Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу жүйесінің негізгі мәселелері

Сот жүйесі жұмысының тиімділігі көп жағдайда   сот   орындаушыларына,   олардың өз жұмысын Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес мүлтіксіз жүргізілуіне байланысты. Себебі, сенімді атқарушылық іс жүргізу жүйесін қалыптастыру сот билігінің беделін арттырудың негізгі белгісі. Сондықтан, бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауды толығымен қалпына келтіру – сот актісінің шығып,  оның  заңды  күшіне  енуі ғана  емес,   оның   уақытында   орындалуында.   Сот   актілері   орындалғаннан   кейін  ғана біз азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған яғни даулы құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері қалпына келеді.

Елімізде    сот  шешімдерінің    жартысына жуығының орындалмайтындығы тек сот билігін реформалау мақсатын ғана жоққа шығарып қоймайды, сонымен қатар бұл реформа атқарушылық өндіріске де еңгізу қажеттілігін туғызады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында мұндай құбылысты    соттардың  және тұтас алғанда мемлекеттің беделін түсіретін кемшіліктердің бірі ретінде атаған болатын.

Шындығында  да,  егер   азаматтың   немесе ұйымның құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғаған сот шешімінің орындалуынан нақты нәтиже шықпаса, онда заңның әділдігі мен сот шешімінің заңға сәйкестігінен не пайда? Бұл мәселені түбегейлі шешіп алмайынша, бізге сот төрелігі саласындағы озық өзгерістер туралы айтуға ерте. Ал, сенімді атқару жүйесін қалыптастыру дегеніміз – мықты әрі беделді сот билігін құрудың ең басты шарттарының бірі. Бұл азаматтар психологиясында сот әділдіктің  айнымас таразысы дейтін сенім қалыптасуы керек.

Ал азаматтарда керсінше сот орындаушыларына да, сот жүйесіне де сенім азайып кеткен. Ендеше атқарушылық іс жүргізуде қайсысының міндеті орындалмайды, қайсысының рөлі жоғары деген сұрақтар туындайды. Сот пен сот орындаушысының іске қатысу мәселелері неде? және, ең негізгісі, сот қаулыларын орындауда олардың рөлін реттестіру мен оңтайландыру үшін не істеу керек?

Қазақстан Республикасының судьяларының 3-съезінде еліміздің Президенті сот жүйесі шешуге тиіс басты тапсырма ретінде сот қаулыларының орындалуын ерекше бөліп көрсетті. Бұл міндетті ары қарай жетілдіру мақсаты мен республика судъяларының 5 сезінде көтерген болатын.

Өзіміз білетіндей, сот шешімдерін орындалуы тәжірибе жүзінде сот билігінің негізгі сатысы. Бұл байланыста қоғамның пікірімен келіспеуге болмайды, сот жұмысы әсерінің бағасы және сот билігінің беделі қабылданған шешімдердің саны мен сапасына тәуелді емес, ол шешімдердің орындалуына азаматтар мен заңды тұлғалардын бұзылған құқықтар мен заңды мүдделердің қалпына келтірілуіне тәуелді.

Жүргізілген сараптама бойынша, сот қаулысының уақтылы орындалмауына әсер ететін негізгі факторлар мыналар:

  • орындалмаған нормативтік база;
  • атқарушылық іс жүргізуде сот орындаушылар мен судьялар билігінің дұрыс бөлінбеуі сот орындаушысының өз міндетін орындауда шынайы биліктің болмауы;
  • борышкерлердің төмен жауапкершілігі;
  • сот қаулысының орындалуының төмен қадағалануы;
  • сот орындаушысының әлеуметтік және физикалық қорғалмауы;
  • сот шешімдері орындалуының квалификациялық және материалдық жағынан төмен орындалуы.

Атқару ісінің сапасына соттың әсері жоғары болғанымен атқару ісінің сапалы және уақтылы орындалуы сот орындаушысының жұмысына тәуелді.

Жұмыстың ауыртпалығы мен көптеген қиындығы сот орындаушысына жүктелген. Сонымен қатар сот актілерін орындауға қатысты көптеген сұрақтар заңнамаларға сәйкес соттың формальді іс-әрекетімен немесе құптауымен айқындалған, бұл жағдайда сот орындаушыларының қызметі формальді тәуелділікте болады және көптеген қиындықтарға әкеп соғады.

Соңғы уақытта осындай өзекті мәселелерге Қазақстан Республикасының сот билігі органдары көптеп көңіл бөлуде, бұл мәселелердің шешімін таппай азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру мүмкін емес.

Сот орындаушысы атқарушылық өндірісте негізгі субъект болып табылады, сондай-ақ атқарушылық әрекеттері басталған сәттен бастап барлық негізгі жұмыстарды жүзеге асырады және атқару құжатын толық орындап, өндіріп алушыны қанағаттандырғанға дейін оған жауапты болады.

Қазақстан Республикасының сот орындаушыларының іс-әрекетіндегі негізгі мәселелер мыналар:

  • заңдылықтардың сақталмауы;
  • сот орындаушысының материалдық-техникамен дұрыс жабдықталмауы;
  • сот орындаушысының сот актілерін орындаудағы биліктің жеткіліксіз болуы;
  • соттардағы сот орындаушысының ісәрекетіне қатысты көптеген сұрақтардың ақаулығы;
  • жергілікті немесе республикалық бюджет негізінде қаржыландырылатын борышкерден өндіріп алу тәртібінің қиындық тудыруы.
  • соттық бақылаудың және соттың шығарған шешімдеріне жауапкершілігінің жоқтығы;
  • іздестіру шараларын және атқарушылық өндіріске келуден жалтарған тұлғаларды мәжбүрлі түрде жеткізуді Ішкі істер органдарының төмен дәрежеде орындауы;
  • борышкердің сот шешімін орындау жауапкершілігінің төмендігі және тағы басқа. Мысалы: атқару құжатын орындаудан жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған борышкерге сот айыппұл тағайындайды.

Сот орындаушысы кең көлемді құқықтарға ие. Бірақ қолайлы болып табылады ма? Немесе бұл құқықтардың барлығы ақиқат па? Кейбір сот орындаушыларының құқықтары құқыққа қарағанда міндетке көбірек ұқсайды.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңның 126-бабының 1-бөлімінің 5-тармағына сәйкес сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде пайда болған сұрақтары бойынша, мерзімді ұзарту жөнінде, атқарудың тәсілі мен тәртібінің өзгергені немесе борышкерді іздестіру жөнінде сотқа жүгіне алады [2].

Сот орындаушысы үшін шешімді орындау мақсатында борышкерде ақша сомасының болмауы қарапайым және күнделікті іс болып табылады, бірақ өндіріп алушы қабылдайтын қандай да бір мүліктің болуы мүмкін.

Атқарушылық іс жүргізу барысында атқару құжатынорындауүшінөндіріпалушыныңжазбаша келісімімен сот орындаушысы борышкердің мүлкін өндіріп алушыға беруі мүмкін. Бұл процесс жаңа қызметін бастаған сот орындаушысына да қиындық туғызбайды.

Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес өндіріп  алушының  келісімімен атқарушылық іс жүргізу әдісін өзгерту туралы, яғни өндіріп алушыға 50 мың теңгенің орнына тоңазытқыш немесе өзге де мүлікті беру мәселесін шешу үшін сот орындаушысы сотқа жүгінуге тиіс.

Істі қарау үшін сотқа беру көп уақытты алып, процестің орындалуын созуы мүмкін, ал негізіне келсек бұл процесті сот орындаушысы бірнеше сағатта ғана орындайды. Сондай-ақ сот орындаушысының артық уақыты мен іс-әрекеті сотқа жүгіну кезінде кетеді және оны негізгі іс-әрекетіне кедергі келтіріп, жұмысының толықтығы мен сапасына әсер етеді.

Сот орындаушысы іс-әрекеттерді жүзеге асыру барысында кейбір жағдайлар туындайды, яғни тараптар атқару парағын бірден орындауға келіспеген жағдайда оны біртіндеп орындауы мүмкін. Мысалы: борышкердің табысы өндіріп алушыға өндіріп алынатын ақша сомасын бірден төлеуге мүмкіндік бермесе, бірақ борышкер оны төлеуге келіссе, онда өндіріп алушының келісімімен бөліп-бөліп төлей алады. Сонда да бұл процесті жүзеге асыру және оған бақылау жасау ешқандай қиындық тудырмайтын сияқты. Жоғарыда көрсетілген норма, сот орындаушысын  мерзімді  ұзарту  үшін  сотқа жүгінуге итермелейді.

Әрине, бұндай шектеулер, яғни үнемі барлық мәселелерді сот арқылы шешу, сот орындаушысының атқару құжатын орындау сапасын төмендетпей қоймайды. Анықталған мәселелер заңның ақаулығынан да туындауы мүмкін. Мысалы: сот орындаушысы борышкердің ақша сомасын біртіндеп беру мәселесін шешу үшін қандай себеппен және негізбен сотқа жүгінетіні түсініксіз.

Сот орындаушының атқарушылық іс-әрекеттерді орындау барысындағы негізгі мәселелерінің бірі, ол сот орындаушының талаптарын орындамаған тұлғаларды жауапқа тарту барысында құқықтарының жетіспеуінде.

Сот орындаушының құқықтарын қорғайтын заңнамаларды сараптасақ:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 525-бабына сәйкес лауазымды адамдар мен жеке тұлғалардың сот орындаушылары белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары соттың және басқа органның қаулысына сәйкес табысынан ұстап қалу ісін жүргізу және өндіріп алынған соманы өніріп алушыға салып жіберу туралы, борышкердің өзге жеке және заңды тұлғадағы ақша сомасын және мүлкін өндіріп алу жөніндегі сот орындаушының  талаптарын  орындамауы не борышкердің жұмыстан босатылғандығы, оның жаңа жұмыс орнына, тұрғылықты жері туралы мәліметтерді, егер оған бұлар туралы белгілі болса хабарламауы. Жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, заңды тұлғаларға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады [3].

Бұл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасындағы сот орындаушының талаптарын орындамаған лауазымды тұлғалар мен жеке тұлғаларға қатысты негізгі норма болып табылады. Алайда мұндай жауапкершілік лауазымды тұлғалардың және азаматтардың сот орындаушының атаған тапсырмаларын орындамауды көбейтпесе, азайтатын емес. Сондықтан да бұндай шараларды қолданудың ешқандай мәні жоқ.

Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа да мүлкіне сот орындаушысы соттың санкциясымен ғана тыйым салады. Яғни, осыған сәйкес сот орындаушысы соттың шешімін орындау үшін өзінің іс-әрекетін санкциялауы тиіс.

Байқағанымыздай, көптеген соттың шешімдері өндіріп алушының пайдасына шешіле бермейді: ақша қайтарылмайды, жеке меншік те өзінің заңды иесіне қайтпайды. Алайда барлық шағымдар мен наразылықтар сот орындаушыға бағытталады.

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының №1 сот орындаушыларының аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы, сот орындаушыларының іс-әрекетіндегі негізгі мәселелерінің бірі болып, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңның бүгінгі күннен  әлдеқайда артта қалуында деп ойлайды. Нәтижесінде заң барлығына қарама-қайшы келеді. Мысалға: онда, сот орындаушысы әр түрлі органдардан қажетті ақпараттар, түсініктемелер мен анықтаулар алуға құқылы делінген. Ал тәжірибе жүзінде бұл көбінде мүмкін емес екендігін көрсетіледі. Көптеген сот орындаушылары ақша сомасынан өндіріп алу жөніндегі істермен жұмыс жасайды. Борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша сомаларынан өндіріп алуды сот орындаушысы инкассолық өкім ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Инкассациялық өкімге атқару құжатының түпнұсқасы не олардың сот мөрімен расталған көшірмелері қоса тіркеледі. Соттың санкциясына қарамастан кейбір банктер, құпиялықты сақтау мақсатында қажет анықтамаларды беруден бас тартады. Бірақ та «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі» туралы заңның 126-бабының 1-бөлімінің 3-тармағында Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, түсiнiктемелер мен анықтамаларды өтеусіз алуға құқылы [2]. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар оларды дереу, ал арнайы құжаттарды өңдеудi, дайындауды  талап ететiн жағдайларда үш күннен кешіктірмей сот орындаушысына беруге міндет жүктейді. Атқару  ісінің төмен орындалуының ең  басты мәселелерінің бірі – оның көпсатылығында. Тыйым салынған мүлікті, біріншіден, бағалау қажет. Екіншіден,  сауда-саттық  өткізілмеген деп танылған жағдайда, бастапқы бағасы 20% төмендеген бағамен қайталама сауда саттық белгіленді және сауда саттыққа шығарылған мүлік құны алғашқы бағасының 50 %-ы төмен болмауға тиіс. Осының барлығы ұзақ уақытты қамтиды және нәтижесінде өндіріп алушы ештеңеге қол жеткізе алмайды.

Статистикалық көрсеткіштерге сүйенсек атқарушылық іс жүргізуде орындауға жататын сот актілері жылдан-жылға артып келеді. Бұл көрсеткіш халықтың сот билігіне деген сенімін білдіреді. Өз жұмыстары мен сот орындаушылары шешілмеген даулы мәселелерді сот органдары арқылы заңды жүйемен шешуге болатынын күн сайын дәлелдеуде.

Атқарушылық  іс  жүргізу  органдарысот актілерінің жоғары дәрежеде орындалуы, қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтады деген үміт бар.

Әзірге керісінше, сот орындаушыларының іс-әрекетсіздігі және олардан кеткен қателіктер азаматтардан түсетін шағымдарды күннен-күнге арттыруда. Президент әкімшілігіне түскен әрбір жетінші арыз сот орындаушылардың іс әрекетіне қатысты.

Келесі қаралуға тиіс өзекті мәселелердің бірі – сот орындаушыларының материалдықтехникалық қамтамасыз етілуінің төменділігі.

«Қазақстан Республикасының ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету» заңнамасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін қамсыздандыру Республика бюджеті есебінен жүргізілуі тиіс. Атқарушылық іс жүргізу заңының 135-бабына сәйкес мемлекеттік сот орындаушыларының қызметiн ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады [2].

Бірақ іс жүзінде бұл нормалар жүзеге аспай тек қана формальді түрде қалуда. Сот орындаушысы тәжірибе барысында борышкердің тұрғылықты жері бойынша атқарушылық әрекеттер жүргізу кезінде және өз қызметтерін орындау  барысында  көп қозғалыста болуына қарамастан, ешқандай қызметтік көліктермен қамтылмаған.

Сот орындаушылары атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру барысында өндіріп алушылардан көлікпен қамтамасыз етулерін сұрауға мәжбүр. Осындай жағдайларда сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізудегі мәртебесін төмен түсіреді.

Атқарушылық іс жүргізудің  сапасының алға жылжуына қарамастан, кейбір сот орындаушыларының өз міндеттеріне төмен дәрежеде жауапкершілігі және кәсіби деңгейлерінің жетіспеуімен, олардың іс-әрекетіне жоғары тұрған органдардың қадағалауының төмендігінде.

Қазіргі  таңда  сот  шешімдерін   орындауда альтернативті жүйе, яғни жеке сот орындаушыларының институты еңгізілді. Қазақстанда нотариустардың жеке институты өзін жақсы көрсетуде, алайда бұл қызмет бұрын мемлекет аясында жүзеге асатын.

Мысалы, Францияда жеке орындаудың тарихи жүйесі қалыптасқан, онда атқару құжаттарын мемлекеттік сот орындаушылары емес, жеке «мәжбүрлеп орындаушылар», яғни бұл қызметті жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалармен орындалады.

Францияда «мәжбүрлеп орындаушылар» болу үшін, азаматтардың заң білімі бар, қажет конторада 2 жылдық тағылымдамадан өткен, мемлекеттік квалификациялық емтихан тапсыруы қажет.

АҚШ-та атқару істерін шерифтер, маршалдар мен сот приставтары және жеке заңи агенттіктер жүзеге асырады.

Германияда сот орындаушыларының жеке институты қалыптасқан. Сот  актілерін   орындауды олар заңды негізде алынған сертификат арқылы жүзеге асырады.

Ал ТМД елдерінде ескі менталитет қалыптасқандықтан, жеке сот орындаушылар институты  сырт  көзге  жат  көрінеді.  Бірақ   өткенге көз жүгіртсек, жеке нотариустар институты көпшілікке таныс көрінеді. Ал қазіргі таңда онсыз бірінші күнді  көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Осылардың қорытындысы ретінде, орындалмаған атқару құжатының көптігі – бүгінгі күннің шындығы. Сот актілерінің уақтылы орындалмауы сот билігі беделінің төмендеуіне, азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғады. Сот беделін материалдықтехникалық, кадрлық және өзге де қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар сот актілерінің орындалуын жоғары дәрежеде жүзеге асырумен көтеруге болады.

Аталған мәселелердің шешімін тапқанда ғана біз, атқарушылық іс жүргізу дәрежесінің және сот билігі беделінің көтерілуін көре аламыз. Мәжбүрлеп орындау механизмі әртүрлі тәсілмен қарастырылуда:

  • қабылдаған заңнамаға толықтырулар мен өзгертулер енгізу арқылы;
  • сот орындаушысының қызметін кеңейтіп, жалақысын жоғарылатып, соның ішінде борышкерден өндіріліп алынған сомадан сыйақы тағайындауға;
  • аумақтық бөліністері бойынша судьяларға сот орындаушыларын бекіту арқылы;
  • соттардың шығарған қаулыларының іс жүзінде жүзеге асуын қадағалауды күшейту;
  • борышкердің атқару құжатын орындамағаны үшін жауапкершілігін жоғарылату арқылы және тағы басқа.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. www.zan.kz-Заң ай сайындық журналының ресми сайты.
  2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР заңы. 12.2000 ж.
  3. «Атқарушылық іс жүргізү және сот орындаушылардын мәртебесі тұралы» ҚР заңы. 06.1998 ж. өзгерістер мен толықтырулар 02.04.2010 ж.
  4. ҚР Әкімшілік құқық бұзұшылық тұралы Кодексі.01.2001ж.
  5. Нью-Йоркская Конвенция « О признании и приведении в исполнение иностранных арбитражных решений» от 10 июля 1958г.
  6. Лесницкой И.Ф. Исполнительное производство. Москва: Юрид. лит.,1989г.
  7. Фархтдинова Я.Ф. Исполнительное производство. Питер: 2003г.
  8. Сундетбаев Е. Органы исполнительного производства и проблемы повышения эффективности деятельности судебных исполнителей РК. Мир закона: 2003г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.