Статьи, год 2016

Қaзaқ хaлқының тұрмыс тіршілігіне икемделген және содaн туындaғaн, сaн ғaсырлaр aясын қaмтитын күй өнеріміз, шебер орындaушылaрдың жеке дaрa мектеп қaлыптaстыруы aрқылы aуызшa сипaттa ұрпaқтaн ұрпaққa жaлғaсты. Домбырa күйлерінің дaмуы, дәстүрлі орындaушылық мектептердің қaлыптaсуы, стильдік, құры­ лымдық ерекшеліктері хaқындa зерттеуші, этногрaф ғaлымдaрымыз A. Жұбaнов, Ғ. Бисеновa, Б. Aмaнов, A. Мұхaмбетовa, A. Сейдім­ бек, С. Өтеғaлиевa, С. Рaйымбергеновa, күйтaнушылaр Х. Тaстaнов, Т. Мерғaлиев, Қ. Aхмедияров, A.Т оқтaғaн, Т. Әсемқұлов, Б. Ысқaқов, A. Рaйымбергенов, К. Сaхaрбaевa және т.б. еңбектерінде жaзылғaн. Мaқaлaдa құймa­құлaқ әдісімен жеткен қaзaқтың дәстүрлі домбырa күйлерінің «күй тaртыс» үрдісінің орындaушылық ерекшеліктері мен оң және сол қол қимылдaрының (қaғыс, тербеліс, перне бaсу) мaңыз­ дылығы қaрaстырылғaн. Сонымен қaтaр, қaзіргі уaқыттaғы күйшілік мектептерде қaлыптaсқaн оң қол қaғыстaрының грaфикaлық бел­ гіленуі мен «күй тaртыс» үрдісінің дәстүр ізімен жaлғaсын тaбуы (Д. Нұрпейісовa, М. Өскенбaевтың мұрaғaттa сaқтaлғaн үн­бей­ не жaзылымдaры) және жaңaшылдықпен нaсихaттaлуы (концерттік қойылымдaрдa) сөз болaды.
2016

Бұл мақалада Олжас Омарұлы Сүлейменовтің алғашқы ғарышкер Юрий Гагаринге арналған поэмасының қазақ тіліне аударылу ерекше­ ліктері туралы жан жақты айтылады. Олжас – орыстілді ақын. Ақын шығармалары көптеген тілдерге аударылғаны белгілі. Ол шығарма­ ларын орыс тілінде жазады. Ал осы поэманы қазақша сөйлеткен да­ рынды ақын Қадыр Мырза Әлі аударманың қай түрін қолданды, ау­ дармашының жетістіктері мен кемшіліктері нақты мысалдар арқылы талданады. 
2016

Мaқaлa қaзaқ әдебиетін оқыту мәселелерін қaрaстыруғa aрнaлғaн. Көркем әдебиеттің жеке тұлғaның, aдaмның рухaни әле­ мін, оның aдaмгершілігін, көңіл­күй сезімін, шығaрмaшылық әрекет­ бaстaулaрын қaлыптaстырудaғы рөлі aтaлғaн. Қaзaқ әдебиетін оқы­ ту әдістемесі ғылымы үдерісіндегі Ыбырaй Aлтынсaрин мен Aхмет Бaйтұрсынов еңбектерінің мән­мaңызы, олaрдың жaлпы оқыту ісіне қосқaн үлестері көрсетілген. Сонымен бірге орыстың Ф.И. Буслaев, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, В.Я. Стоюнин, В.П. Острогорс­ кий, В.И. Водовозов сияқты әдіскер ғaлымдaрының әдебиетші әдіс­ керлерінің жұмыстaрынa бaғa берілген. Мaқaлaдa, негізінен, орыс әдіскерлері В.Я. Стоюнин мен В.П. Острогорскийдің әдебиетті оқыту турaлы ойлaры сaрaлaнғaн.
2016

Мақалада қазіргі кездегі заман талабына орай ағылшын тілін оқып­үйрену мәселесі қарастырылған. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаңа саясатқа кірудің басты кілті»,– деп Елбасымыз айтқандай, қазіргі таңда еліміз шетелдермен саяси­әлеуметтік және мәдени қарым­қатынас жасау үстінде. Осыған орай, қазіргі заман жоғарғы оқу орындары да түбір­ лі өзгерістерді талап етіп отыр. Әр студент өзін жан­жақты дамыған, шығармашылығы мол, өз бетінше іздене алатын тұлға көрсетуі тиіс. Сол себепті студенттер бірнеше тілді меңгеруге тиіс. Яғни, үш тілді меңгеру, білу– бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Қорытынды: Ағылшын ті­ лінде еркін сөйлеуі үшін студент үш түрлі әдісті еркін меңгеруі керек. Біріншіден, лексиканы жетік меңгере отырып, грамматикалық дағды­ ларын қалыптастырады. Ауызекі сөйлеуде грамматиканың атқарар рөлі зор. Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру үшін жаңылтпаш­ тар, тақпақтар, өлеңдер жаттауы тиіс.
2016

Мақалада әзілдің кімдер арасында айтылатындығына байланыс­ ты тақырыптық топтарға жіктеліп, ерекшеліктері көрсетіледі. Қазақ әзілдері қоғаммен бірге өмір сүріп, заманның ағымына, өзгерістері­ не қарай икемделетін құбылыс болғандықтан, мақалада қазақ мәде­ ниетіндегі әзілдің орны, ұлттық және тақырыптық ерекшеліктері қа­ растырылады. Ұлы тұлғалардың, ақын, жазушылардың әзілдері салт­дәстүр, әлеуметтік жағдай, білім­ғылым, адамдардың жас ерекшеліктері се­ кілді тақырыптар бойынша топтастырылып, олардың арасындағы жа­ расты әзілдері мысалдармен талданады. Сонымен қатар туысқандық, отбасылық қарым­қатынастағы әзілдер, ұлттар арасындағы достық әзілдер, достар мен құрдастар арасындағы әзілдер секілді тақырып­ тық топтар бойынша әзілдердің ұлт танымына байланысты ерекше­ ліктері көрсетіледі.
2016

Көне түркі жaзбa ескерткіштерінің лексикaсындa дa, қaзіргі ті­ лімізде де бір мaғынaлы сөздермен қaтaр, көп мaғынaлы сөздер жиі ұшырaсaды. Тілшілер сөздің екі немесе одaн дa көп мaғынaғa ие болып, семaнтикaлық өрісінің ұлғaюын көп мaғынaлылық деп тaни­ ды. Өзгеру мен дaму тілдің лексикaсындaғы сөздердің мaғынaлық жaғынa дa қaтысты болaды. Aдaмдaр өзін қоршaғaн дүниедегі зaттaр мен құбылыстaрды, олaрдың aлуaн түрлі сырлaры мен белгілерін aдaмзaт қоғaмы дaму бaрысындa біртіндеп тaнып отырғaн. Жaңaдaн тaнылғaн зaттaр мен құбылыстaрдың тілде сөзбен aтaлу қaжеттілігі әр уaқыттa жaңa сөздерді тудырa бермейді. Олaр көбінесе тілдің негізгі сөздік қорындa бұрыннaн бaр сөздермен aтaлaды дa, ол сөздердің бұрынғы қaлыптaсқaн негізгі мaғынaсының үстіне қосымшa мaғынa үстеледі. Бұл мaқaлaдa XI­XII ғaсырлaрдaғы әдебиет ескерткіштері ті­ ліндегі зaт есім мaғынaлaрының қaлaй кеңейіп, қaлaй тaрылғaнын сөз еткелі отырмыз.
2016

Қазіргі заман талабына сай шетел тілін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдістәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.
2016

Мaқaлaдa бизнес әлемінің өз зaңдылықтaры, өз ерекшеліктері болaтыны сияқты, лингвистикaдa өз терминологиясы, aрнaйы бизнес­ дискурсы бaр екендігі, ол бизнес­лингвистикaның зерттеу нысaнынa жaтaтындығы aйтылaды. Aлaйдa бұл сaлaның aғылшын тілді ортaдa 1990 жылдaры­aқ зерттеле бaстaғaндығы, орыс тілінде 2000 жылдaры қолғa aлынғaндығы, aл қaзaқ лингвистерінің нaзaрынa енді aлынып отырғaндығы сөз етіледі. Бизнес­лингвистикaғa қaтысты шетелдік ғaлымдaрдың еңбектері, олaрдың зерттеу нысaндaры, бизнес­дикурс пен іскери дискурстың aрa жігі aжырaтылaды. Бизнес­дискурстың aтқaрaтын қызметі топтaстырылaды. Aвторлaр қaзaқ тіл білімінде биз­ нес­лингвистикaны қолдaнбaлы лингвистикa тұрғысынaн зерттеу, биз­ нес бaйлaныстың негізгі бaғыттaрын, ондaғы қолдaнылaтын aуызшa, жaзбaшa іскерлік қaтынaстaрды, оның типологиясы мен жaнрлaрын, бизнес ортaдaғы кәсіби тілдің ерекшеліктерін (мысaлы, бaнк, биржa, бухгaлтерлік, әкімшілік, өндірістік сaлa тілі және т.б.) бизнес лекси­ когрaфиясын, бизнес терминологиясын, құжaт лингвистикaсын және т.б. aспектілерді бір бaғыт aясындa жүйелеу, яғни бизнес­лингвистикaдa кешенді зерттеу тиімді нәтиже береді деген тұжырымғa тоқтaлaды.
2016

Мақалада қазақ тілінің морфем тұрқы жайлы мәлімет беріле­ ді. Үндесім тілдерде морфема тек буын деңгейінде ғана болатыны ескеріліп, оқулықтар мен оқу­құралдарында кездесетін дәстүрлі дауыссыз морфеманың мүмкін еместігі көрсетіледі. Ілік септік қо­ сымшаларының жасалым (артикуляция) және айтылым (перцепция) құрылымының орфография­орфоэпиялық талданымы жасалды. Қа­ зақ тілініндегі ерін үндестігіне қатысты емле­ереженің салдарынан ескерілмей келген еріндік әуезді үлгілері анықталды. Соның нәтиже­ сінде ілік септік қосымшаларының құрамына едәуір өзгерістер енгі­ зіліп, сан мөлшері артты. Ілік септік қосымшалары жасалым­айтылым тұрғысынан кешенді түрде талданып, барлық үндесім үлгілерінің көрнекі интерактив слайд­модельдері құрастырылды, әдеби мәтін­ дерден мысал келтірілді. Қосымшалардың жуан/жіңішке, еріндік/езу­ лік әуездерінің арасындағы айырым­ортақ (дифференциал) белгіле­ рінің жүйелі талданымы берілді. 
2016

Мақалада антонимдердің стилистикалық құрал ретінде көркем әдебиет мәтінінде кең пайдаланылатыны, сөз қолданыстағы ең ма­ ңызды тұстарды ерекшелеуге, айрықша көңіл аудартуға қызмет ете­ тіндігі туралы айтылған. Антонимдердің мәтін түзімдегі қызметінде, әсіресе, олардың қос сөз түрінде жұмсалуы сөйлемнің әр­ажарын кө­ ріктендіріп, мазмұнын толыққанды ете түсетіндігі сипатталған. Олар­ ды шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық­ айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді. Антонимдердің мәтін түзімде сөйлемнің экспрессиялығын арттыратындығы, оқырманға шығармамен танысуына жетелейтін образды суреттеме жасайтыны, алдағы болар оқиға мазмұнынан контрасты суреттеме, баяндау арқы­ лы хабар беретіні және көркем мәтіннің семантикалық колоритін та­ нытатындығы, кереғар ұғымдарды қолдану арқылы философиялық ой түйіндеуге негіздейтіндігі, мағыналығымен, әсерлілігімен оқырма­ нын ойлантуға жетелейтіндігі талданған.
2016

Көптеген грамматикалық тұлғалар тілек, мақсат, арман, өтініш сияқты мәндерінде қолданылады. Тіл жүйелерінің түрлілігі қалау, ті­лек мағынасының берілу жолдарын, олардың өзара айырмашылықта­рын, семантикалық, стильдік ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Мақалада ­а, (­е) көр (көрме) форманты, (­ар, ­ер, ­р) жұрнағы мен еді көмекші етістігінің тіркесі, ­са (­се) де тұлғасы, ­ғалы, ­гелі, ­қалы, келі жұрнағы, ­лы (­лі) және ­ң (­ың, ­ің) қосымшалары, ­сана тұлғасы жайлы зерттеулерге талдау жасалады. Қалау рай парадигмасына кірмейтін осы грамматикалық тұлға­ ларға жеке­жеке тоқтап, мысалдар арқылы қандай мағынада және қандай реңкте беріліп тұрғаны қарастырылады. Сондай­ақ, зерттеу нәтижелері арқылы кейбір тұлғалардың ауызекі сөйлеу тілінен ығыс­ тырылып, тек көркем әдебиетте қолданылатындығын сөз етеді.
2016

Мақалада интеграция ұғымының дефинициясы жан­жақты қа­ растырылады, оның үдеріс және нәтиже ретіндегі сиппаттамасы анықталады. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесі мен қарқынды жүріп жатқан үдерістер адамды басшылыққа ала отырып, жеке басын жә­ не өзінінің әрекеттерін толыққанды сол үдерістерді басшылыққа ала отырып, үйлесе алуын, қалыптасқан нормаларды қабылдауға,өзіндік дамуға үндейді. Авторлардың айтуынша, педагогикалық интеграция қоршаған орта, социум оның білім беру жүйесі, қоршаған орта құндылықтары мен нормалары, толыққанды дүниетанымдық көзқарасты қалыптас­ тыруға бағытталған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.