Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропалық Одақтың Оңтүстік Жерорта теңізі аймағымен сауда қатынастары

ЕО Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің негізгі сауда әріптесі болып табылады, алайда екі аймақ арасындағы сауда қатынастары үйлесімсіз және арасалмақтық сақталмай келеді. 2002 жылы Оңтүстік Жерорта теңізі елдері саудасының 40%-ынан астамы ЕО-ға тиісті болса, ЕО саудасының 7%-ы ғана осы аймаққа қатысты болды. 1995 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда жерортатеңіздік елдердің ЕО-ға жасалған экспорт көлемі екі есеге артқан, ал импорт көлемі 60%-ға өскен.

2007 жылы 10 жерортатеңіздік елге ЕО экспортының 9,7%-ы, ал импортының 7,5%-ы тура келді. Ал 2001-2007 жылдар аралығында осы елдердің сауда айналымдарының 50%-ы ЕО-мен болған, оның ішінде Мағриб елдерінің үлесі аталған сауда айналымының 2/3 бөлігін құраған [1].

Барселона үрдісі жерортатеңіздік елдердің ЕО-мен саудасына жақсы әсер етті, олардың арасындағы тауар айналымы өсіп отырды. 19952005 жылдар аралығында ЕО-ның Оңтүстік Жерорта теңізі елдеріне бағытталған экспорт көлемі екі есеге көбейген, олардың ЕО-мен сауда тапшылығы 90-жылдардағы 20%-дан 2000 жылдардағы 7%-ға дейін түскен [2]. Алайда ЕО-ның оңтүстікке   қарай   кеңеюіне   дайындығы 1992-2001 жылдар аралығында Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің экспорттарының өсуіне ықпал етті, олардың ЕО нарығындағы экспорттарының үлесі 10%-ға төмендеді. Жалпы алғанда 19962006 жылдар аралығында ЕО-ның Оңтүстік Жерорта теңізі елдеріне бағытталған экспортының өсуі жылына 8%-ды құраған. Аталған елдерден келетін ЕО-ның импорты осы кезеңде 7%-ды, басқа елдерден 13%-ды көрсеткен. Бұған себеп ретінде әр елдегі кедендік тарифтердің алып тасталынуы әр уақытта болғандығы және ЕО нарығына кірудің преференциалды талаптарының өзгеріссіз қалуы болып табылады.

Кейбір есептеулер бойынша, ЕО-ның Жерорта теңізі елдерімен сауда қатынастарындағы тарифтік емес шектеулері кедендік тарифтің шамамен 10%-ына тең келеді және екі аймақтың сауда қатынастарының дамуына айтарлықтай кедергі болып табылады [3]. ЕО-дан келетін импортқа қойылатын кедендік салықтардың толық алынып тасталынуы бұл елдердегі кірістер көлемін айтарлықтай азайтады екен. Мысалы, Тунис үшін кедендік тарифті алып тастау ЖІө-нің 2,4%-ын жоғалтады екен. Мұндай шығындардың орнын толтыру үшін бұл елдер салықтардан түсетін ішкі кірістерін көбейту қажет, ал онсыз да тұрақсыз болып тұрған араб елдерінде үкімет тарапынан бұл әрекеттерге бару өте қиын.

Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінен аграрлық экспортқа қатысты тарифтік емес шектеулерді қолдану ЕО-ның ескі тәжірибесі болып табылады. Бұл ауылшаруашылығы өнімдерінің саудасын либерализациялауға қайшы әрекет. Тунис, Египет ауылшаруашылығы өнімдері көкөніс, жеміс-жидектер, сүт өнімдері, ет, мақтадан жасалған бұйымдар бойынша ЕО елдерімен бәсекеге түсе алады. Бірақ бұл тауарлардың бір бөлігі ғана төмендетілген салық бойынша кіре алады. Олардың басым бөлігі көлемдік шектеулерге түседі.

Қызмет көрсету саласы Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің экономикасының негізгі салалары болып саналады. Мысалы, Египеттің ЖІөнің 50%-ы осы салаға тиісті, ал Тунисте бұл көрсеткіш 60%-ды құрайды [4]. Қызмет көрсету саласындағы сауданы либерализациялау еурожерортатеңіздік еркін сауда аймағын құру үрдісінде талқыланған. Қызмет көрсету саласындағы сауда жөніндегі келіссөздер 2006 жылдан бастап жүргізіліп келеді, 2008 жылдан ЕО бұл елдермен екіжақты келіссөздер жүргізе бастады. 2003-2007 жылдар аралығында ЕО-ның Оңтүстік Жерорта теңізі елдеріне қызмет көрсету экспорты 1,5 есеге өскен, алайда бұл жоғары көрсеткіш болып табылмайды, бұл осы саладағы жалпы экспорттың 1%-ын құрайды [5]. Қызмет көрсету саласындағы сауданың жағдайы жақсарғанда бұл салаға еуропалық инвестициялар тартылуы мүмкін. Көптеген сарапшылардың болжамы бойынша, бұл саланың либерализациялануының нәтижесінде коммуникациялық технологиялар, туризм, транспорт, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау салаларының дамуы әлдеқайда тез қарқын алады.

ЕО-ның Оңтүстік Жерорта теңізі елдеріне бағытталатын экспорттың негізгі құрамы өндірістік өнімдер тұрады. 2000-2009 жылдар аралығында бүкіл экспорт көлемінің 45%-ын құраған. Бұл тауарларға, негізінен, машиналар және транспорттық құрылғылар және химиялық өнімдер жатады. Ал осы елдерден ЕО-ға келетін импорттың негізгі құрамы көмірсутектік және минералды шикізаттар болып табылады. Оңтүстік Жерорта теңізінің негізгі сауда әріптестері – Франция, Германия, Италия, Испания және Грекия. Тунис Еуропаға, негізінен, текстиль және киім-кешек экспорттаса, Ливия және Египет экспортын мұнай, мұнай өнімдері және газ құрайды.

Еуро-жерортатеңіздік  әріптестіктің  негіз-  гі мақсаттарының бірі 2010 жылға қарай еркін сауда аймағын құру еді. Бұл идеяның жүзеге асуы ЕО және оңтүстіктегі көршілес елдермен аймақтық интеграциясының жандануына, Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінің ЕО-мен саудасындағы үлесін жоғарылатуға алып келу керек болды. Еркін сауда аймағы жерортатеңіздік елдердің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуші, кедейшілік деңгейін төмендетуге, жұмыс орындарының көбеюіне және аймақ ішіндегі ынтымақтастық пен сауданы ынтыландыруға септігін тигізуші еді. Бұл жобада бірыңғай еуро-жерортатеңіздік тауардың шығарылу жерінің қағидасын енгізу қарастырылды, бірақ тек қана өндірістік тауарлар саудасын либерализациялаумен шектелді.

Екі аймақ арасындағы еркін сауда аймағының құрылуы Оңтүстік-Оңтүстік өлшемінің нығаюынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. 1989 жылы Оңтүстік Жерорта теңізінде алғашқы аймақтық одақ – Араб Мағрибы одағы құрылған еді. Оның мақсаты экономикалық интеграцияны және ішкі сауданы нығайту болды. Алайда сауда саласындағы нәтижелер жоғары болмады, 2009 жылы одақ ішіндегі сауда тек 3%-ды құрады [6]. Еркін сауда аймағын құрудағы маңызды қадам Агадирдегі Тунис, Марокко, Иордания және Египет қол қойған еркін сауда жөніндегі келісім болды. Ол 2006 жылы іске қосылған еді. 2015 жылға қарай бұл келісімге 18 араб мемлекеті қосылу керек. 2005 жылы тағы бір аймақтық ұйым – Үлкен араб еркін сауда аймағы (GaFta) құрылды. Бұл ұйымның құрылуы барысында болашақта Мағриб және Таяу Шығыс елдерін біріктіреді деген үміт артылды және Агадирлік келісімді ауыстырады деген мүмкіндік айтылды. Алайда қазірше тек қана Тунис, Марокко және Египет арасында екіжақты келісімдерге қол қойылған.

2010 жылға қарай Еркін сауда аймағы жобасын іске асыру үшін «Жол картасы» жоспары құрылды [7]. Жыл сайын экономика және қаржы министрлерінің және сауда министрлерінің кездесулері жүргізілетін болды, 2009 жылы желтоқсан айындағы кездесуде еуро-жерортатеңіздік аймақ үшін преференциалды қағидалар жөніндегі аймақтық конвенция мақұлданды. Бұл конвенция бұрынғы тауардың шығу жері жөніндегі екіжақты хаттамалар жүйесін ауыстыру керек болды. Конференцияда аграрлық және балық өнімдерін әрі қарай либерализациялау жөнінде Египетпен келісімшарттарға қол қойылғандығы атап өтілді. Сауда министрлері 2010 жылы қызмет көрсету саласын либерализациялау жөніндегі Египет, Туниспен келіссөздерді аяқтауды ұсынды.

«Жол картасын» жүзеге асырудың негізгі кезеңдері келесідей:

  • Ассоциация жөніндегі келісімдерге сәйкес өндірістік өнімдер саудасын либерализациялау. Қазірше тек қана Тунис ЕО-мен өндірістік тауарлар саудасы үшін кедендік салықтарды түгелдей алып тастады. Қалған елдер бұл салықтарды 2017 жылға дейін алып тастауды көздеп отыр.
  • Ауылшаруашылығы өнімдерін біртіндеп либерализациялау. Бұл саладағы келісімдерге Египет және Мароккомен қол қойылған.
  • Қызмет көрсету салаласын либерализациялау. 2004 жылы Стамбулда өткен конференцияда осы саладағы келісімдерге қол қою жөніндегі келіссөздер жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Египет, Тунис және Мароккомен жүргізілуде.
  • өнеркәсіп үшін еуро-жерортатеңіздік Хартиясы. Бұл хартия жеке меншік саласын дамытуды ынталандыруға және Оңтүстік Жерорта теңізі елдерінде кәсіпкерлік жағдайды жақсартуға бағытталған.
  • Оңтүстік-Оңтүстік интеграциясы. 2006 жылы іске қосылған Агадирлік келісімді жүзеге асыру.
  • Тауарлардың кумулятивті қағидалары жөніндегі еуро-жерортатеңіздік хаттаманы іске асыру.
  • Стандарттар, техникалық заңнамаларды сәйкестендіру. Бұл бағыттағы келіссөздер талқылау үрдісінде жүргізіліп келеді және әрекеттер жоспарларында ескерілуде, алайда бұл үрдіс баяу жүріп келеді және дифференциалды тәсілге негізделген.

Еуро-жерортатеңіздік Еркін сауда аймағы жобасын жүзеге асыруда және екі аймақтың сауда қатынастарын жандандыруда ЕО МЕDА бағдарламасы аясында екіжақты және көпжақты деңгейде бірқатар бағдарламалар жасап шығарды. Олар кейінірек жаңа көршілестік саясат және Жерорта теңізі үшін Одақтың аймақтық жобаларымен толықтырылды. Екіжақты бағдарламалардан Египет пен Туниске арналған бағдарламаларды атап өтуге болады. Египетке арналған сауданы жоғарылату бағдарламасына (ТЕР) 66 млн еуро бөлінген, бұл қаражат Египеттің сыртқы сауда министрлігіне жіберілді. Ал ЕО бағыты бойынша техникалық көмек көрсетілді және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұған қоса ЕО «Египеттің өндірістік бизнесіне  қолдау  көрсету»  бағдарламасы арқылы Египеттің экспорттық мүмкіндіктерін дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Бұл бағытқа 1,6 млн еуро көлемінде қаражат бөлінген. Тунисте шетелдік инвестицияларға қолдау көрсету агенттігі бағдарламаларында 300 еуропалық фирма қатысады. Сауданы жандандыруға бағытталған жобаның құны 4 млн еуроны құрған [8].

Аймақтық деңгейде МЕDА сыртқы сауданы және бизнес-орталықтар арқылы кіші және орта кәсіпорындарға қолдау көрсетуді ынталандыру бойынша бірқатар жобаларды қаржыландырды. Олардың қаржыландыру көлемі Тунисте – 450 млн еуро, Египетте – 250 млн еуроны құраған. МЕDА бизнес-орталықтары әріптес-елдерге техникалық көмектеседі, мамандарды дайындауды жүргізеді, экспорттың дамуын ынталандырады, кәсіпкерлер ассоциациясына қолдау көрсетеді.

«Жол картасынан» көріп отырғанымыздай, 2010 жылға жоспарланған еркін сауда аймағын құру мерзімдері ЕО жоспарларынан әлі де алшақ. Алға жылжулар бар, бірақ олар қазіргі кезде айтарлықтай көлемде емес. Еркін сауда аймағын құрудың негізгі кедергілері аймақтық және субаймақтық интеграцияның баяу жүруінде, Араб Мағрибы, Агадирлік келісім, Үлкен араб сауда аймағы сияқты аймақтық жобалар қызметінің нәтижесіздігі, аймақ ішіндегі интеграциялық үрдістерді реттейтін институттардың жоқтығы, екіжақты және көпжақты форматтағы қатынастарды қаржыландырудың жеткіліксіздігі болып табылады. Бұған қоса ЕО-ның жерортатеңіздік саясатындағы өзара байланысты, мақсаттары біркелкі саналатын бірнеше бастамалардың жұмыстарын келтіруге болады. Бұл бастамалар нақты үйлесімдерді қажет етеді, өйткені ЕО жобаларының жүзеге асу үрдістерін қиындатып отыр.

Еркін сауда аймағын құру үшін мүше-елдер арасындағы еркін сауда жөніндегі бірыңғай келісімдер жүйесі және стандарттар мен заңнамалардың сәйкестігі қажет деп есептелінеді. Еркін сауда аймағы жөніндегі келісімшарт преференциалды сауда жөніндегі келісімдер категорияларына жатады және кедендік одақ, ортақ нарық сияқты әлдеқайда интеграцияланған экономикалық қатынастарға жасаған қадам болып саналды. Алайда еуро-жерортатеңіздік еркін сауда аймағына тән нәрсе – оңтүстіктегі жерортатеңіздік елдердің көпшілігі еркін сауда жөніндегі келісімдерге қол қою бойынша келіссөздердің әртүрлі кезеңінде жүргендігі. Олардың тек  қана  төртеуі  соңғы  кезеңіне  жақындады.

Ауылшаруашылық өнімдері және қызмет көрсету саласындағы сауданы либерализациялау жөніндегі келіссөздер де алғашқы кезеңінде тұр. Сондықтан терең интеграцияны  және  сауда стандарттарының үйлесімділігін қамтамасыз ететін ЕО-ның қарастырып отырған бұл жобасы жоспарланған уақыттан біршама кейінге қалып отыр.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. trade policy of the european Union // http://www.eubusiness.com/topics/trade/eu-mediterranean-trade.
  2. tale of Parallel integration a Gravity analysis of eU trade with Mediterranean and Central and eastern european Countries. october 2005. institute for the study of labor. – bonn, 2005. – P. 14; eurostat statistical book. euro-Mediterranean statistics. 2006 edition eurostat. european Communities. – luxembourg, 2007. – P. 62.
  3. Prospects for Future euro-Mediterranean t Case Network e-briefs № 07/2010. May 2010. – Warsaw, 2010 (cайт центра социальных и экономических исследований – http://www.case-research.eu/sites/default/files/publications/29362911_ebrief_DeWulfMaliszewska_7_2010_0.pdf).
  4. the euro-Mediterranean trade r Munich Personal rePec archive Paper № 7085. – February 2008. – Р. 2.
  5. eurostat europe in eurostat yearbook 2009. – luxemburg, 2009. – P. 381.
  6. arab Maghreb: weak interregional trade// http://www.ennaharonline.com/en/news/404.htm.
  7. economic integration in the euro-Mediterranean r Final report, september, 2009. http://trade.ec.europa.eu/doclib/ docs/2009/october/tradoc_145214.pdf.
  8. study on different techniques to promote trade: traditional techniques, consumer protection, new techniques: e-commerce. May 2005. MeDa Programme of the european Commission (eC) – europeaid cooperation office, P. 14 http://edz.bib.uni-de/daten/edz-/gdb/05/euromed_gateway_trade_prom.pdf.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.