Сауда қатынастары

Сауда қатынастарын дамыту еуро-жерортатеңіздік әріптестіктің маңызды құрамдас  бөлігі  бо-  лып саналды. Бұл бағыттың негізгі мақсаты – сауданы либерализациялау және еркін сауда аймағын құру арқылы аймақтық интеграцияны тереңдету. ЕО экономикалық өсуге ынталандыруда, өмір сүру деңгейін және жан басына шаққандағы кірісті жоғарылатуда сауданың рөлін аса маңызды орынға қояды. 40 жылдан бері сауда саласы ЕО-ның ортақ саясатының әлдеқайда интеграцияланған құралы болып табылады. Қазіргі кезде ЕО-ның сауда саясаты ЕО-ны құру жөніндегі келісімшарттың 131, 134-баптарына негізделген. Оның негізгі мақсаты – халықаралық саудада шектеулерді прогрессивті түрде алып тастау және кедендік тарифтерді төмендету.
2014

Адамзат тарихының ежелгі кезеңінде еркін сауда аймағы, кеден одағы не ортақ нарық сияқты интеграциялық бірігу нысандары «таза» түрінде кездескен емес. Әрине, әртүрлі уақыттарда әртүрлі өңірлерде орын алған үлкен империялар өздерінің көршілес елдерімен қарым-қатынастар құрған кезде аталған нысандардың кейбір элементтері кездескендей болады, бірақ олар басқа себептерге байланысты, басқа мақсаттарды көздейтін және интеграцияға тікелей қатысы болмаған іс-қимылдар екендігі түсінікті.
2010

Мақалада Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесі қарастырылды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің тиімді жақтары талданып, ел экономикасы дамуы, отандық салалардың шетелмен бəсекелестігі туралы сөз болады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі мақсат-міндеттері белгіленіп, Ұйымға енудегі маңызды мəселелер талданып, негізгі бағыттары да айқындалған. Жалпы, жаһандану заманындағы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуының маңыздылығы, ел үкіметінің осы орайда атқарып жатқан бірқатар жұмыстары, олардың елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басты бағыттары аталып көрсетілген.
2014
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мəселесі