Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прагма-кәсіби бағдарлы тапсырмаларды қолдану жолдары

Қазіргі заман талабына сай шетел тілін меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдістәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. Прагматикалық әрекетте, әсіресе оқыту үрдісінде жағдаяттар ерекше орын алады. Жағдаят тапсырмаларын қолданудың қажеттілігі мен маңыздылығы, шынайы кәсіби іс-әрекеттегідей жағдай туғызылса, тіл үйренушілерге өз кәсібін меңгеруге деген қызығушылықтарын тудырып қана қоймай, сонымен бірге кәсіби ісәрекет жасауға үйрете отырып, олардың дағды мен іскерліктерін қалыптастырады, әлеуметтікмәдени және арнайы іс-әрекеттік қабілеттерін анықтайды.

Қазіргі таңда лингвистика ғылымыныңдамуы тіл мен адам факторы арасындағы байланысқа бағытталғандықтан,тіл білімінің нысаны ретінде лингвистикалық үш түрлі аспектіні тілге тиек етеміз: тіл-сөз-прагматика. Прагматикалық теорияның зерттеу нысанына өзек болатын мәселелердің ауқымы кең: ол әрі мәтін, әрі дискурс, әрі сөйлеу актісі және фразеобірліктер мен сөздер де болуы мүмкін.

Прагматика терминін ( грек. «pragma» «іс, әрекет») ғылымға алғаш енгізген, семиотиканың негізін салушы Ч.Моррис аталған ғылым саласын таңба мен оны қолданушысының арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін ғылым деген (Kaliev, 2005: 253). Ғалымның бұл көзқарасын әрі қарай лингвистикалық тұрғыдан дамытқан Дж. Серл, Дж. Остин, Д. Франк, Ф. Кифер секілді шетел ғалымдары мен И.Д. Арутюнова, Ю.С. Степанов, Г.В. Колшанский, И.П. Сусов, В.Г. Гак сияқты орыс ғалымдарын да атауға болады. Сондай-ақ М.К. Мурзагалиева, Ф.З. Жаксыбаева, Г.К. Ихсангалиева, С.К. Искин дирова, С.Б. Токтамысова және т.б. отандық лингвистикадағы бірқатар ғалымдар өз ғылыми еңбектерін прагматика мәселесінің әртүрлі қырларын карастыруға арнаған.

Прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың (тыңдаушының) арақатынасынан туындайтын мәселелер кіреді. Тілдік бірліктерді прагматикалықтұрғыданзерттегенғалымдардың пікірлеріне көз жүгіртсек:

  • Прагматика сөйлеу актілері мен олардың жүзеге асу контекстін зерттейді (Р.С. Столнейкер);
  • Прагматика тілдік қатысымның заңдылықтарын, сөйлесімнің актілерінің функционалды типтерін зерттейді (В.Г. Гак);
  • Прагматика сөйлесімнің мазмұнын, сөйлесім авторының коммуникативтік мақсатқа сай тілдік құралдарды таңдау мәнін, сондайақ тыңдаушының айтылған ой мен тіл арқылы берілген ойды дұрыс түсінуін анықтайтын нақты қатысым жағдаятын зерттейді (Э.М. Медникова). Қатысымның қалыптасуы «сөз әрекеті» арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас пен сөз әрекеті – прагматиканың бір-бірінен ажырамас бөлігі.

Прагматикалық сөз әрекетінің негізінде адамдардың бір-біріне тіл арқылы ықпал ету, әрекетке қатысу ұғымдары жатыр. Бұл ұғымдар қарым-қатынасқа қатысушы коммуниканттардың мақсатынан туындайды. Демек, сөз әрекетін тудыратын – сөйлеушінің мақсаты. Жалпы қайсыбір сөйлесімнің прагматикасы болмасын, нақты бір жағдаятта адамдардың қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын анықтауды көздейді. Бұл орайда мақсат – сөз әрекетінің қозғаушы күші, оны қалыптастырушы негіз. Кезкелген сөйлеу актісі сөйлеушінің тіл арқылы өз мақсатын (интенция) жеткізуі болып табылады. Сөйлеушінің мақсаты бірнеше прагматикалық ұстанымдар арқылы жүзеге асады: сөйлеу жағдаяты. сөйлеуші мен тыңдаушы, оларға тән әлеуметтік –психологиялық қалып т.б. Яғни, нақты жағдайдағы сөз әрекетінің сәтті болуы қатысымға қатысушы коммуниканттардың мақсатына сай тілдік бірліктерді ұтымды пайдалануына негізделеді. Сондықтан Н.Д. Арутюнова прагматиканың негізгі мақсатын былайша анықтайды: «Одна из задач прагматики, возможно, ее главная задача, состоит в том, чтобы сформулировать правила употребления слов и высказывании и, соответственно, их адекватного истолкования». (Arutjunova, 1981: 356). Ал В.Г. Гактың пікірінше, прагматика адамның нақты жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қарастырады. (Gak, 1982:11). Осындай ой-пікірлерге ғалым Э.Д Сүлейменова өз еңбегінде сүйенеді. Жалпы қандай да болмасын ғылым бір нысанды зерттегенде үш сұраққа жауап беруге тырысады: не? қалай? -не үшін? (Tjazhina, 2010: 130). Мәселен, шетел тілі пәндері мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетілдіруге, қоғамдағы өз ор нын табуға ерекше ықпал етеді. Шетел тілі сабақтарының басты мақсаты: шәкірттерге күнделікті өзін қоршаған қоғамнан алған білім, білік дағдыларына қоса басқа елдердің тыныстіршілігінен хабардар етіп, мағлұматтар береді және ең бастысы, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар, ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, оқушының өз пікірі қалыптасады, басқа елдердің мәдениетін үйренеді. Шетел тілін үйрену өз бетінше білім алуға, мәдениетаралық қатысымды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Шетел тілі пәнінің ең басты міндеті – шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Арнайы біліктер бойынша бағдарлы оқытуда сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу талаптарымен қатар аударма және жазу талаптары міндетті түрде беріледі. Қоғамдық-гуманитарлық бағытта мектептерде оқу мен сөйлеу басты әрекет болады, оқытудың тәрбиелік, білім беру, жетілдіру мақсаты нақтылана түседі. Атап айтқанда, оларға төмендегілер кіреді:

  • мамандық таңдауға оқушының саналы түрде қатынасы, өзінің болашақ мамандығына шетел тілдерін іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін сезінуіне тәрбиелеу;
  • оқушының өз мамандығына деген жал пы ой-өрісін кеңейту, болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру;
  • таным үрдісіне оқушының ойлауы, есте сақтауы, тіл мәдениеті, жаратылыстану және математика ғылыми саласына қызығуы, ғылыми көзқарасы мен тілді қолдану білімін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
  • оқушыларды ауызша және жазбаша түрде болашақ мамандықтарына байланыстыра өзара мәдени қарым-қатынас жасай білуге дайындау.

Шетел тілі сабақтарында оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылғаны жөн. Ал әрбір өткізілген сабақ оқушыларды өз бетімен ізденіп білім алуға, оқуға жетелесе құба-құп. Оқушының мәселені тани білуі, алған білім, біліктерін жаңа тапсырмаларды шешуге, міндеттер қоя білуге тәрбиелейді. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, өз бетімен ізденіп білім алудың жаңа жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді. Бұл өз бетінше жүргізілетін жұмыстарға реферат жазуға, қолжазбалар дайындау, баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарламалар дайындау жатады.

Ғылымның қай саласында болмасын техникаға, жаңа ақпараттық технологияларға байланысты пәндер интеграциясы білім беру саласында қомақты орын алуда. Соған орай жалпы білім мазмұны мен оқыту әдістемесінде де жаңалықтар орын алуда. Оның тағы бір дәлелі, мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы міндетті жоғары білім стандарттарының шығуы. Жаңа ақпараттық технологияларға байланысты пәндер төменгі курстардан бастап типтік оқу жоспарында жаратылыстану пәндер циклында мемлекеттік компонент ретінде жүргізіледі. Сонымен қатар басқа да ақпараттық технологиялар бойынша жүргізілетін пәндер оқу жоспарларында орын алуда. Нәтижесінде техникалық емес мамандықтарға студенттердің ақпараттық білім мен біліктілігі, танымдылығы қалыптасады.

Шетел тілін үйретудің ақпараттық технологияларға негізделген кешені маманның кәсібидүниетанымдық бағыт-бағдарымен табиғи түр де үйлесуі үшін шетел тілін кәсіби бағдарлы үйретудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын айқындайтын факторларды, оның құрылымы мен жүйесін, оқыту технологиялары мен үйренушінің тілдік біліктілігіне қойылатын талаптарды анықтаудың жаңа заманға сай стратегиясы мен тактикасын ұстану қажет. Осы турасында тіл үйренуші студенттің немесе маманның өздігінен жұмыс жасауына, ізденушілік әрекетінің белсенді дамуына бағытталған оқыту технологиялары мен жүйелерін пайдалану тиімді. Атап айтқанда, шетел тілін үйретудің нәтижеге бағдарлануын, яғни кәсіби техника тілін үйрету сапасының деңгейін көтеруге қатысты алғышарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың ақпараттық технологиясын қолдануға баса мән берілуі қажет. (�amzina, 2010: 135).

Жоғары оқу орындарында оқудағы басты мақсат тұлғаға мамандықты игерту. А.П. Сейтешов маманның тұлғалық даму тұжырымдамасын жасады. «кәсіби шеберлік» ұғымын ол кәсіптік іс -әрекетін ұзақ мерзім бойы игеру барысында, ерекше жағдайларда қиын кәсіптік мәселелерді немесе тапсырмаларды шешудің ең тиімді, нәтижелі жолдарын қолданған адам бойындағы психологиялық, психикалық және тұлғалық өзгерістердің жинағы деп анықтайды. Өмірде тұлғаның кәсіби қалыптасу үрдісі мамандану деп аталынады. (Sejteshov, 1974: 30).

И.Д. Багаева педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби шеберлігі тұжырымдамасында біріктіруге көңіл аударады: мамандық шеберлік – бұл ісәрекетте қалыптасатын тұлғаның интегралдық қасиеті, өзіндік ерекшелігі, бұл іс-әрекет барысы және нәтижесі. (Bagaeva, 1989: 158).

Осыған орай автордың пікірінше, іс-әрекеттік кәсіп тұлғаның және іс-әрекеттің мәнімен сипатталады. Бұл құрылым үш құрама бөліктен тұрады:

кәсіби білім – жалпы кәсіби шеберліктің қалыптасу негізі (құрылымдық бөлік бойынша – бұл болжам және таным іс-әрекеті);

кәсіби қарым-қатынас жасау шеберлігі – алған білім қорын тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігі және дайындығы, болашақ педагогикалық қызметіне бағдар, «жарыс алдындағы күйі», күшін сынауы (яғни сөйлеу қызметі);

кәсіби өзін-өзі жетілдіруі – өзіне-өзі әділ баға берумен және қарым-қатынас барысында кездескен өзіндік кемшіліктерін және біліміндегі жетіспеушіліктерді шұғыл жою, яғни өзін өзі қадағалап түзету арқылы кәсіби іс-әрекет жүйесінің дамуын қамтамасыз ету, құрылымдық бөлік бойыншабұл іс-әрекеттің бағалау және туынды түрлерінің біріктірілуі.

Кәсіби іс-әрекет деп – оны орындау үшін адамда жеткілікті білім қоры, тұлғалық маңызды қасиеттер, кәсібіне сәйкес іскерліктер, дағдылар, қабілеттер болуы керек, солардың көмегімен адам көздеген мақсаттарына жетеді, ниеттері мен қоршаған ортаға көзқарас қатынасы өзгереді. А.К. Маркованыңкөзқарасытұрғысынанкәсіптік іс-әрекетмаманның өзінің мүмкіндікиері мен қабілеттеріне қарай таңдаған кәсібін игеруі, кәсібі туралы ереже, нұсқауларды, әдебиеттерді оқуы,өзін маман ретінде қалыптастыруы және сезінуі, кәсібі саласында өз үлесін қосуы, кәсіби мамандығын жетілдіру арқылы өз тұлғасын дамытуы.

Кәсіби іс-әрекетке жеке адамның тұрғысы жағынан қарайтындаріс-әрекеттің мотивациялық жағына, жеке адамның өзіндік қасиеттеріне, ойлау стиліне аса көңіл бөле отырып, кәсі біне жағымды көзқарасын және оған шынайы беріліп қарауын кәсіптік шеберліктің маңызды көрсеткіштері деп санайды. Сонымен қатар бірқатар еңбектерде кәсіптік іс-әрекет тің процессуалдық (технологиялық) және мотивациялық қажеттіліктер арасында байланыстың барлығы айтылады. Атап айтқанда Е.М. Борисованың айтуынша, іс-әрекетті шебер игеруі және жоғары көрсеткіштерге жетуі барысында кәсіби мотивацияның дамитынын, оның тұрақтанып нығаятынын, жеке адамның қажетті кәсіби қасиеттерінің шыңдалатынын, өзін-өзі орынды бағалауы өсетінін және кәсібіне жауапкершілікпен қарау деңгейі өзгеретіні байқалады (Borisova, 1991: 181).

Тұлғаның мотивациялық-қажеттілігі саласы мен кәсіптік іс-әрекетінің процессуальдық жағы арасындағы өзара арақатынастың орнауы, осындай қатынастың дамуы мүмкін екендігі туралы ойдың барлығын ескеретін тұлғаның кәсіби қалыптасуы тұжырымдамасына жақындайды. Ол тұжырымдамада кәсіптік дамуда маманданудың әр түрлі кезеңдерге бөлінуіне қарай белгілі бір деңгейлерде тұлғалық қасиеттердің пайда болуы сипатталады.

А.Р. Фонарев кәсіптік іс-әрекет үш деңгейде жүзеге асырылады дейді (Fonarev, 1997: 88).

  1. Орындаушы деңгей – маманның кәсібіне байланысты кейбір үлгілердің қайталануын талап ететін іс-әрекеттерден тұрады. Бұл деңгейдегі іс-әрекет бір ізді жұмыстардың орындалуы арқасында дағдылардың қалыптасуына әкеледі. Осы деңгейдегі мамандар сипаттамалары мынандай: нұсқаулар бойынша жұмыс жасап, оларды бұлжытпай орындауға тырысады. Басқа адамдар олар үшін өз мақсаттарына жету құралы, кәсіп өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін қамтамасыз етіледі.
  2. Жоспарлау деңгейі – қызметкерлердің өз іс-әрекеттері туралы кейбір мәліметтерден жалпы хабардары бар. Бұл іс-әрекет деңгейіндегі мамандарда лауазымдық саты болады, бірақ оның сипаты анық емес. Кәсіптік іс-әрекет заңдылықтарының терең көріністері өмірде жаңа талаптар қояды. Адам кәсібіне қандай талап қойса, кәсіп те адамға сондай талап қоя бастайды. Іс-әрекетінің жүзеге асырылу жолдары онша қолайлы емес екенін көргенде, адам одан бас тарту сезімі пайда болады, бірақта оны өзгертуге мүмкіндігі жоқ. Іс-әрекетінен жаңа мән тапқан кейбір мамандар кәсіпке деген көзқарастарын өзгертеді, оған бейімделеді, кейбіреулері маманның тұлғалық дамуына кедергі болатын бірінші деңгейге түседі.
  3. Жобалау деңгейі – бұл іс әрекетке тұтас білім ретінде жаңа түсінікпен қарауға көшу деңгейі. Бұл деңгейде кәсібі туындап қуаныш әкеледі, өзін қожайын сезінеді. Жұмыс міндеттіліктен гөрі қажеттілікке айналады, сөйтіп еңбек мәдениетке айнала бастайды.

Кәсіби іс-әрекеттің құрылымы және оның мазмұны өзгермей тұрмайды. Олар маманның тұлғалық өсуі, өз кәсібінен жаңа бір мәндерді, жаңа нысандарды тапқан сайын өзгеріп отырады. Кәсіби іс-әрекетіндегі өзгерістер, оның сапалы жаңа деңгейі тұлғаның одан өсуіне әкеледі, бұл өз кезегінде, кәсіби іс-әрекетін жаңа мағыналармен және жаңа әдіс жолдарын таңдауға әсерін тигізетін тұтас іс-әрекетке толтырады.

Тіл мамандығын меңгеруші студенттердің кәсіби бағыттылықтарын дамытудың негізгі құрамын – білімдердің негізінде жатқан танымдық іс-әрекет құрайды.

Тұлғаның танымдық іс-әрекетке қатынасы мазмұнды, мотивациялық және мінез-құлық жақтармен сипатталады.

Егер студенттер жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тіл кәсібінің маңыздылығы туралы жеткілікті білімі, кәсібі саласында кәсіпкерлік іс-әрекеттің мүмкіншіліктерін білетін болса, сонымен қатар нарықтық кәсіби (оның ішінде білім беруде) қызмет көрсетуге және қазіргі қоғамның талабына сай оның болашақтағы дамуын бағдарлай алса, онда кәсіби бағыттылықтың нәтижелі қалыптасуы мен дамуы арта түседі.

Шебер маман тек қана жоғары нәтижелер көрсету емес, сонымен бірге ол адамның еңбекке деген көзқарасы, оның психикасының күйі, мотивация жақтары және кәсіби іс-әрекетіндегі қимыл-әрекет жолдары. (Ryskel’dina, 2010: 135). Шетел тілінің қазіргі оқытылуындағы шешуші міндет – толық және нақты мәдениетаралық қарым-қатынасқұралыретіндетілгеоқыту. Әрбір шетел тілінің сабағы – бұл мәдениетаралық жол қиылысы, мәдениетаралық қарым-қатынас практикасы, өйткені әрбір шетел тілі шетел әлемін және шетел мәдениетін көрсетеді.

С.С. Құнанбаеваның зерттеулері негізінде көрсетілгендей «мәдениетаралық катысым субъектісі» – мәдениетарлық қатысымның когнитивтік және іс-әрекеттік қатысым негіздерін өте жоғары деңгейде қалыптастырған субъектінің «екінші когнитивті санасы» барлығын көрсететінін және мәдениетаралық қатысымның әлеуметтік және лингвомәдени салаларында толық түсінігі, сөйлеу қабілеті мен мәдениеті тіл қоғамының барлық талаптарына сай, сөйлеудің әр жағдайда өзгеруіне байланысты дұрыс қарымқатынас жүргізуді қамтамасыз ететін тұлға. (Kunanbaeva, 2005: 262).

Жоғарыда айтылғандай прагматикалық әрекетте, әсіресе оқыту үрдісінде жағдаяттар ерекше орын алады. Шетел тілін оқыту әдістемесінде маңызды мәселелердің бірі – кәсіби мамандық жағдаяттары. Жағдаят – белгілі бір мақсатқа бағытталған жеке бас қажеттіліктерінен туған сөйлеушілердің қарым-қатынасының серпінді жүйесі. Жағдаят сөйлеудің шартты дамуы на себепкер болады. Қазіргі педагогикалық үрдісте жағдаяттың маңыздылығы туралы шетелдік ғалымдар И.Л. Бим, А.Н.Леонтьев, Е.И. Пассов, А.М. Стояновский, А.А. Леонтьев, Г.В. Роговалардың еңбектерінде жазылып жүр. Педагогикалық оқу жағдаяттары квази-кәсіби жағдаяттар ретінде өзінің негізгі қатысым сапасын сақтай отырып, тіл үйренушілерге әралуан болашақ кәсіби қарым-қатынас жасауға және олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Жағдаят тапсырмаларын қолданудың қажеттілігі мен маңыздылығы, шынайы кәсіби іс-әрекеттегідей жағдай туғызылса, тіл үйренушілерге өз кәсібін меңгеруге деген қызығушылықтарын тудырып қана қоймай, сонымен бірге кәсіби іс-әрекет жасауға үйрете отырып, олардың дағды мен іскерліктерін қалыптастырады, әлеуметтік-мәдени және арнайы іс-әрекеттік қабілеттерін анықтайды. (Leont’ev, 1972: 56). Сонымен қатар олар мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктердің қалыптасуына да әсер етеді.

Кәсіби мамандық жағдаяттарын шетел тілі сабағында қолдану – қазіргі жаңа әдістеме бойынша шетел тілін оқытудағы басты мақсат – мәдениетаралық тілдік қатысым құзыреттілігіне және өз кәсібін жетік меңгеруге жетудің тиімді жолдарының бірі деп есептейміз.

 

Әдебиеттер

  1. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 253 б.
  2. Арутюнова Н.Д. Фактор адресата // Изв. АН СССР. Серия литературы и языка Т. 40. – 1981. – № 4. – 356–367б. Гак В.Г. Прагматика узус и грамматика речи // ИЯ в школе. – 1982. – №5. – 11 б.
  3. Тяжина Е.Б. Одағай сөздердің прагматикалық колданысы. канд. диссертация. –Алматы, 2010. – 130 б.
  4. Хамзина А.Х. Мамандыққа бейімдеп оқыту әдістемесі: ЕҰУ, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. материалдары. – Астана, 2010. – 135–139 б.
  5. Сейтешов А.П. Жас жұмысшыларды тәрбиелеудің кәсіби бағыттылығы педагогикалық мәселе: автореф.дисс.пед.ғыл. док. – Алматы, 1974. – 30 б.
  6. Багаева И.Д. Педагогика қызметінде мамандыққа құндылықпен қарау. – УстьКаменогорск, 1989. – 158 б. Борисова Е.М. Тұлғалық және мамандық. – М., 1991. – 181 б.
  7. Фонарев А.Р. Мамандану барысында тұлғаның өсу түрлері // Психология сұрақтары. – 1997. – №2. – 88–93 б. Рыскельдина А.А. Кредиттік оқыту жағдайында тіл маманы студенттерінің кәсіби бағыттылығын дамыту: канд. дисс. – Алматы, 2010. – 135 б.
  8. Кунанбаева С.С. Современное иноязычное образование: методология и теории. – Алматы, 2005. – 262 б. Леонтьев А.А. Национально-культурная специфика речевого поведения. – М.: Наука, 1972. – 56 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.