Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы Қазақстан экономикасына жаңа құрылымның қажеттілігі

Қазіргі таңда жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыратын құбылыстар әлемдік масштабта елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейте түсуде. Әлемдік шаруашылық экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және тағы басқа сфераларда ірі өзгерістерге тап болып, капиталдың халықаралық орын алмасуының белсендірілуіне, әлемдік байланыстың бірыңғай жүйесінің құрылуына алып келіп отыр.

Жаһанданудың бұл дамуын әлем елдеріне жаңа мүмкіндік алып келетін объективті үрдіс ретінде қабылдауымыз керек. Сондықтан, кезкелген мемлекет жаһандану үдерісінде өзіне пайда әкелетін экономикалық басымдылықтарды іздеу қажет. Мұндай басымдылықтарды, артықшылықтарды мемлекеттер алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, технологиялық және біліктілік мүмкіндіктерінен қарастыруы тиіс.

Жаһандық үрдістер мемлекеттердің өз экономикалық құрылымдарын қайта реформалауына, жаңа экономикалық саясат қалыптастыруына ықпал етеді. Айта кететін жайт, әлемнің дамыған алпауыт мемлекеттері жаһандық экономикаға интеграциялану стратегиясын құруына, ондағы жаһандық үдерісте алатын орнына болжам жасауына бірнеше онжылдықтарды жұмсаған екен. Қазіргі күнде осы мемлекеттер басқа дамушы елдердің қызығушылықтарынан гөрі, өз мүдделерін алға қойып, жаһандық саясатын жүргізіп келеді. Осылайша, бұл дамыған мемлекеттер жаһанның қозғаушы күшіне, жүргізушісіне және қайнар көзіне айналып, жоғары технология, ақпараттық байланыстардың дамуында ірі секіріс жасап, өз азаматтарының өмір сүру жағдайы мен сапасын өзгертті.

Қазіргі уақытта жаһандану үдерісінде кез-келген мемлекеттің дамуы – оның экономикасының әлемдік сұраныс эволюциясына бейімделуі, салалардың ұлттық мамандануын дұрыс таңдай білуі, өткір бәсекелестік орын алған  жағдайда  жаңа тауар шығару немесе жаңа нарықты игеруі арқылы ғана мүмкін болып отыр. Мұндай әлемдік сұраныс жаһандық құрылымының астарында сұранысқа динамикалық түрде әсер ету қабілеті, керек бағытта оны қалыптастыру негіздерінде – әлемнің жетекші державаларының нарықтық табыстары, жекелей айтқанда, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінің жетістіктері жатыр.

Жаһандану үрдістері өз бастауын аймақтық интеграциялардан алатынын тарихи жағдайлар көрсетіп отырғандықтан, нарықтық экономикаға бағыт алған Қазақстанның экономикалық құрылымын зерделейік. Кеден Одағына мүше-мемлекеттер 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда, Қазақстан экономикасының құрылымы сыртқы интеграциялық үрдістердің әсерінен қалай дамып келеді? Кеден Одағының жағдайына елдің экономикалық құрылымы қаншалықты бейімделді? Оның оң және теріс әсерлері? Қазақстанның жоспарлы стратегиясы жолында Еуразиялық экономикалық одақ құрамында елдің перспективті экономикалық құрылымының қажеттігі қандай?

Экономиканың қалыптасуы, инфрақұрылымның, әлеуметтік сфералар, денсаулық  сақтау және білім жүйесінің дамуы секілді іргелі мәселелерді шешудің қажеттілігі – жас тәуелсіз мемлекеттер алғашқы міндеттер болып табылады. Осы орайда, мемлекеттің дамуында   стратегиялық   жоспарлаудың    рөлі аса үлкен. Мұны еліміздің тарихи тәжірибесінен байқаймыз. Ағымдағы жылы 2030-стратегиясының шеңберін кеңейтіп, жаңа «Қазақстан-2050» стратегиясын қабылдап отырмыз. Себебі, әлемдік құбылыстар, жаһандық өзара тәуелділіктұрақты, әріұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген басқа мемлекеттер, сондайақ, халықаралық экономикалық ұйымдар да әлемдік экономиканың даму болжамдарын 2050 жылға жасап жатыр [1].

Елбасы жолдауларының мұндай стратегиялық жоспарлары экономикамыздың  жаңа құрылымдарын қалыптастырып қана қоймай, жаһандану үдерісінде жаңа экономикалық саяси бағытын көрсетеді.

Ендеше, қалыптасқан мемлекет экономикасының құрылымы Кедендік Одақ жағдайында қандай өзгерістерді қажет ететінін талдайық.

Жолдауда «жаңа бағыттың экономикалық саясаты – тегіс қамтитын экономикалық прагматизм» деп көрсетіледі. Бұл дегеніміз, экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшуді білдіреді, яғни, пайдалылық, инвестициялардан қайтарымдылық және бәсекелестік [1]. Бүгінгі теориялық көзқарастар мен тәсілдер әлемдік экономикалық кеңістіктің жаңа жағдайында жарамсыз болуы мүмкін.

Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының құрылымының терең өзгерістер қабылдауына, тіпті кейбір салаларды түбегейлі жүйелендіруіне бірнеше сыртқы маңызды факторларды айта кеткен жөн. Мемлекетіміз кемінде екі айдан кейін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына,ал екі жылдан кейін Еуразиялық Экономикалық Одаққа кіруді жоспарлап отыр. 2050 жылы әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына ену үшін, алдымен аймақтық интеграциялық үрдістерде экономикамыз бәсекеге қабілетті, болашақ Еуразиялық экономикалық одақтың жетекші «локомотивіне» айналуыкерек.Бұләсеретушіжайинтеграциялық үрдістер ғана, бұған Елбасының өз Жолдауында баса көрсеткен XXI ғасырдың 10 жаһандық үндеулерін қосайық. Ғаламдық проблемаларды шешуде еліміз белсенділік танытып келеді.

«Жасыл экономика» аталған 10 басты жаһандық үндеулерге жауап болса, Астана экономикалық форумы (АEF), G-global сұхбат алаңының құрылуы, Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция (WAC) секілді іс-шаралар ғаламдық мәселелермен күресуге ынталылығын айқындап отыр. Сондықтан да, еліміздің экономикалық саясаты үшінжаңа қағидаттар жаңа экономикалық құрылымныңнегізі болуы қажет.

Көптеген дамушы елдер «қуып жетуші даму» стратегиясын ұстанып келеді. Бұл стратегия жағдайында олардың экономикалық құрылымдары дамыған елдердің өткерген даму кезеңдерін қайталайтын болады. Сол себепті, егер біз 30 дамыған елдердің қатарына кіргіміз келсе, онда «қуып жетуші даму» стратегиясынан басқа теориялық идеяларға көшуіміз қажет. Ал мұндай идеялар Президенттің Жолдауында ұсынылады.

Қазақстанның жаңа экономикалық құрылымын құруда макроэкономикалық құрылымын жаңғыртудан бастау керек. Бұған,  Республи-  ка Президентінің үндеуіндегі жаңа базалық стратегиялар ұсынылады. Онда жаңа кадрлық саясаттан бастап, бюджеттік, салықтық, ақшакредиттік, мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясатын түгел қайта қарастырады. Егер біз үшінші индустриалды революцияға дайын болғымыз келсе,аталған барлық сфераның алға жылжуын қамтамасыз етуіміз керек [5].

2014 жылы еліміз қабылдаған үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының   бірінші   бесжылдығы   аяқталады.   Бұл бағдарламаның аясында перспективті технологиялық даму сценарийі қажет. Нәтижесінде шикізаттық емес экспорттың  үлесі 2025 жылға дейін 2 есе, 2040 жылға дейін 3 есе өсуі қажет [1]. Мұны да Нұрсұлтан Әбішұлы өз Жолдауында ерекше атап өтті. Яғни, экспортқа бағытталған шикізаттық емес өнеркәсіп секторларын кеңейту керек. Ал, отандық өнеркәсіп тауарлары, біріншіден, айтылып өтілгендей, Бірыңғай Экономикалық Кеңістігінде (БЭК) бәсекеге қабілетті болуы керек. Бұл нарық біздің кәсіпкерлікті бәсекеге қабілетті болуға үйрететін «мектеп» болып отыр. Себебі, отандық кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы жетелеуші негізгі күш.

Қазақстанның перспективті экономикалық құрылымы «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзегеасырубарысында«жасылэкономиканың» элементтерін сіңіріп қана қоймай, түбегейлі «жасыл экономикаға» өту бағытын ұстануы тиіс. Бұл бағытта Елбасы «Жасыл көпір» халықаралық ұйымын құруды ұсынып, Алматының айналасында төрт қала-серік негізінде «Green 4» атты жобаны бастауды Жолдау барысында айтқан болатын. Қазақстанның «Жасыл даму жолына» көшуге «EXPO-2017» (Болашақ энергиясы) қуатты күш беруі керек.

Сонымен қатар, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, сондай-ақ Дүниежүзілік Сауда ұйымынамүше болған жағдайында транзиттік мүмкіндіктерді де ескерген жөн. Транзиттік экономиканы дамыту бағытында жүргізілетін бағдарламалардың маңызы жоғары болатыны, ұлттық экономика құрылымына оң септігін тигізетіні сөзсіз [4].

Жоғарыда атап өтілгендей, қазақстандық экономиканың   эффективті   моделін қалыптастыру үшін, оның шеңберінде ұлттық бәсекелестіліктің өсімін сәтті басқару үшін, жаһандық экономикада мемлекеттің әрі қарай дамуы дұрыс басымдықтарды таңдауға тәуелді болады. Тіпті бүгінгі күні шикізатты пайдалануға емес, одан басқа үдемелі салалар мен сфераларға негізделген сапалы бәсекелестілікті қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып отыр. Қазіргі күні Бүкіләлемдік экономикалық форум жыл сайын жаһандық бәсекелестіктен есеп жасайды, онда қамтылған 144 мемлекеттердің экономикаларына талдау жасалынады. Қазақстан бұл рейтинг жүйесінде 2013 жылы 50 орынға тұрақтап тұр. Бұл талдаудың басымдығы сол, методикалық негіздемесіне әлем елдерінің экономикалық дамуының үш кезеңі қарастырылады [7].

Кез-келген мемлекет дамуының бірінші кезеңінде өндірістің арзан факторларын пайдаланады: еңбек және табиғи ресурстар. Бірінші кезеңге кіретін мемлекеттердің ЖІӨ жан басына шаққанда 2000 АҚШ долларын құрайды.

Бүкіләлемдік экономикалық форумының (БЭФ) есептеуінше, бұл топ мемлекеттерінің дамуының негізгі мақсаты – барынша өз елінің минералды-шикізат көздерін және басқа материалды ресурстарды пайдалануға, сондай-ақ, арзан еңбек ресурстары және капиталдың негізгі бөлігін тауар және қызметке тартуға ұмтылу болып табылады. Бұл кезеңді экстенсивті даму кезеңі деп есептеуге болады. Бірінші кезеңде мемлекет өзін дамуының  келесі  кезеңіне өтуіне дайындайды. Мұнда мемлекет өндіріске материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тартудың эффективтілігінің жоғарылауымен анықталады. Әлем елдерінің дамуының екінші кезеңіне өтудің басты критериі өндірістің ЖІӨ жан басына шаққанда 3000 АҚШ долларын құрауы керек.

Бүкіләлемдік Экономикалық Форум әлем елдерінің дамуының екінші сатысы тек қана дамудың экстенсивтілігімен ғана емес, сонымен қатар, экономикалық өсудің негізгі факторларын қолдану  эффективтілігін  жоғарылатудан интенсивті дамудан тұрады. Бүкіләлемдік экономикалық форумына сүйенсек, дамудың бұл сатысына кіретін мемлекеттерде өндіріс көлемінің ЖІӨ жан басына шаққанда 3000 АҚШ долларынан 9000 АҚШ доллары аралығында екен.

Тек дамуының үшінші кезеңінде мемлекет инновациялық  дамудың  кәсіби  механизмдерін қолдана алады екен, бірақ өндіріс жан басына шаққанда 17000 АҚШ долларынан кем болмау керек. Екінші және үшінші даму кезеңдерінің арасында ЖІӨ жан басына шаққанда 900017000 АҚШ долларын құрайтын өтпелі кезең бар. Осы өтпелі кезеңде Бүкіләлемдік банктің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан мен қатар 21 мемлекет бар екен. Бұл өтпелі кезеңге жататын мемлекеттердің дамуын «индустриалдыинновациялық даму» деп те атайды [6].

Жалпы бұл әдіс дамушы елдер үшін осы даму кезеңдерін өтіп, әлем елдерінің даму рейтингінде өзінің экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның алдында 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсаты қойылып отыр. Мұнымен, Қазақстанның әлемнің рейтинг жүйесіне қатысу өзектілігі анықталады, методикада экономикалық өсуге әсер етуші негізгі факторлар бағаланып, әр елдің бәсекелестігін жоғарылату жолдары қарастырылады.

Қазіргі кезде бірінші кезекке мемлекет үшін экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны емес, бірақ соған бағытталған экономика шығындары мен жағдайы, бәсекелестіктің даму жағдайы жатыр. Осыған орай, Бүкіләлемдік экономикалық форум жыл сайын бәсекелестіктің мониторингін жүргізеді. БЭФ әлем елдерінің жаһандық бәсекелестік жөніндегі методикада әр мемлекет халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуды негізгі шарт ретінде қабылдай отырып, экономикалық өсудің тоғыз фактор тобынан тұратын оның дамуын үш блокқа бөліп талдайды:

А. Базалық талаптар блогі:

  • институттар;
  • инфрақұрылым;
  • макроэкономика;
  • денсаулық сақтау және бастауыш білім. Ә. Тиімді катализаторлар блогі:
  • жоғары білім және оқу;
  • нарықтың даму тиімділігі;
  • мемлекеттің технологиялық тиімділігі.

Б. Инновациялық даму және бизнес дамуын жетілдіру блогі:

  • бизнес жүйесінің жетілдірілуі;
  • инновациялық даму деңгейі.

Жалпы, 2015 жылға дейін Қазақстан үшін базалық компоненттер бәсекелестік басымдықтарды анықтауда шешуші факторлар қалуда. Алайда,    әлемнің    30    дамыған   мемлекеттер қатарына ену үшін бұл аздық етеді: жақын арада «тиімді катализаторлар» блогінің экономикалық индикаторларды дамыту қажет [9].

Қазақстан дамуының үшінші сатысы мемлекеттің инновациялық дамуымен, жаңа білімнің және жаңа өнімнің ізденістерімен, сонымен бірге бизнес-ортаның дамуымен байланысты. Бұл кезеңге Қазақстанөндіріс ЖІӨ  жан  басына шаққанда 17000 АҚШ долларына жеткенде келеді. Бұл блок бойынша, жақын болашақта компоненттер мемлекеттің инновациялық дамуына сенімді жағдайларжасалғанда қарастырылады:

  • қызмет сапасының жақсаруы және әр компания мен аймақтардың даму стратегиялары;
  • аймақэкономикаларынжәне Қазақстанның көршілес экономика салаларын кластерлеу;
  • инновациялық әлеуеттің көтерілуі;
  • төмен деңгейлі өзіндік құнына және халықаралық стандарттарға сәйкес қосылған құн тізбегін дамыту мақсатымен жоғары сапасына жетуге ұмтылдыру;
  • есептің, аудиттің, қажетті ақпаратты талдауға мүмкіндік мөлдірлілігін қамтамасыз ету;
  • мемлекет халқының тіршілікті қамтамасыз ету стандарттарын жақсарту;
  • мемлекет жаңа ашулар мен әзірлемелерінің ғылыми әлеуетіне назар аудару;
  • патенттік істің, интеллектуалды меншікті қорғау құқығының дамуы;
  • мемлекеттің, жеке сектор және ғылымның (ЖОО қоса) серіктестігін қамтамасыз ету.

Халықаралық экономикалық  сыныптама-  да индустриалды дамыған, дамушы, өтпелі экономикалы елдер болып бөлінеді. Олардың экономикалық,   тарихи,   геосаяси   дамуын-   да бұл сыныптамада сәйкес экнномикалық құрылымдары қалыптасты. Жақын болашақта Қазақстанның перспективті экономикалық құрылымы АҚШ, Қытай және тағы басқа елдердікімен салыстырғанда өзгеше көрінетін болады. Дегенмен, жаһандану жағдайында жалпы әлемдік үрдістер ұлттық экономикаларға әсер  етіп,  экономиканың  интернационалдану үдерісі жүріп жатыр. Шетел елдерінің тәжірибесіне қарағанда ЖІӨ құрылымында қызмет сферасының үлесі артуда. Қызмет экономикасының құрылуы – әр  елдің  өзіне  тән, әмбебап үдеріс. Дамыған елдердің ЖІӨ құрылымына   қарасақ,   халықтың дәулеттілігі,бірінші кезекте, қызмет секторының дамуымен байланысты екенін байқауға болады.

Қазақстан қызмет сферасын дамыту қажеттілігі туған даму кезеңіне жетті. Қызмет сферасының сапалық және сандық кедергісіз өсу дәрежесі Қазақстанның осы сферасының қазіргі жағдайының ерекшеліктеріне байланысты.

Біріншіден, экономиканың көптеген салаларында қызмет көлемі  ұлттық  статистикамен есептелмейді, себебі олар көлеңкелі қызмет нарығының сферасында қалып отыр, тіпті кейбіреулері қызмет көрсету ретінде бағаланбайды. Мысалы, консалтингтік, транспорттық (жөндеу), білім (репетиторлық), тұрмыстық және басқа да қызмет түрлері ақшалай емес есептеулерден тыс жеке және мемлекеттік құрылым болып отыр, бұл сәйкесінше, статистикалық мәселелерден бөлек, мемлекеттің салықтық шығындарына әкелуде.

Екіншіден, сапаны көтеріп, нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік және жеке қызмет көрсетулер қатынасын оңтайландыру қажет. Жеке сектордың дамуына мемлекеттік сектор қажетті жағдай жасау керек. Мемлекеттік сектор жеке сектордың орнын баспай, керісінше олармен бәсекелесу керек.

Үшіншіден, мемлекеттік ұйымдар ұсынып отырған ақылы және тегін қызмет көрсетулердің қатынасы ұтымсыз болып отыр. Мемлекеттің ақылы қызмет көрсету тізіміне өзінің дамуына қосымша қаржыландыруды қажет ететін қызмет көрсетулерді қосу керек.

Төртіншіден, материалдық-техникалық базаның тозуы өзекті орын алып отыр. Қызмет сферасының жұмыс істеуі үшін құралдардың физикалық және моральдық жылдам тозу жағдайында аталмыш сфераның дамуында объективті кедергілер орын алуда. Сол себептен, қолда бар база мен жағдаяттардың есебінен қызмет көрсетудің айтарлықтай өсуі екіталай [9].

Қазақстанда бұл сфераның сапалық және сандық дамуы үшін, қызмет көрсетулердің тізімін кеңейтіп қана емес, халықтың және заңды тұлғалардың талаптарын қанағаттандыруда шетел тәжірибесіне сүйеніп, жаңа  дәстүрлі емес қызмет көрсетулерді енгізу  қажет.  Қызмет көрсетудің бір саласының дамуы басқа салалардың  өсуіне  алып  келеді.  Осы  орайда, білім, пошта, транспорт, туристік қызмет көрсетулердің әлеуетін ескеру керек.

Қазақстан экономикасының перспективті құрылымын қалыптастыруда келесідей ұсыныстар басым бағыттарының дамуына үлкен рөл атқарады:

  • Қазақстан экономикасының динамикасы мен жаңғыртылуы;
  • ұлттық тауар мен қызмет көрсетулердің бәсекелестікке қабілеттілігіне қолдау жасауын қамтамасыз ету;
  • шикізат бағыттарынан экономиканың алшақтауын біршама алшақтатуын қамтамасыз ету, шикізат емес тауар экспортын және жоғары технологиялы құралдардың импортын несиелеуге қолдау жасау;
  • атаулы әлеуметтік саясат;
  • ғылым әлеуетінің дамуы және қолданбалы ғылымның өндіріске, бизнеске барынша жақындату.

Бизнесті қолдауда мемлекеттік саясат жүргізілуі қажет және мемлекетте отандық инвесторлар үшін инвестициялық климат қалыптастырылуыкерек.Үкіметәкімшіліккедергілерді төмендету, кәсіпкерлерге қаржылық ресурстардың жетімділігін жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, қолайлы салықтық режимді таңдау (мемлекет пен бизнеске тең жағдай), заңнамалық сұрақтарды шешу жұмыстарын жалғастыру керек.Фирманың ішіндегі технологиялық үдерістердің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру қажет.

Өндірістің соңғы өнімін өндіруге бағдарланған секторларды – транспорттық машина құрастыру, металлургия, химия, биотехнологиялы және IT-компанияларды – дамыту керек. Мұндай стратегияның шеңберінде басымдық өндіруші салалармен тығыз байланысты, өндірістің дамуына беріледі. Дәлірек айтқанда мұнай, газ және кейбір шикізаттарды қайта өндіру, өнеркәсіптің шикізат емес секторлардың дамуына, әсіресе, сарапшылардың пікірінше, қайта өңдеуші салалар, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылымның дамуына басымдық беріледі.

Өндіруші салалары бар ірі кәсіпорындар негізінде кластерлердің даму механизмін пайдалана отырып, сатылы-интеграциялық құрылымдарды дамыту керек. Инвестициялық жобаларда мемлекеттің қатысуын бір мезгілде төмендетіп, жеке инвестициялардың үлесін ұлғайту қажет.

Бәсекелестік күресте негізгі фактор логистика болмақ. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда логистикалық операциялардың үлесінің төмендеуі анық білінеді. Логистикалық операциялардың үлесі аутсорсинг деңгейін көрсетеді. Бұл мәліметтер Қазақстанда жоғарғы қосылған құнды өнім шығару үдерісін эффективті ұйымдастыру үшін логистикалық қызметтердің дамуының қажеттігін ескертеді.

Қазақстан Республикасында қаржылық қызмет көрсетулер толық қалыптасу сатысында тұр. Мұндай қаржылық қызмет көрсетулердің қоры ЖІӨ-де бұл саланың үлесін он есе арттыруына мүмкіндік бере алады. Бұдан бөлек, қаржылық қызмет көрсетулер барлық қызмет көрсету салаларының дамуына, көптеген салалардың дамуындағы кедергілерінің өткеруіне жағдай жасай алады. Қызмет сферасында есеп жүргізу проблемаларын шешуге, сонымен қатар, қаржылық қызмет көрсетулердің сапалық және сандық өсуіне келесі іс-шараларды ұсынуға болады.

Қызмет сферасының жұмыс істеуіне толық және сенімді қаржылық-банктік инфрақұрылымның құрылуы қажет. 100 пайызға дейін қолма-қол ақшасыз айналымын барынша ұлғайту керек. Бұл мақсатқа жету үшін барлық сауда қызмет нүктелерінде кең масштабта қолмақол ақшасыз есептеулердің жүргізілуіне ықпал ету керек. Қолма-қол ақшасыз айналым банк жүйесіне тиімді, себебі халықтың пластикалық карточкаларындағы уақытша бос қаражат қолданылатын болады. Қызмет көрсету сферасында қолма-қол ақшасыз айналымның кеңеюі банктік қызметтердің номенклатурасының жоғарылауына алып келіп, телефондық байланыс, пошта, интернет секілді салалардың дамуына ықпал етеді [9].

Қаржылық қызмет көрсетулердің экспортын белсендірілуі де пайдалы болмақ. Мұндай мүмкіндік Қазақстанның Еуразиялық одаққа мүше болуына, ДСҰ-на ену жағдайында  сыртқы қаржылық қатынастардың либерализациялануына жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты инновациялық дамуы үшін қызмет көрсету саласы қол жетімділігі жөнінен ең қолайлысы болып табылады. ЖІӨ-де қызмет көрсету сала үлесінің ұлғаюы мемлекеттің энерготасымалдаушыға деген әлемдік бағалар конъюнктурасына қатысты экономикалық    қорғаныс    деңгейін   көтереді.

Қаржылық қызмет көрсетулердің белсендірілуі Қазақстандағы қызмет көрсетулерге және олардың қарқынды дамуына тұтынушылар қатынасының өзгеруіне тиімді жағдай жасауы қажет. Ал қаржылық қызметтер барлық қызмет көрсету салаларының қайнар қорларын тиімді пайдалануы керек. Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына сәйкес, сервистік-технологиялық қызметтерді, венчурлық бизнес қызметтерін дамыту қажет.

Сараптай келгенде, Еуразиялық экономикалық одақ жағдайына сай Қазақстан экономикасының құрылымына жаңа ұсыныстар дайындап, перспективті жаңа құрылымның қалыптасуына мардымды реформаларды жүзеге асыру қажет.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана. 14 декабря 2012 г.// akorda.kz/, дата обращения: 06/03/2014
  2. Основные тенденции развития структуры экономики Республики Казахстан // http://articlekz.com/node/752,дата обращения: 06/03/2014
  3. Материалы Проекта ТАСИС «Промышленная конкурентоспособность в Казахстане». Астана,
  4. Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана. Март 2006 г. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира http://www.akorda.kz/, дата обращения: 11/03/2014
  5. Перспективная структура экономики Казахстана при условии вхождения в число 50-ти конкурентоспособных стран мира // http://articlekz.com/node/703/, дата обращения: 12/03/2014
  6. Анализ уровня конкурентоспособности Казахстана // http://www.minplan.gov.kz/economyabout/9243/49233 //, дата обращения: 17/03/2014
  7. 7 World Economic Forum. The Global Competitiveness Report 2013-2014// http://reports.weforum.org/the-global-competitivenessreport-2013-2014/,дата обращения: 18/03/2014
  8. Назарбаев Н.А.     Евразийский     экономический     союз:     теория     или     реальность//http://www.minplan.gov.kz/ pressservice/77/5147/, дата обращения: 19/03/2014
  9. Аяжанов К.С. Оценка факторов экономического развития: проблемы и особенности // http://www.group-global.org/, дата обращения: 26/03/2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.