Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы саяси-дипломатиялық күрестер

Азияның оңтүстік-батысында орналасқан, əлемдегі ең көне мемлекеттердің бірі болып саналатын Иранда 1979 жылғы төңкерістің нəтижесінде монархиялық жүйенің орнына Иран Ислам Республикасы құрылған. Сол кезден бері Иран Ислам Республикасы халықаралық саясаттың «өзекті мəселелерінің» біріне айналды. Бұлай болудың басты себебі — Иранның ұстанған сыртқы саясаты жəне  ядролық  қару  игеруге  құлшыныс  жасаушы  ретінде  халықаралық  қауымдастық    тарапынан айыпталуы. Əлемнің алпауыт елдері Иран ядролық əскери қару бағдарламасын дамытып отыр деп күдіктенеді, тіпті, Иранды Ядролық қаруды таратпау туралы келісім ережелерін бұзуда деп айыптайды. Сонымен Иран өзін əлемдік жетекші елдердің мүдделеріне қайшы жұмыс жасайтын, сондай-ақ қазіргі халықаралық қауіпсіздік мəселелерінде, ядролық қаруды таратпау принципіне бойұсынбайтын ел ретінде көрсетісуде.

Халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде АҚШ-тың Иран Ислам Республикасын Ядролық қаруды таратпау келісімшарт міндеттерін бұзды деген айыптауы 1980-жылдың соңында айтыла бастаған еді. 2002 жылы Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдай 1974 жылғы МАГАТЭ- мен жасалған Ядролық қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі келісімді бұзу фактілері анықтаудан кейін шиеленісіп, МАГАТЭ шеңберінде Иран ядролық бағдарламасы бойынша іс қозғалған болатын. Сол жылы ядролық отын өндіру бойынша МАГАТЭ құжаттарында көрсетілмеген екі ирандық объектілердің (Натанз бен Арак қалалары жанындағы уранды байыту кешендері) жасанды серікпен суретке түсірілуі Агенттіктің кезекті сапарына себепші болды. 2003 жылдың ақпан айында келген агенттік сарапшылар Иранның атом энергетика саласында «жетістіктерге» жеткенін айтып өтіп, алты үлкен бұзушылықты ашты:

  • 1991 жылы Қытайдан табиғи уранды эскпорттауы (түрлі формалар мен қоспаларда — 1800кг);
  • импортталған шикізаттың уранды конверсиялаумен байланысты технологиялық үдерістердің сынақтан өткізуі үшін пайдалануы;
  • 1999 жəне 2002 жылдары гексафторидті Р-1 центрифугаларын сынақтан өткізу мақсатында импортталған 1,9 кг уран қолдану, бұл тəжірибелер кезінде байытылған уранның өндірілуі;
  • 1999–2000 жылдары 50 кг металл уранның экспортталуы, сонымен қатар 2002–2003 жылдары уранды лазерлік байыту бойынша тəжірибелерде қолдану;
  • импортталған табиғи уранды байыту үдерісінде қолданылатын уран фторидтерін өндіруде қолдану;
  • Тегеран зерттеу орталығында урандық нысаналардан плутонийді бөліп шығару, сонымен қоса бұл тəжірибелер нəтижесінде ядролық қалдықтарды өндіру.

Оған қоса Иран Агенттікті жаңа ядролық объектілердің құрылуы туралы ақпаратты дер кезінде бермеді деп айыптаған болатын.

Бұл жағдай Иранның Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім міндеттерін сақтау мен Агенттікпен Кепілдіктер жөніндегі келісімді сақтауы туралы мəселені көтерді. 2003 жылы маусым айындағы Агенттіктің баяндамасында Иран Агенттік алдындағы өз міндеттемелерін жүзеге асырған жоқ деп көрсетілген. Алайда Агенттік АҚШ-тың қысымына қарамастан, Иранның ісін БҰҰ ҚК-ға əзірше бермеуге шешім қабылдады. 19 маусымда Агенттік Иранды толыққанды ынтымақтастыққа шақыратын мəлімдеме қабылдады.

2003 жылдың аяғында Иранның уранды байытудағы əлеуетті мүмкіндіктеріне халықаралық қауымдастықтың түбегейлі көзі жетті. Бұл жағдай МАГАТЭ-мен жүргізілген тексеруден кейін белгілі болды. Дəлірек айтсақ, Натанздағы уранды байыту өндірісінің құрылысы анықталған болатын. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл құрылымның қуаттылығы жыл сайын үш əскери оқ жасап шығару үшін қаруға арналған уранды өндіруге жеткілікті болады екен. Ирандық ресми тұлғалардың айтуынша, бұл зауыт болашақ АЭС-тарын ядролық жанармаймен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Алайда халықаралық сарапшылар оған күдіктене қарауда.

2003 жылы Иранның ядролық бағдарламасының күшейтілуін болдырмау мақсатында Ұлыбритания, Германия мен Франция Иранға бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаны дамытуда техникалық ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Иран өз кезегінде Агенттікпен толыққанды ынтымақтастық жасап, Қосымша протоколды іске асыруға міндет алды. 2003 жылдың 21   қазанында «еуропалық үштік» Иранмен МАГАТЭ Қосымша протоколына қол қою, ядролық технологияларды қолдану мен байытумен байланысты барлық қызметті тоқтату туралы келісімге қол жеткізді. Алайда осыдан кейін «байыту» мағынасында қандай үдерістер сөз етілетінін нақты айқындау бойынша мəселелер туып, тараптар арасында түсініксіздік орын алды. Бұл мəселе 2004 жылдың 15 қарашасында «еуропалық үштік» пен Иран арасында өткізілген Париж келісімдері бойынша Иран уран байыту жұмыстарын тоқтауға міндеттелумен шешілген болды.

Алайда 2005 жылы Иранның билік басына келген М.Ахмадинеджад уранды байыту жұмыстарын қайта   жаңғыртты.   Ұлыбритания,   Франция   жəне   Германияның   Иран   ядролық     бағдарламасы айналасындағы дағдарысты шешуге талпыныстары еш нəтиже əкелмеді. Осылайша, 2003 жылдан бастап МАГАТЭ Иранға қатысты 12 қарар, 40 баяндама жарияланғанмен, Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы мəселе əлі де болса шешімін таппай, екі тараптың талаптарын қанағаттыратындай деңгейге жеткен жоқ [1].

Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы саяси-дипломатиялық күресте АҚШ-тың алатын орны ерекше. АҚШ пен Иран 30 жылдан астам уақыт бойы бір-біріне жағымсыз саясат ұстанып отыр. АҚШ Пехлеви кезіндегі Иран ядролық бағдарламасына белсене қатысқан, алайда Ислам революциясынан кейін Иранның сол ядролық бағдарламасы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы негізгі мəселелердің біріне айналған.

АҚШ-тың Иранның ядролық менменділігін бейтараптандыру талпыныстары ядролық қаруды таратпауға бағытталған американдық саясатының басты бағыттардың біріне айналды. Бұл саясаттың көп жағдайда ядролық қаруды таратпауға жол бермеу идеясынан гөрі, геосаяси түсініктерге байланысты екенін Пəкістанның Штаттар тарапынан мұндай «қамқоршылықтан» тыс қалудан айқын көруге болады. АҚШ-тың ядролық қаруды таратпау мəселесіндегі іріктеу əдісі жөнінде мəртебелі американдық   ғалым,   «Бомба   Индии»   жұмыстың   авторы   Дж.   Перкович   былай   деп   жазады:

«Радикалды түрде əкімшілік мүшелерінің көзқарасы бойынша, мəселені ядролық қарудың өзі емес, оны ұстап тұрған «жаман жігіттер» ушықтырады».

Не себептен Иран АҚШ-тың қызығушылығын тудырады? Иран — 80 млн-ға жуық халқы бар, инфрақұрылымы жақсы дамыған жəне табиғи ресурстарға, əсіресе мұнай мен табиғи газға бай мемлекет. АҚШ-тың Иран мемлекетінің бағытын өзгертуге талпыныстары Американың əскери- өндірістік кешеніне жаңа мүмкіндіктер туғызуы мүмкін. Иран сияқты елмен соғыс американ бюджетіне триллион долларға түссе де, АҚШ-тың жеңіске жеткен жағдайда əскери-өндірістік кешеніне үлкен пайда əкелуі тіптен мүмкін. Алайда бұл тек қана АҚШ-тың жеңіске жеткен жағдайда. Кері жағдайда, АҚШ президентінің бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Збигнев Бжезинский мəлімдегендей: «Иранмен болатын ықтимал соғыстың салдары АҚШ-ты апатқа əкелуі əбден мүмкін» [2].

АҚШ тарапынан Иранға деген қызығушылығының тағы бір себебі — «Жаңа американдық ғасыр» жобасы аясында Қытайды екінші алып державаға айналуын болдырмау мəселесіне байланысты. Таяу Шығыс, дəлірек айтсақ аймақтың мұнайы бұл мəселені шешуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қытай өзінің мұнайда мұқтаждығын Таяу Шығыс аймағынан импорт арқасында қанағаттандырады. Қытай қазақстандық жəне ресейлік қайнар көздер арқылы көмірсутек импортын əртараптандыруға талпынса да, оның таяушығыстық мұнайдан толық тəуелсіз болатынына сену мүмкін емес. АҚШ аймақтағы Қытайдың негізгі тəуелсіз қамтамасыз етушісі — Иранды «басу» саясатын жүзеге асыруды жөн көреді. Иран мұнай-газ секторына бақылау жасау бүкіл таяу- шығыстық мұнай ағымдарын басқаруға мүмкіндік беретіні анық.

Джордж Буш-кіші президент кезінде (2001–2009), əсіресе Иранда Махмуд Ахмадинежадтың билікке келгеннен соң екі ел арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. АҚШ экс-президенті Дж.Буш Пентагонның жаңа доктринасы бойынша АҚШ-қа агрессия актісін жасаған кез келген мемлекетке ядролық қару қолдануға дайын екендігін жариялады. Бұл Иран немесе Ирақ сияқты ядролық емес мемлекеттерге де байланысты еді.

2002 жылдың қыркүйек айында жарияланған АҚШ-тың «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» «аласталған елдер» деген ұғым қабылданды [3]. Бұндай елдер тізіміне Иранның қосылуы еш таңқалдырмайды. Сонымен қатар 2002 жылы 29 қаңтар күні Джордж Буш-кіші өзінің жыл сайынғы Конгреске Жолдауында «зұлымдық ошағы» елдерінің қатарына Иранды қосты.

Барак Обаманың билікке келуінен кейін Дж.Буш-кішінің Иранға деген сыртқы саясатынан толығымен бас тартылмаса да, көп бөлігі қайта қарастырылып, өзгертілді. Өзінің президенттік қызметіне кірісуіне бір аптадай уақыт қалғанда, америкалық жаңа Президент Иранның ядролық бағдарламасын дамыту мəселесін бейбіт түрде шешуді ұсынған болатын. Ең басты таңқалдырған нəрсе, Барак Обама өзінің Иранға қатысты америкалық саясатын өзгертіп, Иранмен тікелей сұхбатты бастауға дайын екендігін айтты.

Алайда өзінің жағымды «уəделеріне» қарамастан, 2009 жылы 1 мамырда АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің жыл сайынғы баяндамасында Иранның лаңкестіктің ең белсенді демеушісі болып қала беретіндігі аталды [4].

Иранды өз райынан қайтару мақсатында АҚШ 1995 жылдан бері Иран энергетикасына инвестициялар   жасаған   бірқатар   ирандық   азаматтар   мен   компанияларға   біржақты      тəртіпте санкциялар қабылдай бастаған болатын. Олардың барлығына АҚШ-тан несие мен инвестиция алуға тыйым салынған болатын. Бұл санкциялар жыл сайын ұзартылуда. Осылайша 2013 жылдың наурыз айында АҚШ Президенті Барак Обама санкцияларды ұзарту жөніндегі өкімге қол қойды. Санкциялар ұзартылуының басты себебін Барак Обама «Иран үкіметінің саясаты АҚШ-тың аймақтағы мүдделеріне қайшы келіп, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі, сыртқы саясаты мен экономикасына қауіп туғызуды жалғастыруда» деп, өкім мəтінінде айқындап берді [5]. Бұдан бөлек 2005 жылы Иранның атом энергиясы жөніндегі Ұйымға қарсы, бірқатар шетел компаниялар мен ұйымдарға, 2006 жылы Иран өндірістік «Санам» тобына қарсы санкциялар енгізілді. 2007 жылы Bank Melli, Bank Mellat and Bank Saderat қарсы санкциялар қабылдады. 2008 жылы АҚШ Сенатының қаржылық комитеті Иранға қарсы жаңа санқцияларды бекітті. Олар, негізінен, мұнай өндіру мен мұнай өңдеу саласындағы компанияларға, ядролық технологиялармен айналысатын фирмаларға қарсы бағытталды. Сонымен қатар Иран кілемдері 2009 жылы АҚШ біржақты негізде Иран энергетикасына 20 млн долл. инвестициялаған жəне Иранға мұнай өңдеу тауарларын экспорттайтын тұлғалары мен компанияларға қарсы санкцияларды енгізді. 2010 жылдың басында Вашингтон телекоммуникациялар, қаржы мен энергетика саласында қызмет ететін бірқатар Иран фирмаларына қосымша санкциялар енгізуге дайын екенін жария етті [6]. 2010 жылдың 9 маусымында БҰҰ ҚК дауыстың көпшілігімен (15-тен 12-уі — Бразилия, Түркия мен Ливаннан басқа) санкциялар қабылданып, олар банкаралық аударымдар, сыртқы экономикалық операцияларды, теңіз тасымалын бақылау, Иранға қару-жарақтың кейбір түрлерін сатуға тыйым, АҚШ тізімі негізінде белгілі бір тұлғалар мен компаниялардың активтерін байлап қоюды қамтыған. 2010 жылдың 26 шілдеде Еуропалық одақ мүшелері Иранға қарсы санкцияларды мақұлдап, 27 шілдеде оларды күшейтті: ЕО-ға келуге тыйым салынып, визалық шектеулер қоя отырып, Иран мұнай-газ секторына инвестициялар құюды тоқтатты. Осылайша АҚШ жəне оның жақтастары Иран өзінің уран бағдарламасын тоқтатуға міндетті деп санайды. Олардың пікірінше, Тегеран Келісімнің 4-бабынан шығатын елдің құқықтарын Келісімнің басқа барлық ережелерін сақтаған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Вашингтон Иран бағдарламасын заңсыз деп тану мақсатында қатаң халықаралық күш қолданудан да бас тартпайтын көрінеді.

Иран қашанда өзінің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа бағытталғанын айтып жатады. Алайда сөзі ісімен үйлеспейтін Иран билігі 2010 жылы Иран ғалымдары уранды 3,5 %-ға шейін байытуға қол жеткізіп, бұл жетістіктің негізінде өзін «ядролық мемлекет» деп жариялады [7].

Иранның ымырасыз сөздері мен іс-əрекеттері Батыс жағынан қатаң кереғарлықты тудырды. Қажет құжаттаманың дер кезінде өткізілмеуі, халықаралық тексерушлердің кіру рұқсатына байланысты мəселелер, қатаң риторика басқа державаларды 2006 жылы Иран мəселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (ҚК) қарауына берумен келісуге мəжбүр етті. Сонда да Иран басшылығы келіспеушілігін танытты, соның салдарынан ҚК Тегераннан Агенттікпен мəселелерін шешуді жəне уранды байыту бойынша бағдарламаны тоқтатуды талап ететін бірқатар қарарлар (1696 (2006), 1835 (2008)) жəне төрт санкциялық қарарлар қабылдады:

  • 1737 (2006) — БҰҰ ҚК БҰҰ мүше елдерге Иранға ядролық пен зымырандық бағдарламаларда қолданыла алатын материалдар мен технологияларды ұсынуға  тыйым салды. Ирандық маңызы зор ондаған компаниялар мен осы бағдарламаларға қатысы бар 12 тұлғалардың активтерін «мұздатты»;
  • 1747 (2007) — Иран қаруын экспорттауға тыйым салу жəне 28 тұлға мен ұйымдардың активтерін «мұздату». Иранға қаруды сатуды жəне Иран үкіметі үшін ссуда мен гранттар ұсынуды шектеу;
  • 1803 (2008) — азаматтық та, əскери де мақсаттарда қолданыла алатын тауарлардың саудасына тыйым салу. Қару контрабандасында күдікті ұшақтар мен кемелерді тексерістен өткізу. Melli жəне Saderat иран банктерінің қаржылық мониторингі. 12 компания мен 13 жеке тұлғалардың активтерін «мұздату»;
  • 1929 (2010) — ядролық қаруды жеткізуге мүмкіндігі бар Иран баллистикалық зымырандардың өндірісімен байланысты, сонымен қатар уран өндіру мен ауыр қаруларға ие болу сияқты қызметке тыйым салу. Иран ядролық бағдарламасымен байланысы бар иран банктерімен қаржылық операцияларды тоқтату. Иран ядролық бағдарламасына қатысы бар 40 иран компаниялары мен ұйымдардың, елдің 40 азаматтарына қарсы санкция қабылдады [8].

Иран БҰҰ бұл қарарларын қабылдамай, елге салынған санкциялар заңсыз деп таныған болатын. Иранның мұндай жауапсыздығы БҰҰ тарапынан Тегеранға одан да қатаң санкциялар салуға негіз болды.

Батыс пен Иран арасындағы дауды жаңа белеске көтерген бұл емес — МАГАТЭ-нің 2011 жылы жариялаған аты шулы баяндамасы [9]. Қарашаның 8-і күні МАГАТЭ жариялаған 25 беттен тұратын ресми баяндамасында Иран 2003 жылдан бері ядролық қару жасауға бағытталған  жұмыстар жүргізген деген қорытындыға келген еді. Əсіресе 2008–2009 жылдары Иран ғалымдары ядролық оқтұмсық жасауға ден қойған. Қазір де сол жолдан тайынбай отыр. Тіпті, компьютер арқылы жобаларын сызып, жерасты сынақ алаңдарын да даярлаған. Осыдан кейін Батыс елдері Иранға қарсы санкциялар күшейтетінін жариялаған.

Бірақ Иран Ислам Республикасының президенті Махмұд Ахмадинеджад өз еліне тағылған кінəні негізсіз деп жариялады. Оның ойынша, МАГАТЭ қазіргі директоры Юкио Амано — «Американың қолбаласы» болғандықтан, халықаралық қауымдастықтың емес, Вашингтонның сөзін сөйлеуге мəжбүр. Ахмадинеджад не десе де, бұл майданда басымдық Иран жағында емес. Мемлекеттің уран өңдеуін тоқтату мақсатында кейінгі жылдары Тегеранға қарсы қабылданған санкциялар саны жылдан жылға өсіп келді [10].

Жауап ретінде Иран шығанақтағы мұнай қоры сақталған, əлемнің мұнай жеткізуінің 40 %-на тиесілі Ормуз бұғазында онкүндік əскери теңіз жаттығуларын өткізген болатын. Иран билігі, егер Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Ормуз бұғазын жауып тастайтындығын бірнеше рет қайталады. «Ормуз бұғазын жабу — бір стакан су ішкеннен оңай». Бұл — Иран Əскери теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Хабиболла Сайяридің Вашингтонға жасаған ескертуі.

Ақ үй өз кезегінде Тегеран Ормуз бұғазын жауып тастайтын болса, Вашингтон ашық əскери күш қолданатынын жария етті.

АҚШ Сенаты бірауыздан Иранға қарсы санкция жөніндегі заң жобасын қабылдап, оған сəйкес, АҚШ-тағы шетелдік банктер ирандық Орталық банкпен іскерлік байланыстары үшін айыппұл төлейтін болады.

Еуроодақ басшыларының шешімімен 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап ЕО барлық елдері Ираннан кез келген энерготасушы экспортынан бас тартты. Алайда ЕО басшылары өзінің алдына қойған Иранның қаржылық секторын əлсірету мақсатына қол жеткізуі екіталай, себебі американдық жəне еуропалық тұтынушыларынан айырылған Иран өзінінің Үндістан, Қытай мен Оңтүстік Корея сияқты тұтынушыларын сақтап қалды. Екіншіден, Иранның экономикалық блокадалау ел басшылығын ядролық саладағы зерттеуден бас тартуға мəжбүрлей алмады.

Тығырыққа тірелген Иран ядролық бағдарламасын реттеудегі жаңа кезең 2013 жылы Иран Ислам Республикасының билігіне Хасан Роухани тағайындалуымен басталғандай көрінеді.Тамыз айында Президент лауазымына тағайындалған Хасан Роухани Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты мəселені жарты не бір жыл ішінде шешуге уəде берген болатын. Сөзінде тұрған Иран Президенті елдің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жаңғыртуға дайындығын білдіріп, белсенді келіссөздер жүргізу барысында 2013 жылдың қараша айында Женева қаласында өткен кездесу нəтижесінде тарихи маңызы бар Уақытша келісім жасасуға шешім қабылдады [11]. Аталмыш Келісімнің Иран ядролық бағдарламасын реттеудегі рөлі зор — осы уақытқа дейін тараптардың ядролық мəселені бір нүктеден жылжыту талпыныстары еш нəтиже бермеген болатын. Келісімге сəйкес, Иран уранды байытуды азайтуға, ядролық бағдарламасын МАГАТЭ-нің қатаң бақылауында дамытуға міндет алады. Оған қоса, Иран ядролық бағдарламасы 6 айға тоқтатылды, яғни Иран жаңа центрифугаларды орнатудан жəне уранды байыту бойынша жаңа объектілерді салудан бас тартуға, уранды 5 %-ға дейін ғана байытуға келісті.

Аталмыш келісім Иран Ислам Республикасының сындарлы саясатының жемісі деп айтсақ, қателеспейміз. Иран басшылығы бағыт алған жаңа стратегиясының арқасында өз мəртебесін ұлғайтып, əлем саясатының дегдарлы мүшесіне айналды. Хасан Роухани берген сұхбаттардың бірінде

«Біздің басты мақсатымыз — өзіміздің бейбіт ядролық бағдарламасын халықаралық ережелерге сай үйлестіріп, халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылықты жою. Бүгінгі таңда біз келіссөздер нəтижелеріне қанағат болып, екі тарап арасындағы қайшылықтар көп ұзамай толығымен жойылады деп үміттенеміз» деп ашық жария еткен болатын [12].

Тараптардың жеткен тағы бір жетістігі — Иран Келісімге сəйкес теория жүзінде қаруға қажетті плутонийді  жасап  шығаруға  болатын  Арактағы   ауыр   су   реакторын  салуды  тоқтатуға     келісті.

Женевалық жоспарға негізделген құжатта Иранның ядролық нысандарында мониторинг қалай жүргізілу керектігіне дейін көрсетілген. Келісімге сай, халықаралық қауымдастық өз кезегінде Тегеранға салынған экономикалық санкцияларды жұмсартуға, жаңа санкцияларды енгізбеуге жəне Иранның бейбіт атом өндіру құқығын мойындауға міндеттеме алған болатын.

Уақытша келісім 2014 жылдың 20 қаңтарында күшіне еніп, алты айдан соң аяқталады. Бұл алты ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді ай сайын өткізбек. Осылайша жарты жылдан соң тараптар жаңа тұрақты келісімге қол қояды деп күтілуде.

Қазіргі таңда Иран Уақытша келісімге сəйкес өз міндеттемелерін орындауда. Женева Келісімінің міндеттемелері бұлжытпай орындалу үдерісі тараптар арасында біршама сенім ахуалын туғызды. Ал сенім, өз кезегінде, өзара келісімге келу жолындағы бірден бір құралы. Иран Президенті Ислам революциясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда «Алтылықпен» келіссөз өткізу барысында Иран араздыққа еш ұмтылмайтынын көрсеткіміз келеді... Иран халықаралық уағдаластықтарды қолдайды... Еуропалық мемлекеттер ынтымақтасуға ниетін шын білдірсе, Иран тарапынан нəтижелі қадамдарды көре алады» деп Тегеранның ұстанымын қайталап жария етті [13].

Дегенмен, тараптар арасындағы диалог оңай болмайтыны анық. Келісімге қарамастан, АҚШ пен Иран арасындағы қатынастар əлі де шиеленіскен жағдайда. Иранға қатысты АҚШ санкцияларының жұмсаруы Иран экономикасының қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Оған қоса, 2013 жылдың желтоқсан мен 2014 жылдың ақпан айында АҚШ-тың Иранға санкцияларды аттап өтуге қол ұшын берген бірқатар компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар пакетін қабылдауы келіссөздер барысын баяулатуы əбден мүмкін. Израиль үкіметі өз кезегінде аталған келісім бүкіл əлемге қауіп төндіріп тұрғанын мегзеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың айтуынша, ядролық бағдарламаны уақытша ғана тоқтатып отырған Иран қыруар ақшаға кенеледі, бірақ есесіне ештеңе де қайтара алмайды.

Соған орай, жаңа саяси жағдайларға қатысты батыс елдері мен Иран Ислам Республикасы арасындағы келіссөздер елдің ядролық бағдарламасының қаупін жоя ма деген ой көпшілікті мазаландыратындығы айқын.

 

 Əдебиеттер тізімі

 

  1. IAEA Resolutions // International Atomic Energy Agency. [ER]. Access mode: http://www.iaea.org/newscenter/focus/iaeairan/iaea_resolutions.shtml
  2. Балаубаева Б. М., Кабдулинова А. Иран ядролық бағдарламасы: АҚШ мемлекетімен қарама-қайшылықтары // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар жəне халықаралық құқық сериясы. — Алматы, 2012. — № 2 (58). — 47–53-б.
  3. Стратегия национальной безопасности США — 2002 // Российский правовой портал. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://constitutions.ru/archives/5292
  4. Буш продлил действие «чрезвычайного положения» в отношениях с Ираном еще на год // Новости NEWSru.com. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://palm.newsru.com/world/12nov2008/iran.html (дата публикации 11.2008)
  5. Санкции США против Ирана отметили своё совершеннолетие // Вестн. Кавказа. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.vestikavkaza.ru/news/Sanktsii-SSHA-protiv-Irana-otmetili-svoye-sovershennoletie.html (дата публикации 03.2013)
  6. Сажин В.И.   Иран:   декабрь   2009   г.   Военно-политическая   ситуация    //    Институт    Ближнего    Востока. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.iimes.ru/rus/stat/2010/27–01–10c.htm
  7. Давар А. Иран во внешней политике США: ядерный фактор // Вестн. КазНУ. Сер. междунар. отношения и междунар. право. — 2012. — № 2 (58). — C. 54–59.
  8. Резолюции Совета Безопасности ООН // Комитет Совета Безопасности ООН. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.un.org/russian/sc/committees/1737/resolutions.shtml
  9. Осуществление Соглашения о гарантиях в связи с ДНЯО и соответствующих положений резолюций Совета Безопасности Организации Объединенных Наций в Исламской Республике Иран. Резолюция, принятая Советом управляющих 18          ноября    2011             года.              //             МАГАТЭ.     [ЭР]. Қолжетімділік     тəртібі: http://www.iaea.org/Publications/Documents/Board/2011/Russian/gov2011–69_rus.pdf
  10. Иран ядролық қару таратпау келісімінен шығуы мүмкін // Азаттық Радиосы. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://origin-kz.azattyq.org/content/news/1163261.html
  11. Иран в   2013   году   сократил   продажу   нефти   на   15 %   //   Международное   Информационное   Агентство. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.inform.kz/rus/article/2626753 (дата публикации 01.2014)
  12. Иран и страны-посредники спорят о судьбе ядерного реактора //  Финансово-аналитический  бизнес-портал. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://livda.ru/news/politics/world/iran-i-strany-posredniki-sporyat-o-sudbe-yadernogo-reaktora-0367 (дата публикации 03.2014)
  13. Хасан Роухани. Иран  выстоит  против  любого  агрессора  //  Информационное  телеграфное  агентство  России. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://itar-tass.com/mezhdunarodnaya-panorama/955693 (дата публикации 02.2014)

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.