Трансшекаралық бақылау

Мақала Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесіне арналған. Екі ел арасындағы су мəселесінің бүгінгі жай-күйі, оларды шешуге бағытталған шаралар барысы, аталмыш мəселені шешу жолында тараптар үшін кездескен қиыншылықтар мен кедергілер кеңінен талданған. Трансшекаралық өзендердің Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үшін стратегиялық маңызы аталып, олардың тараптар үшін экономикалық тиімділігі, өзендерді дұрыс пайдаланбаудың экологиялық салдары жəне мəселенің басқа да тұстарына баға берілген. Қазақстан мен Қытай Елбасыларының, ведомстволар, министрліктер басшыларының өзара сапарлары барысында трансшекаралық өзендер мəселесін шешуге қатысты қол қойылған құжаттарға сараптама жасалған. Сонымен қатар мақалада трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану бойынша құрылған сарапшылар тобы жұмысының белгіленген əрекеттері мен нəтижелері қарастырылған.
2013

Сумен қамтамасыз ету мен трансшекаралық өзендер ресурстарын бірлесе қолдану мәселесі Ор­ талық Азия мемлекеттері үшін өте маңызды болып табылады. Суды қолданудағы өзара тәуелділік қатысушылардың көпшілігі мен су ресурстарының тең емес мөлшерде орналасуымен, сонымен қа­ тар оларды тиімсіз түрде қолданумен сипатталады. Авторлар мақалада Орталық Азиядағы су ресурстарын рационалды пайдаланудағы ынтымақ­ тастыққа бөгет жасайтын негізгі факторларды және аймақтағы су мәселесінің қазіргі жағдайын қарастырады; су ресурстарын бірлесе қолдану мәселесінің тарихын қарастырады; су ресурстарын бірлесе қолданудағы негізгі мәселелерінің бірі болып табылатын аймақ елдерінің қызығушылықта­ рындағы қарама­қайшылықтарды атап өтеді; трансшекаралық өзендер ресурстарын қолданудағы жағдайға сараптама жасайды және аталмыш салада диалогты жақсарту арқылы мәселенің ортақ шешімін табу қажеттілігін дәлелдейді.
2014

Қазақстан Республикасы үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану – бұл ерекше және аса маңызды тақырып. Сарапшылардың пайымдауы бойынша Қазақстан елеулі деңгейде су ресурстарының тапшылығын тартып отырған Еуразиялық құрлықта­ ғы елдердің бірі болып табылады. Дегенмен, бүгінгі күні Қазақстан барлық шектес мемлекеттермен трансшекаралық су көздерін пайда­ лану және қорғау бойынша халықаралық келісімдерге ие. Алайда, Қазақстан мен Қытай арасында су бөлісі туралы келісім жоқ. Осыған орай, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша қазақ­қытай бірлескен комиссиясы шеңберінде трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық мә­ селесі және келісімге келу қарастырылуда. Өйткені, ҚХР­де, өз ке­ зегінде, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен өсіп жатқан қалалардың қажеттілігін арта түскен көлемде қамтамасыз ету үшін су ресурста­ рының тапшылығын сезінуде. Осы негізде Қазақстан мен Қытайдың су қатынастарын реттеу мәселесі екі мемлекет үшін де стратегиялық мәнге ие.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.