ТҮЙІН
Жумыстың мақсаты. Қуздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қурамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан әсерінен зертеу.
Кілт сөздері: артрит, индометацин, антиоксидантты жүйе.
Қуздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттарды бейстероидты қабы-нуға қарсы дәрілермен емдегенде, әр түрлі жағымсыз әсерлер орын алады. Оның ішінде индометациннің әсерінен пайда болатын гастропатияны келтіруге болады [1]. Бейстероидты қабынуға қарсы препараттардың, оның ішінде аспириннің жағымсыз әсерінен пайда болатын жалақ және ойық жараның пайда болу мүмкіншілігі 4,8±0,5 болса, индометациннің әсерінен пайда болу мүмкіншілігі 8,0±0,1 тең болады. Индометациннің ішек-қарында уытты көрсеткіші 2,39±0,34 теңелсе, аспириннің әсерінен бүл көрсеткіш 1,18±0,18 тең болады [2,3]. И.В.Козлова және оның әріптестері остеоартрозбен ауыратын сырқаттар-ды бейстероидты қабынуға қарсы препараттармен емдегенде гастропатиялық синдром барлық науқастарда бірдей кездеспейтінін дәлелдеген. Олардың ішінде 72%-ында гастропатия байқалған, 7,8%-ында ойық жара орын алған [4].
Зерттеу әдістері: Қан плазмасындағы липидтердің антирадикалды (АРБ) Орманов Н.Ж.,[5] антитотықтырғыш белсенділігі (АТБ) Спектор Е.Б.[6], және Арутюнян А.В., [7]әдістерімен
жүргізілді. Токоферолдың (ТК) қан эритроциттеріндегі мөлшері Рудакова-Шилина Н.К., [8] түрлендірілген әдісімен, сульфгидрильді (SH)-to6bi спектрофотометриялық әдіспен анықталды [9]. Қан қүрамындағы супероксиддисмутаза (СОД) [10], глутатионпероксидаза (ГП), глутатионредуктазаның (ГР), каталазаның белсенділіктері Моин В.М.[11], Зайцев В.Г.[12], Королюк М.А. т.б. [13] әдістерімен анықталды.
Зертеу нәтижелері: Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі супероксиддисмутазаның белсенділігі индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі деңгейде өзгерді (кесте-1).
Бүл сырқаттар қанының эритроциттері қүрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің жалпы орташа көрсеткіші 49,9±2,5 шартты белгіге тең болса, бүл ферменттің индометацинге «төзімді» топтағы көрсеткіші жалпы топтың деңгейінде сақталды, «сезімтал» топта 15,1 %-ға, «өте сезімтал» топта 68%-ға кеміді (кесте-1).
Сырқаттар қанының эритроциттеріндегі антирадикалды және антито-тықтырғыш белсенділіктері индометацинге «төзімді» топта жалпы топпен салыстырғанда өзгеріссіз болса, индометацинге «сезімтал» тобында антирадикалды белсенділік 16,2% азайды, ал антитотықтырғыш белсенділік парықты өзгермеді, «өте сезімтал» тобында олар 1,7-1,5 еседен астам сәйкес азайды.
Жүмыстың мақсаты бойынша қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы антитотықтырғыш жүйесінің көрсеткішері индометацинді сынақтан кейін де анықталды. Индометацинді сынақтан соң сырқаттар қанындағы супероксиддис-мутаза белсенділігі индометацинге «төзімді» тобында болмыстық көрсеткішінен 22,2%-ға көтерілді, «сезімтал» топта 17,5%-ға, «өте сезімтал» топта 35,7%-ға азайды.
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының қүрамындағы супероксиддисмутаза белсенділігінің индометацинді сынақтан соң науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты әр түрлі бағытта өзгеретінін көрсетті. Индометацинге «төзімді» топтағы сырқаттарда бүл ферменттің деңгейі индометацинді сынақтан соң жоғарыласа, индометацинге сезімтал топтарындағы сырқаттарда керісінше төмендеді.
1-ші - Қүздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанынының ферменттік антиоксиданттық жүйесінің индометацинді сынақтан кейін өзгерісгері (in vivo).
Көрсеткіштер |
Топтар |
||||
Жалпы (n=68) |
төзімді (n=51) |
сезімтал(п=11) |
өте сезімтал(п=6) |
||
ИТК (шб) |
0,91±0,03** |
1,01±0,06* |
0,65±0,02** |
0,56±0,02** |
|
СОД (шб 103/1,0 мл.эр.масса |
1 2 |
49,9±2,6 59,1±2,0 |
54,1±2,1 66,1±1,9** |
42,4±1,6* 35,0±1,0** |
29,7±1,1* 19,1±0,6** |
АРБ (шб) |
1 2 |
42,1±2,4 48,3±2,7 |
45,0±1,3 56,2±1,6** |
35,3±1,0* 29,1±0,8** |
24,7±1,2* 16,7±0,7** |
АТБ (шб) |
1 2 |
23,8±1,6 27,2±1,4 |
25,3±1,1 30,3±1,2** |
24,4±0,8 19,1±0,8** |
16,3±1,0* 10,5±0,4** |
ДК/АРБ (шб) |
|||||
СОД - супероксиддисмутаза; АРБ- антирадикалды белсенділік;АТБ- антито- тықтырғыш белсенділік; 1- сынаққа дейінгі көрсеткіш; 2-сынақтан кейінгі көрсеткіш; *р<0,05- жалпы топпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; **р<0,05 - сынаққа дейінгі көрсеткішпен салыстырғандағы нақты көрсеткіш; |
Индометацинге «төзімді» тобындағы науқастар қанының плазмасындағы антирадикалды, антитотықтырғыш белсенділіктері индометацинді сынақтан соң болмыстық көрсеткішіне қарағанда 24,8%-ға, 19,7%-ға сәйкес өсті, «сезімтал» тобында 17,6%-ға, 21,6%-ға сәйкес азайды, «өте сезімтал» тобында 32,4%-ға, 23,4%-ға сәйкес төмендеді (сурет-1).
Сонымен, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер құздама тәріздес артритпен ауыратын сырқаттар қанының плазмасындағы антирадикалды және антитотықтырғыш белсенділіктерінің деңгейі науқастардың индометацинге сезімталдығына байланысты, олар индометацинді сынақтаң соң ол әр түрлі бағытта өзгерді. «Төзімді» топта оның деңгейі индометацинді сынақтаң соң жоғарыласа, индометацинге «өте сезімтал» сырқаттардың қан плазмасында төмендеді және ең кіші мәні «өте сезімтал» топтағы науқастарға тән болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Новые подходы к прогнозированию риска развития гастропатий, индуцированных нестероидными противовоспалительными средствами//Зиганшина Л.Е., Султанова А.Ф., Хазиахметова В.Н., Валеева И.Х., Зиганшин А.У.//Экспериментальная и клиническая фармакология.- 2002.- Том 65.- №2. -C.49-52.
- Лапина Т.Л. Гастропатии, индуцированные нестероидными противовоспалитель-ными препаратами: клиническое значение, лечение, профилактика //Consilium medicum.-2001.-T.3.-№9- С.438-442.
- Насонов Е.Л., Каратеев А.Е. Гастропатия, связанная с приемом НПВП // Клиническая медицина.- 2000.-№4.-С.4-7.
- Козлова И.В., Липатова Т.Е., Кветной И.М. Гастропатия, индуцированная нестероидными противовоспалительными препаратами, у больных остеартрозом, роль некоторых факторов диффузной эндокринной системы желудка в ее возникновении // РЖГГК.- 2006.- №1.- С. 47-53.
- Спектор Е.Б., Аненко А.А., Политова Л.Р. Определение общей АОА плазмы крови и ликвора // Лабораторное дело. - 1984.- № 1. - С. 26-28.
- Рудакова-Шилина Н.К., Матюхова Н.П. Оценка антиоксидантной системыорганизма // Лабораторное дело. - 1982.- № 1. - С. 19-21.
- Торчинский Ю. Сера в белках. - М., 1977. - С. 118-140.
- Чумаков В.Н., Осинская Л.Ф. Количественный метод определения активности цинк-медь- зависимой супероксиддисмутазы в биологическом материале// Вопросы мед.химии.-1977.-№5.- С.712-716.
- Моин В.М. Простой и специфический метод определения активности глутатион пероксидазы в эритроцитах// Лабораторное дело. -1986.-№12.-С.725- 728.