Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандық патриотизм идеясын дамытудың негізгі бағыттары

Бүгінгі таңда айырықша маңызды əрі аса өзекті мəселелердің бірі болып табылатын патриотизм, əсіресе осы күндер қазақстандық патриотизм мəселесі, тəуелсіз еліміздің ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп болатын маңызы ерекше өлшемнің біріне айналып отыр. Осыған байланысты, кейінгі жылдары патриотизм мəселелері ғылыми тұрғыдан сарапталып, оның толық мəнін айқындау мақсатында, бұл мəселенің теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерттелуі керектігіне назар аударылды. Патриотизм аса күрделі мəселе болғандықтан, оның бар болмысын бір жұмыста толығымен қарастырып шығу мүмкін емес. Сондықтан патриотизмнің саясаттану ғылымында əлі зерттеле қоймаған кейбір тың тұстарына тоқтала кеткеніміз дұрыс деп есептейміз.

Патриотизм тақырыбы саясаттану ғылымында ерекше орын алатын тақырыптардың бірі екендігі даусыз. Саясаттану ғылымының елеулі нысанына айналып отырған осы «патриотизм» ұғымы, соның ішінде «қазақстандық патриотизм» ұғымы да ұғым ретінде ертеректе пайда болғандығы өткен тарихтан белігілі. Бұдан байқайтынымыз, патриотизмнің қалыптасуының жолдарын жете, барынша толық зерттеу, бүгінгі күннің кезек күттірмес өзекті мəселесіне айналып отыр.

Патриотизм, ұлтжандылық (елжандылық) мəселелері қоғамдық  дамудың өткен кезеңдеріне де тəн болғандықтан, бұл проблемаларды тек қана соңғы жылдардағы оқиғалармен, өзгерістермен шектеуге болмайды. Өткен кезеңдерде патриотизмды, ұлтжандылықты дамытуды əр түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси институттар қатысқаны белгілі. Айтар болсақ, кеңестік идеологияның ұраншылдық, науқаншылдық салдары патриотизмды белсенділіктің құралына айналдырып, бұл ұғымды тым жадағайландырып жіберуі. Сондықтан бүгіндей бұл проблеманың саяси мəні мен жаңа қоғамдағы алар орнын мұқият зерттеу қажеттігі туындады.

Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. «Патриотизм – дегеніміз (гр. рatriotеs — отандас, patrio — отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», —  деп атап көрсетеді [1]. «Патриотизм» ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде əр түрлі өлшемдер қабылданған. Патриотизмнің əлеуметтік, тарихи, саяси құбылыс болғандығында жатыр жəне заманына орай əр түрлі əлеуметтік мəнге ие болуына байланыстылығында. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес Одағы халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына деген достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жаңаша ұғындыру саясаттану ғылымының басты мəселесіне айналып отыр. Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерден де байқауымызға болады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, əлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік жəне топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету жəне оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген. Алайда патриотизм  өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі.

Отан деген — сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның  басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.

Өзіндік салт-санасы қалыптасқан əр тайпаның осы үрдістегі əлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дəстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дəстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, əлеуметтік негізі жəне рухани негізі. Экономикалық негізге — жерге жəне өндіріс құралына деген жалпы тайпалық меншік алынса, əлеуметтік негіз жекелеген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мəселелерді əділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.

Тайпалық дəстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып жəне ол интегративті, нəтижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа əзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дəлелдегі күштілігін көрсетуге тырысты.

Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады.

Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мəселесіне келетін болсақ, ата- бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетілдіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу жəне ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу — əрбір иісі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.

«Патриотизм» ұғымының мəнің ашып, оның Қазақстан тарихынан алар орны  хақында зерттеулер жүргізген ғалымдар елімізде аз емес. Бұл кезекте қазақстандық ғалымдар А.Айталының, Р.Айтқалиевтің, Л.Ахметованың, Б.Əбдіғалиевтің, Р.Əбсаттаровтың, А.Бижановтың, Б.Берлібаевтың, К.Ғабдуллинаның, Ə.Қалмырзаевтың, С.Қозыбаевтың, Ғ.Меңлібаевтың, Д.Раевтың,  тағы басқалардың еңбектерін тілге тиек етпей, кете алмаймыз.

Осы    мəселемен   шұғылданып   жүрген   ғалымдардың   бірі    Ə.Қалмырзаев   былай   дейді:

«Патриотизм, отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан  даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-əлеуметтік құбылыс [2].

Қазақстандық патриотизм туралы айтар болсақ, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бəріне қатысты  дүние» [3]. Оның тұжырымы бойынша, патриоттық сезім адамның туа біткен қасиеті емес, ол белгілі бір əлеуметтік, саяси, тарихи ортада ұзақ жылдар бойында қалыптасатын құбылыс. Өйткені ешкімді де осы елді сүй деп мəжбүрлеп, қолдан патриотизм жасай алмайды. Саяси-əлеуметтік, экономикалық негіздері толық қаланбаған жасанды отансүйгіштіктің ғұмыры қысқа, ертеңі  бұлыңғыр. Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  процесінде   осы  ерекшеліктерді  есте  ұстай      отырып, «Қазақстаным — қара шаңырағым!» деген ұғымның мəніне терең бойлауымыз керек. Бұл сөз ел иесі қазақтардың ғана емес, жерімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстардың айтар сөзі болуға тиіс. Бұл тұрғыдан келсек, қазақстандық патриотизм сөз бен істің ажырамас диалектикалық бірлігінің баламасы болуға тиіс. Үлкен мінберлерден сөз алып, уəдені үйіп-төгіп, кейін сол уəдеден тайкып шығатындардан   патриоттық   қасиет   күту   бос   əурешілік.   Олардың   осындай   іс-əрекеті   халық патриотизміне кері ықпал тигізуі. Қазақстанның дамуы жолында əркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосып, іс-əрекет етсе, онда оның нағыз патриот деп қабылдағанымыз дұрыс болады.

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үрдісінде əрбір адамның мүдделілік сезімі факторына ерекше назар аударуымыз керек. Бұл орайда ғалым Ғ.Меңлібаевтың ой топшылаулары назар аударарлық. Ол патриотизм мен ұлтаралық қатынас мəдениетін саралап келіп, əрбір жеке адамның қоғамдық мүдде мен жеке мүдде арасалмағына қатысты пікірін білдіреді. «Адам бойына сіңген əлеуметтік жəне рухани құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың, ізгіліктің бастауы бола отырып, Отан алдындағы борыш пен міндетті орындауда кездескен қиындықтарды батыл жеңуге құлшындырады. Ол үшін қоғам мүддесі, ұлттық мүдделер əркімнің өзінің, жеке басының мүддесі дəрежесінде қабылдануы  керек» [4].

«Патриотизм» ұғымын бүкіл əлемдік ғылыми мəдениеттегі терең өзгерістер тұрғысынан алатын болсақ, патриоттық тұжырымдама «Батыстық» жəне «Шығыстық» дəстүрдегі  ағымдардың қақтығысы жағдайында өмір сүруде. Батыс демократиясының негізгі белгісі жəне ең беделді ұстанымы — плюрализм.

Плюрализм индивидтердің өзін-өзі көрсетуінің қоғамдық формаларының көп жақтылығын, əр түрлі мүдделердің, құндылықтар мен бағалардың, көзқарастардың қатар өмір сүру құқы бар дейтін нанымды білдіреді. Қазіргі əлеуметтік əрекет кеңістігінде плюрализм əр адам үшін негізгі əлеуметтік бағдарға, өмір сүру стилінің эталонына айналды. Сондықтан кешегі рухани өмірдегі аномалды құбылыстар бүгін легитимдік мəртебеге ие болуда. Сайып келгенде, плюрализм қоғамдағы патриоттық сезімдер мен гуманистік қатынастарға өзінің елеулі ықпалын тигізуде. Осының салдарынан халықтағы ерекше бұқаралық көңіл-күйдің əдеттегіден де көтеріңкі болуын, осыдан туындайтын    тобырлық   сананың    басымдығын,   патриоттық    сезімнің   орнына   космополитизм, пендешілік» пиғылдардың үстем болуын байқауға болады» [4].

Плюрализм көптеген идеялардың, қызығушылықтардың жəне қауымдардың жиынтығын құрай отырып, адамдарды жоғары күрделі интеллектуалды режимінде өмір сүргізеді жəне социомəдениеттік елестетудің басқа масштабын мұқтаж етеді. Плюралистік жүйе қоғамдық құрылымның күрделі түрі болып келеді. Біздің еліміз жалпықазақстандық патриотизмнің негізі бола алатын кең теңестірудің қалыптасқанын мұқтаж етеді. Осындай теңестіру біздің əлеуметтік жəне этномəдениеттік əр түрліліктің жалпы қорытындысы болу керек [4].

Парасатты сананың жалпы адамзаттық іргелі түсініктеріне негізделуге тиіс болған жаңа идеялардың кей ұшқындары, өкінішке орай, кісілік, ар, адамгершілік, отансүйгіштік, қарттарды сыйлап, əйел затын құрметтеу сияқты қасиеттер кемуіне себепші болып отыр.

Патриотизмнің мəні туралы сөз еткенде, оның идеяларының ежелгі дəуірден бері қарай қалыптасып келе жатқанын жəне патриоттың тəрбие ісінде маңызды орны бар екенін білеміз. Патриотизм идеясының идеялар мен құндылықтар жүйесі ретінде пайда болуы жəне дамуы Аристотель мен Платонның, Цицеронның, ХVIII ғасырдағы француз материалистерінің есімдерімен тығыз байланысты. Кейінірек бұл идеяларды неміс философтары мен орыстың ойшылдары дамытты.

Əлемнің бірінші ұстазы атанған данышпан Аристотель өзінің «Риторика» атты еңбегінде дəстүрлер мен заңдардың жекелік жəне жалпылық сипатын ашып көрсеткен екен. Əр халықтың өзі үшін жасап қалыптастырған дəстүрлері мен заңдарын жекелік деп, адамзат баласы қабылдаған дəстүрлер мен заңдарды жалпы жəне ортақ деп таниды. Жеке дəстүрлер мен заңдарды ұлы ойшыл жазылған жəне жазылмаған деп екіге бөліпті.

Ол жазылмаған дəстүрлер мен заңдарды жеке қарастырып, оларды жазылғандардан айырып қана қоймай, жазылмаған дəстүрлер мен заңдардың адамдар тəрбиесіне тигізетін игі əсерін баса көрсеткен. Рухани дəстүрдің аса маңызды қасиеттері мен белгілері ретінде ізгілікті, əділдікті жəне басқа да қасиеттерді Аристотель атадан балаға ауысып отыратын, əрбір пенденің адамгершілігінің негізі, өмірдің мəні ретінде түсіндіреді.

Цицерон өзінің еңбегінде, патриоттық сана Отанға деген көзқараспен өлшенбек деген пікір айтып, «Мемлекет туралы» тілдесуінде: «Ең ізгі ойлар — отанның игілігі үшін», — деп тұщымды ой айтады. Оның ойынша, Отан дегеніміз — ең алдымен, саяси орта, құқықтық қатынастармен маталған адамдардың бірлестігі жəне мемлекет». Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша, отан алдындағы қарыз дегеніміз — оны тек соғыс жағдайында қорғау ғана емес, сонымен бірге мемлекетті басқару ісіне белсене қатысу.

Патриотизм идеялары ұлтшылдық элементтерден арылғанда ғана қоғамдық процеске игі əсерін тигізеді жəне халықтардың туыстық əрі тілектестік идеяларымен қабысып жатады. Патриотизм    мен ұлтшылдықтың арақатынасы проблемасының күрделі екендігі сонша, бұл мəселені өткендегі ұлы ойшылдар да оңай шеше алмаған. Мысалы, патриотизм туралы Фихтенің пікірлері қарама-қайшы. Философтардың арасында тұңғыш рет ол патриотизмді ғылыммен байланыстырады. «Патриот,  — деп жазады Фихте, — адамзаттың мүддесі ең алдымен сол ұлтта шешілуі керек. Ал бұл мақсатқа тек ғылым арқылы жетуге болады. Демек, ғылым жəне оның неғұрлым кең таралуы адамзат баласы армандаған мақсаттардың ең таяуы болып табылады» [5].

Гегель патриотизмді абсолют мемлекет құрумен байланыстырады да неміс үлгісіндегі мемлекеттегі өзі айтқан абсолюттік рухқа жүгінеді.

Орыс ойшылдары түрлі халықтар патриотизмі ортақтығы идеясын «адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жеке көрінісі ретінде» бағалайды. Олардың түсіндіруінше, патриотизмнің іргесі ұлтшылдықтан аулақ жатыр.

Орыстың ақ жүректі адал қайраткерлері патриотизмнің тарихи тамырларын нақты тарихтан іздеп, халықтардың бір-бірімен жақындасып, туысуында белгілі бір заңдылықтардың бар екендігін анықтаған. Олар патриотизм түсінігіне қайшы шовинизм, нəсіл артықшылығы, ерекше ұлт деген түсініктердің зиянын ашып көрсеткен. Олардың пайымдауынша түрлі халықтардың өкілдерінің патриотизмі «адамзат баласына деген сүйіспеншіліктің жеке көрінісі. Демек, патриотизм мен ұлтшылдық қоңсы қонбайды [6; 363].

ХІХ ғасырдағы орыс ойшылдарының шығармалары орыс халқының ұлттық санасын қалыптастырудың құралы болды. Олар Отанға деген сүйіспеншілікті ұлттық тар мағынада емес, жалпы адамзат баласына деген сүйіспеншілікпен балама түрінде түсіндірді. «Отанға деген  махаббат, деп жазды В.Г.Белинский, — адамзат атаулыға деген махаббаттан, жалпыдан жалқының туатынындай пайда болады. Өз Отанын сүю дегеніміз — жалпы адамзаттық идеалды құштарлықпен көксеу жəне шама келгенше соған жетуге көмектесу». Патриотизмнің халықтарды жақындастыру жəне олардың арасындағы рухани байлықтар алмастыру ісіндегі рөлін көрсетуде Белинский көрегендік танытты. «Халықтар, — деп жазды ол, - өздерінің адамзаттың ұлы əулетінің мүшелері екендігін түсіне бастайды, өз ұлттарының рухани қазыналарымен ағайынша бөліседі. Бір халықтың əрбір жетістігін басқа халықтар тез игереді» [5;153].

Патриотизм мен халықтар бауырластығының бұл идеясын Н.Г.Чернышевский одан əрі жалғастырып: «...орыстың əрбір ұлы адамының тарихтағы орны оның Отанға сіңірген қызметімен, ал адамгершілік парасаты – патриотизмінің қуатымен өлшенеді», — деп тұжырымдады. Оның пайымдауынша, «Отан дегеніміз — ең алдымен халық». Белгілі бір жерде тарихи қалыптасқан халық, сол жерді өзінің терімен суарып, гүлдендіреді, бостандық пен тəуелсіздік үшін күресте қан төгіп, сол жерді қорғайды, өз жерін əлеуметтік мазмұнмен байытып, түрлендіретін, Отан мағынасына енгізетін де дəл сол халық [6; 253].

Патриотизм жəне халықтар арасындағы достық байланыстар туралы Н.А.Добролюбовтың да қызықты ойлары бар: «Жанды, өміршең патриотизм халықтар арасындағы қандай да өшпенділікті болдырмайды. Мұндай патриотизммен рухтанған адам бүкіл адамзат үшін, оған пайда келтіруге қызмет қылады. Ол өз қызметін туған елінің шегінде ғана атқарса да, неғұрлым пайда тигізетін орны осы екендігін сезінгендіктен... Адамзатқа деген сүйіспеншіліктің жеке көрінісі ретіндегі патриотизм бөгде халықтарды жек көруге жол бермейді» [7].

Украин халқының ұлы перзенті Т.Г.Шевченко жалған патриотизмді айыптап, былай деген болатын: «Туған елін сүймейтін, жарымжан жүрек жандар бар...» [8].

В.Г.Белинский патриотизмнің халықтарды жақындататын, олардың арасындағы рухани игіліктерді алмастыратын күшін анықтауда ғылыми жаңа дəрежеге көтерілді. «Халықтар, — деп жазды ол, — өздерінің адамзаттық ұлы қоғамның мүшесі екендігін түсіне бастады, əрқайсысы өз ұлтының рухани қазынасымен жомарт бауырларша бөлісе бастады. Бір халықтың əрбір олжасын басқа халықтар қуана еншілей бастады...» [5;168].

Ол жеке ұлт өкілдерінің кінəмшіл, бақай есеп өзімшілдігі келмеске кетіп, «ақыл-ой сəулесімен көзі ашылған халықтардың бауырлық құшағы айқасатын күнді армандады.

Халықтардың қалтқысыз достығы мен отансүйгіш идеясын Н.Г.Чернышевский одан əрі дамытып: «...орыстық əрбір ұлы адамының тарихтан алатын орыны Отанға сіңірген еңбегімен, ал, адамдық қадірі оның патриотизм қуатымен өлшенеді», — деп жазды [6; 158].

Ал, патриотизм мəселесін басқаша да қарастырғандар бар. Мысалы, В.И.Ленин патриотизм мен интернационализмді айырылмас жұп ретінде түсінеді. Оның мəнісі — қоғамдық құбылыстарға таптық тұрғыдан    қарауда    жатыр.    «Отан,    немесе    белгілі    бір   саяси,    мəдени    жəне   əлеуметтік орта, пролетариаттың тап күресінің аса қуатты факторы болып табылады... пролетариат өзінің күресінде саяси, əлеуметтік жəне мəдени жағдайларға, яғни өз елінің тағдырына, енжар қарай алмайды» [9; 323].

В.И.Ленин  патриотизмді  нақты  тарихи  жағдайға  байланыстырып  сипаттайды.  Мысалы, 1916 жылы əлем елдерін үш түрге бөліп алып, əрқайсысын тарихи даму деңгейіне қарай талдады.

Бірінші түрге буржуазиялық-прогрессивті ұлттық қозғалыстар аяқталып, «үлкен» ұлттар мемлекет ішіндегі отарлардағы басқа ұлттарды езіп-жаншып отырған Батыс Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының державаларын жатқызады. Бұл елдердегі пролетариаттың міндеті құл болып отырған ұлттардың миллиондаған адамдарының мүддесімен байланысты деп түсіндіреді.

Шығыс Еуропаның мемлекеттерін, əсіресе Ресейді В.И.Ленин екінші түрге жатқызады. Өйткені XX ғасырда бұл аймақта буржуазиялық-демократиялық ұлттық қозғалыс өршіп, ұлттық күрес асқынып кеткен болатын. Демек, ол езгідегі ұлттардың жұмысшыларының таптық күресін езуші ұлттардың таптық күресімен ұштастыру жөнінде қиын мəселені қиыстыруға ұмтылды. В.И.Лениннің пайымдауынша, ұлттардың үшінші түрі — отар жəне жарты отар елдерде тұратындар. Бұл елдердің бірінде буржуазиялық-демократиялық қозғалыстар жаңа басталған, өзгелерінде бұл қозғалыстар жүріп жатыр. Олай болса, марксшілдердің міндеті бұл елдердегі буржуазиялық-демократиялық ұлт- азаттық қозғалыстың неғұрлым революциялық элементтерін қолдап, империалистік мемлекеттердің езгісіне қарсы бағыттау болып табылады [9; 254].

Бұл үш түрлі елдердің бірінен-бірінің айырмашылығын ашып көрсете отырып, ол: «Отан — тарихи ұғым. Ұлттық езгінінің кезіндегі немесе осы езгіге қарсы күрес кезіндегі «Отан» түсінігі басқаша. Ал, ұлттық қозғалыс аяқталған кезде тағы басқаша» [9; 257].

Өзінің «Ұлы орыстардың ұлттық намысы туралы» (1914 ж., 12 желтоқсан) деген мақаласында Отанға, ұлтқа деген қатысын В.И.Ленин былай сипаттаған: «Біздерге, ұлы орыстың саналы пролетарларына, ұлттық намыс сезімі жат па? Əлбетте, жат емес. Біз өзіміздің тілімізді, отанымызды сүйеміз. Біз еліміздің еңбекші қауымын (яғни, халықтың 9/10 бөлігін) демократтар мен социалистердің саналы деңгейіне дейін көтеруге күш салып жүрміз» [9; 259].

Зерттеуші-ғалымдардың басқа бір тобының пікірінше, «Отан» жəне «патриотизм» түсініктері адамдар  қауымдастығының  тарихи  формасы  ретінде  халықтың                    қалыптасуымен  байланысты. Мысалы, профессор М.Н.Росенко былай дейді: «Халықтың пайда болуына қарай адамдардың үлкен топтарының əлеуметтік-этникалық, экономикалық, тілдік жəне рухани ортақтастығы негізінде əлеуметтік, саяси жəне мəдени орта ретінде «Отан» ұғымы пайда болады» [10].

Əлеуметтік-этникалық, экономикалық, тілдік жəне рухани ортақтық элементтері сонау алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ пайда болып, отан жəне патриотизм элементтері де қалыптаса бастады деген қорытындыға келуге болады. Ал, қазақ этносындағы патриоттық идеяға келетін болсақ, көне дəуірдегі түркі-қазақ рулары мен тайпаларында көшіп-қону аймақтары, экономикалық қарым- қатынас, саяси басқару, тіл жəне рухани мəдениет ортақтығына қарай Отан жəне патриотизм элементтері қалыптаса бастады. Ал, қазақ этносының ортақ Отаны мен патриотизмінің толық қалыптасуы қазақ халқының толық тұтасуымен тұстас келеді. Нəтижесінде біртұтас экономиканың, саяси тұрақтылықтың, ортақ жер, тіл, мəдениет, салт-дəстүрдің қалыптасуына əкеледі.

Жеке адамның санасында «Отан» түсінігінің қаншалықты терең жəне саналы орнығуына қарай патриотизмді екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, Отан туралы жалпы түсінік. Оған халықтың тарихы, дамуы, қорғаныс тəсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі, дəстүрлері мен саналы сезімі кіреді. Екіншіден, патриотизмнің теориялық деңгейі де бар. Атап айтқанда, Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тəуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеру, Отанға қызмет ету жөніндегі патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары осы теориялық деңгейді сипаттайды.

Жоғарыда айтқанымыздай, патриотизм — əртекті түзілімдерден тұратын күрделі қоғамдық құбылыс. Ең алдымен, ол Отанды сүю, оған берілгендік, тарихы, мəдениеті, тілі т.б. ортақ халық немесе халықтар тұратын мекен-аймаққа қатынасты білдіреді. Патриотизмнің ерекшелігі — оның адамның рухани əлемінен орын алатындығында. Басқаша айтқанда, Отанға деген сүйіспеншілік əлеуметтік ерекше құбылыс ретінде əрбір адамның «ішінде», жан дүниесінде болады.

Адамдар өз санасына патриотизм идеялары мен сезімдерін сіңіріп, саналы түрде рухани қажеттілікке айналдырғанда ғана патриот болады. Демек, тəрбие жұмысының қандай да түрлерінің пəрменділігі жалаң түсіндіре беруде емес, адамдарға ас пен ауа қандай керек болса, патриотизм сезімі сондай қажет болатындай табиғи қажеттілікке жеткізуде деп санаймыз. Ол үшін Отан, туған жер, туған ел деген қастерлі ұғымдарды нақты өмір мысалдарымен əрі қарапайым, əрі түсінікті етіп, пайымдай білу керек.

Жас ұрпақ тəрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тəуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттілігін қалыптастыруға байланысты бала тəрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен əрбір тал шыбықты мəпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік», — деген Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тəрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті [11].

Патриоттық сана ұлттық жəне жалпы адамзаттық мүдделер тұрғысынан қарағанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып табылады.

Құндылық дегенде біз жеке адамның, адамдар тобының, этностың өз Отанының бүкіл табиғи жəне əлеуметтік элементтеріне қатысына негізделген əлеуметтік сипаттаманы айтамыз.  Бұл сипаттама жүйесі жеке адамның, əлеуметтік топтардың өзін қоршаған ортамен байланысының негізгі желілерін айғақтай отырып, тəрбиелік ықпалдың бағдарлары мен əлеуметтік мəнін білдіреді. Яғни пəрменді тəрбие нəтижесінде адамдардың белгілі бір көзқарасы, мінез-құлқы, қоршаған ортаға қатысының тəртібі қалыптасады.

Тұтас алғанда патриоттық сана дегеніміз Отан ұғымын құндылық тұрғысында сезіну, санаға сіңген бұрынғы ұрпақтардың озық дəстүрлеріне ұмтылу болып табылады.

Идеялар мен құндылықтарды жоғалту, жаңа идеялардың жүйесі ретінде идеологияның болмауы, мемлекеттік саясаттағы күңгірттік теріс жағдайларға əкеп соқтыруы мүмкін. Себебі, өкімшіл-өміршіл социалистік жүйенің ыдырауына байланысты адамдар санасының толқулы жағдайында ұлтшылдық- патриоттық, ұлыдержавалық сана, жікшілдік пиғыл белең алуға ұмтылады.

Бұрынғы зерттеулерде патриотизм құбылысында таптық сипатты əсірелеп, ұлттық, жалпы адамзаттық сипаттарды əлсіретіп, адамдардың өз Отанына деген адами сезімін кемітіп көрсету белең алып келді. Ұзақ жылдар бойы Кеңес Одағының ресми насихатында патриотизм түсінігінен ұлттық белгілер ығыстырылып келді. Сөйтіп, патриотизм іргетасы жоқ, көпірме сөз ретінде насихатталды. Мұның өзі тəрбие жұмысына зор нұқсан келтірді. Тап тұрғысынан қарағанда пролетариаттың белгілі бір ұлтқа тəн еместігі жөнінде қағида паш етілді, ұлттық патриотизм жоққа шығарылды. Соның нəтижесінде қандай бір ұлттық белгі-дəстүрлерден ада тобырлық мəдениет деген пайда болды. Əр халықтың өзіне тəн ғасырлар бойы жинаған рухани мұрасы — дəстүрлері, тəлім-тəрбие үрдістері, өзіндік ерекше салттары аяққа басылды.

Жоғарыда айтқанымыздай, патриотизм жалпыұлттық жəне ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм əдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тəн екендігімен, өз тілімен, мəдениетімен, сол аймаққа тəн дəстүрлерімен тығыз байланысты. Патриотизм орыстада, украиндықтарда, белорустықтарда, қазақтарда, өзбектерде, əзербайжандықтарда, грузиндіктерде, армяндықтарда бола  алады.

Əйгілі шығыстанушы В.В.Бартольд мұсылман Шығысының ортағасырлық жəне жаңа тарихы арасындағы жікті айыра отырып, былай деп жазды: «Мұсылмандықтың жаңа тарихына қарап отырсақ, біз оның орта ғасырлардағы ислам тарихынан айырықша өзгешелігін байқаймыз. Орта ғасырлардағы əулеттердің тез алмасып отыруы, шағын мемлекеттердің саяси жағынан тұрақсыз биліктер жағдайында қандай да бір патриотизм болмаса, енді сол аймақта құрылып отырған мемлекеттердің бірлігіне куə болып отырмыз» [12].

Жалпыұлттық патриотизм жағдайында əрбір адам өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезініп, түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігін көруге болады.

Жалпықазақстандық патриотизм дегеніміз — өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін, қажет болса, қару алып қорғайтын борышты сезіну. Шовинизм мен ұлтшылдыққа қарағанда, жалпықазақстандық патриотизм басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысында көрінеді.

Мемлекеттің сенімді тиянағы болып табылатын, ұлттардың бауырластығы жағдайында ғана шын мəнінде ұлттық патриотизм қалыптасады. Ұлттың біріне-бірі алакөз (себебіне қарамастан) топтарға бөлініп, жіктелуі шын мəніндегі патриотизмге себеп бола алмайды, керісінше, мемлекеттің өміріне қауіп төндіреді. Демек, қазақтар арасындағы жүздік, рулық, жершілдік пиғылдарға жол беруге болмайды.  Бұл жөнінде Президент Н.Назарбаев өзі үлгі көрсетіп, үнемі айтып келеді.

Біздің   қоғамымыздың патриоттық санасына   үңіле қарасақ, үш жағдайды байқаймыз:

  • біріншіден, ұлттық-этникалық элементтер бар;
  • екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлеу көріністерін көреміз;
  • үшіншіден, əлеуметтік-таптық пиғылдар да жоқ емес.

Патриотизм жеке адам санасына белгілі бір экономикалық, əлеуметтік-саяси, мінез-құлық, эстетикалық жəне басқа да құндылықтарды дарыта отырып, оларды сенім дəрежесінде қалыптастыруға, осылайша, Отанның бүгіні мен келешегі үшін белсенді қызмет етуге баулуға бағытталған. Əрбір адам игерген əлеуметтік жəне ұлттық құндылықтар рухани табандылықтың, ерлік пен батырлықтың қайнар көзі, қиын жағдайда Отан алдындағы борышты адал атқаруға бастайтын рухани күш болуға тиіс.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. — 5-т. — Алматы: Қазақ энцикл., 1998. — 168-б.
  2. Қалмырзаев Ə. Қазақстандық патриотизм қалай қалыптасады // Егемен Қазақстан. — 10 қантар. — 1998. — 25-б.
  3. Раев Д. Қазақстандық патриотизм мен гуманизм // Ақиқат. — 2000. — №89. — 8-б.
  4. Есенгараев Е.Ж. Плюрализм и патриотизм // Индустриальная Караганда. — 2002. — № 183–185. — 25 окт.
  5. Белинский В.Г. Избранные педагогические сочинения. — М.: Педагогика, 1982. — 287 с.
  6. Чернышевский Н.Г. Полное собрание сочинений: В 15 т. Т. I–XVI. — М.: Госполитиздат, 1939–1953. — 575 с.
  7. Добролюбов Н.А. Избранные педагогические сочинения / АПН СССР. — М.: Педагогика, 1986. — С.
  8. Шевченко Т.Г. Собрание сочинений: В пяти томах // Под ред. М. Рыльского и Н. Ушакова. — М.: Гослитиздат, 1948–1949. — С.
  9. Ленин В.И. Полное собрание сочинений. — Т. 37. — М.: Госполитиздат, 1965–1975. — 738 с.
  10. Росенко М.Н. Патриотизм и общенациональная гордость советского народа. — Л.: Лениздат, 1977. — С.
  11. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның болашағы — қоғамның идеялық бірлігінде. — Алматы: Қазақстан, 1993. — 33-б.
  12. Бартольд В.В. Киргизы. Исторический очерк / Соч. Т. II. Ч. 1. — М.: Госполитиздат, 1963. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.