Тарих

Мақалада Шəкəрім Құдайбердіұлының ғылым туралы ой-толғамдары сараланды. Ойшыл көтерген «затшылдық ғылым» түсінігінің мəні тарихи-философиялық контексте талданды. Оның қазіргі замандағы   мəн-маңызы   мен   өзіндік   сипаты   бағамдалды.   Шəкəрім   Құдайбердіұлы     көрсеткен «затшылдық ғылымға» тəн басты сипаттар айқындалған.
2012

Мақалада Гарри Трумэн əкімшілігі тұсындағы Жапония мен АҚШ арасындағы əскери-саяси қарым- қатынастардың қалыптасуы қарастырылған. Автор бұл саясатта теориялық негіз болған «коммунизмді тежеу» деп аталған АҚШ-тың сыртқы саяси доктринасына тоқталған. Сонымен қатар Жапония мен АҚШ-тың əскери-саяси одақты орнатуға бағытталған басты құқықтық негізі мен бірлескен əрекеттері жан-жақты зерттелген.
2012

Мақалада түрк этнолингвистикалық «шағатай» терминінің шығу тегі тарихын анықтаған ресейлік түркітанушылардың мəліметтері зерттелді. Ресейлік түркітанудың негізін салған жетекші мамандардың зерттеулер нəтижелері талданды. Сондай-ақ отандық шығыстану тарихы үшін аталмыш тақырыптың зерттеудегі мəселелері мен болашағы анық қойылған.
2012

Мақалада ғылым жəне тəжірибедегі əлеуметтік педагог қызметінің психологиялық негізі мен мазмұны қарастырылды. Əлеуметтік педагогика қызметінің негізінде кəсіби қызметті қамтамасыз ететін қағидалар айқындалды. «Психикалық» жəне «психологиялық» ұғымдарының əлеуметтік педагог қызметіндегі алатын орны анықталды. Педагогика ғылымындағы əлеуметтiк-педагогикалық компонент мəнiнiң қазiргi анықтамасы баяндалды. Психоəлеуметтік жұмысының мазмұны, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдердің нақты социум жағдайындағы білім алуы, тəрбиесі, дамуы мен өзін-өзі жетілдіру сұрақтарының мəні ашылды. Түбегейлi орын əлеуметтiк-педагогикалық қызметiнің ғылым жəне нақты тəжiрибедегі ерекшелiгiн, құрылымын, бағыттарын қарастыруға берілген.
2012

Қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілі, Қоқан автономиясының тұңғыш Премьер-министрі, зерттеуші-тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі бейнеленген. Оның темір жол құрылысы мен пайдаланылуы саласындағы ірі маман ретіндегі Түрксіб құрылысына, Қазақстанның алғашқы астаналарын техникалық жағынан абаттандыруға, республиканың ірі қалаларының қалыпты қызмет атқаруы үшін өмірлік маңызды байланыс тараптарын жүргізуге қосқан үлесі суреттелген. Оның тарих, этнография, əдебиет ғалымдарының, қазақ халқы мəденитінің өзекті мəселелерді түбегейлі зерттелген шығармаларына көңіл бөлінген.
2012

Мақалада Алашорданың көрнекті өкілі — Телжан Шонановтың өмірі мен қызметіне  назар аударылған. Ол өз уақытының білімді адамдарының бірі болғандығы жөнінде баса айтылған. Оның тарихтың, əдебиеттің, тілдің, жағрафияның, педагогиканың өзекті мəселелері қызықтыратын ғалым- энциклопедист ретіндегі тұлғасына сипаттама берілген. Алашордашылар қатарындағы қоғамдық- саяси қызметімен қатар, оның өткен ғасырдың 20–30-жылдары отандық ғылым мен ағарту білімінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі айрықша бөлініп көрсетілген. Оның аграрлық саясаттың əр түрлі тұстарымен жəне ең алдымен Патшалы Ресей мен бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанның жер саясатымен байланысты тарихи зерттеулерінің маңызы ашылған. Сол кездегі уақыт талабынан туындайтын елдің оқу орындарына арнап білімнің əр түрлі салалары бойынша жазылған оқулықтарды, оқу жəне əдістемелік құралдарды жариялаумен байланысты сан қырлы қызметіне баға берілген.
2012

Мақала Қазақстан тарихындағы əлі күнге дейін зерттелмеген тақырыптардың бірі — отандық шығыстану жəне арабтануға арналған. Қазіргі таңда елімізде шығыстану ғылымының іргесін кеңейтіп, жас ізденушілердің араб əдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру маңызды. Елімізде шығыстанудың туын берік ұстап өзге де мемлекеттердегі шығыстанушылармен қатар тұрған ғалымдарымыз баршылық. Осы сала бойынша алдыға қойылған негізгі мақсат — шығыстану ғылымы, оның ішінде арабтанушылардың еңбектерімен танысып, оларды жалпы оқырман қауымға жеткізу.
2013

Мақалада Кеңес дəуірінде Ресейдің Қазақстанды отарлауы философиядағы «төл сана» жəне «бөгде сана» ұғымдары арқылы көрсетілген. Отарлау басқаның жерін басып алумен, саяси-əкімшілік билікті өзгертумен шектелмейтіні тарихтан белгілі. Отарлаушылар отарлаған елдерін өздеріне қарсы бас көтертпеу үшін бірінші кезекте халықтың елдік санасын, ұлттық намысын жоюға, бодан елдің төл санасына қатыстылардың барлығын бөгде сана арқылы тоз-тозын шығарып бұзуға, халықтың тарихи- мəдени жадын ұмыттырып мəңгүрттендіруге тырысады. Отарлаушыларға тəн бұл сипатты қазақ елін Ресейдің отарлау саясатынан көруге болады.
2013

Алаш партиясы көшбасшыларының бірі Хайретдин Болғанбаевтың өмірі мен қызметі бейнеленген. Оның жалынды журналист жəне ағартушы болғаны, сондай-ақ көптеген мақалалары ағартушылық бағыттағы «Қазақ» газетінде жəне Түркістан зиялыларының «Бірлік туы» газетінде жарияланып тұрғаны көрсетілген. Оның осы баспалармен белсенді араласқаны жəне Ташкент, Ақмола мен Қызылжар қалаларында халыққа білім беру жүйесінде қызмет атқарғаны айтылған. Оның ар жəне ождан адамы болғаны, сондықтан тоталитаризмге қарсы шығып отырғаны, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жағына шыққаны кездейсоқ емес екендігі негізделген. Екі мəрте қуғындалғаны: 1928 жылы Батыс Сібірге жер аударылғаны, ал 1937 жылы атылғаны  көрсетілген. Зерттеуші-ғалымдарға Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Хайретдин Болғанбаевтың шығармашылық мұрасын зерттеп насихаттауға бағытталған ұсыныс-тілек айтылған.
2013

Жиырмасыншы ғасырдың көрнекті қайраткері, ірі ғалым-ағартушы Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі бейнеленген. Оның 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін өз халқының болашағы үшін асқан құлшыныспен саяси күреске қатысуы суреттелген. Оның əскери жасақ құру, жастарды банк ісіне үйрету, республикада баспа ісін дамыту жолындағы қызметтеріне баға берілген. Халелдің жиырмасыншы жылдардағы ғылыми-ағартушылық қызметі, Ташкенттегі жəне Түркістан өлкесіндегі ағартушылық жəне педагогикалық жұмысы ашылып көрсетілген. Оның халықтың ауыз əдебиеті өнерін толықтырып жинастыруға қосқан үлесі айрықша көрсетілген. Тарих жəне этнография бойынша ғылыми еңбектерінің маңызына көңіл бөлінген. Өткен ғасырдағы қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы озық бөлігінің өкілі ретіндегі рөлі айқындалған. Х.Досмұхамедұлына қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру бойынша іс-шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде қорытынды жасалған.
2013

Мақалада қазақ-жоңғар қарым-қатынастарының кеңестік кезеңдегі мəселесі қарастырылды. Екі ел аралық қатынастарға қатысты тарихи құжаттар мен дереккөздерге талдау жасалды. Сонымен қатар аталмыш мəселесі бойынша монғолтанушылардың еңбектері талқыланды. Қазақ-жоңғар қарым- қатынастарының тарихнамалық аспектісіне көптеген зерттеушілер назар аударған, бірақ олардың негізгі бақылаулары бірнеше еңбектерде шашыраңқы көрсетілген. Авторлар шығармаларға баға беріп, тарихнамалық талдауға ұшырамаған үрдістерді қайта жасауға тырысқан.
2013

Мақалада жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары қарастырылды. Ойлау өнерінің бірінші заңдылығы ретінде ұлттық сананың білім мазмұнымен өсу-өркендеу жолдарын табу мəселесіне басымдық берілді. Екінші заңдылық білім мазмұны мен оқыту мазмұнына жаңа философиялық көзқараспен зерделеу ұсынылды. Аталып өткен тұжырымдарды іске асырудың индикаторлары мен өлшемдіктері құрылған. Бұл білім мазмұнының ішкі құндылығын анықтауға ненің басты, ненің қосымша екендігін жіктеуге қозғаушы күш болатыны белгіленді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.