Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Олжас Сүлейменовтің «Адамға табын, Жер, енді» поэмасының қазақ тіліне аударылу ерекшелігі

Олжас Омарұлы Сүлейменов – ақын, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы. Ақынның шығармашылығы жайлы,оның өзіндік даралығы туралы жазылған мақалалар мен ғылыми еңбектер де бар. Мысалы, З. Ахметов [1], В. Гусев [2], К. Бузаубагарова [3], С. Диканбаева [4], Г. Толмачев [5], Н.С. Ким [6], А.Б. Жуминова [7], А.Ж. Сарсенбаева [8] т.б.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Арғымақтар» деген атпен 1961 жылы жарияланған. Олжас Сүлейменовтің ақындығын мойындата білген поэмасы «Адамға табын, жер, енді» деп аталады. Бұл поэманы да ақын 1961 жылы жариялайды. Біз осы мақаламызда жарыққа шыққан кезден бастап түрлі сынға ұшыраған поэманың қазақша нұсқасын түпнұсқамен салыстырып, кемшіліктері мен жетістіктерін саралауды мақсат еттік.

Олжас орыс тілді ақын. Ақын шығармалары көптеген тілдерге аударылғаны белгілі. Ол шығармаларын орыс тілінде жазады. Соған қарамастан ақынның поэзиясынан дала елінің рухы,мәдениеті мен тарихы, дәстүрі мен салты анық көрініп тұрады. Ақын шығармаларының көбі белгілі бір тарихи оқиғаға арналады. Мысалы, «Адамға табын, Жер, енді» поэмасын ғарышты тұңғыш рет бағындырған космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнады. Поэма өзіңің көркемдігімен,сыршылдығымен дараланады. Өткен ғасырдың айтулы оқиғасын мақтанышпен жырлайды. Бұл поэма дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылды. Өзінің көркемдік бағасын да алған шығарма. Ақынның осы поэмасының арұасында қазақ елі көптеген мемлекеттерге танылды. Поэма эмоциялық тебіреніске толы, сыршылдығы зор, ой қазынсы мол болуымен ерекшеленеді.

Олжас Сүлейменовтің осы поэмасын қазақ тіліне Қадыр Мырза тәржімалаған.Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза – ақын, қазақ елінің халық жазушысы. Аударма ісінде М. Овидий, Руми, В. Гюгю, Г. Гейне, М. Лермонтов, С. Есенин, Я. Райнис, Л. Родари, Р. Ғамзатов, Э. Межелайтис, К. Кулиев өлеңдерін, Ш. Петефинің жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған. Қадыр Мырза Әлі ағамыздың жары Салтанат Мырзалиева берген бір сұхбатында ақын аудармаларының өзі он бір томдай болып қалады деген. Яғни, Қадыр аға аудармада өзіндің қолтаңбасын қалыптастырған көркем аудармашы екендігі анық.

Гиви Гачечиладзенің толғамы бойынша, «аударма – түпнұсқаның бейнесі, осыған орай, түпнұсқадағы болмыстың бейнеленуі. Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы – шындық». Осындай шындықтар жазылған поэманы қазақ тіліне аударуда Қадыр Мырза аудармашылық шеберліктің үлгісін көрсете білген. Ақын Қадыр Мылза Әлидің: «Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері – тарих» деген қанатты сөзі бар. Яғни, аудармашы осы поэманы кездейсок ала салоп, аудармағаны белгілі. Олжастың бұл поэмасының маңыздылығын, ерекшелігін түсіне отырып тәржімалағандығын байұаймыз. Аударманың тілі жатық, ойы оралымды, түпнұсқаның идеясын толық бере білген. Аудармашының дарындылығы оның бейнелеп отырған өмір көріністері мен құбылыстарына авторша қарап, авторша толғанып, қаламды авторша сілтеумен өлшенетіндігі белгілі жайт. Бұл жайтты аудармашы түсініп, көркем аударма жасаған.

Белгілі аудармашы,ақын В. Жуковскийдің:

«Переводчик прозы – его раб, переводчик поэзии – его соперник» деген әдемі пікірі бар. Осы пікірді біз Қадыр ағамыздың аудармаларынан анық көре аламыз.

Ойымызды нақтылау мақсатында түпнұсқамен аударма нұсқаны салыстырып көрейік.

Түпнұсқа:

...Разгадай:

Почему люди тянутся к звездам! Почему в наших песнях

Герой – это сокол! Почему все прекрасное, Что он создал,

Человек, помолчав. Называет – Высоким! [9]

Аударма:

… Неліктен

Жуық жұлдыз ұран бізге? Неліктен

Жыр арқауы – қыран түзде? Неліктен

Сұлулықтың асқақ бәрі? Неліктен?

Жауап бере жырауды ізде! [10, 233]

Аударманы талдай отырып, түпнұсқа 7 жолдан, ал аударма 8 жолдан тұратынын айқын көруге болады. Аударма сөзбе-сөз емес, еркін түрде жасалған. Түпнұсқада «почему» сөзі 3 рет айтылса, аудармада «неліктен» сөзі 4 рет қайталанып,

оған сәтті табылған эквивалент болып тұр. Бұл авторлық стиль, яғни, автордың таңдаған әдісі десек те болады. Аудармашы мұны аудармада сәтті сақтай білген. «тянуться к звездам» дегенді «жұлдыз ұран бізге» десе, «песня» – «жыр» болып еркін аударылса да, орынды деп есептейміз. Ал соңғы 2 жолына келетін болсақ, аудармашы толығымен еркіндікке бет бұрған.

Түпнұсқа:

Хорошо в тёплом небе апрельскою ранью, Хороши облака.

Вид у неба хорош.

Но представишь нечаянно глушь мирозданья, Бесконечность

И скроешь улыбкою дрожь. [9]

Аударма:

Сәуірдің сұлу таңы: Алдайды нұр.

Аспанға,

Ақша бұлтқа қанбайды қыр. Әлемнің шексіздігі

Еске кенет Түсті ме?

Зәре құтың қалмайды бір… [10, 234]

Түпнұсқа мәтіні 6 жолдан құралса, аударма 8 жолдан тұрады, яғни, аударма еркін жасалған. Автор түпнұсқада «хорошо» деп, аспан, күн ді жақсы екен деп берсе, аудармада ол нақты «сәуірдің сұлу таңы», «алдайды нұр, ақша бұлтқа қанбайды қыр» деген екен. Еркіндік аударманың әр жолында байқалады. «Бесконечность» – «әлемнің шексіздігі, еске кенет, түсті ме? Зәре құтың қалмайды бір» деп басқаша аударылған. Түпнұсқада жоқ сұраулы сөйлем, аудармада сұрау түрінде берілген. «дрожь» қазақша «діріл» болса, аудармада «зәре-құт» деп қолданылған. Екеуінің семантикалық реңктері әр түрлі екенін ескерген жөн болар.

Түпнұсқа:

Я влюблен в Красоту.

Я мечтал о ней сотни веков. Пришивался к кресту.

Возносил и сносил богов. Я создал эти реки

И ветер швырнул в моря. Ты, Земля,

Поклонись Человеку, Твой бог – Я. [ 9 ]

Аударма :

Ғашықпын,

Сұлулыққа ғашықпын мен.

Сұлулық қымбат маған ашық күннен. Сол үшін,

Өзім мақтап, Өзім даттап,

Миын да жаратқанның ашыттым мен. [10, 238]

Аударма толығымен еркін жасалған. Өлең жолдары бір-біріне сәйкес болғанымен де, эквиваленттілік жағынан бөлек туындылар. Аудармада қандай да бір түпнұсқада жоқ ырғақ бар.

«Ғашықпын, ғашықпын мен» деген сөздер сол ырғақты тудырып тұрса керек. Аударманы оқығанда өлең махаббат тақырыбына жазылғандай әсер туындайды, ал негізінде түпнұсқа тақырыбы мүлде басқа. «Өзім мақтап, өзім даттап, миын да жаратқанның ашыттым мен» деген жолдар мағыналық жағынан түпнұсқаға сәйкес келмейді.

Түпнұсқа:

Я люблю тебя, жизнь. За весну,

И за страх, И за ярость.

Я люблю тебя, жизнь, И за крупное,

И за малость,

За свободу движений.

За скованность И за риск. Я люблю тебя, жизнь. [9]

Аударма :

Ғашықпын,өмір,саған, Көктем үшін, Қорқыныш үрей үшін, От дем үшін.

Ғашықпын,өмір,саған Азды көпті

Дәміңнің бұйырғаны, Жеткені үшін. [10, 245]

Түпнұсқа мәтіні өмірді сүю туралы жазылған. Аударма эквиваленттілігі жағынан да, семантикасы жағынан да сәтті. Аудармашы тарапынан біраз қосу жасалған, мысалы «ярость» сөзі «қорқыныш, үрей үшін, от дем үшін» деген сөздерден көруге болады. «За свободу движений, за скованность, и за риск» – «Азды көпті, дәміңнің бұйырғаны жеткені үшін» деп аударған. Сөздер мағыналық жағынан түпнұсқаға жақын. Автор өлең соңында «Я люблю тебя, жизнь» деп қайталауды жөн көрсе, аудармашы бұл жолды қоспаған екен.

Түпнұсқа:

Поздравляй нас, Гагарин, С победою!

Здорово!

Все цветы!

Все улыбки

Растроганной милой Земли! [9]

Аударма:

Құттықта, Гагарин дос, Мына бізді.

Мына Күн, Мына аспанды, Даламызды!

Тамаша гүл мұхиты, Шат күлкісі

Көңілі босаған Жер -анамыздың. [10, 266]

Түпнұсқа мәтіні тілге жеңіл оқылатын, құттықтау түрінде жазылған жолдар. Аудармада да осы құттықтау сезімі сақталған. Аударма шы «Поздравляй нас» дегенді екі түрлі жол ға бөліпті. «Гагарин дос» деп аудармада қазақ жұртының қабылдауына жақындатқан. Соңғы жолдарындағы «Земля» – «Жер-ана» деп сәтті қолданылған.

Қорытындылай келе, поэманы аудару кезінде Қадыр Мырза Әлі еркін аударма тәсілін қолданған. Аударма жеңіл әрі түсінікті аударылған.

 

Әдебиеттер

  1. Ахметов З.А., Национально-характерные черты языка поэзии Олжаса Сулейменова // В кн. О языке казахской поэзии. – А., 1977.
  2. Гусев В.Национальное, интернациональное – и общечеловеческое: об Олжасе Сулейменове и его «Глиняной книге» // В кн. Герой и стиль. – М., 1983.
  3. Бузаубагарова К.С., Стих Олжаса Сулейменова. – А., 1984.
  4. Диканбаева С.О стилистическом комплексе в творческом контексте О. Сулейменова // Сб. научных тр. – А., 1984.
  5. Толмачев Г.Повесть об Олжасе. – А., 1996.
  6. Ким Н.С., Эпидигматические отношения в языке и их реализация в русской художественной речи (на материале поэзии О.О. Сулейменова). – Таш., 2002.
  7. Жуминова А.Б., Тезаурус языковой личности поэта О. Сулейменова. – А., 2004.
  8. Сарсембаева А.Ж., Анафора в поэзии О.О. Сулейменова. – А., 2005.
  9. Сүлейменов О. Апрель 1961. Поэма. Посвящается Юрию Гагарину. Электронный ресурс.
  10. Сүлейменов О. Атамекен. Поэма. Аударған Қадыр Мырзалиев. – 1972.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.