Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəслихат қызметінің ұйымдастырылу тəртібі жəне құзыреттері

Бүгінгі таңда Қазақстан саяси жүйенің реформалық сатысындағы демократиялық нысанды дамыту арқылы азаматтардың қатысуымен əлеуметтік, экономикалық мəселелерді демократиялық өкілетті орган арқылы шешуге бағытталған. Қазіргі кезде мəслихаттардың жұмыс істеу тəжірибесі жинақталып анықталған, 10 жылдық мерзімнен астам уақыт ішінде бұл тəжірибе өкілетті биліктің əрі қарай дамуына құнды болып табылмақ.

Уақыт нормативтік-құқықтық базаны талдауды сын көзбен қарауды керек етеді, осыған орай өкілетті билік органының мəнісіне радикалды өзгерістер енгізу қажет болып табылады. Мəслихат өкілеттігі мен мəртебесін, атап айтқанда, тəртібі мен оның нысаны жəне құрылымы əділетті сын айтуымен, отандық саяси-ғылыми көзқараспен, сонымен қатар олар жергілікті өкілетті органдар — бұл сайланбалы тұрғылықты жалғыз орган болып табылатындықтан, бірақ қазіргі заманда ешқандай мəселелерді бұл аталған аймақтарда атсалыспай тұр. Мəслихаттардың өкілеттік демократиясын бірден-бір жандандырып дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізетін саяси жергілікті институттардың жоқтығынан, өзін-өзі ұстап тұратын жəне тепе-теңдік тежемелік қағидасын тармағының болмауынан, демократиялық мəслихаттың бірден-бір жолын ашу көзі болмай отыр.

Қандай да мемлекет болмасын, олар заң атқару жəне соттың билігінсіз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Конституциясына сəйкес мəслихат деген атау пайда болды,  ол жергілікті өкілді орган, облыстың халқы сайлаған, халықтың еркін білдіретін ҚР-ның Заңына сəйкес, халықтың  еркін  жүзеге  асырып  отыратын  жəне  оны  бақылап  қадағалап  отыратын  орган.  ҚР «Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сəйкес 23 қаңтар 2001 жылғы мəслихаттарды тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Қазіргі жұмыс істеп тұрған отанымыздың заңына сəйкес, қаржылық, экономикалық негізді құрайтын жергілікті бюджет, демек, өзінде анықталған тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністегі бюджет болып табылады. Мүлік коммуналды, заңды тұлғаларға бекітілген, мүлік, демек, мүлік заңды мамандандырылған адамдардың басқару жұмыстарын атқарылу үшін бекітіліп берілген мүлік жəне ҚР-ның заңына сəйкестендірілген өзге де мүліктер құрайды.

Мемлекеттік саясат, жергілікті мемлекеттік саясат, жергілікті өкілді органдардың ара қатынасында, мəслихаттардың құзыреттілігіне оларға құқықтық ой-өрісі мен міндеттерінің шекараларын анық белгілеп берді. Сондай-ақ іс жүзіндегі қолданыстағы заңға сəйкес мəслихаттардың қызметінің негізгі нысандарын анықтап, оларға жататындар, шешім қабылдауға жатпайтын жағдайлар, жалпы мемлекеттік ішкі жəне сыртқы, қаржы жəне инвестициялық саясатқа қайшы келетін саясаттарға тəн жайт деп анықтайды.

Демек, ҚР-ның ұлттық қауіпсіздігін сақтап, оның мүддесін қорғау көзделу керек, қабылданған шешімдер жалпы мемлекеттік стандартқа сəйкес келуі қоғамдық қолданыс төңірегіндегі қызметтердегі азаматтардың заңды мүддесі мен құқықтарын сақтап қорғау, жалпыға бірдей еңбек рыногын ұйымдастыруға, капиталға қарсы келетін, қаржы жүйесіне, тауарлардың айырбастау кезіндегі жəне олардың қызметтеріне қарсы келетін, ҚР-ның аумағында, сондай-ақ ҚР-ның Стратегиялық даму жоспарына қарсы келетін шешімдерді ешқашан қайтаруға рұқсат берілмейді.

Мəслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы сайлана алады.  Қазақстан  Республикасының  заңына  сəйкес,  ҚР-ның  азаматы  тек  қана  бір    мəслихаттың депутаты бола алады. Əрбір мəслихаттардың санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы анықтап жəне ол төмендегідей болуы мүмкін: облыстық мəслихатта, Астана жəне Алматы қалалық мəслихаттарында — елуге дейін; қалалық мəслихатта — отызға дейін; аудандық мəслихатта жиырма беске дейін белгіленеді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші сайланған жағдайда мəслихат заңды болып есептеледі. Мəслихат депутаттарының сайлану уақыты бекітіледі. Мəслихаттың өкілеттілігі бірінші сессия ашылған сəттен басталып жəне жаңадан сайланған мəслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Əкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылған (біріккен, қосылған, қайта құрылған, бөліп шығарылған немесе бөлінген) жағдайда жаңадан сайланған мəслихат сессиясының жұмыс бастылғанға дейін мəслихат депутаттары өз өкілеттігін сақтайды жəне құрамына өз сайлаушыларының басым бөлігі кірген, қайта ұйымдастырылған мəслихаттардың депутаттары болып табылады.

Əкімшілік-аумақтық бөлініс таратылған жағдайда тиісті мəслихат таратылады. Сонымен қатар мəслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды, бірақ ол дербес мемлекеттік орган болып көрініс тауып жəне ол жергілікті жердегі халықтың мұң-мұқтажын қарастырып шешіп отырады. Мəслихат депутаттарының үштен екі бөлігінің даусымен əкімге сенімсіздік білдіруге құқылы. Қазақстан Республикасының Президентіне ол əкімнің босатылуын талап ете алады немесе одан жоғары тұрған əкімге орнынынан босатылуын талап ете алады. Жергілікті бюджеттің, экономикалық жəне əлеуметтік даму жоспарының сол аумақта орындалмауы жəне екі дүркін əкімнің есебін мəслихат депутаттары бекітпесе, əкімге сенімсіздік беру көрінісін береді.

Қолданыстағы заңға сəйкес, мəслихат депутаты құқылы; өзі сайлайды жəне мəслихат сессиясының төрағасы бола отырып, мəслихаттың өзге де органдарына сайлана алады.

Мəслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында, өзгеде органдарды қарау үшін мəселелер ұсынуға, жəне шешімдер қабылдауға қатысуға депутат құқылы болып табылады. Сонымен қатар өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жəне ұйымдар мен мекемелер кездесулер мен жиналыстар енгізуге; сессияда тиісті мəслихат аумағанда орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мəслихаттың құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсныстар енгізуге; тиісті акимат отырыстарының жұмысына қатысуға, мəслихат пен оның органдары отырыстарының хаттамаларымен танысуға, саяси партиялардың депутаттық тобы түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. Депутаттық топ мəслихаттың кем дегенде бес депутатын біріктіруі тиіс. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу мəслихат сессиясында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың депутаттық тобының өкілеттілігі, қызметін ұйымдастыру мəслихаттың регламентінде белгіленеді.

Сонымен қатар депутат мəслихаттың жəне өз құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға міндетті.

Заңға сəйкес мəслихат хатшысы мəслихат сессиясын жəне оның қарауына  енгізілетін мəселелерді əзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді жəне сессия төрағасымен бірге мəслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзгеде құжаттарға қол қояды; мəслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жəрдемдеседі, депутаттарды мəслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының жəне өзге де  органдарының жұмысына жəне сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мəселелерді қарайды; депутаттар сауалдарының депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды; мəслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметтерін қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады; сайлаушылар өтініштер туралы жəне олар бойынша қабылданған шаралар туралы мəслихатқа үнемі ақпарат беріп отырады; мəслихаттың жергілікті өзін- өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; өз құзыретіндегі мəселелер бойынша өкімдер шығарады; мəслихаттың тұрақты комиссияларымен, өзге де органдарының жəне депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, ұйымдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен жəне қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мəслихат атынан өкіл болады; мəслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді.

Мəслихат хатшысының мəслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ. Мəслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мəслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша мəслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады. Мəслихаттардың  ұйымдасуы  ҚР-ның  Конституциясымен  уақыт  тəртібі  белгіленеді  жəне  ҚР-ның «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңымен, ҚР-ның «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жəне осы Заңның өзге де нормаларымен реттеледі.

Конституция мазмұнында мəслихаттың ұйымдасуына арналған бірнеше нормалар бар. Оларда көрсетілгендей, мəслихаттарды тиісті əкімшілік-аумақтық бөліністе облыстық қаланың халқы жалпыға бірдей.

ҚР Конституциясы «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңы мəслихаттардың жан- жақты сайлануын уақыт тəртібін реттейді.

ҚР-ның «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңында конституциялық жағдайлары қайталанып жəне «Сайлау туралы» Заңында көрсетілегндей, мəслихат депутаттарының сайлануы республикалық сайлау туралы заңымен күн тəртібі реттелетіндігін көрсетеді.

Мəслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып сайланады, заңды тұлғалық құқығы болмайды, қандай да бір шаруашылық акцияларды жүзеге асырмайды. Бұл түсінікті. Кім болмасын, қандай жағдай болмасын, шаруашылық акцияларды жүзеге асырмайды. Мəслихат мемлекеттік орган болып табылып, мемлекеттік-құқықтық мəселелерді шешетін жəне барлық халықтың, азаматтардың əлеуметтік, экономикалық ұлттық жағдайларына қарамастан, еркін білдіреді.

ҚР-ның «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабында мəслихаттың жалпы құзыреттілігінің облыстық, қалалық жəне аудандық, барлық деңгейіне өз мазмұнын береді [1]. Бұл мəслихаттардың осы сұрақтардың барлығына біркелкі түрде жауап беретіндігін білдірмейді. Олар жергілікті өкілді органның жүйесінің араласуына байланысты мəслихатта шешіледі. Бұл құзыреттіліктерді екі топқа бөліп қарастыруға болады: атқарушы органдар мен құзыреттілік жəне айрықша құзыреттілік сұрақтарды қарастырып, бекіту.

Бірінші топтағы құзыреттілікке қатысты [2]:

  • тиісті аумақты дамытудың жоспарларын экономикалық жəне əлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жəне атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде республикалық маңызы бар қалада (астанада), ауданда, кентте, ауылда (селоны), ауылдық селолық округте;
  • тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі бағдарламаларды жəне қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сəйкес өзге де мəселелерді шешу;
  • əкімнің ұсынуы бойынша əкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту;
  • өздерінің қарауына жатқызылған əкімшілік-аумақтық құрылыс жəне жергілікті қауымдастық ұйымның шекараларын айқындау мəселесін шешу;
  • халықтың жұмыспен қамтылуына жəрдемдесу кедейлік пен күрес бағдарламаларын бекіту. Бұл мəслихаттың құзыреттілігі анықталған негізде қорытындыға келуге мүмкіндік береді.

Мəслихаттар тиісті аумақта экономикалық, қаржылық жəне əлеуметтік сұрақтар шешіміне белсенді қатысып, осыған орай өз үлестерін енгізуге құқылы.

Оларға жоспарлар мен бағдарламалардың бекітілуі жай ғана бекітілмей, сонымен қатар олардың қызметі туралы есептерді тыңдау мен жоспарлар мен бағдарламалар өзге де мəселелерді шешу. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында төтенше жағдайға қоршаған ортаны қорғау өткір мəселе туындап отыр. Қоршаған ортаның жақсаруына мəслихаттарға жетерліктей құзыреттілік берілген. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, табиғат байлықтарын қарқынды деңгейде пайдаланатын жəне жиі ластанатын қоршаған ортасында олардың  белсенділігі мен жұмысты əзірлеу мен бағдарламаларды жүзеге асыруының нəтижесінде қоршаған ортаны қорғауға болады.

Мəслихаттар өздерінің маңызды құзыреттіліктерін деңгейлік негізде жүзеге асырмайтындығын, атап айтқанда, жалпы мемлекеттік мүдделер мен халықтың еркін білдіріп, қорғамайтындығын сенімді бекітіп айтуға болады. Мəслихаттың осындай қатынаста болуы олардың құзыреттіліктері мен беделін көтермейтіндігі белгілі.

Мəслихаттың ерекше құзыреттілігіне қатысты:

  • өздерінің қарауына жатқызылған əкімшілік-аумақтық бөлініс жəне жергілікті қауымдастық ұйымның мəселелерін шешу;
  • атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау жəне тиісті органдарға мəслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту мен ұсыныстарын енгізу;
  • ҚР-ның Əкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сəйкес бұзғаны үшін əкімшілік жауаптылық белгіленетін ережелерді бекіту;
  • заңдарға сəйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
  • жер заңдылықтарына сəйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • азаматтар мен ұйымдардың ҚР-сы Конституциясының, заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуына жəрдемдесу.

Екінші топтағы құзыреттілік тек қана мəслихаттың өзімен пайда болып, нормативтік-құқықтық жəне ұйымдық нысанда білдіріледі.

Президент алдында əкімге сенімсіздік білдіріліп, оны қызметтен босату туралы, сұрақты қоюға мəслихат құқылы, егер əкім оларға қатысты тағайындалса, одан жоғары тұрған əкімге ұсынуға болады.

Мəслихаттар ұйымдық қатынаста өздеріне берілген құзыреттілікте əкімшілік-аумақтық бөліністің сұрақтарын шешеді. Мəслихаттың бұл құзыреттіліктері нормативтік-құқықтық қатарында нақты бекітілген. Норма шығармашылық мəслихаттардың құзыреттілігінде жер қатынастарын реттеуде ҚР-ның «Жер туралы» Заңына сəйкес əкімшілік жауапкершілік бекітілуінде, əкімшілік құқықбұзушылық қатарында маңызды.

Мəслихаттың қабылдаған актілері шешімдер деп аталады. Олар нормативтік-құқықтық та жəне нормативтік емес те бола алады.

Мəслихаттың азаматтық құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерін заңда белгілеген тəртіпте Əділет министрлігінің аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеуіне жатады.

Егер де мəслихат ҚР-ның Конституциясы мен заңдарына сəйкес келмейтін шешімдерін мəслихаттың өзінің жоюы не сот тəртібімен жойылуы мүмкін. ҚР-ның «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабында мəслихаттардың кейбір құзыреттіліктері буындарға бөліп көрсетілген.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар жəне астана мəслихаттарының құзыретіне жататындар: 1) облыстық аудандық жоспарлау схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы жəне астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы ҚР- ның Үкіметіне ұсыныс енгізу; 2) əкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) жəне аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту де жатады. Аудандық мəслихаттар құзыретіне қалалар, тиісті аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту де жатады.

Сонымен қатар облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың жəне ҚР-сы астанасының мəслихаттары тиісті акиматтардың ұсыныстары бойынша ҚР-ның заң актілеріне сəйкес қарыз алу туралы шешімдер қабылдауға құқылы.

Мəслихат сессиясының төрағасы — өкілетті органның басты жетекші тұлғасы, босатылмаған негізде өзінің басты қызметін атқарып, депутаттардың арасынан сайланады. Оның міндеттерінің бірі болып сессияның дайындалуына жетекшілік етіп, сессияның шақырылу күнін қалыптастырады.

Бұл мəслихаттың жұмысындағы басты саяси, ұйымдастырушылық сəті  болып табылады. Депутат өзінің жұмысын орындауда, сонымен қатар өзінің негізгі міндетті жұмысын орындаудан босатылмай, ең жоғарғы билік органы мен сессияның дайындалуына депутат қалай жетекшілік етеді. Мəслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылып, оны мəслихат сессиясында депутаттардың арасынан сайлап, мəслихат сессиясының дайындалуы мен ұйымдастырылуын жəне оның сұрақтарын қарастырумен айналысады. Сондықтан өзінен-өзі мынадай нəтижеге əкеліп соқтырады:

Мəслихатта төрағалық қызметті босатылған негізде атқару мəслихат сессиясында төрағалық қызмет пен хатшылық қызметті біріктіріп немесе мəслихат сессиясында төрағалық құзыреттілікті хатшы қызметіне ауыстыру.

Мəслихат аппараты қадағалау функциясын жүзеге асыруға тырысады, бірақ сайланушы орган ретінде танылмай, сайлаушылардың еркін білдіре алмайды [3].

Бүгінгі күннің депутаттары көптеген себептердің салдарынан өздерінің алға қойылған мақсаттарын іске асыра алмай отыр. Кімде кім тұңғыш рет дауысқа салып, шынайы сеніп, олардың жоғарғы жағдайды иеленуі мен олар шақырған уақытта сайлаушылардың көзқарасымен қарағанда оларға берген үмітін атқара алады. Мəслихатқа қатысты құзыреттілік жетерлік. Облыстық,    қалалық жəне аудандық мəслихаттардың тізбесінің функциясының айырмашылығы байқала қоймайды, ал құзыреттілік жағынан алып қарағанда түсініксіз көрінеді. Егер де атқарушы органдар анық белгіленген тікелейлікті иеленсе, онда мəслихаттар бір-бірімен өзара əрекеттестікке түсе алмайды. Бір жағынан алып қарағанда, əрбір мəслихат тұрақтылықты иеленіп, басқаша айтқанда, — олар қандай да бір əдістемелік жəне тəжірибелік көмектен құр қалады. Бұл жұмысты, ереже сияқты, алып қарағанда ерікті түрде мəслихат аппараты өзіне жүктейді. Осылайша өкілді органдар, атқарушы жергілікті мемлекеттік басқару мен бірлесуіне жол ашып, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне шектеулі түрде жазыла алып, тиісті аумақтағы, бюджетті бекітіп, жоспармен əлеуметтік- экономикалық бағдарламаның дамуына, ведомстволық облыстық жетекшілерін тағайындап жəне басшыны (əкімді) сайлау арқылы жүзеге асырады.

Ең тікелей байланыста болашақта мəслихаттар ауылдық, кенттік аумақтар мен қалалық ықшам аудандарымен болу керек.

Мəслихаттардың құзыреттілігіне құқық шығармашылық қызметі де жатады. Осылайша, мəслихаттың негізгі актісі болып өзінің құзыреттілігінің сауалнамаларының жарлығын шығарып, осында мəслихаттың шешімдері көрініс табады. Мəслихат шешімдерінің жобаларына, жергілікті бюджет кірістері мен қысқартумен немесе жергілікті бюджеттің шығысын ұлғайтуды қарастыру əкімнің қорытындысымен мақұлданған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.

Өзінің құзыреттілігіне байланысты мəслихат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жəне міндеттеріне қатысты қабылдаған шешімдері ресми түрде жарияланып, анықталған заңдылыққа сəйкес тиісті аумақта атқарылуы міндетті болып табылады. Мəслихаттың жалпыға міндетті мəні мен ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына жəне міндеттеріне қатысты шығарылған шешімдері мен анықталған заңдылыққа сəйкес, аумақтағы мемлекеттің тіркелуіне жатады. Мəслихаттар Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына сəйкес келмейтін шешімдерін мəслихаттың өзінің жоюы немесе сот тəртібі мен жойылуы мүмкін.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Баишев Ж.Н. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқу-əдіст. құрал. — Алматы: Жеті жарғы,2001.
  2. ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы. — 2001. — 23 қаңт.
  3. Сағындықова А.Н., Жанұзақов Л.Т. Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдарын қалыптастырудағы кейбір мəселелер // ҚР Қоғамдық ғылымы. — 1999. — №4.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.