Каспий теңізі

Мониторинг дегеніміз не? «Мониторинг – бұл қоршаған ортаны қадағалау мен бақылаудың жүйесі. Ол үш сатыдан тұрады: қоршаған табиғи орта жағдайының, адамзат қызметінің əсерінен болатын қоршаған табиғи орта жағдайын болжаудың, бағалау жəне қадағалау жүйесі [2].
2011

Берілген еңбекте автор халықаралық теңіз құқығының қалыптасуын қарастырады. Теңіз кеңістігінің режимін жəне құқық статусты қадағалайтын негізгі көпжақты мемлекетаралық келісімдер талқыға салынған. Бұл мақалада қазіргі халықаралық теңіз  құқығының принциптері жете зерттеліп жүйеленген. Сонымен қоса, жаңа құқықтық принциптердің қалыптасуы мен теңіз құқығының аймақ аспектілері осы жұмыста сөз етілген. Осы мақалада басты назар Каспий теңізінің құқықтық статусының анықтауына бөлінген. Қазақстан Республикасының бұл мəселе жөніндегі көзқарасы талданып, бүгінгі күнде жағалау мемлекеттерінің аталған мəселе бойынша ұстанымдары қозғалған.  
2012

Мақалада Каспий теңізінің қазіргі мəртебесін анықтауға талпыныс жасалған. Теңіз кеңістігінің режимін жəне құқықтық статусты қадағалайтын негізгі көпжақты мемлекетаралық келісімдер талқыға салынған. Автор қазіргі халықаралық теңіз құқығының принциптерін, аймақ аспектілерін жете зерттеп, жүйелеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұл мəселе жөніндегі көзқарасы талданып, бүгінгі күнде жағалау мемлекеттердің аталған мəселе бойынша ұстанымдары зерттелген.
2012