Сақтандыру түсінігінің анықтамасын анықтауда әртүрлі теоретикалық мектептердің көзқарастары қалыптасқан. Бір зерттеушілер сақтандыру қызметі адамдар тап болатын қауіптермен күресу тәсілі деп түсіндірсе, басқалары мүлік пен ақша қаражаттарына деген қажеттілікті, сол мүлік немесе ақша шығынға ұшырағанда және азайғанда қанағаттандыру механизмі деп түсіндіреді. Кейбір ғалымдар сақтандыру қызметі негізінен залалдың салдарын жоюға арналған болашақтағы ақша қажеттіліктерімен қамтамасыз етілу деп санады.
Танымал зерттеуші, профессор В.И. Серебровский мен Х.Я. Гобидың теориясын қарастыра келе, сақтандыру қызметі дегеніміз көптеген тұлғалардың арасында болашақтағы, белгісіз және кездейсоқ қажеттіліктерді бөлу нысаны деп тұжырымдайды. В.И. Серебровский өз түсіндірулерінде Гобидың теориясынан бастау алатын, сақтандыру қызметінің негізгі мақсаты кездейсоқ қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады деп көрсетеді. Негізінде, сақтандыру қызметі тәжірибеде көрсеткендей, сақтандыру қызметі белгілі бір кездейсоқ жағдай туындауынан азаматтар мен заңды тұлғалардың белгілі бір мүліктік немесе ақша қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде белгілі [1, c. 9].
Сонымен, Х.Я. Гоби, В.И. Серебровский өз зерттеулерінде сақтандырылушылардың мүліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру сақтандырудың мақсаты деп түсіндірді. Сонымен қатар бұл мақсат кездейсоқ жағдайдың туындауымен байланысты деп санады. Осы соңғы белгіге қарап, сақтандыру төлемі түрінде мүліктік немесе ақшалай қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Керісінше жағдайда, сақтандыру институтын қолдану қажеттілігі болмай қалар еді, мысалы, көрсетілген қажеттіліктерді қоғамда бұрыннан қалыптасқан сауда айырбас, сыйға тарту тәсілдерімен қанағаттандыруға болатын еді.
Сондықтан, қажеттіліктерді қанағаттандыру бұл әдеттегі тұрмыстық-шаруашылық мәмілелер немесе әдеттегі материалдық тұтынудан жақсы нәтежиелерге ие болу емес, кездейсоқ факторлардан әсерінен келген салдармен қажеттіліктерді қанағаттандыру. Басқаша айтқанда, қажеттіліктерді алдын ала болжауды қажет етеді, ол іске асуы да, аспауы да мүмкін, бірақ қамтамасыз етілуді қажет етеді. Жоғарыдағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өзара салымы негізінен бірнеше тұлғалардың қатысқан ақша қорларының жинақталу механизмі пайдаланылады. Осы жағдай сақтық қорының теориясының сақтандыру доктринасында пайда болуына алып келді.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдары есебінен сақтық қорын құру және бұл сақтық қоры арнайы мамандандырылған ұйымның басқаруында болады және бұл сақтық қорын құруға өз салымдарын салуға қатысқан тұлғаларда күтпеген және төтенше апаттардың салдарынан шығын келтірілген жағдайда ғана қолданылатындығын кейбір ғалымдар қайтарымдылық қағидасына сүйенеді деп түсіндірді. Қайтарымдылық қағидасы сақтандыру қатынастарының экономикалық негізі болып табылады.
Сақтандыру қызметі – күтпеген жағдайдан болатын құндылықтардың жойылуының болдырмауға арналған қордың жинақталатын жеке шаруашылық қызметтің түрі.
Субъективті тұрғыдан қайтарымдылық қағидасы мүдделі тұлғалардың өзіне болашақтағы болатын мүліктік жағымсыз салдарды болдырмау еркін білдіреді. Сондықтан өзіне жағымсыз мүліктік салдарды болдырмау ниетімен мүдделі тұлғалар басқа тұлғаға, яғни сақтандыру ұйымына жүгінеді. Көрсетілген тұлғаның ниеті болашақта ақша немесе басқа мүлік алуға бағытталады, бұл ниетті іске асыру тек белгілі шығындармен, яғни болашаққа салым салумен ғана іске асады.
Шындығында, тәжірибе көрсеткендей, жалпы қажеттіліктерді қамтамасыз етуге мүдделі тұлғалардың саны бір ғана тұлғамен шектелмейді. Мүдделі тұлғалардың ақша қаражаттарынжинақтауменарнайыосымақсатта құрылған қор айналысады, ол сақтандыру қоры деп аталады және де сақтандыру қоры негізінен ақша салымын салған мүдделі тұлғалардың әрқайсысының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет. В.К. Райхер дәлелдегендей, мұндай сақтандыру қорының құрылу нысаны дамыған түрдегі сақтандыру қызметі болып табылады.
В.К. Райхер сақтандыру қоры туралы теорияны дамыта келе, сақтандыру қорының құрылу тәсілдері мен көздерін, олардың пайдаланылу мақсатын атап өтеді. Сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы ақылы бастауға негізделген сақтандыру қорының құрылу қағидасын анықтайтын құқықтық механизмге баса назар аударылған [2, с. 106].
Сақтандыру қызметі саласындағы қазіргі зерттеушілер сақтандыру ісінің ұйымдастырылуының экономикалық негізі сақтық қоры болып табылатындығы бұл көзқарас бойынша да күмән тудырмайды, бірақ сақтандыру түсінігіне анықтама бергенде сақтық қорының құрылу нысаны деп қарау, сақтандырудың мақсатын, яғни төтенше және болжанбаған кездейсоқ жағдайдың туындауынан шығындалған материалдық құндылықтарды орнын толтыруға бағытталғандығын ашып көрсетпейді, жалпы сақтандырудың толық анықтамасын бермейді.
Сақтандыру тәуекелі теориясы негізінен экономикалық көзқарасқа негізделген және барлық сақтандыру түрін біріктіреді. Бұл теория жалпы сақтандыру доктринасындағы барлық көзқарастарды біріктіруші бағыттағы теория болып табылады. Тәуекелсіз қазіргі сақтандырудың болуы мүмкін емес. Сақтандыру тәуекелі теориясына сүйене отырып, экономистер сақтандыру статистикасы әдістемесін ойлап шығарды, яғни базалық тарифтер мен коэффициентін анықтай отырып, сақтандыру сыйлықақысын есептеп шығарады. Бұл сақтандыру доктринасындағы ұлы жаңалық болды.
Сақтандырудың анықтамасын анықтауда заң ғылымының өкілдері барлық теорияларды біріктіре келе сақтандыру түсінігінің және оның барлық түрлеріне қолданылатын ортақ бірыңғай ұғымын беру үшін өз үлестерін қосты. Құқықтанушылар сақтандыруды шарт ретінде анықтауды ұсынды.
Г.Ф. Шершеневич: «Сақтандыру бір тұлға сақтандырушы екінші тұлға сақтандырылушыға шарты төлем негізінде келісімде көрсетілген бақытсыздық жағдайда зиянның орнын толтыруға міндеттенетін шарт деп түсіндіреді [3, с. 322]. Бұл теорияның ерекшелігі қайтарымдылық (өтелетін) қағидасында, бұл қағида шартта екінші тараптың қатысуын қарастырады. Шартқа екінші тараптың қатысуы сақтандырудың басты ерекшелігі болып табылады. Қайтарымдылық қағидасы шарттың екінші тарапына сақтандырушыға кездейсоқ зиянды сақтандыру төлемдері есебінен өтеттіріп алу міндеті жүктеледі. Сақтандырылушының сақтандыру төлемдерін ортақ сақтық қорына енгізуі сақтандырылушыға көптеген сақтандырылушылардан құралған ақша қорынан төлемді қамтамасыз етуді талап ете алады.
Әртүрлі теоретикалық мектептер мен бағыттардың көзқарастарының негізінде сақтандырудың мәнін, мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын бірыңғай сақтандыру доктринасы жатты. Сонымен қатар сақтандыруға тән экономикалық, құқықтық, әлеуметтік ерекешеліктер мен белгілер ескерілді.
Құқықтық көзқарас бойынша В.И. Серебровский сақтандыруды жекелей және екіжақты құқықтық қатынас түрінде анықтайды, белгілеріне бұл құқықтық қатынастың тәуекелділігін, құқықтық қатынастың мақсатына қажеттілікті қанағаттандыру, ақылы болуы, сақтандырушының жауапкершілігінің шектеулілігін жатқызады.
В.И. Серебровский жоғарыдағы аталған белгілердің ішіндегі бастылары деп сақтандырудың тәуекелділігі мен оның мақсатын атап өтеді [2, с. 37].
Сақтандыруды осы саладағы қазіргі зерттеушілер профессор Маслоудың 1954 жылы ұсынылған теориясы арқылы қарастыруды ұсынады. Маслоудың теориясы бойынша, қауіпсіздікке қажеттілік жеке адам мен адамдар топтарындаң қажеттіліктер пирамидасындағы негізгі қажеттілік болып табылады. Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктер пирамидасы көрсетілген төменнен жоғары қарай көрсететін болсақ:
- физиологиялық;
- қауіпсіздікке қажеттілік;
- біреуге тиісті болу, сүюге және сүйікті болуға деген қажеттілік;
- құрметке, сыйлы болуға деген қажеттілік;
- өзін-өзі танытуға деген қажеттілік [4, с. 9]. Көріп отырғанымыздай, қауіпсіздікке қажеттілік
- маңызды қажеттіліктердің бірі. Бұл жағдайда, сақтандыру адамзат қоғамына тән негізгі қажеттілікке жауап береді және де қоғамдық қатынастар жүйесінде тұрақтылық элементін орнықтырады.
Сақтандырудың экономикалық мазмұны адамдардың материалдық қажеттіліктерімен анықталады. Сақтандыру қызметінің мақсаты келтірілген ақшалай түрде зиянның орнын толтыру, осы зиянның көлемін анықтауға қажеттілік туындайды.
Сақтандыру қызметінің экономикалық және құқықтық арақатынасын анықтау мәселелері сақтандыру ісі саласындағы әртүрлі көзқарастарын білдіруші теоретиктері мен практиктері арасында зерттеу пәні болып отыр. Сақтандыру қызметінің теориялық мәселелерін зерттеумен айналысушы экономикалық мектептің өкілдері сақтандырудың негізінен экономикалық мәнін ерекшелеп көрсетеді. Экономистер сақтандыруды сақтанушының ақша қорларының жиналуы мен қайта бөлінетін қаржылық институт ретінде қарастырады.
Ақша қорларының қалыптасуында сақтандыру жағдайының туындау мүмкіндігін анықтау тәсілі пайдаланылады. Мұндай есептеулер эквиваленттілік қағидасы бойынша іске асады, сақтандыру сомаларының жиынтығы жалпы жинақталған резервтік қордан асып кетпеуі қажет. Бұл көзқарасқа сүйене отырып, сақтандыру саласының зерттеушілері зиянды қайта бөлу теориясын қолдайды.
В.К. Райхер сақтандырылған қауіптен келген зиянның орнын толтыру көзі көптеген тұлғалардың ұсақ салымдары негізінен алғашқыда бірорталықтанбаған, кейінірек сақтандыру ұйымы басқаратын орталықтанған қорға айналған сақтық қоры болып табылады [2, с. 18]. В.К. Райхердің көзқарасын қолдаушы
В.В. Шахов қол жеткізген өмірдің деңгейі мен тұрақтылығын және үздіксіз өндіріс процесінің қамтамасыз ету үшін адамдардың объективті қатынасы жинақтала келе, сақтық қорғауының экономикалық санатын құрайды. Сақтандыру тәуекелі мен қорғау шараларында сақтандыру қорғауының экономикалық санатының мәнінен тұрады [5, с. 6].
Егер табиғаттың қолайсыз жағдайлары мен төтенше оқиғалардың жағымсыз салдарынан нәтижесінде қоғамдық өндіріс процесі тоқтатылсанемесебұзылса, ондақоғамалдынала ескерту, болдырмау шараларын қолдану керек, егер олар күтілген нәтиже бермесе, келтірілген материалдық зиянның орны толтырылуы және жұмыс күшінің жұмысты жалғастыруға қолайлы жағдай жасау керек. Материалдық шығынға ұшырататын төтенше апаттар алғашқысында адамдар арасында кездейсоқ оқиға ретінде қабылданса, уақыт өте келе, табиғаттың төтенше апаттары мен басқа да қолайсыз құбылыстар, төтенше жағдайлар қоғамдық өндірістік сипатқа қарама-қайшылықпен байланысты объективті, табиғи, заңды процесс.
Қоғамдық өндіріс процесі екі қарамақайшылықты бастамаға ие. Бір жағынан, адам мен табиғаттың, адамның табиғаттың төтенше күштеріне деген күресімен байланысты болса, екінші жағынан, адамдардың мүліктік және басқа әртүрлі мүдделеріне байланысты қоғамдық қатынастарға түсетін қоғам арасындағы қарама қайшылық. Басқаша айтқанда, қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипаты объективті түрде әсер етеді. Қоғамдық өндірістің тәуекелдік сипаты адам мен табиғаттың төтенше қиратушы күштерімен күресу үшін адамдар арасында алдын ала ескерту, жою, келген шығынды өтеу қатынастарын тудырады. Бұл санаттың негізгі белгілерін Рейтман былай көрсетеді:
- Қиратушы оқиғаның кездейсоқ болу сипаты.
- Натуралды және ақшалай өлшенетін зиянның төтенше болуы.
- Алдын ала ескертудің объективті қажеттілігі.
- Материалды және де басқа зияндардың өтелуі [6, с. 7-8]. Көрсетілген белгілер жиынтығында адамдардың өндіріс қызметінде сақтандыру тәуекелі болуын және өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау шараларының қажеттілігін көрсетеді.
Сақтандыру тәуекелінде және қорғау шараларында қоғамдық өндірісті сақтық қорғауында экономикалық санаттың мәнінен тұрады. Экономикалық санатта көрсетілгендей өмірді қорғауда өткізу үшін материалдық зиянның орнын толтыруға ұлттық өнімнің белгілі бір бөлігін жинақтау арқылы сақтық қорын құру қажеттілігі туындайды. Жоғарыдағы пікірлерде сақтандырудың мәні экономикалық тұрғыдан қарастырылды, ал құқықтық тұрғыдан көрсетілгенқорларға қайтабөлуүшінсақтандыру мәмілесіне қатысушыларының еркі белгілі құқықтық қатынастарды бекіту, орындау, тоқтату арқылы көрінеді. Сондықтан да В.И. Серебровский сақтандыру бұл, ең алдымен, құқықтық қатынас деп көрсетеді [1, с.328]. Өз кезегінде, сақтандыру қатынастарын реттеу тәсілі белгілі бір азаматтық-құқықтық шартты жасасу арқылы сақтандыру құқықтық қатынастары пайда болады және бекітіледі. Сондықтан да сақтандыру құқықтық қатынастарының негізгі мақсаты – болашақтағы күтілетін және болуы мүмкін зияндардан жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау. Сондықтан сақтандырудың құқықтық және экономикалық мәні өзара байланысты және тең дәрежеде сақтандырылуын қамтамасыз етеді.
Л.Ю. Рейтман сақтандыру қатынастарының құқықтық және экономикалық мәні арасындағы өзара байланысты сипаттай келе, сақтандырудың іс жүзінде іске асуы үшін әрбір сақтанушымен жеке сақтандыру қатынастары қажет. Бұл аталған сақтандыру қатынастарын реттейтін заңдар және ережелер мен методикалық материалдар арқалы ғана жүзеге асады [6, с. 46].
Сақтандырудың құқықтық мәнін сақтандыру құқықтық қатынастары сақтандырудың барлық негізгі және қосымша шарттары көрсетілген шартнегізіндебекітіледі. Сондықтан Ю.А. Слептухов и Е.Ф. Дюжиковтың [7, с.15] ұстанымы бойынша сақтандыру қатысушыларының өзара қатынасы үшін сақтандыру шартының шарттары маңызды, жасалған шарт қол қойылмай тұрып мұқият танысқан болуы қажет.
Негізінде, сақтандыру күтпеген жерден туындайтын, залал-зардап сияқты келеңсіз нәтижелері бар табиғи төтенше және өндірістік аялардағы апатты жағдайлардан заңды және жеке тұлғалардың мүліктік, қаржылық басқа да мүдделерін қорғауға арналған мақсатты сақтандыру қорларын құрудан тұрады. Ал сақтандыру қорларын құрайтын, қалыптасқан түсім көздеріне ерікті және міндетті негізде алынатын заңды және жеке тұлғалардың сақтандыру жарналары жатады [8, 178-179 б.].
Байқағанымыздай, әдебиеттерде сақтандыру экономикалық санат ретінде әртүрлі мағынаға ие. Ал сақтандыру қоғамдық қызмет түрі ретінде терең зерттелмеген. Сонымен қатар біздің ойымызша сақтандыруға қызмет түрі ретінде қарау сақтандырудың құқықтық мәселелерін шешу үшін қажетті алғышарт болып табылады.
Аталған аспектіде сақтандыру сақтандырушының сақтық төлемдерін жинау және қайта бөлу жолымен құрылған сақтық қорынан сақтанушыда әртүрлі төтенше және қолайсыз табиғат жағдайлары салдарынан туындайтын шығынның орнын толтыру үшін заңмен немесе шартпен белгіленген төлем төлейтін сақтандыру ұйымдарының қызметі ретінде қарастыру керек. Сақтандыру қызметін тәжірбие жүзінде жүзеге асыру үшін әрбір сақтанушымен жеке анық сақтандыру қатынасы қажет. Сақтандыру қызметі ол қызметке қатысушыларының, яғни сақтандыру ұйымы мен сақтанушының байланысы арқылы көрініс табады және өзіндік нысан мен мазмұнға ие арнайы қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Сақтандырудегеніміз 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Сақтандыру қызметi туралы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 1-тармағы бойынша «Сақтандыру дегенiмiз – сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Ал сақтандыру қызметi – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi» [9].
Сақтандыру қызметін экономикалық және құқықтық көзқарас тұрғысынан қарастыруымызға болады. Құқықтық тұрғыдан сақтандыру
Азаматтық құқықпен және сақтандыру шартымен реттелетін сақтық қорына қатысушылардың арасындағы сақтық қатынастар кешені болып табылады. Ал экономикалық тұрғыдан, сақтандыру – ақша қорларын қайта бөлу процесі.
Қайта бөлу процесінің ерекшелігі мынада:
- Қайта бөлу қатынастары сақтандыру қатынастарына қатысушыларға қатысты төтенше жағдайдың туындауымен сақтандыру іске асырылады және сақтандыру қатынастары тәуекелдік сипатқа ие.
- Қайта бөлу қатынастарының негізі сақтандыруға қатысушы тұлғалардың арасында ақша қорларын қайта бөлу болып табылады. Бұл қайта бөлудің мәні сақтық қорларындағы жинаған барлық қатысушылардың ақша қорлары сақтандыру оқиғасы туындаған тұлғаға ғана төлем жүргізіледі.
Сонымен, cақтандыру қызметі дегеніміз төтенше оқиғалар, қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар туындаған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қызмет ететін, зиян келтірілген жеке және заңды тұлғаларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құратын және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы болып табылады. Ол сақтандыру шартында көрініс тауып, сол арқылы жүзеге асырылады.
Әдебиеттер
- Серебровский В.И. Избранные труды по наследственному и страховому праву. М.: Статут (в серии “Классика российской цивилистики”), 1997. -567 с.
- Райхер В.К. Общественно-исторические типы страхования. – М.: ЮКИС – 1947-279 стр.
- Шершеневич Г.Ф. Курс торгового права. М., 2003. Т.2.
- Теория и практика страхования. Учебн.пособие – М.: Анкил, 203 – с.704.
- Шахов В.В. Страхование. – М., 2000 311 с
- Страховое дело. Учебник: под редакцией Л.И.Рейтмана. – М.:1992, 524 c.
- Слептухов Ю.А., Дюжиков Е.Ф. Страхование: Учебное пособие. – М., 2002 – 312 с.