Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер мәселесі: тарихы мен қазіргі жағдайы

Бүгінгі таңда су Орталық Азия елдері үшін өте маңызды шикізаттық ресурсқа айналып отырғандығы шындық. Ал барлық  өзендерінің бастауын мемлекет шекарасынан тысқары жерден алатын Қазақстан үшін оның маңыздылығын айтпасақ та түсінікті. Нақты деректерге сүйенер болсақ, жұмыр жердің 70 пайызын су басып жатыр. Соған қарамастан әлем халқының 70 пайызы суға зәру. Бұл жағдай 2025 жылға қарай ушыға түспек. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, алдағы уақытта мемлекетаралық қақтығыс, жанжал, соғыс та судан шығуы мүмкін. Қысқасы, алдағы 10-20 жылда су мәселесі ғаламда ең басты проблемаға айналуы мүмкін.

Ресейлік ғалым О.Н. Барабановтың пікірі бойынша, бүгін су ресурстарына байланысты көкейтесті мәселелердің бірі трансшекаралық су ағысын пайдалануды реттеуге байланысты болып отыр. Әлемдік су ресурстарының үлкен бөлігі ұлттық шекаралардан өтеді. БҰҰ-ның 2003 жылдық «Water for People, water for Life» есебінде әлемдегі 263 трансшекаралық су бассейндерінің үштен бірі екіден астам елді бөліп өтетіндігі, ал 19-ы – бестен астам елді бөліп ағатындығы; жалғыз Дунай өзені ғана 18 мемлекеттің жерімен ағатындығы атап көрсетілген. Африка мен Таяу Шығыстың қөптеген елдері өздерінің суға қажеттіліктерін «шетелдік» су арқылы қамтамасыз етеді [1].

Мәселен, бастауын Тянь-Шань тауларынан алатын Сырдария өзенінің талай жылдан бері Қазақстанға келетін су деңгейі айтарлықтай төмендеп, Арал теңізінің бұрынғы жағалауынан қашықтауына түрткі болғандығы рас. Ал, енді осы өзен бастауына Қамбар ата-1 бөгеті салынса, суының тартылмасына кім кепіл. Осы жайт бізді толғандырса, Өзбекстанды Тәжікстанның Рогун су электр станциясын салуы алаңдатуда. Осыған қатысты Астанада бірлескен мәлімдеме жасаған Өзбекстан Президенті Ислам Каримов өзінің зор алаңдаушылық танытып отырғандығын жеткізген болатын. Алдымен Рогун ГЭСіне тоқталар болсақ, ол Тәжікстандағы Вахш өзеніне салынып жатыр. Жобаға сәйкес, судан энергия күшін тарту құрылысына 335 метрлік тасты-үйінділі бөгет, тоннель, ГЭС-тің жерасты  нысаны  және  трансформаторлар  ғимараты кіреді. Жобалық қуаты 3600 мВт-ты құрайды. Жылына орташа есеппен 13,1 млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндіретін болады. ГЭС бөгеті жалпы көлемі 13,3 текше шақырым, ал пайдаға асатын аумағын 10,3 текше шақырымды құрайтын ең ірі Рогун су қоймасын қалыптастыруы тиіс. Бұл су қоймасын электр энергиясын өндіруге, сонымен қатар құрғап қалған 300 мың гектар алқапты суландыру үшін пайдалану жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,2 млрд. долларға бағалануда [2].

Өзбек Президентінің пайымынша, маңызы зор мұндай стратегиялық нысандардың құрылысын қолға алған кезде барынша ымыраластық керек. Олай болмаған жағдайда түрлі қақтығыстар пайда болып, тіпті соғыс отының тұтанып кету қаупі де басым. Сондықтан да трансшекаралық өзендерге келгенде, яғни Әмудария мен Сырдария сағасында орналасқан барлық мемлекеттер ортақ келісімге келіп, әлемдік қоғамдастық шешімдерін басшылыққа алулары тиіс. Сондай-ақ, жоғарыда аталған екі жоба да өте қауіпті сейсмикалық аймақта орналасқан. Нақты айтқанда, 1000-1700 метрлік биіктікте салынып жатқан Рогун атты су жинайтын бөгеттің аумағында ай сайын жер сілкінісі тіркелетін болса, Қамбар ата-1 ГЭС-і аумағында соңғы бір ғасырдың ішінде қуаты 8-9 баллдық жер сілкінісі 3 рет тіркелген. Ал оның қайталанбасына кім кепіл? Міне, осы Қамбар ата ГЭС-іне ерекше тоқталған И. Каримов: «Егер осы дамба бұзылатын болса, онда оған бүгінде шамамен 19 млрд. текше метр су жинақталған Тоқтағұл су қоймасы қосылады. Міне, осы масса кемінде 50-100 метрлік биіктіктен төмен құлдырап, толқын төмен түскенде, жолындағының бәрін жалмайды» деген ой айтқан [2, 27-28-б.].

Орталық Азия мемлекеттеріндегі ірі өзендердің бәрі трансшекаралық өзен болып есептеледі. Су ресурстары өз жерінде құрастырылатын жалғыз ғана – Қырғызстан. Аймақтың басқа елдерінің бәрінде судың қажетті көлемі қандай да болмасын мөлшерде іргелес мемлекеттердің жерінен келетін суға тәуелді. Бұл тұрғыда аса қиын жағдайда Өзбекстан мен Түркіменстан қалып отыр, себебі бұл елдерге жаңартылған су ресурстарының 90%-ға жақыны сырттан келеді.

Қазақстан да бұл тұрғыдан суға тәуелді мемлекетке жатады, сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесіне біз аса жоғары басымдылық береміз.

Егер Түркменстан мен Тәжікстанды алатын болсақ, бұл салыстырма біздің пайдамызға шешілмейді. Маңызы бар айта кететін жайт – Қазақстан жеріндегі су ресурстары тіпті де біркелкі бөлінбеген. Шығыс аймаққа су ресурстарының 34,5% тиеді, оңтүстік-шығысқа – 24,1%, оңтүстікке – 21,2%, батысқа -13,4%, солтүстікке – 4,2%, орталық аймақтарға – 2,6%. Ең көп сумен қамтамасыз етілген Шығыс-Қазақстан облысы – км2 шаққанда 290 мың м3. Сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары судың тапшылығын аса қатты сезінуде [3].

1992 жылдың 18 қыркүйегіндегі БҰҰ-ның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенциясы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1997 жылдың 21 мамырында қабылдаған Халықаралық су ағындарын пайдалану құқығы туралы Конвенциясы бойынша «трансшекаралық әсері бар немесе болуы мүмкін іс-әрекеттер кезінде трансшекаралық сулардың сипатына ерекше мән беріліп қисынды және әділетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету» міндеті қарастырылады. БҰҰ-ның шешімдерінде «су ағысына ие мемлекеттер ынтымақтастықтарын егеменді теңдік, аумақтық тұтастық, өзара тиімділік және адал ниеттілік негізінде құрады» делінген. Залал келтірілген жағдайда оны жою немесе азайту үшін барлық шаралар қолға алынуы тиіс. БҰҰ-ның жоғарыда аталмыш конвенцияларының негізгі талаптарына сәйкес беделді халықаралық сарапшылар гидротехникалық нысандардың құрылысы экологиялық жағынан табиғатқа, қоршаған ортаға зардап келтірмейтіндігіне, трансшекаралық өзендер бассейнінде орналасқан барлық мемлекеттердің пайдаланатын су ағысының қалыптасқан балансы бұзылмайтындығына кепілдік беруге тиісті.

Бұл талаптар Орталық Азияда гидроэнергетикалық құрылымдарды салу жөнінде тек ұлттық емес сонымен қатар трансұлттық компаниялардың қатысуымен әртүрлі жобалар жүзеге асырылған кезде аймақта экологиялық жағдайдың апаттық дәрежеге дейін төмендеп кетпеуі басты қаралуға тиіс мәселеге айналса игі [4].

Өзбекстан  Республикасы  Президенті  Ислам Кәрімов Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстарын пайдалану мәселелері  аймақтың  барлық  елдерінде  тұрып  жатқан 50 млн. халықтың мүддесін ескере отырып шешілуге тиіс мәселе деген ұйғарымда. Өзбек сарапшыларының пікірлері бойынша жаңа гидротехникалық жобаларды, мәселен, бөгені бар Рогун ГЭС-ның құрылысы әділ, тәуелсіз, халықаралық сараптамадан өткізу керек, себебі қуаты 3,6 мың МгВт және бөгетінің биіктігі 340 метр болатын Рогун ГЭС-сы сейсмикалық аймақта орналасатын болады. 2009 жылы Өзбекстанға ресми іссапары шеңберінде екі жақты келіссөздердің қорытындысы жөнінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«Біз су-энергетикалық құрылымдарды, соның ішінде Рогун мен Қамбар ата ГЭС-ның жобаларын халықтарымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан халықаралық сараптамадан өткізуді талап етеміз» – деп мәлімдеген еді. Президент бұл сараптамалардың қорытындылары дұрыс болған жағдайда «біз бұл нысандардың құрылысы жөніндегі консорциумға қатысуға дайынбыз» деп айтқан еді.

Орталық Азия мемлекеттерімен қатынас-  ты әрі қарай жеделдету маңызды бағыт болып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының (МҮСШК) және оның «Сырдария» мен «Амудария» бассейндері су шаруашылығы бірлестіктері (БСБ) атқару органдарының мәртебесін көтеріп, бұл ұйымдарға трансшекаралық өзендердің халықаралық әкімшілігі атты мәртебесін беру керек. Орталық Азия республикаларының үкіметтері арасында Арал теңізі бассейнінің трансшекаралық су ресурстарын басқару, қорғау және дамытуды ұйымдастыру құрылымын нығайту туралы келісімшартқа қол қойылған жағдайда бұл мәселе шешілуі мүмкін. Мәліметтермен алмасу және Арал теңізі бассейнін кешенді түрде пайдалану мен қорғаудың ұлттық, бассейндік және аймақтық мәліметтер базасын құрастыру жөнінде келісімшартқа қол қою қажеттілігінің мезгілі жетті.

Бірақ осы уақытқа дейін Орталық Азия мемлекеттері аймақтағы су-энергетика ресурстарын пайдалану жөнінде бірыңғай шешім шығарған жоқ. Қырғызстан мен Тәжікстан жағы Халықаралық су-энергетка Консорциумын (ХСЭК) электрэнергиясын өндіру мен оны тарату мақсатында су-энергетикалық нысандарды салатын мекеме ретінде қарастырады. Қазақстан мен Өзбекстан үшін Консорциумның құрылуы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге кепілдік беретін шешімнің бірі болып табылады.

Сондықтан ХСЭК идеяларын жүзеге асыру үшін Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің ішкі су қатынастарын реттейтін заң-шығарушылық және құқықтық актілерін жақындастыру және барлық тараптардың мүдделерін есепке алатын біріккен ұстанымды қалыптастыру қажет.

ХСЭК-тің құрылуы БҰҰ комиссиясы тарапынан ұсынылған болатын. Осы жағдайда қалыптастырылған модельдің жүзеге асырылуы  су ресурстарын экономикалық жағынан тиімді және экологиялық тұрғыдан пайдалануға қауіпсіз болып, аймақтағы саяси жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады.

Орталық Азия табиғаты өте нәзік. Ерекше климат субаймақтың экожүйесін бұзып отыр. Орталық Азияның шөлейт жерлерінің 60%-дан астамы шөл далаға айналып кету қаупі бар. Адам үшін маңызды болып табылатын су ресурстарын зерттеу және қорғау мәселесін шешуде көптеген дөрекі қателіктер жіберілуде, соның бастысы – өзен мен көлдердің ірі көлемде ластануы. Өзендер мен көлдерге ағызылатын ағынды сулардың әрбір текше метрі таза өзен мен көл суларының ондаған текше метрін ластайды. Су мүмкін көп шығар, бірақ ол ластанған болса, мұндай судың пайдасы жоқ, оны пайдалануға болмайды, өйткені ол адам денсаулығына қауіп-қатер төндіреді.

Орталық Азияда туындаған көптеген экологиялық мәселелердің аймақтық сипаты бар, олар мемлекеттердің ынтымақтастығы арқасында аса тиімді және аз шығынмен шешілуі мүмкін. Арал теңізі бассейніндегі экологиялық апаттан туындап, Орталық Азия мемлекеттері тарапынан жасалған қадамдар бірлескен іс-әрекеттің өзара тиімді екендігін көрсетеді.

Экологиялық мәселелер мен су энергетикалық кешенінің проблемалары ЕҚЫҰ-ның екінші өлшеміне жатады. Ұйым өзінің мәртебесіне сәйкес, бұл проблемалардың шешілуі мақсатында қаржылық көмек көрсете алмайды, бірақ өзінің бірегей құрамы, далалық миссиясының жан-жақты таралғандығы, аймаққа саяси жағынан әсер етуі арқасында ЕҚЫҰ мемлекеттерге көмек көрсетеді, қажетті сараптамаларды қамтамасыз етеді, проблемалардың шешілуіне тартылған мемлекеттік және үкіметтік емес органдарының өкілдерін оқытады. Бірақ бірінші кезекте ұйым бар мәселелердің шешімін ортақтасып, іздеуге бағытталған елдердің саяси еркін реттейді. Ұйымның аймақтық мәселелерінің шешілуіне нақты іс жүзінде қатысуы туралы сөз еткен жағдайда, Шу-Талас өзендері бассейнін Қазақстан-Қырғызстан тараптары трансшекаралық суларын бірігіп пайдалану туралы жобаның іске асуына байланысты жұмыстар осы ұйым күш-жігерінің арқасында басталғандығын атап өту керек [2].

Трансшекаралық өзендер проблемасы ШЫҰ қатысушы елдердің, әсіресе, Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың ең өткір проблемалардың бірі болып табылады. Екі ірі Ертіс және Іле өзендері Қытай жерінен басталып, Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ал Ертіс Ресей жері арқылы өтеді. Қазақстанның оңтүстік-шығысы үшін бұл өзендер су пайдалану жүйесінің негізі болып есептеледі, егер де бұлардың су көлемі азайса, ауылшаруашылығы, су энергетикасы, өндіріс, экология салаларында ауыр жағдайлар туғызады.

Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен қатынастарына байланысты бірінші кезеңде трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану саласы бойынша екі жақты келісімшартқа қол қойылу керек.

Қатынастардың болашақ дамуы кезеңінде ортақ су комиссиясын қалыптастыру, Ертіс өзені ресурстарын пайдалану және қорғау жөнінде үш жақты (Қазақстан, Ресей, Қытай) келісімшартқа қол қою, судың көлемі жағынан сондайақ, сапасы жағынан көрсеткіштерінің, өзгеру тенденциясының біріккен мониторинг жүйесін құру және шұғыл түрде ақпарат алмасу қарастырылады.

2009 жылдың желтоқсан айында Астанада біздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао арасында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізілді. Келіссөз барысында ҚХР төрағасы трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану жөнінде маңызды саяси мәлімдеме жасады: «Қытай ешқашан Қазақстанның мүддесіне және трансшекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану мәселелеріне қысым жасамайды» [5].

Орталық Азиядағы су мәселесі қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алайда, аймақтағы мемлекеттер аталмыш мәселені әлі шешкен жоқ. Олардың суға қатыс-  ты ұстанымдары әртүрлі болғандығы көптеген шиеленістерге әкеліп тіреуде. Жоғарыда атап өткеніміздей, Өзбекстан мен Қазақстан суды жер шаруашылығына пайдаланса, Қырғызстан мен Тәжікстан суды энергия көзі ретінде пайдаға кенелуді көздеп отыр. Алайда түрлі ұстаным әрқандай шиеленіске әкелуі мүмкін екендігін есте сақтаған жөн.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Современные глобальные проблемы мировой политики / под ред. М.М. Лебедевой. – М., – С.33.
  2. Внешнеполитическая деятельность Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в 2010 году. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2011.С. 19-22
  3. Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и перспективы. – Алматы: КИСИ, 2008. – С.
  4. Трансграничные реки – стратегический ресурс водообеспечения Казахстана. https://ca-news.info/2005/10/21/22
  5. Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, № 481-II ЗРК. http://online.zakon.kz/Document/?doc_ id=1042116

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.