Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шəкəрім дүниетанымындағы затшылдық ғылым дегеніміз не?

Затшылдық ғылым деген не? Затшылдық ғылымға қандай ғылымды жатқызамыз? Міне, бұл сұрақтар Шəкəрім шығармаларымен кеңірек танысқан адамның алдынан шығатын заңды сұрақтар. Себебі Шəкəрім затшылдық деп оған аса мəн бере, əрі сақтықпен қараған. Айта кету керек, Шəкəрім затшылдық ғылымның қағидаларын дұрыс деп танымаған, оны, керісінше, сынға алған. Ойшылдың затшылдық ғылым жайындағы пікірлері негізінен оның «Үш анық» философиялық трактатында жүйеленеді.

Шəкəрім шығармаларын басынан соңына дейін оқып отырғанда біз үнемі оның белгілі бір дүниетанымдық сұрақтардың айналасында ой қозғайтындығын аңғарамыз. Оның өлеңдері не осы сұрақтардың қойылуынан немесе оған берген ойшылдың жауаптарымен мазмұндалады. Шəкəрім өзінің философиялық трактаты «Үш анықта» да əлгі сұрақтардың айналасында ізденуді басты мақсат тұтады.

Шəкəрім тек қазақ философиясына ғана тəн емес бүкіл адамзаттың əлі күнге дейінгі маңызды болып келе жатқан, кеңістігі ауқымды сұрақтарды көтереді. Оның көтерген философиялық, дүниетанымдық мəселелері тұтастай адамзаттың өмірін қамтитын сұрақ болғандықтан, ойшылдың дүниетанымы да белгілі бір ұлттың немесе халықтың дүниетанымының аясында шектелмей бүкіл адамзаттық деңгейге ұласып жатады. Ол қандай сұрақтар еді?

Шəкəрімнің өмір бойы рухани ізденісінің тірегі болған сұрақтар адамзат баласының жəне мына тіршілік əлемінің қайдан жаратылғандығы, өлген соң оның қайда барып оралатындығы, сонымен қатар енді осы екеуінің арасындағы уақыт адамның ғұмырының мақсаты неде екендігі туралы болып келеді. Міне, бұл сұрақтар Шəкəрімнің философиялық дүниетанымының ең басты сұрақтары болып саналады. Ол бар ғұмырын осы сұрақтардың шешуін іздеу үшін ғылым жолында сарп еткен. Əр адам өз өміріне оның мақсатының неде екендігін ойланғанда аталмыш сұрақтар оның алдынан шығуы тиіс. Бұл сұрақтар тек Шəкəрімнің сұрақтары емес, ойшыл бұл мəселелерге қарапайым адаммен салыстырғанда ғылыми тұрғыдан келген. Басты мəселе Шəкəрімнің мақсатында  болып отыр. Біз, гуманитарлық сала мамандары немесе философия саласының мамандары, бұл сұраққа жиі кезігеміз. Бізден Шəкəрімнің айырмашылығы сонда, ол бұл сұрақтардың айналасында ізденгенде басқаша мақсат қояды. Мəселен, қазіргі ғылым саласындағы біздер аталмыш мəселелер туралы ізденгенде дəріс оқу үшін немесе мақала жазу үшін, ал студенттер қауымы болса семинар сабақтарына жауап беру үшін, емтихан тапсыру үшін ізденеді. Біздің, ізденісіміз осы мақсаттарға қол жеткізгенде тоқтап қала беруі мүмкін. Ал «Шəкəрім не үшін ізденді?» деген сұрақ туындайды. Оның мақсұты алыс. Ол бұл сұрақтарды өмірінің соңғы сəтіне дейін ойланып, ізденіс жасап өтті. Оның мақсаты біздікімен салыстырғанда терең, əрі онда бір жанкештілік байқалмайды ма. Шəкəрімнің ойшыл ретіндегі бір ерекшелігі осында.

Шəкəрім келдім қайдан, барам қайда дегенде ол жан туралы айтып отырғандығын ескеруіміз керек. Өйткені адам осы дүниеге келгенде оның жаны денеге енеді, кетерде денені тастап кетеді. Дене осы дүниенікі. Ал келіп кету жанның ісі. Сондықтан бар құпия жанның жұмбағына келіп тіреледі. Бізді келген жағымызбен жəне қайтатын жағымызбен байланыстыратын осы — жан. Сондықтан ол жақты тану үшін жан туралы ойланған дұрыс.

Шəкəрім түсінген басты ақиқат адам баласы үшін мына фəни дүниесі бұрыннан бар болып табылмайды. Мəселе оның бұған келгендігінде жəне кететіндігінде болып тұр. Ендігі мəселе Шəкəрім үшін адам баласының қайдан келгендігінде жəне қайда баратындығында. Яғни, Шəкəрім  бұл дүниенің сұрақтарынан шығып кетіп, бұған дейінгі жəне бұдан кейінгі мəселе туралы қозғап отыр. Сонда адамның тұрақты мекені, немесе үйі, қайда? Шəкəрім сол жағын ойланып отыр.  Ол бұл туралы «Қайтқан шал» өлеңінде де тағы да ой қозғайды. Бұл дүниені осы өлеңінде ойшыл сан алуан керуендер келіп-кетіп жатқан кең сарайға теңеп, өзінің шын үйінің қайда екендігі туралы ойланады. Шəкəрім дүниенің негізіндегі бастапқы заңдылықтарды, гармонияны тану, білу адам үшін негізгі міндет деп санайды. «Ол түп себептің білім құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нəрсесіне қарасаңыз да мақсұтсыз, керексіз жаралған емес. Бəрін айтпай- ақ өз көзіңіз де ойлаңыз, құлақ, мұрын, ауыз сияқты мүшеңіз, мақсұтпен жаралғанын көресіз. Ғылым жолымен өсімдік ағаштардың тамыры, өзегі, қабығы, жапырағы, гүлі сияқтылардың бір де бірі бұл мақсұтсыз деп айта алмайсыз. Бұлар нені көрсетеді? Түп себептің бүйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, құдірет шеберлігінде өлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бəрін істеп шығарып тұрған түк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мұндай мақсұт, білім, ерік, гармония тартып жарасым таңдау, жоғарылау шыға алмайды», — дейді Шəкəрім «Үш анықта».

Біз «Үш анықтағы» затшылдық ғылым ұстанымдары турасындағы Шəкəрімнің көзқарастарына тоқталмас бұрын оның затшылдық ғылымды өз өлеңдерінде «пəн» деп атағандығына оқырман назарын аудара кеткенді жөн көріп отырмыз. Шəкəрім осы «пəн» ұғымы арқылы затшылдық ғылым турасындағы өз көзқарастарын білдіріп отырады. «Пəн» ұғымы — Шəкəрім шығармашылығында, əсіресе өлеңдерінде өте жиі кездесетін ұғымдардың бірі. Пəнге байланысты ойышыл келесідей ойлар айтқан: Пəнші мен дінші тыңдамас, жиреніп мұны ұнамас. Өйткені олар бір езу, əдетін тастап шыдамас», «Пəн мен дін деп қор болар, ойында өзі зор болар. Ноқтадан басын ала алмас, жетекші айуан сол болар [1]. «Күн аязда терезеге...» деп басталатын өлеңінде Шала дін мен қате пəннің соңына ерме, шынға ер» десе, «Қасыңа қылыш қайтарқан...», — деп басталатын өлеңінде: Ойы кем, сөзге шешендер. Денешіл, пəншіл кеселдер — дейді. Осы өлеңінде Шəкəрім тағы да Пəн айтты ғой деп сенбе деген ойларға барады [1; 180]. Жан жолдан қосылды деп пəн де, дін де, ақылды байлап қойған соған мүлде, — деп олардың адасқанын айтса, ал «Тура жолда қайғы тұрмас» атты өлеңінде Шəкəрім Шынды таптым, қайғы басты. Шын сырымды айтайын. Дін де, пəн де қатты адасты, дау сабасты барқырап, — деп пəнді тағы бір түйреп өтеді [2].

Міне, осы тəрізді «пəнге» байланысты Шəкəрімнің ойларын тізбектей берсек толып жатыр.

Адасып діншіл азғанын, Пəншілдер ғылым қазғанын, Философ ойшыл жазғанын, Сынауға енді бұрдым бас — деп, Шəкəрім өзі айтып өткендей, осы пəншілерге үнемі сыни көзқараспен қараған [1;67]. Шəкəрім философтардың ішінде де пəншілер бар екенін айтып отыр.

Жоғарыда біз пəн мен затшылдық ғылым екеуі үндес деп айтып өттік. Осы пəн жайындағы Шəкəрімнің негізгі ойын түсіну үшін затшылдық ғылым тарихы жəне оның негізгі  қағидалары туралы мəселеге назар аударған жөн деп ойлаймыз. Затшылдық ғылым дүниенің түпкі бастамасы туралы сұрақтың айналасында адамзат баласының жасаған ізденісінің нəтижесінде пайда болып, дамып келеді. Бұл турасында Шəкəрім «Үш анық» трактатында түпкі жаратушыны іздеуде екі жолдың бар екендігін айтып өткенін үш анық туралы жазғанда айтқан болатынбыз. Олардың бірі түп жаратушы бар деген пайғамбарлар болса, екіншісі түпкі жаратушы жоқ, əлем өз бетінен жаралып, дамып жатыр, оны былай қылайын деген ие жоқ деп түсіндіретін затшылдық ғылым. Затшылдық ғылым осы екінші бағытты ұстанатындардың жолы болып саналады. «Үш анықта» бұл жайында ол: Енді біліп жаратқан ие де жоқ, өлген соң өмір де жоқ деген жолдың түбінде осы барлық əлем неден бар болды деген ойдан шыққаны төменгі сөзден мəлім болды. Ескі заманның білімділері əр нəрсенің негізгі түпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нəрсенің негізі төрт нəрсе деп білген. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол төрт нəрсенің əр біреуі əлденеше негізден жаралғанын таба-таба жақынырақ кезде түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Əр дененің көзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ұсақтаса да ақырында тіпті бөлуге келмейтін болады. Сол бөлінуге келмейтін түп негіздердің  атын европаша атом деп атады, — деп жазды [3]. Бұл жерде Шəкəрімнің дүниенің түп негізі су, от, ауа деген грек ойшылдары, Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимен жəне дүниенің бастамасы от деп таныған Гераклиттің философиясы жайында айтып отыр. Кейін, Демокриттің атомдар туралы ілімі пайда болып, алғаш рет дүниені құраушы ең ұсақ бөлшек атомдар екені мəлім болды. Шəкəрім ол жайында: ...Гректің Эпикур, Демокрит деген білімділері сол атомды дəлел қылып, барлық əлем атомнан өршіп, жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды — деп жазып, затшылдық ғылымның алғаш қалай жүйеге түскендігін аңғартқысы келеді [3; 21].

Ойшыл затшылдық ғылымның əрі қарай даму тарихын да жіліктеп береді. Жоғарыдағы ойын Шəкəрім əрі қарай былайша сабақтайды: Соңғы кезде Европаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур, Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасында сол ойдың жайылуына себеп болды. Жəне атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір күшті дəлел табылды. Ол əр нəрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы.  Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мұны алғаш тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы. 17 ғасырда алманың үзіліп жерге түскенінен ойлап тапқан. Бұл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ұғымдырақ айтсақ, əлемдегі бар нəрсенің негізгі сексен түрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі өсіп, өзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп əрқайсысын əр бөлек жаратып жатқан ие жоқ жəне жан деген өз алдына бір нəрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы, өзгерістерінен шыққан сипат [3; 21].

Сонымен, Шəкəрімнің ойынша, грек жерінен бастау алып, ХVІІ ғасыр Еуропада өрлеген затшылдық ғылым тек дүниенің түпкі себебі жаратушыда емес екендігін айтып қоймай, атомдар өзгерісінен шыққан сипат деп жан туралы да өздерінің ұстанымдарын көрсеткен. Затшылдық ғылым өрлей келе, атомдардың да электрондар мен нейтрондарға бөлінентінін ашады. Сөйтіп, жоғарыдағы сексен шамалы негіздің түп негізі нұр, жарық болған дейді. Енді олар жарықтың жылдамдығын өлшеп, əлемнің механикалық заңдарын аша бастайды.

Міне, бұл затшылдық ғылымның даму тарихы. Шəкəрім затшылдық ғылым қанша себептерді қазса да соңғы себеп өздігінен бола алмайтындығын түсіну керек дейді. Бұны жазғандағы мақсұтым білінген əлемге қарағанда, білінбегендердің есеп өлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім», — дейді Шəкəрім. «Жоғарыдағы айтылған барлықтың бəрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген жол əлдеқашаннан айтылып келе жатса да, əсіресе 17–19 жүз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішінде көбірек жайылды, — деп Шəкəрім осы затшылдық ғылымның дəлелдерінің күштірек дегендерінен төмендегідей мысалдар келтіреді [3; 22]. Затшылдық ғылымдардың қанат жайып дамуындағы ұстанымдар төмендегідей (қысқартып береміз. — Б.Р.):

  1. Қайта айналыс жолы. Барлық дененің түп себебі — бұрыннан бар қуатты дене атом. Əр нəрсені өсіп өндіретін сол дүниеде еш нəрсе жоғалмайды, бірақ өзгереді. Заттар қатты, сұйық, газдар болып үш түрге түседі. Осылайша заттар бір күйден екінші күйге ауысып, өзгеріп отырады. Адам да өлген соң сезім кетіп, еш нəрсе сезбейді. Осы заңдылық бойынша алмасып отырады.
  2. Жаратылыс жолы. Мұқым барлықтың бəрін бар қылып тұрған — жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сөз, ол жаратылыс жолы осы жаратылғандардың өзінен бөлек нəрсе емес. Осыдан бөлінбейтін заң барлықтың бəрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр (философ Литерие сөзі).
  3. Тұқымдастық жолы. Құрғақтағы хайуандар, адамдар, өсімдіктер, құстар — бəрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуандары, өсімдіктері құрғаққа шыққан. Жер жүзіндегі өсетіндердің, жандылардың бəрі басында су хайуаны. Сондықтан бұларды бөлек-бөлек жаратқан ие жоқ дейді (Маиеннің сөзі) (Дарвиннің ілімі осы қағиданы ұстанғанын еске саламыз. — Б.Р.).
  4. Дене сезімі. Біз əр нəрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бəрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын көріп, біліп тұрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бұл жаратылыс себептерінің түк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді құдірет бар болғаннан соң бұл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді (Бюнхер сөзі).
  1. Əр түрлілік. Барлық дүниеге қарасаң тасы, ағашы басқа өсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті біріне-бірі ұқсамайды. Бұл нені көрсетеді? Бұл əр нəрсе қалай болса солай кезі келгендіктен, себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мəлім дейді (Демокрит сөзі) [3; 22,23].

Жоғарыдағы жаратушы жоқ деген затшылдық ғылым жүйелерінің дəлелдері осы. Бірақ, Шəкəрімнің ойынша, Еуропада ХІХ ғасырда затшылдық ғылым аша алмайтын, түсіндіре алмайтын құбылыстарды куəландырған телепатия, спиритуализм, магнетизм деген ағымдар болған. Бұлар дүниенің астарында басқа бір құбылыстардың, күштердің бар екендігіне адамдарды тəжірибелер арқылы куəландырған. Кейін затшылдық ғылым жолдағылардың біразы осы күшті мойындап, олардың тəжірибелеріне өздері де аң-таң болған. Бұған байланысты дəлелдерді Шəкəрім «Үш анығында» көптеп келтіреді. Біз оған тоқталып жаптаймыз.

Сонымен, Шəкəрімнің затшылдық ғылым тарихынан көрсеткен мəліметтеріне қарап тоқтам жасауға болады. Ол тоқтам затшылдық ғылымның басты ұстанымы — бұл жаратушынының хақ екендігін терістеу. Олар заттар əлемінің заңдарына сүйенеді. Пəн дегеніміздің өзі осы. Бұл құдай жоқ дегендердің ілімі. Кезінде жетпіс жылдан астам біздің санамызға билік жүргізіп келген марксистер насихаттаған Маркстің, Лениннің, Энгельстің көзқарастары да, метафизиканы жоқ деп танытуға тырысқан, заттар əлемін ғана мойындауға шақырған позитивизм де, əлі күнге дейін жаратылыстану ғылымдары ту қылып ұстап келе жатқан Дарвиннің эволюциялық теория жайындағы ілімі де, Шəкəрімнің дүниетанымдық түсінігімен қарасақ, пəншілдер іліміне жатады. Яғни, бұлар «пəн» болып саналады.

Шəкəрім үшін затшылдық ғылым мен пəннің не екенін осылай түсіндірер едік. Бұларға тəн Шəкəрім сынға алған ең негізгі ұстаным бар. Олар: 1) Құдайды, жаратушыны жоқ деп тану. 2) Жанды жолдан қосылды деп тану, жанды мойындамау, жанның денелерді жаратушы  екендігін түсінбеу. Бұған жанның қабілеттері мен тілеуіне, азығына сенбеу де кіреді.

Енді Шəкəрімнің осы турасындағы көзқарасына тоқталсақ. Шəкəрім құдайды бар деп жүрген діншіл молдалардың да құдай болмысын дəлелдеуде біржақты кететіндерін жиі айтады. Шəкəрім пəншілдерге құдайды мойындамағандықтан, молдаларды оларға қарсы қойған екен деп түсінбеу керек. Молдалар да «көрініске шоқынған, көр сопы бізді не қылсын» дегендей, құдай болмысын дəлелдеуде көрініс қуып, тəуіліне ғылымы шақ (Абай) болып жүр.

Молдалардан дін сұрасаң,

Сандырақтар сандалар.

Пəншілермен бас құрасаң,

Жан, құдай жоқ, дер тұрақ.

Біз хақиқат елегіне

Осы екеуін елесек.

Түкке тұрмас керегіңе,

Екеуі де қалжырақ.

Пəнші дейді: «Қайда тəңірі?»

Дінші дейді: «Менде тұр!».

Екеуі де сөзге нанды,

Таза ақылдан жоқ сұрақ.

Пəнші нанды бес сезімге

Дінші адасты жолынан

. Сал ақылға, дұрысы не?

Дəлелін тап жақсырақ [2; 204,205].

Шəкəрімнің ойынша, жаратушы жайындағы сұраққа қалай болса солай қарауға болмайды. Жаралыстың жұмбағы өлшеусіз, адамның білдім дегені, білмедім дегенге есеп. Жаратушыны тану үшін жанды таны деген қағида ұсынады Шəкəрім. «Шынды білмек ойласаң сен, алдыменен жанды біл», — дейді Шəкəрім [1; 272]. Немесе «Жанға көнсем, жан иесі — тəңірге де көнгенім», — деп ойын түптей түседі [1; 274]. Жанға сенбеу жан иесі жаратушыға да сенбеуге əкеледі. Осы мəселеде «пəннің» қатарына Шəкəрім психологияны да жатқызған.

«Жаным жоқ», — деп болады масқара адам.

Жалам емес, жазыпты пəн деп мұны,

Не демес ойы жетпей сасқан адам.

Жанының бастан барын байқамапты,

Психолог ғылымын ашқан адам [1; 210].

Затшылдық ғылым, пəн жайында Шəкəрім оларды дəһрилер деп атаған. Ойымыз дəлелді болу үшін оның өз пікірін келтірейік: «Дүние бұрын бар нəрседен жаралады десең, оны бар қылатұғын бір ие керек. Егер иесіз өзі бар болды десең, онда дəһри деген əр діннің сөзі сықылды бір теріс ақымақтық болады. Дəһрилер дүние өздігінен бар болып, ескірген сайын бір нəрседен бір нəрсе жаралады дейді. Бұл тіпті теріс жол», — деп жазды Шəкəрім [4]. Дəһрилер — құдай жоқ, дүние өздігінен дейтіндер. Осылайша Шəкəрім затшыл ғалымды, пəншілерді дəһрилер деп атаған. Абай атамыздың да осы түсінік аясында бір өлеңінде:

Күні-түні ойымда бір-ақ Тəңірі,

Өзіңе құмар қылған соның əмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нəрсенің бəрі — дəһрі,

деп өтетіні бар [5]. Оймен білген деп затшылдық ғылымның танымын айтып отыр. Жаратушыға дəһрилер арқылы жете алмаймыз деп отырған жоқ па. Халиққа махлұық ақылы жете алмайды дейді. Яғни, халиққа — жаратушыға, махлұық — жаратылған ақылы жете алмайды дейді. Жаратушы үшін бар болғаны жаратқан пендесі ғана болып саналатын адам баласының жаратушыға ақылы жетпейді деп отыр Абай. Міне, дəһриліктің мəні осындай.

Дəһриліктің бар ғылымы суық ақылмен жасалады. Олар материалды əлемді көрумен ғана шектеледі. Олардың алған білімі іштеріне енбей, сырттарында жүреді. Сол сырттарында жамылған затшылдық білімін олар қорған қылады. Оны пайдаланып, жалған тіршіліктің қызығын көру керек деген ұран таратады. Заттар əлемімен ғана байланысты дəһрилер ілімі заттар əлемінің қызығын көруге шақырып, жанды мүлдем ұмытып, денеге бас ұрады. Осыдан келіп адамзат баласының хайуани деңгейдегі білімі оның ішін тазарта алмай, жан дененің құлына айналып, түп иесін мүлдем ұмытады. Таза ақыл өлді демек деген осы. Затшылдық ғылым ішке бармайды, ол адамның сыртында жүретін жамылғысы сияқты. Олай болған соң имани білім болмай адам еш нəрседен қаймықпай дүниенің сөзін сөйлейді. Оларға бəрі жеңіл. Күнə деген олар үшін өмір сүрмейді. Затшылдыққа əбден маталған адамдардың қылығы да адамшылыққа ұқсамай кетеді.

Пəн жамылған əлімдер,

Дін жамылған зəлімдер,

Бере берсең, бəрін жер,

Сол жалмауыз паңнан без,

дейді Шəкəрім [1; 229]. Жаратушыны жоққа шығарған, жүрегінде иманы жоқ адам үшін ешқандай қасиетті нəрсе жоқ. Ол қанша ғылым жолында болсын оның білімі ішіне қонбағандықтан, ол хайуандықтан биік көтеріле алмайды. Ол бəрін жұтып қоюға дайын. Сонда əлгі ғалымның ғылымы оны неге адамшылыққа апармады? Ол неге хайуани деңгейден көтеріле алған жоқ? Ондай адам екі жүзді келеді. Кез келген заманның ығына жығыла салуға бейім. Кеңес дəуірінде дамыған осы дəһри ғалымдар үшін кеше сол заманның сөзін сөйлеп, бүгін оны теріске шығарып жаңашыл болуының да себебінде осы түпкі тиянақтың, басты бағдардың, иманның — ұяттың жоқтығы демеске амал жоқ. Бұндайлар жайында «адасып əлім шатылды, ол шатасқан шаңнан без», — дейді Шəкəрім. Жанға, жаратушыға ілікпеген пəншілдердің жүрегі қатты, оларда жанашырлық жоқ.

Күн көре алмай жақының жатыр өліп,

Шіміркенбей жемтігін жейсің бөліп.

«Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын»

Демеске бара жатыр ішім толып,

дейді Шəкəрім бұл жайында [1; 85]. Шəкəрімнің пəнді үнемі сынға алуының себебі осында. Затшылдық ғылым, Шəкəрімнің ойынша, тек əлемнің құбылыстары жайында айтып, оның  түп себебін көре алмай отыр.

Ғылым деп боқты жегізді,

Денесіз зат жоқ дегізді.

Пайдасыз пəнмен перделеп,

Тапқызбай қойды негізді.

Пайдасыз пəнмен перделенген ақылдың көзін ашып ал деп отыр. Ол ананы бір, мынаны бір айтып түпкі негізді тапқызбай қойды дейді. Шəкəрім олар дəлелді тек заттан ғана іздеді деп отыр. Жер бетіне ауадай тараған затшылдық ғылым жайындағы Шəкəрімнің ойы осындай.

Айла, күш — айуандықтың ең жаманы,

Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес.

Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,

Зұлымдықты жалғанда əділ жеңбес,

деп Шəкəрім затшылдық ғылымға, пəнге қарама-қарысы ар түзейтін бір ғылым қажет дейді [30;   86].

Бұл адамшылық үшін қажет ғылым.

Ар түзер адамның адамдық санасын,

Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.

Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп,

Таза ақыл қосылса, əлемнің таласын [2; 186].

Шəкəрім енді адамның санасын түзейтін ар білімі керек дейді. Сол ғана адамды құтқара алмақ.

Бізге дəһрилікке қарсы рухани имунитет қажет деп отыр емес пе.

Көрінер ғылымды елдің сырты таза,

Тексеріп терең ойға салмағанда.

Ақымақ пен айуанның иісі аңқиды,

Істерін əбден сынап талдағанда, —

деп ойшыл тексеріп терең ойға салмағанда ғылымды елің сырты таза көрінер дегенде затшылдық ғылымға белшесінен батқан Еуропаны айтып отыр [2; 179]. Шəкəрімнің затшылдық ғылым, пəн турасындағы ой-толғамдарынан концептуалды идея шығады. Ол концептуалды идея — пайдасыз білім деген ұғым. Яғни, бұл адамшылық жолында пайдасыз деген сөз. Пайдасыз білімді беру адамды адамшылыққа əкеледі ме? Мəселе осында. Еуропадан бастау алып, орыс отаршылығы  арқылы қазаққа келген ағартушылықтан не таптық. Ол ағартушылық өзіміздің ұлтымызды, халқымыздың мəдениетін терістеуге, имансыздыққа үйретті. Себебі сол ағартушылықтың қайнар  көзінде затшылдық ғылым жатқан еді. Ағартушылық біздің ішімізді түзей алмады. Сыртқы сөзіміз ғана түзелді. Ел болу үшін ол жеткіліксіз. Ал Шəкəрім не дейді бұл турасында. Құлақ асайық.

Сыртқы сөзің шын болса,

Ішің толған жын болса,

Жүрегіңде мін болса,

Айтқан сөзің ем емес!

Жүрегі таза адамдар,

Зұлымдықтан амандар,

Қиянатсыз надандар

Əулиеден кем емес! [2; 159].

Қазаққа жүрегін дерттен емдейтін, ішті жыннан тазартатын ар түзейтін, имани ғылым қажет деп таныған Шəкəрім даналығы осындай. Ойшыл неліктен «қиянатсыз надандарды əулиеден кем емес» деді екен деп қайран қаласың. Олай болса, Адамшылық ең алдымен білім арқылы емес қиянатсыздық арқылы қалыптасады деп отыр ғой. Ағартушылықта ең алдымен білімді бол демеуші ме еді. Ал Шəкəрім білім ғана адамды адам қылмайды деп отыр. Қиянатсыз бол дейді. Олай болса пайдасыз білімнен сақ болу керек. Шəкəрімді ендеше неге ағартушы деп келгенбіз? Ол қиянатың бар болса иманың жоқ демеп пе еді. Шəкəрім Қиянатсыздық арқылы имандылықты өлшейді ғой. Адамның жүрегін дерттен сауықтыратын да осы имани білім деген оймен, Шəкəрім затшылдық ғылым орнына ар түзейтін ғылым қажет деп таниды. Затшылдық ғылым турасындағы ойы осы.

 

 Әдебиеттер тізімі:

  1. My faith. — Almaty: Arys, 2000. — 117 p.
  2. Kudaiberdiev Sh. Compositions (Poems, dastans, book of words). — Almaty: Zhazushy, 1988. — 206
  3. Kudaiberdyuly Sh. Three truths // The World almanac. — Almaty: Zhazushy, 1991. — 20 p.
  4.  Kudaiberdyuly Sh. Muslim requirements // Mind find the way. World club of Abai. — 2006. — 671 p. 5  Kunanbaev A. All compositions in one volume. — Almaty: Zhazushy, 1961. — 227 p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.