Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын алғаш қопара жазған дəуір суреткері

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында жастардың жүрегіне намыс отын жаққан, жалындаған рухына май құйған ресми саясат тықпалаған Павлик Морозовтың ерлігі емес, Ұлы Отан соғысындағы қазақтардың қаһармандығы, Бауыржанның жасындай жарқылдаған өрлігі, композитор Шəмші Қалдаяқовтың жүрек қылын шертетін патриоттық əндерімен қатар,  жазушы  Ілияс Есенберлиннің дара шығармалары, Кенесары-Наурызбай, Шұбыртпалы Ағыбай, Жеке батыр, Таймас, Жанайдар, Мəнжі, Бұқарбай сияқты батырлардың ерліктері еді. Бодандыққа мойын ұсынбай, ондаған жылдар бойы қаһарлы күрес жүргізген хан Кененің ардақты есімін «Алашта Кенекеме ер жетпейді» деп жырлаған ХХ ғасырдың басындағы Мағжан Жұмабаевтан кейін халқымен қайта қауыштырған І.Есенберлин болды.

Ілекең 60 жасқа толғанда «Жұлдыз» журналының қызметкері (Ш.Сариевпен) ұзақ əңгімелесіп мынадай қызықты деректер ұсынған еді: «Мен əдебиет атты киелі шаңырақтың есігін өлең-жырмен қаққан адаммын. Сол шаңырақтың табалдырығын аттап, ішке ендірген де — поэзия.

Прозаға 1961 жылдан бастап көштім. Осы жылы «Өзен жағасында» атты ең алғашқы повесім жарық көрді. Бұл өзімді-өзім байқау, сынау кезеңі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге прозаның ыстығы мен суығына төзуге, ащысы мен тəттісінің дəмін татуға, батыл-батыл кадам жасауға жол ашты...

«Өлең жазудан қол үзбесем бе екен, əлде прозаға біржола ден қойсам ба екен?» деген сияқты сезім арпалысын жеңіп берген 1964 жылы жарыққа шыққан «Толқиды Есіл» атты повесім еді.

Қазақ əдебиетінің түп негізі қадым ғасырлар түрік қағанаттары дəуіріне тірелетіні бүгінгі білімдар оқушы қауымға мəлім. Сөз өнерін ерекше қастерлеген, өз кезеңіне сай біршама мəдениеті болған, сонымен бірге төл жазуы болған ата-бабаларымыз VІІ–VІІІ ғасырлардың өзінде əдебиетіміздің басы саналатын «Орхон-Енисей жазулары» атты мəңгі өлмес мұра қалдырғанын бүгінгі ғалымдар дəлелдеп көз жеткізгені анық. Ал, енді дербес қазақ атымен аталатын əдебиетіміздің өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, оған себепкер болған жай 1454 жылы Шу бойында Қазақ хандығының құрылуы екен, осының нəтижесінде қазақ халқының аренаға шығуы екен. Міне, осы тарихи датадан бастап бүгінгі өмірімізге дейінгі аралыққа оймен көз жіберсек, туған халқымыздың тарихы көркем əдебиетімізде, оның ішінде проза тілінде бейнеленіп, көрініс тапқанынан гөрі, қамтылмағаны, айтылмағаны, сөз болмағаны соншама ұланғайыр көп екендігі назар аудартады.

Ғасырлар, жылдар өткен сайын өзінің уақытысында, дер кезінде айтылып қалмаған өмір шындықтары түрлі өзгерістерге ұшырап кей ақиқаттардың бұрмалануы да ықтимал. Соған орай ат басын сонау арыға бұрмай-ақ, ел болып етек жапқан шағымыздың өзі тілге тиек болу үшін қаншама уақытты қажетсінер еді. Қалайда осы бір ұшан-теңіз ғұлама тарихымызды азда болса, əдебиетімізде көрсетіп қалу, кейінгі ұрпаққа мұра ету — менің жазушылық арманым болатын-ды» [1].

Сонымен, жасынан Кенесары-Наурызбай туралы жырлар мен дастандарды, аңыздарды жаттап өскен І.Есенберлин ақыры тарихи тақырыпқа құлаш ұрып, 1969 жылы «Қаһар»; 1971 жылы «Алмас қылыш», 1973 жылы «Жанталас» романдарын жазды. Бұл романдар XV ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақ тарихы суреттелген «Көшпенділер» трилогиясына біріктірілді. Сөз болған тақырыптар: қазақ халқының қалыптасуы; Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен арпалысы; Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясы секілді көршілерімен аумалы-төкпелі қарым-қатынастары. Кейінірек (1982–1983 жж.) І.Есенберлин «Алтын Орда» трилогиясын жазды. Жазушының бұл кітаптары көптеген тілдерге аударылып, миллиондаған таралыммен шықты. Есенберлиннің тарихи романдары Қазақстан мəдениетінде ерекше орын алды.

«Алмас қылыш» — «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы

Ілияс Есенберлин «Көшпенділердің» жарық көруі үшін арыстанша арпалысты: С.Имашевпен, З.Қамалиденовпен, одан қалса, Орталық Комитеттің шенеуніктерімен қаншама рет бет жыртысты десеңізші?! Нəтижесінде, «Көшпенділер» оқырманның қолына дер кезінде, дəл мезгілінде жетті. Шығарма оқырманның қолына кешікпей, кешеуілдемей, дер кезінде жетуге тиіс. Сонда  оның пайдалы əсер коэффициенті де орасан жоғары болады.

Міне, Ілекеңнің осы жанкешті тірлігін қалай ерлік деп бағаламасқа?! Қалай ерлік деп танымасқа?!

«Көшпенділерде» көптеген тарихи дерек пен аңыз-əңгімені — көшпелі елдің көркем шежіресін, эпостық мəнерлеу, баяндау дəстүрін қазіргі əдебиеттің өрнектеу, суреттеу тəсілімен шебер қиыстырған қаламгер өзіндік сипаты бар роман түрін жасап шықты. Əсіресе «Алмас қылыш» пен

«Жанталастың»  оқиға-деректері         мен   сюжеттік       бұлақтарының        көпшілігі       соншама,       олардың əрқайсысында талай романның өзегі жатыр.

Трилогияның бірінші кітабындағы Жəнібек, Керей, Қасым жəне Əбілқайыр хандардың бейнелері арқылы билік құрушы топ өкілдерінің қоғам мен саясат хақындағы өзі түсініктері, тұжырымды ой- пікірлері баяндалады. Əлемді тітіреткен Дешті Қыпшақтың Əбілқайыр ханның (ХV ғ.) кезінде ішкі- сыртқы күштердің əсерінен əлсіреп, ыдырай бастаған кезі көрсетіледі. Оның іштей ыдырап жеке хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы «Алмас қылышта» қым-қуыт оқиғалар тізбегі арқылы суреттеледі.

Автор қазақтардың жеке мемлекет шаңырағын көтеруі тарихи қажеттіліктен туғанын реалистік шындыққа негізделген сурет салу жолымен көрсетуге тырысқан [2; 3]:

  • Əбілқайыр ханның жексұрын харекеттері өзіне көрініп, Қазақ мемлекетін құруға беттегендердің ынта-жігерін қайрай түседі. Тəуелсіз Қазақ хандығын құру толғағын күшейтеді.
  • Əбілқайыр ханның азғыруымен Қарақыпшақ Қобыланды батыр Арғын тайпасынан шыққан Ақжол биді (Дайырқожаны) өлтіріп тынады. Ел бүлінеді.
  • Ақжол бидің жетісін бергеннен кейін Керей мен Жəнібек сұлтандар хан сарайына келіп, Қобыландының басын бересің деген үзілді-кесілді талап қояды. Əбілқайыр хан бұл ұсынысты қолдамайды.
  • Қос сұлтан: бұзақыңды қимайды екенсің, олай болса, біз кеттік деп мəлімдейді. Арғын, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ рулары Жəнібек пен Керейге еріп, Моғолстанға қарай қопарыла көтеріледі. Бұл көш жай көш емес, Көк Ордадан ірге аударудың бастамасы еді. Нəтижесінде, қазақ елі дербес мемлекет шаңырағын көтереді.

Мемлекет құру оңай мəселе емес. Сондықтан да алғаш Керей, Жəнібек хандары бас болып шаңырақ көтерген Қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ. Өздеріне ерген елдің іргесі бекіп, өрісі кеңеюі үшін Керей мен Жəнібек сұлтандарға талай азулы ел билеушілермен ырғасып, жаға жыртысуға тура келді. Орта Азияның ұланғайыр жерін тоқымдай тілгілеп, жеке-жеке иемденген шағын хандықтармен алысу, көшпелі алтындай біресе ол жағына, біресе бұл жағына ауысқан көне қалалар мен шұрайлы жерлер елді талай сынға салып, тезден өткізді. Сондықтан да «Алмас қылыштағы» оқиғалар желісі тым қою, сюжеттік желісі шытырманды, бұралаңы көп. Алма-кезек ауысқан хан-сұлтандар, олардың арасындағы қым-қуыт соғыстар қаншама. Тарихи зерттеу   архивтік мəлімет, жазба құжат шежірелік деректермен салыстыра қарағанда, автордың көптеген оқиғаларды іріктеп, Əбілқайыр, Керей, Жəнібек, Бұрындық, Қасым сұлтандар айналасына топтастыра жинақтауға тырысқанын байқаймыз [3].

Қорытындылап айтсақ, «Алмас қылышта» қазақ халқының халық ретінде ұйысуға қам жасап, бір замандарда Шыңғыс хан құрған алып империяның сілемдері Ақ орда, Көк Орда сияқты құрылымдардан тəуелсіздік алуға ұмтылуы, сөйтіп, өз алдына ел болу жолыңдағы тағдыры сөз болған.

«Жанталас» — «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы

«Алмас қылыш» романы мен «Жанталас» романының ширек бөлігі алғашқы қазақ хандығының қандай ғаламат күрес-тартыста құрылғанын суреттейді.

«Көшпенділердің» екінші кітабы «Жанталаста» ХVІІ–ХVІІІ ғасырлардағы Қытай, Жоңғар феодалдық агрессияшыл мемлекеттерінің қазақ еліне жасаған қысым-қыспағы, қанды жорықтары баяндалады. Бұқар жыраудың ішкі монологы арқылы жоңғар басқыншыларының қылышынан қазақ елінің бестен үш бөлігі қырылғаны баян етіледі. Қытай, Жоңғар мемлекеттерінің Канси, Сыбан Раптан, Қалден Церен, Церен Доржи, тағы басқа соғыс құмар билеушілерінің жүргізген саясаттары, қатыгез, қаражүрек іс-əрекеттері көркемдікпен қисынды көрсетіледі. Абылай хан, Бұқар жырау, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай бастаған қазақтың данышпан перзенттерінің күрделі тағдыры сенімді суреттеледі. Қазақ халқының шетел басқыншыларына қарсы күресі, «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» аталған трагедиясы тарихи деректер негізінде көркем сөзбен келісті кестеленеді.

«Жанталас» романында Əбілқайыр мен Абылай хандар психологиялық жақтан ұштасып барып, екі тармаққа бұрылады. Жазушы Əбілқайыр тұлғасы жайлы таласпікірдің ұшығын тарихи себептермен орайластыра дұрыс шешем шығарады. Əбілқайыр да, Абылай да хандық билікті қолдан шығарғысы келмейді. Алайда Жоңғар мен Қытай шапқыншыларының бұғауынан құтылудың бір-ақ шешімі бар. Əбілқайырдың аузына: «Түбі еліміздің де, келешек ұрпақтардың да көзі «жетер, əрекетімізді ақтар, бізге қалған жалғыз жол — ол Россияның қол астына ену», — деп сөз салады. Сондықтан да роман авторы белгілі себептермен Əбілқайыр ханның өзге қазақ басшыларымен ақылдаспай, жоңғарлармен соғысты тоқтатуын айта келген тұста мірдің оғындай тілін беземейді. Əбілқайыр хан батыс жаққа «үміттене қарады». Ресей патшасының тағына отырған «Анна Иоановна Əбілқайыр ханның бір мың жеті жүз отызыншы жылы наурыздың сегізінші күні «қорғандық» істеуін өтінген қағазына жауап ретінде, қырғыз-қайсақ жұртын қарамағына алғандығын білдіріп, бір мың жеті жүз отыз бірінші жылы ақпанның он тоғызыншы күні Указ шығарды» деген сияқты қоңырқай стильге көшіп күмілжиді. Дегенмен, автор өзі іш тартатын кейіпкері — Бұқар жырауға сөз бергенде, елдің Ресейге бодандыққа бет алғанына байланысты уайымын ашық сездіреді [2; 3].

Қазақ халқының соңғы рет басын құрап, жоңғар, қытай басқыншыларына тойтарыс берген кезеңінің  шежіресі  жəне  сол  тарихи  дəуір  оқиғасының  басында  тұрған  Абылайдың  билік  кезеңі «Жанталастың» үшінші бөлімінде баяндалады.

Шапқыншылық емес, негізгі мақсат басқыншылықтан қорғану болып келетін дəуір бейнесі жасалған «Жанталас» романында Абылай əр қырынан суреттеледі. Сан түрлі мінез, қасиетімен көрініс табады.

Романның «Жанталас» аталуы да сондықтан. Романның бас кейіпкері — осы жанталас кезеңінде елге бас болған Абылай. Ұлы ханның тарихи тұлғасын сұңғыла сана, тұңғиық ойдың икемімен елдің есіне түсіріп, коммунистік көзқарас, партиялық саясат құрсауы қамаулап тұрған заманның өзінде халыққа танытқан Ілияс Есенберлин болды [4].

Рас, халық аузында көп айтылып келген Абылай хан есімі, өкінішке орай, кеңестік кезең тарихында қайшылықты тұлға ретінде бағаланып ел санасынан шығарылды.

«Қаһар» — «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы

Ілияс Есенберлин тудырған тарихи шығармалардың танымдық-тəрбиелік  қуатының күштілігі мен көркем шығарма ретіндегі эстетикалық пəрменінің қуаттылығы ерекше болса, бұл сипат алғаш дүниеге  келген  «Қаһар»  романының  өзінде-ақ  айрықша  мол  болды.  «Қаһардың»  алғашқы      аты

«Кенесары» екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Цензурадан өткізу үшін жұмсартқандағы түрі  —«Қаһар». Жазушы осы романы арқылы тарихи тақырыпты игеру жөніндегі батыл жаңашылдық көрсетті.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Алпысбаевтың пайымдауынша, автордың алғашқы кітаптан басталмай («Алмас қылыш» романы), трилогиясының соңғы бөлігі «Қаһардан» бастауында мынадай себептер болған сияқты [5].

Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дəуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген.

Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. Сондықтан Ілекең соны жазуды діттеген.

Үшіншіден, Кенесары Наурызбай қозғалысы жайында жазылған еңбектерді саяси орын түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық.

І.Есенберлин өз романында баяндағандай, ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары Қасымұлы бір орталықтан басқарылатын хандық құрды. Ханның жанынан жоғары кеңесші орган — өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары — жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мəселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым- салық жинаумен жəне əскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл-күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нəтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды. Кенесары хан идеясы — Кенесары хан билік құрған қазақ қоғамында дін, сауда айналымы, шаруашылық, тəртіптілік, зиялылар кеңесі тікелей ұлт мүддесіне қызмет етуге бағытталды [6].

Бір ғана Ақмола бекінісін алу оқиғасы арқылы Кенесары Қасымұлының асқақ бейнесін көруге болады. 1838 жылдың 7 тамызында Кене ханның Ақмола бекінісін өртеп, патшаның отаршыл саясатының пəрменін қайтарған тарихи күн. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» тарихи романындағы Ақмола бекінісін алған тарихи оқиғаны зерделей отырып, қазақ батырларының тұлғалық бейнесінен тағылым аламыз. Зиялылықтың жібін жалғаған талантты жазушы қамалға кірген Басықара батыры оққа ұшқан сəттегі Кене ханның «Тастамаңдар Басықара батырды жау қолына!» деген жан айқайын, жау қамалына жеке кетіп шауып бара жатқан Кенесарыны көргенде өзгелері де орындарында тұра алмады» [7] деген жолдардан батырлық рухты көреміз.

Ақмола бекінісін алған күн қазақ тарихында мəңгі қалды. Кене хан еліне сүйенді, елі Кенені отаршылық бұғауынан азат етуші хан ретінде қабылдады.

Мұхтар Əуезовтің «Хан Кене» пьесасы 1934 жылы Қазақ мемлекеттік  драма театрында бір-ақ рет қойылып, аяғы үлкен дауға айналып, сахнадан алынып, солақай саяси сындардың астында қалғаны белгілі. Бұл еңбек кейіннен араға жарты ғасырдай уақыт салып барып, жазушының жиырма томдық шығармалар жинағының 14-ші томында алғаш рет жарияланды.

1952 жылы білгір тарихшы Е.Бекмаханов Кенесары бастаған ұлт-азаттық тарихын жазғаны үшін 25 жылға сотталды. Ермұхан Бекмахановтың еңбегі соғыстан кейінгі Қазақстандағы екінші толқын саяси қудалаулардың басты объектісіне, негізгі себептерінің біріне айналып, аяғы қазақ зиялыларын жаппай қуғынға ұшыратқан саяси науқанға ұласты.

«Қаһар» романы басылып шыққанда халықтың ұлттық сана-сезімі біршама өсіп қалғандықтан да мұндай сорақылықтар бола қойған жоқ. Дегенмен, оның авторы І.Есенберлин де көптеген саяси айыптаулардың  астында  қалған  болатын.  Халық  оң-солын  танып,  ұлттық  рухы  күшейе     түскен «кемелденген социализм» кезінде отызыншы, елуінші жылдардағыдай саяси қудалауларға жол беріле қойған жоқ [8].

Жалпы алғанда, I.Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. «Қаһар» қазақтың қойын кітабына айналды.

«Алтын Орда» трилогиясы — ерекше назар аударатын жазушының кесек туындыларының бірі

Қазақ хандығы Сақтар мен ғұндардан бастау алып, түбі түркілерді тектейді. Арғы атасы — Шыңғыс хан, əлемді уысында ұстаған əйгілі Алтын Орда. Əкесі — Жəнібек пен Керей. Тарихымыз тым əріде.

Осыны алға тартқан Ілияс Есенберлин трилогияның (эпопеяның) бірінші кітабында Алтын Орданың дағдарысты кезеңдерін суреттейді. Мысалы: «...Жаңа ғасыр, он төртінші ғасыр басталғанда, Шыңғыс ханның төрт баласынан кейін бүкіл дүниені тітіреткен немере-шөберелері — Бату, Мөңке, Құбылай, Құлағу, Орда, Қайду, бəрі тегіс өліп, бір кездегі Шыңғыс ханның ұлы  иелігі  — Алтын Орда, Қытай империясы, Иран илхандығы, Орта Азия — Жағатай ұлысы боп төртке бөлініп, бұдан да əрі қарай бөлшектену немере-шөберелерден туған келесі ұрпақтардың еншісіне қалған» [9].

Трилогияның екінші кітабында Ақ Орда, Алтын Орда төңірегіндегі оқиғалар əңгіме болады. Монғол билеушілері қазақ руларын ұлыстарға бөледі. Соның негізінде Дешті Қыпшақта қазақ елі деген жаңа ұғым қалыптасады. Ақ Орда мен Алтын Орданың қуатты мемлекетке айналуында экономикалық фактордың рөлін көрсетуге көңіл бөлінген. Екінші кітаптағы хандар да Шыңғыс хан салған жолды басшылыққа алады: «Алтын Орда шу дегеннен-ақ қиянаттан туған мемлекет болатын. Ол өмір бойы сол қиянатын үстемдік етіп жүргізіп келген. Ал сол қиянаттың орындаушысы атам заманнан əскері болған.

Шыңғысхан бұл əскерін жан аямас қатыгездікке, темір тəртіпке үйреткен. Əлемді тек осындай ешкімді аяуды білмейтін жауынгерлермен жаулап алам деп ойлаған.

Сол себептен де ол, егер бір ондықтан, не жүздіктен, мыңдықтан, тіпті бір түмеден, екінші түмеге, мыңдыққа, жүздікке, ондыққа өзі тілеп бір жауынгер ауысар болса, ондай жауынгер өлтірілген. Ал оған ауысуға рұқсат еткен басшы, мейлі ол түме басшысы болса да кісен салынып, қатты жазаға бұйырылған.

Ұлы жиһангердің мұнысы «ағаш бір жерде тұрып өседі, жауынгер бір  жасақта жүріп шынығады» дегені еді.

Сондай-ақ Шыңғысхан, соғысқа қосындарын дайындағанда, еш уақытта тойындырып ас бермеген. «Тоқ жүйрік алысқа жарамас, тоқ тазы түлкі алмас. Аш жауынгер ызалы, ашулы келеді. Ашулы жауынгер жауыңды аямай, қыра береді» деген.

«Алтын Орда хандары да, жаңа жиһангер Ақсақ Темір де əскерлерін сол Шыңғысхан тəртібімен ұйымдастырған» [10; 235].

Трилогияның үшінші кітабы Алтын Орда билік еткен өңірдегі қазақ жерінде өткен басты-басты оқиғаларды баяндайды: «Тарих өз дөңгелегін айналдыра түскен. Кешегі Алтын Орданың қарамағанда жүрген Жошының бесінші баласын Сыбанның ұрпағы, Ибрагимнен туған Дəулет Шайхтың баласы Əбілқайыр Ібір-Сібірде Махмұдектен Көк Орда хандығын тартып алып атақты Шайбани хандығының негізін салған. Ол енді Ібір-Сібірдің күнгейіне қарай беттеп, Ақсақ Темір мемлекетіне тікелей қауіп тудырған. Осы кезде түрік сұлтаны Екінші Мұрат Каффаны алып, Қырымға билігін жүргізе бастаған.

Ал Алтын Орданың ұлы даласындағы көшпенді елдердің негізгісі қыпшақ пен ноғайлы екі бөлініп, Едігенің ұрпақтары Жаңбыршы, Мұса, олардың балалары Жүсіп, Мамай, немерелері Телағыс, Алшағыр бастаған Ноғайлы ұлысы қыпшақ елін Еділ бойынан Жайыққа дейін қуып тастаған. Ал, сол Едігенің ұрпағы Ер Тарғын, Ер Сайындар қайтадан Қырым жағасына дейін барған. Қыпшақ тайпасы болса енді қазақ елі атанып, қыпшақ оның бір руына айналған.

Тарих дөңгелегі алға қарай жылжи берген. Алтын Орданың ішіндегі бақталастық, бірін-бірі шабу, бірін-бірі құрту енді бұрынғысынан да күшейе түскен. Ақырында, тартылған алып теңізден қалған ойдым-ойдым, үлкенді-кішілі көлдердей, енді Алтын Орданың орнына Қырым, Қазан, Қасым хандықтарымен, Ноғайлы ұлысы, Əбілқайыр Ордасы, қайтадан Мордва, Башқұрт аймақтары пайда болды.

Əбілқайыр ордасынан Қазақ хандығы бөлінді. Тарих дөңгелегі тоқтауды білмеді...

Тағы да екі жүз жылдай мезгіл өтті. Алтын Орданың негізгі жерінде — Батысы Жайық өзенінен асып жатқан, Шығысы Ертіс өзенінен өтіп кеткен, Күнгей-Батысы Иранға, Күнгей-Шығысы Қытайға жеткен, ал Шығысы сонау көне Ұбайра-Сұбайра Сібір ормандарын аймалаған, ал Теріскей-Шығысы Тобыл мен Тара өзендері құятын Ертістің сағасына дейін шектескен, теріскейі Орал тауының күнгей жағыменен Тобыл өзенінің бас жағына жеткен ұлы далада — Сақ, қыпшақтан тараған, ежелден, адам адам болып жаралғалы, осы араны мекендеген қазақ елі қалды...

Едіге өлгеннен кейін де тағы бес жүз жыл өтті...

Кешегі Алтын Орда тұрған негізгі далада — жаңа Қазақ Республикасы орнады.

Гүл шыққан жерге гүл шықты. Жоқ, Алтын Орда тікенек еді ғой.

Бəрібір тікенектің орнына да гүл шықты [10; 478, 479].

«Алтын Орда» эпопеясында Тоқтамыстың Алтын Орда тағына отыруы, Қырымның Алтын Ордадан бөлініп жеке хандық құруы, оның тағына Абдолла ханның келуі, Мамайға тиюі, Куликов шайқасы, Тоқтамыстың Руське аттанысы, Мəскеу қаласын өртеуі, Тоқтамыс пен Ақсақ Темір əскерлерінің айқасы, ақыры, Едіге қолынан қаза табуы, Едігенің жорықтары, Мəскеуді қоршауы, Ұлытауда өлтірілуі сияқты оқиағалар бірінен кейін бірі əңгімеленіп отырады. Трилогияда тарихи концепция басым.

Түйін

«Қазақ хандығын» жазғандығынан қатарластары «Мұзжарғыш» атаған І.Есенберлин өзінің бір жазбасында: «Мен көздеген тақырыбымның ішінде жүзіп жүрем ылғи», — депті. Демек, жазушының көкейінде — Кене хан, қиялында — Қазақ хандығы, есінде — Есім хан, қаперінде — Қасым хан, жадында — Жəнібек пен Керей хандар, ділінде — Дешті Қыпшақ, ақыл-ойында — Алтын Орда дəуірі, арманында азаттық болған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиетіндегі мұрты бұзылмай жаткан тарихи тақырыптың алғашқы мұзжарғыш кемесі Ілияс Есенберлин болғанын əсте ұмытпауымыз керек.

«Алмас қылыш» та, «Жанталас» та, «Қаһар» да тарихшылардың айта алмағанын айтып, жаза алмағанын жазып, тарих материалдарын мол қамтығандықтан, жұртшылық назарын аударды. Ұлттық сезімге шөліркеген жандардың сусынын Есенберлин романдары басты. Жалпы, «Көшпенділер» трилогиясы — қазақты тарихпен тəрбиелеген, қазақтың тарихи жадысын өткірлеген, қазақ жастарының санасына «Алаш», «Тəуелсіздік», «Қазақ хандығы», «Қазақ мемлекеті» жəне тағы басқа тарихи ұғымдарды өшпестей етіп сіңіріп кеткен аса құнды туынды. Бір сөзбен айтқанда, əйгілі жазушы өз тарихи романдарымен қазақ халқының мыңжылдық өмірін бейнелеп, өшпес рухты суреттеп ұлы ерлік, ұлы еңбек жасады. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы кез келген ұлттың мəдени өмірінде бір ғасырда, мүмкін бірнеше ғасырда, бір рет қана дүниеге келетін əрі сирек, əрі ғажайып алып туынды. Сондықтан да бұл еңбек 1980 жылы Ленин атындағы сыйлыққа ұсынылғаны белгілі. Бірақ сол кездегі ең жоғары дəрежелі сыйлыққа өтпей қалды.

Бүкіл ғұмырын елінің сан ғасырлық тұрлаулы-тұрлаусыз тағдырын көрсетуге арнаған қаламгер үшін бұдан ауыр соққы бола ма?

Бақталастар мен қызыл партия сарбаздары Кремльге дейін арыз айдады. Тұрпайы сынның тезіне салып жазушыны атқа теріс мінгізбек болды. Сол уақытта əйдік қаламгердің қандай ауыр айыптауға ұшырағанын мына бір жалған пікір айғақтай түседі: «Есенберлиннің кітаптарын тез шығаратыны сонша, тіпті оқып та үлгере алмайсың. Өз басым, қолтаңбасын жазып, сыйлаған кітаптардың бəрін оқып жүрмін. Есенберлин маған кітабын сыйлаған емес. «Хан Кенені» орыс тілінде оқып шықтым. Кітап біршама жаман жазылмаған. Кенесары — бүкілодақтық масштабта əшкереленген адам. Ол туралы қаулы осы уақытқа дейін бар күшін əлі жойған жоқ. Осыдан кейін мұндай кітаптың қалай жарық көргеніне қайран қаламын. Тарихта екі Кенесары болған жоқ, біреу-ақ болған. Ендеше, Қазақстан ОКП бұл кітаптың шығуына неге рұқсат берді? Кенесарының іс-əрекетіне көзқарас, қатынас біреу-ақ болуы керек. Оның іс-əрекеті Россияға жат, қарсы жүргізілді. Ал, біздің Орталық Комитеттің қолдауымен осындай адам туралы кітап шығып отыр. Жұрт жабылып осы кітапты оқып жатыр. Біраз адамдар, студенттер ұлтшылдық ұрандар көтеріп жүр. Біз хандарды мақтауға неге жол беріп отырмыз? Əрине, ескіні жазуға мен қарсы емеспін, бірақ хандық құрылысты мадақтаудың қаншалық қажеті бар еді? Халықтардың арасын ашып, араздастырған, тарих əшкерелеген осы бір өлікті қайта тірілтудің қаншалық қажеті болды? Бұл кітап жастарға керісінше əсер етіп, ұлтшылдық сезімін өршіте түседі» [11].

Елдегі осындай сыншылардың салқыны тисе керек, КОКП Орталық Комитетінің идеологі А.Яковлев «Против антиисторизма» деген мақаласында «Қаһар» романын Кенесары хан қозғалысын əсіре дəріптеп, мадақтаған себепті ұлтшылдықты қоздырады деген айып тақты. Ал Орталық Комитеттің бас хатшысы Л.И.Брежнев бір алқалы жиында «Қазақстан қайдағы бір Кенесары дегенді тауып алды» деп қатқыл үнмен зілді сес көрсетті.

Міне, осындай алмағайып кезеңде қаймықпай, қаламын қоғамның қажетіне жаратқан қабырғалы қаламгерді қайраткер ғана емес, қаһарман деуге толық негіз бар.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  ретінде  қорытындылап  айтсақ:  Ілияс        Есенберлиннің «Көшпенділер» жəне «Алтын Орда» трилогиялары (басқа он бір кітапты есептемей-ақ  қойғанда), бізді мыңдаған жылдық тарихы бар ұлт екенімізді айдан анық дəлелдеп берді. Жазушының осы екі трилогиясын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық өзектілігін арттыратын көркемдік фактор екенін дəлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция əкелген шығармалар деуге болады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.