Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі ілік септіктің буын тұрқы мен дыбыс құрамы

Қазақ тілінің қосымшаларын (жалғауларын) қазақ тілінің буын тұрқынан тыс қарауға болмайды. Өйткені қазақ тілінде морфема буыннан кіші болмайды деген пікір бар [1, 23]. Әрине бұл − өз алдына қаралатын теориялық мәселе. Дегенмен қысқаша тоқталып өтуге болады. Қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармологиялық) тіл, ал тілдің үндесім белгісі тек буын деңгейінде ғана көрінеді. Дауысты дыбыстар жеке тұрып буын құрай алатын болғандықтан, қазақ тілінде дауысты морфемалар кездесе береді. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайтын болғандықтан, қазақ тілінде дауыссыз морфемалардың болуы мүмкін емес. Ендеше қазақ грамматикаларындағы кейбір дауыссыз морфемалардың кездесіміне күманмен қарап, оның теориялық шешімін қарастыру керек [1, 32]. Cебебі қазақ тілінің қосымшаларының құрамында дауыссыз морфемалар ақиқат көрсетіліп отырады. Алайда қарастырылғалы отырған ілік септігінің құрамында дауыссыз морфем үлгісі жоқ болғандықтан, дауыссыз морфем мәселесіне тоқталмай өтіп кетеміз.

Ілік септігінің тұрқы толық морфем-буын болып табылады. Қазақ (түркі) буынының өзіндік, үнді-европа тілдерінен өзгеше, ерекшелігіне бұрын да тоқталған болатынбыз. Қазақ буынының табиғатына қатысты тың көзқарас болғандықтан тағы да қайталай түсуге тура келеді.

Қазақ тіліндегі дыбыстар өз ара артикуляциялық үйлесімін тапқанда ғана бір бірімен тіркесіп, бір буынға (сөзге) біріге алады. Ол үшін бір буынның (сөздің) құрамындағы дыбыстардың үйлесім белгілері бірдей болу керек (төменде модельдеп көрсететін боламыз). Сонда ғана қазақ тіліндегі буын (сөз) біркелкі үйлесім әуезбен айтылады, сөйтіп қазақ сөзі қазақы жатық естіледі. Өйткені қазақ сөзінің үйлесім құрылымы мен үйлесім естілімінің арасында тікелей байланыс бар. Басқаша айтқанда, сөздің үйлесім жасалымынан (артикуляциясынан) үйлесім естілім (перцепция) туындап, сөз табиғи (акцентсіз) қабылданады. Қазақ тілінде буын құрамындағы дыбыстары бөлшектеуге келмейтін, тұтас бірлік болып табылады. Жол-жөнекей ескерте кетейік, қазақ (түркі) тілінің өзге үнді-европа тілінен өзгешелігі де осында, мысалы, орыс тілінің буын құрамындағы дыбыстар еркін ыдырай береді.

Академиялық «Қазақ грамматикасында» «Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады... Грамматикалық... топқа жататын жалғаулардың негізгі қызметі – тәуелділікті (ілік септік), істің, қимылдың объектісін білдіру» [2, 456] деген мәлімет беріледі. Септік жалғаудың басты қызметі сөйлем ішіндегі сөздердің басын біріктіру болып табылатындығы атап көрсетіледі. Сонымен септік жалғаудың басты қызметі сөз бен сөзді байланыстырудың дәнекері болса, ілік септіктің үстеме қызметі меншікті тәуелділік болып табылады.

Ілік септіктің жалғаулар құрамы: «Ілік септік... зат есім сөзге -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғауларының жалғануы арқылы жасалады... Ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден-бір мағынасы иелік, меншікті білдіру» [2, 456] деп көрсетілген. Қазақ тілінің оқулықтары мен оқу-құралдары түгелдей осы үлгіні ұстанады.

Проф. Қ. Жұбанов қосымшаларды талдай келіп, «Екінші түрі – жаңа мағына үстегеннің үстіне, ол сөзді басқа бір сөзбен байланыстырады. Осы соңғы түрі қашаннан қазақ грамматикаларында жалғау деп келінген. Бұл аты затына жанасады да. Сондықтан, оны өзгертудің, орнына басқа термин алудың ешбір қажеттілігі де, қолайлылығы да жоқ. Оны біз де өзгертпей жалғау деп алдық» [3, 238] деп қосымшаның бұл түрі қызметіне қарай жалғау деп аталу керек екенін көрсетеді.

«Қосымша» атауын алғаш А. Байтұрсынұлы ұсынған: «Қосымшалар дегеніміз сөз емес, сөзге жалғанатын буындар. Бұларда өз алдына мағана жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да, сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады... Жылқы деген сөзге... «ның» қосымшаны қосып байқайық... сөздің тұлғасы өзгерілді, мағанасы өзгерген жоқ» [4, 25]. Осындағы «сөзге жалғанатын буындар» деген анықтама, жоғарыдағы біз сөз еткен, қазақ тіліндегі буын мен морфеманың теңдесін көрсетіп тұр. Cонда А. Байтұрсынұлы қазіргі буын мен морфема теңдестігіне арналған теорияның бастау көзінде тұрғанын айту керек болады.

Септік жалғаулар сөздердің үйлесуіне сеп болады деп жалғаулардың қызметіне берілген анықтаманы да ғалым еңбегінен табуға болады.

А. Байтұрсынұлы ілік септігін (жалпы қосымшаларды) атағанда оның тек «дың» вариантын негізге алады, сөйтіп қосымшаның өзге варианттарын тізіп жатпайды. Қосымшалардың

атауына байланысты өзіндік жаңалық екенін ескеру крек.

Қазақ тілінің орыс мектептеріне арналған оқулығын дайындау үстінде морфологияның белгілі маманы проф. Ы. Маманов: «Ілік септік... образуется путем присоединения к основе аффиксов: а) -ның/нің после конечных гласных и носовых сонорных м, н, ң...; б) -дың/дің после конечных звонких и звуков р, л, й, и, ю...; в)

-тың/тің после конечных глухих и звуков б, в, г, д...;» [5, 281] деп ілік септік қосымшаларының құрамын көрсетумен қатар, олардың түбір сөзбен тіркесім ретін жіктеп береді.

Жоғарыдағы авторларға тән бір ерекшелік б, в, г, д әріптеріне қатысты. Қазақ тілінде сөз соңында [b], [v], [g], [d] дауыссыз дыбыстары кездеспейді. Олардың сөз соңындағы жазылымы мен айтылымын өзара шатыстырмау керек. Сөз соңында ұяң [b], [v], [g], [d] дауыссыздары емес, қатаң [p], [f], [k], [t] дауыссыздары тұр. Сондықтан да б, в, г, д әріптеріне (дыбыстары емес) аяқталған сөздерге қосымшаның -тың, -тің үлгісі жалғанады. Ендеше «ұяң б, в, г, д дыбыстарынан кейін -тың, -тің қосымшалары жалғанады» деген ереженің жаңсақ екенін ескеріп, арнайы әдістемелік жаттығу ұйымдастыру қажет. Өйткені қазақ тілінің оқулықтары мен оқу-құралдарының бәрінде осы ереже сақталған.

Жоғарыда қазақ тілінде буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциясы бір-бірімен тұтасып жасалып айтылатындығы, соның нәтижесінде біркелкі әуезбен естілетіні (перцепциясы) ескерілді. Ендеше буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциясы (жасалымы) мен перцепциясы (естілімі) арасы үзілмей, тұтас ұласып жатады.

Қазақ тілі қосымшаларын модельдеу үшін алдымен қосымша (буын) құрамындағы дыбыстардың негізгі және үстеме жасалым-естілім (артикуляция-перцепция) белгілерін анықтап алу керек болады. Негізгі белгі деп белгілі бір дыбыстың барлық түрленім үлгілеріне ортақ (тән) жасалым-естілім анықтамасын айтамыз. Үстеме белгі деп сол дыбыстың белгілі-бір түрленім үлгісіне ғана тән жасалым-естілім анықтамасын айтамыз. Сонда ортақ белгі дыбыстың барлық түрленім үлгілерінде кездесе береді, үстеме белгі тек бір түрленім үлгісінде ғана кездесіп, өзге түленім үлгілерінде кездеспейді.

Буын құрамындағы дыбыстардың үндесім әуезі мен үйлесім түрленімінің жасалым-естілім сипаттамасын (алғаш ұсынған проф.Ә. Жүнісбек) «Қазақ фонетикасының» мәліметтеріне арқа сүйеп алдық.

Жүнісбек Ә.Сейтқазы Е.

Бір мақалада ілік септігінің барлық түрленім қосымшаларының жасалым-естілімін модельдеп жату мүмкін емес. Сондықтан жуан-жіңішкелі

-ның [nɪŋ], -нің [niŋ] үлгісін ғана талдап шығамыз.

Қосымшаның:

-бастау н[n] дыбысының негізгі жасалымыжасалу орнына қарай – тіл ұшы, жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербелімді;

-келесі ы[ɪ] дыбысының негізгі жасалымы: тілдің көлденең қалпына қарай – тіл арты, тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін қатысына қарай

– езулік;

-соңғы ң[ŋ] дыбысының негізгі жасалымы: жасалу орнына қарай тілшік (тіл ортасы), жасалу тәсіліне қарай – тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай – тербелімді.

Біз қарастырып отырған ілік септік қосымшаларының оқу-әдістемелік құрамы -ның [nɪŋ],

-нің [niŋ] деп екі түрі ғана ескеріледі. Ал қазақ орфографиясында ерін үндестігі ескерілмегендіктен оның ақиқат -нұң [nuŋ], нүң [nüŋ] үлгілері қалыс қалып келеді. Соның нәтижесінде септік қосымшаларының құрамы жартыкеш (төрт үлгінің орнына екі үлгі) көрсетіледі. Теория-практикалық, сондай-ақ оқу-әдістемелік тұрғыдан жаңсақ екенін ескеріп, септік қосымшаларының ақиқат құрамын түгел қамтуға тырыстық: -ның [nɪŋ], -нің [niŋ], -нұң [nuŋ], -нүң [nüŋ].

Қосымшаның үстеме жасалым естілімі буын тұрқына түгел тән болады:

-ның [nɪŋ] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай

  • жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;

-нiң [niŋ] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – езулік;

-нұң [nuŋ] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – кейінді, тілдің тік қалпына қарай

  • жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;

-нүң [nüŋ] үлгісінің жасалымы: жасалу орнына қарай – ілгерінді, тілдің тік қалпына қарай – жоғарылы, ерін қатысына қарай – еріндік;

Дыбыстың түрленім үлгілерінің арасындағы айырым-ортақ белгілер жүйесі күрделі болып келеді, өзара салыстырып шығайық:

-ның [nɪŋ] – кейінді, жоғарылы, езулік;

   

-нiң [niŋ] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;

-нұң [nuŋ] – кейінді, жоғарылы, еріндік;

-нүң [nüŋ] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;

Кез-келген екі жұбы бір не екі айырым белгі арқылы түрленеді екен, бәріне ортақ бір жоғарылы белгісі бар. Әрбір жұбын жеке-жеке талдап өтейік:

-ның [nɪŋ] – кейінді, жоғарылы, езулік;

-нiң [niŋ] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;

Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.

-ның [nɪŋ] – кейінді, жоғарылы, езулік;

-нұң [nuŋ] – кейінді, жоғарылы, еріндік;

Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.

-ның [nɪŋ] – кейінді, жоғарылы, езулік;

-нүң [nüŋ] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;

Кейінді/ілгерінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.

-нiң [niŋ] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;

-нұң [nuŋ] – кейінді, жоғарылы, еріндік;

Ілгерінді/кейінді, езулік/еріндік белгілері (екі жұп) арқылы түрленеді.

-нiң [niŋ] – ілгерінді, жоғарылы, езулік;

-нүң [nüŋ] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;

Езулік/еріндік белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.

-нұң [nuŋ] – кейінді, жоғарылы, еріндік;

-нүң [nüŋ] – ілгерінді, жоғарылы, еріндік;

Кейінді/ілгерінді белгілері (бір жұп) арқылы түрленеді.

Ілік септігі қосымшаларының талданымы оның еріндік түрленім үлгілерінің де қосымша жүйесіне ақиқат енетінін көрсетеді. Ендеше септіктің барлық түрленім үлгілерін оқу-әдістемелік тұрғыдан ескеріп отыру керек болады.

Көрнекілік ретінде интерактив слайд үлгілерін келтіріп отырмыз.

 

Әдебиеттер

  1. Жунисбек А. Введение в сингармоническую фонетику. – Алматы: Арыс, 2009. – 109 б. – Б. 23.
  2. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. − 783 б. – Б. 456.
  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: МТДИ, 2010. − 607 б. – Б. 238.
  4. Байтұрсынұлы А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-Ай, 2013. – 639 б. – Б. 25.
  5. Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 482 б. – Б. 281.
  6. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 308 б. – Б. 118.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.