Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен қазіргі жағдайы

Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп,  алдағы  уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді.

Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан  тұрғындарға  медициналық  қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.

1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды.  Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.

Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.

1990 жылы мемлекеттік басқару ұйымдарын оңтайландыруға байланысты елде мемлекеттік ұйымдардың саны қысқарып кеткені белгілі Сол науқаннан Денсаулық сақтау министрлігі де шет қала алмады. Осылайша, бұл ұйымның аты ҚР Денсаулық сақтау, білім, Спорт министрлігі деп   аталды.   Осы   атаудағы   министрлік  ҚР «Қазақстан-2030» стратегиялық дамуы аясында «Халық денсаулығы» атты алғашқы мемлекеттік бағдарламаны ұсынды.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту еді. Ол 1998-2008 жж. арналып, үш базалық кезеңнен тұрды және төмендегі қағидаларға сүйенді:

  • тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің қол жеткен деңгейін қолдау, сақтау, экономикалық, құқықтық ұйымдастырушылық іс-шараларын жандандыру және денсаулық сақтау жүйесін нарықтық жағдайға бейімдеу;
  • медициналық қызметтің ішкі нарығын қалыптастырудың экономикалық-құқықтық алғышарттарын жасау;
  • медициналық мекеменің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
  • халық денсаулығын сақтау мен дамытуға азаматтар мен жұмыс берушілердің, мемлекеттің жауапкершілігі [1].

Бұл бағдарламаның жүзеге асуы денсаулық сақтау саласында ғана емес, сонымен бірге соған қатысты сумен қамту, өндірілетін, тасымалданатын азық-түлік тауарларына бақылау, қоршаған орта сияқты салаларда да шешілмеген мәселелер көп болды. Осының негізінде «Иммунизация»,  «Ана  денсаулығының  сақшысы»,

«ВИЧ-тің таралуын тоқтату», «емдеу-сауықтыру және тууға көмектесу ұйымдарында асептиктер мен антисептиктерді сақтау», «қоршаған орта және ұлт денсаулығы», «отбасын жоспарлау», «бала азығы» және т.б. Бұл мәселелерді шешу барысында іс-шаралар жүйесі жасалынды, бірақ соңында белгілі болғанындай бұл бағдарламалардың ешқайсысы ақырына дейін жеткізілмеді. Сонда да елде бағдарламаның осынша ұзақ уақыт жүргізілгені назардан тыс қалмады.

Осы бағдарламалар аясында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелері ашылып, мектептердің төменгі сыныптарында тегін тамақ беру, мектептерде психолог қызметі, арнаулы клиникалар, жеке меншік  жоғары медициналық оқу орындарында, клиникаларға лицензиялар берілді. Осы кезеңді кеңестік жүйеден қазіргі денсаулық сақтау жүйесіне өту кезеңі деп бағалауға болады.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі келесі қайта құруларды енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізді.  Ол  2005-2010  жж.  арналған ҚРдағы денсаулық сақтауды дамыту мен қайта құрудың мемлекеттік бағдарламасы деп аталды. Ол бағдарламалы түрде қаржыландыруға бағытталды.

Осы бағдарлама аясында тегін медициналық қызмет түрлері анықталды және ол бүгінге дейін сақталып отыр. Сараптау нәтижесінде белгілі болғандай, денсаулық сақтау жүйесін түпкілікті өзгерте алмады. Соған қарамастан бұл бағдарлама ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бетбұрысты кезең болған. Осы кезеңде денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа моделі пайда болды [2].

Ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрігерлік-демографиялық жағдайды жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету сияқты классикалық тапсырмалар мен бірге медициналық білімді қайта құру мен ұйымдастыру сияқты халықаралық қағидаларға негізделген мәселелер де қарала бастады.

Медициналық қызмет сапасын және халықаралық талаптарға сай қазіргі заманғы ақпараттық технология негізінде жұмыстың тиімділігін бақылау жүйесін енгізу туралы мәселе тұңғыш рет көтерілді.

Осы бағдарлама денсаулық сақтау жүйесіне медициналық мекемелерде тіркелген әрбір ауру адамды қаржыландыру сияқты жаңа механизмді енгізді: жан басына шаққандағы норматив қажетті медициналық көмектің көлеміне, өңірдің ерекшелігіне қарай анықталды. Яғни емханаларда тіркелген тұрғындар саны көп болса, онда мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де соншалықтықомақтыболмақжәнебұлқаржылар дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалуы тиіс болды.

Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен бірге медициналық қызмет сапасын, айыппұл санкциясы жүйесін бақылау, медициналық көмектің әртүрлі параметрлерін бағалау анықталды.

Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесіндегі қол жеткен  табыс  деп  сапа бағалау институты мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін бағдарламаланған сапа элементтерін, сапаны бағалау критерийлерінің халықаралық тәжірибесін ескерген арнайы әдістемелік негізде дайындалды.

2005-2010 жж. мемлекеттік бағдарлама Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесін қосты.   ҚР   Президенті,    ұлт    көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Ұлт денсаулығын жақсартуда айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыруда оның ұйымдық жүйесі басқару мен қаржыландыру қайта құрылды», – деді [3].

Жолдауда денсаулық сақтауға жыл сайын қомақты қаржы бөлінетіні, тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмір сүру жастарының ұзақтығы, балалар реабилитациялық орталықтары мен ана және бала орталықтары, нейрохирургия, жедел медициналық көмек, кардиология орталықтарын қамтыған кластерлік жүйе енгізілгені туралы айтылған. Сонымен қатар олардың қатарына арнайы салынып жатқан мамандандырылған медициналық мекемелерді, жасанды ұрықтандыру бағдарламасына жыл сайынға бөлінетін квоталарды, қоғамға қауіпті арурулармен күресуді жатқызуға болады.

Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.

«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді.

Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар.

Олар:

  • ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі;
  • денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;
  • медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;
  • аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;
  • мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;
  • жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.

Осы міндеттер бүгінге дейін көрініс беруде және оны шешу үшін кешенді түрде шешім қабылдауды қажет етеді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Указ Президента от 16.11.1998. №4153 «О государственной программе «Здоровье народа». [Электронный ресурс]Режим доступа: “http:kazakhstan.news-city.info/docs/sistemsb/dok_oeqgzi/”.
  2. Указ Президента Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года № 1438 Государственная программа реформирования и развития здравоохранения РК на 2005-2010 годы. [Электронный ресурс]-Режим доступа: ‘http://do.gendocs.ru/docs/ index-279252.html’.
  3. Послание Президента РК – Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». [Электронный ресурс]-Режим доступа: http:www.bnews.kz/ru/videonews/post/115508/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.