Тарих

Мақалада жалпы сапа, қызмет көрсету сапасы, білім беру сапасы, сапа элементтері жəне оны жоғарлату əдістері туралы теориялық тұрғыдан сөз қозғалды. Автор өз зерттеуімен елімізде əрбір адамның көкейінде жүрген, алайда басшылардың немқұрайды қарайтын, күрмеуі көп білім беру қызметінің сапасын көтеруге кішкене болса да үлес қосуда.
2014

Мақалада қазіргі замаңғы өзекті мəселелердің бірі — Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы саяси-дипломатиялық күрес жаң-жақты қарастырылды. Иран өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа негізделгенін сендіруде. Алайда батыстық елдер Тегеран жаппай қыру қаруын əзірлеуге ниеттеніп жүр деген күдікті алға тартуда. Авторлар Иранның халықаралық қауымдастық өкілдерімен ядролық бағдарламасына қатысты қарым-қатынастарының даму эволюциясына шолу жасап, Ислам Республикасының АҚШ-пен қарама-қайшы қатынастарына толығырақ тоқталды. Иран ядролық мəселесі айналасындағы қазіргі жағдайды сараптай отырып, Иран ядролық бағдарламасына   қатысты «алтылық» мемлекеттер арасында келіссөздер барысында қабылданған тарихи маңызы бар Уақытша келісім жан-жақты зерттелді.
2014

Мақалада Орталық Азия елдеріндегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі су ресурстарының орны мен рөлі қарастырылған. Аймақтағы трансшекаралық сулардан туындап отырған сұрақтардың шешілу жолдарына сараптама жасалған. Су-энергетикалық мəселелерді аймақтық деңгейде шешу үшін халықаралық тəжірибені  қолдану  қажеттілігі аталған.  Су  ресурстары  ұлттық қауіпсіздікті  сақтауда «қауіпсіздік» ұғымының негізгі компоненттерінің бірі екендігі жайлы тұжырым жасалған
2014

Мақалада 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде саяси билікке келген большевиктердің III Коммунистік Интернационалды құрып, оны сол кездегі халықаралық аренадағы «дүниежүзілік революция штабына» айналдыру жолындағы əр түрлі əрекеттері кең түрде баяндалды. Осыған байланысты Коминтерннің көптеген елдерде коммунистік партияларды, жұмысшы жəне ұлт-азаттық қозғалыстарды қолдау арқылы, сол мемлекеттерге социалистік революцияны экспорттау саясаты, тыңнан кірістірілген көптеген құжаттар мен деректерге сүйеніп, тарихи объективизм негізінде жан- жақты көрсетілді
2014

Белгілі ғалым, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Рашит Саттарұлы Каренов 70 жаста
2014

Мақалада Қазақстандағы патриотизм мəселесінің дамуына жəне қазақстандық патриотизмдік идеяны қалыптастырудың бағыттары мен тиімді жолдары қарастырылды. Ұлы, көрнекті ойшылдар мен мемлекеттік қайраткерлердің «патриотизм» түсінігіне берген анықтамалары келтіріліп, патриотизм жан-жақты зерттелді. Автор патриотизм мəні, ерекшелігі, патриоттық сана түсініктерін сипаттай келе, ұлтшылдық идеясы мəселесін ашып көрсетті
2014

Мақалада Орта жүзге кіретін Уақ тайпасының шежіресіне ерекше көңіл бөлінген. Жазу-сызуымыздың көп уақыт кенже қалып келу салдарынан Уақ тайпасына жататын рулардың шежіресі  ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша жетіп отырғаны туралы айтылған. Уақ тайпасының атақты батырлары жөнінде құнды мəліметтер берілген. Осы тайпаның жеке аталарын тарату Қазақ энциклопедиясының əр томынан алынған деректермен дəйектеліп отырғаны көрсетілген.
2014

Мақалада «саяси қатысу» түсінігі ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Автор саяси үдерістерге азаматтардың қатысуы жаңа тұғырнамалардың көмегімен бағаланатынын ескертеді. Саяси қатысу саяси зерттеу объектісі бола отырып, демократиялану барысындағы көптеген əлеуметтік-саяси өзгерістерге жауап беруге көмектеседі.
2014

Мақалада қазақ халқының сана болмысы жəне оның тарихи негіздері анықталған. Халықтың төл санасы, тілі, ойлау жүйесі, ділі (менталитеті), салт-дəстүрі, мəдениеті жиылып келіп, халықтың сана болмысын құрайтыны белгілі. Авторлар қазақ халқының сана болмысын анықтауда қазақтың ұлттық тілінің ерекшелігіне, тəлім-тəрбиелік даналығына, ұлттық рухы көрініс табатын сөз өнеріне жүгінеді.
2014

Мақала əлемдік ғылым, білім мен мəдениет тарихында өзіндік үлкен орны бар, қазақ  тарихының атасы атанған ұлы ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған. Автор ғұлама ғалымның мұрасын жан-жақты зерделеуге талпынған. Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегі ақындық қуатпен, жазушылық шеберлікпен, көркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды деген қорытынды жасалған. Кемеңгер ойшылдың «Жаһаннаме» атты поэтикалық шығармасына назар аударылған.
2014

Мақалада ескіден келе жатқан жер-су атаулары — халық жадының, ұлттық, тарихи сананың жарқын көрінісі, Орталық Қазақстанның ауқымды өңірлерінің бірі болып келетін «түркі əлемінің бесігі» — Ұлытау өңірінің топонимикасы зерттеліп, топонимикалық жүйесіне талдау жасалды. Қазіргі кезде еліміздің ономастикалық сұраныстардан туындаған, тарихи топонимика зерттеулері қарастырылды.
2014

Мақалада тарих ғылымында біршама жаңа бағыт саналатын күнделіктілік тарихы жөнінде айтылған. Күнделіктілік тарихының, яғни Батыстың гуманитарлық жүйесінде тарихи-антропологиялық жаңа бағыттың, пайда болуы қарастырылған. Зерттеудің басты мəселесі болып «күнделіктілік тарихының» жəне оның қайнар көзінің пайда болуы, «күнделіктілік» ұғымының құрылымы мен мазмұны, күнделіктілік тарихының пəні, күнделіктілік тарихын зерттеудің əдістері саналады. Сондай-ақ жұмыста осы бағыттың негізін салғандардың теориялық өңдеулері мен күнделіктілік тарихының негізін қалаушы мектептер жұмысы талданды. ХХ ғасырдағы Батыс оқымыстыларының күнделіктілік бойынша жұмыстарындағы тарихнамалық мəселелер мен негізгі теориялық-концептуалдық заңдылықтар зерттелген.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.