылы тауарды жеңілдік шарттарын бұзумен  жəне бұндай жағдайда тиісті кеден төлемдерін төлеуді беруі;

б) бұндай тауарларды жеңілдік шарттарын бұза отырып сатып алу-сату шартын рəсімдеумен, құжаттардағы жалғандық арқылы басқа тұлғаға сату.

  • Кеден режимі талаптарын сақтамау (тауар жəне көлік құралдарының мəртебесін айқындайтын ережелер жиынтығы).

Бұл тəсілдердің ұқсастығы сол, кеден төлемдерін төлеу міндетінен пайда болатын іс-əрекеттер, яғни кеден режимі талаптарын немесе берілген жеңілдік шарттарын орындамау тауар шығарудан, арнайы кедендік режимде орналастырудан кейін жасалады.

Бұл тəсілдердің əртүрлілігі қылмыскерлердің тауарларды орналастыру кезінде кеден төлемдерінің аз мөлшері төленетін қазыналық емес деп аталатын кедендік режимдерді пайдалануы кезінде пайда болады:

а) тауардан мемлекет пайдасына бас тарту режимін сол тауарлардың жалған тұлғалар арқылы келесі сатып алумен рəсімделуі;

б) тауардың кері импорт режимінде рəсімделуі (егер отандық ерте əкетілген тауарлар кері əкелінсе), бұндай  жағдайда отандық үшін шетел тауарлары беріледі;

в) тауардың кері экспорт режимінде рəсімделуі (əкелінген шетелдік тауарларды Қазақстан Республикасынан кері əкету), шындығында жүзеге асырылмайтын, ал тауарлардың ел ішінде жүзеге асырылуы.

г) жүзеге аспайтын, ал тауар шындығында Қазақстанда қалатын тауарлардың транзит режимінде рəсімделуі;

д) тауарларды кеден органдарының келісімінсіз жəне кедендік төлемдерді төлеместен беретін тауарлардың кеден қоймасы режимінде рəсімделуі.

  • Кеден төлемдерін есептеуге негіз болатын сенімсіз мəліметтерді табыс етумен байланысты əрекет-тəсілдердің бесінші тобын құрайды:

а) тауардың шыққан елі, тауардың кедендік атауы туралы сенімсіз мəліметтерді табыс ету;

б) кодттың өзгеруі мен кеден  төлемдерін  азайтуға  əкеп  соқтырған  тауардың  кеден органдарына кешігумен табыс етілуі;

в) шекара арқылы тауар өткізуші тұлғаның мəртебесі туралы (жеке тұлға мəртебесі туралы), кедендік төлем бойынша жеңілдіктер алу үшін  сенімсіз мəліметтерді табыс ету;

г)  тауардың саны мен сапасы, оның өзіндік құны туралы сенімсіз мəліметтерді табыс ету;

д) ішкі кедендік органға бір тауарды басқа түрдегі тауар ретінде табыс ету немесе қарау кезінде тауарды жасыру.

1) Кеден органдары арасында тауарларды тасымалдау кезіндегі жеткізілмеушілік :

а)  шекарадан ішкі кеденге тауардың кезекті декларациялаусыз жеткізілмеуі;

б) басқа кеден органында рəсімдеу үшін сол жаққа кезекті жеткізілмеушілік немесе қажетті соманы төлеуден жалтару арқылы рəсімдеу жүргізу үшін  босатып алу;

в) тауарды уақытша сақтау қоймасына орналастырмай-ақ халықаралық жол тасымалы процедурасының аяқталуы;

г) тауарды уақытша сақтау қоймасына орналастырусыз халықаралық жол тасымалы процедурасының аяқталуы туралы жалған құжаттар;

д) Қазақстан Республикасынан тауарды шынайы түрде емес əкетуді кедендік бақылау арқылы жеткізілімді растау.

  • Тауарды уақытша сақтаумен байланысты тəсілдер:

а) жауапты сақтауда болған абадайсыз (қолайсыз) немесе тез бұзылғыш тауарларға заңсыз билік ету.

б) тауарды уақытша сақтау қоймасында орналастырмау;

в)  тауарды көлік ұйымдарына уақытша сақтау қоймаларына орналастыру үшін алу.

  • Тауарды уақытша сақтау қоймаларынан ұрлау.

Батыл жəне ашуы қиын тəілдердің бірі. Қылмыскерлер шекарадан өту кезінде тауар туралы мəліметтер солай көрсетілгені соншалық дəл сол ассортимент пен кедендік құнды анықтау мүмкін болмай қалады, ал ішкі кеденде тексеруден кейін тауар саны мен сапасын дəл белгілеу мүмкіндігінің молдығы кеден төлемдерін дұрыс жəне толық есептеуге ықпал етеді немесе  күмəнді декларациялауды анықтайды.

Жалтарудың сенімді белгісі болып қоймадан ұрланған тауарлардың саны, кедендік атауы мен құны сенімді белгісіз жағдай табылады.

Ары қарай кеден төлемдерін төлеуден жалтаруға бағытталған пайдаланылуы ҚК 214-бабымен емес, ҚК басқа баптарымен топталатын əрекеттер тəсілі немесе табуы өте қиын əрекеттер келеді.

  • Кедендік бақылауымен қатар декларацияланбау жəне кеден төлемдерін төлемеумен тауарды орналастыру.
  • Негізінде декларациялау салдарынан кеден төлемдері мөлшерінің төмендету болған құжаттарды алдап пайдаланумен тауарды орналастыру.
  • Мақсаты оны тəркіленген тауар ретінде төленетін кеден төлемі мөлшерінен аз бағамен сатып алу болып табылатын кеденмен контрабанданы ұстаудың жалған көрінісі.
  • Кеден ісі саласындағы əкімшілік жəне қылмыстық істер бойынша заттай дəлелдемелерді ұрлап кету.
  • Анықтау, алдын ала тергеу, сот органдарының лауазымды тұлғаларының заттай дəлелдемелерді – қылмыстың заттарын заңсыз беру.

Кеден төлемдерін төлеуден жалтарудың механизмі мен тəсілдері олардың диалектикалық негіздеріне – елдің ішкі жəне сыртқы нарықтары арасындағы тауар қозғалысы кезеңдеріне жəне бұл кезеңдердегі құжаталмасудың іс жүзінде қалыптасқан əдетіне байланысты екенін көрсетеді. Кезеңдер жүйеге келтірілгеннен кейін қылмыстық іс-əрекеттің тəсілдері жеңіл жүйеленеді, қылмыстың іздік көрінісін табуда орын  алатын болжау мүмкіндігі пайда болады.

Кеден төлемдерін төлеуден жалтару тəсілі төлеу міндеттерін, төлеуші тұлғаны жасыру немесе кеден төлемдері сомасын төмендету жолымен ішкі жəне сыртқы нарық арасындағы заңмен белгіленген тауар қозғалысы кезеңдері арқылы тауармен өтудің нормаланған жəне заңды тəртібінен жалтару немесе бұрмалаумен қорытындыланады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.