Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Саяси қатысу зерттеу объектісі ретінде

Əр текті ұлттардың, халықтардың қоғамдық құрылыстарының ерекшеліктеріне сəйкес билік жүргізу əдісінде жəне саяси өмірінде ешбір елде қайталанбайтын өзіндік бір көрініске ие болатындығы жайлы ежелгі фəлсафашыларға жақсы таныс болған. Геродот, Тацит, Полибий, Цезарь, Светоний Транквилл скифтердің, германдықтардың, галлдардың, римдіктердің қоғамдық-саяси құрылысы мен билікке күрес барысындағы іс-əрекеттері жайлы көптеген еңбектер мен қолжазбалар қалдырған. Бұл тұстағы саяси қатысу мəселесі шектеулі болды. Тек белгілі бір еркіндіктер мен бостандықтарға ие «Полис» азаматтары ғана қоғам өміріне маңызды болып табылатын шешімдерді талқылауға жəне қабылдауға қатыса алған.

Аталмыш ғалымдардың саяси құбылыстар жайлы тұжырымдамалары мен ойлары саясаттанудағы көптеген жайттарға көңіл бөлуге жол ашады. Соның ішінде саяси қатысу мəселесі де бар.

Саяси қатысу мəселесін өзекті етіп қарастыруда, оны маңызды ғылыми–зерттеу саласы етіп бедерлеп көрсетуге көптеген атақты ойшылдар да өз үлестерін қосқан. Аристотель, Н.Макиавелли, Дж.Локк, Сенека, А.Смит, Г.Гегель жəне басқа да көптеген ғалымдар мемлекеттік құрылыс пен саяси «ритуалдарға» қатысу, билікке күрес барысындағы адамдардың іс-əрекеттері жайлы азулы еңбектер мен қолжазбалар қалдырған.

Бүгінгі қоғамдық ғылымдарда саяси қатысудың мазмұны мен формаларына қатысты əрқилы пікірлер орныққан. Мəселен, əлеуметтанушы Ф.Теннис саяси қатысу мəселесін қоғамның дамуымен байланыстырады. Ф.Теннистің пікірінше, қоғам дамуы барысында «қауымдастық дəуірі» мен «қоғам дəуірін» өткереді. Бірінші дəуірінде негізгі субъект қауымдастық болады. Екінші дəуірінде субъект мемлекет болып табылады [1]. Яғни, екінші дəуірінде мемлекеттік немесе қоғамдық істерге қатысу «ритуалы» туындайды. Ол тұстағы «ритуалдар», Ф.Теннистің түсіндіруінше, саяси қатысу қызметін атқарған. Мұны əлеуметтанушы Р.Макайвердің сөзімен түсіндіргенде: «Индейц-юрктер мен андаманцтарда шіркеулері болмаса да діншіл болып келеді. Сол тəрізді мемлекеттілігі жоқ, алайда олар белгілі бір деңгейде саяси болып табылады» [2].

Мұндай пікірге əр түрлі дəстүрлі қоғамдарды (Индонезия, Нигерия жəне т.б.) зерттей келе, К.Герцте келеді. Оның пікірінше, рəсім (церемония) саясатты қозғаушы күш болған жəне рəсім саясаттың формасы емес, оның мазмұны [1].  Бүгінгі  қоғамда  да, дəстүрлі қоғамдарда  да  халық  тек «көрермен» ретінде қаралған. Халықтың міндеті — өздеріне тиесілі ритуалдардың бөлігіне қатысулары арқылы басшының билігін легитимді ету. Билікті мойындайтындықтарын белгілі бір көріністер (ритуалдық билер, өзгеде салтанатты іс-шаралар) арқылы бекіту. Осыдан байқайтынымыз, əр дəуірдің өзіндік тіршілік ортасы мен қоғамдық өмір ерекшеліктеріне сəйкес саяси қатысу формалары орнаған.

М.Фуконың пікірінше, қазіргі саяси феномендер Ағарту дəуірінде XIX ғасырларда пайда болған [3]. Оның ішінде саяси қатысу мəселесіде бар. Ал, К.Мангейм бойынша, саяси қатысудың саяси тұрғыдан жетіліп, орнығуы — XX ғасырдың екінші жартысы. Осы тұстан бастап демократияның  мазмұны өзгереді. Азаматтардың саясатқа қатысуының артуы қоғам өмірінің бүкіл дерлік салаларының іргелі демократиялануына əкеледі. Бұған дейінгі демократияны толыққанды демократия деп атауға келмейді. Себебі «тұрмыстық жəне білімдік салаларда саяси маңызы бар топтардың ғана мүдделерінің басымдылығын білдірген» [ 4 ].

Алайда, тек ХVІІ–XIX ғасырларда саясаттану ғылымында саяси қатысу мəселесінде жүйелік зерттеу  бағыты  анықталады.  Осы  аралықтағы  саяси  қатысу  мəселесіне  қатысты  тың   зерттеулер демократияның қазіргі теорияларының негіздерін салған батыс ғалымдарының есімдерімен байланысты. Олардың қатарында Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Дж.Милль, Т.Джефферсон, Алексис де Токвиль жəне тағы басқалар саяси қатысу мəселесін демократияның өзегі, негізгі тірегі ретінде қарастырады. Мəселен, Дж.Локк пен Ш.Л.Монтескье либерализмнің басты принципі жеке бас бостандығын алға тартады. «Заң жоқ жерде, бостандықта жоқ», — деп санаған Дж.Локк. Бостандық, Дж.Локк жалғастырады, заң шеңберінде жеке мүмкіндіктерді пайдалану [5]. Азаматтарға саясатқа араласу мүмкіндігі, заң жүзінде бекітіле отырып, берілген. Жəне де саясатқа қатысу, қатыспау еркі де берілген. Саясатқа қатысу табиғи заңдардың қатарында. Сондықтан азаматтардың мемлекеттік саясатқа араласуына ешкім тыйым сала алмайды. А.Токвиль Американың демократиялық мемлекетке айналуының сырын азаматтардың өз ойларын еркін жеткізе алуы мен мемлекеттік саясаттың ашық талқылау негізде жүргізілуінен көреді.

Саяси қатысу мəселесін қарастырудағы зерттеулер мен ілімдердің жаңа бағыттарының туындауы көрнекті батыстық зерттеушілердің есімдерімен байланысты. Осы мəселеге қатысты қалам тартқан Р.Даль, М.Конвей, Р.Миллс, С.Липсет жəне тағы басқалардың зерттеулері саяси қатысуды жаңа деңгейге көтерді. Аталған ғалымдардың зерттеулерінде саяси субъектілердің саясатқа тікелей немесе жанама қатысуы (қатыспауы) теориялық жəне эмпирикалық деңгейде жан-жақты зерттелген.

Дегенмен, батыстық саясаттануда саяси қатысудың орны мен рөлі саяси үдерістерде біржақты анықталмаған. Сол себепті батыстық зерттеулерде орын алған теорияларды украиндық ғалым Э.Клюенко   [1]   екі   топқа   бөліп   қарастырады.   Бірінші   топқа   саяси   қатысуды   қоғамға үлкен «конструктивті» əсері бар деп қарастыратын теорияларды жатқызады. Екіншіге саяси қатысуды қоғамның саяси өмірінде шынайы мүмкіндіктерін толық орындай алмай жүр деген теорияларды жатқызады. Оны ғалым «сыни» («критический») деп атайды.

Бірінші топқа құрылымдық функционализм жəне шиеленіс (қақтығыс) теорияларының жақтастарын жатқызуға болады. Бұл екі теорияда саяси өмірдегі саяси қатысу құбылысын өз қырларынан қарастырады. Функционализм саяси қатысуды əлеуметтік жүйенің тепе-теңдігін ұстап тұратын саяси жүйенің маңызды элементі ретінде қарайды. Мəселен, Т.Парсонстың пікірінше, саясат əлеуметтік жүйенің басты жүйенің бірі, қызметі – бағыт бағдар беру. Ал саяси қатысу — осы жүйешіктің элементтерінің бірі [6]. Р.Мертон үшін саяси қатысу — «саяси машинаның» басты тетіктерінің бірі [7]. Осы тетіктердің көмегімен, С.Липсет жалғастырады, қоғамдағы демократияның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Яғни əр түрлі əлеуметтік топтар үшін шешім қабылдау құрылымына кіру жолы ашылады [8]. Б.Барбердің пікірінше, «саяси қатысу — жоғарғы əлеуметтік таптардың үстемдігін шектеу тетігі» [9]. Сонымен, бұл бағыттың жақтастарының пікірінше, саяси қатысудың басты функциясы — демократияны жүзеге асыра отырып, əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Шиеленістік парадигма шеңберінде саяси қатысу қоғамдық дамуды қоздырушы факторлардың бірі ретінде қаралады [10]. Яғни батыстық шиеленістанушылар үшін саяси қатысу саясаттағы институцияланған шиеленістің бір түрі. Мəселен, Л.Козердің [11] түсіндіруінше, саяси қатысу — қоғамда жинақталған негативті эмоциялар мен наразылықтарды шығару жолы.  Шиеленістік теорияны жақтаушылардың пікірінше, саяси қатысу — бағытталатын жəне басқарылатын конструктивті шиеленіс. Осы орайда Р.Дарендорф [12] демократия жағдайындағы саяси қатысу қоғамдағы əлеуметтік таптардың арасындағы реттелген дискуссиясы деп атайды.

Д.Белл постиндустриализм теориясында саяси қатысу мəселесінің болашағына оң көзқараспен қарайды. Зерттеуші азаматтардың казіргі таңда саяси қатысуының белсенділіктерінің артқандығын айтады. Алайда бұл болашақта шиеленістік жағдайды тудыруыда мүмкін екендігін ескертеді. Д.Белл ескертулерінің жаны бар. Бүгінгі батыс елдерінде орын алып отырған «бейбіт» наразылықтар (соңы көліктерді өртеумен, дүкендерді қиратумен аяқталады) саяси қатысу аясының ұлғайғандығын байқатады.

Супериндустриалды қоғамның төртінші толқынында, Э.Тоффлердің пікірінше, саяси қатысудың аясы тіптен кеңейе түседі. Бұл эволюциялық дамудың нəтижесі. Қоғамның дамуы кезінде туындаған шиеленістердің қоғамда орын алуынан демократиялық қатысу формалары қалыптасады. Осындай дамулардың нəтижесінің бірі — жаңа ақпараттық технологиялардың пайда  болуы. Телекоммуникациялық технологиялар болашақта «азаматтардың саяси шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуының көптеген жолдарын ашады» [13]. Саяси өмірге кезкелген азамат үйінен шықпай-ақ қатыса алатын болады.

И.Масуданың пікірінше, электронды коммуникациялық құралдардың дамуы болашақта демократияның болмысын өзгерте отырып, бүгінгі біздің түсінігіміздегіден өзгеше демократия формасына əкеледі. Электронды коммуникациялық құралдар тікелей демократияның басты құралына айналуына байланысты болашақты «компьютопия» деп атайды [14]. Адамдар өздерін «техникасыз» елесте алмайтын жағдайға келеді. Қоғам өмірінің бүкіл салаларының ақпараттануы Оруел «1984» атты еңбегінде жазған болжамдардың бəрінің шындыққа айналуына əкеледі.

Екінші топқа жататын зерттеушілер саяси қатысуды сыни салқындықпен қарастырады. Бұл бағыттың өкілдерінің пікірінше, саяси қатысу, оның ішінде халықтың саясатқа қатысуы — «болмашы қиял», «иллюзия». Г.Маркузенің [15] пікірінше, бұқара басқарушы саяси элитаға ешқандай қысым жасай алмайды. Ол демократияның басты міндеті «халық билігінің» көрінісін ғана жасайды. П.Сорокин [16] осы пікірді жалғастыра келе, «ерікті азаматтар саясатта «нөлдік» белгіге тең» жəне «билік халықтың беделін пайдалана отырып басқарады. Соның атынан сөйлейді. Алайда халықтың атынан сөйлей отырып, өздерінің жасырын істерін бүркемелеуге тырысады». Осы тектес пікірлерді Ч.Р.Миллс, Т.Адорно, Ю.Хабермас жəне басқа ғалымдар білдіреді.

Азаматтардың саяси өмірге қатысуын, оған əсер етуші факторларды С.Верба, Г.Алмонд, М.Каазе, Дж.Ким, Л.Милбрайт, Н.Най, Г.Перри жəне басқалары жан-жақты қырынан қарастыруға тырысады. Аталған ғалымдар саяси қатысуды саяси жүйенің шеңберіндегі құбылыс  ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық-мəдени дəстүрлер, саяси мəдениет құбылыстарымен байланыстыра қарастырады. Саяси қатысуды, Г.Алмонд пен С.Вербаның пікірінше, «белсенді азамат құндылықтарын терең сезінгендер ұстап тұр» [17]. Ондай сезімдердің басым болуы азаматтарды саяси құрбандыққа немесе қоғамда орын алған өткір мəселелерді шешуге белсене араласуына əкеледі. Ол экологиялық қозғалыстарға, партияларға мүше болу жəне заңды жолдар арқылы өз ойларын ресми билікке жеткізуге ұмтылудан көрінеді. Ал, неміс ғалымы М.Каазенің пікірінше, «саяси қатысуға саяси жүйенің əр түрлі деңгейлерінде шешім қабылдауға азаматтардың ерікті түрді əсер етуге бағытталған кез келген іс- əрекеттері жатады» [18].

Отандық ғылымда «саяси қатысу» мəселесінің көтерілуі кеңестік ғылым тарихынан бастау алады. Кеңестік ғылыми ортаға «саяси қатысу» ұғымы шамамен ХХ ғасырдың бас кезінде енді. Алайда жекелеген саяси ұғым ретінде 1950-жылдары ғана бірте-бірте қолданыла бастады. Тек екі он жылдықтардан кейін ғана бұл ұғымға жан-жақты ғылыми талдау жасалды деуге болады.

Осы себепті де 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында Ресейде  саяси қатысу мəселесіне қатысты еңбектер жарық көрді. Сонымен қатар ресейлік шындыққа сəйкес бейімделген зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Осындай зерттеулердің қатарына Д.Гончаровтың монографиясын жатқызуға болады [19]. Ол саяси қатысу институтын өте күрделі əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде түсіндіруге тырысқан алғашқы еңбектердің бірі. Алайда «саяси қатысу» ұғымының табиғаты мен демократиялық жолдарының мəн мағнасын толық ашып көрсете алмады.

Соңғы жылдары саяси қатысу мəселесі Д.В.Макаров, Д.В.Коннычев, Э.В.Чекмарев еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Сайлау үдерісі барысындағы саяси қатысу формалары мен жастардың саяси белсенділіктері С.Н.Захаров, В.В.Инютин, О.М.Карпенко, И.А.Ламанов зерттеулеріне арқау болған. Саяси қатысу ресей ғалымдарымен зерттеліп, ой-түйіндер жасалып жатқан мəселелер санатында.

Қазақстан саясаттану ғылымында саяси қатысу мен саясатқа қатысу жолдары туралы жеке əрі көлемді зерттеулер өте аз. Алайда саяси қатысуды қоғамдағы жекелеген топтардың саяси белсенділігімен, демократиялық жаңарулар үдерістерімен байланыстыра жəне саяси əлеуметтену мен саяси мəдениет ерекшеліктеріне баса назар аударатын, жалпы теориялық дəрежеде қарастыратын зерттеулер баршылық. Бүгінгі Қазақстан ғылымында саясаттағы жастардың, əйелдердің, саяси немесе қоғамдық ұйымдардың, жалпы азаматтардың орны мен саяси қатысу аспектілеріне қатысты зерттеулер баспаға беріліп, жарық көруде.

Мəселен, саясаттанушы Г.Алтынбекова бүгінгі қоғамдағы өзекті мəселелер санатындағы саяси қатысудың гендерлік аспектілерін жете зерттеумен айналысуда. Г.Алтынбекованың пікірінше, «саяси қатысу дегеніміз — əлеуметтік-саяси қауымдастықтың мүшелерінің жеке немесе топтық  негізде саяси шешімнің қабылдануына əсер етуге жəне əр түрлі деңгейлерде — жергілікті, аудандық, жалпыұлттық, жетекшіні сайлауға, атсалысуға бағытталған іс-əрекет» [20].

Қазіргі саяси ғылымда саяси қатысу табиғатын анықтауда қайшылықтардың орын алуы бекер емес. Ол бүгінгі ғылымда саяси қатысу табиғатын зерттеудегі əдіс-амалдардың сан алуан түрлерінің дамуы мен зерттелу мəселесінің сан қырлылығымен байланысты.

Соның бір көрінісі саяси қатысуды зерттеуде қоғамда орын алған иррационалды құбылыстарға қатысты зерттеулердің көмегі зор екендігі сөзсіз. Əсіресе саяси мəдениеттің саяси қатысудың иррационалды жақтарын түсініп білудегі рөлі зор. Қазақстан ғылымында да саясаттағы иррационалды аспектілерге қатысты зерттеулер жоқ емес. Оларда субъектілердің саясатқа қатысы, мінез-құлқы, саяси мəдениеті, саяси əлеуметтенуі сияқты мəселелер кеңінен талқылануда. Себебі саяси мəдениет нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тəртіптің мəнін, қоғамдық топтар ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын жəне бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мəдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен əр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі жəне сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей əсер етеді [21].

Кейінгі еңбектерде ғана саяси қатысудың түпкілікті көріністері айқындалып, ғылыми «мүсіні» біртіндеп кескінделе түседі. Əсіресе бұл мəселе төңірегінде отандық саясаттанушы Г.Нұрымбетованың қазақстандық шындыққа сəйкес жүргізген ғылыми зерттеуінде саяси қатысу мəселесіне жан-жақты талдау жасалған [22]. Саяси ілімдер тарихында, саяси тəртіптер шеңберінде саяси қатысуға қатысты тұжырымдар жете зерттелген. Жəне де Қазақстан азаматтарының саяси қатысуы қолданбалы зерттеулер көмегімен дəлелдене қарастырылған.

Сонымен қатар аталмыш ғалымдар саяси қатысуды зерттеу қиындығымен қатар, оны этимологиялық жағынан да анықтаудың оңай еместігін айтады. Себебі батыстық саясаттанушылар саяси қатысуды «демократия», «менталитет», «идеология», «сенім», «құндылық», «белсенділік» сияқты ұғымдардың аясында немесе солармен байланыстыра қолданады. Оның үстіне отандық жəне ресейлік зерттеулердің басым көпшілігінде «саяси қатысу» ұғымы моральдық-саяси сипаттағы «саяси сана», «саяси мəдениет», «саяси əлеуметтену» мəселелерімен мəндес немесе олармен бүркемелене қолданылуда. Осы тектес құбылыстар саяси қатысуды анықтауда өзіндік кедергілерін келтіруде.

Саясатқа қатысу табиғатын нақтылы саяси қатысудың қандай түрлері болатындығына тоқталмайынша, ашып көрсетуге болмайды.

Саяси қатысу ретінде индивидтің саясаттағы іс-əрекетін немесе оған қатысты қатынасын қарастырады. Жəне де мұндай қарым-қатынас пен іс-əрекеттердің шеңберлері айқын анықталған. Осыған сəйкес саяси қатысудың екі түрін бөледі: тікелей жəне өкілдік. Тікелей азаматтардың өздерінің саяси шешім қабылдауға қатысуын айтамыз. Өкілдік өзі емес, өзінің атынан сөйлейтін адамды тағайындауы.

Алайда саясатқа қатысудың мазмұны, себептері, жолдары саяси тəртіпке, территория көлеміне, халық санына жəне т.б. жайттердің əсерінен өзгеріп отырады.

Батыстық   əлеуметтік-саяси   ғылымдарда   саяси   қатысудың   екі   түрін   бөледі:   біріншісі  —«конвенционалды», екіншісі — «конвенционалды емес». Олардың əрқайсысының өзіндік құрылымы болады.

  1. «Конвенционалды» саяси үдерістерге тұрақты саяси жүйе жағдайында легитимді түрде қатысуы. Яғни, демократиялық саяси үдерістерге кедергі келтірмейтін іс-əрекеттерді айтамыз. Американдық саясаттанушылар К. Джанда, Дж.Берри жəне Дж.Голдман конвенционалды қатысудың екі түрін бөледі:

Біріншісі, билік пен саяси жүйені қолдайтындықтарын білдіруге бағытталған іс-əрекеттер – белгілі бір оқиғаларға қатысты өткізілетін мерекелік іс-шараларға қатысу, сайлау науқанына бақылаушы есебінде қатысу. Тіпті мемлекеттік нышандар белгіленген төс белгіні тағу, байрақты көтеруге қатысу. Бұл мемлекетті, жалпы саяси жүйені жанама түрде болсын қолдайтындығын білдіреді.

Екіншісі, билікке қысым жасауға немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір жақтарын өзгертуге бағытталған іс-əрекеттер. Бұған мынадай қатысу түрлері топтастырылады: а) белгілі бір сайлаушылар тобының мүддесін білдіретін партияға немесе үміткерге дауыс беру; ə) қоғамдағы белгілі бір өткір мəселелерге назар аударту мақсатында ресми билік өкілдерімен байланыс құру; б) инициативтік қозғалыстар (референдум өткізуге қол жинау, билік өкілдеріне немесе БАҚ-қа хат жолдау); в) ресми рұқсат етілген шерулерге, наразылық жиындарына қатысу; г) сайлау науқанын қаржыландыру жəне т.б.

  1. «Конвенционалды емес» саяси дағдарыс жағдайында саясатқа қатысу. Бұл не заңды, не заңсыз түрде болуы мүмкін [1; 47].

Конвенционалды емес саяси қатысу «бейбіт» жəне «күш қолдану» жолдары арқылы жүзеге асады. Алғашқысы шерулерге қатысу, наразылық шараларын өткізу сияқты ресми рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысу. Бұлар бейбіт жолмен өтеді. Себебі мұндай іс-шараларға жиналғандардың басым көпшілігінің   мақсаты   —   ресми   билік   өкілдерінің   назарын   қоғамда   орын   алған   əлеуметтік, экономикалық, саяси мəселелерге аудару. Мұндай бейбіт азаматтық бағынбаушылық іс-шаралары өз бастауын М.Ганди мен М.Л.Кингтен алады. Ал, екінші «күш қолдану» түрінде азаматтар шерулерге белгілі бір мақсат қоя отырып шығады. Ол, жоғарыда айтылғандай, жалпы қоғамға ортақ мəселелерді шешу емес, тəртіпсіздік шараларын өткізу. Автокөліктер мен дүкендерді қирату, ресми билік орналасқан ғимараттарды əр түрлі «құралдардың» (жұмыртқа, бояу жəне т.с.с.) көмегімен ластау, қаралау. Мұндай саяси қатысу түрі бүгінгі Еуропа елдерінде кең етек алған. Жəне де жыл санап мұндай іс-əрекеттердің жақтастары мен көшіріп алушыларының қатары артып, саяси «ауа райы» мамыржай саналып келген өзге елдерге де таралуда.

Н.Най мен С.Верба саяси қатысу легальді болу керектігіне баса назар аударады. Легальді өлшемімен қатар легитимді өлшемінде қолданған орынды. Көптеген батыстық зерттеушілер еңбектерінің негізі ретінде Н.Най мен С.Верба ұсынған «конвенционалды» саяси қатысудың он екі түрін қарастырады: 1) президенттік сайлауларға үзбей қатысу; 2) жергілікті сайлауларға əрдайым қатысу; 3) белгілі бір ұйымның қоғамдық қызметтеріне атсалысу; 4) қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге белсенді атсалысу; 5) өзгелерді сайлауға үгіттеу шараларына қатысу; 6) ара-тұра болсын сайлау барысында партияның немесе үміткердің мүддесі үшін жұмыс жасау; 7) жергілікті билік өкілдерімен белгілі бір мəселелер бойынша байланыс құру; 8) жоқ дегенде бір рет саяси жиындарға немесе съездерге қатысу: соңғы үш жыл ішінде; 9) облыс немесе мемлекет басшылығымен қоғамдағы өткір мəселелерге қатысты байланыс құру; 10) аймақтық деңгейдегі мəселелерді шешуге бағытталған топ немесе ұйым құруға мұрындық болу; 11) сайлау науқанында үміткерге немесе партияға қаржылай демеушілік жасау; 12) саяси клубқа немесе ұйымға мүшелік ету [23].

Н.Най мен К.Верба өз зерттеулерінің негізінде конвенционалды саясатқа қатысудың төрт ерекше тұрпаттарын ажыратады, олар: 1) сайлауға қатысу; 2) сайлауалды күреске қатысу; 3) топтық белсенділік; 4) жекелеген саяси байланыстар [20].

1988 жылы американдық зерттеуші Х.-М.Уэлингер қатысудың жаңа құрылымын құрады. Ол мынадай түрлерін көрсетеді: 1) сайлауға қатысу; 2) ерекше мəселелерді шешуге қатысу; 3) партия қызметіне қатысу; 4) азаматтық бағынбаушылық іс-шараларына қатысу; 5) қарсылық, наразылық білдіру [24].

Ағылшын ғалымы А.Марш саяси қатысудың екі негізгі түрін ажыратады: ортодоксалды жəне ортодоксалды емес. Ортодоксалды түріне саяси жүйенің тұрақтылығы мен қызмет етуін қамтамасыз ететін жəне заңды жолдар арқылы қойылған талаптар жатады. Ортодоксалды емес түріне саяси жүйенің тұрақтылығы мен қызмет етуіне қарсы бағытталған талаптар мен іс-шаралар жиынтығы жатады [25].

А.Маршпен   ұқсас   пікірді   Л.Милбрайтта   ұстанады.   Ол   саяси   қатысуды   конвенционалды (легальді, заңды) жəне конвенционалды емес (заңсыз) деп екіге бөледі.

Интенсивтілік деңгейіне тұрақты жəне эпизодты, жүйелі жəне периодикалық деп ажыратады. Л.Милбрайт саяси қатысудың үш негізгі түрін ажыратады: «белсенді» (мемлекеттік  немесе партиялық аппаратты басқару, сайлауға түсу жəне т.б.), «аралық» (саяси жиындарға қатысу, саяси іс- шараларға қатысу жəне т.б.), «бақылаушылық» (шерулерде ұран тақтайшаларын ұстау, саяси пікірталастарға өзгелерді тарту), «апатиялық» – азаматтардың саясатқа аудармауы.

С.Хантингтон іс-əрекеттердің себеп-салдарына қарай саяси қатысуды екіге бөледі: автономды (саясатқа өз еркімен араласу, батыс елдеріне тəн) жəне жұмылдырушылық (мемлекеттің қысымының əсерінен саясатқа қатысу, дəстүрлі қоғамдарға жəне тоталитарлы, авторитарлы тəртіптерге тəн) [26]. Соңғысы  посткеңестік  елдерде  де кең тараған. Себебі  70 жыл тоталитаризм шырмауында     болып, «тəртіп» не айтса, соны істеп үйренген адамдар бірден ерікті азаматтарға айнала алмайды.

М.Вебер «Политика как призвание и профессия» атты еңбегінде саяси қатысудың үш мүмкін деңгейін ажыратады: а) саясатпен кəсіби айналысу; ə) саясатқа «қосалқы» қатысу; б) «жағдайға» байланысты қатысу.

Кəсіби деңгейге өмірлерін саясатқа арнаған саяси жетекшілер мен саяси жетекшілерге кəсіби қызмет көрсетушілер: партия жетекшілері, шенеуніктер, саяси технологтар, тілшілер жəне т.б. жатады.

Екінші деңгейге қоғамдық ұйымдар мен партиялардың белсенділері жатады. Саяси шерулерге, сайлауларға бақылаушылар ретінде қатысса да, саясаттан өзге мүдделерінің жоғарылығынан осы деңгейге жатқызылады.

Үшінші деңгейге басым көпшілік азаматтар жатады. Олардың саяси қатысуы сайлау мен билікке қолдау, не қарсылық білдіруден аспайды. Н.Ильиннің сөзімен айтқанда, «адамдар төрт жылда бір рет демократия жағдайында өмір сүреді» — парламент немесе президентті сайлау күні [27].

Бүгінгі күні мойындалған жəне кең тараған саяси қатысудың түрлеріне мыналар жатады:

  • заңшығарушы, атқарушы жəне сот орган-субъектілеріне өкілдерді сайлауға қатысу;
  • референдум, маңызды мемлекеттік құжаттарды талқылауға;
  • саяси партияларға, кəсіподақтарға, клубтарға жəне өзге қоғамдық-саяси  бірлестіктерге  мүше болу;
  • əр түрлі саяси шараларға, кампанияларға қатысу;
  • саяси шерулер, ереуілдер, пікірталастар жəне т.с.с. атсалысу [28].

Азаматтардың саяси қатысуында объективті жағдайлармен қатар (саяси мəдениет, елдегі саяси ахуал) субъективті жағдайларда үлкен роль ойнайды, яғни, азаматтардың саясатқа қатысу себептері, құндылықтары, білімі, қажеттіліктері [20].

Саяси қатысуды белсендендіретін факторлардың қатарында азаматтардың əлеуметтік- экономикалық мəртебесі (білімі, кəсібі, табысы), сонымен қатар жас ерекшеліктері мен жынысы да үлкен рөлге ие.

Сонымен байқағанымыздай, саяси өмірге қатысу мəселесі ғалымдарды ертеден бері ойландырып келе жатқан саяси мəселелердің қатарында екендігі. Саяси қатысу мəселесіне қатысты пікірлер мен ұстанымдар əр дəуірде орын алған саяси тəртіптер мен саяси ғылымдағы тұғырнамаларға сəйкес өзгеріп, əр текті талқыланып отырылған. Бүгінгі таңда саяси қатысу — демократияның басты өзегі. Сол себепті де, демократияға бет бұрған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі азаматтардың саяси өмірге қатысу тетіктерінің заңды жолдарын құрып, оны қамтамасыз ету болып отыр.

Қорыта айтқанда, саяси қатысу дегеніміз — азаматтардың мемлекеттік істерге демократиялық жолдар арқылы атсалысуы жəне өз ойларын немесе қоғамда орын алған мəселелерге қатысты өз ұстанымдарын бейбіт түрде жеткізулері.

 

 Əдебиеттер тізімі

 

  1. Клюенко Э. Политическое участие: теория, методология и измерение с применением метода шкалограммирования по Гутману // Социология: теория, методы, маркетинг. — 2005. — №
  2. Макайвер Р. Реальность социальной эволюции // Американская социологическая мысль / Под ред. В.И.Добренькова. — М.: Изд-во МУБП, 1996. — С.
  3. Фуко М. Воля к истине: по ту сторону знания, власти и сексуальности / Пер. с фр. С.Табачниковой. — М.: Касталь, 1996. — С. 237–246.
  4. Манхейм К. Человек и общество в эпоху преобразования // Манхейм К. Диагноз нашего времени / Пер. с нем. и англ. М.И.Левина, С.В.Карпушиной, А.И.Миллера. — М.: Юрист, 1994. — С. 289.
  5. Локк Джон. Сочинения: В 3 т. Т. 3 / Пер с англ. и лат. / Ред. и сост., авт. примеч. А.Л.Субботин. — М.: Мысль, 1988. — С.
  6. Парсонс Т. О структуре социального действия / Под общ. ред. В.Ф.Чесноковой и С.А.Белановского. — М.: Акад. проект, 2002. — 877 с.
  7. Мертон Р.К. Явные и латентные функции // Американская социологическая мысль / Под ред. В.И.Добренькова. —М.: Изд-во: МУБП, 1996. — С. 451–461.
  8. Липсет С. Политическая социология // Американская социология / Пер. с англ. В.В.Воронина и Е.Е.Зиньковского.— М.: Прогресс, 1972. — С. 213.
  9. Барбер Б. Структура социальной стратификации и тенденции социальной мобильности // Американская социоло- гия / Пер. с англ. В.В.Воронина и Е.Е.Зиньковского. — М.: Прогресс, 1972. — С.
  10. Коллинз Р. Теория конфликта в современной макроисторической социологии // Философская и социологическая мысль. — 1993. — № 6. — С. 81–99.
  11. Козер Л. Функции социального конфликта / Пер. с англ. О.А.Назаровой. — М.: Идея-Пресс, 2000. — 203 с.
  12. Дарендорф Р. Элементы теории социального конфликта // Социологические исследования. — — № 5. — С. 143.
  13. Тоффлер Э. Третья волна. — М.: ООО «Изд-во АСТ», 2002. — С. 672–686.
  14. Масуда Е. Компьютопия. — М.: Идея-Пресс, 1998. — С. 347,
  15. Маркузе Г. Одномерный человек / Пер. с англ. А.А.Юдина. — М.: ООО «Изд-во АСТ», 2003. — С. 146–165.
  16. Сорокин П. Социальная и культурная мобильность // Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество: Пер. с англ. /Сост. ред. А.Ю.Согомонов. — М.: Политиздат, 1992. — С. 343.
  17. Алмонд Г., Верба С. Гражданская культура и стабильность демократии // Политические исследования. — — № 4.
  18. Marsh A., Kaase M. Measuring Political Action // Barnes S.H., M.Kaase et al. Political Action: Mass Participation in Five Western Democracies. Beverly Hills, CA: Sage Publications, 1979, Ch. 3. — Р. 57–96.
  19. Гончаров Д.В. Теория политического участия. — М.: Юрист, 1997. — 206 с.
  20. Алтынбекова Г. Гендерное измерение политического участия: новые концепции и подходы. — [ЭР]. 
  21. Джаппарова Р. Саяси мəдениеттің қалыптасуы // Саясат. — 2003. — № 8. — 46–48-б.
  22. Нұрымбетова Г. Қазақстан қоғамын жаңартуға азаматтардың саяси қатысуы: Саяси ғыл. д-ры ... дис. — Алматы, 2006. — 277 б.
  23. Verba S., Nue N. Partizipation in America: Political Democracy and Social Equality. — NewYork., 1972. — P.
  24. Словарь по политологии / Под ред. проф. В.Н. Коновалова. — Ростов н/Д.: Изд-во РГУ, 2001. — С.
  25. Шестопал Е.Б. Очерки политической психологии. — М.: ИНИОН, 1990. — С.
  26. Зарубежная политология: Словарь-справочник / Под ред. А.В.Миронова, Г.А.Цыганкова. — М.: Независимый от- крытый университет, 1998. — С. 239–241.
  27. Фабрики мысли и Центры публичной политики. Международный и первый российский опыт / Под ред. А.Ю.Сунгурова. — СПб.: Норма, 2002. — 176 с.
  28. Абдиева Г. О некоторых особенностях становления политической субкультуры в Казахстане // Евразийское сооб- щество. — 2003. — № 4. — С. 20, 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.