Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шариғат пен қазіргі кездегі мұсылман құқығының өзара байланысы мен өзара əсері

Мұсылман құқығы — дүниежүзілік құқықтық мəдениеттің бөлігі болып табылатын,  қазіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі. Мұсылман құқығы шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Шариғат — бұл адамдарға арналған міндетті нормалардың жиынтығы.

Бұл түсінік кең мағынада да, құқықтық мағынада да қолданылады, діни немесе құқықтық жүйе элементі ретінде қарастырылады, немесе екі жүйенің құрамына да қосылады.  Ғалымдардың мұсылман құқығында жəне оның анализі кезінде кең қолданылатын «шариғат», «муамалат», «фикх» деген ұғымдардың ара қатынасына да қатысты пікірлері əр түрлі. Сонымен қатар айтылған ұғымдардың мағыналық аясын айқындау, құқықтық феномен ретіндегі мұсылман құқығын түсінуге, оның қайнар көздерінің, өзіндік ерекшеліктерінің, даму перспективаларының мəселелерін шешуге, сондай-ақ шариғатты немесе фикхты құқық қайнар көзі деп бекітуші, қазіргі кезгі заңнаманы талқылауға тікелей байланыста [1].

Ислам догматика мен діни ғұрыпқа негізделген діни жүйе ғана емес, сонымен қатар мұсылмандардың мінез-құлықтарын реттеу, билікті ұйымдастыру мен жүзеге асыру қағидалары мен нормаларының жүйесі болып табылады. Сондықтан мұсылманның мəртебесі өзара байланысқан екі жақты құрайды: оның сенуші жəне сонымен қоса дүние қатынастарының қатысушысы ретіндегі құқықтары мен міндеттері [2].

Сонымен, Шығыста ортағасырлық өркениеттің аса маңызды құбылысы болып мұсылман құқығы табылды. Бұл уақыт өте келе дүниежүзілік маңызға ие болған құқықтық жүйе Араб  халифаты аясында пайда болып жəне бекіп, ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. «Фикх» деген атаумен де жиі аталатын мұсылман құқығының тарихы 570–632 жылдары өмір сүрген Мұхамед пайғамбардан басталады. Мұхамед Алланың атынан негізгі мінез-құлық ережелерін, мұсылмандардың нормаларын бекітті. Бұл нормалар негізінен оның халық алдындағы уағызында бекітілді. Құқықтық маңызды нормалардың бір бөлігі Мұхамедтің іс- əрекеттерінің, амалдарының нəтижесінде пайда болды. Бірақ мұсылман қауымының барлық құқықтық қатынастарының жиынтығын реттеу үшін бұл нормалар жеткіліксіз еді, сондықтан Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның құқық шығармашылық қызметін оның сахабалары, халифтер Əбу-Бəкір, Омар, Осман жəне Əли жалғастырды. Олар Құран мен сүннетті негізге ала отырып, олардың көзқарасы бойынша, Алланың жəне Мұхаммедтің еркіне сəйкес, жаңа ережелер қалыптастырды. Құран мен сүннеттің «үндемеуі» жағдайында нормалар ортақ шешім бойынша, қабылданды, немесе əр халифпен жеке қабылданды [3].

Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңызын жоғалтпай, ислам қабылдаған, орта ғасырлық Азия мен Африка елдерінің бірқатарында əрекет етуші құқыққа айналды. Мұсылман құқығы Шығыстың оған дейінгі құқықтық мəдениеттерінің біраз элементтерін өзіне сіңіріп алды, негізінен исламға дейінгі Аравия мен арабтар жаулап алған аумақтардағы құқықтық əдет- ғұрыптарды. Бұл қайнар көздердің барлығы, аз дəрежеде болса да шариғаттың қалыптасуына əсер етті. Бірақ, дегенмен, жеке дара, ерекше құқықтық жүйе ретіндегі шариғаттың қайталанбастығы мен өзіндігін білдіретін олар емес. Шариғаттың қалыптасуында ерекше маңызға ие Мұхамед пен алғашқы төрт халифтің қызметі.

Мұсылман құқығының жүйесі басқа құқықтық жүйелерден қайнар көздерінің, құрылымының, терминдерінің,  құрылысының  өзіндігімен,  қайталанбастығымен,  норма  түсінігімен   ерекшеленеді.

Егер еуропалық заңгерлер құқық нормасы ретінде нақты бір тарихи құқық шығарушының ережесін түсінсе, ал ислам заңгерлері құқық нормасын Алланың мұсылман қауымына жіберген ережесі деп біледі. Бұл ереже логикалық қорытындыларға емес, иррационалдық, діни догмаларға, сенімге негізделеді. Сондықтан оны өзгертуге, күшін жоюға, түзетуге болмайды, ол даусыз жəне абсолютті, міндетті түрде орындалуға тиісті. Мұсылман құқығы нормаларының ерекше əлеуметтік, догматикалық табиғаты əрекет етеуші қоғамдық қатынастарға бейімделуінің ерекше тəсілдерін қажет етеді. Мұсылман құқығы ғылымы орта ғасырда пайда болып, тұрақтанған, бұл осы құқықтың кейбір ерекшеліктерін түсіндіреді: кейбір институттардың архаикалық сипаты, жүйелеудің болмауы жəне оның казуистикалығы [4].

Мұсылман құқығының нормасы құрылымы бойынша да еуропалық құқықтық жүйелердің нормаларынан ерекшеленеді. Олар əдетте белгілі бір құқық беруші немесе тыйым салушы болып табылмайды. Олардың негізінде, діни табиғатына сəйкес, белгілі бір əрекетті орындау міндеті, борышы жатыр [5].

Шариғатқа, əсіресе оның дамуының алғашқы кезеңдерінде мұсылмандардың құқықтарына емес, олардың Алланың алдындағы міндеттеріне көбірек мəн беру тəн болды. Бұндай міндеттерді қамтитын нормалар шариғатта кең таралған, жəне олар мұсылманның бүкіл өмірін анықтайды. Шариғатты құрайтын нормалардың ерекшеліктерінің бірі болып олардың тек мұсылмандарға ғана жəне олардың арасында ғана қолданылатындығы табылады. Шариғаттың ерте кезеңіне қауымдық құрылысқа тəн коллективизм, адамгершілік элементтерін қамтитын нормалар тиесілі болатын. Шариғатта сондай-ақ құдайдың алдындағы адамның əлсіздігі туралы ой жəне одан шығатын бой ұсыну, тəуелділік көрініс тапты. Сол сияқты шариғатта мұсылманның халифке жəне мемлекеттік билікке бағыну міндеті бекітілді: «Аллаға, оның елшісіне жəне өздеріңнің араларынан шыққан билік иелеріне бой ұсыныңдар».

Мұсылман құқығы — ислам дінінің бір бөлігі. Бұл дін, біріншіден, догмаларды жəне мұсылман адамның сенімін қамтиды, екіншіден, шариғат мұсылман нені жасап, нені жасамау керектігін көрсететін ережелерді бекітеді. Шариғат аудармасында «жол, бағыт» жəне мұсылман құқығы деп аталады. Бұл құқық мұсылманның дінге сəйкес жүріп-тұру ережелерін бекітеді, бірақ оның басқа мұсылмандарға қатысты (азаматтық міндеттемелер, кедейлерге қайыр-садақа беру) жəне құдайға қатысты міндеттемелерін (намаз, ораза т.б.) ажыратпайды. Дегенмен мұсылман заңгерлері индивид пен құдай құқықтарын дəл ажыратады.

Шариғат адам міндеттерінің идеясына негізделгенмен, онда құқық түсінігіне де орын бөлінген. Бұл, бір жағынан, міндеттердің белгілі шегінің болуымен түсіндіріледі, бір жағынан, индивидтің танылған нақтыланған құқықтарының болуымен түсіндіріледі. Бұл құқықтарды сыйламау мұсылман сотымен салынатын санкцияға əкеледі. Мұсылман құқығының негізінің құрылымы құдіретті сипатта ғана емес (Құран, сүннет). Теолог-құқықтанушылармен ғасырлар бойы көлемді доктрина жасалған. Бұл құқық мұсылмандар арасында ғана қолдануға жатады; бұл құқық негізделетін діни қағида екі жақтың бірі мұсылман болмаса іске аспайды.

Шариғат ешқашан мұсылманның ішкі дүниесін, оның діни ұятын құрайтын догмалық жəне культтік сұрақтарды ғана қамтыған жоқ. Шариғатта күнделікті өмір мəселелеріне, мұсылмандардың өздерінің арасындағы, билікпен, басқа дін өкілдерімен қарым-қатынастағы мінез-құлықтырына да аз емес, мүмкін, тіпті көбірек мəн берілген.

Шариғаттың мазмұны мұсылмандық ойдың əр түрлі ағымдарымен жəне мұсылмандық- құқықтық мектептермен əр түрлі түсіндіріледі. Басымдыққа, шариғатты негізгі үш бөлікке — діни догматикаға, исламдық этикаға жəне тəжірибелік нормаларға бөлетін көзқарас ие. Тəжірибелік нормалар өз кезегінде культтік, яғни діни міндеттерді атқарудың тəртібін орнататын, нормаларға жəне мұсылмандардың мінез-құлқының қалған жақтарын, соның ішінде дүниелік қатынастарды реттейтін нормаларға бөлінеді. Бұл жердегі айтып өтерлік жайт, шариғаттық нормалық жағы исламдық догматика мен этикасына жай ғана қосымша емес, оның маңызды бөлігі, негізі болып табылады. Тіпті кейбір беделді зерттеушілер шариғатта теология құқыққа қатысты бағыныштық сипатта болады деп айтады [6; 6].

Шариғатты нормативтік жүйе ретінде қарастыру, ол өмірдің барлық жағдайын реттейтін дайын нормаларды жəне өмірлік кез келеген жағдайда қолдануға болатын нақты мінез-құлық ережелерін қамтиды ма деген сұрақ туындатады. Осы мəселеге қатысты көптеген көзқарастардың ішінде негізгі екеуін айтуға болады. Біріншісіне сəйкес шариғатта барлық сұраққа жауаптар жəне өмірлік кез келген жағдайға қатысты дайын мінез-құлық ережелері бар. Яғни, бұл көзқарас бойынша, шариғат — бұл мұсылмандардың өмірін толықтай реттейтін нормалардың əмбебап жүйесі.

Бұл көзқарастармен исламдық ғалымдардың барлығы келіспейді. Олардың айтуы бойынша, шариғаттың нормалық жағы бірнеше əр түрлі ережелерден құралады. Біріншісіне анық мəнге ие жəне бір жақты түсінілетін Құран мен сүннеттің ережелері жатады. Олардың ішінен мұсылмандардың діни міндеттерін орындауға қатысты нақты ережелерді табуға болады, ал адамдардың қарым- қатынастарын реттейтін нақты нормалар азырақ (неке, отбасы жəне мұра қалдыру сұрақтарын қоспағанда). Бұл ережелер діни сипатқа ие жəне олардың көбісін орындау, мұсылмандардың діни мəртебесінің бір бөлігін құрай отырып, оларға міндетті болып табылады. Бұған делел ретінде кейбір елдерде ар-ождан бостандығын мұсылмандарға тек олардың діни міндеттерін кедергісіз орындауларына құқығы ретінде ғана емес, сонымен қатар неке-отбасы қатынастарында шариғат нормаларын сақтау құқығы деп түсіндірілетіндігін айтуға болады.

Діни сипатқа сонымен қатар Құран мен сүннеттің нақты сұрақтар бойынша нақты мінез-құлық ережелерін емес, жалпы шектерді жəне бағыт-бағдарды көрсететін ережелері де ие. Шариғат нормаларының бұл тобының басты ерекшелігі, олар исламдық ойдың əр түрлі бағыттарымен жəне мұсылмандық-құқықтық мектептермен əр түрлі түсіндіріледі.

Құран мен сүннеттің жалпы қағидаларын жəне көп мəнді ережелерін рационалды талқылаудың немесе бұл қайнар көздердің «үндемеуінің» негізіндегі мінез-құлық ережелерін іздестіру иджтихадқа алып келді. Адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін нормалары басым көпшілігі оның негізінде құрастырылды. Иджтихадтың мəні: дайын жауабы жоқ сұраққа шариғатқа сəйкес келетін жауапты табу болып табылады. Сол себептен, мұсылман құқықтанушыларының айтуы бойынша, муджтахид жаңа мінез-құлық ережелерін қалыптастырмайды, басынан шариғатта қамтылған оларды іздестірумен жəне табумен айналысады.

Жоғарыдағы айтылған бойынша, шариғат тек діни құбылыс ғана емес, сонымен қатар дүниелік өмірге бағытталған икемді жүйе болып табылады. Сондықтан дүниелік сұрақтарды шешу кезінде діни-этикалық бастаулар жалпы құқықтық қағидалармен қарым-қатынасқа түсуі заңдылық болып табылады. Олардың анализі шариғаттың мұсылман құқығымен арақатынасындағы табиғатын анықтауда үлкен маңызға ие.

Құран аяттарын жəне хадистерді құқықтық талқылауды мұсылмандық-құқықтық доктрина (фикх) жүзеге асырады. Шариғаттық ғылымдардың бірі ретінде ол діни сипатқа ие. Дін, фикх жəне құқықтың өзара байланысы заңдылық болып табылады. Мұсылмандық-құқықтық доктринаның исламның негізгі догмаларына негізделуі мұсылмандық əлемдегі діни дүниетанымның қалыптасуының жағдайында заңды болып табылады. Доктринамен қоса мұсылман құқығы да дінмен өте тығыз байланыста. Себебі оның ғасырлар бойындағы негізгі қайнар көзі доктрина болған, яғни доктрина діни идея мен құқықтық бастаумен өзара байланысқа түсетін қолайлы нысан болды.

Исламдық құқық түсінушілік бойынша құқық — бұл адам немесе мемлекеттің жасап шығарғаны емес, ол Алланың əмірінің нəтижесі. Адамдар тек шариғаттың жалпы шеңберінде құқықтық шешім қабылдай алады. Бұл жерде сөз құқық шығармашылық туралы емес, мұсылман құқықтанушыларына жүктелген регламентарлық өкілеттіліктер туралы болып отыр.

Исламдық құқықтық сананың бұндай ерекшелігі мұсылман құқығына да сыртқы  діни сипат беріп отырды. Мұсылман құқығының шариғатқа негізделуі оның заңдылығының негізгі  талабы болып табылады. Мұсылман құқығының шариғатпен байланысы мен діни негізделуі оған мұсылмандардың алдында бедел береді, себебі мұсылмандар оны діннің негізгі қағидаларының көрінісі деп қабылдайды.

Мұсылман құқығына, басқа құқықтық жүйелер сияқты, құқықтың негізгі үш көрінісінің — норманың, құқықтық сананың жəне мінез-құлықтың өзара байланысының ерекшелігі тəн. Мұсылман құқығы олардың өзара айырықша жақындылығымен ерекшеленеді. Яғни құқықтық норма мұсылмандармен олардың əділдік пен тиістілік туралы ойларының көрінісі  ретінде қабылданып, жəне бұл олардың мінез-құлықтарының ондай ережеге бағынатындығын білдіреді. Бұл үштіктің ішінде құқықтық сана басым рольге ие, жəне оның жоғарғы деңгейі болып табылатын доктрина құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.

Сонымен, шариғат пен мұсылман құқығын шатастыруға болмайды. Себебі «құдай заңы» деп аталатын шариғат — құқықтық емес, жалпы алғанда діни құбылыс. Ол дінмен исламдық құқықтық сана арқылы байланысатын, мұсылман құқығы үшін жалпы дүниетанымдық негіз болып табылады. Дін, доктрина мен құқықтың байланысын келесідей көрсетуге болады: діни ережелер болып табылатын Құран мен сүннет мұсылман құқығының басты қайнар көзі болып табылатын доктринаның негізі — шариғаттың мазмұны мен қайнар көздерін құрайды.

Мұсылман құқығы сонымен қатар доктринамен құрастырылған нормалары мен қағидаларының тəжірибе жүзінде қолданылуының шамасында позитивтік құқық болып табылады. Сондай-ақ доктринаның өзі ғасырлар бойы позитивтік құқықтың басты қайнар көзі болып табылады. ХІХ ғасырдан бастап бұл нормалар мен қағидалар заңнамаға жиілеп қосыла бастады, яғни олардың кодификациясы жүрді. Қазіргі заманда мұсылман құқығы басқа құқықтық мəдениеттермен тығыз байланыста қарым-қатынасқа түсуде.

Сонымен, мұсылман құқығы шариғаттың синонимі емес деген қорытынды жасауға болады. Шариғат Құран мен сүннеттің адамдарға арналған ережелерін құрайды, ал мұсылман құқығы тек қана доктринамен құрастырылған жəне құқықтың талаптарына жауап беретін нормалар мен қағидалар жатады. Шариғат жалпы алғанда жекелеген құқықтық бастауларды табуға болатын діни құбылыс. Ал мұсылман құқығы — діни құқықтық санаға негізделген, басымдығында құқықтық феномен [6; 17].

Əрине, шариғат пен мұсылман құқығының арасын ажыратуды абсолюттеуге болмайды, себебі бұл екі құбылыс бір-бірінсіз əрекет ете алмайды. Шариғат өзінің кең мағынасында доктринамен шығарылған шешімдерін, оның ішінде мазмұны бойынша құқықтықтарын да қамтиды. Бұл жердегі айтып кетерлік жайт, жалпы құқықтық қағидалар мұсылман заңгерлерінің шығармашылығының нəтижесі болғанымен, шариғаттың бөлігі деп танылады. Соның нəтижесінде шариғат мұсылмандық- құқықтық мəдениеттің жетістіктерімен толығады.

Көптеген ғалымдар шариғатты негіз ретінде, мұсылмандардың мінез-құлқы ережелерінің қайнар көзі, исламдық өмір салтының жалпы ілімі ретінде қарастырылады. Бұндай көзқарас шариғат негізінде кез келген сұраққа жауап бермейтіндігін, бірақ оларды іздестіруге қажеттінің барлығын қамтитындығын білдіреді. Яғни шариғат мұсылмандарды біріктіретін, ортақ бағыт-бағдар беретін жəне исламның өркениет ретіндегі мызғымастығының кепілдігі болатын константаның роліне ие.

Бірақ бұл шариғат жалпы алғанда қозғалыссыз жəне нақты өмірден алшақталған дегенді білдірмейді. Керісінше, ол өзінің жалпы бастауларын жəне қағидаларын тəжірибе жүзінде қолдануда əр түрлілікке жəне шығармашылыққа жол береді. Шариғаттың мызғымастығы оның икемділігімен түсіндіріледі. Шариғаттың икемділігінің негізінде, оның жалпы бағыттарының жəне қағидаларының шеңберіндегі, нақты шешімдердің өзгеруі мен рационалды даму идеясы жатыр.

Шариғат мұсылмандардың құндылығы ретінде ғана емес, сондай-ақ əлеуметтік-нормативтік мəдениет саласындағы дүниежүзілік мұраның маңызды бөлігі деп саналады. Бұл жағдайда да шариғаттың маңызды сипаты оның ашықтығы мен басқа мəдениеттермен, құқықтық жүйелермен қарым-қатынасқа түсіп, жетістіктерін алуға дайындығы сияқты белгісі көрінеді. Ислам елдерінде тек шариғаттан алынған нормалар үнемі əрекет еткен жəне əрекет етеді, ал қалғандары міндетті түрде аластатылады деп ойлайтындар қателеседі. Шын мəнінде шариғат жəне оған негізделген мұсылман құқығы ешқашан жалғыз əрекет еткен емес. Ислам əлемінде əр түрлі əдет-ғұрыптар, құқықтық жүйелер қарым-қатынаста болған. Олардың шариғатпен өзара қатынасы мен өзара əсері оның кемшілігін емес, керісінше, оның өмірге сайлылығы мен күші, дамуға қабілеттілігі мен өз уақытына сай бола білуін білдіреді.

Кейінгі он жылдықта кейбір елдерде қазіргі заманғы мұсылман құқығының қалыптасуы байқалады. Оның негізгі қайнар көзі заңнама болып табылады, ал дəстүрлі мұсылман құқығында қайнар көз ретінде доктрина — беделді құқықтанушылардың еңбектері танылған. Қазіргі заманғы мұсылман құқығына қатаң діни сипатты жəне жалпы абстрактілі мінез-құлық  ережелеріне негізделген нормалардың казуалдық түрде қалыптасуынан алыстау тəн. Енді мұсылман құқығының нормалары мен қағидаларын жүзеге асыру, көп жағдайда олардың жалпы алғанда  құқықтың батыстық модельдеріне бағытталған, құқықтық жүйенің жалпы бастауларына сəйкестігіне тəуелді. Жалпы «қазіргі заманғы» мұсылман құқығының ерекше белгілерінің бірі оның еуропалық құқықтық мəдениетпен тығыз ара қатынасы болып табылады. Осының бəрі мұсылман құқығының дүниенің қазіргі кезгі құқықтық картасындағы орнын анықтауды зерттеудің өзектілігін білдіреді [6; 24].

ХХ ғасырдың басына қарай тек Аравия түбегі мен Парсы шығанағы елдерінде ғана мұсылман құқығы өзінің дəстүрлік қалпында əрекет етті. Ал қалған мұсылман елдері ХХ ғасырдың ортасына қарай фикхтен, негізгі құқықтық нысан ретінде, бас тартты. Дамыған араб елдерінің құқықтық жүйелері, кейбір ауытқулармен, негізгі екі үлгіде құрастырыла бастады: романо-германдық (француздық) — Мысыр, Сирия, Ливан, Магриб елдері, жəне англо-саксондық — Ирак, Судан. Бұл елдерде мұсылман құқығы тек негізінен мұсылмандар арасындағы неке-отбасылық, мұраға қалдыру жəне тағы басқа кейбір қатынастарды реттеуші ретіндегі ролін сақтады.

Құқықтық жүйелерді түбегейлі қайта құру, сондай-ақ фикх нормаларын кеңінен кодификациялау аталған  елдердегі  мұсылман  құқығының  құрылымының  өзгеруіне  алып  келді.  Мұсылман құқығықұрылымының, оның салалары деңгейіндегі өзгеріске ұшырауы оның нормаларының құқықтық ерекшеліктерінің айқын өзгерістерімен үйлесті. Себебі Маджалланың (Осман ипериясында 1869– 1876 жж. қабылданған соттық жəне азаматық құқықтары бойынша Мұсылмандық-құқықтық нормалардың жинағы) жəне жеке мəртебе сұрақтары бойынша заңнаманың шығуынан кейін əрекет етуші мұсылман құқығының қайнар көзі біртіндеп, мемлекеттік уəкілетті органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық актіге өтті [7; 101].

Қазіргі кезде аталған елдердің ешқайсысында мұсылман құқығы жалғаз əрекет етуші құқық болып табылмайды. Сондай-ақ мұсылман құқығы ешбір мұсылман елінде əрекет етуші құқықтық нормалар жүйесі ретіндегі өзінің орнын толықтай жоғалтқан жоқ. Тек Түркияда ғана ХХ ғасырдың 20-жылдары халифатты ресми түрде жойғаннан кейін, барлық салаларда мұсылман құқығын батыс еуропалық модельдегі заңнамамен ауыстырылды.

Мұсылман құқығы нормаларының қолданылуы мен оның əрекет етуші заңнамаға əсер ету деңгейіне байланысты, əдебиеттерде мұсылман елдерінің қазіргі кезгі құқықтық жүйелерін келесідей бөлу ұсынылған.

Бірінші құқықтық топты мұсылман құқығы максималды кең қолданылатын Сауд Аравиясы мен Иран құрайды. Ең алдымен мұсылман құқығының нормалары мен қағидалары бұл елдерде қалыптасқан конституциялық заңнамаға жəне басқару нысанына əсер етеді. Аталған екі мемлекетте мұсылман құқығы əрекет етуші құқықтың басқа да салаларында басымдыққа ие. Атап айтсақ, Иранның Конституциясы барлық қабылданатын заңдардың шариғатқа сəйкес болу талабын бекітеді. Бұл талаптармен қоса аталған елдерде өздерінің баптарында сəйкесінше ханбалиттік Сауд Аравиясында жəне джафариттік Иранда мұсылман құқықтық мектептерінің қағидалары мен нормаларын бекітуге бағытталған заңдар қабылданған. Жеке мəртебе саласында мұсылман құқығы өзінің дəстүрлі нысанында қолданылуда. Бұл сотты үйымдастыру жəне сот процессі қағидаларына да қатысты. Егер Сауд Аравиясында мұсылман құқығы ешқашан өзінің негізгі, басымдыққа ие құқық қайнар көзі ретіндегі орнын жоғалтпаған болса, ал Иранда ол мұндай дəрежеге қайтадан тек шах режимі құлатылғаннан кейін ғана жетті.

Екінші топты ЙАР, Ливия, Пəкістан жəне Судан мемлекеттерінің құқықтық жүйелері құрайды. Бұл елдердегі мұсылман құқығының əсер ету шеңбері Сауд Аравиясы мен Ирандағы сияқты кең емес, бірақ айтарлықтай ауқымды жəне кейінгі он жылдықтарда, ғалымдардың айтуы бойынша, кеңейю тенденциясы байқалады. Мұсылман құқығының нормалары мен қағидаларының ең алдымен бұл елдердің конституциялық сипаттағы негізгі актілеріне жəне мемлекеттік механизмнің құрылымы мен қызметіне əсер етеді. Аталған мемлекеттердің жалпы құқықтық жүйеде фикхке басты орын беріледі. Атап айтқанда, 1970 жылғы ЙАР жəне 1973 жылғы Пəкістан Конституциялары мұсылман құқығының заңнаманың негізгі қайнар көзі ретіндегі орнын бекітеді, ал 1985 жылғы Судан Конституциясы мұсылман құқығын бұл орынға əдет-ғұрып нормаларымен қоса бекітеді. 1977 жылы Пəкістанда, мемлекетте қалыптасқан заңнаманы шариғатқа сəйкестендіру бойынша ұсыныстарды құрастыратын, ислам идеологиясының Кеңесі құрылды. ЙАР-да 1975 жылы Конституцияға сəйкес, мұсылман құқығының нормаларын кодификациялау бойынша құрылған ғылыми комиссия жұмыс  істей бастады. Осы Комиссияның бастамасы бойынша 1976–1978 жж. сыйға тарту жəне вакф  туралы заңдар күшіне енді. 1977 жылдың басында Ливияда Құран конституцияны алмастырылып, «қоғам заңы» деп жарияланды. Аталған актілердің барлығы, олардың үндемеуі жағдайында, мұсылман құқығының «сəйкес келетіндеу» нормалары мен қағидаларын қолданылуын қарастырады.

Келесі топқа Парсы шығанағының кейбір елдері — БАƏ, Бахрейн, Кувейт, сондай-ақ Оңтүстік- Шығыс Азияның кейбір елдері — Бруней, Малайзияның кейбір штаттары жатады. Бұл мемлекеттердің негізгі заңдары исламның мемлекеттік сипатын жариялап, мұсылман құқығының заңнаманың негізгі қайнар көзі деп бекітеді. Аталған мемлекеттердің де заңнамаларына мұсылман құқығы, алдыңғы екі топтардың мемлекеттеріндегідей болмаса да, əсер етеді. Мысалға, 1960 жылғы Кувейттің жəне 1976 жылғы Бахрейннің қылмыстық кодекстері спирттік ішімдіктер мен құмар ойындар үшін жауапкершілік көздейді. Брунейде ішімдік заттарды сатуды шектеу туралы заң қабылданған, БАƏ-нің заңнамасы имамдар мен хатыбтердің құқықтық жағдайын толықтай реттейді, ал Бахрейнде қажылық пен зекет қорын ұйымдастыру туралы заңдар қабылданған. Бахрейннің сотты ұйымдастыру туралы заңы бойынша заңда шешім болмаған жағдайда мұсылман құқығының жалпы қағидалары мен кейбір нормаларын қолдану туралы айтылған. Бруней мен Малайзияда мұсылман беликттік құқығының нормалары діни міндеттерді бұзушыларға қолданылады.

Тағы бір көпшілік елдерді біріктіретін топты араб елдерінің (Мысыр, Сирия, Ирак, Ливан, Марокко, Йордания, Алжир), Африканың (Самоли, Мавритания, Нигерияның Солтүстік штаттары)көпшілік мемлекеттерінің құқықтық жүйелері жəне Ауғанстанның құқықтық жүйесі құрайды. Жалпы алғанда бұл топтағы мұсылман құқығының əрекет ету саласы айтарлықтай шектеулі. Осы топтың барлық мемлекеттерінде жеке мəртебе қатынастары бойынша туындаған дауларды шешу кезінде мұсылман құқығының нормаларын қолданатын мұсылман соттары қызмет жасайды. Мұраға қалдыру, өсиет, вакф, қамқорлық жəне қорғаншылық туралы мұсылман құқығының нормаларын аталған мемлекеттердің көбісінде қолданылады [7; 102, 103].

Қазақстанның заңнамасы да жалпы мұсылман құқығын қолдануды жоққа шығармайды. Бұл жерде сөз мұсылмандық-құқықтық мəдениеттің жетістіктерін Қазақстанның құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында қолдану туралы болып тұр. Бүгінгі күнде аталған сұрақ теориялық сипаттан құқықтық саясат мəселесіне айналып бара жатыр. Біздің елімізде жүріп жатқан ислам құндылықтарына оралу процесі мұсылмандық-құқықтық мəдениеттің кейбір жақтарын мойындау жəне заңдық бекітілуі туралы сұрақтарды ашуда.

Егер бізде басқа құқықтық жүйелердің жағымды, позитивті тəжірибелерін қолдану мүмкіндігі туралы сөз болатын болса, онда мұсылмандық құқықтық мəдениетке жүгінуді, оның потенциалын Қазақстанның құқықтық дамуына қосуды жоққа шығаруға болмайды. Мұсылмандар көпшілікті құрайтын, ал мемлекет зайырлы болып табылатын Қазақстан үшін мұсылман құқығын ғана игеру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Діннің мемлекеттен бөлінуі жағдайында зайырлы құқықтық жүйе мұсылмандық өмір салтының тек оған сай келетін, яғни дінмен тікелей байланыспаған элементтерін қабылдай алады. Осы талаптарды сақтау жағдайында, мемлекеттің зайырлық сипатын ескере отырып, исламның жетістіктеріне жүгіну ерекше құқықтық жүйенің тəжірибесін қолдану болып табылады.

Мұсылмандық-құқықтық мəдениеттің жетістіктерін игерудің тағы бір шарты болып, олардың қазақстандық құқықтық жалпы бастауларына, ең алдымен конституциялық бастауларына сай келуі табылады. Сондай-ақ қабылданатын қағидалар мен нормалар қазақстандық құқықтық жүйеге өздерінің техникалық-құқықтық, құрылымдық сипаттары бойынша да сай болуы қажет. Мұсылман құқығының басқа құқықтық жүйелердің параметрлеріне бейімделуінің мүмкіндігін зерттелуі Қазақстан үшін актуалды болып табылатын қазіргі кезгі ислам елдерінің тəжірибесі дəлел болады.

Осы ретте жеке мəртебе деп аталатын мұсылмандардың құқықтық жағдайын маңызды бөлігін реттейтін, мұсылман құқығының саласы ерекше қызығушылық туғызып отыр. Бұл саланың реттеу пəні болып неке, отбасы, мұраға қалдыру, туыстардың өзара міндеттері, қамқорлық  пен қорғаншылық қатынастары жəне оларға қатысты, исламдық негізде реттелуге тиісті басқа да сұрақтар табылады. Мұсылман құқығының жеке статусқа байланысты нормаларының көпшілігі оның негізгі қайнар көздері — Құран мен сүннетте болғандықтан, мұсылмандар үшін олар ерекше мəнге ие. Бұл жерде айтып кету керек, ислам басқа конфессиялардың да аталған жеке мəртебе қатынастарын өздерінде қалыптасқан ережелер бойынша реттеу құқығын таныды. Жеке мəртебе конфессионалдық сипат бойынша реттеу тек қазіргі кезгі ислам əлеміне ғана емес, сонымен қатар басқа елдерге де тəн, атап айтсақ, ОАР қоса айтқанда көптеген африкалық елдер үшін, Израиль, Үндістан, тіпті мұсылмандар айқын азшылықты құрайтын Грецияда да өздерінің неке-отбасылық қатынастарында арнайы заңнамамен бекітілген, мұсылман құқығының нормаларын басшылыққа алады. Бұл жерде сөз отбасылық қатынастарды діни қағида бойынша реттеу туралы емес, құқықтық нормалар мен қағидаларды бекіту туралы болып отыр.

Əдебиеттерде мұраға қалдыру, қамқорлық пен қорғаншылық, қайырымдылық сұрақтарын шешу тəжірибесіне жүгіну перспективалы деп саналады. Бұл қатынастар көптеген араб елдерінде жеке мəртебе институттары деп саналғанмен оларды реттейтін заңдар барлық азаматтарға олардың конфессиялық қатыстылығына байланыссыз міндетті болып табылады жəне діни бекітілімдер болып қабылданбайды. Бұл көзқарас аталған институттардың құқықтық сипатын жанама болса да дəлелдейді.

Атап өтетін болсақ, əдебиеттерде қайырымдылық қызметін реттеуге байланысты, вакф — айналымнан алынып тасталған жəне қайырымдылық мақсаттарға арналған мүлік институты қызығушылық туғызуда. Жүздеген жылдар бойы мұсылмандық-құқықтық доктринамен жетілдірілген бұл институт алғашында білім мен ғылымды қолдауға кеңінен пайдалы, ал қазіргі уақытта ислам əлемінде одан басқа əлеуметтік бағдарламаларды қолдауға бағытталған. Ғалымдардың айтуы бойынша, мұсылман құқығы, қазақстандық заңнамаға қарағанда, қайырымдылық қызметтің үш жағының құқықтық мəртебесі мен өзара құқықтары мен міндеттерін толығырақ жəне нəтижелі реттеуде.

Сондай-ақ азаматтық жəне коммерциялық заңнамада мұсылман құқығында құрастырылған, соның ішінде банктік қызметке жататын шарттардың кейбір түрлері өзінің орнын табуы мүмкін. Кейінгі онжылдықтарда ислам банктері ислам елдерінде ғана емес, сондай-ақ кейбір батыс елдерінде таралған, мысалға, Ұлыбританияда, Люксембургте. Бəріне мұсылман құқығында қазіргі кездегі коммерциялық айналымға жат, несие үшін, қарызды өтеу уақытын өткізуіне байланысты өсімге тыйым салынғаны белгілі. Бірақ бірнеше жылдарға созылған салыстырмалық-құқықтық зерттеулер нəтижесінде ислам банктерімен жүзеге асырылатын мəмлелерге, бір жағынан, еуропалық банктік құқығының талаптарына сай, екінші жағынан, мұсылман құқығының негізгі қағидаларынан ауытқамаған нысан берілді.

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, аталған бағыттар бойынша мұсылман құқығына жүгіну əсерлілігі əдеттегі заңнамалық шараларға қарағанда жоғарырақ болуы керек. Себебі мұсылман құқығы тек құқықтық құрал ғана емес, сондай-ақ күшті идеологиялық, əлеуметтік-психологиялық фактор болып табылады. Бұл мұсылман құқығының, оны шариғатпен, яғни сенімімен, тығыз байланыста қабылдайтын, мұсылмандардың құқықтық саналарына жəне жалпы дүниетанымдарына жақындығымен түсіндіріледі. Нəтижесінде, шариғатқа жақындығына байланысты мұсылмандардың алдында беделге ие болған мұсылман құқығының өзі позитивтік құқыққа қатысты легитимдендіру құралы болып табылады. Мұсылмандарға əрекет етуші заңнаманың шариғаттың құндылықтарына жəне мұсылман құқығының негізгі қағидаларына қайшы болмауын сезіну өте маңызды.

Мұсылмандық-құқықтық мəдениетке бет бұру қазіргі кездегі Қазақстанға тек ғылыми-теориялық қана емес, сонымен қатар тəжірибелік қызығушылық туғызады. Қазақстан үшін мұсылман құқығы өзекті мəселе болып табылады, себебі ислам — бұл біздің мемлекет үшін бөтен жəне бөлек құбылыс емес, керісінше, оның тарихы мен мəдениетінің бөлінбес бөлігі, миллиондаған қазақстандық мұсылмандардың өмір салтының маңызды бөлігі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Лазарев В.В. Общая теория государства и права: Учеб. / Под ред. В.В.Лазарева. — М.: Юрист,1996. — С.68
  2. Сюкияйнен Л.Р. О правовой природе шариата и его взаимодействии с европейским правом // Государство и право. — 1994. — № 5. — С.137.
  3. Алексеев С.С. Теория государства и права: Учеб. для юрид. вузов и фак-тов / Под ред. С.С.Алексеева. — М.: Бек, — С. 241.
  4. Малько А.В., Матузов Н.И. Общая теория государства и права: Учеб. — М.: Юрист, 2002. — С.195.
  5. Хропанюк В.Н. Теория государства и права: Учеб. пособие для высших учебных заведений. — М.: Юрист, 1997. —С. 63.
  6. Сюкияйнен Л.Р. Шариат и мусульманско-правовая культура. — М.: Ин-т государства и права РАН,1997.
  7. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право. Вопросы теории и практики. — М.,1986.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.