Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кедендік шекараның ұғымы

Кедендік шекара ұғымы кеден құқығының басты санаттарының бірі болып табылады жəне бұл санат кеден аумағы ұғымымен əрқашан қатар жүреді жəне белгілі бір тұтастықты құрайды. Кедендік шекара мəселесі кеңестік құқықтану ғылымында объективтік себептерге байланысты маңызды болмағанын айтып кеткен жөн. Мұның ең басты себебі Кеңес Одағының кедендік шекаралары мемлекеттік шекаралармен толық сəйкес келетін, ал темір перденің болуы жағдайында тек қатал шектелген субъектілер саны ғана (олар мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдар еді) кедендік шекарадан тауарларды өткізуді көздейтін экспорттық-импорттық операциялар жүргізу құқығына ие болатын. Алайда жағдай Кеңес Одағының ыдырауы алдында күрт өзгерді, өйткені сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырудың бұрыңғы шаруашылық механизмін бір қалыпта ұстап отыруға жəне тұтынушы нарығын толтыруға дəрменсіз саяси режим 1980-шы жылдардың аяғында кəсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілерге экспорттық-импорттық операциялар жүргізу құқығын беріп, КСРО-ның кедендік шекараларын ашуға мəжбүр болды. Қарайған жылдар бойы келе жатқан сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясын жойған бұл шешім КСРО Министрлер Кеңесінің 28 ақпан 1989 жылғы №191 Қаулысымен ресімделді [1].

Түбегейлі өзгерген жағдайға сай келмеген 1964 жылғы КСРО-ның бұрыңғы Кеден  кодексі  [2] 26 наурыз 1991 жылы қабылданған [3] жəне 1991 жылдың 1 шілдесі күнінен бастап күшіне енгізілген КСРО-ның жаңа Кедендік кодексімен ауыстырылды [4].

1964 жылғы Кеден кодексіне қарағанда 1991 жылғы Кодекс КСРО-ның кедендік аумағы мен оның кеден шекарасына бөлек бір бапты арнады (2 бап). Кеден кодексінің бұл бабы төрт бөліктен құралды жəне КСРО-ның кеден аумағының құрамы мен оның шегін белгілейтін кеден шекараларына байланысты бірнеше маңызды ережені бекітті. Сонымен 1991жылғы КСРО Кеден кодексінің 2-ші бабымен енгізілген маңызды ережелердің ішінен келесілерді ерекше атап өту керек:

  • КСРО кеден аумағының тұтастығы жөніндегі қағида (1 бөлім);
  • КСРО-ның кедендік шекараларын оның кеден аумағының шегі ретінде анықтау (2 бөлім);
  • кедендік шекараның КСРО мемлекеттік шекарасымен бірдей болуы жөніндегі жалпы ереже жəне бұл ережеден басқа айрықша жағдайлардың болу мүмкіндігіне жол берілуі (2 бөлім);
  • кеден аумағы режимінің (кеден ісіне қатысты мемлекеттің айрықша юрисдикциясының) мемлекеттік шекара сызығының сыртында орналасқан объектілерге – яғни, КСРО-ның экономикалық аймағында құрылатын жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға – таратылу мүмкіндігі жөніндегі айрықша ереже (3 бөлім);
  • кеден аумағының жалпы режимінен (іс жүзінде кеден аумағы құрамынан) шектері КСРО-ның кедендік шекараларының құрамдас бөлігі болып табылатын еркін кеден аймақтарын шығарылу мүмкіндігіне байланысты айрықша ереже (4 бөлім).

КСРО кеден аумағының жалпы режимінен бөлек бірінші айрықша ереже халықаралық  құқыққа  тікелей байланысты екендігі назар аудартады. Мəселен, КСРО кеден аумағының құрамына КСРО-ның экономикалық аймағында құрылған жасанды аралдардың, қондырғылар мен құрылыстардың енгізілуі (2 баптың 3 бөлімі) 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясына негізделген. Атап айтқанда, Конвенцияның 56 бабындағы 1 «b (i)» тармағы бойынша жағалаудағы мемлекеттің айрықша экономикалық аймақта «жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды құру жəне пайдалану» жағынан юрисдикциясы бар [5].

Екінші айрықша ереже мемлекеттің аумағында заңды тұлғаларды тіркеу, салық салу жəне өзге де маңызды мəселелер аясында шаруашылық (кəсіпкерлік) қызметті жүзеге асырудың ерекше құқықтық режимі қолданылатын еркін (немесе арнайы) экономикалық аймақтарды (ЕЭА) құру мүмкіндігіне байланысты. Кеден ісі аясына қатысты ЕЭА барлық аумағында еркін кеден аймағы режимі орнатылады жəне бұл режим бойынша шетелден əкелінетін тауарларды барлық кеден баждарынан толық босатуға дейін баратын оларды кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тəртібі қолданылады.

1991 жылғы КСРО Кеден кодексі Кеңес Одағының ыдырағанынан кейін біршама уақыт қолданыста болды, нақты айтқанда бұрыңғы кеңестік республикалар өздерінің ұлттық кеден кодестерін қабылдағанға дейін. Сонымен қатар, бұрыңғы Кеңес Одағының орнында пайда болған жаңа тəуелсіз мемлекеттердің кеден ісі туралы заңдарында кеден аумағы мен кедендік шекара анықтамалары 1991 жылғы КСРО Кеден кодексіндегі құрылымды сақтап қалды. Мысалы, 1993 жылдың 21 маусымында қабылданған Ресей Федерациясының (РФ) Кеден кодексінде [6] жəне 1995 жылдың 20 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» ҚР Заңында [7] кеден аумағы мен кедендік шекараға арналған мазмұны бірдей 3-ші бап былайша тұжырымдалған:

  • мемлекеттің кеден аумағын оның құрылықтағы аумағы, аумақтық жəне ішкі сулары мен олардың үстіндегі əуе кеңістігі (3 баптың 1 бөлімі), сондай-ақ кеден ісіне қатысты мемлекеттің айрықша юрисдикциясы бар теңіздегі айрықша экономикалық аймақта орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылымдар құрайды (3 баптың 2 бөлімі);
  • кеден заңнамасымен белгіленген реттерден басқа жағдайларда еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалар аумақтары мемлекеттің кеден аумағынан тыс орналасқан деп есептеледі (3 баптың 3 бөлімі);
  • мемлекеттің кеден аумағының шегі, сондай-ақ еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардың периметрі мемлекеттің кедендік шекарасы болып табылады (3 баптың 4 бөлімі).

1991 жылғы КСРО Кеден кодексіне қарағанда келітірлген жағдайларда жаңалықтардың пайда болғанын байқауға болады, атап айтқанда:

  • біріншіден, мемлекеттің мемлекеттің кеден аумағының құрамы оның элементтерін тізу арқылы нақтыланған – олар, құрылықтағы аумақ, аумақтық жəне ішкі сулар мен олардың үстіндегі əуе кеңістігі. Аталған элементтер мемлекеттің аумақтың құрамдас бөліктері болып табылады жəне осыдан мемлекеттік аумақ сияқты кеден аумағының да құқықтық режимінің негізін мемлекеттің егемендігі құрайды деген қорытынды шығаруға болады. Бұл жағдайға А.Ф. Ноздрачев те назар аударған болатын [8, 23-б.];
  • екіншіден, еркін кеден аумақтарымен бірге жаңа ұғым енгізіліп отыр – ол еркін қоймалар жəне олардың аумағы, еркін кеден аймақтарының аумағы сияқты кеден аумағының біртұтас режимінен шығарылып отыр;
  • үшіншіден, кеден шекарасының мемлекеттік шекарамен бірдей болуы жөніндегі жалпы ереже алынып тасталған;
  • төртіншіден, кеден шекарасынының құрамына мемлекеттің кеден аумағы мен еркін кеден аумақтарының шектерімен бірге еркін қоймалардың периметрлерін де қосу арқылы кедендік шекара ұғымы анықталған;

Келтірілген заңи ережелер кедендік шекараның тиісті ғылыми анықтамалары үшін негіз болды. Мəселен, анықтамалық əдебиеттердің бірқатарында кедендік шекара ұғымы, бір жағынан, «мемлекет кеден аумағының шегі, сондай-ақ еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардың периметрлері» ретінде, екінші жағынан – мемлекеттің кеден аумағының шекарасы ретінде берілген [9]. Басқа басылымдарда кедендік шекара мемлекеттің «кедендік аумағын шектейтін шартты сызық» ретінде [10], үшіншілерінде – «бірыңғай кедендік заңнама қолданылатын жəне сыртқы сауданың бірыңғай статистикалық есебі жүргізілетін аумақ шекарасы» ретінде ұсынылған [11, 30-б.].

Кейбір энциклопедиялық сөздіктерде кедендік шекараның құқықтық мəнінің бірнеше мағынасы бірден берілген, мысалы:

  • кедендік шекара – «бірыңғай кедендік заңнама қолданылатын жəне сыртқы сауданың бірыңғай статистикалық есебі жүргізілетін аумақ шекарасы»;
  • кедендік шекара – «тауардың өткізілуі кедендік декларацияның толтырылуын жəне кеден баждарының төленуін талап ететін аумақтың шекарасы»;
  • кедендік шекара мемлекеттің кеден аумағының шегін, сондай-ақ еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар периметрін белгілейді;
  • кедендік шекара мемлекеттің кедендік заңнамасы қолданылуының кеңістіктегі шегін белгілейді жəне іргелес мемлекеттердің кеден аумақтарын бөледі, яғни мемлекеттің кедендік егемендігінің əрекет ететін саласын белгілейді [12].

Келтірілген анықтаманың бірінші баламасында кедендік шекараны қолданыстағы кеден заңнамасы мен сыртқы сауданың статистикалық есебінің біртұтастығы арқылы анықтау мəселесі көтерілген.

Екінші баламада кедендік шекара анықтамасы кедендік декларация толтыру жəне  кеден  баждарын төлеу қажеттілігі арқылы анықталады. Алайда бірніші жағдайда да, екінші баламада да кедендік шекараның құқықтық мəні мемлекет егемендігі əрекетінің кеңістіктегі шегіне тіреледі.

Үшінші жəне төртінші тармақтарда мемлекеттің кедендік шекарасының құрамы анықталады. КСРО орнынан пайда болған жаңа тəуелсіз мемлекеттердің екінші буын кеден кодестерінде кеден аумағы мен кедендік шекара жөніндегі норма кейбір өзгерістерге ұшырады. Мəселен, 2003 жылдың 5 наурыз күні қабылданған Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде қарастырылып отырған мəселеге арналған 6-шы бап келесі жаңалықтарға ие болды [13]:

  • біріншіден, теңіздегі айрықша экономикалық аймақ ұғымы алынып тасталып, оның орнына құрылықтық шельф ұғымы енгізілген. Ендігі жерде мемлекеттің айрықша юрисдикциясы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» бұрыңғы Заңдағыдай теңіздегі айрықша экономикалық аймақтағы емес, құрылықтық шельфте орналасқан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға таратылады. Бұл өзгерістің себебі Каспий теңізінде жағалаудағы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтары орнатылмаған жəне Капий мəртебесі бойынша жаңа Келісім қабылданғанша оның орнатылуы екіталай (6 баптың 1 тармағы);
  • екіншіден, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар ұғымы заңнамадан толығымен алынып тасталды, олардың орнына арнайы экономикалық аймақ (АЭА/СЭЗ) түсінігі енгізіліп, оның аумағы бұрыңғы заңнамадағы еркін сауда аймақтары мен еркін қоймалар ауданындай бірыңғай кеден аумағы режимінен шығарылмастан, керісінше мемлекеттің кеден аумағының бөлігі ретінде жария етілді (6 баптың 2 тармағы);
  • үшіншіден, заңнамада алғашқы рет кеден шекарасының «Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегін анықтайтын сызық жəне оның үстімен өтетін тік үстірт» ретінде анықтамасы пайда болды (6 баптың 3 тармағы);
  • мемлекеттің кедендік шекарасына кеден аумағының шегі мен АЭА / СЭЗ периметрлері жатқызылды (6 баптың 3 тармағы);
  • Қазақстанның кеден заңнамасы тарихында алғаш рет «кеден шекарасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен бірдей болуы мүмкін» деген ереже пайда болды (6 баптың 4 тармағы).

Сонымен, кеден аумағы мен кедендік шекараға арналған норманың көп өзгерістерін қолданылатын ұғымдарды айқындау қажеттілігімен түсіндіруге болады.

2003 жылдың 28 мамыр күні Ресейдің жаңа Кеден кодексі қабылданды жəне оның құрамындағы 2-ші бап кеден аумағы мен кедендік шекараға арналды [14]. Бұл бап Қазақстанның жаңа Кеден кодексіне ұқсас жаңалықтарды енгізді, бірақ оның өз ерекшеліктері де бар еді, атап айтқанда:

  • біріншіден, Ресей Федерациясының (РФ) мемлекеттік аумағы оның бірыңғай кеден аумағын құрайды деген жаңа норма енгізілді (2 баптың 1 тармағы). Мұндай норма ҚР Кеден кодексінде мүлдем жоқ;
  • екіншіден, РФ-ң кеден аумағы (мемлекеттік аумақпен бірге) Ресейдің заңнамасы бойынша оның юрисдикциясы жүргізілетін айрықша экономикалық аймақ пен құрылықтық шельфте орналасқан жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды қамтиды деген нақтылаушы ереже енгізілді (2 баптың 2 тармағы). Қазақстанға қарағанда Ресейдің айрықша экономикалық аймағы бар жəне осы нормада бұл тағы да дəлелденіп отыр. Сонымен қатар, Ресейдің юрисдикциясы айрықша экономикалық аймақ пен құрылықтық шельфте орналасқан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға оның заңнамасына сəйкес жүргізіледі деп көрсетілуінің өзі мұндай юрисдикцияның құқықтық негізін халықаралық құқықтан ішкі заңнамаға ауыстырады, бірақ юрисдикцияның халықаралық-құқықтық негізі, дегенменде, жанама түрде болса да қала бермек;
  • үшіншіден, Ресей кодексі АЭА/СЭЗ ұғымының орнына мазмұнына жағынан онымен бірдей болып табылатын ерекше экономикалық аймақ ұғымын қолданады жəне қазақстандық баламаға қарағанда оның айқындылығы жоғарырақ, өйткені бұл аймақтардың өзі мемлекеттің кеден аумағының бөлігі ретінде, ал бұл аймақтардың аумағында орналастырылған тауарлар болса кеден баждарын, салықтарын жəне өзге де сыртқы сауда қызметін реттеу шараларын қолдану мақсатында РФ-ның кеден аумағынан тыс орналасқан деп есептеледі (2 баптың 3 тармағы). Қазақстандық Кеден кодексінде АЭА/СЭЗ аумағында орналасқан тауарлардың мəртебесі анықталмаған жəне осы жағдай ресейлік кодекстің артықшылығы болып табылады деп айтуға болады;
  • төртіншіден, кедендік шекара кеден аумағының, ерекше экономикалық аймақтардың шектері, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақ пен құрылықтық шельфте орналасқан жəне РФ өз юрисдикциясын жүргізетін жасанды аралдардың, қондырғылар мен құрылыстардың аумағының шегі ретінде анықталады (2 баптың 4 тармағы). Құрылықтық шельфте орналасқан объектілерді қарастырмаған қазақстандық заңның нормасына қарағанда бұл анықтама нақтырақ болып табылады;
  • бесіншіден, кедендік шекара РФ-ның Мемлекеттік шекарасымен бірдей болып табылады жəне жалғыз ерекшелік РФ-ң юрисдикциясы жүргізілетін айрықша экономикалық аймақ пен құрылықтық шельфте орналасқан жасанды аралдардың, қондырғылар мен құрылыстардың жəне ерекше экономикалық аймақтардың аумағының шектеріне қатысты орнатылған (2 баптың 5 тармағы). Қазақстандық баламаға қарағанда бұл норманың да нақтылық дəрежесі жоғарырақ болып табылады.

Сонымен, РФ Кеден кодексінің 2-ші бабы бұрыңғы редакцияға қарағанда екі жақты түсіндіруге кез келген мүмкіндіктердің алдын алатын жəне оны дұрысырақ мазмұндайтын бірқатар нақтылаушы белгілер енгізген. Бұл жағынан ресейлік Кеден кодексінің нормасы қазақстандық баламаға қарағанда біршама артықшылықтары бар. Сонымен бірге, қазақстандық кодекстің маңызды артықшылығы ресейлік кодексте кездеспейтін кедендік шекараның дефинициясын енгізу екендігін басып көрсеткіміз келеді.

Демек, жоғарыда көрсетілген жайлардың барлығын ескере отырып мынадай қорытындылар жасауға болады:

  • біріншіден, кедендік аумақтың құқықтық режимінің негізінде мемлекеттің егемендігі жатыр;
  • екіншіден, мемлекеттің кеден аумағы құрамынан кейде мемлекеттік аумақтың кейбір телімдері шығарылып тасталуы мүмкін (мысалы, кеден ісі туралы алғашқы заңнамалық актілерде еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардың аумақтары кеден аумағының құрамына кіргізілмеген болатын). Кейінгі кеден кодекстерінде еркін (ерекше) экономикалық аймақтар мемлекеттің кеден аумағының құрамдас бөлігі болып табылатыны басып айтылған;
  • үшіншіден, мемлекеттің кеден аумағы құрамына мемлекеттік шекаралардың сыртында орналасқан кейбір аумақтар енгізілуі мүмкін (бұл жерде құрылықтық шельф пен Ресейдегідей айрықша экономикалық аймақта орналасқан жəне жағалаудағы мемлекеттің юрисдикциясына жататын жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар туралы айтып отырғанымыз түсінікті);
  • төртіншіден, заңнамалық актілерде (кеден кодекстерінде) кеден шекарасының ұғымы оның құрамын көрсету арқылы анықталады, яғни – атап айтқанда, кеден аумағының, еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалардың шектерін (басындағы актілерде көрсетілгендей), арнайы (ерекше) экономикалық аймақтардың, сондай-ақ айрықша экономикалық аймақта (РФ-ның Кеден кодексіндегідей) жəне құрылықтық шельфте орналасқан жасанды аралдардың, қондырғылар мен құрылыстардың аумақтарын көрсету арқылы анықталады;
  • бесіншіден, кеден шекарасының жалғыз заңнамалық анықтамасы (дефинициясы) ҚР-ң Кеден кодексінде «Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегін айқындайтын сызық жəне оның үстімен өтетін тік үстірт» ретінде берілген;
  • алтыншыдан, кедендік шекараның құқықтық əдебиеттерде берілетін анықтамалары көбінесе заңнамалық ережелерге сүйенеді жəне мынадай жағдайларды ескереді:
  • кеден ісі саласындағы мемлекет егемендігінің мазмұны мен əрекет ету шегін анықтау;
  • кеден аумағы режимінен мемлекеттік аумақтың кейбір телімдерінің шығарылып тасталуы,
  • сондай-ақ кеден ісі саласындағы мемлекет юрисдикциясының мемлекеттік шекаралардың сыртында орналасқан аумақ телімдеріне таратылуы.

Көрсетілген жағдайларды ескере отырып, кеден шекарасы ұғымының мынадай анықтамасын ұсынамыз: «кеден шекарасы» - кеден ісі саласындағы мемлекет егемендігі таратылатын мемлекеттің кеден аумағының шегін, еркін экономикалық аймақтардың периметрлерін, сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттің юрисдикциясы таратылатын мемлекеттік шекаралардың сыртында орналасқан кейбір аумақтардың телімдерін анықтайтын сызық жəне оның үстімен өтетін шартты тік үстірт.

Ұсынып отырған анықтамамыз бір жағынан заңнама ережелерін, екінші жағынан құқықтық ғылымның жетістіктерін ұштастырып, кеден шкарасының неғұрлым толық түсінігін бере алады деген сенімдеміз.

 

 

Әдебиеттер

  1. Постановление Совета Министров СССР №191 от 28 февраля 1989 года «Об утверждении положения о Министерстве внешних экономических связей СССР» // СП СССР. – 1989. – Отд.1. - №14. – ст.45.
  2. Указ Президиума Верховного Совета СССР от 5 мая 1964 года «Об утверждении Таможенного кодекса Союза ССР» // Ведомости Верховного Совета СССР. – 1964. - №20. – ст.242.
  3. Таможенный кодекс Союза ССР от 26 марта 1991 года №2052-1 // Ведомости Верховного Совета СССР. – - №17. – ст.486.
  4. Постановление Верховного Совета СССР от 26 марта 1991 года №2053-1 «О введении в действие Таможенного кодекса СССР» // http: bestpravo.ru
  5. Конвенция ООН по морскому праву, 10 декабря 1982 года (Извлечение) // Действующее международное право. В 3-х томах. Составители Ю.М. Колосов и Э.С. Кривчикова. Том – М.: Издательство Московского независимого института международного права, 1997. – С.322-474.
  6. Таможенный кодекс Российской Федерации от 21 июня 1993 года // Ведомости Верховного Совета РФ. – 1993. - №31. – ст.1224.
  7. Закон «О таможенном деле в Республике Казахстан». – Алматы: Жеті Жарғы, 1995. – 528 с.
  8. Таможенное право: Учебник / Отв. ред. д-р юрид. наук., проф. А.Ф. Ноздрачев. – М.: Юристъ, 1998. – 576 с.
  9. Таможенная граница // Беляшов В.А. Таможенный энциклопедический справочник. В 2-х томах. Т.2 /Под ред. И.Ю. Краснянского. –

Минск: «Интер-Дайджест», 1998. – С.308.

  1. Таможенная граница РФ // Румянцев О.Г., Додонов В.Н. Юридический энцик. словарь. – М.: ИНФРА-М, 1997. – С.305.
  2. Комментарий к Таможенному кодексу Российской Федерации. Общая редакция и вступительная статья заместителя Председателя Государственного таможенного комитета Российской Федерации В.А. Максимцева и д.ю.н., проф. Б.Н. Габричидзе. – М.: Издательская группа НОРМА – ИНФРА-М, 1998. – 496 с.
  3. Таможенная граница // Барихин А.Б. Большой юридический энциклопедический словарь. – М.: Книжный мир, - С.623.
  4. Таможенный кодекс Республики Казахстан от 5 апреля 2003 года №401-II // Казахстанская правда. – 2003. – 11 апреля.
  5. Давыдов Ю.Г. Комментарий к Таможенному кодексу Российской Федерации (новая редакция). – М.: ТК Велби, 2003. – 592 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.