Жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы (ЖИТС) ЖИТС - T- лимфотропты ретровирустар қоздыратын жұқпалы ауру. ЖИТС кезінде адамныц иммундық жүйе қызметі бұзылуының нәтижесінде әр түрлі лимфааденопатиялар, инфекциялар және қатерлі ісіктер пайда болады. 1983 ж. француз ғалымы Л.Монтанье және американ ғалымы Р.Галло бұған дейін белгісіз вирус HIV (Human Immunodeficiency Virus), яғни АИТВ (адамныц иммундық тапшылық вирусы). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүл ауруды AIDS (Acquired Immune Defisiency Syndrome) деп атады. Эр жылдың 1 желтоқсаны Жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромымен күресу күні болып белгіленді. Бұл ауру адамныц жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты емес.
Бүгінде бүл дерт дүние жүзінің 200-ге тарта мемлекетінде тіркеліп отыр, ЖИТС-ті жүқтырғандардың саны - 30 млн-дай, оның 10 млн-дайы ауырып, 6 млн- ы қаза тапқан. ЖИТС ересек адамдарға жыныстық қатынас арқылы, вирус бірден қанға түскенде (әр түрлі инъекциялар жасаған кезде, қан құйғанда, т.б.), сондай-ақ нәрестеге анасы арқылы жұғады. Осының ішінде дерттің 80% жыныстық жолмен беріледі. Адамдар сөйлескенде, сүйіскенде, жөтелгенде, тагам арқылы, қол алысқанда, ортақ ванна, бассейнді пайдаланғанда ЖИТС вирусы жүқпайды. Aypy қоздыратын вирус 55-60°С-та 30 минуттан кейін, сондай-ақ, медицинада қолданылатын дезинфекциялық ерітінділер (мысалы 3% сутектің тотығы; 0,2% натрий хлориды; 70% этил спирті, формалин, эфир, ацетон) әсерінен толық жойылады.
Вирус жұққаннан кейін дерттің инкубациялық кезеңі 2-3 аптадан 3-12 айға дейін созылады. Алғашқы кезде адамның дене температурасы көтеріліп, басы ауырады. Лимфа бездері ісініп, теріде бөртпе шыға бастайды. Адам әлсірейді. 1 - 2 аптадан кейін ауру белгілері жоғала бастайды да, науқас өзін “сауығып” кеткендей сезінеді. Дерттің бүл кезеңін - жасырын сатысы деп атайды. Бұл жағдай бірнеше айдан 3-5 жылға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында мойын, қолтық, шап лимфа бездерінің бір мезгілде ісініп, мөлшері үлғаюы мүмкін. Мұндай адамдар инфекция көзі (инфекция тасушы) ретінде айналасындағы адамдарға қауіпті деп есептеледі. Организмді жайлап алған вирус науқастың иммундық жүйесін біртіндеп әлсірете бастайды да, дерттің екінші сатысына - ассоциацияланған аурулар кешеніне ауысады. Бұл кезде адамның дене температурасы көтеріліп, іші өтеді, жүдейді, түнде қатты терлейді, ұйқышыл келеді. Дерт әбден асқынған кезде тыныс алу, асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің қызметі бүзылып, науқастың терісінде, шырышты қабаттарында, ішкі органдарында қатерлі ісік пайда болады. ЖИТС кезіндегі ауру белгілерін бірден анықтап, клиникалық дәл диагноз қою өте қиын.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген тәсілдер ауру вирусына қарсы пайда болған антиденелердің деңгейін және вирустың өзін, оның бөлшектерін анықтауға негізделген. Бұл дертті емдеу үшін азидотимидин (АЗТ), ставудин, диданозин, невиратин, саквинавир, тағы басқа препараттар қолданылады. ЖИТС-пен сақтанудың әлеуметтік, мемлекеттік, халықаралық, сондай-ақ, жеке адамды қорғауға арналған шаралары бар. Ауруды жүқтырмау үшін аурудың алдын алу шараларына мұқият көңіл болу керек. Олар: салауатты өмір сүру, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылдағанда, олардың вирусқа қарсы тексерілгеніне көз жеткізу, маникюр және педикюр жасайтын аспаптардың стерильденгеніне көз жеткізу.
ЖИТС вирусына қарсы тексерілу үшін Қазақстанда Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарында арнайы лаборатиялар ашылған. Оларда кез келген Қазақстан азаматы анализ тапсырып, толық тексерілуден өтуіне болады. Ондай адамдардың ЖИТС ауруынан тексерілуден өткендігі туралы мәліметтердің құпиялылығы сақталатындығына заң жүзінде кепілдік беріледі.
Бірінші желтоқсан ЖИТС/АИТВ дертіне қарсы күн екені бәрімізге мәлім. Осы орайда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университет!нің бірінші курс студенттері арасында «Жастар ЖИТС/АИТВ дертіне қарсы» атты арнайы шара өткізілген болатын. Шара барысында студенттер өз ойларын, пікірлерін жеткізу мақсатында қабырға газеттерін, дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық мамандығының бірінші курс студенттері өзара студенттер арасында «Біз ЖИТС/АҚТҚ дерті жайлы не білеміз?» атты анкета жүргізген болатын. Жалпы анкетада АИТВ қоздырғышының шығу тарихы, жүғу жолдары және одан сақтану шаралары туралы сүрақтар қойылды.
Аталған іс-шарадан байқағанымыз, барлық бірінші курс студенттері бул дерттің адамзат баласына қауіпті дерт екенін түсіне бермейді екен. Өткізілген анкета нәтижесінде бүл дертгің жұғу жолдарын толығымен білмейтін студенттердің пайыздық көрсеткіші - 27,7/ құраса, ал сақтандыру шараларына немқұрайлы қарайтын студенттердің пайыздық мөлшері -15,9 /құрады. Дерттің адам ағзасында байқалатын негізгі белгілерін, басқа жұқпалы аурулардың белгілерімен қателестірген студенттер де тіркелді.
Біз жастар еліміздің болашағымыз, сондықтан салауатты өмір салтын сақтап, болашаққа нық қадам басайық!!!
Әдебпет:
- Журнал «Отбасы және денсаулық», 2002 Газет «Қазақ әдебиеті». 29.11.2002 ж.
- Котова А. Л., Қудайбергенүлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД - ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым. 2000
- Малый В.П. ВИЧ. СПИД. Жаңашыл медициналық сүратпа. М. 2009 год.