Құқық

Қазіргі таңдағы бюджет құқығының жалпы бөлімінің күрделі мəселелерінің бірі болып аталмыш саланың қағидалары табылады. Көне латын тілінен аударғанда «қағида» (principium) сөзі негіз, алғы шарт, бастау мағыналарын береді. Құқықтың қағидалары оның шегінде тиісті құқық саласы дамитын координаттар жүйесін, ал, екінші жағынан, осы құқық саласының даму  бағытын анықтайтын вектор болып табылады. Қазақстан Республикасының құқығы мен жекелеген салалары, оның ішінде қаржы құқығы мен бюджет құқығы өздеріне тəн белгілі қағидаларға ие. Аталмыш қағидалар олардың ерекшеліктерінің, мақсаттары мен бағыттарының негізін қалыптастыратын бастауларды, ережелер мен оларға қойылатын талаптарды сипаттайды. Жалпы құқықтың қағидалары құқықтық нормаларда бекітілгендіктен жəне олардың жиынтығынан логикалық түрде қорытындыланып шығуына байланысты жалпыға міндетті сипатқа ие.
2009

Көші-қон адамзат баласы өмірінің белгілі бір сипатын білдіреді. Жайлы тұрмыс іздеп бір орыннан бір орынға ауыса жүріп немесе өз жауларынан ығыса отырып, адам баласы ежелден бері жер бетінің көпшілік бөлігіне орналасады. Адамдардың көші-қон тарихына көз жіберсек, оның көптеген жерлер мен құрылықтарды, сонымен бірге ол жердің тұрғындарының нəсілдік, ұлттық жəне тілдік құрылымын өзгеріске ұшыратқанын көреміз. Адамзат тарихының қысқа мерзімі болып саналатын 400 жыл бойында Америка, Австралия мен Мұхит жағалауы, Азияның солтүстік бөлігі мен Африканың бір бөлігі ақ адамдардың тұрағына айналды. Еуропа картасы да көптеген көші- қонның нəтижесі болып табылады. Британ энциклопедиясында халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталған миграция Рим империясының құлауына себепші болды. Бұдан тіпті кейінірек,  б.з.д. 900 жылы Будапештте бірде-бір венгрдің болмағаны секілді, Берлинде бірде-бір неміс, Мəскеуде бірде- бір орыс болмаған, Мадрид маврлардың тұрағы болса, бірде-бір түрік Америкада тұрмаған жəне т.б.
2009

Бүгінгі таңда Қазақстан саяси жүйенің реформалық сатысындағы демократиялық нысанды дамыту арқылы азаматтардың қатысуымен əлеуметтік, экономикалық мəселелерді демократиялық өкілетті орган арқылы шешуге бағытталған. Қазіргі кезде мəслихаттардың жұмыс істеу тəжірибесі жинақталып анықталған, 10 жылдық мерзімнен астам уақыт ішінде бұл тəжірибе өкілетті биліктің əрі қарай дамуына құнды болып табылмақ. Уақыт нормативтік-құқықтық базаны талдауды сын көзбен қарауды керек етеді, осыған орай өкілетті билік органының мəнісіне радикалды өзгерістер енгізу қажет болып табылады. Мəслихат өкілеттігі мен мəртебесін, атап айтқанда, тəртібі мен оның нысаны жəне құрылымы əділетті сын айтуымен, отандық саяси-ғылыми көзқараспен, сонымен қатар олар жергілікті өкілетті органдар — бұл сайланбалы тұрғылықты жалғыз орган болып табылатындықтан, бірақ қазіргі заманда ешқандай мəселелерді бұл аталған аймақтарда атсалыспай тұр. Мəслихаттардың өкілеттік демократиясын бірден-бір жандандырып дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізетін саяси жергілікті институттардың жоқтығынан, өзін-өзі ұстап тұратын жəне тепе-теңдік тежемелік қағидасын тармағының болмауынан, демократиялық мəслихаттың бірден-бір жолын ашу көзі болмай отыр.
2009

Соттың негізгі қызметінің бірі ол іс бойынша негізді жəне заңды үкім қабылдау болып табылады, яғни нақты қылмыстық сот ісін жүргізудегі əрекеттердің жиынтығы жəне қорытынды шешім қабылдауы. Демек сотталушының аталған қылмысты жасағандығы немесе жасамағандығы, оның іс бойынша кінəлілігін немесе кінəлі еместігін анықтау, егер оның іске қатыстылығы толық дəлелденсе, онда оған қандай да шара қолдану болып табылады. Яғни нақты қылмыстық іс бойынша оның кінəлілігі дəлелденіп, оны қылмыстық жауапқа тарту мəселесін шешу, ал егер кінəлілігі дəлелденбесе, оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.
2009

Тəуелсіз Қазақстанда əлеуметтік-мəдени саланы игеру жəне басқаруды жүзеге асыру — бүгінгі таңдағы өзекті мəселелердің бірі. Қазақстан Республикасы өзінің жоғарғы құндылығы адам жəне оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып отырғанда, бұл мəселенің келетіні даусыз. Аталмыш тақырыпқа кірісер алдында, Қазақстан Республикасындағы бағалау  қызметінің түсінігі, бағалау қызметінің мəнін анықтауға жəне оны құқықтық санат ретінде айқындауға мүмкіндік беретін белгілерді ашуға, сонымен қатар бағалау қызметі институтын құрастырушы құқықтық нормаларды тұжырымдауға тоқтала кеткен жөн. «Бағалау қызметі» түсінігін құрастыруда біз «бағалау» терминінен бастау алатын қызмет түрі оның анықтаушы белгісі болып табылатындығын айқындадық. Бағалау санаты əр түрлі ғылымдармен зерттеледі, дегенмен басқа қоғамдық ғылымдарға қарағанда құқықтану ғылымында бағалау түсінігінің нақты өзіндік мазмұны жоқ.
2009

Экономикалық категория ретінде меншік адамдар арасындағы өндірістік құралдар мен өнімдерге, материалдық игіліктерді қолдануға, иеленуге жəне басқаруға байланысты туындайтын қатынастарды білдіріп отырады. Сондықтан экономикалық категория ретінде меншік нақты материалдық құндылықтар, өндірістік құралдар мен өнімдерге байланысты адамдар арасындағы қатынастарды білдіретіні анық жағдай. Меншіктің экономикалық категория ретіндегі сипаты оның екі тұрғыдан қарастыру қажеттілігін тудыртып отырады. Оларға меншіктің тарихи қалыптасқан қоғамдық-экономикалық формациядағы қоғамдағы барлық экономикалық-өндірістік қатынастардың кең түрдегі ұғымы жатса, екіншісі нақты затқа байланысты туындайтын материалдық қатынастарды білдіреді. Осы қатынастардың мазмұны материалдық игіліктермен, мүліктермен немесе нақты затты еркін иелену, қолдану жəне басқару кезінде ашылады жəне экономикалық категория ретіндегі меншік құқықтық категория ретіндегі меншік ұғымымен тығыз байланысты. Сондықтан құқықтық категория ретінде меншікті қарастыру негізінен адамның меншік иесі болу құқығының мəні мен мазмұнын, меншіктің объектісі мен субъектісін анықтау, меншік нысандарының құқықтық бекітілуіне жəне құқықтық реттелуіне, құқық нысандарының мемлекеттік қорғау мəселелеріне талдау жасау арқылы айқындалады.
2009

Қазақстан Республикасында салық жүйесін жетілдіру барысында шетел тəжірибелерін, олардың қызмет ету ерекшеліктерін ескеру қажет екені бəрімізге мəлім. Сондықтан басты мақсат салық салу саласындағы əр түрлі мемлекеттердің салық жүйелері, салықтардың түрлері туралы мəселелерді тереңдету болып табылады. Алыс, жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері əр түрлі экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасты. Кейбір елдердің салық заңнамаларында салық төлеушілер мен өзге де тұлғалардың іс-əрекеттер адалдығын бағалау үшін құқықтық тұрғыда «құқықпен асыра пайдалану» деген ұғым бар. Франция мемлекетінде 1982 жылдың 1 желтоқсанынан бастап əрекет ететін «Фискалдық үрдістердің бостандығы туралы» Заңның 64-бабына сəйкес шарттар мен келісімдердің заңды табиғатын жасыру мақсатында келіп түсетін немесе жіберілетін келісімдер туралы жала түсінік беру негізінде салық əкімшілігінің өкілеттілігін жүзеге асыруға кедергі болмайды деп бекітілген [1].
2009

Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін жариялау жəне егемендігін алуы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени жəне басқа да қатынастарды нығайтты. Бұл халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынас əдістері мен формаларын жаңарту қажеттілігін тудырды. Дүниежүзілік қауымдастыққа ене отырып, Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық құқық субъектілігін дамытатын, əрі іске асыратын оның шынайы мүшесі болуы тиіс болды. Халықаралық құқықта субъектінің объективті сипаттары төменде көрсетілгендер болып саналады: біріншіден, халықаралық құқықтағы басты субъектілерге тəн тəуелсіздік, екіншіден, дербес келісім тəжірибесі, үшіншіден, шет мемлекеттер мен өкілділіктермен дипломатиялық жəне консулдық айырбас, төртіншіден, тəуелсіз мемлекеттің халықаралық ұйымдар қызметіне қатысуы [1]. Еліміздегі барлық этностардың шынайы келісім мен бірлікте өмір сүруі, ең алдымен қазақ халқының ата дəстүрі жəне табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігінде дау жоқ. Дегенмен, Қазақстан тəуелсіздік алған кезде ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-əлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 100- ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас басына би болып», əрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұра тарту қауіпі бартұғын [2].
2009

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жарияланғаны белгілі. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында əлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына алапат ауқымдылықтың салмақ-салдарын сезіндірді. Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлт пен мемлекеттің  аман  қалуының  жалғыз  жолы  —  экономиканы  ашық  ұстау  —  əлемдегі  қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып-құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жықпай қоймайды. Қазақстан əлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды» [1] делінген.
2010

Мұсылман құқығы — дүниежүзілік құқықтық мəдениеттің бөлігі болып табылатын,  қазіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі. Мұсылман құқығы шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Шариғат — бұл адамдарға арналған міндетті нормалардың жиынтығы. Бұл түсінік кең мағынада да, құқықтық мағынада да қолданылады, діни немесе құқықтық жүйе элементі ретінде қарастырылады, немесе екі жүйенің құрамына да қосылады.  Ғалымдардың мұсылман құқығында жəне оның анализі кезінде кең қолданылатын «шариғат», «муамалат», «фикх» деген ұғымдардың ара қатынасына да қатысты пікірлері əр түрлі. Сонымен қатар айтылған ұғымдардың мағыналық аясын айқындау, құқықтық феномен ретіндегі мұсылман құқығын түсінуге, оның қайнар көздерінің, өзіндік ерекшеліктерінің, даму перспективаларының мəселелерін шешуге, сондай-ақ шариғатты немесе фикхты құқық қайнар көзі деп бекітуші, қазіргі кезгі заңнаманы талқылауға тікелей байланыста [1].
2010

Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық күйремей жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау, демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациядан бастауын алды. Декларацияда Қазақстанда алғаш рет билік тармақтарын заң шығарушы, атқарушы жəне сот тармақтарына бөлу қарастырылды. Президентке  Республика басшысы ретінде ең жоғарғы əкімшілік-атқару билігі жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға Президент болды деп есептеуге болды. Сонымен қатар биліктің негізгі тірегі Қазақстан халқы екендігі жəне биліктің негізгі органдары халық атынан қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы белгіленді [1].
2010

Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Заңды 2007 жылғы мамырдың 17-сінде қабылдады. Конституциялық реформа авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Ол мемлекеттік комиссияны жəне кейін Жұмыс тобын тікелей басқарды. Бұл шешімді ол еліміздің болашағы үшін жəне демократиялық ел ретінде гүлденіп даму үшін қабылдады. Бұл — еліміз экономикасының теңдессіз өркендеуі, неғұрлым өзекті əлеуметтік проблемаларды шешу дəуірі [1]. Бұл құжат саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нəтижесі болып табылады. Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық əрбір отбасының əл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына орай, Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап бүкіл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз, бір кездері таңдап алған сол жолмен содан бері келеміз. Əлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.