Тарих

Мақалада Орхон өзені бойында орналасқан түрік халықтарының ғана емес, бүкіл адамзат қауымының баға жетпес жетістігі болып табылатын Күлтегін ескерткішіндегі жазудың мазмұнына ғылыми тұрғыдан тарихи талдау жасалған. Авторлардың зерттеуіне қарағанда, Күлтегін бітік тасындағы көне жазуда тəуелсіз мемлекет орнату жолында қызмет жасаған ел басшыларының халыққа арнаған үндеу- манифесті жарияланған. Ескерткіштегі жазулардағы тарихи оқиғаларды талдай отырып, Күлтегін ескерткіші Екінші Түрік қағанаты кезіндегі маңызды кезеңдерді қамтыған тарихи шығарма, ондағы негізгі мақсат — азат ел болу жолындағы күрес жүргізген түрік халқының қаһармандық ерліктерінің шежіресі баяндалған деген қорытындыға келген. Авторлар Күлтегін ескерткішіндегі мəңгі жазуда Түрік қағанатының мемлекеттік тəуелсіздік актісі — «Мəңгілік Ел» идеясының саяси манифест түрінде салтанатты түрде халыққа жария етілгеніне ғылыми талдау жасаған. Тастағы жазуда Күлтегін бейнесі теңдесі жоқ батыр, даңқты қолбасшы болғаныны айтылған. Оның түркі  халқының жауынгерлік рухын асқақтатып, Ұлы Түрік қағанатының сабақтастығын, дəстүрлі заңын жалғастыра білген дара тұлға болғанын шебер талдау арқылы оқырманға жеткізеді.
2015

Мақалада қазақтардың дəстүрлі мəдениетіндегі кейбір отбасылық əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлерге талдау жасалды, олардың отбасылық қатынастардағы орны анықталды. Қазақ отбасында баланың дүниеге келіп, ержеткенге дейінгі аралықтағы оған қатысты əдет-ғұрыптар мен салт-дəстүрлер талданды. Авторлар қазір ұмытылған «жарыс қазан», «құрсақ шашу», «қызды оң жаққа шығару» сияқты дəстүрлерді жан-жақты қарастырды. Одан əрі қазақтардағы көне салт-дəстүрінің бірі — жерлеу салты зерттеліп, жерлеу əдет-ғұрпы аралас болатындығы, яғни онда исламдық та, тəңірлік те əдет-ғұрыптар кездесетіндігіне, назар аударылады.
2015

Мақала 70–80 жж. қазақ ауылдарындағы күнделікті өмірді зерттеуге арналған. Автор деректанулық мəліметтерді егжей-тегжейлі зерттеуге сүйеніп, қазақ ауылдарының күнделіктілік мəселелерін қарастырудың жаңа бағытын ұсынды. Сөйтіп, тақырыптың өзектілігі айқындалды, мақсат жəне міндеттері қалыптасты, территориялық жəне хронологиялық шеңберлері анықталып, мақаланың əдіснамалық негізі ашылды. Аталмыш жұмыста тақырыптың ғылыми жаңашылдығына қысқаша талдау беріліп, деректанулық базасы сипатталды
2015

Мақалада кіші оқушы жасындағы балалардың қорқыныш сезімі мəселесі қарастырылған. Эксперименталды зерттеу нəтижелері көрсетілген. Зерттеу барысында келесі əдістер қолданылды: балалардың қорқыныштарын анықтайтын «Үйшіктегі қорқыныштар» əдістемесі, үрейді анықтауға бағытталған Тэммл, Дорки, Амен тесті жəне авторлық сауалнама. Автормен құрастырылған анкета балалардың оқу процесіне қатысты қорқыныштарын анықтауға мүмкіндік береді. Алынған мəліметтер психологиялық тұрғыдан толықтай сараланып, сандық жəне сапалық талдау жасалды. Автордың қорытындылары кіші оқушы жасындағы балалардың қорқыныш гендерлік айырмашылықтарына қатысты.
2015

Қазақтың елін, жерін Ресей империясы XIX ғасырда бұрынғыдан ерекше, екілене отарлай бастады. Абылай ханмен жасасқан келісім-шарттарды өрескел бұза отырып, қазақтың даласына ешкімнен тайсалмастан терең бойлап ене берді. Олардың бұл қылықтарына елім деп туған ержүрек ата-бабаларымыз бейжай қарап отыра алмады. Өзге елдің құлдығына түсуге үзілді-кесілді қарсы шыққан жаужүрек бабаларымыздың бірі жəне бірегейі ұлы Абылай ханның немересі — хан Кене еді. Қазір бір ғана Кенесары Қасымұлының тарихи бейнесі арқылы сол бір аласапыран кезеңдегі ұлттық сананың тарихын сомдауға болады. Кене ханның тарихи бейнесін сомдаған тарихи еңбектер баршылық. Кенесары мен Наурызбайдың батырлығы талай жырға арқау болып, көзсіз ерлікті шетел ғалымдары да мойындаған. Алайда шетел ғалымдарынсыз-ақ бір кездері қазақ қариялары Кене хан туралы жырлар мен əңгімелерді жатқа айтып, қазақ елінің соңғы ханының болмысын жақсы білген еді. Кенесары Қасымұлы туралы алуан түрлі пікірлер де бар. Алайда қазақ мінезін жақсы білетін адам Кене ханды ұлттық батыр ретінде мойындайды. Ол он жыл бойы қар жамылып, мұз жастанып жүріп, орыс отарлаушыларымен аянбай соғысты. Оның жанына елінің, жерінің, ұрпағының болашағын ойлаған хас батырлар шоғырланды. Сонымен қатар хан Кененің жанында оның ерлік істерін халыққа жеткізіп отыратын ақын-жыраулар да болды. Олардың ішіндегі ең шоқтығы биігі — Нысанбай жырау Жаманқұлұлы.
2015

Мақалада Ілияс Есенберлиннің ХV ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде қазақ даласында болып өткен оқиғаларды қамтитын «Көшпенділер» тарихи трилогиясын құрған  «Хан Кене» (Қаһар) (1969), «Алмас қылыш» (1971) жəне «Жанталас» (1973) секілді танымал романдарына басты назар аударылған. Қазақ халқының қалыптасуы барысы, оның Жоңғариямен, Қытаймен, Хиуамен,    Бұхарамен,    Ресей    империясымен    күрделі    өзара    қарым-қатынастары   суреттелген. «Көшпенділердің» Қазақстанда басылып шыққанынан кейін, аталмыш трилогия бүкілодақтық аудиторияның басты назарына айналғандығы көрсетілген. 80-ші жылдардың басында І.Есенберлиннің қазақ ұлттық бастауы жайлы əңгімелейтін жəне үш романнан тұратын «Алтын Орда» трилогиясын жазғандығы туралы айтылған. Үздік қылқалам шеберінің қазақ даласының біртұтас жəне шынайы тарихи суретін беруде, сондай-ақ кеңес идеологиясының темір құрсаулы қатаң талаптарына қарамастан, көптеген тарихи тұлғалар мен оқиғаларды əділ бағалауда Қазақстанның кəсіпқой тарихшыларын басып озғаны жəне бұл абыройлы іс болғандығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада Орталық Азия аймақтағы суды бірлесе пайдаланудың тарихы, эволюциясы жəне мəселелері қарастырылған. Қазіргі кездегі суға қатысты мемлекеттердің келісімдері сарапталған. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының құжаттары пайдаланылған. Авторлардың пікірінше, ұлттық қызығушылық негізінде құрылған су ресурстарын пайдалану мəселесіндегі əр түрлі амалдар Орталық Азияның əрбір мемлекетінің осал жақтарын көрсетеді. Аймақ жетістігі болып трансшекаралық өзендерді бірлесе басқару мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық орнату болып табылады. 
2015

Мақалада қазақ халқының ұлылығы мен даңқын арттыруда зор рөл атқарған əйгілі Есім ханның өмірі мен қызметі суреттелген. Есім ханның қолбастаушысы, биі, заң шығарушысы болған Жиембет жыраудың шығармашылығына басты көңіл бөлінген. Жиембеттің 1620 ж. ойраттармен (қалмақтармен) болған шайқаста даңққа бөленгені, 1627 ж. Қазақ ордасынан бөлініп, өз хандығын құрмақшы болған Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуда маңызды рөл атқарғандығы айтылған. Жиембет шығармашылығының күшті сезімдерге толы екендігі, жаңа образдарға терең бойлайтындығы айтылған; оған айрықша стиль, өмірге философиялық көзқарас, халық өмірінің тарихи жолын алдын ала көре білуі тəн екендігі көрсетілген. Марғасқа жырау Жиембет секілді хан билігі мен халық арасында аралық тұлға, оның сөзге шебер талант, терең білімді болғандығы туралы қорытынды жасалған. Жиембет жəне Марғасқа жыраулардың да мұралары өз зерттеушілерін табатындылығына сенім білдірген.
2016

Мақалада келесі мəселелер қарастырылған: репатрианттардың əлеуметтік, физикалық жағдайларда өз уақыттарын игеруі жəне шекараларын ұлғайтуы, оларды белгілі бір кезеңдерге координациялау жүйесін құру жəне осы бағыттарға, кезеңдерге өздерін ғана бейімделіп қана қоймай, туған-туыс пен өскелең ұрпаққа да бағыт-бағдар бере білу.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.