Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азия аймақтағы суды бірлесе пайдалану: ынтымақтастықтың мəселелері мен болашағы

Мақалада Орталық Азия аймақтағы суды бірлесе пайдаланудың тарихы, эволюциясы жəне мəселелері қарастырылған. Қазіргі кездегі суға қатысты мемлекеттердің келісімдері сарапталған. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының құжаттары пайдаланылған. Авторлардың пікірінше, ұлттық қызығушылық негізінде құрылған су ресурстарын пайдалану мəселесіндегі əр түрлі амалдар Орталық Азияның əрбір мемлекетінің осал жақтарын көрсетеді. Аймақ жетістігі болып трансшекаралық өзендерді бірлесе басқару мен пайдалану саласындағы ынтымақтастық орнату болып табылады. 

Орталық Азия аймақ бай табиғи ресурстардың болуына орай əлемнің маңызды аймақтары болып қала бермек, оған ықпал етуші факторлардың бірі кең көлемдегі транзиттік əлеует жəне аймаққа деген алдыңғы қатарлы державалардың геосаяси қызығушылықтарынан туындап отырған жағдайлар əсер етуде. Тəуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия мемлекеттер — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түркіменстан көптеген экономикалық, əлеуметтік-саяси мəселелермен қақтығысқан болатын. Осындай мəселелердің бірі суды бірлесе пайдалану немесе су ресурстарын бірлесе басқару болып отыр.

Барлық уақытта Орталық Азия əлемдік үрдістер орталығында болып келді. Осы аймақта Ұлы Жібек жолы көптеген ғасырлар бойы өзара бірқатар елдер мен өркениеттерді байланыстырып тұрды. Ұлы Жібек жолының бойында мəдениеттердің енуі мен толығып отыруы, білімдермен, рухани жəне философиялық құндылықтармен алмасу жүрді.

Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерді біріктіруші факторлардың бірі — алып жатқан территорияларының ортақтығында. Қазіргі таңда олардың территориясының жалпы көлемі 4 млн шаршы шақырымға жуық, халықтың саны шамамен 45 млн адамнан асып отыр, бірақ халық саны, əсіресе Өзбекстан секілді республикаларда тез қарқынмен өсуде.

Қазіргі кезеңде Орталық Азия аймағы болашағы үлкен, сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті алғанда шиеленісті аймақтардың бірі ретінде қарастырылады. Аймақтың трансформациясы оның Еуразия кеңістігінде өзіндік орнын табуына əкелу болжамы бар.

Ендігі кезекте Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық мəселелерге тоқталмас бұрын осы жағдайдың туындау себептеріне назар аударатын болсақ, табиғатқа адамдардың араласып, суды кең көлемде егістік алқаптарға пайдалануы аймақта біздің заманымызға дейінгі VII–VI ғасырларға жатқызылады. Орталық Азияда су өркениеттің орталығы мен мемлекеттің қалыптасуында əр заманда алдыңғы қатарда тұрды. Антик ойшылдары жəне зерттеушілері — Геродот, Гиппократ, Фукидид, Страбон, Полибии [1] өз еңбектерінде географиялық ортаның адамдарға жəне олардың тарихына əсері жайлы кең толғады.

Осымен бірге «географиялық детерминизм» түсінігін белгілі француздық ойшылы, философ Ш.Монтескье де кең көлемде қарастырған еді. Ол географиялық факторларға (мемлекеттің территориясының  көлемі,  мемлекеттің  орналасуы  жəне  т.б.)  ерекше  мəн  берді.  Сол  себепті  оны «географиялық детерминизмнің» негізін қалаушылары қатарына жатқызады.

Сол кездегі географиялық детерминизм (қоғамның дамуы мен жағдайы географиялық орта, немесе сулар, ауа райы, ландшафт, географиялық орналасуы секілді географиялық  ортаның жекелеген факторларымен, айқындалады деген тұжырым) түсінігі көптеген философтар мен саясаткерлердің қызығушылығын тудырып, осы ұғымды кеңінен айналымға енгізіп, зерттеуге мүмкіндік берген еді. Қоршаған ортадағы су ресурстарының адамдардың, мемлекеттердің дамуындағы орны айқындалды.

Сөз жоқ, қазіргі уақытта да көптеген зерттеушілер осы мəселеге қатысты алаңдаушылық білдіруде. Табиғат факторындағы су ресурстары мəселесінің шешілмеуі көптеген аймақтық, ішкі, локалдық мəселелердің реттелуіне кедергі болып, Орталық Азия бес мемлекеттің қарымқатынасындағы тұрақты даулы мəселеге айналуда.

Қазіргі уақытқа дейін оның рөлі бірте-бірте өсе түсті, қоғамда суға деген сұраныс артқан сайын судың тапшылығы айқын көрініс бере бастады. Əсіресе суландыру жүйесі КСРО кезеңінен бастап ХХ ғасырдың 60–90-шы жылдары аралығында қарқынды түрде жүргізіліп, барлық су қорларының сарқылуына, қоршаған ортаның құлдырауына əкелді [2; 8].

Орталық Азия мемлекеттерінің су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кезекті ынтымақтастықтың дамуы мемлекеттер арасындағы аймақтың дамуына айқындаушы фактор ретінде қарастырылды.

Қазіргі жаһандану, техногендік жəне экологиялық апаттар, ғаламдық жылыну, жанар-жағармай ресурстарының сарқылуы, су қоймаларының ластануы жағдайында үлкен тұщы су көлемі бар мемлекеттерді сулы державалар қатарына енгізеді. Ондай мемлекеттер əлемде он шақты, олардың қатарында Қырғызстан жəне Тəжікстан бар. Əлемде бесінші орында, Орталық Азияның 50 % көп су қоры жинақталған мемлекеттердің бірі — Қырғызстан. Əлемдегі сегізінші орынды Тəжікстан су қоры алып отыр. Ал бұл дегеніміз — стратегиялық шикізат пен ұлттық байлық. Бірақ өзендер мен су алаптары трансшекаралық территориялар — Орталық Азия мемлекеттері су тамырлары  арқылы тығыз байланысқан — оны қоршаулармен қоршап, бөгет қойып тоқтату мүмкін емес, оны барлық мемлекеттер бірдей тұтынғаны дұрыс.

Осылайша суды тұтыну кеңінен жүзеге асырыла отырып, табиғат пен қоршаған ортаға кері ықпалын да тигізе бастады. Алайда, ресейлік зерттеуші Г.Н.Петровтың  пайымдауынша, Орталық Азия мемлекеттері ішінде су ағысының жоғарғы ағысында отырған мемлекеттер — Тəжікстан мен Қырғызстандағы гидроэнергетикалық ресурстарды пайдаланудың үлкен мүмкіншіліктері мен оны пайдаланудың өзге де түрлерінің болмауы осы мемлекеттерге кедергі жасап отырғандығын айтады.

«Мысалы, халық саны мен территория көлемі жағынан жалпы əлемдік 0,1 % құрайтын Тəжікстан жалпы əлемдік су ресурстарының 4 % құрап отыр, жалпы су ресурстарының қоры бойынша ол сегізінші орында, ал экспорттық потенциалы жағынан əлемде үшінші орында тұр. Сондай-ақ Қырғызстан да үлкен су əлеуетіне ие. Осы аралыққа дейін оның 5 % ғана иегерілгендігін атап өтеді» [2; 8].

Қазақстан Республикасының гидроресурстарының жағдайына келетін болсақ, біз Қазақстан Республикасының Президенті мұрағатынан алған «Справка о рабочей схеме (гипотезе) Генеральной схемы водообеспечения Казахской ССР и о результатах ее технической экспертизы» құжатындағы мəліметтерді қарастыра келе, ХХ ғ. 60–80 жж. Геология мен жер қыртыстарын қорғау бойынша министрлік сол кездегі барлық облыстар бойынша карталар мен очерктер құрастырған бірқатар жұмыстарынан мəліметтер келтіре кетейік.

Ондағы есептеулерді ескерсек: «Расчеты, выполненные в Рабочей схеме, показали, что заданное развитие хозяйства вызывает рост общего годового водопотребления по республике с 15,8 куб. км в 1959 году до 26,4 и 53,5 куб. км в 1965 и 1985 гг. соответственно. При этом водопотребление промышленности и городов с 1958 по 1985 гг. увеличивается в 8 раз, а удельный вес его в общем водопотреблении возрастает с 6–7 % до 15 %, а водопотребление в сельском хозяйстве возрастает в 3 раза» [3].

Осылайша, шаруашылықта суды тұтыну ХХ ғ. 60–80 жж. Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өскендігін аңғарамыз. Осындай бағыт сол кездегі Орталық Азия республикаларының барлығында да орын алған деген тұжырым жасауға болады. Дегенмен қазіргі уақытта суды тұтыну жəне оны бірлесе пайдалану бойынша жоғарыда аталған мемлекеттер бір шешімге келе алмай отыр жəне осы аймақтың кейбір мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы жəне өзге де салаларда су тапшылығы аңғарылып отыр.

Осыдан кейін 1991 жылдың қыркүйегінде су ресурстары бойынша министрлердің кездесуінде осы мəселеге қатысты ой тоқтатқандығы Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшыларының стратегиялық көрегендігін көрсетті. КСРО ыдырағаннан кейін, бір айдан соң су мəселесіне мəн бере қарауда күн тəртібіндегі күттірмес оқиға болғандығын аңғаруға болады. Осы орайда Қазақстан Республикасы аймақ мемлекеттері арасында суды су-энергетикалық ресурстарды бірлесе пайдалану, қорғау бойынша бастамашылардың бірі деп айтуға болады. 1992 жылы 18 ақпанда Алматыда Мемлекетаралық   үйлестіруші   шуруашылық   комиссиясы   (МҮШК–МКВК)   құрылып, Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан жəне Өзбекстан Республикалары арасында мемлекетаралық су ресурстарын бірлесе басқару, пайдалану жəне қорғау саласында ынытымақтастық орнату жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. 1993 жылы 23 наурызда Қызылордада өткен бес мемлекет басшыларының кездесуі осы келісімді нақтылай отырып, осы салада ынтымақтастық орнатуға болатындығының бір айғағын көрсеткен болатын.

1994 жылы қаңтар айында мемлекет басшылары Арал теңізі алабының бағдарламасын (АТАБ-1ПБАМ-1) мақұлдаған болатын. Бұл жоба сол кездегі алғашқы Орталық Азия мемлекеттерінің бірлескен жəне қазіргі уақытта кеңінен жүргізіліп отырған су-энергетикалық ресурстарды бірлесе пайдалану бойынша бағдарламалардың бірі. АТАБ-1 шеңберіндегі ірі аймақтық жобалардың бірі «Су ресурстары мен қоршаған ортаны басқару бойынша жоба» (СРҚОБЖ-ПУВРОС) жүзеге асырылды. Сондай-ақ сол уақытта осы жобамен қатар WARMAP жобасы да кеңінен жүргізілген болатын. АТАБ1 жобасының дайындалуында Орталық Азия мемлекеттерінің бірқатар мамандары мен БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНЕП, Əлемдік банк, GEF, ЕДҚБ, АДБ, ТАСИС, KfW Германия банкі, ЭРА Кувейт қоры, ЮСАИД жəне өзге ұйымдар атсалысты [4].

Осылайша, АТАБ-1 бағдарламасы шеңберінде Орталық Азия мемлекеттері арасында алып аймағындағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді жəне аймақта туындап отырған экологиялық қатердің алдын алуға мүмкіндік берді. Аталған екі құжатта МҮШК қызметінің негізін ғана қалап қоймай, басқа да аймақтағы су-энергетикалық ресурстарды бірлесе пайдалану жөніндегі бірқатар аймақтық ұйымдардың құрылуына негіз салды.

Орталық Азия мемлекеттерінде суды пайдалану бойынша тарихи негіздерді ескере отырып, мемлекеттер арасындағы суды бірлесе пайдалану бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мəселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режим проблемаларын шешу, əсіресе жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Қазіргі таңда Қырғызстан Республикасының үлкен гидродонор екенін ескере отырып осы мемлекеттің көптеген зерттеу орталықтары мен институттары аймақтағы жағдайға өз көзқарастарын білдіреді. Қырғызстан Республикасының ҰҒА Су мəселелері мен гидроэнергетика институтының директоры Дуйшон Маматканов: «Қырғызстанның су ресурстары Қазақстан мен  Өзбекстанды жəне тіпті Батыс Қытайдың 70 % — Қырғызстан территориясынан едəуір үлкен Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аймағының барлық территориясын қамтып отырғандығын жəне осы аймаққа жыл сайынғы жіберіліп отырған су көлемі 8 млрд куб. м құрап отырғандығын» [5], — атап кетеді. Оның есептеуінше, Қырғызстан Республикасы жылына тек 15 % су қорын тұтынады.

Су ресурстарының 32,6 куб. км көлемінен ішкі суды тұтыну үлесіне 11 куб. км, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен сумен қамту бойынша 4,95 куб. км, өндірістік қажеттіліктерге — 0,05 куб. км, коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге — 0,2 куб. км, гидроэнергетикаға — 5,8 куб. км; көрші мемлекеттерге су ресурстары 21,6 куб. км көлемінде жіберіледі, оның Өзбекстандағы үлесі — 11,3 куб. км, Қазақстандағы — 8,34 куб. км жəне Тəжікстандағы үлесі — 1,96 куб. км [5].

Алайда бұл болжамдар жүзеге асқан жағдайда Қырғызстан Республикасының бюджетіне Орталық Азияның басқа республикаларынан түскен салықтан 9,91 млн долл., немесе 465 млн сом, көлемінде пайда түсуші еді деген болжамдарын жасырмайды. Алайда 1992 жылғы Алматыда жасалынған Орталық Азия бес мемлекеттің келісімінде «Аймақтың су ресурстарының ортақтығы мен бірлігін ескере отырып, Тараптар тұтынуда ортақ құқықтарға ие жəне оларды пайдалану мен қорғауды тиімді жүргізуге жауапты» [6] делінген, яғни Орталық Азия республикалары суды бірлесе пайдалануда тиімді шешімдерге жүгінуі қажет.

1998 жылы 17 наурызда Қазақстан Республикасы үкіметі, Қырғызстан Республикасы жəне Өзбекстан Республикасы үкіметі арасында Сырдария өзені алабының су-энергетикалық ресурстарды пайдалану жөніндегі келісімге қол қойған болатын. Осы орайда мемлекеттер бір-бірінің  тату көршілік пен ынтымақтастықтың шынайы негіздеріне; өз елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының жақсы тұрмысын қамтамасыз ете отырып, Сырдария өзенінің су энергетикалық ресурстарын пайдаланудың келісілген тəртібін негізге алды.

Сонымен қатар өзен сағасының төрт мемлекеттің территориясын ала отырып олардың экономикалық өсуіне негіз болатындығын [7] атап кетті. Осы келісім негізінде 1998 жылы Орталық Азия мемлекеттер тек қана Сырдария су ресурстарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар Арал теңізінің мəселелері қамтылған.

Құжаттың 10-бабында Сырдария өзені алабындағы сумен қамтылу тұрақтылығы мақсатында суэнергетикалық ресурстарды реттеу мен пайдалануды əрі қарай жақсарту, экономикалық қарымқатынастарды жетілдіру мақсатында Тараптар келесі сұрақтарды бірлесе отырып шешуге келісті:

  • аймақта жаңа гидроэнергетикалық объектілер мен су қоймаларын немесе балана көздерді салу;
  • қазіргі уақыттағы жүргізіліп отырған айырбас бірлескен есептемелерінен қаржылық қарымқатынастарға өту;
  • ортақ тарифтік саясат негізінде бағаны белгілеу механизмдерін өңдеу;
  • Сырдария өзені алабында орналасқан гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Сырдария өзені алабындағы су көздеріне ластанған сулардың келуін азайту жəне тоқтату [7].

Дегенмен, аймақ мемлекеттері аталмыш келісім негізінде мəселені толық шешкен жоқ. Орталық Азия аридтік аймақта орналасқан, ол суармалы жүйесіз ауылшаруашылық мəдениеттерін өсіру мүмкін емес. Бұл өз алдына суды үлкен мөлшерде талап етеді жəне осы жағдай шиеленістерге əкеліп тіреуде. Əрине, бұл мəселенің бір ғана қыры. Суды бірлесе пайдалануда мемлекеттерге ортақ жүйе құрып, су дипломатиясын жүйелі, оңтайлы жүргізу қажет.

Бұл жөнінде белгілі қазақстандық зерттеуші К.Н.Макашева: «Су ресурстарымен тиімді жəне тұрақты басқару жəне содан келіп туындайтын Орталық Азияның бес мемлекетіндегі энергетика мəселесі саяси жəне экономикалық ынтымақтастықта ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында да өзектілігін жоғалтпайды. Су ресурстарын тиімді үлестіру экономикалық жəне экологиялық емес, саяси сұрақ болып қалмақ. Бұл сұрақтарда қауіпсіздікке жауап беретін көптеген күн тəртібіндегі мəселелер тұр» [8], — деген тұжырым жасайды.

Сондай-ақ қазіргі туындап отырған қауіп-қатерлерге жауап ретінде, ең алдымен, су мəселесін саяси тұрғыдан бірігіп шешу қажеттігі жөнінде болжамдар келтірілген болатын. Орталық Азия мемлекеттері ішіндегі тараптардың суға қатысты келіспеушілік салдарынан бірқатар мəселелер туындап отыр. Кеңес үкіметі кезеңінде су ресурстарын басқару жəне  пайдалану жоспармен жүргізілсе, тəуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азия мемлекеттері өз саясаттарын мемлекеттің жекелеген қызығушылықтары талаптарына сəйкес жүргізуде. Осы орайда Орталық Азия мемлекеттері арасында суды бірлесе пайдалану бойынша келіспеушіліктер туындап отыр. Қырғызстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы Қамбарата-1 ГЭС-ның, Тəжікстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы Рогун ГЭС-ның құрылысына қатысты даулы жағдайлар осының айқын көрінісі.

Қазақстан Республикасы өз тарапынан су дипломатиясын берік ұстанып отыр, алайда жоғары ағыстағы республикалардың суға қатысты саясатына өз пікірлерін білдіруде. Тіпті, Қамбарата-1 ГЭС құрылысына өзінің қызығушылығын танытып отыр. Ал Қырғызстан үшін бұл қажет, себебі құрылысы ұзаққа созылған Қамбарата-1-ді қырғызстандық тарап Ресей жағынан созылуына байланысты (Ресей өз үлесінде 75 % сұрап отыр) өзге инвесторларды тарту арқылы жүргізбек ойда. Қазақстандық тараптың ұйымдастыруымен 2012 жылы 5 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Өзбекстан Республикалары Премьер-министрлерінің орынбасарлары кездесуі өткізіліп, Қамбар ата-1 ГЭС-тың құрылыс жобасын айқындау бойынша сөз қозғалды. Кездесуде аталған мəселе бойынша төрт жақты жұмыс тобын құру ұсынылған болатын. Алайда Өзбекстан жағы бұл кездесулерге қатысудан бастартты. Өзбекстан Республикасы Қамбарата-1 ГЭС-нің құрылысына қарсылығы қазірге дейін тоқтатылмай отыр жəне өзбекстандық тарап бұл жобаны жүйелі сараптама жасап барып жүзеге асыру қажеттілігін айтты.

2013 жылы Тəжікстан Республикасы мен БҰҰ институттарының бірлесуімен Душанбеде  өткен су серіктестігіне қатысты ірі конференция болып өтті. Осы конференция Орталық Азия аймақ республикаларының су мəселесіне қатысты, жаңа гидроэлектростанциялар салу бойынша, жерлерді суарудағы су тапшылығына қатысты өзекті мəселелерді қозғап өтті. Бұл аймақтық су жүйесін біріктірілген түрде бірге пайдаланудың жаңа серпінін туындатты.

2015 жылы 2 маусымда Қырғызстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Валерий Диль Жоғарғы Кеңестің отын-энергетикалық кешені мен комитеті мен жер қойнауын пайдалану бойынша отырысында Қамбар ата-1 ГЭС-нің құрылысы Өзбекстан тарапынан наразылық туындап отырғандықтан, жүргізілмей отырғандығын атап кетті. Ал Ресей тарапы Өзбекстан мен Қырғызстан аталған мəселені бірлесе шешпейінше, іске кіріспейтіндігін білдірді [9].

Осылайша, Орталық Азия мемлекеттері арасында суды бірлесе пайдалану бойынша туындап отырған даулы жағдайлар салдарынан су-энергетика саласында ғана емес, онымен тығыз байланыстағы  экономиканың  өзге  салаларында  көрініс беріп  отыр.  Су-энергетикалық мəселелерде келісілген саясат жүргізбеу салдарынан жəне кейбір мемлекеттер тарапынан келісім-шарттық міндеттемелерді орындамауларға байланысты суды бірлесе пайдалануда кедергілер: аймақтағы саяси жəне экологиялық тұрақсыздықтан бастап Орталық Азия мемлекеттерінің əлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі жасайтын қатерлерге əкеп соқтырады. Біздің болжамымыз бойынша, аймақ мемлекеттер арасында жасалынған келісімдер қазіргі кездегі халықаралық құқықтық нормалардан тысқары жасалынып, саяси-экономикалық тұрғыдан кең көлемде жүргізілмей отыр.

Осыдан барып Орталық Азияда суға қатысты төмендегідей қауіп-қатерлер туындайды:

  • мемлекеттер арасындағы тарихи байланыстың үзілу қауіпі;
  • экологиялық тұрақсыздық қатерлері;
  • сыртқы сауданың шектелуі;
  • көліктік тасымалдаулардан шеттету;
  • сыртқы инвестициялардың болмауы;
  • халықаралық даулар қауіпі.

Осы жағдайларды шешуге қатысты мəселелермен қазіргі уақытта 1996 жылы құрылған Жаһандық су серіктестігі (ЖСС-ГВП-GWP) үлкен үлес қосуда. Оның негізгі мақсаты — əлемдік деңгейде су ресурстарын бірлесе басқару (СРББ — ИУВР) принциптерін енгізу болып табылады. Оның қызметі əлемнің 11 аймағында су ресурстарын кешенді басқару үлгісін ұсынып  отыр. Солардың қатарында Орталық Азия аймағына қатысты мемлекеттік жəне саяси деңгейде су саясатын, заңдар мен реттеуші құрылымдарды жақсарту, секторлар ішінде жəне арасында су мəселесіне қатысты барлық мəселелердің ашық түрде өтуін қамтиды.

Серіктестіктің техникалық тақырыптық жарияланымында: «Əлемнің өзге аймақтары секілді Орталық Азия аймағында да халық санының өсуіне байланысты су тапшылығын болдырмау жəне оны қандай да болмасын тиімді жолмен пайдалану жолдарын іздестіреді. Орталық  Азия аймағындағы, əсіресе Ферғана алқабынан алынған тəжірибе, СРИБ су қауіпсіздігін сақтау деңгейін жоғарылатуда негіз салады» [10], — делінген. Яғни жаһандық су серіктестігі өз алдына Ферғана алқабындағы суды бірлесе басқару бойынша бірнеше үлгілер ұсынып, соның нəтижесінде 2008, 2011 жылдары алқапта орналасқан республикалардың суды ресурстарын пайдалануды тиімді жолдар арқылы шешуге мүмкіндіктер жасады.

Осылайша, су мəселесінде Орталық Азия аймақтың барлық мемлекеттері саяси-құқықтық, экономикалық-экологиялық, əлеуметтік тұрғыдан бір ортақ ұстанымға келуі күрделі мəселе екендіген тағы да бір көз жеткіздік. Алайда Орталық Азия аймақтағы суды бірлесе пайдалану бойынша ХХ ғ. 60–90 жж. жүргізілген су саясатын негізге ала отырып, бірлескен су-экономикалық жобалар жасауда белсенді жұмыстар атқарғаны дұрыс болар еді. Қазіргі əлемдік дағдарыстардың жаңа ошақтарының туындауын негізге келтіретін болсақ, су ресурстары Орталық Азия мемлекеттері үшін мұнай секілді қымбат өнім ретінде бағаланып, аймақтағы су қауіпсіздігі мəселелерін, қазіргі күні өзекті болып отырған терроризм қауіпі мəселесімен бірдей көріп, алдын алу қажет. 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Гейден Г. Критика немецкой геополитики / Ред. Е.Н.Петрунин. — М.: Изд-во ИЛ, 1960. — С.
  2. Петров Г.Н. Комплекс прикладных методов и моделей для совершенствования использования водно-энергетических ресурсов трансграничных рек Центральной Азии. — 25.00.27. — Гидрология суши, водные ресурсы, гидрохимия: Автореф. дис. ... д-ра техн. наук. — М., 2012. — 48 с.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. — 708-қ. — 34 т. — 265-іс. — 29-п.
  4. Программа развития бассейна Аральского моря 1 (ПБАМ-1) Программа конкретных действий по улучшению экологической обстановки в бассейне Аральского моря на ближайшие 3–5 лет с учетом социально-экономического развития региона. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://ec-ifas.org/progphp (дата обращения 30.07.2015)
  5. Дуйшон Маматканов, директор Института водных проблем и гидроэнергетики НАН КР: Сумма годовых поступлений в бюджет Кыргызстана в случае введения налога на воду может составить $9 млн. — [ЭР]. Режим доступа: http://kyrtag.kg/interview/duyshon _mamatkanov_direktor_                              instituta_vodnykh_  problem _i_gidroenergetiki_nan_kr_summa_godovykh_postup (дата обращения 30.07.2015)
  6. Соглашение между Республикой Казахстан, Республикой Кыргызстан, Республикой Узбекистан, Республикой Таджикистан и Туркменистаном «О сотрудничестве в сфере совместного управления использованием и охраной водных ресурсов межгосударственных источников». — Алма-Ата, 18 февраля, 1992. — [ЭР]. Режим доступа: http://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki.
  7. Соглашение между Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики и Правительством Республики Узбекистан об использовании водно-энергетических ресурсов бассейна реки Сырдарья.— Бишкек, 17 марта, 1998. — [ЭР]. Режим доступа: http://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki.
  8. Макашева К.Н. Водная дипломатия и вопросы содрудничества стран Центральной Азии: Сб. материалов междунар. науч.-практ. конф. «Водно-энергетические проблемы Центральной Азии и перспективы их решения». — Алматы, 2013. — С. 82.
  9. Камбарата-1. Позиция соседа тормозит строительство. — [ЭР]. Режим доступа: http://rus.azattyk.org/content/article/27052749.html (дата обращения 10.2015).
  10. Интегрированное управление водными ресурсами в Центральной Азии: проблемы управления большими трансграничными реками. Глобальное водное партнерство. — 2014. — 59 с. — [ЭР]. Режим доступа: www.gwp.org (дата обращения 07.2015). — С. 9.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.