Қазақ тілі

Тіл қойнауында жасырын жатқан жəне бір қарағанда байқала бермейтін байланыстар мен қатынастарды зерттеу қазіргі лингвистикада біртіндеп тұрақты орын алып келе жатыр. Барлық тілдерге қатысты заңдылықтар мен жалпылық сипаттарды анықтаудың тіл теориясының дамуына өзіндік ықпал ететіндігі сөзсіз. Əрбір халық əлемді оларды қоршаған заттарды өзінше елестетіп, қабылдайды. Себебі əр елдің тарихы, төл мəдениеті, ұлттық таным мен талғамы, тілі, діні əртектес болып келеді. Əр тіл — өз ұлтының бойтұмарындай қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Тіл адам үшін қарым-қатынас жəне танымдық қызмет атқаратын механизм ғана емес, ақиқат əлемі туралы ақпарат беретін саналы құбылыс.
2010

Қазақ тілі əлемдегі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің лексикасының үнемі дамып толығып отыруы экстралингвистикалық факторлармен де тығыз байланысты. Тіліміздің сөздік қорының бойындағы негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады. Сөзжасам жүйесіндегі тіл көне заманнан бері үнемі толығып, дамып, күрделеніп, əбден қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асты. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап тіл білімінде қарастырыла бастаған сөзжасам туралы көптеген еңбектер, зерттеулер жүргізіліп, соның нəтижесінде сөзжасам лингвистикалық зерттеудің лексикамен жəне морфологиямен терезесі тең жеке сала ретінде қалыптасты. Оның ерекшелігі сөздердің арасындағы байланыс, қатынас лексика-семантикаға, морфологияда формаға келіп тірелсе, ал сөзжасамда семантикаға да, формаға да екі жақтан бірдей қатысты болып келеді. «Қазақ грамматикасында» сөзжасам туралы былай делінген: «Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады.
2010

Біздің зерттеудің нысаны болып француз жəне қазақ тілдерінің соматикалық фразеологиялық сөз тіркестері болып (СФТ) табылады. Біз соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің дəстүрлі құрылымын қарастырып, олардың үлгілері бойынша классификациясын бердік. Бəрімізге мəлім, соматикалық фразеологиялық сөз тіркестерінің құрылымына талдау жүргізбей, олардың семантикасын (мазмұн жоспарын) түсіну мүмкін емес. Құрылымы мен мазмұны өзара тығыз байланысты, бір-бірімен өзара келісілген: құрылымы мазмұнмен жəне мазмұны құрылыммен байланысты. Бірақ ең маңыздысы мазмұн болып табылады. Айта кететін жайт, құрылым грамматика мен лексика заңдары бойынша құрастырылады, ал фразеология өз алдына осыған негізделеді [1].
2011

Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сəйкес мемлекеттік тілді өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативтік-бағдарлы оқыту əдістемесіне негізделуде. Соңғы жылдары біздің университетте көптілді оқыту топтарында қазақ тілін үйрету жақсы жолға қойылды десе де болады. Бұл топтардағы қазақ тілі биыл үшінші жыл оқытылуда. Соңғы үшінші жылы əр факультетте көптілді топтар үшін «Арнайы қазақ тілі» пəні енгізіліп, 135 сағат берілген.
2011

Қазақ тіліндегі ақпараттық аударма жасаудың алғашқы талпыныстары ХІХ ғасырда жатыр. Ол кезеңде газет-журнал беттерінде жарық көрген аударма мақалалардың көбі халыққа ғылым саласындағы жаңалықтарды жеткізуді мақсат етті. Дегенмен де нақты ғылым саласына қатысты, оның барлық заңдылықтары мен қағидаттарын ашып көрсететін еңбек болмаса да, зерттеу еңбектерінде «жартылай ғылыми мазмұнды əдебиет», «ғылыми-көпшілік əдебиет» атауына ие болып жүрген олардың негізгі құндылығы қазақ тілінде термин қалыптастыруда алғашқы қадам жасағандықтарында.
2011

Тіл əр халықтың мəдениетін, əлеуметтік-қоғамдық құрылысын, дүниетанымын бейнелеумен бірге ұлттың, келер ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыруда аса маңызды əрі негізгі қызмет атқарады. Қазақтың мақал-мəтелдері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тілдің лексикалық құрамының бөлінбес бір бөлшегі болып саналады. Мақал-мəтелдер — ұлттың өзіндік ерекшелігін айқындайтын, ғасырлар бойы қалыптасып, халықпен бірге жасап келе жатқан халық даналығының мол қазынасы.
2011

Модальділік мəселесі — бүгінгі күндегі тіл білімінде түрлі көзқарастар мен пікірлерге ие болған, тіл зерттеушілерінің назарын ерекше аударып отырған мəселелердің бірі. Модальдік мəселесін əр қырынан қозғаған зерттеушілер қатарында орыс лингвистикасында В.В.Виноградов, И.П.Распопов, Н.Ю.Шведова, Н.В.Бондаренко, Г.В.Колшанский, В.А.Белошапкова жəне т.б. атауға болады.
2011

«Жалпы алғанда, бастауыш бола алмайтын сөз жоқ. Белгілі жағдайда (субстантивтеніп қолданылғанда) тіпті өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін» [1]. Қазақ ғалымдарының бұл пікірін монғол тіліне де қатысты айтуға болады. Ал бастауыштарды танытатын айырым белгілері — грамматикалық тұлғалардында біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.