Кардиологиядағы медицинаның бірталай жетістіктеріне карамастан, гипертониялык криздің мәселесі өзекті мәселе болып калуда және халыктың еңбекке кабылеттілігінің төмендеуі мен жүрек-кантамыр аскынуларының негізгі бір себебі болуда *2+.
Дамыған мемлекеттерде криздік жағдайлардың даму жиілігінің төмендеуі байкалады, оны соңғы 20 жылда артериальдык гипертонияның дәрмектік емінің жаксаруы мен байланыстырады. Шетелдік авторлардың мәліметтері мен, артериалдык гипертония мен ауыратын наукастарда гипертониялык криздің саны 7-ден 1% дейін төмендеген *3+.
Жедел жәрдем көмегін жиі шакырудың себебі көп жағдайда, ол артериалды гипертонияның тиімсіз толык емес емі *4+.
Жедел жәрдем көмегіне жүгінген наукастардың 50-70%- ті, антигипертензивті дәрмектерді тұрақты кабылдамайды. Жоспарлы атигипертензивті ем алып жүрген наукастар, көбінде нәтижесі аз және кәзіргі уақытта ұсынылмаған дәрмектерді қолданады *5+.
Науқастардың тұрақты емге ынтасының жоқтығы, өзінің ауыруы туралы акпаратының жеткіліксіздігі мен, өзін-өзі бакылау дағдысының жоктығы мен, осы санаттағы наукастардың емханада канағаттанарлыксыз бакылау сапасы мен коса дәрмектерді кабылдау біліктілігінің жоктығы мен байланысты *6+.
Артериалдык гипертонияның нәтижелі бакылауына жету, тек наукастың емдеу процесіне саналы және белсенді катысуында ғана мүмкін. Әртүрлі терапиялык окыту әдістерін колдану, кандай жаста болсада наукастардың антигипертензивті емге ынтасын арттырады *7+.
Зерттеудің максаты - емханалык кезеңдегі гипертониялык криздің тиімді алдын алу жолдарын ұсыну.
Зерттеуге, емханалык кезеңде артериалдык гипертония, гипертониялык кризбен каралған 18 - 75 жас аралығындағы 30 наукас енгізілді. Барлык наукастарға жалпы клиникалык тексеру, ЭКГ зерттеу жүргізілді.
Нәтижесі. Зертеуге енгізілген артериалдык гипертония, гипертониялык кризбен 30 наукастың 12 (40%) ерлерді, 18 (60%) әйелдерді құрады. Науқастардың орта жасы 64 жаста болды. Оның ішінде 10 (33%) наукас - еңбекке кабілетті жаста, ал 20 (67%) наукас - 60 жастан жоғарыдағы адамдар. Артериалдык гипертония мен ауыратын орта мерзімі 16 жылды құрады. Науқастардың көпшілігі өзінде артериалдык гипертонияның бар екендінін білген, тек 2 (6,6% ) наукаста алғаш рет аныкталған. Артериалдык гипертонияның 2 дәрежесі 33,3%-те (10 наукас), 56,6%-те (17 наукас) - 3-і дәрежесі және 10%-те (3 наукас) жекеленген систолалык артериалдык гипертония орын алған.
Кесте 1 Артериялдық гипертония, гипертониялық кризді науқастардың құрылымы.
Жалпы ауру санынан, аскынған гипертониялык криздер 23,3%-ті (7 науқас) құрады, оның ішінде 4-де гипертензивтік энцефалопатия, ал 3 наукаста жүрек ишемиялык ауруының өршуі.
Артериалдык гипертония, гипертониялык кризді наукастрадың 98%-де кауіп факторларының және косалкы жағдайлардың барлығы аныкталды. Ең жиі кездескен кауіп фаторлары ол генетикалык бейімділік, жасы, семіздік және дислипидемия.
Аталымдары |
Барлығы |
Артериалдық гипертония, гипертониялық криз |
30 (100%) |
Асқынған криздер |
7 (23,3%) |
Алғаш анықталған артериалдық гипертония, гипертониялық криз |
2 (6,6%) |
Басқа аурулар мен қосарланып жүруі: |
25 (83,3%) |
жүрек ишемиялық ауруымен |
19 (76%) |
қант диабетімен |
2 (8%) |
семіздікпен |
6 (24%) |
цереброваскулярлық аурумен |
14 (56%) |
бүйрек ауруымен |
5 (20%) |
Артериалдық гипертонияның дәрежесі: |
|
II |
10 (33,3%) |
III |
17 (56,6%) |
жекеленген систолалық артериалдық гипертония |
3 (10%) |
Артериалдық гипертония, гипертониялық кризде негізгі клиникалық көрінісі бас ауруы және басының айналуы - 62%, жүрек айнуы және қүсу - 12%, жүрек түсының ауру - 15%, көз алдының бүлдырлауы - 11% науқастарда кездесті.
Барлық науқасқа ЭКГ зерттеуі жүргізілді.
Электрокардиограммада 19-да сол қарыншаның гипертрофия белгілері, 3-де миокардтың тыртықтық өзгерістері, 8-де ырғақтық бүзылыстар, 7-де Гис будасы аяқшаларының бөгемелері анықталды. 2 науқаста ЭКГ өзгерістер болған жоқ.
Науқастарды арнай сүрағанда 36,6%-ті (11 науқас) түрақсыз емделген, ал 20%-ті (6 науқас) мүлдем ем алмаған, 16,6%-ті (5 науқас) нәтижесі төмен дәрмектер қабылдаған (адельфан, андипал т.б.), қалған 26,6%-ті (8 науқас) көбіне жиі ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын, бета-блокаторларды, кальций антагонистерін және диуретиктерді қолданған. Медициналық көмек көрсеткенге дейін гипертониялық кризді басу мақсатында науқастар өзіндік 7-і (23,3%) антигипертензивті дәрмектер (каптоприл, нифедипин, метопролол), 12-і (40%) дибазол, но-шпа, папаверин, андипал, 5-і (16,6%) димедрол, валерянка, корвалол, 4-і (13,3%) нитроглицерин, валидол, аналгин қолданса, 1-де (3,3%) дәрмектері болмаған, 1 (3,3%) науқас шара қолданбай дәрігер қабылдауына өзі келген.
Артериалды гипертония, гипертониялық кризді науқастардың 6 ауруханаға жатқызылса, 1-і жатудан бас тартты.
Қорытынды. Артериалды гипертонияның кризді ағымының өте жоғары көрсеткіші ең алдымен тиімді нәтижелі антигипертензивті емнің және науқастрадың өзіндік емге жауапкершілігінің жоқтығымен байланысты. Науқастардың 36,6%-де криздің даму себебі түрақсыз ем, 20% -де емнің жоқтығы, ал 16,6%-де нәтижесі төмен дәрмектер алған, тек 26,6%-ті көбіне жиі ангиотензин айналдырушы блокаторларды, диуретиктерді фермент кальций қолданған.
Емханалық кезеңде гипертониялық криздің алдын алу мәселесінің шешімі, артериалдық гипертониясы бар науқастарды артериалдық қысымын өзіндік бақылауға және гипертониялық криз кезінде өзіне көмек көрсетуге оқытып үйрету болуы мүмкін, сонымен қатар ауыр асқынулардың жиілігін төмендетуге, емнің нәтижелілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
- А.К. Джусипов, Ж. Абылайүлы, Т.И. Аманов, К.П. Ошакбаев, Б.У. Абдукаримов и др. Проблемы и пути совершенствования специализированной кардиологической помощи населению Республики Казахстан. / МЗ РК. НИИК и ВБ. Алматы: 2007. 246 с.
- В.С Задионченко., Т.И Белякова. Лечебная тактика при гипертонических кризах Российский кардиологический журнал 1998; 4: 512.
- Laragh's L. Lesson XXV: How to Mechanistically Diagnose and Correctly Treat a Hypertensive Crisis AJH-September 2001; 14: 9: Part.
- О.Б Полосьянц., Е.Г Силина. Фармакотерапия гипертонического криза. Российские аптеки 2003; 11.
- А.Л Верткин., А.В Тополянский. Неотложная помощь при гипертонических кризах. // Неотложная терапия. 2001; 36-42: 81-88.
- А.Н Брюханов., П.Т Лукьяненко., А.С Петрова. Школа гипертоника в поликлинике. //Врач. 1998; 10: 19-20.
- Kyngas H, Lahdenpera T. Compliance of patients with hypertension and associated factors. J Adv Nurs 2005; 29: 832-9.