Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан мен Қытай арасындағы су мəселесі

Су – Қазақстан мен Қытай арасындағы толық шешіле қоймаған аса маңызды мəселелердің бірі. Екі ел арасындағы тарихтан қалған шекара мəселесі сияқты  трансшекаралық  өзендер  де Кеңес дəуірінен келе жатқан мəселе болып табылады. Аталмыш мəселе алғаш 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында басталған. Ол кезде ҚХР-мен трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану жəне қорғау мəселелерін реттейтін  мемлекетаралық  келісімді дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілген еді. Тараптар көзқарастарының əртүрлігінен мəселені шешу ұзаққа созылып кетті. Тəуелсіз жас Қазақстан үкіметі трансшекаралық өзендер мəселесін ең негізгілердің қатарына қосты. 1992 жылы Қытай тарапына аталмыш мəселеге сəйкес келісімнің қазақстандық жобасы ұсынылған болатын [1].

Содан бұл мəселе бойынша алға басушылық тез байқала қоймайды. Трансшекаралық өзендер мəселесін қайта көтеруге себеп болған жайт – ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы басшыларының Қара Ертіс ағынының белгілі бір бөлігін провинцияның орталық аудандарындағы шөл далаға аудару туралы шешімі Қазақстанда белгілі болды. 1997 жылы Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті де айтылған ұсынысты қолдайды. ШҰАА үкіметінің бекіткен №635 жобасына сəйкес Қара Ертісті «бұру» жұмысының нақты кестесі құрылған болатын жəне ол жұмыстарды 1999 жылдың қазанына дейін жүзеге асыру қарастырылған [2].

Қытайдың экономикалық дамуы оның əр бөлігінде əркелкі. Мысалы, Қытайдың оңтүстікшығыс аймағының даму деңгейі мен халқының тұрмыс деңгейі жоғары, ал дамудың анағұрлым төмен деңгейін Қытайдың батысынан байқауға болады. Бірақ соңғы кездері Қытайдың батыс өлкесі, атап айтсақ, Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданында экономикалық даму жылдам қарқын ала бастаған. Əсіресе өндірісті дамытуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Міне,  осындай елдің екі жақ бөлігіндегі алшақтықты жою мақсатында батыс аймақтың экономикалық дамуы негізгі мəселелердің бірі болып отыр. Ал өнеркəсіпті дамытуда, халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін судың қаншалықты қажет екенін айтпаса да түсінікті.

Алғаш рет трансшекаралық өзендерді пайдалану мəселесі бойынша ресми келіссөздер 1998 жылы басталды. Осы жылдан бастап Қазақстан мен Қытай арасында ататлмыш мəселе бойынша келіссөздердің 5 раунды өтіп, нəтижесінде трансшекаралық өзендер бойынша Бірлескен жұмыс тобы құрылады. 2000 жылдың 6 қарашасында Алматыда осы топтың бірінші мəжілісі болып, онда 23 трансшекаралық өзеннің тізімі жасалып, 3 кезеңнен тұратын жұмыс белгіленген болатын.

Трансшекаралық өзендер мəселесі екі ел ресми адамдарының кездесулерінде əрдайым талқыланды. Бірақ Қытай жағы суға байланысты мəселені жауапсыз қалдырып  отырды.  Тек  1999 жылдың 31 наурызындағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминге Жолдауы сол жылдың мамыр айында су мəселесіне байланысты келіссөздердің жандануына септігін тигізді. Қытай басшысына жолдаған хатында Н. Назарбаев трансшекаралық су ағысының жағдайы қоршаған ортаның тұрақтылығы мен екі елдің экономикаларының дамуының шешуші факторы болып табылатынын айта келіп, Қазақстан мен Қытайдың тиісті министрліктері мен ведомстволарына сол жылдың сəуірінде су ресурстарын тиімді пайдалану, олардың ластануын азайту мен болдырмау мəселелері жөніндегі келіссөздерді бастауды тапсыруды ұсынды. Бұл келіссөздердің нəтижесі трансшекаралық өзендерді бірлесе пайдалану мен қорғау жөніндегі келісімге қол қою бола алатынын айтты. Қазақстан Президенті тараптар бірлесе отырып, Қазақстан-Қытай қатынастарында дəстүрге айналған достық пен өзара тиімділік рухында осы мəселе жөніндегі өзара іс-қимылдың нақты жүйесін жасай алады деп сенім білдірді [3]. Сөйтіп, нəтижесінде аталмыш мəселеге байланысты келіссөздер жүргізуге келісім алды.

1997 жылы Қазақстан, Қырғыз Республикасы жəне Ресей əр мемлекет жеке-жеке Қытай тарапына трансшекаралық өзендер мəселесі бойынша хаттар жолдаған болатын. Қытай жауап ретінде аталмыш мəселе бойынша екіжақты форматтағы келіссөздер жүргізуге ниет білдірді. Мұны ол əр жағдайға өзіндік жол керек деп түсіндірді [1].

Ал кейбір сарапшылардың пікірінше, Қытай жағы ұсынған екіжақты келіссөздерден бас тарту Қазақстан үшін тиімдірек жəне бұл мəселеге қызығушылығы бар тараптарды (ол, ең алдымен, Ресей, себебі Ертіс өзені Ресейдің Омбы облысы үшін өте маңызды, сонымен бірге Қырғыз Республикасы, өйткені бірқатар Қытай өзендері Қырғызстаннан бастау алады) тартып, көпжақты келіссөздер Қытай тарапының басымдығын əлсірете түседі [4].

Бірақ Қазақстан да, Қытай да трансшекаралық өзендер мен көлдер бойынша халықаралық конвенцияға қол қоймағандықтан, өзара келіссөздерге үшінші тараптың, мысалы, Ресейдің қатысуына кедергі болып  тұрған  фактор  болып табылады. Мұның өзі өзара диалогтың дамуына,  үшінші  жақты  немесе   бүкілəлемдік қоғамдастықты, сонымен бірге тиісті халықаралық ұйымдар мен қорлардың назарын аударуын белгілі дəрежеде қиындата түседі [5].

Екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер тізіміне Ертіс өзені алқабынан алты өзен, Іле өзені алқабынан үш өзен, барлық таулы жүйе өзендерінен сегіз өзен енгізіліп отыр. Ондағы гидрологиялық бақылау орындары анықталды. 2001 жылғы 23-25 маусымда бірлескен эксперт тобы Ертіс-Қарамай  каналының  сағасына  жəне Ертіс өзеніндегі тоспаға тексеру жасады. Қытай жағының өз аумағындағы су қоймаларын қарауға мүмкіндік беруі олардың бұл мəселені əділдікпен шешуге ынталы екендігін дəлелдейді.

2001 жылдың қыркүйек айының 12-сінде ҚХР Үкіметінің басшысы Чжу Жунцзи Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Үкімет басшыларының кездесуі  барысында  бірлескен алты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде трансшекаралық өзендерді қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келуі аталмыш мəселені шешуге жасалған нақты қадам ретінде қарастырылады [6].

ҚХР су мəселесінде ұлттық өзімшілдікті ұстанбайтыны туралы Пекин мəлімдемесі қолайлы жағдай туғызуда. ҚР СІМ-нің ТМД істері комитетінің төрағасы А. Қожақовтың сөзі бойынша, қытай тарапы бір тараптың аумағында трансшекаралық өзендерді пайдалану екінші тарапқа нұқсан келтірмеуі тиіс деп мəлімдеген. Сондай-ақ келіссөздер барысында Астана мен Пекин өзара тиімділік негізінде Қазақстан Қытай аумақтарында орналасқан гидротехникалық құрылыстарды аралап көруге келісті. Ертіс пен Іле өзендеріндегі су-шаруашылық объектілермен танысу жəне зерттеу жұмыстарының жоспары бекітілген [7].

2001 жылдың қыркүйегінде Астанада қол қойылған трансшекаралық өзендерді қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 2-бабында трансшекаралық өзендерді пайдалану жəне қорғауда тараптар əділеттiк пен ұтымдылық қағидаттарын ұстана отырып, шынайылық, тату көршілік пен достық тұрғысынан тығыз ынтымақтасатындығы айтылған. Ал 5-бабында: «Тараптар ынтымақтастықты мынадай салаларда жүзеге асыра алады:

  • су мөлшерi мен сапасын бақылау жəне өлшеу постыларының орналасу жерлерiн келiсу жəне белгiлеу;
  • бақылаудың, өлшеудiң, талдау мен бағалаудың бiрыңғай əдістерiн зерттеу;
  • тараптар келiскен постылардағы гидрогеологиялық бақылау мен өлшеулердiң мəлiметтерiне талдау жүргiзу жəне оларды жиынтықтay;
  • су тасқындары, мұзданулар жəне басқа да табиғи апаттар əсерлерiнің алдын алу, немесе жеңілдету жөнінде мүмкiн болатын бiрлескен зерттеулердi жүргiзу;
  • трансшекаралық өзендер сулылығының жəне суының сапасының келешектегi өзгеру үрдістерін зерттеу;
  • қажет болған жағдайда, трансшекаралық өзендердi пайдалану жəне қорғау саласында бiрлескен зерттеулер жүргiзу мен тəжiрибе алмасу»,
  • делінген.

Сонымен қатар келісімде көрсетілгендей, аталмыш мəселемен айналысатын ҚазақстанҚытай Бірлескен комиссиясын құру белгіленіп, оның жиналысы жылына бір рет Тараптар аумағында  кезектесіп  жүргізіліп  отырмақ.  Бұл келісім 8 жылға жасалынды. Келісім 2002 жылдың 1 қазанында күшіне енген.

Дегенмен Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерді қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім трансшекаралық су ресурстарын пайдалануда Қазақстан мүддесін ескеру туралы қытай тарапының қандай да болмасын міндеттерін қарастырмаған. Сондықтан бұл келісім екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер мəселесін толық шешті деп айтуға болмайды.  Əйтсе  де екі мемлекеттің мұндай келісімге қол қоюын аталмыш мəселені шешудегі тағы бір қадам ретінде ғана бағалаған дұрыс.

2004 жылғы 19 мамырда Президент Н. Назарбаев өзінің Қытайға ресми сапары кезінде Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы Компартиясының хатшысы Ван Лэцюаньмен кездесіп, онда ҚХР-дың бұл мəселе бойынша көзқарасы анықталды. Онда: «Трансшекаралық өзендер мəселесіне келгенде, біз Сіздің позицияңызға зор құрметпен қараймыз делінді, мəселен, біздің есебіміз бойынша Ертістен 12,3 миллиард текше метр су өтеді. Қытай жағы оның 1,5 миллиард текше метрін ғана өз мақсатына пайдаланады. Ал Іленің суы 16,7 миллиард текше метр болса, біз соның 3,5 миллиард текше метрін ғана пайдаланамыз». Бұл қос өзеннің арнасының кемуіне немесе экологиялық қауіпсіздігіне зиянын тигізбейтіні атап көрсетілді [8].

Əйтсе де қарама-қайшылықтар жоқ емес, егер Қытай тарапы Ертістен 12 млрд текше метр су ағады деп есептесе, Қазақстан жағы 9 млрд текше метр құрайтынын айтады. Қытай тарапы 12-нің 1,5-н пайдаланам, оның ешқандай зияны жоқ десе, біздікілер 9-дың 1,5-ын пайдаланғанда Қазақстан экономикасы мен экологиясына тигізер залалы зор болатынын айтады.

2004 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерге қатысты мəселелерді шешу үшін оларды үнемді пайдалану жəне қорғау туралы бірлескен комиссия құрылды. Содан бері бұл қомиссияның 3 отырысы өткізіліп, жоспарлы түрде Қазақстан жəне Қытай жерлерінде Ертіс пен Іле өзендерінде салынған гидро жəне су шаруашылығы кешендерін есепке алды, трансшекаралық өзендерге қатысты гидрологиялық жəне гидрохимиялық мəліметтермен, судың сапасын анықтайтын мемлекеттік стандарттар үлгілерімен алмасты. 2005 жылы  ҚР  Ауылшаруашылығы  министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі Трансшекаралық  өзендердегі  табиғи   апаттар жөнінде тараптардың бір-біріне шұғыл түрде хабар  беруі  туралы  келісімге  қол қойды.  Қазіргі  таңда  Қазақстан  сарапшылары қытайлық əріптестерімен трансшекаралық өзендер алқабындағы гидрологиялық жəне гидрохимиялық мəліметтермен өзара алмасу, өзендер алқаптарында біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жəне олардағы судың сапасын бақылау жəне ластанудың алдын алу мəселелерін талқылауды жоспарлаған [9].

Алайда 2007 жылы ҚХР ШҰАА басшылары біржақты тəртіппен Үлкен-Ласты өзенінің суын бұрып алған. Сол себепті Шығыс Қазақстан облысының Майқапшағай, Досым жəне Үмбетай шаруашылығы іс жүзінде сусыз қалған. Зайсан ауданының Əкімдігі ҚХР ШҰАА-ның Іле-  Қазақ автономиялы облысының əкімшілігімен келіссөздер жүргізуге тырысып баққан, бірақ қытай тарапы қандай болмасын түсініктеме беруден бас тартқан, ал бұл өз кезегінде 2002 жылғы үкіметаралық келісімді бұзу болып саналады [10]

2009 жылдың сəуір айында ҚР премьерминистрі К. Мəсімов Қытайға ресми сапары барысында трансшекаралық өзендер мəселесіне  де тоқталған болатын. Ол трансшекаралық өзендер мəселесінде бұған дейін жалпы қол жеткізілген уағдаластықтарға оң баға бере  отыып, Қазақстан  үшін  стратегиялық  маңызы  бар трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау туралы мəселелерді қозғады. Үкімет басшысы Қазақстан Республикасы үшін  де, ҚХР үшін де халық шаруашылығы саласында үлкен маңызы бар Ертіс пен Іле өзендеріндегі  су бөлу мəселелерін Қазақстан егжей-тегжейлі талқылауға кірісу қажет деп санайтынын айтты. Трансшекаралық өзендер суының сапасын бақылау жəне олардың ластануының алдын алу туралы келісімнің жобасын даярлауды жеделдету, сондай-ақ мерзімі 2009 жылы аяқталатын трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласында ынтымақтастық туралы жаңа үкіметаралық келісімді даярлауды қолға алу қажеттілігін атап көрсетті [11].

2010 жылдың маусым айындағы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға  сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Бірлескен Коммюникесінің 11-тармағында: «Тараптар «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Трансшекаралық өзендердің су сапасын қорғау жөніндегі келісімінің» мəтінін келісу бойынша Тараптардың табиғат қорғау ведомстволарының қол жеткізген уағдаластығын жоғары бағалайды, екі мемлекеттің  табиғат  қорғау ведомстволарының «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің» мəтінін келісуді 2010 жылы аяқтау жөніндегі күш-жігерін белсене қолдайды» делінген.

Соңғы жылдарда трансшекаралық өзендер мəселесі тараптардың  тұрақты  да  жүйелі  түрде талқылайтын мəселесіне айналғанымен (аталмыш мəселеге қатысты құрылған бірлескен жұмыс тобы жыл сайын əр тарапта кездесіп, барлығы 8 отырысы болған), мəселенің нақты шешім табуы екіталай көрінді.  Қытайтанушы  К.  Сыроежкиннің  пікірінше,  осы  уақытқа дейін қол жеткізілген уағдаластықтар мен бүгінгі таңда бар шарттық-құқықтық база су сапасы мен оны бұру жəне трансшекаралық өзендердің экологиясына қатысты мəселелердің барлығын дерлік шешуге мүмкіндік береді. Алайда мəселелердің əлі де болса шешілмеуінің негізгі  себебі  ретінде  ғалым  біздің  ауыспалы шенеуніктеріміздің басқаның пікіріне жүгіне отырып, өздерін өз үйінде қожайын ретінде сезінуді əлі үйрене алмағандығы болуы мүмкін деп санайды [10, кн. 1, с. 133]. Уағдаласушы қарсы тарап қандай күшті болса да, ұлттық, экономикалық жəне экологиялық қауіпсіздік секілді мемлекетіміз үшін аса маңызды мəселені шешуде табандылық таныту осы мəселені шешумен тікелей айналысатын басшылардың құзырында екені даусыз.

2011 жылдың ақпан айындағы Елбасының Қытай Халық Республикасына іс-сапары барысында бірқатар маңызды Үкіметаралық келісімдерге  қол  қойылды.  Ертіс,  Іле  жəне т.б. трансшекаралық өзендер  суының  сапасына қатысты, Қорғас тарнсшекаралық өзенінде бірлескен «Достық» су торабын салу туралы Келісімге қол қойылуының маңызы ерекше болып табылады. Президент Н. Назарбаев ҚХР-ға жасаған мемлекеттік іс-сапарын қорытындылай келе былай деді: «Бүгінгі мемлекеттік сапарды өзекті мəселелер бойынша шешімдер қабылдану тұрғысынаналғандаөте жемістіболдыдепсанаймын. Трансшекаралық өзендер мəселесі көптен бері күн тəртібінде тұрған мəселе болатын. Ал бүгін біз Ертіс, Іле жəне т.б. трансшекаралық өзендеріндегі судың сапасын екі жақтан қадағалау туралы келісімге қол қойдық. Ендігі күн тəртібіндегі мəселе əділ су бөлу мəселесі болып табылады». Келісім екі мемлекеттің трансшекаралық өзендер суының сапасын қамтамасыз етуін қарастырады жəне екі жақтың суды қорғау, қадағалау, мониторинг жүргізу жұмыстарын регламенттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар судың ластануы орын алған жағдайда оның салдарын жою, екінші тарапқа ол туралы хабар беру нормалары су сапасын қорғау келісіміне алғаш  рет  енгізіліп  отыр.  Жоғарыда  аталған оқиғалардың ішінде ерекше маңызы бар мəселе болып Қорғас өзенінде бірлескен «Достық» су торабынның құрылысын салу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында осы жаңа нысанның құрылысының мерзіміне жəне басқа да мəселелері талқыланды [12].

Президент Н.  Назарбаев  жуырда  ғана  өткен Қытайға ресми сапары кезінде жаңадан сайланған Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездесті. Сапар аясында көптеген маңызды мəселелермен қатар, трансшекаралық өзендерді пайдалануды  реттеу  мəселесі  де   талқыланды.

«Си Цзиньпин мырза ҚХР ешқашан Қазақстан экономикасына зиян, шығын келтіретін ештеңе істемейтінін мəлімдеді», – деді Назарбаев. Алайда бұл Қытай басшыларының үйреншікті сөзі болып көрінеді. Өйткені осы уақытқа дейін өз мемлекетінің мүддесіне орай ғана əрекет етіп келе жатқан Қытай мен біздің еліміз арасында жасырын шиеленістің бар екендігін мойындау керек. Бірақ жария түрде қарсылық көрсетудің əлеуеті əлдеқайда төмен Қазақстан үшін пайдалы болмасы сөзсіз.

Қорыта келе, адамзат дамуының негізгі көзі болып табылатын су мəселесі бүгінгі таңда мемлекеттер мүдделерінің қақтығысын туғызып отыр. Экономикалық пайда көзін іздеп, трансшекаралық өзендер суларын пайдалануда табиғи тепе-теңдік сақталмайтын болса, өте өзекті экологиялық мəселені тудырады. Сондықтан бұл мəселеде Ертіс, Іле суларын ортақ пайдаланатын мемлекеттердің парасатты шешім табу талпынысына жүгінеміз. Кез келген халықаралық, мемлекетаралық мəселені өзара түсіністік, өзара тиімділік, өзара ыңғайға көнушілік негізінде бейбіт жолмен шешкен абзал.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Министр Е. Идрисов: Трансграничные реки должны стать мостами добрососедства и дружбы // Казахстанская правда. – 1999. – 20 ноября.
  2. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии // Казахстан-Спектр. – 1999. – № 1 (11). –С.86.
  3. Президент Н. Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэминьге Жолдауы (31.03.1999 ж.) //Дипломатия жаршысы. – 1999. – № 2. – 13 б.
  4. Темирболат Бахытжан. Между Китаем и Казахстаном может начаться конфликт из-за воды // Саясат. – – № 2. – С.98. 5 Розыбакиев Р. Куда текут реки // Деловая неделя. – 1999. – 29 октября.
  5. Мүсіреп Ғ. Ертіс енді еркін ағатын болады // Егемен Қазақстан. – 2001. – 14 қыркүйек.
  6. Гусева Л.Ю. Проблема использования водных ресурсов трансграничных рек в казахстанско-китайских отношениях // http://www.kіsі.kz/Parts/Confs/cnf3-/3Guseva.html.
  7. Абдулпаттаев С. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары // Ақиқат. – 2004. – № 8. – 14 б.
  8. Қожатаев Е., ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия жəне Африка департаментінің директоры. Қытай Халық Республикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту туралы бірер сөз // Егемен Қазақстан. – 2006. – 15 сəуір.
  9. Сыроежкин К.Л. Казахстан – Китай: от приграничной торговли к стратегическому партнерству. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2010. – кн. 1, С.
  10. Қазақстан мен Қытай Үкіметтерінің басшылары трансшекаралық су қорларын бірлесіп пайдалану мəселелерін талқылады // ҚазАқпарат. – 04.2008.
  11. Қазақстан жəне Қытай. Екі өзен – Дипломатия картасы // http://www.cawater-info.net 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.