Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан және Қытай: қазіргі таңдағы трансшекаралық өзен проблемасы

Қазіргі кезде Қазақстанда су мәселесі өте өзекті мәселе болып табылады, сондықтан біздің еліміз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселесіне көп көңіл бөлуде.

Қазақстан Республикасы халықаралық мәселелерді, оның ішінде трансшекаралық су ресурстары саласындағы барлық мәселелерді халықаралық құқық өлшемдеріне сай қарастырып келеді. Ежелден қалыптасқан немесе жаңадан пайда болған мәселелердің барлығын мүдделі елдермен тек қана өзара пікір алмасу арқылы шешуде. Осының негізінде Қазақстан көршілес мемлекеттермен көпжақты ынтымақтастық тетіктері арқылы, сондай-ақ екіжақты комиссиялар мен жұмыс топтары арасында өзара белсенді әрекеттестік жасасуда.

Сонымен қатар, біздің еліміз трансшекаралық су мәселесіне қатысты табиғатты қорғау жөніндегі бірнеше халықаралық келісімдер мен конвенциялардың қатысушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы көптеген Конвенцияларға қосылды. Оның ішінен атап айтсақ, шекаралық қоршаған ортаға әсері туралы конвенция, халықаралық маңызы бар су батпақ алқаптары, суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлері және трансшекаралық су ағындары және халықаралық көлдерді пайдалану мен оларды қорғау туралы конвенцияларға қосылды. 2011 жылы 12-15 маусымда Қазақстан Президенті мен Қытай халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы кездесуде де трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғау мәселесі, соның негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келген болатын [1, 170-171-б.]. Бұл еліміздегі су ресурстары мәселесінің қаншалықты өзекті екендігінің куәсі.

Осы ретте трансшекаралық өзендер мәселесінің маңыздылығына қатысты мамандар мен сарапшылардың болашақ болжамдарын қарастыратын болсақ оның өте өзекті мәселе екендігіне көз жеткізуге болады.

2010 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетінде 2020 жылға таяу Қазақстанда су тапшылығы айқын білінетін болады деп жазған еді. Мұндай мәлімдемені Ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары бойынша комитетінің төрағасы А. Орманов жариялаған болатын.

Оның пайымдауына қарағанда соңғы отыз жылда Қазақстан жылына 25,3 текше километрге дейін жоғалтады екен (жергілікті су ағысы бойынша – 10,3, трансшекаралық су ағысы бойынша – 15,2). Жылдан-жылға азайып келе жатқан трансшекаралық су көлемін ескеретін болсақ, 2020 жылға қарай республикадағы су ресурстарының жылдық мөлшері 86 текше километрге дейін төмен түседі дейді. Ал Қазақстан экономикасы қазіргі кезеңде орташа есеппен жылына 32,5 текше километрге дейін су ресурстарын тұтынады екен. Тұтыну салаларын қарастыратын болсақ, ең ірі тұтынушы – ауылшаруашылығы 75%. Бұл көлемнің жартысынан астамын, яғни 53 пайызын дәстүрлі суармалы егіншілік дамыған Арал-Сырдарья бассейні пайдаланады. Елдің индустриалды дамыған аймақтары да судың ірі өнеркәсіптік тұтынушылары – Ертіс бассейнінің үлесіне – 38 пайыз, Нұра-Сарысуға – 29 пайыз, Орал-Каспийге – 21 пайыз тиесілі. Ал елдің коммуналды-тұрмыстық саласы жылына бар жоғы 5 пайызы ғана пайдаланады [2].

Қазақстандағы өзен су ресурстарының 2020 жылға қарай жалпы 30 пайыз көлемінде төмендеуі туралы 2012 жылы күзде Қазақ ұлттық аграрлы университетінің ректоры Т. Есполов та мәлімдеген болатын. Оның сөзіне қарағанда Қазақстандағы өзен қорлары бойынша су ресурстары толыққанды зерттелінген. Соның негізінде ол: «Қазақстан аумағының өзен ағыстарының төменгі жағында орналасуына қарай шектесіп жатқан аумақтардан келетін су мөлшері біртіндеп азаюда. 60-жылдары су ресурстарының көлемі жылына 114,96 текше километрге жуық болса, ал 2000 жылы 100,5 текше километрге дейін қысқарған», – деп атап өткен болатын [3]. Болашақтағы Қазақстандық су ресурстарының жетіспеушілігіне қатысты болжамдар бойынша 2040 жылға қарай бұл көрсеткіштер тұтынудың 50 пайызын құрауы ықтимал. Бүгінгі күні жалпы су көлемінің 40 пайызын Қазақстан трансшекаралық өзендер арқылы алуын ескеретін болсақ, бұл қатты ойландыратын аса маңызды мәселе. Яғни 2040 жылға болжамдалынған трансшекаралық су ағымдарының жылдық мөлшерінің азаюының салдарынан және ауылшаруашылығының тұтыну көлемінің арта түсуінің нәтижесінде елдегі жылдық жалпы су көлемінің жетіспеушілігі 12,2 млрд текше метрді құрайтын болады [4]. Қазақстандағы су мәселесіне қатысты жасалынған бұл болжамдар еліміздегі бүгінгі су мәселесінің жағдайын негізге алғаны айқын. Сол ретте бүгінгі күні трансшекаралық  өзендердің су  ресурстарын  пайдалану  еліміз  үшін ерекше және аса маңызды мәселе болып табылады. Су мәселесін шешу мақсатында Қазақстан барлық шектес мемлекеттермен трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау бойынша халықаралық келісімдерге ие.

Алайда, Қазақстан мен Қытай арасында су бөлісі туралы келісім жоқ. Осыған орай, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша қазақ-қытай бірлескен комиссиясы шеңберінде трансшекаралық су көздерін пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселесі және келісімге келу қарастырылуда. Өйткені, ҚХР-де, өз кезегінде, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы мен өсіп жатқан қалалардың қажеттілігін арта түскен көлемде қамтамасыз ету үшін су ресурстарының тапшылығын  сезіну-  де. Елдегі ірі 32 мегаполистің 30-ында – «суға мұқтаждығы» қатты байқалады [5, 154-б.]. Сондықтан да Қазақстан мен Қытайдың су қатынастарын реттеу мәселесі екі мемлекет үшін де стратегиялық мәнге ие. Жалпы екі елдің бір-біріне деген саясаты стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейіне жетті [6, 14-б.].

Қазақстан мен Қытай осы бағытта трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану мен қорғау және де олардың сарқылуы мен ластануын болдырмау мәселелері бойынша жалпы ұстанымды қалыптастыруға ұмтылып отыр.

Қытай Халық Республикасының Сыртқы Істер министрі Ван И 2013 жылғы 19 тамыздағы Қазақстан  Республикасына  сапары барысында:

«Трансшекаралық өзендердің су ресурстарына қатысты мәселеге қазақстандық қоғамның мұқият зер салып отырғандығын жақсы білемін. Біз бұл мәселені қазақстандық тараппен талқыладық. Қытай мен Қазақстан сенімді серіктестер болып табылады. Трансшекаралық өзендер бойынша Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының мүддесіне нұқсан келтіретін ештеңе істеп жатқан жоқтығын тағы да атап өткім келеді», – деп мәлімдеген болатын [7]. Қытайлық тараптың осы ұстанымын 2013 жылы 6-8 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына жасаған алғашқы ресми сапарының барысында екі ел басшылары қол қойылған жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияда трансшекаралық өзендер мәселесіне ерекше назар аударуы арқылы нығайта түсті. Ол: «Бірлесе күш жұмсау арқылы біздің трансшекаралық өзендер міндетті түрде біздің елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық өзені болатындығына мен сенімдімін», – деп мәлімдей келе, екі ел арасындағы саяси өзара әрекеттер жан-жақты және теңдестірілген сипатқа ие болғандығын атап өткен еді [8]. Бұл кездесулердің нәтижелері екі елде де тепе-тең жағдайдағы кеңестерді, өзара түсіністік пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларын қолдайтындығын көрсетеді.

Жалпы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы соңғы онжылдықтың ішінде трансшекаралық өзен мәселесінде бірқатар нәтижелерге жетті десе болады. Сол ретте трансшекаралық су ресурсын бірлесіп пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өзара қарым қатынасы мынандай құжаттармен реттеледі:

  • 2001 жылы 12 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • 2005 жылы 4 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі табиғаттық апаттар туралы тараптарды жедел хабарлау жөніндегі келісім;
  • 2006 жылы 20 желтоқсанда Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлігі арасындағы трансшекаралық өзендердегі ғылыми зерттеу ынтымақтастығын дамыту туралы келісім;
  • 2006 жылы 20 желтоқсанда Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Су шаруашылығы министрлігі арасындағы негізгі трансшекаралық өзендердегі шекаралық су бекеттерінің гидрологиялық және гидрохимиялық ақпараттармен (мәліметтермен) өзара алмасу туралы келісім;
  • 2011 жылы 22 ақпанда Бейжің қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендер суларының сапасын қорғау туралы келісім;
  • 2011 жылы13 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • 2013 жылы 7 қыркүйекте Астана қаласы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай

Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын басқару және пайдалану туралы келісім [9].

Осы екіжақты құжаттардың негізінде екі ел арасындағы су ресурстарына қатысты мәселелерді шешуде, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы өзара әрекеттесудің негізгі органы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай Бірлескен комиссиясы (Бірлескен комиссия) болып табылады.

Осы комиссия мен оның жұмыс топтарының қызметтерінің негізінде екі ел арасындағы су ынтымақтастығында ауқымды үдерістерге қол жеткізілді. Бірлескен Кеңес барысында трансшекаралық су нысандарының экожүйелері мәселелеріне де ерекше назар аударылуда. Комиссия кезінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарына бақылау жасау жағдайы мен нәтижелері, су ресурстары жағдайына әсер ететін өнеркәсіптердің шаруашылық қызметіне бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізіп, су тасқыны өтімін қадағалап, су қоймаларының толуы және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету жағдайының мәселелері талқыға түсуде.

Бірлескен комиссияның шеңберінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтермен алмасу жұмыстары келесі су бекеттері бойынша жүргізілуде:

  • Ертіс өз. – Боран (ҚР) – Наньвань (ҚХР) су бекеттері;
  • Іле өз. – Добын (ҚР) – Сандаохэцзы (ҚХР) су бекеттері;
  • Текес өз. – Текес (ҚР) – Цефандацяо (ҚХР) су бекеттері.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау мәселесі Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ҚазақстанҚытай комиссия қызметінің шеңберінде қаралады. Комиссияның аясында екі жұмыс тобы құрылған:

  • Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жасау, талдау және бағалау жөніндегі жұмыс тобы;
  • Трансшекаралық өзендердің ластануын алдын алу және төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету жөніндегі жұмыс тобы [10].

Қазіргі кезде де біздің еліміз су ресурстарын үнемді қолдану үшін көршілес елдермен түрлі келісімдер орнатуда. Біздің қазіргі басты міндетіміз, су тепе-теңдігін сақтау үшін ортақ ұстанымға келіп, трансшекаралық өзендерді дұрыс пайдалану және қорғау, ластануын болдырмау.

Олай болса, осы мәселенің алдын алу бағытында 2014 жылдың сәуір айында Қазақстан Үкіметі 2020 жылға дейін су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын қабылдайды. Бұл бағдарламада Қазақстандағы су жетіспеушілігінің алдын алу, сонымен бірге су ресурстарын үнемді пайдалануға ынталандыру тетіктерін қосу туралы кешенді шаралар ұсынылған. Аталмыш мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 9,5 текше километр жылдық су үнемдеу күтілуде.

Жалпы, биылғы 2015 жылға осы мәселені реттеуде үлкен үміт артылуда. Өйткені Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерге қатысты шешімін іздеген мәселелерді реттеу 2015 жылға жоспарланған еді. Осы жоспардың аясында Қазақстан мен Қытай Іле және Ертіс трансшекаралық өзендерінің ағысын бағалау бойынша жобаны аяқтап, 2015-2016 жылдар аралығында осы өзендерді бірлесе пайдалану және қорғау бойынша келісімге келу белгіленді. Бүгінгі күні екі ел арасындағы трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастық баяу болса да оң қарқынмен дамуда. Соның негізінде 2013 жылы Іле өзенінің ең ірі тармақтарының бірі болып табылатын Қорғас өзенінде бірлесіп салынған гидроторабы іске қосылған еді. Онда екі тарапқа да бірдей автоматтандырылған жүйе мен бағдарлама енгізілген. Бұл суды бірлесе есептеуге және тепе-тең бөлуге мүмкіндік туғызды [11]. Болашақта мұндай гидроторабтарды Қазақстанның басқа да өзендерінде салу көзделуде.

Қазақстан мен Қытай арасында стратегиялық әріптестікті әрі қарай да  жан-жақты  тереңде-  те түсуге бағытталған бірлескен декларацияға сәйкес тараптар 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында трансшекаралық өзендерге қатысты су бөлісі бойынша келісім жобасын айқындауға келісті.

Екі ел арасындағы қазіргі кезеңдегі трансшекаралық өзен проблемасы осы су бөлісін айқындау мәселесінде айқын байқалады. Қазақстандық тарап суды әділ бөлуді ұсынған кезде, сол өзен өтетін аймақтың экономикасын, ауылшаруашылығының дамуын ескеруді алға тартады. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Ұласты трансшекаралық өзенінде гидротехникалық құрылғыны салу бойынша, сондай-ақ Сүмбе өзенінің сужинақтау құрылғысын жетілдіру бойынша келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық тарап суды тең бөлуді ұсынады [12].

Бұған дейінгі келіссөздерде қытайлық тарап трансшекаралық өзен суларын сол өзен жағалауындағы тұрғындардың санына қатысты бөлуді ұсынғанын білеміз. Мәселе бұлай қойылатын болса, екі тарап ешқашан мәмілеге келе алмайтыны айқын. Сол себепті болашақ қазаққытай келіссөздерінің нәтижесі уағдаласушы тараптардың ымырашылдығына тікелей тәуелді.

Қытайтанушы ғалым Н.Мұқаметханұлы да Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарына қатысты «екі ел арасында өзара байланыстарды дамытудың негізі бар» дейді [13, 193 б.].

Ал Ертіс өзеніне қатысты мәселе талқыланған кезде Ресейдің де мүддесі ескерілуі қажет. Өйткені Ертіс өзені Ресей арқылы өтіп Солтүстік Мұзды мұхитына құйылады. Ертіс мәселесі үш ел үшін де өте өзекті мәселе. Қытай тарапы Ертіс өзенінен суды тым асыра алатын болса, Қазақстанның барлық аумағында, тіпті Омск қаласына дейінгі аралықта Ертіс арнасы шалшық суға айналуы әбден мүмкін. Бұл өз кезегінде аймақты экологиялық қана емес сонымен бірге экономикалық апатқа соқтырады. Ертіс өзенінің есебінен толып отыратын Жайсан көлі Арал тағдырын қайталауы ықтимал. Іле өзеніне қатысты мәселе дұрыс шешімін таппаған жағдайда, Балқаш көліне қауіп төнері белгілі. Сонымен бірге Қытай елінде суды дұрыс бөлу ескерілмеген жағдайда Қытайдың бірқатар аумағын Тянь-Шань тауынан еріген мұз суы да үлкен апатқа әкелері хақ.

Трансшекаралық өзендерге қарқынды дамып жатқан өнеркәсіптің де зияны жетерлік. Бұл ең алдымен өзен суларын химикаттармен ластау. Оның соңы аймақтағы экожүйенің бұзылуына әкелері сөзсіз. Лас суды пайдалану тұрғындар арасында жұқпалы дерттің тарауына соқтырады [14, 116-б.]. Сондықтан да трансшекаралық өзендердің мәселесін тез арада шешу бұл заман талабы.

Олай болса, 2015 жылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында трансшекаралық өзендерге қатысты су бөлісі бойынша келісімге жетуге талпыну қажет. Сонымен бірге трансшекаралық өзендер проблемасын көпжақты дипломатияның негізінде шешу тараптар үшін әлдеқайда тиімді болар еді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Внешнеполитическая деятельность Президента Республики Казахстана Н.А.Назарбаева в 2011 году / Под. ред.Б.К.Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2012. – 620 с.
  2. Казахстану предсказали дефицит воды к 2020 году//»Казахстанская правда», 3 сентября
  3. Ахметбеков А. Снижение водных ресурсов рек Казахстана на 30% к 2020 году прогнозируют специалисты//http:// meta.kz/novosti/kazakhstan/735343-snizhenie-vodnyh-resursov-rek-kazahstana-na-30-k-2020-godu-prognoziruyut-specialisty.html (20.09.2012)
  4. РК надеется на подписание с КНР соглашения о совместном использовании трансграничных рек//http://forbes.kz/ news/2014/04/19/newsid_56336, (19 .04. 2014)
  5. Ауган М.А. Проблема трансграничных рек в отношениях между Казахстаном и Китаем // Водно-энергетические проблемы Центральной Азии и перспективы их решения. – Алматы, 2013. – 160 с.
  6. Чжань Сиюнь. Вступительное слово // Казахстан и Китай: стратегическое партнерство. Материалы международной конференции / Под ред. М.Ашимбаева. – Алматы:ИМЭП, 2006. –138 с.
  7. Вопросы трансграничных рек обсудили главы МИД Казахстана и Китая //http://meta.kz/novosti/kazakhstan/819751voprosy-transgranichnyh-rek-obsudili-glavy-mid-kazahstana-i-kitaya.html, (19.08.2013).
  8. Трансграничные реки станут реками дружбы и сотрудничества между Китаем и Казахстаном – Си Цзиньпин//http:// www.inform.kz/rus/article/2587592, (07.09.2013).
  9. ҚР мен ҚХР арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық//http:// mfa.kz/index.php/kz/aza-stanny-syrt-y-sayasaty/aza-stan-syrt-y-sayasatyny-zekti-m-seleleri/transshekaraly-zender-m-selesi/8-material-aza/213-r-men-khr-arasynda-y-transshekaraly-zenderdi-pajdalanu-zh-ne-or-au-salasynda-y-yntyma-tastyq, (20.11.2014.)
  10. Сонда.
  11. РК надеется на подписание с КНР соглашения о совместном использовании трансграничных рек // http://forbes.kz/ news/2014/04/19/newsid_56336, (19 .04. 2014)
  12. Казахстан придерживается принципа справедливости при делении стока трансграничных с Китаем рек // http:// kursiv.kz/news/details/vlast/kazakhstan_ priderzhivaetsya_ printsipa_ spravedlivosti_pri_delenii_stoka_transgranichnykh_s_ kitaem_rek/ (4.06.2014).
  13. Мұқаметханұлы Н. Ізденіс, тарих және замана. – Алматы: Мерей, 2014. – 248 б.
  14. Чэнь Циминь.Центральная Азия: политические процессы и региональная безопасность. – Алматы, 2002. – 172 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.