Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күнделіктілік тарихы

Күнделіктілік тарихы əр түрлі əлеуметтік таптарды, топтарды немесе кеңістіктерді, мекендерді құрайтын жекелеген адамдардың күн сайын қайталанатын, күнделікті өмір сүру  əдетін, сонымен қатар қоғамдық оқиғаларға қатысты эмоционалдық əрекетін жəне оған сəйкес өзін–өзі ұстау тəртіптерін тұтастай зерттейді. Қазақ тілінде «күнделіктілік» сөзінің синонимдері: «күнделікті   күн», «күнделікті тіршілік», «күнделікті уақыт», яғни күнде қайталанатын əдеттегі өмір. Күнделіктіліктегі кілтті анықтама–қайталану. Осы қайталану динамикасының өзгеруіне əсер етуші факторларды, үдерістерді зерттеу арқылы себеп-салдарларды анықтап, қоғамның жағдайын қадағалап отыру.

Күнделіктілік тарихы өткенді зерттеу саласы ретінде тарихи-антропологиялық бағытта пайда болған Батыстың гуманитарлық салаларының бір тармағы. ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында ұлы, əрі ескі тұжырымдамалар құлдырап, бұрынғы идеялардың құлаған уақытында ойлап табылған бағыт.

«Күнделіктілік» ұғымының құрылымы мен мазмұны жөнінде. Жалпы күнделіктілік өмірді зерттеу — ол адам тəжірибесіне бойлау, осы тұрғыдан «күнделіктілік» ұғымы мазмұнын түсіну үшін, «Адамның қандай тəжірибесін қарастыру керек?» деген сұраққа жауап алу маңызды. Əрине, күнделіктілік тұрғысынан «өзін-өзі ұстау тəртібінің түрі» қандай да бір оқиғаға сəйкес туындаған болу керек, мысалы, ерекше əлеуметтік-саяси немесе экстремалды жағдайдағы əрекеттері. Бұл тұрғыдан күнделіктілік соғыстар мен революциялар дəуірі бойынша қандай сұрақтарға жауап іздейтіні белгілі.

Неғұрлым пікірталас тудырған сұрақ, ол күнделіктілік еңбектік,  жұмыскерлердің,  өндірістік бола ма? Бұл тұрғыдан зерттеушілердің пікірі екіге бөлініп көпшілігі «күнделіктілік» жеке дара өмір десе, кішігірім бөлігі еңбек үдерісіндегі өмір, яғни жұмыс орнында өзін-өзі ұстау тəртібі деп түсіндіреді. Екіншілерді əлеуметанушылар мен этнография саласының өкілдері қолдаған.    Дегенмен «күнделіктілікке не жатады?» деген сұраққа жауап беріп көретін болсақ:

  • көпшілік алдындағы күнделіктілік өмірдің оқиғалық жағы, оның ішінде кішігірім оқиғалар, адамдардың сыртқы əлем оқиғаларына бейімделу жолдары;
  • үй тұрмысындағы жеке дара жағдайлар, кең мағынада;
  • жекелеген адамдар мен топтардың тұрмыстық жағдайдағы тіршілігінің эмоционалдық жағы. Адамдардың «күнделікті өмірінен» «күнделікті емес өмірі» — ол мерекелер, маңызды оқиғалар, күнделікті өмірге жатпайтын демалыстар, бірегей ерекше адамдардың күнделікті өмір  сүру тəртіптері. Бүгін тарихшылар мен əлеуметтанушылар қандайда бір оқиғаны жеке дара контексте (аффектілер, депрессиялар жəне т.б.) ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік-хронологиялық, саяси, этномəдени жəне т.б. контекстерде талдаудың əдістерін игерген. Мəселен, тарихшылар қалыптасқан белгілі бір өмір жағдайының құлдырау орнында жаңа ортаның қалыптасуын бақылау арқылы құндылықтар жүйесінің дамуын қадағалайды; сол ортадағы жекелеген тұлғалардың дағдылануы мен өмірлерін өзгертуге тырысу үдерісін əр түрлі сұрақтар деңгейінде қарастырады.

Күнделіктілік тарихының пəні. Жалпы əлемдік ғылымда күнделіктілік тарихының екі  түсінігі бар — микротарихи жəне макроконтексте талдау; яғни микротарихи талдау əдіснамасы (жиі қолданылған) кішігірім оқиғаларға, хронологиялық бес, онжылдықтарға бөліп жəне макроконтекстегі, яғни ірі оқиғалық тарихты тұтастай зерттеу арқылы заман бейнесін (елу, жүз жылдықтарды) құрастырып шығару. Бірінші бағытта, негізінен, əлеуметтанушы-тəжірибешілер, тарихшылар, өлкетанушылар жəне т.б., екінші бағытта мəденитанушылар мен философия саласының өкілдері зерттеу жұмыстарын жүргізеді деген көзқарас бар. Күнделіктілік тарихы саланың зерттеу пəні бірнеше зерттеулерде əр түрлі көрсетілген, мысалы, француз философы (екінші бағытта қызмет еткен) М.Д.Серто өз еңбегінде «күнделіктілікте» сол дəуір мен этносқа тəн мəдени тəжірибенің түрін көруге болады деп, мəдени-тарихи модельдерді зерттеуде құрылым мен иерархияларды көруден бас тартқан, билік басындағыларды, ұлы фабриканттар санаған. Ол күнделіктіліктен тек қана қайталануды ғана емес, даму мен болашақты да көрген. Ал объективті теориялық  білімге байланысты, автор өз талдауларын объективтендіруге ынталанбай, субъективтік тұжырымдарын жоғары санап, өз зерттеулерінің ажырамас бөлігі санаған [1].

Біртіндеп герман тарихнамасында да «күнделіктілік тарихының» бір нұсқасы пайда  болды, мұнда өз заманының қалыптағы немесе белгілі бір əлеуметтік топтағы жеке адамның əдеттегі, білімсіз микротарихы деп түсіндірілді. Бір қызығы күнделіктілікке «мерекелер» мен «экстремалды оқиғаларды» қарсы қойып, белгілі бір уақыт аралығынан кейін бұл категорияларда əдеттегі күнделікке   өтеді   деп   санаған.   Танымал   зерттеуші   А.   Людтке:   «Жұмыс,   еңбек,   ойын,    оқу «күнделіктілік» ұғымдары, оларды зерттеу күнделіктілік тарихының міндеттері [2], — деп санаған. Сонымен қатар «күнделіктілік тарихын», бір жағынан, микротарих деп тану, бұл бағытты ғылыми деңгейде санауға жағымсыз əсер етті.

Ресейде күнделіктілік тарихы — этнология саласының бір бөлігі, сондықтан да күнделіктілікті зерттеуде этнологиялық əдістер қолданылып, бұл тұрмыс тарихы саналады. Дегенмен тұрмыс тарихы этнографиялық баяндаудың пəні ретінде, ал күнделіктілік тарихы тарихи зерттеулердегі жаңа бағыт ретінде, екеуі аралық байланыс күрделі болып келеді. Сондай-ақ ағылшын тілді əлемнен жеткен əлеуметтік жəне тарихи-антропологиялық, гуманитарлық білім ықпалымен сол тұрмыстық ұғым тарихшылармен күдікті категорияға айналды.

Ресей мысалында күнделіктілік тарихшылары, əсіресе ХІХ ғасыр этнографтары мен «тұрмысты жазушылармен» жиі байланыста болды, бұл үдеріс тарихты этнографиялық тұрғыда қарастырумен шектелді. Күнделіктілік тарихшыларына «күнделіктілікті» этнографиялық əдістер ықпалында қарастыру тиісті нəтижеге қол жеткізбеді. Тұрмысты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу мен этнографиялық тұрғыдан зерттеулерден (ресейлік) түбегейлі айыру, оқиғалық тарихтың маңыздылығын түсінуден тұрады, яғни саяси оқиғалар ширегіндегі (белгілі бір саяси қоғамдағы адамдар тобы) жекелеген адамдардың əр түрлі ынталарының ортақ немесе тұтас бейнесін көрсету. Ал тарихты күнделіктілік тұрғысынан зерттеу болған оқиғаны басқа түрде немесе егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді. Тарихи оқиғалар ішіндегі жекелеген адамдардың тіршілігі бірінші орынға қойылады.

Күнделіктілік тарихының зерттеу əдістері. Аталмыш бағыт дерекке ерекше қарайды, яғни күнделіктілік мамандары осыған дейінгі деректер мəтінімен, мазмұнындағы ақпараттармен жұмыс жасау əдісінен бас тартады; күнделіктілікті талдауда дерек мəтінін оқудың өзге түрі, яғни оның ішкі мағынасына бойлау, айтылмай қалған немесе қапаламада қалып қойған ойды анықтау іске асырылады. Осы уақытқа дейін тарихшы сақталған дерек арқылы сол уақытқа, сол əлеуметтік топқа тəн қоғамды құрастыруды, сонымен қатар деректі жазушы авторлардың оқиғаны зерттеудегі ынтасын анықтап, олардың оқиғаны түсінуіне қол жеткізуді міндет қойды. Күнделіктілік тарихы мамандары өткенге қазы болудан бас тартып, дерек пен авторы арасында байланыс орнатуды жөн көрмеді. Мұның орнына дерекпен сұрақ-жауап диалог орнатып, диалог орнау мақсатында  еңбекті жазған автор ойына келмеген сұрақтарды қойып, сол сұрақтарға жауап алуды мақсат тұтты.

Соңғы жылдарда ауызша тарих күнделіктілік бойынша отандық зерттеулерде елеулі орынға ие болды. Əсіресе психологтармен жəне əлеуметанушылармен өңделген автобиографиялық мəтіндермен жұмыс жүргізу əдістері пайдалы болды. Сол əдістердің бірі сұрақ қоюшы жауап берушіден өзі жəне өмірі жөнінде жасырмай барлығын əңгімелеуді сұрайды, алынған ақпарат қосалқы мəліметтермен салыстырудан өтеді [3].

Зерттеушілер үшін өткенді тікелей сол заман қатысушыларынан сұрауға мүмкіндік болмаған жағдайда қолда бар дəстүрлі деректермен, оның ішінде жеке адамдардың естеліктері, күнделіктері жəне хаттарымен (маңызды орындағы деректер) жұмыс істеуге мəжбүр. Ал неғұрлым ерте, орта ғасырлар мамандары, мысалы, медиевистер сол дəуірге қатысты жазба деректер болмаған жағдайда, күнделіктілікті этнологиялық əдістермен игереді. Яғни күнделіктілік тарихын символдар мағыналарын талдау арқылы құрастырған. Əрине, күнделіктілікті зерттеуші психологиялық əдістерді қолдану арқылы, дəстүрлі тарихи зерттеу нəтижелерімен салыстырғанда неғұрлым субъектіленген білімді қалыптастырады. Күнделіктілікті зерттеуші еңбегі өзге біреудің ой мен сөзін талдау арқылы шындыққа жету, оның эмоционалдық тілінің «аудармасы» болып саналады [1]. Осы сияқты зерттеу жолында, ол жекелеген адамдардың өмірі бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандар саласымен пəн аралық байланысқа түседі. Зерттеуші этнографиялық жəне əлеуметтанулық əдістер қатарынан белгілі бір тақырыпқа байланысты ақиқат ақпараттарды жинап, осы тақырыптағы еңбек авторының жеке басын зерттеуде іске асырған. Мұндай жағдайда осы мəтінді жазған адам жөніндегі ақпараттар өзге деректерден іздеу арқылы, оның сол уақыттағы жасы, отбасылық жағдайы, психологиялық көңіл-күйі анықталған. Əсіресе этнологиялық-əлеуметтанулық əдістер стенограммаларды талдаумен жиі іске асырылған, яғни сол уақыттағы қатысушыларды фокус-топ ретінде алып, олардың белгілі бір жағдайға байланысты ынтасын (реакция) анықтаған.

Кейбір адамдардың қуаныштары, қайғысы, арманы жəне үміті тарихи деректерде білімсіз айтылып, тіпті құпияланып ұсынылатын жағдайда кездеседі. Мұндай жағдайдан шығу үшін, осыған дейін қолданылған мəліметтерді, мысалы: мерзімдік басылымдарды, фотосуреттерді, тұрмыстық заттарды (қандайда бір кішігірім ақпараттарға қол жеткізу мақсатында) басқа мағынада қайта талдау іске асырылған; сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы мəдени өзгешеліктерді айқын көру мақсатында шетелдік бақылаушылардың ойында қалыптасқан пікірлерді де есепке алған, яғни өзгенің көзімен бағалау арқылы тұжырымдар жасау.

Дегенмен тарихшының өзіндік микротарихилық ізденісін барлық жиналған мəліметтерді өз-ара байланыстырып, белгілі бір жүйеге келтіру жұмысы іске асырғанда ғана, кішігірім элементтерден маңызды сұрақтарға жауап алуға болады. Осы тұрғыдан тарих пен əлеуметтануаралық байланыс жиі байқалады. Тарихи тақырып əлеуметтанушының қолы жетімді деректер мен əдістерді қолдану арқылы зерттеуді қажет етеді, бірақ мұндағы мəселе тарихшының екі пəнаралық зерттеуді іске асыра алуында.

Əрине, күнделіктілік жеке сала ретінде құрылып, өз күшіне енгенге дейін əлемдік философия индивид жəне оны күнбе-күн қоршаған ортасы жайында ойлана бастаған болатын [1]. Жеке адамның өмірі, тұрмысы, ойы жеке категория ретінде қай уақытта болмасын философиялық тұрғыдан қарастырылды. Бірақ тарихи тұрғыдан жеке зерттеуге келгенде, елеулі, ірі оқиғалардың көлеңкесінде қалып ескерілмей келді. Ірі оқиғалармен олардың ұйымдастырушыларының ойы, идеясы зерттеліп, нəтижесінде іске асырылған елеулі оқиғалардың себеп-салдарлары мен желісі бүкіл қоғамның бейнесіне айналды. Яғни қоғамның алдыңғы қатарлы топтары, таптары саналған  адамдардан құралған тұлғалар айналасында өрбіген оқиғалар тұтастай қоғамның бейнесіне айналды. Көпшіліктің тынысы, күнделікті тұрмысы елеулі оқиғалардың елегінде есептеліп, олардың атынан сөйлеушілердің ойы мен желеулері көпшіліктің, бірақ өз ішінде жекелеген адамдардың мұқтажы болып есептелді. Нəтижесінде шынайы өмірдің тыныс–тіршілігінің шын мəнісіндегі бейнесі күннен күнге санадан, қоғамнан өшіріліп, ешбір ресми құжаттар мен еңбектер мазмұнында егжей-тегжейлі зерттеліп баяндалмады. Əрине, уақыт өте бұл жалпы қоғам динамикасын зерттейтін салалардың ғылыми ілімдерінің біржақтылығын көрсетті.

«Күнделіктілік» терминіне келетін болсақ, ғалымдардың айтуы бойынша, алғаш рет 1904 жылы З. Фрейдтың «Күнделікті өмір психопатологиясы» [4] еңбегінің атауында «күнделікті өмір» ұғымы қолданылған.

Жалпы, ХХ ғасырда батыс философиясында «күнделікті тұрмысқа» көңіл бөліп қарау байқала бастаған. Мысалы, феноменологиялық бағыт өкілі Э. Гуссерль «адамның күнделікті тұрмысының» маңыздылығына көңіл бөліп, мұны «өмірлі əлем» [5] (немесе «əлем өмірі, тынысы». — А.М.) деп атаған. Ал А. Шютц өмір сүріп жатқан əлемді алдын ала ойластырылған қоғам ретінде қабылдаудан бас тартып, əлемді адамдардың өткенді сипаттау естеліктерінен, болашақты болжаудағы ойларынан, қандайда бір дүниелерге деген құштарлықтарынан, күдіктерінен, жекелеген оқиғаларға байланысты іс-əрекеттерінен [6] құрастыру арқылы бейнелеуді ұсынды.

Əрине, «күнделіктілікті» жеке қарастыру, керек бөлік (сала) ретінде өз күшіне енбес бұрын, ғалымдардың талқылауынан өтті. Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс алдында шығу тегі неміс, амстердамдық,  «өркениеттің  социогенетикалық  теориясының»  негізін  салушы  Н.  Элиас  қоғамды зерттеу қаншалықты индивидті зерттеуден бөлініп кеткеніне көңіл бөліп, «күнделіктілік» жеке дара қызмет ете ме? Мүмкін, ол шындық емес, тек қана оның құрамдас бір бөлігі болар? [7], деген.

Өзінің «Күнделіктілік ұғымы жөнінде» мақаласында: күнделіктілік азды, көпті болмасын жеке дара құрылымдық ерешелікке ие емес, бірақ белгілі бір əлеуметтік тап құрылымының құрамдас бөлігі болып табылады деп түсіндірген. Бір ғана тапты жеке қарастыруға болмайды, сондай-ақ күнделіктілік бүкіл қоғамның билік құрылымының бөлігі саналады [7; 24] деген. Сондай-ақ Н. Элиас алғашқылардың бірі болып қоғам мен жекелеген адамдарды бір-бірінен айыруға болмайтын, күрделі, əрі үнемі өзара байланыс, өзгеріс үстіндегі құрамдас аспекті [8] ретінде қарастырушы саналды. Əрине, Элиас идеясы өзінен кейінгі жаңашыл заман зерттеушілер талдауларынан өтіп біршама жоғары бағаланды; олардың ойынша, ғалым əлемдік гуманитарлық ғылымға дамушылықты күнделіктілік өмір деңгейінде тануды енгізе отырып; тəрбие, тану, еңбек, билік жəне оларды ретке келтіру, əрі түрлі институттармен бекуіндегі байланысын көрсетті деп санады. Мұндай тəжірибе осы уақыттан бастап əлеуметтік ғылымдарға бағыт-бағдар болды. Кезекте жеке адам жəне оның төңірегінде өрбіген өмір, яғни өзін-өзі ұстауы, ынтасы, сезімі, ішкі толғанысы, сөйлеу мəнері, мəдениеті жəне т.б. əлеуметтік нормалар үдерісін қадағалау мақсатында күнделікті өмір мысалында қарастырылды. Осы саланы өрбітіп дамытқан франкфурттық мектеп өкілдері мен американдық əлеуметтанушылар [9,10] болды. Тұтас қоғамды зерттеуден гөрі, нақты өмір жағдайындағы жеке адам толғаныстарын зерттеу неғұрлым өнімді, əрі шыншыл ақпараттарға қол жеткізетінін француз мəдениеттанушысы А. Лефевр өз жұмыстарында [11] жазған.

Сондай-ақ күнделіктілік тарихының жан-жақты дамуына американдық тарихи мəдениеттану жəне тарихи антропология саласының өкілі К. Гирц идеялары ықпал етті. Гирц таңсық мəдениет өкілдерін түсіну мақсатында этнографиялық мəліметтерді этнологиялық тұрғыдан талдау нəтижелері күнделікті адамның тыныс-тіршілігі тəжірибесі деп түсінген [12].

Өткенді зерттеу бойынша күнделіктіліктің ғылыми мүмкіншіліктерін алғаш айтқан француз зерттеушілері болды. Тарихты тек қана саяси-оқиғалық, экономикалық немесе соғыстар мысалында емес, жан-жақты тұтас қарастыру арқылы қалпына келтіру жөніндегі міндетке көңіл аударып, осы сияқты тарих-антропологиялық тəсілді өз жұмыстарының негізіне айналдырған М. Блок, Л. Февр, Ф.Бродель болды [1].

Ф.Бродель зерттеулерінде «күнделіктілік құрылымы» түсінігі төңірігінде жəне жоғарғыдағылардың мəдениеті төмендегілермен қалай қабылданатынына көп көңіл бөлінді. Сондай- ақ ол адами психология мен тəжірибенің «тауар-ақша», «қаржы», «сауда қарым-қатынасы» сияқты абстрактық түсініктерге қарағанда, жалпы қоғам экономикасына ықпал етуші басты фактор екенін көрсете білді. Оның «Күнделіктілік құрылымдары» [13] атты еңбегі тарихи зерттеулерді қайта қарап, оқиғалық саяси тарихтан, экономикалық дамудың жалпы заңдылықтарынан тарихи-психологиялық, тарихи-демографиялық, тарихи-мəдени жақтарын зерттеуге өтуіне ықпал етті. Бродель ізбасарлары

«Анналдар мектебінің» екінші əрі жаңа толқыны оның əдістерін нығайту мақсатында адамдардың өмір сүру əдетінің олардың тұрмысы мен мінез-құлқымен байланыстылығының маңыздылығын алға тартты. Бродель зерттеулерінің ықпалы француз тарихнамасынан асып көптеген елдердің медиевистері мен ортағасыр мамандарының қолдауына ие болды. Енді жаңа бағытты ұстанушылар өз зерттеулерінде негізгі көңілді тек қана ұжымдық топқа ғана емес, жекелеген индивидтер құндылықтарына: санасына, өзін-өзі ұстау стереотиптеріне бөлді. Яғни, Бродель бойынша, «уақыт лебін» түсіну үшін адамның санасын, психологиясын, əлеуметтік өзін-өзі ұстау тəртібін зерттеу саналды. Сондықтан да «Анналдар мектебінің» алғашқы өкілдерінің ізбасарлары, мысалы, Ресейде А.Я.Гуревич [14] еңбектері этнологиядан гөрі, əлеуметтік психологиямен сабақтастықта жазылған.

Неміс, француз зерттеушілерінен бөлек бұл бағытты «микротарих» деп түсіндіру Италияда орын алды. 1980 жылы К.Гинзбург пен Д.Леви басшылығымен «Микротарих» ғылыми саласы құрылды. Микротарихтық тəсілдің маңыздылығы, біріншіден, жекелеген, қарапайым адамдардың өмірін қайта қалпына келтіру (осы тұста күнделіктілік тарихымен сабақтасуы көрінеді); екіншіден, күнделіктілікті қайта қалпына келтіру бойынша əдіс ретіндегі маңыздылығы, мысалы, тарихта болмай қалған немесе кенеттен болған жағдайларды ашу [15]; үшіншіден, тарихи зерттеулерде автобиография мен биографиялар орнын жаңа көзқараспен түсіну, олардың тарихи үдеріс бейнесін қалыптастырудағы маңызды рөлін мойындау. Осы арқылы күнделіктілік тарихы «жеке өмір тарихымен» жəне «ауызша тарихпен» жақындай түседі. Осы тұста АҚШ-тың «Жаңа мəдени тарихының» тууы, яғни əлеуметтануда «жеке жағдайларды зерттеулерде» пайда болғаны еске түседі; төртіншіден, нақты айтқанда, микротарих əдеттегі тəжірибені ғана емес, сонымен қатар соғыс, революция, террор жəне аштық сияқты экстремалды жағдайларды бастан өткеруді зерттеу нысанына айналдырған сала. Əрине, мұндай жағдайларға көңіл бөлу алдыңғы тарихшылармен ескерілгенмен, өтпелі, дағдарыс дəуірлерін күнделіктілік тарихының негізгі зерттеу назарына қойған микротарих болды.

Бродель мен микротарих өкілдері үшін өткенді жаңаша түсіну үшін «төменнен» («төмменнен зерттеу тарихы») бастау керек болды. Мұндай тəсіл тарихи зерттеудің пəнін «кішкентай адам» етті, енді əр түрлі топ өкілдерінің тарихи зерттеу нысанына айналуына құқы болды. Макротарихи жəне микротарихи деңгейде болмасын күнделіктілік өмір үдерісі зерттеліп, өткендегі мен бүгінгі күн адамының ерекшеліктері анықталып, бұл тəсіл жоғарғы тап өкілдерін зерттеудің əдістерін өзгертті. Əрине, жоғарғы тап өмірі бұрында қызығушылық танытқанмен, «қатардағы» адам күнделіктілігі қолға алынғаннан бастап жаңа зерттеу кезеңіне өтті. Мұнда басқа зерттеу міндеттері қойылып, жоғарғы тап өкілдері мен оларға тəуелді «қатардағы» адамаралық байланыс тұрғысынан анықтау жұмыстарын іске асыру қолға алынды.

ХХ ғасырдың 80-жылдарында герман тарихшыларында «Тарихи антропологияны қалай түсінуге болады?» деген сұрақ төңірегінде əр түрлі көзқарас орнықты. Пікірталастардың ортақ тұжырымға келуіне 1983 жылдың наурыз айында Дюссельдорф университетінде өткен коллоквиум себеп болды, оқылған материалдар бойынша 1984 жылы «Тарихи антропология. Тарихтағы адам» деген атаумен жинақ жарыққа шықты [16]. ...Тарихи антропология бағдарламасын дамыту мақсатында бірнеше бағыт ұсынылды, біріншісі Фрайбург институтының өкілі Т. Ниппердеймен (Ю. Мартин басқарған), екіншісі Геттинген қаласындағы Макс Планка атындағы институт өкілі Ханс Медикпен (əлеуметтік этнологиялық тарих бағыты), үшінші бағытты Штутгардтағы Əлеуметтік зерттеулер институтының өкілі Август Ничке ұсынды. А. Ничке уақыт ішіндегі адамдардың өзін-өзі ұстау тəртіптерін зерттеу басты міндет деп, бағыт «өзін–өзі ұстау тəртіптерін тарихи тұрғыдан зерттеу» деген атауға ие болды. Штутгардтық мектептің зерттеу бағдарламасы бойынша «өзін-өзі ұстау тəртіптерінің» тиімді тұсына (салдарды), яғни нəтижесінде əлеуметтік өзгерістерге əкелетін жағына, көңіл бөлу бірінші орынға қойылды. Бір қызығы, аталған үш бағыттың ешқайсысы елдегі тарихшылар басын біріктіретін шын мəнісіндегі ықпалды бағытқа ие болмады. Жетістікке жеткен 80-жылдары қалыптасқан күнделіктілік тарихы болды. 80-жылдары елде жеке басының, отбасының, мекенінің өткен тарихын зерттеуге деген ынта, əуесқой тарихшылар тарапынан көтеріліп, кəсіби тарихшыларға қарсы дами түсті. Кезекте тарихи шеберханалар ұйымдастырылып, «ауызша тарихи» тəжірибе қолға алынды, яғни қария адамдардан өткен тарихты жазып алу кеңінен тарады. «Кішкентай адамның» өткені мен басынан кешкендеріне деген қызығушылық «Күнделіктілік тарихы», немесе «Төменнен зерттеу  тарихы», деген атауға ие болды, сондай-ақ қоғам өмірінің демократиялану үдерісіне ықпал етті. Əрине, академиялық ғылымның өкілдері өз тарапынан «күнделіктілік тарихын» кəсіби тарихтың негізгі принциптерін жоққа шығару тұрғысынан ойлап табылған əрекет деп сынға алғанмен, нəтижесінде осы атаумен сол бағыт бойынша өз тұжырымдарын ортағы сала бастады [16].

Германияда «Күнделіктілік тарихын» ғылыми тұрғыдан өңдеуге ірі үлес қосқан Геттингендегі Макс Планка атындағы институттың қызметкері Альф Людтке. Оның зерттеу пəні — ХІХ–ХХ ғғ. герман жұмыскерлерінің тарихы. Яғни сол уақыттағы герман жұмыскерлерінің күнделікті өмірін бақылау арқылы шындыққа көз жеткізу, алға қойған сұрақтарға жауап алу. Автор зерттеу объектісіне алынған тақырып мысалында «еңбек», «соғыс», «билік» сияқты түсініктердің тарихтағы орнын зерттеудің жаңа əрі тиімді тəсілдерін жəне күнделіктілік тарихы саласының зор ғылыми мүмкін- шіліктерін көрсетті. Осы жылдың соңына қарай «күнделіктілік тарихы» ел шеңберінен асып жан-жақ- қа тарала бастады. Осы сала тарихшылары Германиядағы ұлтшылдық феноменін зерттеу бойынша біршама жетістіктерге жетті. Тақырыпты ішінен ақтарып «қатардағы адамдар» көзқарасы арқылы (еркімен немесе еріксіз қатысушалар көзімен) Германиядағы фашистік диктатураны зерттеу қолға алынды. Германияда күнделіктілік тарихы өкілдері өзге елдермен салыстарғанда негізгі көңілді алыс емес уақытта болып кеткен, яғни ХХ ғасыр ширегіндегі, адамзат тарихымен айналысуға арнады [16].

Күнделіктіліктің антропологиялық тұрғыдан бағытталған салалармен жақын болып келетінін ескерген жөн, мысалы, микротарихаралық тығыз байланыс; уақыт өте Германияда күнделіктілік тарихы микротарих, менталдық тарих, мəдениет тарихымен бірігіп қызмет ету  жолына түсті. Сонымен қатар өз шеңберін қажет немесе тиімді салалармен байланыстыру арқылы кеңейіп келеді.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Пушкарева Н.Л. История повседневности» как направление исторических исследований. — [ЭР]. Режим доступа: http: www.perspektivy. info/.../ istorija _ povsednevnosti (дата обращения 06.2014).
  2. Людтке А. «История повседневности» в Германии после 1989 года // Казус. — 1999. — М., — 1999. — С.
  3. Девятко И. Модели объяснения и логика социологического исследования. — М.: ИС РАН, 1996. — С.
  4. Фрейд З. Психопатология обыденной жизни. — СПб.: Азбука-классика, 2010. — 220 с.
  5. Мотрошилова Н.В. Принципы и противоречия феноменологической философии. — М.: Высш. шк., 1968. — 128 с.
  6. Ионин Л.Г. Понимающая социология. Историко-критический анализ. — М.: Наука, 1979. — С.
  7. Калинина О.С. Повседневная жизнь немецкого крестьянства: Автореф. дис. ... канд. ист. наук. — Саратов, — С. 9.
  8. Осипов Г.В., Митина С.М. Конфронтация социологических идей / Отв. ред. Г.В. Осипов. История социологии в За- падной Европе и США. — М.: Норма, 2001. — С.
  9. Маркузе Г. Одномерный человек. — М.: Reft-book, 1994. — 368 с.; Бергер П., Лукман Т. Социальное конструирова- ние реальности. — М.: Медиум, 1995. — 323 с.
  10. Гарфинкель Г. Исследования по этнометодологии. (Мастера социологии). — СПб.: Питер, 2007. — 335 с.
  11. Lefèbvre H. Everyday Life in the Modern World. — London: Penguin Press,
  12. Гирц К. Интерпретация культур / Пер. с англ. — М.: Российская полит. энцикл. (РОССПЭН), 2004. — 560 с.
  13. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм XV-XVIII. — Т. Структуры повседневности. Возможное и невозможное. — М.: Прогресс, 1986. — 623. — С. 14.
  14. Гуревич А.Я. Исторический синтез и «Школа Анналов». — М.: Индрик, 1993. — 328 с.
  15. Schulze M. (ed.) Sozialgeschichte, Alltagsgeschichte, Micro-Historie. — Göttingen, 1994. — S. 65–80.
  16. Кром М.М. Историческая антропология. — [ЭР]. Режим доступа: // countries.ru: [сайт]. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.