Қазақстан Республикасы аграрлық саясатыныңстратегиялықнысанасыотандықөндірісті ұлғайту, өнім сапасын жақсарту және оның өзіндік құнын әлемдік бәсекелестік деңгейінен асырмау, халықты экологиялық азық-түлік өнімдерімен, ал өнеркәсіпті шикізатпен толық қанағаттандыру болып табылады.
Қазақстанның аграрлық секторы әлеуметтік-экономикалық жағынан терең түрлендірілді, шаруашылықты жүргізудің экономикалық механизімі өзгерді, щаруашылықтың жаңа нышандары қалыптастырылды. Экономикасы дамыған елдер тәжірибесі аграрлық өндірісте жандандырмай елдің азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешу және дамыған нарықтың қатынастарды қалыптастыру мүмкін еместігін дәлелдеп отыр . Аграрлық саясат ол ауыл шаруашылық өндірісі мен агробизнестің басқа да салаларын тиімді дамытуға бағытталған және осы негізде халықтың тұрмыс дәрежесімен елдегі қоғамдық процестің дамуын қамтамасыз ету саясаты.
Бүгінде кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке қолайлы алқаптары бар Қазақстанның ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет елдік мамандар ерекше атап отыр. Қазақстан – аумақтық және жаһандық азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор мемлекет. Агроөндіріс кешенін дамытуға қажетті жер және табиғи ресурстарымыз мол. Елде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Өйткені мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт көздерін ашу үшін инвестициялар да көптеп тартылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан – астық пен ұн экспорттау жөнінен көшбастаушы. Ал бұл Қазақстанның жаһандық азық-түлік нарығы үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп отыр, сонымен қатар жаһандық ауыл шаруашылығы жүйесіндегі Қазақстанның атқарар рөлінің маңыздылығын атап өткен жөн. Өзінің бай табиғи қазынасының арқасында біздің мемлекет ауыл шаруашылығы өнімін ұлғайту бойынша зор басымдықтарға ие. Соның арқасында Қазақстан жаһандық азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзін жаңа деңгейге көтере алатыны сөзсіз.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні – аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға болады [1].
2011 жылы біз тәуелсіздік алғалы бері 29 миллионнан аса көлемде астық жинау бойынша, рекордтық көрсеткіш жасалып, 15 миллион тонна бидайды экспорттадық. Осы жылғы көрсеткіште жаман емес. Жер көлемі жағынан алты құрлықтағы мемлекеттер ішінен тоғызыншы орын алатын алып Қазақстанның егістік алқаптарының ауданы да ауыз толтырып айтарлықтай. Шаруалар жылына шамамен 20 миллион гектардан астам жерге ырыс дәнін себумен келеді. Соның сексен, ал кейбір облыстарда тоқсан пайызына дейін тек арпа, бидай өсіріледі екен. «Арпа, бидай ас екен» деп ескі әнде шырқалатындай, астығымыз ел эконономикасына елеулі үлес қосып отыр. Дегенмен өткен жылғы бидай бағасының төмендігі, қазақ бидайының сапасыздығынан өтпей, әлі күнге дейін қамбада жатуы ойды сан салаға жүгіртеді. Тіпті, нарығы түбі жоқ бөшкеге теңелген Қытайдың өзі 28 пайыздан төменгісін алмай отыр. Ал біздің диқандар өсірген дәннің
15 пайызы ғана осындай сапаға ие. Не істеу керек? Дақылдың бір емес, бірнеше түрін еккен пайдалы екенін түсінуіміз керек. Мысалы, өткен жылы майлы дақылдардың бағасы бидайға қарағанда төрт-бес есе қымбат болған. Сондықтан да болар, биыл күнбағыс, рапс, зығыр тұқымдарын салушылар күрт көбейді. Ел бойынша алдағы күзде диқандар бұрынсоңды болмаған 1,7 миллион гектар жерден осындай дақылдарды оруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, биылғыдай қуаңшылық болған жылы майлы дақылдардың бағасы одан да жоғары болады деп күтілуде [2]. Осыдан екі жыл бұрын елімізде болған логистика проблемасын алдын алып шешу керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында он сан қатер көрсетілген. Соның бірі – жаһандық азықтүлік қауіпсіздігіне төнетін қатер. Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса,осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз. Ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады [3].
Ауыл шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдіказық-түлікнарығыныңкөшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ. Егістіктүсімін, еңалдымен, жаңатехнологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.
Әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз. Экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешеннің алдына экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндеті қойылған.
Ауыл шаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту.
Бұл – өзекті міндет. Бұл арада бізге: Жер өңдеу мәдениетін өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет.
Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек.
Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-дегі ауыл шаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждығы үшін бізге аса көп су көлемі қажет. Осыған байланысты біз: Басқа елдердегі, мысалы, Австралиядағы сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешудің озат тәжірибесін мұқият зерделеп, оны біздің жағдайымызда пайдалануға тиіспіз.
Бізге елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет.
Агроөнеркәсіп секторында ылғал үнемдеу технологиясына кешенді түрде ауысуға тиіспіз [3]. Міне, осы жолдауда айтылған бағыттар тек қағаз бетінде қалып қоймай жүзеге асса, елімізде егін шаруашылығы ел экономикасының локомативі болар еді.
Ауыл шаруашылығы – мемлекеттік саясат арқылы реттелетін экономика сферасы. Аграрлық экономиканы мемлекеттің жоғары деңгейде қолдауы мақсаты ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді мекендердің дамуына ықпал ету, өндірушінің мүмкіндіктері мен тұтынушы сұранысы арасындағы балансты қалыпты ұстау сияқты маңызды стратегиялық міндеттерді шешумен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау – бұл аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің ажырамас бөлігі.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері мен мал басының ауруына қарсы күрес бойынша алдын алу шараларына, егінжай шығымдылығының төмендеуімен байланысты қолдау, бағалық қолдау және субсидия түрлерін осы шараға сәйкестендіру, импорт, экспортты, ішкі республика аралық азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізаттарының тасымалдауды бақылауды жүргізіп отыру қажетпіз.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан бір шаруашылық түрінің дамуы Агроөнеркәсіптік кешеннің басқа түрінің дамуымен байланысты. Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары. Ауыл шаруашылық жерлеріне қолайсыз факторлар – құрғақшылық, жел және су эрозиясы, топырақтың тұздануы мен батпақтануы әсер етеді. Сондықтан жерді мелиорациялау (жақсарту) шараларының егістік жерлерді суарудың, жайылымдарды суландырудың; ағаш отырғызудың, құмдарды бекітудің, жер бетін тегістеудің жолын табу керек;
Ауыл шаруашылығымен айналысуда тәуекел көп болады және бұл шаруашылық түрі басқа шаруашылыққа қарағанда табиғатқа байланысты. Табиғаттың қолайсыз жағдайларынан шаруалар көп шығынға батуы мүмкін, сондықтан ауыл шаруашылығымен бәрінің айналысуға батылы бара бермейді. Осы шиеліністің алдын алу үшін ауыл шаруашылығындағы қызметті сақтандыруды жетілдіру керек. Елімізде 12,4 млн гектардан астам алқап сақтандандырылған, бұл сақтандандырылуға тиісті жалпы егістік аумағының 74%-ын құрайды (күзгі дақылдарды қоспағанда).
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ағымдағы ақпараты бойынша, оның ішінде 120 мың гектар егістік жердегі ауыл шаруашылығы дақылдары шықпай қалды, бұл барлық сақтандандырылған алқаптың 1%-ын құрайды (өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 800 мың гектарды құраған). Атап өтетіні, аталған көрсеткіш артуы мүмкін, себебі алқаптарды тексеру жұмыстары барлық аймақтарда толық аяқталған жоқ. Әдеттегідей, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында егіс алқаптары құрғақшылықтан зардап шекті. Ал Ақмола облысының егістігіне жауған бұршақ пен ылғалдың тым көп болуы кері әсерін тигізген [4]. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533 Заңы осы мәселені реттеуде қауқарсыз болып отыр. Бұл заңның кемшіліктері де баршылық. Мысалға, аталған заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес: Мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сыйлықақысын мерзiмiн ұзартып төлеу жағдайларында сақтандыру сыйлықақысының кезектi сомасын уақтылы төлемеген жағдайда сақтанушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде сақтандырушыға тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi делінген. Ал 9-бапта сақтандырушының міндеттері берілген, бұл жерде сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру соммасын төлемегені үшін еш жауапкершілік туралы айтылмаған [5]. Осы кемшіліктерді жою мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін міндетті сақтандыру туралы ережелерді азаматтық заңнамаларға енгізіп, ҚР Азаматтық кодексінің 807-бабының 1-тармағына, яғни сақтандыру объектісіне ауыл шаруашылығы өнімдері деп 5-тармақшаны енгізу керек.
Жер қатынастарын жетiлдiру мақсатында жердi тиiмсiз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк тетiктерiн көздейтiн заң актiлерiн әзiрлеу, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң кредит ресурстарына қол жеткiзуiн ұлғайту, жер пайдалануды жақсарту үшiн мүмкiндiк бередi;
Заң актiлерiне лизингiлiк техниканы арзандатуға, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң машина-трактор паркiн жаңарту көлемiн ұлғайтуға бағытталған қаржылық лизинг мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет. “Астық туралы” Қазақстан Республикасының Заңына “астық қолхаты туралы” ұғымын кеңейту және дербес құжаттық ордерлiк бағалы қағаз ретiнде “астық қолхаттарының” айналысын құқықтық реттеу бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, бұл банктiң кредит беруiне арналған кепiл құралдарының базасын кеңейтедi және аграрлық азық-түлiк секторының қаржылық тәуекелдерiн азайтады.
Ирригациялық құрылыстарға меншiк қатынастарын реттеу, суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiн, суармалы-суландыру жүйелерiнiң жай-күйiн бағалаудың мониторингiн жүзеге асыру, ерекше авариялық шаруашылықаралық гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру, ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң жаңа редакциясын әзiрлеу, оның iшiнде су пайдаланушылар бiрлестiктерiнiң ұйымдастырылуы және жұмыс iстеуi жөнiнде нормаларды қарастыру қажет.
Ауылшаруашылығытауарынөндiрушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн табиғи сипаттағы дүлей апаттар мен қауiптi эпизоотиялардың қатерiнен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында “Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу, бұл өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың, инвестициялау тәуекелдерiн кемiтудiң, қаржы ресурстарына қол жеткiзудi ұлғайтудың тұрақтандырушы факторы болады. Отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту және ДСҰ-ға кiру кезiнде елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету айқын аңғарылатын аймақтарды немесе тауарлардың топтарын қорғау элементтерiн сақтау мақсатында экономиканың басқа салаларындағыға қарағанда мемлекеттiк реттеу үлкен рөл атқаруға тиiс болатындай аграрлық азық-түлiк саясатын жүргiзу, “Ауыл шаруашылығы өндiрiсi мен ауыл шаруашылығы өнiмiн ұқсату салаларын мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын әзiрлеу қажет. Сонымен қатар қазіргі кезде маңызды болып отырған логистика мәселесін шешіп, реттеу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарының бірі Астана мен Алматы қалаларының айналасында азықтүлiк белдеулерiн қалыптастыру болып табылады. «Азық-түлiк белдеуiн» құрудың негізгі мақсаты азық-түлік нарығындағы бағаны тұрақтандыру және инфляциямен күрес болып табылады. Осындай бағдарламалар арқылы Қазақстан мемлекетінің әрбір аймақтарында қолға алынып азық-түлік тапшылығын азайтып, елді арзан азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, азық-түлік өндірудің сапасын және көлемін арттыруға болады. Бұл қадам азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғашқы қадам болып табылады.
Еуропа елдерінің ішіндегі алдынғы қатардағы мемлекеттердің, яғни Дания, Норвегияға қарағанда біздің мемлекетіміздің мүмкіншіліктері өте жоғары. Солтүстікте жатқан Скандинавия мемлекеттеріне қарағанда Қазақстан жерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіншілік өте зор.
Әдебиеттер
- «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы №143 Заңы.
- Сапарова А.А. Производство и рынок потребительских товаров на пути сабилизации и развития. – Алматы,
- ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсан
- http://www.aikyn.kz/news/view/31317
- «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы №533 Заңы.