Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы парламентаризм дамуындағы жаңа кезең

Қазақстан Парламенті Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Заңды 2007 жылғы мамырдың 17-сінде қабылдады. Конституциялық реформа авторы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болды. Ол мемлекеттік комиссияны жəне кейін Жұмыс тобын тікелей басқарды. Бұл шешімді ол еліміздің болашағы үшін жəне демократиялық ел ретінде гүлденіп даму үшін қабылдады. Бұл — еліміз экономикасының теңдессіз өркендеуі, неғұрлым өзекті əлеуметтік проблемаларды шешу дəуірі [1].

Бұл құжат саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың, еліміздің құқықтық кеңістігінде терең өзгерістер жасаудың заңды нəтижесі болып табылады. Еліміздегі экономикалық табыстар, қазақстандық əрбір отбасының əл-ауқатының артуы, өмір сүру стандарттарының өсуі Қазақстанның демократиялық дамуының жаңа кезеңіне берік тұғыр жасап берді. Біздің елімізде саяси жаңару үдерісі бірте-бірте, қажетті экономикалық жағдайлар жасалуына орай, Қазақстан тəуелсіздік алған сəттен бастап бүкіл ретте біз өзіміздің дербес, қазақстандық даму жолымен жүріп келеміз, бір кездері таңдап алған сол жолмен содан бері келеміз. Əлемдік практиканы зерделеп, талдай келіп, біз нақ осы эволюциялық жолды таңдап алдық.

Парламенттің жұмыс тəжірибесіне парламенттік комитеттердің отырыстарында Үкімет мүшелерінің кандидатураларын талқылау енгізілді. Қолданыстағы Конституция аясында елімізде демократиялық үрдістерді дамыту жөнінде бірқатар шаралардың қабылдануы Мемлекеттік комиссия қызметінің нақты нəтижесі болды.

Қазақстанда 2006–2011 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы əзірленіп, Президенттің Жарлығымен бекітілді.

Жан-жақты қоғамдық пікірталас пен негізгі саяси күштермен кеңестерді негізге ала отырып, Мемлекеттік комиссия енді жаңа кезеңде демократиялық дамытудың өзекті мəселелеріне жауаптарын ұсынды. Мынадай мəселелерге қатысты шешімдер əзірленді:

  • атқарушы биліктің тиімділігі, ашықтығы мен есептілігі жəне сыбайлас жемқорлықпен күрес. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
  • сайлау заңнамасын жетілдіру;
  • парламенттің жауапкершілігін кеңейту;
  • əлемдік озық стандарттарға сəйкес сот жүйесін дамыту, судьялардың тəуелсіздігі;
  • саяси партиялардың елдің саяси өміріне əлдеқайда белсенді қатысуы;
  • ҮЕҰ-ның қоғамдық өмірдегі рөлін күшейту;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру. Саяси жаңартудың негізгі жұмысының басты қорытындысы болды. Бұл ұсыныстар — елдің негізгі қоғамдық-саяси күштерінің пікірлерін ескеретін ұжымдық еңбектің жемісі [2].

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы осы жұмыстың нəтижесі болды.

Бірінші. Мемлекет басшысының жекелеген өкілдіктерін Парламентке беру.  Президенттік басқару нысаны сақтала отырып, мемлекеттік басқару жүйесіндегі парламентаризмді күшейту жөнінде ұтымды шешім қабылданды. Əңгіме тұтастай бірқатар өкілеттіктерді Парламенттің міндеттері мен жауапкершілігінің пайдасына қарай шын мəнінде қайта бөлу жөнінде, басқаша айтқанда, президенттік-парламенттік басқару нысанына іс жүзінде көшу туралы болды.

Екінші. Президенттің өзі президенттік басқару мерзімін 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартуға бастамашылық жасады. Бұл мемлекет басшысының демократиялық ұмтылыстарының дəйектілігін айғақтайды.

Үшінші. Парламент депутаттардың үлкен тобы бастамашылық еткен түзетуді қабылдады, соған сəйкес Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Тұңғыш президент əрі жалпыға танылған ұлттық көшбасшы ретінде ерекше құқыққа ие болып, Конституцияда белгіленген екі мерзімнен тыс, əрине, баламалы негізде Мемлекет басшысының лауазымына дауысқа түсу мүмкіндігін алды. Конституцияның осы бабы бойынша депутаттар қабылдаған шешім — сайлаушылардың басым көпшілігінің пікірін білдіретіні саяси өміріміздің шындығы.

Төртінші. Сайлау жүйесін демократияландыру. Президент еліміздің қоғамдық-саяси дамуының нақты жағдайларын, үрдістері мен серпінін ескере отырып, депутаттардың жартысын мажоритарлық, ал қалған жартысын пропорционалды жүйе бойынша сайлауды ұсынған. Мемкомиссияның ұсыныстарын одан əрі дамыта түскенін атап өту орынды. Президенттің Мəжіліс депутаттарының пропорционалды жүйе бойынша сайлауға көшу жөніндегі ұсыныстары неғұрлым негізді болып табылады.

Бұл — демократияландыру саласында ілгері басқан елеулі қадам, себебі, Мəжіліс депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша сайлау партиялардың рөлін, тиісінше біздің қоғамның елеулі бөлігінің белсенділігін арттыруға берілген. Азаматтар мемлекеттік басқаруға неғұрлым көбірек қатысатын болды.

Бесінші. Мемлекеттік комиссияның парламент санын 154 депутатқа дейін ұлғайту туралы ұсынысы қабылданды. Жоғарғы заң шығару органының осындай сандық құрамы Қазақстан үшін оңтайлы болып табылады. Сенаттың құрамы президенттік квотаны арттыру есебінен 7-ден 15 депутатқа дейін көбейеді жəне де олардың бір бөлігі ендігі жерде конституциялық мəртебе бекітіліп берілетін Қазақстан халқы Ассамблеясынан тиісті консультациялар алғаннан кейін тағайындалатын болды.

Сенаттың рөлі де елеулі күшейе түседі. Енді жоғары палатаға «реттеуші билік» деп аталатын функция беріледі, яғни ол өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты туындайтын Мəжілістің уақытша болмауы кезеңінде бүкіл парламенттің функцияларын орындайтын болды.

Қазірдің өзінде бар өкілеттіктерге қосымша Сенатқа Ұлттық банк төрағасы лауазымына кандидатураны келісуі құқығы берілді.

Парламент депутатының қандай да бір императивтік мандатпен байланысты болмайтындығы туралы норманы алып тастап депутаттар қызметіне қатысты қағидатты мəселе болып табылады.

Алтыншы. Конституцияға енгізілген түзетулерге сəйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдына ғана емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленді.

Осылайша атқарушы билік көрсететін мемлекеттік қызметтердің жоғары тиімділігі мен сапасы, сондай-ақ оның органдары қызметінің қоғамдық есептілігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі. Тиісінше Үкіметтің жұмысына тиісті бақылау жасау жөнінде парламенттің өкілдігі күшейтілді.

Елеулі бір жайт — парламенттік көпшілік негізінде Үкіметті құру мен оның жұмыс істеуінің жаңа ережелерін жасау. Енді Премьер-министрді бекітуде, демек бүкіл Үкіметті бекітуде, басты рөл Мəжіліске беріледі.

Мəжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бұрынғыдай депутаттар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады.

Премьер-министрдің жаңадан сайланған Мəжіліс алдында Үкімет сенім білдіру туралы мəселе қою жөніндегі конституциялық міндеті Үкімет тағдырына ықпал ететін тағы да бір маңызды оқиға болады.

Үкімет құрудағы мұндай оң жағдайлардың болуы орынды. Мұны жұртшылық дұрыс қабылдады. Саяси партиялардың рөлі артады жəне парламенттік көпшілік партиясы Үкіметтің қызметі үшін жауапты болады.

Жетінші. Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған Азаматтық форум билік пен үкіметтік емес ұйымдар арасында сындарлы диалог орнату үшін ерекше маңызға ие болуда, мұның аясында Қазақстанның азаматтық альянсы құрылды. Оның заң шығару үрдістеріне қатысуын қамтамасыз ету үшін Парламент Мəжілісі жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы тағайындалады.

Бүгінгі таңда билік пен үкіметтік емес ұйымдар үнқатысуының жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Бұл қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық өмірінде азаматтық қоғам институттарының рөлін одан əрі күшейтуге мүмкіндік береді.

Сегізінші. Жергілікті өзін-өзі басқару мəселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар. Оларды мемлекеттік Негізгі Заңына енгізу Қазақстанның бүкіл халқының көп жылғы жəне мүдделі талқылауының нəтижесі болып табылады.

Мұның өзі — Қазақстандағы демократияның өзекті мəселесі. Халықты жергілікті маңызы бар мəселелерді белсене шешуге қатыстыруға тарту үшін тиімді өзін-өзі басқару керек. Бұл адамдар мемлекеттің көмегіне жай ғана иек артпай, өзекті проблемаларды өздері шешу үшін қажет. Жергілікті билік, сайып келгенде, бұдан қажетті бедел мен өкілеттіктерге ие болады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі мəслихаттар болатыны Конституцияда баяндалған. Оларға арнаулы заңға сəйкес, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға өкілеттік беруі мүмкін. Жергілікті жерлерде биліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мəслихаттардың сайланатын мерзімі 4 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.

Конституциялық реформаның тағы бір маңызды жағы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астана əкімдерін, Президентін лауазымға тағайындауы енді тиісті мəслихаттың келісімімен жүзеге асырылатын болды. Өзге деңгейдегі əкімдер осыған ұқсас схема бойынша лауазымға тағайындалатын болды.

Мəслихаттың əкімге сенімсіздік білдіру рəсімі едəуір оңайлатылды. Бұл үшін əкімге сенімсіздік білдіру жəне оны қызметтен босату туралы мəселені тиісінше республика Президентінің не жоғары тұрған əкімнің алдына қою туралы шешім қабылдайтын депутаттардың жай көпшілігі қажет етіледі.

Сонымен, мəслихаттар мен олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі, олар енгізілген нормалардың мəні бойынша өздеріне атқарушы органдардың көбірек есеп беріп тұратындығы арқасында əрекет етуші жергілікті өзін-өзі басқаруды білдіреді.

Бүкіл өркениетті мемлекеттерде іс жүзінде қамауға алуға санкция беру — бұл соттың ерекше құзыреті. Азаматтарды қамауға алуға соттың санкция беру бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басымдықтар болып табылатын құқықтық мемлекеттің бұлжымас жəне аса маңызды қағидасы деп баяғыдан-ақ танылған. Қазақстанда өлім жазасын іс жүзінде жоюға əкеп соқтырады. Қазір бұл жазаға заң тұрғысынан аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жол беріледі. Алайда, шын мəнінде, өлім жазасына жарияланған мораторийге байланысты соңғы төрт жылда қолданған жоқ. Өлім жазасын адамдардың қырылуына əкеп соқтыратын тек лаңкестік қылмыстар үшін жəне соғыс кезінде жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолдану мүмкіндігі конституциялық деңгейде белгілене отырып, Қазақстан осы арқылы өлім жазасы іс жүзінде қолданылмайтын елге айналады. Конституциялық Қазақстанның жаңа тарихи дəуірге қадам басуын білдіреді. Осыған байланысты бүгінде ел Парламентінің алдында қолданыстағы заңнаманы  Конституцияға  қабылданған өзгерістерге сəйкес келтіру міндеті тұр.

Ең алдымен, Президенттің, Парламенттің жəне Үкіметтің арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты конституциялық заңдарға өзгеріс енгізілуі тиіс. Конституциялық реформалардың жаңашылдығы сайлау заңнамасында да өзінің көрінісін табуға тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен олардың қызметінің қағидаларын одан əрі дамыту «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнаулы заңдарда іске асырылатын болады.

Барлық өзгерістер Қазақстанның əлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі екенін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Конституциялық Кеңес төрағасы, заң ғылымдарының докторы Игорь Рогов былай  деді:  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу туралы» Заң Тəуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы мен саясаты қайта жаңғыру кезеңінің басталғанын білдіреді. Бұл халықаралық қауымдастықтың оң көзқарасын туғызды. Депутаттар қабылдаған осы құжат енді «Президент туралы», «Парламент туралы», «Сайлау туралы» т.б. заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Бұл нормативтік-құқықтық актілерді жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Елдегі конституциялық заңдылықтың сапалық жаңа деңгейі осылар арқылы қамтамасыз етіледі. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамалар да ревизияланатын болады. Кеңес Төрағасының хабардар еткеніндей, адам құқығын қорғау мəселесі бірінші кезекке қойылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Қазақстан біраз жылдан бері өлім жазасына мораторий жариялаған еді. Ол ауыр қылмыстар санын өсірген жоқ. Сонымен қатар қамауға алуға санкция беру құқығын соттарға беру функциясы енгізгелі отыр. Бұл адам құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Парламент Сенаторы Қ.Сұлтанов «Конституциялық реформа жəне азаматтық қоғам» тақырыбына тоқталады. «Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты — қоғамды одан əрі демократияландыру», — деді сенатор. Осы тұрғыдан алғанда конституциялық өзгерістердің сапасы да, салмағы да жоғары деп айтуға болады. Сенат төрағасының баяндамасында айтылғандай, өзгерістер Президенттің сайлану мерзімін қысқартуға сот жүйесін əрі қарай дамытуға жəне олардың өкілеттігін кеңейтуге арналған [3].

Саяси өзгерістер бағдарламасы мен конституциялық реформаларды əзірлеу, оның аса маңызды құрамдастарының бірі ретінде біздің алға басуымыздың басым арнасына айналды. Конституцияның тұрақтылығы мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін Конституцияға өзгерістер тəртібін күрделендіру ұсынылды. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізетін жəне біздің Отанымыз дамуының жаңа сапалық сатысына қадам басатын уақыттың келгеніне кəміл сенімділік тудырады. «Конституциялық өзгерістер Қазақстанның қуатты, бəсекеге қабілетті жəне демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы маңызды кезеңге айналмақ. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңін заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде Парламенттің белсенді жұмысынан үміт артамын», — деді Елбасы Н.Ə.Назарбаев [2].

Қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы қоғамдағы түбегейлі саясат жəне əлеуметтік өзгерістер жағдайында болды. Қазақстан Республикасында кəсіби, тұрақты қызмет ететін атқарушы жəне заң шығарушы органдардың пайда болуы — халықтық өкілдіктің күрделі тарихи дамуының жетістігі.

Осы уақыттан қазіргі кезге дейінгі аралықта Қазақстан ірі модернизациялық жоба «Қазақстан– 2030» атты Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Стратегиясын жүзеге асырды. Нəтижесінде еліміз жаңа сапалы сатыға көтеріліп, əлемдегі бəсекеге қабілетті елу мемлекет қатарына ену міндетін қою мүмкіндігін берді.

Парламентаризмнің дамуы бұл өзіндік мақсат емес, ол қоғамға, жеке адамға қызмет етуде ғана мəніне ие болады. Осыған орай қазіргі əлемде қалыптасқан парламенттің əр түрлі типтерін, парламенттік қызмет түрлерін, əлеуметтік рөлін салыстыра талдау өте маңызды.

Қазіргі парламентаризм — жан-жақты динамикалық құбылыс. Мəселені терең түсіну жəне оның даму бағыттарын айқындау, қазақстандық парламентаризм мен басқа əлемдегі қалыптасқан үлгілерді түсінуге жəне салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретіндігі айқын.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жетібаев К. Қазақстан Парламенті құзыретінің құқықтық сипаттамасы // Ізденіс. — 2001. — № 3 — 210-б.
  2. web-cайт. www.e.dov.kz. akorda @e. kz
  3. Сұлтанов Қ. Конституциялық реформа жəне азаматтық қоғам // Егемен Қазақстан. — 2007. — 1 мамыр. — 2-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.