Тарих

Мақалада кіші оқушы жасындағы балалардың қорқыныш сезімі мəселесі қарастырылған. Эксперименталды зерттеу нəтижелері көрсетілген. Зерттеу барысында келесі əдістер қолданылды: балалардың қорқыныштарын анықтайтын «Үйшіктегі қорқыныштар» əдістемесі, үрейді анықтауға бағытталған Тэммл, Дорки, Амен тесті жəне авторлық сауалнама. Автормен құрастырылған анкета балалардың оқу процесіне қатысты қорқыныштарын анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мəліметтер психологиялық тұрғыдан толықтай сараланып, сандық жəне сапалық талдау жасалды. Автордың қорытындылары кіші оқушы жасындағы балалардың қорқыныш гендерлік айырмашылықтарына қатысты.
2015
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныш сезімдерін эксперименталды тұрғыдан зерттеу

Қазақтың елін, жерін Ресей империясы XIX ғасырда бұрынғыдан ерекше, екілене отарлай бастады. Абылай ханмен жасасқан келісім-шарттарды өрескел бұза отырып, қазақтың даласына ешкімнен тайсалмастан терең бойлап ене берді. Олардың бұл қылықтарына елім деп туған ержүрек ата-бабаларымыз бейжай қарап отыра алмады. Өзге елдің құлдығына түсуге үзілді-кесілді қарсы шыққан жаужүрек бабаларымыздың бірі жəне бірегейі ұлы Абылай ханның немересі — хан Кене еді. Қазір бір ғана Кенесары Қасымұлының тарихи бейнесі арқылы сол бір аласапыран кезеңдегі ұлттық сананың тарихын сомдауға болады. Кене ханның тарихи бейнесін сомдаған тарихи еңбектер баршылық. Кенесары мен Наурызбайдың батырлығы талай жырға арқау болып, көзсіз ерлікті шетел ғалымдары да мойындаған. Алайда шетел ғалымдарынсыз-ақ бір кездері қазақ қариялары Кене хан туралы жырлар мен əңгімелерді жатқа айтып, қазақ елінің соңғы ханының болмысын жақсы білген еді. Кенесары Қасымұлы туралы алуан түрлі пікірлер де бар. Алайда қазақ мінезін жақсы білетін адам Кене ханды ұлттық батыр ретінде мойындайды. Ол он жыл бойы қар жамылып, мұз жастанып жүріп, орыс отарлаушыларымен аянбай соғысты. Оның жанына елінің, жерінің, ұрпағының болашағын ойлаған хас батырлар шоғырланды. Сонымен қатар хан Кененің жанында оның ерлік істерін халыққа жеткізіп отыратын ақын-жыраулар да болды. Олардың ішіндегі ең шоқтығы биігі — Нысанбай жырау Жаманқұлұлы.
2015

Мақалада Ілияс Есенберлиннің ХV ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде қазақ даласында болып өткен оқиғаларды қамтитын «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрған  «Хан Кене» (Қаһар) (1969), «Алмас қылыш» (1971) жəне «Жанталас» (1973) секілді танымал романдарына басты назар аударылған. Қазақ халқының қалыптасуы барысы, оның Жоңғариямен, Қытаймен, Хиуамен,    Бұхарамен,    Ресей    империясымен    күрделі    өзара    қарым-қатынастары   суреттелген. «Көшпенділердің» Қазақстанда басылып шыққанынан кейін, аталмыш трилогия бүкілодақтық аудиторияның басты назарына айналғандығы көрсетілген. 80-ші жылдардың басында І.Есенберлиннің қазақ ұлттық бастауы жайлы əңгімелейтін жəне үш романнан тұратын «Алтын Орда» трилогиясын жазғандығы туралы айтылған. Үздік қылқалам шеберінің қазақ даласының біртұтас жəне шынайы тарихи суретін беруде, сондай-ақ кеңес идеологиясының темір құрсаулы қатаң талаптарына қарамастан, көптеген тарихи тұлғалар мен оқиғаларды əділ бағалауда Қазақстанның кəсіпқой тарихшыларын басып озғаны жəне бұл абыройлы іс болғандығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада Орталық Азия аймақтағы суды бірлесе пайдаланудың тарихы, эволюциясы жəне мəселелері қарастырылған. Қазіргі кездегі суға қатысты мемлекеттердің келісімдері сарапталған. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының құжаттары пайдаланылған. Авторлардың пікірінше, ұлттық қызығушылық негізінде құрылған су ресурстарын пайдалану мəселесіндегі əр түрлі амалдар Орталық Азияның əрбір мемлекетінің осал жақтарын көрсетеді. Аймақ жетістігі болып трансшекаралық өзендерді бірлесе басқару мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық орнату болып табылады. 
2015

Мақалада қазақ халқының ұлылығы мен даңқын арттыруда зор рөл атқарған əйгілі Есім ханның өмірі мен қызметі суреттелген. Есім ханның қолбастаушысы, биі, заң шығарушысы болған Жиембет жыраудың шығармашылығына басты көңіл бөлінген. Жиембеттің 1620 ж. ойраттармен (қалмақтармен) болған шайқаста даңққа бөленгені, 1627 ж. Қазақ ордасынан бөлініп, өз хандығын құрмақшы болған Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуда маңызды рөл атқарғандығы айтылған. Жиембет шығармашылығының күшті сезімдерге толы екендігі, жаңа образдарға терең бойлайтындығы айтылған; оған айрықша стиль, өмірге философиялық көзқарас, халық өмірінің тарихи жолын алдын ала көре білуі тəн екендігі көрсетілген. Марғасқа жырау Жиембет секілді хан билігі мен халық арасында аралық тұлға, оның сөзге шебер талант, терең білімді болғандығы туралы қорытынды жасалған. Жиембет жəне Марғасқа жыраулардың да мұралары өз зерттеушілерін табатындылығына сенім білдірген.
2016

Мақалада келесі мəселелер қарастырылған: репатрианттардың əлеуметтік, физикалық жағдайларда өз уақыттарын игеруі жəне шекараларын ұлғайтуы, оларды белгілі бір кезеңдерге координациялау жүйесін құру жəне осы бағыттарға, кезеңдерге өздерін ғана бейімделіп қана қоймай, туған-туыс пен өскелең ұрпаққа да бағыт-бағдар бере білу.
2016