Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи тұлғалар өмірін зерделеген ғалым. Рашит Саттарұлы Каренов 70 жаста.

Профессор Р.С.Кареновтың бұрыннан мерзімдік баспасөздегі мақалаларымен, оқу залдарындағы еңбектерімен, кітап дүкені сөрелеріндегі зерттеулерімен таныса келе аңғарғанымыз, ол кісінің зор интеллектуалдық ойдың иесі, нағыз еңбектің адамы екендігінде. Осыған қоса айтарымыз, бұл адам əдеттегі таптауырын жолмен түп-түзу келе жатқан көптің бірі емес. Ол көптен оқшаулау, өз беті өзінде, тек өз соқпағымен ғана жүретін, мінезі біртоға, батыл, ішкі принципі мықты, мығым кісі сияқтылығында. Мерзімдік баспасөз құралдарында талассыз, бұрқырап жарияланып жататын сан алуан тақырыптардағы зерттеулерінен байқағанымыз: Рашит Саттарұлының қол қусырып отыратын кезі тым сирек екендігі, əрқашан еңбекқор ғалымды еңбек, еңбек, тек қана еңбек, іс-əрекет, қимыл- қарекет үстінде көретіндігімізде.

Осыдан шыға отырып, белгілі ғалымның көп қырлы қасиетіне қысқаша барлау жасауға талпындық:

  1. Байдалы би Бекшеұлын көп зерттеп, оның тарихи тұлғасын биіктете түскен қаламгер.

Қазақ елінің азаматтық тарихы мен ауызша жəне жазбаша əдебиетінде елеулі орын алатын ірі тұлғалардың бірі — Байдалы би Бекшеұлы (1727–1822). Ол — қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі, білікті би, ойшыл ақын, атақты шешен, кезінде Абылай ханның тікелей ақылшысы болған адам. Хан қасындағы сегіз бидің ең беделді бас биі болған, небір шиеленіскен ел дауы, жер дауы — Байдалы алдынынан шешім тауып отырған.

Р.С. Каренов Байдалы бидің өмірдеректері мен өлең-жырларын, биліктері мен шешендіктерін ел аузынан, мұрағат көздерінен іздеп табуға, зерттеуге өмірінің он жылдан астамын жұмсаған. Нəтижесінде 2002 жылы бабамыздың 275 жылдығында «Əрі көсем, əрі шешен Байдалы би» (Қарағанды, 2002, 104 б.) деген жинағын жарыққа шығарады. Тарихи деректер негізінде жасалған мұндай еңбек қазақ қауымдастығында өзіндік орыны бар саяси-əлеуметтік тұлға — билер мен шешендердің атқаратын рөлімен танысуға мүмкіндік береді. Олардың бүгінгі ұрпақ өтеміне де жарайтын ұлағатты сөздерінің қадір-қасиетін саралауға жол ашады.

Байдалы Бекшеұлы сияқты билер мен шешендер ата-бабаларымыз негізін қалаған далалық демократияның көрнекті өкілі болды. Патша үкіметінің қатыгез отаршылдық саясаты мен коммунистердің аяусыз қыспағы да олардың отаншылдық идеяларын, əділетті, теңдікті аңсаған армандарын тұншықтыра алмады.

Рекең Байдалы биді саналы, озық ойлы, халқының қамын жеген ұлы қайраткер ретінде көрсете білген.

  1. Тарихи тұлғалар туралы көп қалам тербеген жазушы.

Р.С. Кареновтың 2002 жылы жарық көрген «Қазақтың үш ұлы  көсемі»  атты зерттеуі (Қарағанды, 2002, 251 б.) өте қызғылықты. Автордың бұл ғылыми зерттеу еңбегінде Тəуелсіз хандық туын тік ұстаған, өз заманының дана мемлекет қайраткері, сұңғыла дипломаты Абылай ханның бейнесі жан-жақты көрініс тапқан. Осыған қоса елім деп еңіреген, халқым деп қайысқан Кенесары ханның əлі де кеңейтіп көрсетілмеген саясатшылдығына, дипломатиялық өнеріне, қолбасшылық қасиетіне ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар алаш көсемі Əлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі көрсетілген. Оның алғашқы Қазақ автономиясының тұңғыш та жалғыз басшысы болғаны, сол лауазымымен тарихта қалғаны баяндалған.

Иə, біздің тарихымыз бəрімізге керемет қымбат. Қайғы-қасіреті мол, бірақ тəуелсіздігімізді аялап, қорғау үшін, сақтау үшін білуге қажет тарих.

  1. Ел арасында аттары əлі кең тарай қоймаған, бірақ еліне ерен еңбек сіңірген тұлғаларды зерттеп, біраз еңбек жазған ғалым.

Олардың ішінде 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің алдыңғы шебінде айқасып, арбаласқан жаудан айбынын асырған Сарыарқа жерінің дара перзенті, хан Кененің сенімді серігі болған Мəнжі батыр Күржікейұлы (1815–1911) ерекше орын алады. Р.С. Каренов үлкен шығармашылық ізденіспен еңбек етіп, 2005 жылы Мəнжі батыр болмысын айшықтайтын «Азаттық қаћарманы Мəнжі батыр» (Қарағанды, 2005, 189 б.) деген таңдамалы туындысын жарыққа шығарды. Автордың бұл еңбегінен біз Мəнжі Күржікейұлын тек батырлық бейнесінде қалдырмай, оның өз дəуіріндегі əлеуметтік ахуалды қалыптастыруға бағытталған көсемдік келбетін де танығандай боламыз. Ғалым Мəнжі батырдың тұлғасын толық, жан-жақты етіп ашуға тырысқан.

  1. Шежіре жанашыры.

Шежіре — ата-баба тегін тектеп, ең бастысы қаны бір, ұраны ортақ Алаш үрім-бұтағының атамекенінде өсіп-өнуі, туған халқы үшін атқарған əлеуметтік кемел істерінің қоғамдық бел-белесін тануымыздың алтын арқауы. Ұрпақтар сабақтастығындағы елдік қасиеттердегі үзілмес желінің жаућар тіні. Сондықтан да қапияда тарихынан айырылып қалған халық шежіресіне мұқият болуға тырысқан. Тілі жаңа шыққан балаға жеті атасын жаттатқан...

Бұл күнде шежіре кітап дегеніңіз Еуропаның мəдениетті елдерінің бəрінде дерлік бар. Ендеше, біз кімнен кембіз? Қазақ халқы өзі жаралған атам заманнан бері батырға да, биге де, ақынға да, абызға да, сал мен серігі де, шешенге де, көсемге де жарлы болмаған ел. Демек, біздің де Əлем жұртына ұсынар ата-тек тарихымыз бар!

Осыны   ескере   отырып,   профессор   Р.С.   Каренов   2000   жылдан   бастап   көпшілікке таныс «Қаракелер (Шежіре)» (Қарағанды, 2000, 324 б.), «Тұғыры биік тұлғалар» (Алматы, 2003, 420 б.), «Жеті атасын білген ер... » (Қарағанды, 2008, 794 б.) атты еңбектерін басып шығарды. Кеңестік кезеңде мұндай тақырыптар жабулы күйінде қалғанынан болар, жұртшылық зерттеушінің туындыларын үлкен қызығушылықпен қабылдады. Сондықтан да оның атына жұртшылық тарапынан ризашылық сезімін білдірген хаттар легі толассыз келіп жатты.

Зерделі ғалымның 2014 жылы жарық көрген «Үш жүздің шежіресі, немесе Арғын-Алтай тайпасының Қареке-Мұрат рулары: Энциклопедиялық анықтамалық» атты екі томдық кітабынан да біз тынымсыз ізденісті, өзекті мəселені арқау еткен тың дүниелерді аңғарамыз. Р.С.Кареновтың ел тізгінін ұстаған азаматтарға мəселе етіп көтерген хаттар жолдап, қажетті дүниелердің елеусіз қалмауына үлкен мəн бере қарағанынан қолға алған ісін соңына дейін жеткізіп, нəтиже шығарғанша, тыным таппайтынын байқаймыз. Бір айта кетерлігі, қалам иесінің жазғандары халық ауыз əдебиетінен, əр түрлі мұрағат деректерінен, көне рухани мұралардан бастау алады.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі жаңа ұрпақ өздерінің ата-бабаларының кім болғанын, қандай ерліктер жасағанын, не болмаса қандай саф алтындай өнер тудырғанын көп біле бермейді. Бұл бір жағы олар туралы құнды деректердің уақытында шықпай, қолдарына тимей, тасада қалып қойғандығынан болар. Рекең өз кітаптарында осы олқылықтың орнын толтыру мақсатын көздеп, халықтық маңызы бар іске батыл кірісе білген қайраткер азамат. Оның жазған еңбектерінен қазіргі жастар өз ата- бабаларының арғы-бергі тарихын молынан білуге мүмкіндік алып отыр.

Р. Кареновты білетіндер, қаламгерлік еңбек жолына сүйсіне қарайтындар «Рекең — тұнып тұрған шежіре ғой» деп тамсанады. Осылай деп əділ бағасын береді.

  1. Тарих сахнасына Алашорда үкіметін алып келген ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолын, олардың артында қалдырған шығармашылық мұрасын зерттеуге өз үлесін қосқан отаншыл азамат.

Профессор Р.С. Каренов кезінде Кеңес үкіметі мен коммунистік партия аттарын атауға тыйым салып, кітаптарын өртеп жіберген Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Т.Шонанов, тағы басқалардың есімдерін жəне олардың еңбектерін қазақ халқымен қайта қауыштыруға біраз еңбек сіңірді.

2014 жылы ғалымның «Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің жиырма көшбасшылары» атты монографиясы (Қарағанды, 2014, 334 б.) жарық көрді. Бұл басылым заманында ен далада еркін өсіп, жүген-құрық тимеген көшпелілердің екі ғасырға жуық отаршылдықтың қиямет-қайым қамытын Х.Əбжанов еріксіз мойынға іліп, араны басылған шақта рухын қайта қайрап, еңсесін тіктеп, дербес өз алдына «Алашорда» автономиясын құруға қатысқан жиырма Алаш көсемдері мен көшбасшыларына арналған. Монографияда ұлы тұлғалардың өмірлерін тереңірек зерттеп, қыр-сырын толық меңгеріп, саяси-рухани, тарихи орнын жан-жақты, түгел тани отырып, олардың ел-жұртына сіңірген еңбектері мен тағдыры қарастырылған. Өйткені бүгінгі таңда жер басып, тірі жүрген қазақ ұлты Алаш арыстарына мəңгі қарыздар.

Осы еңбектің қорытындысында (326-б.) көрсетілгендей, автордың көп жылғы ғылыми ізденістерінің нəтижесінде туындаған ой – алашордашылдықтар ұлтжандылық танытып, ұлт мүддесін қорғады; олар қазақ елінің болашақ тағдыры жолында аянбай күресті. Алаштың арыстары бостандық жолында күреске шығып, «ұлтшыл», «халық жауы» атанды. ХХ ғасыр басында саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің беталыс, бағдарларынан əбден хабардар, экономика, медицина, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының озық ойлы тобы шықты. Олар қазақ елінің Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда экономикалық, саяси, əлеуметтік, мəдени тұрғысынан өте артта қалғандығы Ресей патша үкіметінің отарлық саясатынының əсерінен екенін  толық түсінді. Сондықтан қазақ халқын өзге дамыған мемлекеттердің саяси-қоғамдық, əлеуметтік-экономикалық дамуына ықылас қоя отырып, қазақ халқын осындай деңгейге жеткізу үшін саяси-күрес аренасына шықты.

Ғалымның пайымдауынша, Алаш жетекшілері көрсетіп кеткен бағыт-бағдар қазір еліміз егемендік алып, тəуелсіз мемлекет болған кезде де өз маңызын жоймай, қазақ қоғамын осы заманғы əлемдік өркениетпен ұштастыруға жол сілтеп отыр.

Бұған қоса 2010 жылы Р. Каренов Алаш қайраткері Имам Əлімбековтың 125 жылдығына орай «Алаш азаттығының ақиығы Имам Əлімбеков» атты кітабын (Астана, 2010, 134 б.) басып шығарды. Бұл туындыда өткен ғасырдың 20–30-жылдарында қазақ халқының басына апат бұлты үйірілгенде, ұлттық мүддені қорғауға ұмтылған И. Əлімбековтың уəжі мен тұжырымдары қалай аяқасты етіліп тапталғаны, қорланғаны жəне коммунистік қызыл даурықпа сөзбен күйеленгені мол  мұрағат деректер негізінде қозғалған. Зерттеуден оқырман қауым И.Əлімбеков,  Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ə.Ермеков, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов, Р.Мəрсеков сынды тұлғалардың ұлт мүддесі үшін тоталитаризмге қасқая қарсы тұрғанын дəлелдейтін құжаттармен жəне ой-түйіндермен таныса алады.

Р.C. Каренов жоғарыда айтылған тарихи тұлғалар (Алаш арыстары)  еңбектерінің деректанымдық сипаты мен тарихи құндылықтарын насихаттайтын бірнеше ғылыми мақалалар да жариялады. Ол туралы ғалым аталған монографияның 122–123-беттерінде былай деп жазады: «Біз... Имам Əлімбековтың жəне басқа да Алаш қайраткерлерінің биік білім-парасаттарын, өмірлері мен шығармашылықтарының трагедиясын, қиындығын, бүгінге дейін халқымен бірге соғып тұрған ұлы жүректерін бейнелейтін бірнеше əдеби жəне ғылыми мақалалар жарияладық. Осы еңбектердің тізімі мынандай:

  1. Каренов Р.С. Алаштың бас көсемі // Азия-Транзит. – 2000. — №1. – 5–13-б.
  2. Каренов Р.С. Алаштың аты айтылмай жүрген қайраткері // Орталық Қазақстан. — 31 қаңт. — 5-б.Каренов Р.С. Алаштың аяулы азаматы // Азия-Транзит. — 2004. — №3 (48). — 10–15-б.
  3. Каренов Р.С. Алаштың жазықсыз жазаланған асыл азаматы (Имам Əлімбековтың туғанына 120 жыл) // Азия-Транзит. — 2006. — №1–2 (70–71). — 14–15-б.
  4. Каренов Р.С. Жарқырап аққан жұлдыздай // Жұлдыз. — 2006. — №5. — 169–181-б.
  5. Каренов Р.С. Талассыз жеке дара тұр ғой өзі... (Əлихан Бөкейханның туғанына 140 жыл толуына орай) // Азия-Транзит. — 2006. — №7–8 (76–77). — 4–12-б.
  6. Каренов Р.С. Мойын руы Саңай бұтағының шежіресі // Азия-Транзит. — 2007. — №7–8 (88– 89). — 56–64-б.
  7. Каренов Р.С. Алты Алаштың алып азаматы // Жұлдыз. — 2007. — №9. — 115–140 б.
  8. Каренов Р.С. Ұрпағы ұлықтаған Мойын баба туралы тарихи толғам // Азия-Транзит. —— №11–12 (92–93). — 41–48-б.
  9. Каренов Р.С. Қазақтың үш ұлы көсемі. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2002. – 251-б.

Қорыта айтқанда, Алаш қайраткерлеріне арналған бұл еңбектерімізде біз күрделі мəселелерге ерекше көңіл бөлдік:

  • Жер — құпиялардың сақтаушысы. Бұл құпияларды ашу əркімге бұйырмаған. Жер əркімге сене бермейді. Тек өз өмірін халқына қызмет етуге арнаған, өз əкесінің ғана емес, халықтың ұлы дəрежесіне жеткен адам ғана осы құпияны ашады.
  • Ұлт тарихын ұлы тұлғаларсыз, ойшылдарсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай, орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-əрекетін құрметпен еске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, əңгіме саясат, философия, мəдениет, ғылым мен өнер жайына ауысқанда жеке адамдарды, тұлғаларды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келген философиялық жəне ғылыми еңбек, мəдениет пен өнер-білім туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. Соның кепілі — Имам Əлімбеков қалдырған бай рухани мұра.
  • Ұлыларды, тұлғаларды жəне олардың игілікті істерін еске алу, білу, насихаттау, басқаларға жеткізу керек. Əсіресе, ұрпақтарына. Осылайша əрбір азамат өзінің жəне халқының ілгері дамуына ықпал етеді.

Сонымен, Рашит Саттарұлы ХХ ғасырдың 1920–1930-жылдардағы Алаш қайраткерлерінің рухы биік мұрасын қастерлеп, ғылыми айналымға тартып, халыққа танытып, адамдық-азаматтық борышын зор абыроймен орындап келеді. Оның іргелі зерттеулері бүгінде ғылым, білім, мəдениет саласында түпкілікті орнығып, халық игілігіне қызмет етуде.

  1. Алаш арыстары – Əлихан, Ахмет, Əлімхандардан... қалған ұлағат жолын ұстаған тұлға Жұмабек Тəшеневтің аруағын тірілтіп, оның өмірін повесінің арқауы етіп алған зерттеуші.

Р.С.Каренов, кезінде Кремльге барып, Н.С. Хрущевпен тəжікелесіп, Қазақстанның білдей бес облысын Ресей иелігінен алып қалған «Кісендеулі жолбарыстың» (Ж.А. Тəшеневтің лақап аты) қиын да қызық тағдырына көлемді повесть арнап (Жұмабек Тəшенов — Алаштың жүз жылда біртуар алып тұлғасы. — Қарағанды, 2014, 222 б.), оны Ж.А. Тəшеневтің 100 жылдығына орай жарыққа шығарған.

Өте құнды шыққан бұл танымдық толғауда мемлекетшілдік пен патриоттылықтың асқан үлгісін қылышынан қан тамған Кеңес үкіметі кезінде көрсете білген Жұмабек Ахметұлының қайсарлығы мен батылдығына тиісті баға берілген. Монографияда от ауызды, орақ тілді, екпінді-серпінді Ж.Тəшеневтің елшілдік, мемлекетшілдік істерінде қазақ жерінің жер асты қазынасын, теңіздей толқыған егінін, қазақ халқының орасан еңбегін, шығармашылық қабілет-қарымын, билік тұтқасын ұстауға төселген майталман мамандар барлығын, орыс халқына пейіл-мейірімі өзгеше екенін айрықша атап, көрсетіп отырғандығы баяндалған. Қаншама ғасырдан бері бабамыз ерлікпен қорғап қалған ұлан-байтақ жерімізді Н.С. Хрущев бөліп, жырмалап, біраз бөлігін Ресейге, енді біразын Өзбекстанға қоспақ болғанда, осыған ашық түрде қарсылық танытқан Жұмабек Тəшеневтің аруағына барлық қазақ бас июі керек екендігі дəлелденген.

Рашит Саттарұлының шығармаларының тартымды, көркем, қызықты болып келетін сыры оның қайраткерлік қасиетінде жатқан сияқты. Ол қоғамдық құбылыстарға терең түсінікпен, кейіпкерлеріне үлкен махаббатпен қарайтын автор. Өйткені өзі де осы қоғамның белсенді азаматы, белді қайраткері.

Гректің ойшылы Демокриттің: «Əрбір адам — өзінше құбылыс. Еш уақытта толық зерттеліп бітпейтін тақырып», — деуі өмір заңдылығы. Шынында да, профессор Р. С. Кареновтың өнегелі тағылымын, еңбек жолын, тарихи зерттеулерін бір мақала аясына сыйдыру мүмкін емес.

Сөз соңында ғылым мен білім жолында əділдік пен адалдықты қатар ұстаған ардақты Рашит Саттарұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, көрнекті ғалымға мықты денсаулық, ұзақ өмір, жаңа шығармашылық табыстар жəне отбасы амандығы мен бақытын тілейміз.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.