Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кейбір құқықтық мәселелері

Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің   бір   бөлігі    болып   табылады, себебі бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Елбасы өзінің халқына кезекті жолдауында: «Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын   күрт   шиеленістіріп   отыр. Бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.Ауыл  шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасау толықтай қолымыздағы нәрсе. Бұл үшін бізге жаңа тұрпаттағы мемлекеттік ой-сана қажет болады», деген болатын [1].

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасызетуөтекүрделіжәнеөзектімәселеболып келеді. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі, себебі бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айту, әрине, оңайға соқпайды. Сондықтан да мемлекетіміздегі азық-түлік қауіпсіздігін толыққанды қамтамасыз ету мәселесі, менің ойымша, еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алуы қажет. Оның адам және азамат туралы тарауына адам мен азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын толыққанды бекіткен жөн. Тек осы жағдайда мемлекетіміздің көптеген заңнамалық актілерінде, техникалық регламенттерінде бекітілген азық-түлік және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қол жеткізе аламыз.

Гендіктүрлендірілгенөнімдердіпайдалану проблемалары. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз   ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, яғни тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы, қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенімділік пен сапаның болуы. Соңғы жылдары бұл мәселе өзінің маңыздылығын көрсетуде. Себебі тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдер сапасының төмендігі байқалуда. Сақтау мерзімі өткен, адам денсаулығының қауіпсіздігіне жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасалған импортты өнімдер саудаға түсуде. Бұл гендік инженерия әдістері арқылы алынған, өсімдіктен немесе жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңында ГМӨ не екені жөнінде түсінік берілген: «Генетикалық модификацияланған объекті дегеніміз – гендік-инженерия биотехнологиясы көмегімен алынған өсімдіктер, мал және микроорганизмдерді генетикалық түрлендірілген, ал олардан өңделген өнімдерді трансгендік тағамдық өнімдер немесе генетикалық модифицирленген (ГМК) көздер деп атайды. Әрине, айтылған жайттар ұрпағымыздың болашағына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай факторлардың орын алуы тамақөнімдерініңсапасынамемлекеттікбақылау мен қадағалау жүйесінің осалдығынан болып отыр, яғни елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріне, балалар тамақтарына, гендік түрлендірілген организмдердің, тамақ қоспалары мен бояғыштардың, биологиялық белсенді қоспалардың айналымына әлі де болса бақылаудың күшейтілуін талап етеді. Өкінішке орай, елімізде ГМӨ импорты бойынша статистика жүргізілмейді. Қазақстанда зиянды генетикалық модификацияланған өнімдерден сақтандыратын заң қажет. Бұл бүгінгі қоғамда өзекті болып отырған мәселелердің бірі. ГМӨ бақылау бойынша төменгідей қажетті іс-шаралар:

  1. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, нарыққа қауіпті, оның ішінде генді-модификацияланған өнімдердің түсуін бақылауды күшейту.
  2. Республикамызда генді-инженерлік азықтүлік өнімдерін таралуына жауапты ведомстволар мен министрліктердің жұмыстарын нығайтып, жүйелі ұйымдастыру қажет.
  3. Адамдар мен азаматтардың ГМӨ өнімдерін пайдалану  саласындағы  және   олардың ағзаға деген зиянды зардаптары туралы ақпаратпен толыққанды қамтамасыз етіп, құқықтық санасын дамыту, ақпарат тапшылығын болдырмау. Қазіргі таңда орта буын оқушылар мен студенттер арасында соңғы жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, бұл қоғам мүшелерінің ГМӨ дегеніміз не екенін толық білмеу фактілеріне куәгер болдық. Сауалнама алынған 100 пайыз студенттің 67 пайызы ГМӨ-ның не екенін, ал 86 пайызы олардың ағзаға тигізетін әсері туралы хабары жоқ, оқушылардың 85 пайызы ГМӨ-ның не екенін, ал 92 пайызы олардың ағзаға тигізетін әсері туралы хабары жоқ.
  4. ГМӨ өнімдердің адам ағзасына әсері ғылыми тұрғыда толық зерттеліп бітпейінше, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге, жүкті аналарға ГМӨ өнімдерін қолданудан бас тартып, халқымыз өз денсаулығы мен тамағының сапасына аса қамқорлықпен қарауды ұсынамыз. Себебі генетикалық модификацияланған өнімдердің пайдасы мен зияны туралы мәселе қазіргі уақытқа дейін әлі шешімін тапқан жоқ.
  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 4 мамырдағы N 411 Қаулысы бойынша 3 жасқа дейінгі балаларға ғана ГМӨ қолданылмайды   делінген,   біздің    ойымызша ГМӨ-ін толыққанды зияны  зерттелмегенше балабақшалардағы да, мектеп жастағы балардың да рационалды тамақтарында ГМӨ-ін қолданбау.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің құқықтық мәселелері. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020»  бағдарламасын  бекіту  туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысына сәйкес, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторының дамуын негізгі тежеуші факторлар мыналар болып табылады:

  • шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымағандығы, бұл қайта өңдеу қуаттылықтарының толық жұмыс істемеуіне әкеледі;
  • сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымағандығы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың жұмыс істеуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына әкеледі;
  • отандық ауыл шаруашылығы өнімдері менонықайтаөңдеуөнімдерініңішкіжәнесыртқы нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;
  • импорттың едәуір көлемінің болу себебі бойынша ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерін өткізудегі қиындықтар.

Осы арада техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде жасанды тауарлардың (декларацияланбайтын өсімдік майлары, соя қоспалары  және басқа  да  алмастырғыштар,консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар, т.б.) болуына зертханалық талдауды жүргізе отырып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет. Өз кезегінде бұл қолданыстағы техникалық регламенттерді метрологиялық сараптау жүргізуді  және  жетіспейтін  сынақ зертханаларын салу және жаңғырту, олардың материалдықтехникалық базасын нығайту, сондай-ақ сынақтар стандарттары мен әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылдауды талап ететін болады [2].

Үкіметтік емес ұйымдарға нарықта қолдан жасалған тамақ өнімдерін анықтау жөніндегі ісшаралар жүргізу құқығын беретін мәртебе беру мүмкіндігін пысықтау қажет.

Нарықты қорғау жөніндегі іс-шаралар идеологиялық қолдаумен нығайтылуы  тиіс. Бұл үшін отандық тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттау және халықтың отандық өнімдерге сенімділігін арттыру бойынша кең ауқымды науқан жүргізу қажет.

  • Тамақ өнімдерінің шикізатын өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібінің төмен  деңгейі; Еліміздің астық ресурстарын  толық игере алмағандықтан, одан сапасы өте төмен халықаралық стандарттарға жауап бере алмайтын өнімдерді алып отырғанымыз барлығымызға белгілі. Ол бәсекеге қабілетсіз, техногиялық инновация тұрғысына артта қалған қайта өңдеу өнеркәсіптерінің жұмысының нәтижесі.
  • Елімізде өндірілетін тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі; Осы саладағы мамандардың бағалауы бойынша отандық өнімдер сапасы, бағасы, ассортименті және қорабын дайындау мен безендіру сапасы жағынан елімізге әкелінетін өнімдерге орын беріп отыр.
  • Тамақ өнімдерін өндіру бойынша отандық стандарттардың халықаралық стандарттаға сәйкес еместігі; Қолданыстағы стандарттар жаңартуды талап етеді.
  • Тамақ өнімдерінің сапасын арнайы тексеруді жүзеге асыратын, құрамындағы азық қоспалардың, бояғыштардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің жол беруге болатын шекті мөлшерін, сапасы төмен өнімдерді анықтауға байланысты зертханалардың, құралдардың аппаратуралардың және ең бастысы арнайы біліктілігі бар мамандардың жетіспеушілігі орын алып отыр. Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бірқатар мемлекеттік тетіктерді жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау функциялары Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия  және  жаңа  технологиялар министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің, санитарлық-эпидемиялогиялық қызметтің және ветеринарлық қызмет арасында бөлініп кеткен. Осы жағдайда аталған органдар бір-бірінің қызметін қайталау жағдайлары орын алған. Бұл отандық тауар өндірушілерді тығырыққа әкеліп соқтырып, олардың шығарған өнімдерінің бағасын негізсіз жоғарылатуға әкеп соғады. Мәселен, қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тізгінсіз кетті десек болады. ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша жармалар (+38,4%), сұйық май (+96,8%), сүт және сүт өнімдері (+28,8%). Өзге де өнімдер 50 пайызға дейін қымбаттаған [7]. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысына сәйкес, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары болып табылады [3]. Сол себептен осы салада азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасын құру қажет. Оның құзіретіне, еліміздегі тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, ұқсату мен өткізу саласын бақылау мен қадағалау қызметін беру қажет.

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мәселелердің бірі, ол қолданыстағы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілу деңгейін жоғарылату. Атап кету керек, өзге экономикасы дамыған мемлекеттерде азықтүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы кешендінормативтікқұқықтықактініңқабылдану жағдайы орын алған. Көршілес мемлекет Ресейде 2010 жылдың ақпан айында Азық-түлік доктринасы қабылданды, ал оның федеративтік субъектілерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңнамасы қабылданған [4]. Қазіргі кезде Қазақстанда «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заң қабылданып, осы заңды жүзеге асыруға байланысты  20-дан астам Үкіметтің қаулылары, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауылшаруашылығы министрлігінің нұсқаулықтары мен бұйрықтары қабылданды, бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ бұл актілер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарын жанама реттегендіктен,арнайы «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» заңын қабылдаудың өткір қажеттілігі бар. Аталған заңда азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қағидалары, бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, атап айтсақ, азық-түлік қауіпсіздік жағдайының мониторингісі, азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қаржыландыру, азықтың сұранысы мен ұсынысын бағалау, азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарын мемлекеттік реттеу, осы саладағы органдардың құқықтары мен міндеттері т.б. жайттар қарастырылуы қажет.

Қазақстан Республикасындағы ветеринарлық қауіпсіздіктің құқықтық проблемалары. Еліміздің азық түлік қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылатын ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Себебі, тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК-ні дамыту үшін негізгі қауіп болып табылады. Шекара маңы өңірлері ауруларға неғұрлым ұшыраған, сол жерлерден инфекциялар одан әрі елдің басқа бөліктеріне тарайды. 2012 жылы жіті инфекциялық аурулардың 227 ошағы тіркелді, осының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынды. Мәселен ірі қара малдың бруцеллезы 75038 оқиға тіркелген, ірі қара малдың лейкозы 58756 оқиға тіркелген, т.с.с.  [5].  Неғұрлым  таралған  аурулар  ІҚМ мен ҰМ бруцеллезі және  ІҚМ  лейкозы  болып табылады. Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі жүйесін дамытуды бірқатар факторлар тежеуде. Мал басының  басым бөлігі жеке үй шаруашылықтарында ұсталады, бұл ветеринариялық бақылауды  қиындатады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйелер «фермадан үстелге дейінгі» өнімді бақылауды қамтамасыз етпейді, эпизоотиялық қадағалау, аурулардың пайда болу мониторингі мен болжам жүргізуге қауқарлы емес. Малды бірдейлендіру рәсімі орталықтандырылмаған сатып алу, сырғаларды қайталау, жоғалту, сырға құнын иелерінің қайтармауы секілді бірқатар проблемалармен қиындатылған, сондай-ақ электронды бірдейлендіру жүйесі интернет желісімен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендер үшін қол жетімсіз. Ветеринариялық  препараттарды, диагностикумдарды қатаң бақылау жоқ. Қолданыстағы инфрақұрылым ветеринариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді, ветеринариялық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалар) барлық қажетті жабдықпен тиісті түрде жарақталмаған. Ветеринарлық қауіпсіздік адам өмірі мен денсаулығының болашақтағы кепілі екенін ескере отырып, оны қамтамасыз етуге байланысты келесі шараларды қолға алуымыз қажет:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Ветеринария туралы заңына мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған шара, үй жануарларын ауруға ұшырауына байланысты мәжбүрлі жоюдан келтірілген шығынды немесе өзге де жаппай қырылуға әкеліп соғатын ауруға ұшырауына байланысты сақтандыру қажеттігін ескере отырып, еліміздің сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес өзгерістерді енгізу;
  2. Еліміздің кеден заңнамасына тауарларды, соның ішінде азық-түлік өнімдері немесе олардың шикізатын кеденнен өткізу барысында азық-түлік және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету нормаларын енгізу және олардың жүзеге асырылуы мен сақталун қамтамасыз ету механизмін өңдеп енгізу;
  1. Тамақ өнімдері мен олардың шикізаттары, соның ішінде үй жануарларынан алынатын ет өнімдерін биологиялық, микробиологиялық және химиялық ластаудың деңгейін анықтауды жүзеге асыратын зертханалардың құрылуын заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету және оларға сәйкес білікті мамандардың щоғырлануын қамтамасыз ету;
  2. Ауыл шаруашылық өндірісінде пестицидтерді пайдалануды ең төменгі деңгейге жеткізу және мүмкіндігінше мүлдем пайдаланбау нормаларын заңнамалық айналымға енгізу және олардың сақталуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Послание Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 27 января 2012 года «Социально-экономическая модернизация главный вектор развития Казахстана // Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан 2013 «Әділет» // http://adilet.zan.kz/rus.
  2. Об утверждении Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013-2020 годы
  3. «Агробизнес-2020» Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2013 года № 151 // Информационноправовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан 2013 «Әділет» // http://adilet.zan.kz/rus.
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары туралы
  5. № 145 Қаулысы// Правовая база «Әділет».
  6. Государственная Дума обеспокоена вопросом обеспечения безопасного питания населения страны // Пищевая промышленность № 5. – 2010. – С.18-19.
  7. «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК // Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан 2013 «Әділет» // http://adilet.zan.kz/rus.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.