Қоғамдық өндірістің мүлдем құлдырауына ұласқан экономикадағы дағдарыс Қазақстан Республикасы мен оның аймақтарындағы үдемелі өндіріс процестерінің сыр сипатының бұзылу қырларын ашып көрсетті. Нарықтық жағдайда аймақтық дамудың көптеген процестері мазмұны мен көрініс тауып отыр. Аумақтық шаруашылық жүргізу міндеттері мен проблемалар ең алдымен олардың әлеуметтік – экономикалық жағдайындағы айырмашылықтарға, екіншіден, саяси сипаттағы себептерге байланыста едәуір дәрежеде күрделеніп барады.
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өнділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқандай да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтижесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Үшіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтижеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияны жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.
Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтижесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық танымдылық және басқарушылық болжау.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың аймақтық ерекшеліктеріне ықпал ететін мынадай факторлар бар [13]:
- тұтыну рыногының және өндіріс құралдар рыногының қалыптасуына әсерін тигізетін, сондай-ақ аймақтық үдемелі өндіріс процесінің барлық фазаларына белсенді ықпал ететін климат факторы;
- өндіріс географиясын айқындайтын және жекелеген аймақтық жүйелерде өндіріс шығынына, баға белгілеуге және сұраныс пен ұсыныс тепе-тендігіне ықпал ететін табиғи ресурс факторы;
- тұтыну рыногының ауқымдылығын айқындайтын демографиялық фактор, ақшалай табыстың көлемі мен төлем қабілеті бар сұраныс еңбек жылжымайтын мүлік рыногымен, аймақтың әлеуметтік құрылымымен тікелей байланысты;
- аймақтық экономикалық дамуының мақсатты бағдарын айқындайтын, ресурстарды өндіру мен тұтыну географиясы мен құрылымына, жұмыс орындарының техникалық-экономикалық сипаттамасына және еңбек рыногының құрылымына, республиканың басқа аймақтарымен өзара байланысқа ықпал ететін аймақтың экономикалық құрылым факторы.
Аймақтағы жүйелі реформалардың ең маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып табылады.
Заң бойынша жекешелендіру процесі төрт негізгі бағыт бойынша жүргізіледі [14]: шағын жекешелендіру, жаппай жекешелендіру, жеке жобалар бойынша жекешелендіру және агроөнеркәсіп кешенің жекешелендіру. Нақты нарықтық қатынастар калыптастыру тұрғысынан осы процестің нәтижелігіне деген мүдде шетелдік мүдделермен білдірілуде. "Делойт и Туш" компаниясы Бүкіл дүниежүзілік банк пен Американың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің басшылығымен жүргізілген зерттеу жекешелендірілген объектілерде жұмыспен қамтудың едәуір (20%) ұлғайғанын, жекешелендірілген объектілердің дамуы, инвестициялаудың өскенін (80 процент меншік иелері), жалдамалы жұмысшылар енбек ақысының артқаны (пікірі сұрастырылғандар 80%), мемлекеттік объектілермен салыстырғанда біртектес тауар топтары мен қызмет бағасының кемігенің көрсетті (72%).
Қазақстан Республикасы ҰҒА Экономика институты филиалының қызметкерлері Қазақ тұтыну кооперациясы институтымен бірге жүргізген осындай зерттеу және меншік иелерінің жағдайы оншалықты мәз емес екенін көрсетті. Өйткені олар дағдарысты экономика ақиқаттарына тап болған. Шағын жекешелендіру нәтижелері қаншалықты санқилы және карама кайшы болғанымен, республикада инвестицияланған капиталдың тиімді жұмыс істеуі үшін нақты жауап беретін меншік иелігі тобының қалыптасқанын атап көрсету керек.
Экономист-ғалымдар мен практиктердің бірлескен күш-жігерімен Қазақстан Республикасының аймақтық стратегиясының концепциясы әзірленіп, оны үкімет 1996 жылғы 9 қыркүйекте бекіткен болатын. Бұл концепцияны әзірлеудің алғы шарттарын негіздей келіп, мына жағдайлар ескерілді:
- аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі бойынша, халық тұрмысының деңгейімен сапасы бойынша саралау;
- жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмысқа орналастырудың нақты мүмкіндіктері бойынша аймақтық айырмашылықтар;
- шағын және орташа қалалардың проблемалары және белсенді мемлекеттік қолдау;
- орталық және жергілікті актарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеу жөніндегі қызметтерінің аражігінің айқын ажыратылмауы.
Концепцияда аймақтық саясаттың бағыттары мен артықшылықтары және оны жүзеге асыру механизмі белгіленген.
Жоспарлау басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Жоспарлау белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән (Сурет-1):
- Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағытталған.
- Әртүрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және өзгерістерге бейімделуі қажет.
- Жоспарлау процессі қате істерді болдырмауға және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағытталған.
Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.
Сурет 1. Жоспарлау процесінің негізгі элементтері
Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделеді:
- Жүйелілік;
- Жинақтылық;
- Үйлесімділік;
- Икемділік:
- Ресурс мүмкіндіктерінің шектеліп.
Жүйелілік жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
Жинақтылық жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
Үйлесімділік жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
Икемділік жоспар шешімінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
Ресурс мүмкіндіктерінің шектілігі – колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, коғамдық өндірісін салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек[15]:
- Экономикалық және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
- Атаулы негізде яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
- Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы қажет.
- Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
- Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
- Жоспар көрсеткіші дегеніміз – басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және актарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандық және сапалық; натуралдық және құндың; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік (директивтік) және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтың (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Оралдық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал ө салыс шырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибесі кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі индикативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады [16]:
- Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық ставка және т.б.) мемлекеттің ролі артуда. Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегия сіз мүмкін емес.
- Нарықтық қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика салаларында индикативтік жоспарлауды қолдану қажет (қорғаныс жүйесінде, ғылым және білім саласында). Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.
- Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.
- Қазіргі кезде ұлттық экономиканың интеграциясы мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың ролінің артуына себеп болып тұр.
- Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу үшін макроэкономикалык жоспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
- Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама.
- Жобаланған мерзімге әлеуметтікэкономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.
- Макроэкономикалық саясат
- Қаржылық-несиелік саясат;
- Салықтық-бюджеттік саясат;
- Құрылымдалық саясат.
- Сауда саясаты;
- Баға саясаты;
- Құнды қағаздар нарығының саясаты;
Инвестиция саясаты.
- Экономика секторларын дамыту
- Өнеркәсіп;
- Ауыл шаруашылығы;
- Құрылыс;
- Көлік және байланыс;
- Қаржы саласы;
- Сауда;
- Ғылым және технологиялар.
- Әлеуметтік даму
- Халық, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
- Кедейшілікпен кұрысу және халықты әлеуметтік қорғау;
- Әлеуметтік-экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;
- Білім беру;
- Денсаулық сақтау;
- Мәдениет, спорт және туризм;
- Қоршаған ортаны қорғау.
Сурет-2-те жоспарлаудың мазмұны келтірілген. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданады
Әлеумеггік-экономикалык мақсаттарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалық деңгейді қамтиды.
Сурет 2. Жоспарлау мазмұның схемасы
Стратегиялық, жоспарлау көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
- саланың ағымдағы қал күйіне баға беру;
- жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
- басын қылар;
- SWOT мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
- мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
- стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.
SWOT ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазақ тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Адырбек М. Кеңістік-аумақтық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі. Алматы: Экономика, 2014.
- АҚШ экономикасындағы негізгі үрдістер. http: // www. economy. kz/ kz/ analytics/
- Бизнес-план инвестиционного проекта: Отечественный и зарубежный опыт. Современная практика. Учебно-практ. пособие / ред. В.М. Попов. 5-е изд., перераб. и доп. М., 2001.
- Сагиндиков Е.Н. Государственное стратегическое планирование и прогнозирование: учебное пособие. Астана: Издво ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2013.
- Аубакиров Я.А. Национальная экономика: теоретико-методологические и практические проблемы развития // Сб. науч. тр. – Алматы: Триумф «Т», 2009.